Л.Н.
Раимжанова «Еркетай» балабақшасының
тәрбиешісі.
Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Ақсу ауылы.
Тақырыбы:
«Бесікке салу»
Мақсаты: Бүлдіршіндерге қазақтың
бесікке салу дәстүрін көрсету, балалалардың тілін, сөйлеу қабілетін жетілдіру.
Қайырымдылыққа, бірлікке тәрбиелеу, балалардың тілін, ойын- сұрақ арқылы
дамыту.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру,көрсету,
сұрақ-жауап,ойын.
Көрнекіліктер: бесік, қуыршақ, суреттер
Ұйымдастырылған
оқу іс-әрекет барысы:
Мотивациялық-қозғаушы.
Іздену-ұйымдастыру.
Бөлмеге
қолында қуыршағы бар Әже баламен бірге
кіреді. –Балалар, қарандаршы бізге қонаққа
кім келіп отыр екен?
-Әже.
–Кәне әжемізбен және қонақтармен
амандасайық.
Шаттық шеңбер
жасайды.
«Үлкенге де сіз.
Кішіге де
сіз,
Құрметпеннен
сіздерге,
Бас иеміз біз.»
Балалар
орындарына отырады.
Тәрбиеші:
Балалар Әже қолындағы бөпе
жылап кетті, ұстай тұрындаршы, бесігін әкелейін. Бесігін әкеліп ортаға
қояды.
–Балалар мына ортада тұрған
не?
-Бесік. –Дұрыс.
Ал мына сыртындағысын не деп атайды
екен? –Ол
жабуы-жабқышы.
–Ал енді, балалар қазір ішіндегі заттарын көріп
,танысайық. –Мынау не
балалар?
-Тартпа.
–Дұрыс, баланы бөлгенде құлап қалмасын деп
жасаған. –Ал мынау
ше?
-Жайлық. Дұрыс, жайлық екеу. Біреуі-бас жайлық, екіншісі аяқ
жайлық. –Мынау не? Мынау
жастық, көрпеше, түбек,
шүмек.
Жастықты жұмсақ оны бөпенін басына саламыз, көрпешені үстіне жабамыз тонып
қалмасын деп.
-Ал
енді баланы бесікке салайық, бала бесікте жылы, таза жатса тыпыршып оянып
кетпей тыныш ұйықтайды.
Бесікке
салу ата-бабалардан келе жатқан қазақтың салт-дәстүрі. –Балалар
қазір әже бізге Айгөлек атты бөпемізді бесікке бөлуді көрсетеді. Ал, енді жол
өзініздікі, біздің бөпемізді бесікке бөліп
көрсетіңіз. – Әже бесікті
аластайды.
«Алас,
алас пәледен
алас,
Тілі жаманның тілінен
алас.
Көз тілдең сақтасың, алас, алас.»
-Әже
баланы бесікке бөледі де, әлдилеп бесік жырын айтады.
«Әлди
әлди ақ
бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем.
Жылама бөпем,
жылама,
Тәтті ұйқыға
батағой.
Әлди, әлди, әлди әй»
Тәрбиеші:
Ал енді балалар әжемен бірге
бесік жырын қайталайық. Балалар біздің Айгөлек бөпеміз жәйлі, жылы бесікте әң
ырғағымен тербеліп тәтті ұйқтап қалды.Тыныш отырайық, оянып кетпесін.
Тәрбиеші:
Әже сіз мына бөпемізге қарай отырыңыз, оянып кетпесін.
-Әже
жарайды айналайын, қарай
отырайын.
–Ал балалар біз қазір кішкене сергіп алайық.
Сергіту
сәті:
« Керегені
жасайық,
Шанырақты
құрайық,
Уық болып
иіліп,
Киіз үйдей болайық.»
Қорытынды: Балалар біздің Айгөлек
бөпеміз қайда ұйықтап жатыр екен? –Бесікте. –
Ал енді айтындаршы сендерге Айгөлек бөпемізді ұйықтатқан «Бесік жыры» әні
ұнады ма?
Балалар
, міне бүгін біз қазақ халқының салт-дәстүрінің бірі бесікке салу рәсімімен
таныстық.
Бүгінгі
«Бесікке салу» салт дәстүріміз сендерге ұнадыма?
Күтілетін
нәтиже:
Біледі:
балалар бесікке салу рәсімімен танысты.
Игереді:
Бесік жырын айтады.
Меңгерді:
балалар бесікке салу ретін меңгерді.
КМҚК
«Ақсу ауылындағы «Еркетай» бөбекжай-бақшасы»
«Бесікке салу»
Ертеңгілік
1-ші сәбилер тобы
Тәрбиешілер: А.Ж.
Кудербаева Л.Н.Раимжанова
2015-2016 оқу жылы
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.