Д.Стамбеков атындағы негізгі орта мектеп
(тренинг)
Орындағандар:Саденова Р.Б.
2016 – 2017 оқу жылы
Тақырыбы: Құқықтық тәрбие
қалыптастыруда ата-ананың рөлі. Мақсаты:
Мектеппен ата – ана арасындағы байланысты нығайту, ата – аналармен тренинг жүргізе отырып, олардың бала құқығы туралы білімдерімен бөлісу. Түрі: Тренинг Әдісі: Ой қозғау, сұрақ – жауап, пікірталас.
Жоспары:
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
Ата-аналарға тапсырмалар:
а) Бала тәрбиесі – басты назарда.
ә) Сөз шебері.
б) Сен білесің бе?
в) Жалғасын тап.
ІІІ. Қорытынды бөлім
Өту барысы. 1) Ата – аналарды ортаға шақыру. Ата-аналар допты кезектесіп лақтыру арқылы өздерін
таныстырды. 2) Тренингтен соң ата-аналар екі топқа
бөлініп, тапсырмалар орындауды бастайды. Бірінші бөлім: «Бала тәрбиесі – басты
назарда» деп аталатын
бөлімде Ітопқа - «Баланың қандай құқықтары бар?»
ІІтопқа
– «Тәрбиенің қандай әдісін
қолданасыз?» деген сұрақтар беріледі. Әр топ өз жауаптарын қағаз бетіне
түсіріп, оны ортаға шығып қорғаулары керек.
Екінші бөлім: «Сөз шебері».
Әр топ конверттен тақырыпты алып,
сол бойынша әңгіме құрайды.
Ітопқа - Ішімдік ішу – ұлт
болашағына зиян.
ІІ топқа - Отбасы – ұлағат ұясы.
Үшінші тапсырма: «Сен білесің бе?» сайысында сұрақтар
оқылады. Әр ата-ана «иә» деген жауапқа «жасыл» қағаз, «жоқ» деген жауапқа
«қызыл» қағаз көрсетеді.
Тапсырмалар төмендегідей:
Сұрақтар «Бала құқығы туралы»
конвенциядан алынды. І топқа: 1.
«Бала құқығы туралы» конвенцияны 1989 жылы 20 қарашада БҰҰ – ның Бас
Ассамблеясы қабылдады.
Ж.Дұрыс
2. 18 жасқа толған жеткіншек бала
деп саналады.
Ж.Дұрыс
3. Мемлекет баланы зорлық –
зомбылықтың барлық түрінен қорғауға, оның құқығын қорғауға тиісті шараларды
қолдануға міндетті.
Ж.Дұрыс
4.Әрбір бала өмір сүру құқығына ие
Ж.Дұрыс
5.Бала дүниеге келген соң өзіне есім
алуға құқығы жоқ
Ж. Бұрыс
ІІ топқа: 1.Бала
қандай шекара болсын өз ойын ашық жеткізуге, ақпарат алуға, ақпарат таратуға
құқысыз
Ж. Бұрыс
2.Конвенцияның 18 – бабында ата –
ана жауапкершілігі туралы айтылған
Ж. Дұрыс
3.Заң бұзған бала өзінің ар –
намысын, тұлғалығын оятатын, дамытатын лайықты ілтипат алуға құқысыз
Ж.Дұрыс 4.Баланың
азаматтық құқығы бала туған кезден басталады Ж.
Дұрыс
5.
Бала білім алуға құқылы
Ж.Дұрыс
Төртінші тапсырма: «Жалғасын тап» І топқа:
1. Тура биде туған жоқ,
(Туғанды биде иман жоқ)
2. Дау мұраты (біту)
3. Жігіттің құны жүз жылқы,
(Ары –мың жылқы)
4. Қылмыскер кісіден қорықпайды, (ісінен
қорқады)
5. Заңның құрығы (бәрінен ұзын) ІІ топқа: 1.
Әділ істің (арты игі)
2. Сөз шынына тоқтайды.
(Пышақ қынына тоқтайды).
3. Атаның баласы болма,
(Адамның баласы бол).
4.
Әр адамның құдайы ...(ары) 5.
Өш алғаннан гөрі ... (кешірген жақсы)
Қорытынды: Бұл
бөлімде жеңген топ анықталып, марапатталады.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.