Инфоурок Другое Другие методич. материалыБаяндама "Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ"

Баяндама "Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ"

Скачать материал

 

        Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ.

                            Муханова Айзада Тонболатовна

                                 Астана қаласы №8  мектеп

                                        aizok_83@mail.ru

Оқыту мен тәрбие бүгінгі өмірмен ғана емес, тарихтың тұңғиығымен астасып жатыр. Ұлтаралық татулық пен қоғамдық келісім негізінде өскелең ұрпақты азаматтық пен отансүйгіштікке тәрбиелеу  бүгінгі білім саласындағы педагогтардың  басты мақсаттарының бірі. Бүгінде жаңа бетбұрыс жасау кезеңі деп білеміз. Педагогика ғылымы алдында оқу-тәрбие жүйесін ұдайы жетілдіру мәселесі қойылып келеді. Қазіргі кезде қазақ мектебі оқушыларының игеруіне арналған бағдарламалар бұрынғы жылдармен салыстырғанда анағұрлым күрделі. Қазақстан әлемдегі саяси тұрақтылығы бекем елдердің бірі. Елімізде сан ұлттың өкілілдері  татулық пен достықтың буынын бекітіп, әлемдік дамудың көшбасшысы болуға ұмтылып келеді. Бұл даму  жолы өте ауыр екені анық. Қанына, бойына, санасына мықты рухты күшті сіңірген қазақ еліне бұл  қиындықтан да шығар жолының  болмауы тиіс. Осы тұрғыда мемлекеттің бірден-бір алға қойып мақсаты – этносаралық татуластық. Әлем картасына көз салсақ, қазақ жерінің ұлан байтақ атырапты алып жатыр. Қазақ елінің көңілі де дәл сондай, кең, дархан. Соның арқасында, Қазақ жерінде  130-дан аса ұлт   пен ұлыс өкілдері татулықта өмір сүріп келетінін оқушылар тарих және география сабақтарынан біледі. Өсіп келе жатқан ұрпақ  еліміз көп ұлтты екенін біліп қана қоймай,өз отандарында өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілін құрметтеуге тиісті. Бізбен көршілес кей елдердегі, тіпті алыстағы көптеген мемлекеттер өз ішінде дау-дамай мен қақтығыстар болып жатқанын білеміз. Осындай елдерге  біздің «Жұмылғанда жұдырық, ашылғанда алақан» болып отырғанымыз үлкен сабақ болып жатқан шығар деген ой түйіп, «осы күнімізге де шүкір, тәуба»,- деп қоямыз. Киелі қазақ шаңырағына уық болып қадалған өзге этнос өкілдері «Қазақстан – достық пен татулықтың шынайы мекені» дегенді ұранға айналдырған. Ұлтаралық татулықты нығайтуға Қазақстанда тұрып жатқан әр ұлттың өкілі келешек ұрпағымыз үшін этносаралық достықтың, конфессияаралық түсіністіктің қаймағы бұзылмауына еңбек етіеді. «Елiмiздiң, ертеңі-бүгiнгi жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында»,- деп елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай әр мұғалiм өзінің бiлiмiн үздiксiз көтеріп отыруы қажет. Бүгiнгi қазақ мектептерінің алдында тұрған басты мiндет – окушының ұлттық сана-сезiмiн оятып, тәрбиелеп қана қоймай, оның бойына  өскелең ұрпақты азаматтыққа отансүйгіштікке  тәрбиелеу. Ұлтаралық татулық пен отансүйгіштікке деген  тәрбиенің іргетасын дұрыс қалай бiлу мұғалiмдердiң, ата-аналармен қосылып жүргiзген шараларына байланысты, өйткенi, бiрiншi тәрбиені ошағы - отбасында, екiншiден, мектепте болғандықтан, ата-ана мен мектеп болып бiрiгiп жұмыс атқару - біздің басты мiндетiмiз. Ұлтаралық татулықты нығайтуға Қазақстанда тұрып жатқан әр ұлттың өкілі келешек ұрпағымыз үшін этносаралық достықтың, конфессияаралық түсіністіктің қаймағы бұзылмауына еңбек етіеді. Түрін,  тілін, ата- салтын ұмыта бастаған бүгiнгi ұрпақты тәрбиелеуге ат салысу жалпы ұлтымыздың мiндетi. Халқымыздың асыл қазынасын тиiмдi пайдалану, оның салт-дәстүрі мен мәдениетіне құрметпен қарауға үйретуi сөзсiз. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстандағы тұрақтылықты сақтаудың алғы шарты ретінде бірінші экономиканы өркендетудің қажеттілігін алға қойған. Сол себепті, «Алдымен экономикаға» қағидасын ұстана отырып, экономиканың әр саласында білек сыбана қызмет істеп жүрген барлық этностың басын қосып, Қазақстан халқы Ассамблеясын құруы – өзге халықтарға үлгі-өнеге бола білді. Қазақстан халқы Ассамблеясының міндеті – достықты нығайту ғана емес, оған қоса әр ұлттың тілін, тарихын,  мәдениетін, салт-дәстүрін сақтап, қоғамдағы тұрақтылықты нығайту бағытында түрлі іс-шаралар өткізу болып табылады. Елбасымыздың телеранттылық ұстанымына сәйкес өзге ұлт өкілдері де қазақ тілін, тарихын, мәдениетін, дәстүрін жете білуі керек. Дегенмен, олар өз ұлтының құндылықтырын еркін меңгеріп өсіп келеді. Қиын-қыстау заманда қазақ елін паналап, қамқорлығын, жақсылығын, кеңпейілділігін, адамгершілігін, қонақжайлылығын көрген өзге ұлт  өкілдері қазақ халқын жоғары бағалайды.  Өзге ұлт өкілдері қоныстанған аймақтарда, сол ұлттың тілінде балабақша, мектеп көптеген ұйымдар өз міндеттерін атқаруда. Өз тілдерінде еркін сөйлеп, өз ойларымен биік шыңдарды бағындырып жүргендері де бар. Бұл қазақ елінің жомарттығын көрсетеді. 2012 жылғы 14 ақпанда Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев :«Жаһандану дәуірі көп ұлтты мемлекеттер дәуірі. Бұл – әлемдік үрдіс. Еліміздің дамуына барша ұлт бірге үлес қосты. Ендеше, Тәуелсіз қазақ елінің азаматтарын алалауға, бауырластығын бұзуға ешкімнің хақысы жоқ. Барлық ұлт өкілдерімен тіл табысып, тату-тәтті бейбітшілік пен келісімде өмір сүру – барша қазақтың басты қағидасы болуы шарт.»,- деп айтып өткен. Тәуелсіз елімізде, этносаралық татулықтың, достықтың, конфессияаралық бірліктің де берік негізі қаланды. Ендігі біздің мақсатымыз – елдегі тұрақтылықты сақтап, экономикалық өркендеуді дамыта отырып, өз Отанымыздың ертеңгі кемелді келешегі үшін, баянды болашағы үшін адал қызмет ету.Жас ұрпаққа сапалы біліммен бірге саналы тәрбие беру қай кезде де өзектілігін жоғалтқан емес. Қазірде солай. Арғы ата-бабаларымыз  өскелең ұрпаққа  елін, жерін сүюге үндеп, ұлттық салт-дәстүрмен сақтауды  мұрат тұтқан. Сол рухани үндеу бүгінгі күнге жетті. Жаңа ғасырлардың белесінде қазақ елінің патриоттардың мекеніне айналуы өзгеге үлгі, өзімізге медеу. Рухани тәрбиемен нұрланбаған адам өзінің алған білімін қара басының пайдасына жұмсап, өз мүддесі үшін адамзатқа апат әкелуі мүмкін. Оның мысалы тарихта аз емес. Тек сол арқылы ғана халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған бай рухани мұрасымен жастардың бойына адамгершілік ізгі қасиеттерді қалыптастырып, сіңіртіп, өзінің Отанына адал азамат етіп тәрбиелеу ата-ана мен ұстаздар қауымына жүктеледі.
Оқу мен тәрбиелеудің үлкен ортасы – мектеп екені белгілі. Ондағы жоспарлы тақырыптық сабақтармен қатар, сынып сағаттары, тәрбие сағаттары,пәндік олимпиадалар, ғылыми жобалар оқу мен тәрбиенің ең негізгі, ықпалдастығы болып отыр. Бүгінгі таңда, ұрпағымыздың азамат болып қалыптасуы барысында біз олардың жаhанданудың теріс ықпалдарына қарсы тұруын ескеруіміз қажет. Өскелең ұрпаққа адамзат тарихында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан патриоттық тәрбиені, отаншылдықты, сапалы білімді дарыту – қазіргі кезде көкейкесті мәселенің бірі болып отыр. Ақиқатында, осынау мәселе еліміздің тұтастығын, оны ішкі және сыртқы күштерден сақтау міндетінің өзі жастарды отаншылдық, елжандылық, патриоттық рухта тәрбиелеуді жүктейді. Өткенін білмеген халқының қадірін білмейді, халық нені бастан кешірді, бүгінге қол жеткені ненің арқасы, халық өз тарихын жасау үшін тер төгіп, азап шекті, тар жол, тайғақ кешуден өтіп, жерін қорғап, елін сақтады. Елбасымыз  ұлттар мен ұлыстарды ұйыстырып, елімізде дінаралық диалогтың жарқын үлгісін қалыптастырды.  Этносаралық және конфессияаралық келісім әр кезде жалпыхалықтық жетістік болып қала береді. Мақсатқа жету үшін Елбасының бастамасымен Астанада әр үш жыл сайын Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезі ұйымдастырылып келеді. Дәл осы конфессияаралық диалогтың басқа жиындардан ерекшелігі – ол бір ғана діннің мүддесіне қызмет етпей, жалпы адамзатқа ортақ өзекті проблемаларды қамтиды. Ең бастысы, мұнда көпұлтты, көптілді, көпконфессиялы қоғамның мәселелері қаралады. Ұлт Көшбасшысы ел азаматтарының ұлттық және конфессиялық мүдделерін сақтаудың ерекше құралы ретінде дүниеге Қазақстан халқы ассамблеясын әкелді. Мемлекет басшысының кеңесші органы саналатын ұйым 1995 жылдың наурызында пайда болды. Бүгінде әлемде теңдесі жоқ аталмыш институт ел аумағындағы ұлттық-мәдени орталықтар мен бірлестіктердің құрылуына ықпал етіп отыр. Отансүйгіштік сезімнің нысаны мен қайнар көзіне Отан, туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі ұлттық құндылықтар жатады.   Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие мен білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындап, педагогика ғылымында ұлттық сананы қалыптастыру көкейкесті мәселелердің бірі болып отырғаны анық.Ұлтаралық пен татулығымызды өскелең ұрпақты азаматтыққа, отансүйгіштікке қабілетті тұлға етіп  тәрбиелеу үшін:
    -оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру;
    - жас ұрпақ санасына отанға  деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш  сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту;
    - ана тілі мен дінін , оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін,  рухани-мәдени мұраларды қастерлеу;
    - жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру сияқты міндеттерді орындағанда ғана басты мақсатқа жетеміз. Өскелең ұрпақ білім мен азаматтық отансүйгіштік тәрбие негіздерін өзінің ұлттық мектебінен алатыны сөзсіз. Оқу мен тәрбие ықпалдастығы сондай бірін-бірі толықтырып отырады. Сол себепті, мектебіміздің де күнделікті тыныс тіршілігі әр дайым тәрбиеден басталады. Бүгінгі күні жоспарлы түрде тәрбие бағыттарындағы барлық іс шара өзінің нәтижесін беруде. Оқушылар негізінен сабақтан бос уақытта бас қосып, сынып жетекшісінен бағыт-бағдар алады. Ұстаздар шәкірттермен қазіргі қоғамдағы маңызды мәселелерді , мәдениеті, ойдың жүйелілігі, деректің нақтылығы, елдік мәселелер, тіл, дін, тарих төңірегінде пікір алмасып, бағыт-бағдар беріп отырады. Мемлекетте бәрі тең болуы тиіс. Этностық немесе басқа да белгілер бойынша жақсы немесе жаман деген болмауы тиіс.  Егер біреуге этностық белгісі бойынша қысым жасалса, онда бүкіл қазақстандықтарға қысым жасалды деп есептеу керек. Ешқандай этносқа ешқандай ар-тықшылық болмайды және болмауы тиіс, барлығының құқықтары мен міндеттері бірдей.  Қазір біз көпұлтты сипаты бар, біртұтас елміз. Барлық ұлт өкілдерімен тіл табысып, тату-тәтті, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру – барша қазақтың басты қағидасы болуы шар.. «Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ» Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Жай сөз емес, сана сілкінтер салмақты сөз. Құндылықтарды қалай қастерлеу қажеттігін пайымдайтын парасатты пікір. Оңың мен солыңды танытатын, барыңды бағалататын, қасиетің мен киеңді қадірлететін орнықты ой.  Қазақстанды дүниежүзіне бейбітшіліктің бастауы, тұрақтылықтың талбесігі, тыныштықтың тұтқасы  конфессияаралық келісімнің ордасы ретінде танытып отырғанына тағы бір мәрте көз жеткіземіз. Ұлттық құндылықтарымызды, сонау өткен ғасырлардан өшпес мұра болып қалыптасып келе жатқан дархан халқымыздың таратқан үлгі насихаты асыл мұраларымызды дәріптеп, білімге ден қойып көп ізденіс жасамайынша оқыту мен тәрбиені бірге ұштастырып , ықпалдастыру мүмкін болмайды. Оқыту мен тәрбиені ықпалдастырып отырып ұлттық татулық пен қоғамдық келісім негізінде өскелең ұрпақты азаматтыққа отансүйгіштікке тәрбиелеуде  қажымай еңбек етіп  тәрбиелі оқушы тұлға шығатынымызға  сеніміміз мол.

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 



 



 

 

 



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама "Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор по маркетингу

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 676 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.01.2018 5267
    • DOCX 50 кбайт
    • 107 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Муханова Айзада Тонболатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Муханова Айзада Тонболатовна
    Муханова Айзада Тонболатовна
    • На сайте: 6 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15274
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 290 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 852 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 499 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 336 человек

Мини-курс

Музыкальная журналистика: история, этика и авторское право

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Карьерный навигатор: эффективный поиск работы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 18 регионов

Мини-курс

Стратегическое планирование и маркетинговые коммуникации

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 19 регионов