Инфоурок Физическая культура Другие методич. материалыБаяндама: Дене тәрбиесі арқылы оқушылардың адамгершілік мәдениетін қалыптастыру жолдары.

Баяндама: Дене тәрбиесі арқылы оқушылардың адамгершілік мәдениетін қалыптастыру жолдары.

Скачать материал

Дене тәрбиесі арқылы оқушылардың адамгершілік мәдениетін қалыптастыру жолдары

1.1 Дене мәдениеті

        Дене мәдениеті өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады және ол жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға, оны Отан сүйгіштікке даярлауға қызмет етеді.

       Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаев: «Спорт - игiлiктi iс. Спортта мiнез – құлық, мәдениет қалыптасады. Спортпен айналысқан адам ар ұятқа тиетiн iс жасамайды. Жастайынан дене тәрбиесімен шұғылданған адам бүкiл ғұмыр бойы табыска жетуге талпынады. Мен мұны өз тәжiрибемнен бiлемiн», - деуi тарих сахнасының төрiнен спорт қозғалысының өзiндiк орны бар екендiгiн делелдейдi.

        Зерттеулер мәліметтеріне сүйенсек, елiмiзде соңғы жылдары халықтың табиғи өсу деңгейi және туу көрсеткiштерi төмендеп, денсаулық жағдайларының нашарлауы көрініс тапқан. Әсiресе, балалар денсаулығы өте алаңдатарлық жағдайда, елімізде екi миллионнан астам балалар мен жасөспiрiмдер асқынған ауру түрлерi бойынша диспансерлiк есепке тiркелген.

Тәуелсіз еліміз үшiн адамның денесінің сау болуы үлкен маңыздылыққа ие. Елiмiздiң өндірістiк потенциалы мен қорғаныс кызметiне тiкелей керi есер етіп отырған жағдай, елдiң ертеңгi болашағы, жалпы орта мектептеріндегі оқушылардың денсаулықтарының өте төменгi деңгейде болуы. Әскер қатарына қызмет етуге шақырылған жастардың денсаулық жағдайларына байланысты көпшiлiгi керi қайтарылуда. Мектеп табалдырығын аттаған бiрiншi сынып оқушылары мен қолына аттестат алғалы тұрған түлектердiң денсаулығын салыстырған зерттеушiлер, мектеп түлектерiнiң денсаулығының талап деңгейінен 4-5 есе төмен екенiн байқалады.

      Тарихи деректерді сараптасақ, адамзат қоғамы пайда болып, алғашқы өмір сүру кезеңінен-ақ дене тәрбиесіне көңіл бөлініп, сол еңбек пен тұрмыстық өмірдің шарты ретінде дамыды. Алғашында дене тәрбиесі арнайы ұйымдастырыған ойындар мен ойындық-қимыл қозғалыстар түрінде көрініс берді. Бұл кезеңдегі ойындар мен денені шынықтыру жаттығулары қарапайым түрде болғанымен, олардың тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелік маңызы зор болды.

      Дене тәрбиесінің басқа тәрбиелермен сабақтастығы мәселесі Орта Азия және Ұлы дала ғұламалары еңбектерінде де ерекше аталған. Солардың ішінде ерекше тұлға Әл-Фараби тәрбие мәселесіне бағыт-бағдар бере отырып, «Әлеуметтік-этикалық трактаттар» атты еңбегінде бала денесін жетілдіруді, оның бойындағы абзал қасиетті тани біліп, мінез-құлқының жақсы сипаттарын тәрбиелеп, өзін-өзі үнемі дамыту қажеттігіне тоқталады. Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» дастанында ұлттық психологиямыз бен ұлттық ерекшеліктерімізге тоқтала келе, «кемел адам» ұғымын енгізе отырып, кемел адамның бойында мынадай қасиеттер: жомарттық, саламаттылық, білімділік, ақылдылық, бір сөзде тұру, ширақтық болу қажет дейді.

     Ұлы ағартушы Абай дене тәрбиесі мен ақыл-ой тәрбиесі үйлескенде ғана әр адам сымбатты болумен қатар, жан-жақты қалыптасқан жан болмақ деген пікірді қуаттайды. Ұлы Абай дене күшін, дене мәдениетін қалыптастыру, оның ақыл-ой тәрбиесіне тікелей байланысын көрсете отырып, «тәрбиелеу керек» деп жай ғана сөзбен емес, оны дұрыс жолға қоюды нақты істермен, жолдармен насихаттау, тәрбиенің өзегін философиялық, психологиялық арнадан іздеу қажеттілігіне тоқталады.

      Еліміздің белгілі қайраткерлері Ш.Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, С. Торайғыров, Ө. Тлеуқабылұлы т.б. дене мәдениеті мәселелерін халықтың дәстүрлерімен байланыстырып, халықтың мұраларындағы орамды тұстарын дәлелдеп, оның құндылық бағытына тоқталған.

      Курстық жұмыстың негізгі өзегі мәдениет болғандықтан, “мәдениет” терминіне, түсінігіне тоқталып, саралап өткенді жөн санадық. 

Мәдениет ұғымына ғылыми тұрғыда нақты түсінікті Ю.Л.Ожегов берген. Ол «мәдениет – әлеуметтік құндылықтарды игеру мен дамытудағы адамдардың шығармашылық қызметінің тәсілі мен нәтижесі, ол арқылы қоғам мен жеке адамның  біркелкі дамуы қамтамасыз етіледі» дейді. Бұл жағдайда мәдениет өндірістік, саяси және т.б. қызметтің ерекше түрі ретінде қарастырылмайды, олардың кез-келгенінің сапалық көрінісі ретінде қарастырылады. А.К.Уледов өзінің ғылыми еңбектерінде – «Мәдениет қоғамдық өмірдің, адамдардың өмірінің жеке шеңберінің бөлігі ретінде болмайды. Ол қоғамдық өмірдің барлық сферасына оның сапалық  сипатына тән» деп жазады.

     Адам тұлғасының мәдениеті – бұл оның маңызды, материалдық және рухани құндылықтарды құру мен тұтынудағы шығармашылық қызметінде қолданатын әдісінің жоғарғы даму деңгейі. Адамның негізгі күш-қуаты тек оның қызметінде, ең алдымен еңбек нәтижесінде көрінеді. Тек қана, еңбек іс-әрекеті арқылы адам қоғамға өзгеріс енгізе алады және өзінің күші мен қабілетін іс жүзінде көрсете біледі. Мұндай іс-қимылды педагогикалық зерттеулерде «мәдени әрекет» деп түсіндіріледі.

      Дене мәдениеті қоғамдық кұбылыс ретiнде пайда болып, калыптасты және дамыды. Құрылу ерекшелiктерi мен қызмет ету жүйесi жайлы өзiнiң заңдылыктары бар ғылымның саласы болып табылады. Дене мәдениетінің мәнiн түсiну үшiн алдымен олардың мағыналы мазмұнын анықтап алу қажет. 

      Бiрiншiден, дене мәдениеті — адамның денсаулығын нығайтып, күш — жiгерiн арттыруға, козғалыс белсендiлiгiн жетiлдiру мақсатында қоғамның жасайтын және пайдаланатын рухани, материалдық құндылықтарының жиынтығы.

      Қазақтын ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың «дене мәдениетіне жеңіл қарауға болмайды, дене тәрбиесінің адамдарды тәрбиелеуде канша керегi бар деп ойлау дұрыс емес. Дене - жанның қабы. Қап берiк болса iшiндегi зат та берiк болмақ. Дене - жанның құралы. Құрал мықты болса, иесi де мықты» деп пайымдауы өте орынды.

     Дене мәдениетінің  көптеген аурулардан және зақымданған кезден кейiн жұмысқа қабiлеттiлiктi қайтадан қалпына келтiруде және әрмен карай денсаулықты жақсартуға көмегi зор екенi белгiлi.

     Екiншiден, әрбiр мемлекеттiң өсiп-өркендеуi мен даму көрсеткiштерiнiң бiрi дене мәдениетінің жүйесi, спорт. Мемлекеттi немесе белгiлi бiр ұлтты күллi әлемге танытатын да спортшылар мен олардың жетiстiктерi, көрсеткiштерi. Әлемдiк қауымдастықта елеусiз мемлекет жазушылары, ғалымдарымен ғана емес, сонымен катар осы спорттың арқасында да бүкiл елге танылады.

     Үшiншiден, дене мәдениетінің тағы бiр атқаратын аса маңызды қоғамдық қызметi бар. Ол - қоғамда салауатты өмiр салтын калыптастырудың ең басты құралы болып табылады.

      Қазіргі кезеңде жалпы орта мектептердегі оқу бағдарламаларын құрастыру бағыт-бағдары өзгерді. Алайда, бұлардың бәрінде мектеп оқушыларының қайда оқитындығы ескерілмейді, олардың меңгеруі тиіс негізгі дағдылар мен қабілеттер, оқу нормасын тапсыруға арналған шарттар көрсетілген. Денені шынықтыру жаттығуларының орындалуы қозғалыс дайындығының деңгейі туралы мәлімет береді. Дегенмен, бұл бағдарламалар базалық, үлгілік сипатқа ие, сондықтан оларды әрбір педагог жергілікті жағдай мен салт-дәстүрлерге орай өзгертулер мен толықтырулар енгізіп, өзгерте алады.

      Жалпы орта мектептердегі «Дене тәрбиесі» пәнінің мақсаты әлі күнге дейін толықтыруды қажет етеді, осыған орай оның ғылыми негізделген бағыт-бағдарын жасау қажеттілігі туындайды. Осы бағыттағы ізденістердің тиімдісі дене мәдениеті тұрғысынан зерттеу болып табылады. Әрине, мәдениет теориясының құбылыстары және олардың түрлеріне сай, жасалып жатқан қандай да теориялық ережелер, тұжырымдамалар көп және олар әлі де жүргізілу үстінде.

      «Дене мәдениеті» деген ұғым жалпы мәдениеттің жеке бір бөлігі. Тұжырымдап айтқанда дене мәдениеті жалпы халық мәдениетінің құрамдас бір бөлігі болып, қоғамның материалдық, рухани құндылығының жиынтығын құрап, ол адамдардың дене шынықтыру жүйесін жетілдіру үшін құрылып және оларға қызмет етуі тиіс.

       Дене мәдениетінің қызмет ету жүйесі дене тәрбиесі деп аталады. Тәрбие дегеніміз адамдардың мәдени қызметінің аясы, оларға мәдениет жетістіктерін беру, игеру және жетілдіру болып саналады. Дене тәрбиесі адамның дене сапаларын жетілдірудің педагогикалық жүйесі. Қозғала білуді, дағдыларды, арнайы білімді, қимыл-қозғалыс қабілеттерін, дене сапаларын дамыту және ағзаның құрылысы мен түрлерінің қызметін жетілдіру үшін дене тәрбиесі жүйесінде жан-жақты өңделіп дайындалған табиғаттың жаратылыс күштерімен және гигиеналық қозғаушы күштерімен үндескен дене шынықтыру жаттығуларының жиынтығы, яғни дене мәдениетінің қызмет ету жүйесі қолданылады. Дене тәрбиесінің міндеті әрбір адам өзінің мүмкіндігі жететін дене мәдениетінің мазмұнын игеруден тұрады. Сонымен, адам дене тәрбиесі арқылы дене мәдениетінің жетістіктерін өзінің жеке игілігіне айландырады (денсаулығын жақсартады, дене салаларын дамытады, спорттық шеберлігін жетілдіреді).

      Дене мәдениеті- қоғамдық өмірдің өзге салаларымен байланысты, әртүрлі функциялар атқаратын күрделі қоғамдық құбылыс болып табылады. Сондықтан, адамның жан-жақты жарасымды жетілуіне негіз болып табылатын дене мәдениеті жөнінде айтқанда біздің назарымызды оның спицификалық маңызы - дене тәрбиесі, жеке адамды қалыптастыруда үлкен рөл атқаратын денені шынықтыруға ғана аударып қоймайды. Бұл дене  тәрбиесін зерттеуші ғалымдар айтатындай, адамның дене тәрбиесін жетілдіруге бағытталған педагогикалық қызмет аясын ғана емес, сонымен бірге  жеке адамның еңбек, мінез, ақыл, ой, эстетикалық, отан сүйгіштік, интернационалдық, саяси тәрбиесін де қамтуы тиіс. Ол мәдениеттің бір түрі ретінде қандайда бір дене көріністеріне жатқызылмауы керек, оның элементтерін тұтас күйінде білдіруі тиіс. Бұл, біз жоғарыда жасаған зерттеу феноменінің сан қырлылығы жөнінде жасаған қорытындылардың дұрыстығын дәлелдейді.

  

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама: Дене тәрбиесі арқылы оқушылардың адамгершілік мәдениетін қалыптастыру жолдары."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Менеджер образования

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 082 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.02.2016 3151
    • DOCX 19 кбайт
    • 13 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Демжанова Сакыпжамал Жакиповна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 13990
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по физической культуре у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 176 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы психологии спорта и физической культуры в деятельности тренера-преподавателя и учителя ФК в учреждениях общего и дополнительного образования

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 229 человек

Курс профессиональной переподготовки

Инструктор по футболу: правовые и методические вопросы профессиональной деятельности

Инструктор по футболу

300 ч. — 1200 ч.

от 6500 руб. от 3600 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Принципы эффективного использования аграрных ландшафтов

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология расстройств пищевого поведения

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 161 человек из 53 регионов
  • Этот курс уже прошли 95 человек

Мини-курс

Эффективные стратегии текстовых коммуникаций в бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе