Инфоурок Другое СтатьиБалалар үйі тәрбиеленушілері және оларға азаматық-патриоттық тәрбие беру

Балалар үйі тәрбиеленушілері және оларға азаматық-патриоттық тәрбие беру

Скачать материал

Балалар үйі тәрбиеленушілері және оларға азаматық-патриоттық тәрбие беру


Балалар үйі - өзіне тән жұмыс ерекшелігі бар өте маңызды балалық шақ аумағы. Балалар үйінің жұмысының басқа да білім мекемелерінен – бала - бақша мен мектептен айырмашылығы бар. Балалар үйінде жұмыс істеу — өмірімнің белгілі бір стилі іспеттес, тіпті күнделікті өмірге деген өзіндік көзқарас, басқаша ойлау. Тағы бір ерекшелік — үлкен жүктеме мен ауқымды жауапкершілік. Сіздер бәрін жақсы түсінесіздер, үйде жалғыз баламен айналысудың өзі не тұратынын, ал менің тобымда 20 бала.

Балалар үйіндегі басты міндеттер — балаларға жағдай жасау арқылы жанұялық жылу беру және оларды қоғамда өз ісіне жауап бере алатын жеке тұлға ретінде қалыптастыру. Мінез - құлқы әртүрлі балалармен қаншама жұмыс істеу, оларға жаңа білім берумен қатар, махаббат жылуын беру де негізгі міндеттер қатарына жатқызылады. Сондықтан ата - аналары, жақындары сатып кеткен балалар жүрегіне қаяу салмау үшін барлығын алдын - ала ойлап, екшелеген дұрыс болады. Олар үлкендерге сенімсіздікпен қарайды. “Мен олар үшін өз адамдары бола аламын ба?”, “Мені өз отбастарына қабылдай ма?”, “Тырнақтай болса да ата-аналарының орнын баса аламын ба?” деген ойлар мені жиі мазалайды. Маған сеніп берілген балалар өмірі мен денсаулығын сақтау жауапкершілігі менің жаным мен жадымда. Қысқа уақыт ішінде балалар үйінде болған уақыттарымда оларды жүрегімнің жылуымен жаулай аламын ба? Аяқтарынан тұрып кеткенге дейін дайындай аламын ба; мына арпалыс өмірге шыдамды қылып тәрбиелей аламын ба деген сұрақтар есімнен бір сәтке де шыққан емес. Иә, олар құшақтарын жайып, өз жүректерінің кілтін ашып мені күтіп отыр деп кім айтты? Өз мақсаттарына жету үшін оларды жиі алдап, сатып кеткен жоқ па?...

Мені басында балалар үйінің балаларының әлеуметтік және педагогикалық жағынан қараусыз қалғандары және құқыққа қайшы жағымсыз әдетке әуестіктері, өткен қылмыстық өмірлері, ауыр тұқымқуалаушылық жағдайлары қорқытты. Оларда тек менің төзімділігім, көңіл аударуым және махаббатым ғана құтқарып алады деген түсінік пайда болды. Ал ондай қасиеттер мен де көп пе? Бәріне бірдей жеткізе аламын ба?

Балалар үйінде тәрбиеші болып қызмет ету оңай сияқты көрінетін шығар. Менің ойымша, жаныңның жарасының орнын ешқандай жалақы толтыра алмайды. Бүгін 4 жылдан аса уақыт өткен соң түсінгенім: балаларға деген сүйіспеншілік, өзіңе деген сенім мен өзіңді құрметтеу, шыдамдылық, болашақтан үміт күту, ең бастысы - балалардың жәудіреген көздері, бауыр басып алулары балалар үйіндегі жұмысымды тастап кетпеуіме себеп болды.

Балалар үйінің тәрбиешісі өте маңызды адам, өйткені топтағы жағдайлар, жауапкершілік жүгі оған артылады. Тәрбиеші жұмысының негізгі бағыттарының толық емес тізімі: балалар тәртібі, оқуы, тазалығы, бос уақыттарын өткізуі, түзету жұмыстары т.б. Балалар өмірі мен денсаулығын қорғаудан басқа балалар жанын кеңейту және мамандық таңдауларына көмектесу де тәрбиеші мойнында.

Балалар – біздің айнамыз, олар бізден үлгі алады. (басқа үлгі аларлық олардың көз алдарында ешкім жоқ). Біздің жанұямызда барлығы көз алдыңда және пайдасын жылдам көресің. Оларға көп уақыт бөліп, өзіңді соларға арнасаң, жаның мен жүрегіңді сезіндіре алсаң балалар да жылдам қолын созады. Балалар тәрбиелеуде таңғажайыптар мен шығармашылыққа берілген дұрыс, бірақ та педагогикалық еңбектің ауыр, қиын жолына даяр болу керек. Тәрбиеші жұмыстары нақты көрсеткіштер арқылы бағаланады - мектептегі бағалары, жатын бөлмесіндегі тазалық, тәртіп бұзушылықтардың болмауы, түзету - дамыту жұмыстары мен тәрбие жұмыстарының сапалы жүргізілуі, т.б.

Мен өзімнің жұмысым мен өз тәрбиеленушілерімді өте жақсы көремін. Өз балапандарымды тәрбиелеуде, өз жұмысымда өздерінің жақсы жақтарын ашуға көмектесуге тырысамын, әр адамдағы бұғып жатқан сүйіспеншілік көзін ашуға көңіл бөлемін. Әрқашанда өз жетістіктеріңді сақтауға және адам болып қалуға тырысу қажет.

Тәрбиеленушілердің әрқайсысының жүрегіне жол табамын десең, олардың алдында жүрегің ашық болуы керек. Олар қандай болса, сол қалыптарында жақсы көргенің дұрыс. Ар заңы алдында қызмет етіп өз жұмысыңды жақсы көрсең ғана тәрбиеленушілер жүрегінен орын аласың. Адам сияқты өмір сүрмей тұрып, адам бола алмайсың, тіпті тәрбиешіде. Ұлы жазушы, әрі педагог Л.Н.Толстой : “Егер тәрбиеші өз жұмысын сүйсе және тәрбиеленушілерін сүйе білсе ғана – ол жақсы педагог”- деген пікірі дәл айтылған деп ойлаймын.

Балалар үйінің тәрбиеленушісі тәрбиешісін анасы, досы, ұстазы деп таниды. Мен үшін балалармен жұмыс істеу олардың алдында ашық болу, өз істеріңнің адал болуы деп білемін. К.Д.Ушинский: “Үлкен адамдардың жүрек жылуынан ғана тәрбиелеу күші шығады”, деп айтқан екен және ол күш шыншыл болуы керек.

Жеке тұлғаны тұлға тәрбиелейтіні бәріне таныс. Сен өзің оқып бітпейінше оқытушысың, тәрбиелеудің басты әдісі - жеке үлгі тәрбиелеу.

Бүгінгі күні менің байқағаным балалар үйінің тәрбиеленушісі сүйіспеншілік пен сенімділіктің, шыдамдылық пен қолдаудың арқасында ғана өз мүмкіншіліктері мен талаптарын және өз күштеріне сене алу қабілеттерін шыңдай алады және бұл сүйіспеншілік күші күйрету емес, жақсылыққа бағыттайды.

Ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әрбір оқытушы өз тәрбие жұмысының негізгі мақсатын от жүрегі Отан деп соғатын жастар тәрбиелеу деп алса, ұлт болашағына, ел тыныштығына сеніммен қарауға болады. Мен өзін өзі жетілдіру жұмысын жүргізу барысында «Балалар үйі аумағында азаматтық пен патриоттыққа тәрбиелеу» деген тақырыпты алдым. Бұған себепші болған тобымдағы өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруі мен өз отбасылық топтарына деген сүйіспеншілік, сыйластық сезімдері болды.

Бұл тақырыптағы мақсатым балаларға қазақ халқының қолы жеткен үлкен табыстары мен жетістіктері және еліміздің тарихы туралы түсінік беру , Отанды сүюге, қорғауға, болашақта Отанымызды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру. Туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, халқымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтап, әрі қарай тіл байлығы мол, сауатты жас жеткіншектерді тәрбиелеу.

Бұл бағытта бірқатар жұмыстар жүргізілдім. Атап айтқанда «Мақтанышым – Тәуелсіз Қазақстан», «Қазақстан бүгін...», «Үш бақытым», «Бірлігіміз жарасқан», «Ұлт тірегі – тіл», «Төл теңгенің шығу тарихы», «Семей полигоны Қазақстанның ядролық қасіреті», «Қазақстан қарулы күштеріне 20 жыл!» т.б көптеген тәрбие сағаттарын өткіздім. Патриоттық тәрбие жөніндегі жұмыстың пәрменділігін арттыру үшін Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесулер өткіздім. Азаматтық-патриоттық тәрбие беру, балалардың өз өлкесіне, жерлестеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру барысында қаламыздағы бірқатар мұражайларға бардық. Атап айтқанда Абай, Алаш арыстары, Өлкетану, мұражайына қала тарихымен терең танысу, ондағы тарихи деректерге терең үңілу, қызығушылық сезімдері артып, ерекше мақтаныш тұту сезімдерін тереңдету үшін болатын. Қаламыздағы «Офицерлер үйінде» орналасқан «РГК Восток» мұражайына азаматтық рухтарын көтеру балаларға әскери –патриоттық тәрбие беру үшін. Әскери – патриоттық тәрбие берудің мақсаты - балалардың бойында жоғары патриоттық сананы, өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру, Отанның мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтық борышы мен конституциялық міндеттерін орындауға дайындығын тәрбиелеу. Жалпы барлық мұражайларға жылына бір рет барып тұрамыз. Себебі әр жыл сайын балалар әртүрлі әсер алатындарын айтып өз ойларымен бөлісіп отыратындықтарын ескергендіктен.

Әскери-патриоттық тәрбие жастардың бойында патриоттық сезім мен азаматтықты қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Осы бағытта қаламыздағы 16443 әскери бөліммен тығыз байланыстамыз. Онда «Армия балалар көзімен» деген бірлескен тәрбиелік жұмыстар өткізіп тұрамыз. Мұндағы мақсат балалардың, әсіресе ұлдардың әскери өмірді өз көздерімен көріп, танысып, алдағы әскери борышын өтеуге деген дайындықтарын пысықтау, Отан алдындағы міндеттерін ұмыттырмау. Балаларға ел сүйгіштік, Отанды сүю, мәселесінде қандай шығармалар оқығанын, қандай шығармаларды оқуды ойлап жүргендігі жайындағы пікірлері жөнінде әңгімелерді жиі өткіздім. Бұл әңгіменің барысында балалар өздерінің оқыған шығармаларын атайды, алғани әсерлерімен бөліседі.

Жыл сайын Елбасымыздың Жолдауын тыңдап, өз ой-пікірлерімен бөлісу үшін дөңгелек үстел өткіздім.

Қаламыздағы «Жас Отан» Жастар қанаты мүшелерімен де жиі кездесіп, түрлі мерекелік, спорттық іс-шаралар өткізіп тұрамын.

Сонымен қатар бірнеше сайыстарға менің жетекшілігіммен балалар қатысты. Атап айтқанда «Шын жүректен» атты облыстық балалар шығармашылығы конкурс-фестиваліне қазақ тілінде эссе жазып қатысқан Суховерхов Евгений деген ұлым ІІ орын, ал Логинова Анна ІІІ орынды иеленген. Самаркин Дмитрий деген ұлым «Тіл құдіреті» атты мемлекеттік тілде ертегі жазу бойынша республикалық конкурсқа қатысып өз шамасын байқап көрген.

Өз басым «Растим патриотов Казахстан» ұранымен аталған білім беру мекемелеріндегі оқытушылар мен тәрбиешілер арасында әскери-патриоттық тәрбие сайысына қатысып бағымды сынадым, дәлірек айтқанда әдістемелік нұсқау жібердім. Өкінішке орай жүлделі орынға жетпедім.

Осы жүргізген аз да болса жұмыстарым балалардың жүрегінен орын алып, болашақта бір септігін тигізеді деген үміттемін.

Кеудесіне “бұл менің елім, менің жерім” дейтін сенім ұялата білген жас қана өз елінің шынайы патриоты бола білмек. Ол үшін “баланы жастан” дейтін халық даналығын естен шығармасақ болғаны. Жас ұрпақты патриоттық, отансүйгіштік рухта тәрбиелеу еліміздің өсіп-өркендеуі үшін қызмет ететіні еш күмән туғызбайды

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға арналған стратегиялық бағдарламасында «Біз өзіміздің болашағымызды, балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті» деп көрсетілген. Ендеше, болашағымыз білікті, отансүйгіштік қасиетті қанына сіңірген қабілетті болуы үшін ат салысайық.

Семей қаласы, «№8 отбасы үлгісіндегі балалар үйі» КММ

тәрбиешісі Теребаева Айнаш Арғынбекқызы



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Балалар үйі тәрбиеленушілері және оларға азаматық-патриоттық тәрбие беру"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по корпоративной культуре

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 983 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.03.2016 3019
    • DOCX 37.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Теребаева Айнаш Аргынбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Теребаева Айнаш Аргынбековна
    Теребаева Айнаш Аргынбековна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8073
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Современные методики базальной стимуляции и развивающего ухода для детей с тяжелыми множественными нарушениями развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

ФАОП: регулирование образовательного процесса и программ

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Проведение и применение трансформационных игр

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 107 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 56 человек