Инфоурок Другое Другие методич. материалыБаяндама "Қазақ тілі пәнінен ҰБТ-ға дайындық"

Баяндама "Қазақ тілі пәнінен ҰБТ-ға дайындық"

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ Орыс сыныптарда оқушыларды ҰБТ.docx

      Орыс  сыныптарда   оқушыларды ҰБТ –ге  дайындау   жұмыстың   жүйесі

Білім берудің сапасын арттыру мен сапалы білім беру жүйесін құру мақсатында 2004 жылдан бастап республикамызда Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесі енгізілді. Ұлттық бірыңғай тестілеу- жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушыларды қорытынды аттестаттауының бір түрі. Бірыңғай тестілеу жүйесі елімізде жыл сайын жетілдіріліп келеді. Әр жылғы тест жүйесі мектепте біздің қалай оқытып жатқанымыз бен  мектеп бітірушілердің нені талап ететіні арасындағы алшақтықты анықтап береді. Бұл жағдай әр мұғалімнен ҰБТ-ға дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдерін шебер меңгеруді талап етеді. Бүгінде тарихты оқытудағы басты мақсат дүниежүзілік дамудағы адамзаттың орны ерекше екендігін, ол жасаған бүкіл әлемдік құндылықтарды білетін, оларды өз Отаны- Қазақстанның дамуы үшін пайдалануға ынталы, жан-жақты жетілген, өзінің қоғамдағы орнын түсінетін азаматтарды қалыптастыру. Бұл міндеттің орындалуында Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағына оқушыларды жан-жақты дайындау үлкен рөл атқарады. Міне, осы Ұлттық бірыңғай тестілеу енгізілгеннен бергі уақыт ішінде жылма-жыл оқушыларды Қазақ тілінен  дайындап келемін. Қазақ тілі пәні үлкен ауқымды уақытты қамтитын, қиын да күрделі пән. Себебі,қазақ тілі білімнің тіл салалары: Фонетика, лексика, морфология, синтаксис тарауы бойынша сұрақтар, талдаулар бірнеше алуан сұрақ  түрлері кездеседі. Оқушылар ҰБТ кезінде осылардан қателер жібереді. Оқушылар арасында тестіні жаттап алсақ болды деген теріс түсінікте қалыптасқан. Тесті сұрақтарын үнемі жаттап алу, тестілеу кезінде жауаптардың бәрі дұрыс сияқты болып, оқушылардың шатасып қателікке жол беруіне әкеледі. Жаттау әдісі бойынша оқушы оқиғаның түп-тамырына назар аудармайды. Әр мұғалімнің оқушыны дайындауда өзіндік әдіс-тәсілдері болады. Менде тестіге қатысты тәжірибеде көзім жеткен , күнделікті жүргізіп отырған жұмысым туралы, оқушыларды Ұлттық бірыңғай тестіге дайындауда қолданатын әдіс-тәсілдеріммен ой бөлісіп, ортаға салғым келеді.  10-11 класс оқушыларына алдымен ҰБТ-ға қалай дайындалу керек екендігі жөнінде түсінік беремін. Берілген алгорифм бойынша мына жағдайларды қатаң есте сақтауларын талап етемін. 

  1. Өткен тақырыптарды жүйелі түрде қайталау;
  2. Әр оқушыда жеке дәптер болу керек;
  3. Апта сайын консультация жүргізу;
  4. Оқушылар үшін қиын тақырыптарды қайтадан өту;
  5. Тестілеуден кейін жіберілген қателермен жұмыс жүргізу;
  6. Сынып жетекшімен бірігіп жұмыс жүргізу,әр оқушының консультацияға келуін бақылау;
  7. Апта сайын мектепаралық тестілеу жүргізу;
  8. Арнайы папкаға оқушылардың жетістік көрсеткіштерін белгілеп отыру.

 

 Мектебімізде 11-класс оқушыларын ҰБТ-ға дайындау үшін оқу жылының басынан бастап әр пәнге қосымша сабақ  кестесі бекітіледі. Қосымша сабақ- Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындықтың тиімді жолы. Қосымша сабақтың мақсаты - оқушыларды сапалы дайындаудың арқасында ҰБТ-ны жақсы тапсыруға ықпал ету. Қосымша сабақтың міндеттері - оқушылардың сабақта алған білімдерін тереңдету, пәнге деген қызығушылығын ояту, оқушыларды еңбек сүйгіштік пен жауапкершілікке тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже - ҰБТ-да жоғарғы нәтиже көрсету. Күнделікті сабаққа қарағанда қосымша сабақтағы жұмыс түрі басқа материалдармен және басқа жолмен жүзеге асады. Қандай сабақ болмасын қазіргі заманғы жаңа оқыту технологиясын кеңінен пайдалануға болады. Мысалы: проблемалық оқыту, деңгейлеп-саралап оқыту, ойын, тірек-сигналдары арқылы оқыту түрлерін көбірек пайдаланамын. Тестке дайындық барысында оқушыларға екі дәптер арнатамын. Бірінші дәптер тақырыптарды қайталауға, екінші дәптер тест жұмыстарына арналады. Әрбір тақырыптық , аралық бақылау және сынама тестілері алынғаннан кейін оқушылардың жұмыстарын тексеріп, қатемен жұмыс жүргіземін. Қатемен жұмыс жүргізу оқушыға жіберген қатесін нақтылап, есте сақтауына көмектеседі. Дәптердегі әрбір тест тапсырмалары орындалғаннан кейін сол күнгі алған балын жазып отырамын. Сабақ бекітілген жоспар бойынша өткізіледі. Онда көптеген жұмыс түрлері белгіленген. Әрбір сабақ сайын өтілген тапсырмалар бойынша  сұрақ-жауап  әдісін пайдаланамын. Ол үшін 5-9 кластардың оқулықтары бойынша сұрақтарды алдын-ала дайындап алдым.Фонетика, морфологиялық және синтаксистік  талдаулар бойынша көп практикалық жұмыстарды жүргіземін.Оқушы үнемі тақтаға  шығып  талдап отырса, ойында мәңгілік  қалады. Дайындалған сұрақтарды оқушылардың қолына компьютермен көбейтіп беріп қойдым. Бұл сұрақтарға оқушы үйде өз бетімен дайындалады. Сұрақ-жауап әдісі бойынша сұрақты оқып, оқушылар дәптерге дұрыс жауабын жазып отырсада болады немесе ауызша жауап береді. Оқушылардың білімін бақылау үшін тест жүйесін қолданудың үлкен маңызы бар. Тест оқушылардың білімін анық көрсетеді. Тест жүргізу арқылы оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу әрекеттері  және есте сақтау қабілеттері артты. Тест тәсілдері оқушыларды ойландыратындай, қызықтыратындай болуы керек. Оқушыларды тестпен жұмыс істей білуге үйрету-мұғалімнің басты міндеті.Оқушыларды тестке дайындау барысында тапсырмаларды оқушының қиналмай жаттап, ұмытпаулары үшін тест тапсырмаларын мағынасына қарай іріктеп, жаттатуға болады.

Біздің  мектепте ақпан  және  сәуір  айында қазақ тілі пәні  бойынша тереңнен  оқыту сабағы жүргізіледі. Бірінші сабақтарда сол тақырып   бойынша лекция сабағы жүргізіледі.Одан  кейін арнайы  өздік  жұмысы  беріледі, оқушы  өздігінен орындап, мұғалімге тексеруге береді, ең соңғы бекіту түрінде тест тапсырмасы беріледі. Осы жүйе  бойынша оқушы  тақырыпты меңгергені байқалады.

Қазақ тілі пәні бойынша басқада түрлі тапсырмалар беріледі:

 Сәйкестендіру тесті оқушылардың таным қабілетін жетілдіріп, шығармашылық ізденісін арттырады, есте сақтау қабілеттері дамиды. Бұл жұмыста лексика бойынша тапсырмалар  араластырылып беріледі де оқушылар дұрыс жауаптарын сәйкестендіре орындайды. Сәйкестендіру тесті тірек сызбалары арқылы белгіленеді 

 

 

Сәйкестендіру әдісі:

                                                   Жауапты  сәйкестір:

1. Күрделі  сөз                                  суық сөз

2. Тұрақты  тіркес                            суық жел

3. Сөз тіркесі                                   суықторғай

 

Салаларды   сәйкестір:

1. Лексика                        а/  қосымша

2. Синтаксис                   ә/ сөз  тіркесі

3.Морфология                б/ идиома

 

 

 

Морфология саласы бойынша тест тапсырмалары

 

1. Көптік жалғауының   дұрыс жалғанбағанын көрсет.

            А) Балалар. В) Құрылысшылар. С) Газеттер. Д) Кітаптар. Е) Ұндар.

2. Түбір тұлғасы өзгеріске ұшырап біріккен сөзді тап.

            А) Алатау. В) Әкел. С) Мұратәлі. Д) Кейбір. Е) Ешқашан.

3. Көмектес септігінің көнеленуінен қалыптасқан үстеуді белгіле.

            А) Баяғыда. В) Әрең-әрең. С) Кеңінен. Д) Жоғары. Е) Кезекпен.

4. Күшейткіш демеулікті тап.

            А) дейін В) сайын С) –ау Д) ше Е) – ды

5. Қосымшалы қос сөзді көрсет.

            А) Балалы-шағалы. В) Үп-үлкен. С) Қып-қызыл.

            Д) Төбе-төбе. Е) Алыс-жақын.

6. Негізгі екі буыннан құралған еліктеуіш сөзді көрсет.

            А) Лып. В) Қыңқ. С) Тыртың. Д) Күмп. Е) Арс.

7. Күрделі сөзді көрсет.

            А) Қабырғаңмен кеңес. В) Тіс жармады. С) Таза киім.

            Д) Сары уайымға салынды. Е) Жүріп келе жатыр еді.

8. Заттық ұғымның атауы болатын сөзді тап.

            А) Әлдеқалай, солай. В) Көрген, көрер. С) Анау, сонау.

            Д) Демеуші, көмекші. Е) Сіз, сенен.

9. Сын-бейне үстеулі тіркесті көрсет.

            А) Осыншама ауыр. В) Тіпті ұзақ емес. С) Бермен кел.

            Д) Ілгері кетті. Е) Бірден келді.

10. «Арманыма» - сөзіндегі соңғы қосымшаны тап.

            А) Жіктік жалғау. В) Барыс септік. С) Тәуелдік жалғау.

            Д) Көптік жалғау. Е) Септік жалғау.

11. Бірге жазылатын сөзді көрсет.

            А) Сыр дария, Жиренше шешен. В) Қара қыпшақ, қалам ақы.

            С) Тыйым салу, кәсіп одақ. Д) Қол таңба, оқу орны.

            Е) Бес жылдық, жылдан жылға.

12.  Жай шырайды тап.

            А) Арман өте қызықты кітап оқыпты.

            В) Жанат кең үйге кірді.

            С) Мына үй биігірек екен.

            Д) Армансыз адам қанатсыз құспен тең.

            Е) Орасан зор жетістік.

13. Туынды түбірді тап.

            А) Жеті. В) Жол. С) Дос. Д) Айтыс. Е) Аяқ.

14. Зат есімнен жасалған біріккен сөзді көрсет.

            А) Ендігәрі. В) Биыл. С) Әлдекім. Д) Шегара Е) Былтыр.

15. Туынды сөзді көрсет.

            А) Соң. В) Қызғылт. С) Үсті. Д) Алыстан. Е) Қуырдақ.

16. Өлшем атауына дұрыс жалғанған қосымшаны тап.

            А) см-ден В) смге С) ГАЗ-51 ге Д) ИЛ-86мен Е) см. Ден

17. Мекен үстеуін тап.

            А) Жорта айтты, қасақана үндемеді. В) Ілгері жүрді, төмен түсті.

            С) Бұрын жүрді, күні-түні оқиды. Д) Үйге кетті, қатты өкінді.

            Е) Бірден сөйледі, шалқасынан құлады.

18. Қалау райлы етістікті тап.

            А) Әкелді. В) Әкелсің. С) Әкелерсі

19. Еліктеудің қай түрі, анықта.

            Біреу оқыс жөтеліп қалса-ақ, ала қашатындай елең-елең етіп, ойнақшып келеді.

            А) Дара бейнелеуіш. В) Негізгі еліктеуіш. С) Туынды еліктеуіш.

            Д) Күрделі бейнелеуіш. Е) Дыбыстық.

20. Мақсат үстеулі тіркесті тап.

            А) Босқа әуре болма. В) Әдейілеп келді. С) Бірден сөйледі.

            Д) Төмен түсті. Е) Ертең барады.

21. Есімдерден жасалған туынды етістікті белгіле.

            А) Есім. В) Елпілде. С) Қалашыл. Д) Бағала. Е) Тақ.

22. «Мыс», «міс» - шылауларының мағынасын анықта.

            А) Лептік. В) Шектік. С) Күшейткіш. Д) Болжалдық. Е) Сұраулық.

23. Зат есімге лайық қатарды көрсет.

            А) Етістік. В) Бейтарап сөздер. С) Еліктеу сөздер.

            Д) Көмекші сөздер. Е) Есім сөздер.

24. Етістіктің бұрынғы өткен шақ түрін тап.

            А) Сездің. В) Сезіпті. С) Сезбек. Д) Сезермін. Е) Сезесің.

25. Дара сын есімді тап.

            А) Жақсы-жаман. В) Биіктеу. С) Қара күрең. Д) Сары ала. Е) Тұп-тұнық.

 

 

Морфология саласы бойынша тест тапсырмалары

 

1. Көптік жалғауының   дұрыс жалғанбағанын көрсет.

            А) Балалар. В) Құрылысшылар. С) Газеттер. Д) Кітаптар. Е) Ұндар.

2. Түбір тұлғасы өзгеріске ұшырап біріккен сөзді тап.

            А) Алатау. В) Әкел. С) Мұратәлі. Д) Кейбір. Е) Ешқашан.

3. Көмектес септігінің көнеленуінен қалыптасқан үстеуді белгіле.

            А) Баяғыда. В) Әрең-әрең. С) Кеңінен. Д) Жоғары. Е) Кезекпен.

4. Күшейткіш демеулікті тап.

            А) дейін В) сайын С) –ау Д) ше Е) – ды

5. Қосымшалы қос сөзді көрсет.

            А) Балалы-шағалы. В) Үп-үлкен. С) Қып-қызыл.

            Д) Төбе-төбе. Е) Алыс-жақын.

6. Негізгі екі буыннан құралған еліктеуіш сөзді көрсет.

            А) Лып. В) Қыңқ. С) Тыртың. Д) Күмп. Е) Арс.

7. Күрделі сөзді көрсет.

            А) Қабырғаңмен кеңес. В) Тіс жармады. С) Таза киім.

            Д) Сары уайымға салынды. Е) Жүріп келе жатыр еді.

8. Заттық ұғымның атауы болатын сөзді тап.

            А) Әлдеқалай, солай. В) Көрген, көрер. С) Анау, сонау.

            Д) Демеуші, көмекші. Е) Сіз, сенен.

9. Сын-бейне үстеулі тіркесті көрсет.

            А) Осыншама ауыр. В) Тіпті ұзақ емес. С) Бермен кел.

            Д) Ілгері кетті. Е) Бірден келді.

10. «Арманыма» - сөзіндегі соңғы қосымшаны тап.

            А) Жіктік жалғау. В) Барыс септік. С) Тәуелдік жалғау.

            Д) Көптік жалғау. Е) Септік жалғау.

11. Бірге жазылатын сөзді көрсет.

            А) Сыр дария, Жиренше шешен. В) Қара қыпшақ, қалам ақы.

            С) Тыйым салу, кәсіп одақ. Д) Қол таңба, оқу орны.

            Е) Бес жылдық, жылдан жылға.

12.  Жай шырайды тап.

            А) Арман өте қызықты кітап оқыпты.

            В) Жанат кең үйге кірді.

            С) Мына үй биігірек екен.

            Д) Армансыз адам қанатсыз құспен тең.

            Е) Орасан зор жетістік.

13. Туынды түбірді тап.

            А) Жеті. В) Жол. С) Дос. Д) Айтыс. Е) Аяқ.

14. Зат есімнен жасалған біріккен сөзді көрсет.

            А) Ендігәрі. В) Биыл. С) Әлдекім. Д) Шегара Е) Былтыр.

15. Туынды сөзді көрсет.

            А) Соң. В) Қызғылт. С) Үсті. Д) Алыстан. Е) Қуырдақ.

16. Өлшем атауына дұрыс жалғанған қосымшаны тап.

            А) см-ден В) смге С) ГАЗ-51 ге Д) ИЛ-86мен Е) см. Ден

17. Мекен үстеуін тап.

            А) Жорта айтты, қасақана үндемеді. В) Ілгері жүрді, төмен түсті.

            С) Бұрын жүрді, күні-түні оқиды. Д) Үйге кетті, қатты өкінді.

            Е) Бірден сөйледі, шалқасынан құлады.

18. Қалау райлы етістікті тап.

            А) Әкелді. В) Әкелсің. С) Әкелерсің. Д) Әкелмессің. Е) Әкелгейсің.

19. Еліктеудің қай түрі, анықта.

            Біреу оқыс жөтеліп қалса-ақ, ала қашатындай елең-елең етіп, ойнақшып келеді.

            А) Дара бейнелеуіш. В) Негізгі еліктеуіш. С) Туынды еліктеуіш.

            Д) Күрделі бейнелеуіш. Е) Дыбыстық.

20. Мақсат үстеулі тіркесті тап.

            А) Босқа әуре болма. В) Әдейілеп келді. С) Бірден сөйледі.

            Д) Төмен түсті. Е) Ертең барады.

21. Есімдерден жасалған туынды етістікті белгіле.

            А) Есім. В) Елпілде. С) Қалашыл. Д) Бағала. Е) Тақ.

22. «Мыс», «міс» - шылауларының мағынасын анықта.

            А) Лептік. В) Шектік. С) Күшейткіш. Д) Болжалдық. Е) Сұраулық.

23. Зат есімге лайық қатарды көрсет.

            А) Етістік. В) Бейтарап сөздер. С) Еліктеу сөздер.

            Д) Көмекші сөздер. Е) Есім сөздер.

24. Етістіктің бұрынғы өткен шақ түрін тап.

            А) Сездің. В) Сезіпті. С) Сезбек. Д) Сезермін. Е) Сезесің.

25. Дара сын есімді тап.

            А) Жақсы-жаман. В) Биіктеу. С) Қара күрең. Д) Сары ала. Е) Тұп-тұнық.

 

 

 

 

              Тереңнен   білім  беру  бойынша  дайындаған  арнайы  тапсырмалар:

 

Сөз   таптары   Есімдік

 

        1. Көп  нүктенің орнына мағынасына  қарай есімдіктерді қойып жаз.

  1. Бір ағашта екі алма .... де алмаймын, ... сен де алма.  ...- мектеп.  ...-елдің азаматтарымыз.
  2. Сілтеу есімдікті  табыңдар.Қай септікте, қай тұлғада  тұр анықтаңдар.

Бала осы кеште  ертегіні  мұқият  тыңдады. Қазір мына  мал  иесі  ауылыңа  барады. Мыналарды  біздің  ауылдың  балалары  әкеліп қойған.Жоқ. Бұл – Зоя. Анау келе жатқан кім? Соларға жолығып барып  кел.

  1. Берілген  сұрау  есімдіктердің   қатыстырып, сөйлем  құрап  жазыңдар.

Қайдан? Қалай? Қай? Қашаннан? Неше? Кімдер? Не? Қашан? Қайда?

  1. Өздік есімдікті тәуелдеп,  септеңдер.

Жалпылау  есімдіктерден  сөйлем  құрастырыңдар.

  1. Ешқандай, ешкімде,ешқашан, ештеңе, дәңене  есімдіктерден  сөйлем  құрастырыңдар.
  2. Берілген сөйлемдерге  синтаксистік  талдау  жасап,  есімдік қандай қызмет атқарып тұрғанын  анықтандар?

Ермек  ешқайсысына  жауап  қайырған  жоқ. Мен  ешкімнің  малын түгендеп  жүргенім жоқ. Қар  түнде  ғана  жауған, ешқандай  із көрінбейді. Біреу  кіріп, біреу шығып, сапырылысып жатыр.

 

          Құрмалас   сөйлем. Салалас  құрмалас  сөйлем.

 

1.Жай  сөйлем  мен құрмалас  сөйлемді  ажыратыңдар.

Биылғы  көктем  -  талайдан  болмаған  көктем. Жарқырап, жадыраған әсем көктемі  жоғы былай  тұрсын, егіс  бітіп, көк шығып  қалған кезде  қар да жауды. Жаңбыр  тоқтады. Кемпір де,   келіні  де  тынышсыздана   бастады.

2. Мәтіннен  салалас  құрмалас сөйлем   мен  сабақтас сөйлемді  ажыратып  жазыңдар.

Оспан  сайлауда  құлады да, Күнту  болыс   шыға келді. Пойыз   ырғалып  келіп,  вокзалға тоқталды. Қаныш  Баянауыл  әндерін көп  біледі  және оны өзі жақсы  орындайды. Мен келгенде, Нығмет кітап  оқып отыр  екен.

 

3. Мына   төмендегі жай сөйлемдердің әрқайсысына  ойларыңнан   сөйлем  қосып,  ыңғайлас   сөйлем  жасаңдар.

Жұмыс та  басталып  кетті, ........ Әрі   әсем   сыбызғы   үнді   нәзік  ән   құлаққа   келеді, әрі....  Балалар  тағы да  ойланып, қалып  еді,.....

 

4. Салаластың қай  түрі  анықтаңдар, жақшаға мағыналық   түрін  жазыңдар.

Теңіз  тынышталды, бірақ еш нәрсе  көрінбейді. Саған  ашып  айтарым сол: мен осында  қаламын. Көпшілік  екі мәселеге көбірек  тоқтады: бірі- жеміс отырғызу, бірі- ағаш тігу  мәселесі. Күн   сайын  бір  жаңалық  болады, алайда бұл  жаңалық анамды мазасыздандырмайды. Күн  батты, тауды қара көлеңке басты. Автобус  біресе баяу  жүреді, біресе  жылдам  жүреді. Сіздердің  алдарыңызда таудай екі міндет тұр, сондықтан  да ертеңнен бастап жұмысқа кірісулеріңіз керек.

 

5. Мына  сөздерді   бастауыш  етіп,  құрмалас сөйлем  құрап  жазыңдар.

 Үлгі:  Күн,  жаңбыр. Күн  бұлттанды, бірақ  жаңбыр жауған  жоқ.1.Дала, егін.  2.  Мектеп,  кітапхана. Өзен,  балық.Көл, қайық.4 Қыс,мал. 5.Бала.кітап. 6. Орман, отын.

Тестке дайындық барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер мен тапсырмалардың шегі жоқ. Әр мұғалім қиялына байланысты әртүрлі тәсілдерді , көрнекіліктерді қолдануына болады.

Мұндай тапсырмаларды ұйымдастыру үшін мұғалім өзі тест тапсырмаларын жатқа білуі тиіс және білгенін оқушыларға бере білуі керек. 

Міне, осылайша түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сабақтарды түрлендіре өткізу оқушылардың тарих пәнінен алған білімдерін кеңейтіп, бекіте түседі. Әрі оқушының ҰБТ кезінде жоғары жетістікке жетуіне әсері мол деп ойлаймын.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама "Қазақ тілі пәнінен ҰБТ-ға дайындық""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Оператор очистных сооружений

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ Семинар ЕНТ.ppt

Скачать материал "Баяндама "Қазақ тілі пәнінен ҰБТ-ға дайындық""

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Оқушыларды ҰБТ – ға дайындау жұмысының жүйесі

    1 слайд

    Оқушыларды ҰБТ – ға дайындау жұмысының жүйесі

  • Басқару іс- әрекетіӘдістеме
бірлестігінің
жоспары
ҰБТ- ға дайындық
іс-шаралар...

    2 слайд

    Басқару іс- әрекеті
    Әдістеме
    бірлестігінің
    жоспары

    ҰБТ- ға дайындық
    іс-шараларының
    жоспары

    Психологиялық –
    педагогикалық
    диагностика
    жүйесі
    Сынама
    тестілеудің мониторингі
    Өздігінен білім
    алудың жеке
    жоспары

  • Диагностикалық-бақылауіс-әрекетіӘдістемелік бірлестік отырыстарында 11 сынып...

    3 слайд

    Диагностикалық-бақылау
    іс-әрекеті
    Әдістемелік бірлестік отырыстарында 11 сынып оқушыларын ҰБТ-ға сапалы дайындау мақсатында мәселелік ортаны анықтауда мұғалімдермен кеңес жүргізу.
    Тақырыптық-күнтізбелік жоспарларын қарастыру, талдау.
    Пән бойынша тест тапсырмаларының негізінің болуы.
    Семинарлар, сайыстар арқылы мұғалімнің құзырлығын арттыру.
    Мұғалімнің өздігінен білім алу.

  • Олар:Түзету жұмыстары.Консультациялар ұйымдастыру: 
ұжымдық, жеке, топтық....

    4 слайд

    Олар:
    Түзету жұмыстары.
    Консультациялар ұйымдастыру:
    ұжымдық, жеке, топтық.

    2. Оқыту іс- әрекетін жетілдіру:

  • Оқушылардың оқу материалын меңгеруге, өздігінен дамуға белсендіру үшін жабық,...

    5 слайд

    Оқушылардың оқу материалын меңгеруге, өздігінен дамуға белсендіру үшін жабық, ашық оқыту тесттерінің типтерін қолдану.
    Берілген тақырыптарды меңгергеннен кейін бақылау тапсырмаларын қолдану, сынама тестілеудің қорытындысы бойынша дайындық деңгейлерін анықтауда қиын тақырыптарды анықтау, қателермен жұмыс жүргізу.
    Үлестірме кестелер әр тарау тапсырмаларына сәйкес болу.
    Оқушыларды тесттермен оңтайлы (рациональный) амалмен жұмыс істеуге үйрету.
    «НҰР» әдістемелік бірлестіктің тұсау кесерін екі блок бойынша өткізу: оқыту іс-әрекеті, сыныптан тыс іс-әрекеті.

  • Түзету жұмыстары. Тест №    «      » --------------- 2009 ж

    6 слайд

    Түзету жұмыстары. Тест № « » --------------- 2009 ж

  • Мәселелік- тақырыптық талдауТолық игерілмеген тақырыптар5 сынып6 с7 с8 с9 с10 с

    7 слайд

    Мәселелік- тақырыптық талдау
    Толық игерілмеген тақырыптар
    5 сынып
    6 с
    7 с
    8 с
    9 с
    10 с

  • Фонетикалық талдаудың сызбасыСөз – дауысты, дауыссыздарға дыбыстарға мінездем...

    8 слайд

    Фонетикалық талдаудың сызбасы
    Сөз – дауысты, дауыссыздарға дыбыстарға мінездеме.
    1. Жуан, жіңішке аралас сөз
    2. Буын: ашық(а.б), тұйық(т.б), бітеу(б.б)
    3. Тасымал
    4. Екпін
    5. Буын үндестігі
    6.Дыбыс үндестігі а) ілгерінді ықпал
    ә) кейінді ықпал
    б) тоғыспалы ықпал

  • Мысалы:Достықты
1. Жуан. б.с.
2. Дос-тық-ты –б.б - б.б - а.б.
3. Дос-
    тық...

    9 слайд

    Мысалы:
    Достықты
    1. Жуан. б.с.
    2. Дос-тық-ты –б.б - б.б - а.б.
    3. Дос-
    тық- 2 т
    ты
    4. Достықты
    5. Дос+тық+ты –тік; -ті
    6. Дос+тық+ты -дық; -нық , ды; - ны

  • “Жаңылдырсаң да жаңылмаймын”1.Қай буында дыбыс көп болады?
2. Ерінде еріндік...

    10 слайд

    “Жаңылдырсаң да жаңылмаймын”
    1.Қай буында дыбыс көп болады?
    2. Ерінде еріндік бар ма?
    Езуде езулік нешеу?
    3. Қолда буын көп пе, аяқта буын көп пе?
    4. Сөз құрамында дыбыс көп бола ма, буын көп бола ма?
    5. Алфавиттегі бірінші әріп пен ең соңғының алдындағы әріптен құралған сөз қай аңның аты?

  • Оқушыларды тест тапсырмаларымен жұмыс істеуде технологиялық дайындықтың жұмыс...

    11 слайд

    Оқушыларды тест тапсырмаларымен жұмыс істеуде технологиялық дайындықтың жұмыс жүйесі.
    Нәтиже және қорытынды сабақтарда тест тапсырмаларын пайдалану.
    Тест түрлері
    1. Тақырыптық тест.
    2. Тараулық тест.
    3. Жаттықтыру тест
    а) сәйкестендіру;
    ә) “Ия”, “Жоқ” тест;
    б) толықтыр. Зат есім дегеніміз --------- сөз табы

  • а) сәйкестендіру;І Жауаптарды сәйкестенді
1. Күрделі сөз...

    12 слайд

    а) сәйкестендіру;

    І Жауаптарды сәйкестенді
    1. Күрделі сөз а) суық жел
    2.Тұрақты тіркес ә) суықторғай 3. сөз тіркесі б) суық сөз
    ІІ. Салаларды сәйкестендір
    1. Лексика а) Қосымша
    2. Синтаксис ә) Сөз тіркесі
    3. Морфология б) Идиома

  • Тақырыптық консультациялық пункттің жұмысы Тақырыбы: “Оқушыларды ҰБТ – ға дай...

    13 слайд

    Тақырыптық консультациялық пункттің жұмысы
    Тақырыбы: “Оқушыларды ҰБТ – ға дайындаудың әдістемесі”
    оқу материалының мазмұны;
    тест түріндегі тапсырмалардың жұмыс әдістемесі;
    оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда жүйелі қайталауды ұйымдастыру;
    пән бойынша ҰБТ нәтижелеріне сәйкес оқу сабақтарын жетілдіру.

  • Негізгі міндеттері: Білім беру мекемелерінің  педагогикалық ғылымның және  оз...

    14 слайд

    Негізгі міндеттері:
    Білім беру мекемелерінің педагогикалық ғылымның және озық педагогикалық тәжірибесінің жетістіктерін жұмыс тәжірибесіне енгізу.
    ҰБТ тапсыруда оқушылардың дайындық сапасын көтеруде мұғалімдерге консультациялық, әдістемелік көмек көрсету.
    Пән мұғалімдеріне білім үрдісінің сапасын қамтамасыз ету бойынша өндіру кепілдемелерін, педагогтардың іс- әреттерінің нәтижелерін қадағалау.
    Шығармашылық белсенділіктерін дамытуда, педагогтардың шеберліктерін арттыру.

  • ҰБТ сынама нәтижелері бойынша қорытынды  мен кепілдемелер бойынша атқарылатын...

    15 слайд

    ҰБТ сынама нәтижелері бойынша қорытынды мен кепілдемелер бойынша атқарылатын жұмыстар:
    морфологиялық, синтаксистік құрылымын, стилистикалық ерекшеліктерін танып білу;
    тестілеуде жіберген қателерін талдау;
    түзету жұмыстарын жүргізу;
    оқушыларды саралап оқыту;
    оқушылардың тест тапсырмаларын орындауда жауапкершілікпен қарауға ынталандыру;
    оқушыларды ҰБТ-ға сапалы дайындауда оқытудың әдістері мен түрлерін кеңінен пайдалану;
    тақырыптық тест тапсырмалары бойынша жұмыс жүргізу

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 567 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.11.2015 3383
    • RAR 77.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Досанова Наргуль Рамазановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Досанова Наргуль Рамазановна
    Досанова Наргуль Рамазановна
    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8755
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 290 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 852 человека

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 158 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Основы профессиональной деятельности эксперта в области индивидуального консультирования

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Коррекционно-развивающая работа и оценивание в образовании для детей с ОВЗ

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 56 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 47 человек

Мини-курс

Практические аспекты работы логопеда: методы и приемы в логоритмике

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 22 человека