Инфоурок / Директору, завучу / Другие методич. материалы / Білім беру саласында заман ағымына сай қажетті жаңартылған өзгерістер
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Білім беру саласында заман ағымына сай қажетті жаңартылған өзгерістер

библиотека
материалов

hello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifӘ.Баймұлдин атындағы жалпы орта мектепте

биология пәнінен өткізген төрт тізбектелген сабақтарға

анализ.


Білім беру саласында заман ағымына сай қажетті жаңартылған өзгерістер мен ізденістер қарастырылуда. Білім берудің негізгі мақсаты мен мазмұның өзгертуі керек болды. Осыған сәйкес оқытудың жаңа бағдарламалары да енгізілуде, сол себебтен қалай оқу керектігін үйренуді қалыптастыруға мән беру керек.

Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының екінші деңгей бағдарламасының басым бөлігі, оқытудың 7 модуль, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқытудың теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдерімен бірге қалыптасып жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді. Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.

Осы бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды.

Менің тізбектелге төрт сабағым биология пәні бойынша Ә.Баймұлдин атындағы орта мектептің 6 сыныбында өткізілді. Бұл сыныпта 10 оқушы бар, биология пәні тереңдету бағдарлама бойынша оқытылады.

Оқушыларға бағдар беріп, өзін – өзі сыни тұрғыдан қарастыра білетін жан ретінде тануына мүмкіндік беру. Ең күрделі іс – мәселені ашу мақсатында бағдар беретін сұрақтарды дұрыс қоя білу болып табылады. Оқушылардың арасында Шаймолда Ұлжан, Сапархан Сара және Лувсан Гүлзат пәндік олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болады. Ұлжанның нәтижесі басқа оқушыларға себеп болып, қызығушылыққа ыңталандырды.

Менім ойымша, жоспарланған сабақтарым биология пәні бойынша білім беру сапасын артады. Өткізілген тізбектелген сабақтар біздің мектеп үшін оқу үдерісінің өзгертуіне үлес қосады, осы сыныптағы басқа пән мұғалімдерге сыни тұрғыдан ойлау технологияны қолдануға ықпал етеді.

Орта мерзімді жоспар құрар алдында менім ойым: «Биология сабағында оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау тәсілдері арқылы шығармашылық қаблеттерін қалай дамытуға болады.» деген сұрақ туындады. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни көзбен қарап, естігенін, білгенінін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Сондықтан осы сыныптағы оқушылардың пәндік білімдері қалыптасқандықтан, ойлау каблеттерін дамыту мақсатында жоспарлау жұмыстарды жүргіздім.

Іс-тәжірибеде нақты өзгергені, ол: сабақтар қызықты, жақсы өтті, оқушылар шапшаң жұмыс жасап пәнге деген қызығушылары арта түсті. Сабақ барысында барлық модульдер кезектей, яғни тізбектеп бірінен-бірі ашылып отырды. Менің тізбектелген сабақтар топтамасында биология пәнінен шығармашылық қаблеттерін дамыту үшін, сын тұрғысынан ойлау модулін өз сабақтарымда басшылыққа ала отырып, қолданып көрдім. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз- сабақта оқушылардың қызығушылығын оқуға деген арттыра отырып, өз ойын еркін және зерттеу арқылы талпындырып, тұжырым жасау.

Әр сабақта балалардың жас ерекшеліктеріне сай тапсырмаларды бере отырып (сурет-1), олардың ойын, биологиялық терминді қолдана сөйлеу мақсатында сын тұрғысынан ойлауға байланысты тапсырмаларды үйлестірдім.


C:\Users\User\Desktop\коуч\DCIM\100PHOTO\SAM_5689.JPGсурет-1.

Мен 6 сыныпты таңдау алдында мектеп психологімен Койкенова М.С және оқу ісінің меңгерушісі Ибраева Г.К мен сөйлестім. Олардың ұсынған себебтері нақты болды, өйткені 6 сынып оқушылары жаңа үлгіде жұмыс істей алады, қаблеттері, нышандары мен мүмкіндіктері дамыған. Соңдақтан мектеп психолог ретінде (сурет-2) әр оқушының өзіне деген сенімділігін, топтық коммуникация, вербалды және вербалсыз қарым – қатынасы дамыған, өз ойын жүйелі жеткізу, өз сезімдері мен эмоцияларын басқару бойынша жұмыстардың маңызы артқанын байкалады деді.

C:\Users\User\Desktop\Уроки\102NIKON\псих.jpg

сурет-2.


Осы сыныппен 2 жыл жұмыс істеп жатырмын. Оқушылар туралы айтқанда, сабаққа ынталары қалыпты, жауапкершіліктері мол, сабақта АКТ қолданады. Менің осы сыныпты таңдау себебім - нәтижесі қалай болады, оқушыларға қалай әсер етеді, соған көз жеткізу.

Сынып ішінде үздік оқитын «А-Шаймолда Ұлжан», жақсы оқитын «Б-Жапенова Жанель», үлгерімі төмен «С-Бақытбек» үш оқушыны зерттеуге алып, бақылап, қадағалап отырдым. Жаңа түрдегі сабақты бастамастан, оқушылмен әңгіме құрып, сауалнама алып, Дейв, Ханна, Альма, Салли туралы мінездеме жазуға сұрадым, топтық жұмыс үйымдастырап, барлық оқушылар мұқият оқып өз ойларын А-4 жазды (сурет-3) маған таңқаларлықтай ой-сезім пайда болды.


Оқушылар біздің сыныпта осындай балалар бар деді және аттарын айтып берді, оны мен жасырынды түрде (стикерге жазу арқылы) «Салли», «Альма» және «Дейвті» үш оқушыны атандаршы дегенде барлығы жаппай «Салли» - ол Ұлжан деді, «Альма» - ол Жанель, ал «Дейв» -ол Бақытбек деп жауап берді. Ұлжан, Жанель және Бақытбек оқушылардың пікірлеріне оң көзбен қарады, жымиып күліп

«біздің кемшіліктерімізді жоюға тырысымыз» деп сөз берді.

C:\Users\User\Documents\Snapshot_20130611_1.JPG

сурет-3.

Осы кезде мен зерттеуге алған үш оқушымның ойын, жауаптарын білгім келді. Зерттеуге алынған оқушылардың бірі- Жанель, жақсы оқиды, іс-әрекеті баяу, үйдегі қарым-қатынас тілі-орысша, ойды жеткізуде қиналады. Ол теорияда, яғни оқулықтан алған білім көзін пайдаланады, нашар оқитын, тынымсыз күйде жүретін зерттеуге алған Бақытбек- жауап беруден бірден бас тартады. Ал оқуда  талантты, дарынды бала деп білген- Ұлжан атты оқушым өз ойын нақты және дәлелді жеткізе алады. Дәлелдігін мынадай жауаппен жеткізе білді. «Бірінші маңызы деп ...» бастады, содан сол 6 маңызына дейін ашып берді. Барлық қойылған сұраққа осы тәрізді жауаптар берілді. Мақалдатып жауап берді «Гүл өссе жердің көркі, қыз өссе елдің көркі» деп.

С

В

А

C:\Users\User\Desktop\Уроки\А окушы.jpghello_html_m650ce5ff.jpghello_html_a545f3.jpg

Баланың шығармашылығын дамытуда мынадай ресурстарды қолдандым. Әр тақырыптың мазмұның оқушылардың өздері ашады. Мысалы: «Жемістер» тақырыбын көрнекілік әдісі түрінде жемістер туралы презентация құрып, «Новая интерактивная биология» интербелсенді тақтада бар технологияны және флипчарт құрып қолдандым. АКТарқылы тақырыпты оқушылар өздері ашты.

Барлық сабақтар алып қорытындылағанда басында қиындықтар болды: сабақ жоспарын құруға, сабақ барысында топ арасын бірнеше рет алмастыруға, уақыттың жетіспеуінде. Тәлім алушы менің барлық сабақтарымда отырып, әр сабаққа анализ жасап отырдық, оны бейнежазбадан, фотосуреттен көрдік. Әрине қателер де болды, техникалық ахуал да кедергі жасады, бірақ жіберген қателерімді түзетіп, болашақта басқаша түрде ұйымдастыруға тырыстым. Әр сабақты құру барысында сабаққа шығармашылық жағынан қарауға және көптеген көрнекіліктерді қолдануды ұйғардым. Сабақтарда сергіту сәттерін өткізіп,түрлі тапсырмалар дайындадым. Барлық сабақтарды фотосуретке және бейнетаспаға түсірдім, оқушылардың топтық жұмыс жасауында іс-әрекеттері байқалып анық көрілді. Балалардың жұмыстарын жинап портфолиоға салдым. Ұлжан мен Гүлзатты бейнетаспаға түсіріп, әңгіме құрдық (қосымша -1,бейнежазба). Маған өз пікірлерін айтып, оқушылар не ойлайды, жаңа түрдегі сабақтар өте ұнағаның айтып, ұсыныс берді, жаңа оқу жылында барлық пән мұғалімдері осындай сабақтар түрінде өткізуін сұрады. Себебі, сыныптағы барлық оқушылар биология пәніне қызығушылық тудырды.


Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауы, көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне сай тапсырмалар әр бір кезеңде тізбектей ашылды. Ол үшін тағы зертханалық жұмыстар: «Гүл құрылысы», «Жемістер» тақырыптары алынды (4,5 сурет)


А

C:\Users\User\Documents\зертханалык жумыс\Snapshot_20130527_6.JPG

сурет-4.

С

hello_html_7fd59174.jpg

сурет-5.


Бұл зертханалық жұмыстар сыни тұрғысынан ойлау технологиясының «Болжау кестесі» стратегиясын қолдандым.

Не болады?


Дәлелдеу.

Не болды?




Талқылау кестесі арқылы проблемалық сұрақ туғыза отырып, талқылады. «Гүлдің құрылысы» бойынша С-оқушы өсімдікке қарап, аталық және аналық мүшелерін көрсетті, қызметтерін айтты.


Баланы тәжірибе жасау арқылы, ауыл шаруашылығымен байланыстырып, тұрмыста тағам ретінде қолданатың бақша жемістерін жіктеп, салыстырылды. Сонымен бірге формативті бағалау «Синквейн» әдісі арқылы 5 жол өлең құрастыру да (сурет-6) оқушылардың тақырып бойынша ойын жинақтап, шығармашылығын дамыту жолын сабақта жиі қолданамын.


C:\Users\User\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\DSCN0454.jpgсурет-6.

Жаңа тақырыпқа байланысты сөздік жұмысын жүргізген кезде, жаңа қолданылған сөздерге сөйлем ойлап жазумен бірге, сол сөздерді қолданып, 5 жол өлең құрастыруды да тапсырамын.

Сыни тұрғыдан оқу мен жазудың көмегі зор. Бұл жұмыстарды бірнеше тақырыптар көлемінде өткіздім. Оқушы жеке жұмыс істеуге жаттығады. Өз ойын көпшілікке жеткізуге ықпал етеді.

Ол үшін тақырыпқа байланысты сұрақ қойылды.

Білемін

Білгім келеді?

Үйрендім.




Сабақтың соңында мәтіннің тақырыбына байланысты өз ойларын білдіріп, көкейлеріне не түйді соны қағаз бетіне түсіреді. Осы технология, яғни 7 модульмен жұмыс жасау маған қатты ұнады, өйткені ол оқушыларды жан –жағынан дамытады. Осы сыныппен 7 модуль технологиясымен жұмыс жасауды жалғастырудамын.

Әр бір сабақта оқушыларға, топ арасына тапсырмалар беріледі, тапсырмаларды топ арасында орындап бірін-бірі тексереді. Барлығы қорытындылап бағалау парағына жазылып, маған тапсырылады.

C:\Users\User\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\DSCN0445.jpg

Бағалау парағы Оқушының аты-жөні______________________________________

Тақырып__________________________________________________

Критерийлер

1ұпай

2ұпай

3 ұпай

Жалпы ұпай

1

Топтық жұмыс істейді





2

Ақпаратпен алмасады




3

Сұрақтарға жауап береді




4

Постерға салады




5

Деңгейлік тапсырманы орындайды




«5»- 12-15 ұпай, «4» -11-9 ұпай, «3»- 5-8 ұпай

Оқушылар сабақтың қалай өткенін өз ойларын айтты.

«Синквейн» әдісі қолданып топ арасынан сабаққа арналған өлең шумақтарын шығарып, ортаға салды. Еркін жазу не эссе жазу: «Гүл - көктем», «Гүлдің адамға маңызы» қолдандым. Сыни тұрғыдан оқу мен жазу бағдарламасының нәтижесі төмендегідей болды. СТО құрылымы бойынша ұйымдастырылған сабақтар баланың ізденімпаздық, зерттеушілік, дәлелдеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамытатынына көз жеткіздім. Оқушылар өз бетімен жұмыс жасап өздерін жеке бола жұмыс жасауға үйренді.

Менің ойымша оқушыларға барлық сабақтар ұнады, смайликтерге (сурет-7) жазған ойлары бойынша ұнағандары:

-топпен жұмыс

-өз білімдерін постермен арқылы дәлелдеп, көрсетуі.

-смайликтер арқылы өз ойларын айту.

-сергіту сәттері.

C:\Users\Й\Documents\МУНИРА ВСЕ ДОКУМЕНТЫ НЕ УДАЛЯТЬ\Ашық сабақ ФОТО\Ашык сабак 3 фото\DSCF1577.JPG

сурет-7.


Балалардың білім алғандығын анықтау үшін мектеп тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалардан алып критериалды бағалауды қолдандым.

Блум таксономия бойынша сабақтарда әр деңгейде қойылған сұрақтарда артықшылықтары және кемшіліктері қарастырылып отырды.

Мысалы, Түсіну кезенінде: Жоғары деңгейде сұрақ қойып оқушылардың ой өрісін дамыту үшін берілген сұрақ «Гүлдің әр түрлі көбеюі бар екенің не дәлелдейді?» күнделікті жоғары деңгейлі сұрақ қойылмайтындықтан, оқушылар жауап беруден тосылып қалды. Себебі не дәлелдейді деген сұрақтың мағынасын түсінбегендей болды. Мен үшін оқушыларға жетелеу сұрақтарын берместен, бірден жоғары деңгейлі сұрақ қою менің сабағымда сәтсіз көрініс тапты.

Қолдану кезенінде: «Бұршақ пен алманың гүлдері түйнек салу кезінде үсті марлымен жабылып тұрды. Гүлдеу кезінде бұршақта тұқым пайда болды, ал алмада болмады. Неге?»– деген сұраққа жауап беріп, суретін салып көрсету, бағалау. Осы тапсырмада оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауы кеңінен көрінбеді. Қалай? Суретін салып, жұбының берген жауабын бағалау керек болды. Осы жауап жалпы ой өрістерің, түсініктерін ашпады, алған білімдерін қолдана алмады. Осы себептермен сәтсіз болып танылды.

Білімдерін қолдана алмаса, тәжірибемен алмастыра алмаса, ойынды жүзеге асыра алмауы да мүмкін. Сондықтан келесі қадамым білім мен тәжірибені сыни тұрғыдан дамытудың басты жолы, сабақ өткізу мәнерін өзгерту деп білемін.

Стратегияларды әр сабақтың мақсат-міндетіне сәйкес тиімді қолдану мұғалімнің шеберлігіне, ізденісіне байланысты.Сонда ғана оқушының білім мен тәжірибесіне, тілдік әрекетке өзгеріс енгізуге болады.

Жинақтау кезенінде артықшылық қарастырылды, себебі оқушылар берілген тапсырмаларды тез және толығымен орындады. Менім ойымша сыныпқа жаттығулардың шартын түсіндіріп, орындатып отырса, әр тапсырмадан соң нәтижеге жеттік деген белгіні оқушыларға білдірту үшін оқушылардың презентациялары, крассворд, эссе және 5 жол өлендері көп ықпал етті.

  1. Тапсырма «Берілген жемістерді кестеге топтастырып, бөліп жазу»

  2. Тапсырма « Сызықтық диктант»

  3. Тапсырма «Сематикалық карта»

  4. Тапсырма «Жемістер» туралы крассворд құру.

Тізбектелген сабақтар топтамасындағы орта мерзімді жоспарлауға «Өсімдіктің көбеюі (генеративті) мүшелері » тарауынан төрт тақырып қамтылды. Олар: «Гүлдің құрылысы», «Қос жынысты және дара жынысты гүлдер», «Өсімдіктердің жынысты көбеюі. Тозаңдану. Ұрықтану.», «Жемістер».

Сабақ жоспары Блум таксономиясының құрылымына сай жасалды. Сабақ жоспарын жасауда жеті модульдің ықпалдасуы жүзеге асты. Биология сабағында жеті модульдің ықпалдасуы кезінде СТОү модулі басымдық танытты. Себебі, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлай отырып, ауызекі сөйлеу тілін дамыту көзделді. Бірінші сабақта бұл модуль басым көрініс тапты, себебі СТО барлық сабақ кезеңдерінде толықтай көрінді. Әр кезеңде мынадай тапсырмалар арқылы жүзеге асты.

Оқыту мен оқудың жаңа тәсілдері: «Диалогты оқыту» бойынша «Сұхбат» сұрақтары. Уақытты үнемдеу мақсатымен бір ғана оқушы сұхбат алушы, ал сұхбат беруші әр топтан бір адам таңдалуы керектігі айтылды. Осы жерде кездескен кедергі топтағы «сен айт та, мен айт» болды, оны байқаған кезде, мен бірден топ басшысына рөлді кімге беруді анықтау керектігін түрткі еттім. Әр топтан күнделікті сабақта белсене қатысатын оқушыларға рөл ұсынылып, топ атынан сөйледі. Олар жауапты бір сарынды, қысқа түрде берді.

Сол кезде, мен талантты, дарынды оқушы ретінде қарастырмаған сыныптағы жақсы оқитын, үнемі көшбасшылыққа талпынып жүретін Сара атты оқушым «сыныпқа және басқа топтарға қарсы сұрақ қоюыма бола ма?»- деп сұранды. «Бірақ, мен осылай ойлаймын – Гүлдің әр түрлі көбеюі ғалымдарға түр өзгертуге жағдай жасайды. Ол қандай, не себебтен?». Айтылған ойға сендер лайықсыңдар ма? деген таңқаларлықтай сұрақ қойды, немесе жоғары деңгейдегі сұрақ деп тануға болады. Өзі болса, «ия лайықпын, мен ауылымды, қаламды сүйемін, ол үшін бәріне дайынмын, ғалымдарда жаңа түрлер шығаруға, табиғатта жоқ, біздің климатта бейімделу қасиетін зерттеуге жағдай жасау керек, сол үшін біз білім алу керекпіз, болашағымызды ойлаймыз»деген жауап берді. Осы жауап негізінде, Сараның сыни тұрғыдан ойлауы басым екені байқала ма? деген өзіме сұрақ қойдым. Сын тұрғысынан ойлау модулі арқылы оқушының тіл байлығы мен ой-өрісінің ары дамуына жол ашуға мүмкіндік беру болып табылатын сияқты.

Осы кезден менің жоғары деңгейде таңдап алған оқушым Ұлжан мен қатарласа жүргізіп, әрі қарай Сараның дарындылық қабілетін зерттеу арқылы, анықтау керек сияқты көрінді. Сын тұрғысынан ойлау модулінің мені қызықтырғаны баланың өзі ізденіп дәлелдеуі. Ол бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.

Сабақ төңірегінде құрылған тапсырмалар ішінде сыни тұрғыдан ойлана отырып, балалардың шығармашылығын байқау үшін, «Гүлдердің адамға маңызы» фотобейнелер ұсынып, оқушылардың үйден құрып әкелген презентацияларды көрді, көру арқылы алған әсері бойынша эссе жазу АКТ модулі арқылы іске асты. Эссенің тақырыбын өздері қояды. Сыныптың белсенділігі көру арқылы қабылдағаннан кейін, эссе жазуға кірісті. Көру арқылы эссе жазу, көп оқушылар арасында жаңағы презентацияны қалай түсінгендіктерін сипаттай, түсіндіре жазған. Ал зерттеудегі нашар оқитын Бақытбек, мен эссенің не екенін білмеймін, жазғым келмеді деген шешімге келгенін байқатты. Осы кедергіден дәл осы сабақ уақытында қалай шығатынымды білмедім, бірақ оған келесі жолы бірдеңе қылып ықпал етуім керек екенін білдім. Жанель, екінші бала өз ойын тағы да білім көзінен алған теориямен көрсетті. Ал Ұлжан эссе тақырыбын «Гүлдердің адамға маңызы» деп атаған. Ол эссені дәптерге жазу кезінде түсірілген фотокөрініс дәлелдемесі бар. Эссе мазмұнында осы тақырыпты ашып көрсеткені де аңғарылды. «Гүлдердің адамға тиғізер маңыздары өте көп. Бірінші маңызы ол, фотосинтез процесі, бізге бәрімізге таныс ...» деп бастаған. Осы эссе бойында ауыл тұрғынын сезініп шөпкоректі жануарларға корек болады деп жазған. Әрине қыз бала болғандықтан, отбасындағы тәрбиесін көрсетіп мақалмен былай деп дәлелдейді, «Гүл өссе жердің көркі, қыз өссе елдің көркі», Ұлжан эссенің барысында гүл шірнесі арқылы араның тәтті бал жасауы жайлы да айтады. Мысалы, «Қос жынысты және дара жынысты гүлдер» тақырыбында да постер құру тапсырылды. Топқа «Жеміс салаты» арқылы бөлу кезінде зерттеуге алған оқушыларымды бір топқа біріктіру мақсатым болды. Осы бір топқа біріктіру мақсатымда, сыни тұрғыдан ойланта отырып, диалогтік оқыту арқылы оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынасты бақылай отырып, бір-біріне сенім арттыру. Кедергі- топ мүшелері нашар оқитын Бақытбек, ештеңе білмейді деп топқа енгізбеу болды. Сол кезде мен оған таймкипер рөлін ұсындым. Ол өзінің ісін орындай алды. Топтағы жұмыста 3 оқушы да жақсы жұмыс, ең басты бірлесе отырып атқарылды. Ол мына жерлерден көрінді, Бақытбек уақытты бақылай отырып, басқа топтың іс-әрекетін өз тобына жеткізе алды, Жанель постерге сурет салу қызметін Ұлжанмен және басқа топ мүшелерімен біріге орындады. Осы кезде Ұлжан топ ішіне «біздің сыныптағы гүлдерді салайық»- деген өз ойын дәлелдеп, сын көзқараспен қарап, оқшылардың сыни тұрғыдан ойлануына әсер ету. ортақ постерге салуда топ мүшелерін қызықтыра алып, қалғаны келісе кетті.


Менің ойымша топ бұл постер арқылы (8,9 сурет) сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын көрсеткілері келді. Олар постерді қорғаған кезде 3еуі бірге шықты. Бақытбек қорғауға шықса да, ол өз жұмысын іс-әрекет арқылы көрсетті. Плакатты ұстап, постерде берілген элементтерін көрсетуді ескертіп тұрды. Жанель –суреттегі әр гүлдің айырмашылығын түсіндіре отырып, барлық оқушылардан түсінігі дұрыс па екендігін сұрады. Ал Ұлжан болса, «мына суретте біздің сыныпта бар гүлдерді алдық, себебі күнделікте көріп жүрген, гүлдің өзгерісін анықтай алатындай көз жеткізу керек»- деді. Мысалы, Ұлжаның қаблеттіліктерін, біліктілігін, әлеуетті мүмкіндіктерін көрсету үшін жағдай туғызу қажет.


C:\Users\User\Documents\2 урок\Snapshot_20130514_1.JPG

сурет-8.

C:\Users\User\Documents\2 урок\Snapshot_20130514_5.JPG

сурет-9.


Сын тұрғысынан ойлау

Сабақта Сын тұрғысынан оқыту технологиясының стратегияларын пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отырдым. Әрбір әдіс оқушылардың ойлауына және қиялына негізделіп келеді. Баланың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлеуге, дәлелдеуге үйретеді.


1. Қызығушылығын ояту. 2.Мағынаны ажырату. 3. Ой толғаныс.

Стратегиялары Стратегиялары Стратегиялары



Дөңге- Топқа Топтас- Ой ДЖИКСО Венн Бес Автор Эссе.

лек үстел. бөлу тыру. шақыру диаграммасы. жолды орын

өлең дығы.

Күтілетін нәтиже:



Әр түрлі деңгейдегі оқушылардың топтық жұмыста бірлескен іс-әрекеттерін көру, диаграмма ретінде ұсынылып отыр.

Тізбектелген сабақтар нәтижесі АВС- оқушылар арасында прогресиялық өзгеріс пайда болды. СТО технологиясының Венн диаграммасы, «Аялдама» әдістері арқылы да С-оқушы басқа балалармен өзара диалог түсті, оған топпен жұмыс жасау өте ұнады. Себебі олар ой бөлісу арқылы білмеген нәрселерін біліп, өздері жалғыз жасай алмайтын жұмыстарын жасап, сабақтың үстінде қысылмай сөйлеуге дағдыланды. Қолдану кезеңінде балалар ДЖИКСО әдісі бойынша мәтіндермен жұмыс жасады.

Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының биология пәнді терең түсіну қабілетін, тіл байлығын дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Блум таксономиясына сәйкес ойлаудың 6 түрі тұрғысынан әрбір жауапты талдай және келісе отырып, баланың қойған сұрақтарға берген барлық жауаптарын үнемі жазып алып отырдым. Жауап берілген сұрақтарды есептеу кезінде сұрақтың түрін белгілеу үшін ашық және жабық сұрақтар қолдандым. Ашық сұрақтарды көбірек пайдалану оқушыларға әлдеқайда жоғарырақ деңгейде ойлануға көмектеседі.

Әр деңгейдегі оқушыларға берілген тапсырмаларды орындай отырып, әр түрлі деңгейдегі оқушылардың топтық жұмыста бірлескен іс-әрекеттерін көру арқылы, талантты-дарынды балалардың оқу үдерісіндегі жетістіктерін басқа да оқушыларға ашық түрде үлгі ету. Ең бірінші сабақта алғашқы тапсырма үш топқа бірдей берілді. «Білу» кезеңінде сабақ тақырыбын ашу мақсатында оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқытуды ескере отырып, олардың ауызекі сөйлеу тілін диалогтік оқыту арқылы іске асыру үшін сұхбат әдісі қолданылды. Бұл әдіс арқылы сөйлеутілдерін дамыту, тіл байлықтарын қаншалықты мол екенін,өз ойларын нақты және толық жеткізе алатындығын танып білу.Мұғалім тарапынан алғашқы сабақ болғандықтан, сұхбат сұрақтары дайындалып әкелінді.

Өткен сабақта мен ашық сұрақтарды аз қолданған кезінде менің сұрақтарымның көбі ойлаудың төменгі деңгейін іске қосқандығын көрсетеді. Бұдан кейін мен ашық сұрақтарды көбірек пайдалана бастадым, ал бұл болса балалардың, Блум таксономиясы бойынша, қолдану мен талдау деңгейіндегі ойлауын іске қосты. Осындай араласу балалардың ең жоғарғы ойлау деңгеін – жинақтау (синтез) және бағалауды – дамытуға әкелген жоқ, дегенмен төмен деңгейде ойлау көрсеткіші төмендегенін көрсететін дәлелдемелер бар.

Бақылау мен байқауға қатысты өз ойларымды, туындап отырған қиындықтарды талдап, қатысқан мұғалімдердің (сурет-10) ұсыныстарын жазып отырдым, қосымша не сәтсіз деген сұрақ тұсына неге сәтсіз болды деген талдаушы сұраққа жауап жаздым, тиісті басқа тәсілдерді қолдануға жоспарладым, ол басқаша қабылданып оқушыларға тиімді әсер етті.

C:\Users\User\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\DSCN0448.jpgсурет-10.

Соның салдарынан оқушылармен әңгімелесу, кеңес жүргізу, болжамдаған нәтижесі мен алынған нәтижені талқылау, өзгеріс енгізуді қарастыру үдерісі ынтымақтастық-сыйластық қарым-қатынаста жүріп жатты.

Бақылауымдағы А, Б, С деңгейлі оқушыларымыздың өзгеруі көз алдымызда жүрді, оқушыларға көңіл бөлу қажеттілігін бағдарлама идеяларымен дәлелдедім, әр сабақтан кейін кері байланыс жасау арқылы оқушылар қызығушылығын, белсенділігін арттыруға болатынына көз жеткіздім. Бұл модульмен жұмысқа дейінгі және кейінгі кезеңін (аралығын) салыстыру оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығының, адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады. Өз ойын айтуға еркіндік берілгенін бала сезінгенде ғана ашылады және нәтижелі болады. Оқушылардың ойлау деңгейі, пәнге деген қызуғышылығы, биологиялық ұдірістерді талдау ретінде тіл байлығы да жоғарлады.

Сол кезде, мен талантты, дарынды оқушы ретінде қарастырмаған сыныптағы жақсы оқитын, үнемі көшбасшылыққа талпынып жүретін Сара атты оқушым «сыныпқа және басқа топтарға қарсы сұрақ қоюыма бола ма?»- деп сұранғаны. Мен оған мүмкіншілік беріп,оған көңіл қойдым. Өзіне берген мүмкіншілігінде «Менің ойымша, ғалымдар табиғатқа өзгеріс әкелмеу керек, себебі табиғаттың құбылысы өзгереді, флора және фаунаға да әсерін тигізеді, сендер лайықсыңдар ма?» деген таңқаларлықтай сұрақ қойды, немесе жоғары деңгейдегі сұрақ деп тануға болады. Ең бастысы сол тұжырым бойынша түсініктерін топтағы, сыныптағы оқушылар өз ойларын айта білгенмен, «Павлодар қаласының табиғаты мүлдем өзгерді: ол жаңа көбелектер түрі пайда болды, ағаштардың жапырақтары да өзгерді...» деген түсіндірмелер берді. Ал нақты «лайықсыңдар ма?» дегенге ешкім жауап бермеді, өзі болса, «Ия лайықпын, мен елімді сүйемін, ол үшін бәріне дайынмын, білімді жетілдіру арқылы мутацияға төзімді өсімдік және жануарлардың биологиялық қасиеттерін зерттеу керек.» деген жауап берді. Осы жауап негізінде, Сараның сыни тұрғыдан ойлауы басым екені байқала ма? деген өзіме сұрақ қойдым. Сын тұрғысынан ойлау модулі арқылы оқушының тіл байлығы мен ой-өрісінің ары дамуына жол ашуға мүмкіндік беру болып табылатын сияқты.

Осы кезден менің жоғары деңгейде таңдап алған оқушым Ұлжан бірге, әрі қарай Сараның дарындылық қабілетін зерттеу арқылы, анықтау керек сияқты көрінді.

Осы айтылған теориялық ойдан кейін, өзімнің жыл басында осы дарынды балаларды анықтаудағы психологпен біріге отырып, жасаған тексеру парақтарымыздың нәтижесіз болғаны ма деген пікір туды. Себебі, сол мезетте өткізген сауалнама қорытындысында Сараның жасырын қалғаны байқалды. Қабілетті баланы анықтау, оқу үдерісінің барысында мұқият бақылауға алуды талап етеді осы ойыма орай мектеп психологына Сара қайта қадағалап көруді ұсындым, қадағалаудың мақсаты: баланың дарындылығы нақты бір бағытқа бағытталған ба екенін анықтау.

Мен болашақта нені назарда ұстау керектігін жобалай бастадым. Мен бұдан кейінгі сабақтарда міндетті түрде кері байланыс орнатуды қолға аламын, формативті бағалауды тиімді әдістердің бірі ретінде қолданатын боламын. Топтық жұмыс, жұптық жұмыстың қажеттілігін уақыт күттірмейтін мәселелердің бірі деп болашақта күн тәртібінен түсірмейтін боламын.

Бейнежазбаны қарай отыра жол берілген қателерді електен өткізе отыра, жөнделуге, реттелуге бағыт аламын. Сабақ үрдістерінде оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында АКТ қолдануды басты бағытқа аламын. Болашақта бағдарламаның 7 модулін негізге ала отыра, кездескен кедергілерді жоя отыра, бағдарламаның білім саласында тиімділігін дәлелдей отыра, жүзеге асырамын.

  1. Ақпараттық комуникациялық технологияның озық тәжірибесінің әдістемесін еңгізу

  2. Өз сабақтарымның әр бір кезеңдерінде ОБжК, ТжДБО, ОмОЖТ, ОҮБОБ, ОЖЕСО, АКТ, СТО модульдерді және басқа да әдістемелерді қолдану

  3. Деңгейлік тапсырмаларының көмегімен оқушылардың биология пәніне қызуғышылығын, белсенділігін, шығармашылық қаблеттерін дамыту

  4. Оқушылардың білім сапалылығының, дағдыларының мониторингін құрып, зерттеу.

Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту барысында келесі міндеттерді анықтадым.

Сабақ мазмұнға байланысты міндеттер:

1.Тақырыпты оқып танысады.

2.Мазмұнын ашады.

3.Гүлдердің көбею түрлерін салыстыра отырып айырмашылықтары мен ұқсастықтарын сипаттай алады.

Өзгерістерді еңгізіп, жалғастыру үшін өзіме мақсат қойдым:

Сабақтарда АҚТ қолдана отырып (сурет-11), әрбір оқушыға тақырыпты терең меңгерту, есте сақтау қаблеттерін, тіл байлығын дамыту, топпен орындалатын жұмыс ережелерін қадағалай білу, икемділігін қалыптастыру.

C:\Users\User\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_5683.jpgсурет-11.

Топтық жұмыс үрдісіне байланысты міндеті:

1. Оқушылар бір-бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарады.

2. Тақырыптық түсініксіз жерлерін айқындайды.

З. Топтастарының сұрақтарына жауап береді.

4. Қорытынды шығарады, өз пікірін дәлелдейді.

Тәрбиелік мәні: Өзара құрмет сезімін тудыру. Басқаның пікірін сыйлауға, сөзін бөлмеуге тәрбиелеу. Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты:

Оқушының білім мен тәжірибе арқылы сыни тұрғысынан ойлауын дамыту, қиялын шарықтату және сезімін ояту.

Балалардың сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап берулерін талап ететін сұрақтар талантты және дарынды балалардың ой ұшқырлығын дамытып қана қоймай, сонымен бірге басқа балалардың да терең ойланып, жоғары дәрежелі сұрақтарға жауап беріп үйренулеріне мүмкіндіктер берді. Оқушылар арасындағы өзгеріс деп танылған, топтық жұмыста бірлесе іске асқандығын, бір-бірін жетелей отырып, нәтижені көрсетуге ұмтылуында көрініс тапты. Себебі, олар «сен айт, топ түгеліміз істеу керек, ойды дұрыс, толық айту қажет» деген сөздер мен сөйлем топтамаларын қолдана алды.

Т. И. Шамова, П. И. Третьяковалардың енбегінде «Инновация дегеніміз – жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз- тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру, яғни инновация үрдісі мазмұнды дамытуды, жаңаны ұйымдастыруды, қалыптастыруды анықтайды, ал «жаңаша» деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс-тәсілі мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз» делінген. Энциклопедиялық сөздіктерде «инновация» әр түрлі анықталады.

Биология пәнінің мұғалімі Кокишева Алия Елемесовна.

13




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-026884

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"