Инфоурок Другое СтатьиБілім беру жүйесінде интерактивті тақтаны пайдаланудың тиімді жолдары

Білім беру жүйесінде интерактивті тақтаны пайдаланудың тиімді жолдары

Скачать материал

Білім беру жүйесінде интерактивті тақтаны пайдаланудың тиімді жолдары

 

Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен

байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет.

Н.Ә.Назарбаев

 

Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі білім беру жүйесін, білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды, іскерлікке қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8 - бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» - деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір оқытушының алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа технологияны меңгеру. Ал білім беру жүйесінің алдындағы жаңа міндеттердің бірі инновациялық оқыту технологияларын пайдаланып білім сапасын арттыру. Осы сауалға жауапты Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауынан табуға болады. ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегі міндеттерді шешу керектігін атап өтті: компьютерлік техниканы, интернет, коммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электронды оқулықтарды оқу үрдісінде тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру. Жаңа технологияны меңгеру оқушының интеллектуальдық, рухани азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді.

Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Сондықтан, бүгінгі компьютерлендірілген ғасырда есептеу техникасының өте жылдам дамып, оны ғылымның кез-келген салаларына қолданып, одан нақтылы нәтижелер алуымызға байланысты ғылым мен білімді одан әрі терең меңгеруде ақпарттық технологияларды қолданғанымыз аса маңызды.

Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттық кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бағдарламалық – техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивті тақтаны қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен студенттің қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визуалды қор депте атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. CD-ROM, Web – түйін мазмұнын қарастыру, ақпарт сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т.б әрекеттерді жеңіл орындай алады.

 

Интерактивті тақтамен жұмыс істеу жолдары

 «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» - деп, Ел басы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны яғни компьютерді оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. 

Ақпараттық технологияны оқыту үрдісінде екпінді түрде енгізу бағытына қолданылатын жаңа түрдегі құрал - интерактивті тақта болып табылады. 

Интерактивті сөз і - inter (бірлесу), act (әрекет жасау) ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін - бір толықтыратын, сабақ барысында барлық білім алушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы. 

Әр оқытушы сабақ өткізген кезде білім алушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, білім алушылардың қызығушылығы арта түсері анық.

Интерактивті технологияны меңгерудегі білім алушының шеберлігі және шығармашылық үлгісі: 

1.    Интерактивті технологияны оқып үйрену;

2.    Интерактивті технологияны меңгеру; 

3.    Интерактивті технологияны тәжірбиеде қолдану; 

4.    Интерактивті технологияны дамыту және нәтижесін тексеру. 

Білім берудегі интерактивті тақтаны қолданудың артықшылықтары:

1.    Презентациялар, демонстрациялар, модельдеуді сабақтарда қолдану.

Интерактивті тақта – визуалды ресурс. Сабаққа қажетті кез келген суреттер, сызбалар, кесте, диаграммаларды қолдануға мүмкіндік береді. Интернет желісіне қосылып ақпарат алуға, оқу материалын қозғалмалы күйге келтіру, абстрактілі ойлау мен түсінуді моделдеуге, объектілерді ойлау мен түсінуді моделдеуге, обьектілер арсындағы байланыс орнатуға болады. 

2.    Сабақ барысында білім алушылардың белсенділігінің артуы.

Интерактивті тақтамен жаңа сабақ өткізу кезінде тиімді қолдануға болады. Әр пәннің өз ерекшелігімен қатар, өзіндік күрделігі де болады. Сондықтан оқытушының міндеті осы күрделікті дұрыс құрастырып, сабақтың әр сағатын тиімді өткізу. Жалпы интерактивті тақтаны пайдалана отырып білімін жетілдіру барысында іскерлігін дамыту, тапсырмаларды орындау барысында теориялық білімдерін тиімді пайдалана білу, белсенділік танытып тапсырмаларды ұқыпты орындаған білім алушылардың ой – өрісін жан – жақты жетілдіруіне, шығармашылық қабілетін арттыруына, белсенділігін дамытуына ықпалы зор.

3.     Уақыт үнемділігі.

Интерактивті тақта болса, жаңа тақырыпты, үй тапсырмасын жазып уақыт алмаймыз. Алдын ала дайындалған материалдарды қолдану арқылы тіпті қиын тақырыпты білім алушыларға меңгеруге оңай болады. Қолданылған материалдарды сақтап қоюға болады. Интерактивті тақтаны кез келген елде, кез келген білім беру саласында кез келген пәнді оқыту үшін қолдануға болады. 

Интерактивті тақтаны қолданудың негізгі әдістері:

§  Эстетикалық жағынан таза, үйлесімін тапқан сабаққа қажетті көрнекілік материалдарды көрсету және тиімді пайдалану;

§  Интернеттен алынатын ақпаратты тікелей білім алушылармен бірге іздеу; 

§  Топпен тығыз жұмыс жасау;

§  Қолданылған материалды кейін пайдалану үшін файл түрінде сақтап отыру;

§  Видеороликтер көрсету, электронды оқулықтар пайдалану;

§  Сабақ кезінде сақталған файлды білім алушыларға беру.

Интерактивті тақтаның бағдарламалық қамтамасыз етілуіндегі ActivInspire бағдарламасы арқылы іс - тәжірибе кезінде бірнеше тәсілмен білім алушылармен сабағымды өткізіп келемін. Солардың бірімен бөлісейін:

«Сиқырлы сия»

Студенттерді дұрыс жауапты таңдауға, шақыруға және оны белгіленген орынға қоюға жаңа Флипчарт құрайық. Жауаптың дұрыстылығын тексеру үшін «Сиқырлы сия» батырмасы арқылы жасырылып қойылған жауапты көруге болады. Бұл дайындалған студенттің жауабын көрсетеді.

Сонымен бастаймыз.

Геометрия пәнінен «Математикалық диктант» жазу үшін, бірінші мәтінді тереміз. Мәтіндер құралының  көмегі арқылы тақырып жазып, Туындыны табу алгоритмін рет – ретімен қою тапсырмасын жасайық.

Екінші студенттер жазатын сөздердің үстін төртбұрышпен жасырамыз. Бұл үшін ФИГУРА құрал - сайманындағы фонмен түстес түсті заливкамен контурды таңдап, бірнеше сөздерге тікбұрыш жасап құямыз.

Үшінші төртбұрыштарды фон түсіне сәйкестендіріп, «Заливка» арқылы ақ түс құйып шығамыз.

Енді бетте мәтіндік объект және көпқұрылымды объект пайда болады, жеке сөздер фонмен түстес болғандықтан, көрінбейді. Жаттығуды толық қамтамасыз ету үшін дайындалған. Бірақ бұл жаттығу жорамалды, себебі студент сөзді жазады, сосын жасалған тікбұрышты бірге кетіріп, дұрыс жауабын оқиды. Белгіленген белгіні өшіру тек Сиқырлы сия  құралы арқылы жүзеге асады, бірақ олар беткі бетін ғана кетіреді.

Төртінші төртбұрыштарымыз ортаңғы қабатта тұр, дұрыс жауапты жазып, оларды өшірген кезде көрініп тұру үшін, фигураларымызды үстінгі қабатқа шығарамыз. Мұны жасау үшін шолу обектісінің  көмегімен беткі беттегі фигураны басқа бетке көшіреміз.

Біз заголовканы кілттегеніміздей осы бетте тек кілттенген объектілер қалды. Флипчартты сақтаңыз, бетке көп мөлшерде мүмкіндік береді.

Бесінші жаттығуды орындап көрейік. Қалам  құралын  таңдаймыз. Қаламның қалыңдығы екі және қара түс. Жасырылған сөзді жазамыз.

Енді сиқырлы сия  құралын аламыз, және бірінші жазылған сөзді кетіреміз.

Біз дұрыс жауабын көреміз.

 

Кеңес:

Қызыққан студент бұл белсенділік үшін флипчарт бетіне сурет жабыстырыңыз. Бұл студенттер үшін сіздің флипчартыңыз ғажайып болады. Бұл суреттерді де кілттеуге болады.

 

Қорытынды:

Интербелсенді тақта арқылы сабақ жүргізген өте тиімді. Ең бір тиімдісі білім алушыларға ұсынылатын материал теория жүзінде кітаппен түсіндіргеннен қарағанда интербелсенді тақта арқылы слайд, электронды оқулықпен түсіндірсек білім алушы тез қабылдайды және пәнге деген қызығушылықтары артады. Интербелсенді тақта арқылы білім алушылар бір мезгілде екі білім алушы бірден жаза алады, тапсырманы орындай алады. Интербелсенді тақтадан түсіндірілген сабақта білім алушы көзбен көру қабілеті, тақтаны пайдалану дағдысы қалыптасып, берілген тапсырманы тез орындай алады. Оқылған теорияны практика жүзінде білім алушыларға көрсету мүмкіндігі туындайды, көрсеткен нәрсені білім алушы бірден қабылап қайталап орындау арқылы оқуға деген қызығушылықтары артады.

Ақпараттық – интерактивті технологияны оқу тәрбие үрдісіндегі қолдану оқытушының пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудағы үлесі мол.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.    Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы.

2.    Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» жолдауы. 

3.    Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы.

4.    Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Білім беру жүйесінде интерактивті тақтаны пайдаланудың тиімді жолдары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор по маркетингу

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 668 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.06.2018 3220
    • DOCX 582.4 кбайт
    • 23 скачивания
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Елдашбаева Амангуль Сарыктурдыкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3940
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 157 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 500 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 335 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 288 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 852 человека

Мини-курс

Стратегии карьерного роста и развития

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Литературные пути: от биографий к жанрам

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология воспитания и детско-родительских отношений

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе