Инфоурок Другое Другие методич. материалыCценарий день учителя 2016-2017

Cценарий день учителя 2016-2017

Скачать материал

Шортанбай жалпы орта мектебі

 

 

 

 

 

«Ұстазыңды –ұлықта»

 

 

 

 

 

 

Өткізген:      Казиева Т.М

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015-2016 оқу жылы

 

Күні: 5.10.16ж

Тақырыбы: «Ұстазыңды –ұлықта»
Мақсаты:   Білім адамзат баласы бас иер асыл тұлға ,ұстаздардың ерен еңбегін, мол қадірін, тарихтағы баға жетпес орнын паш ету,  ұстаздарды құрметтеуге, адамгершілікке сыйлап түсіне білуге , ұстаз мамандығының қыры мен сырын түсіну, ұстаз еңбегін әрқашанда бағалай білу.

Көрнекілігі: шарлар, қанатты сөздер т.б

Өту орны: АКТ залы

Барысы:

( Акт заты безендірілген, Ұстаз туралы жай музыка журеді, жас ұстаздар музыка әуенімен ораға шығып би билеп кештің  символы ақ гүл шоқтарын табыстайды)

Жүргізуші

Білімнің кәусәр бұлағын,
Жүресің құйып санама,
Біз үшін сенсің - мұғалім,
Ұстаз да, ғылым дана да.

 Армысыздар, ардақты ұстаздар!
Баршамыздың сауатымызды ашып, білім нәрімен сусындатып, өмірге қанат қақтырған ұлағатты ұстаздар, мерекелеріңіз құтты болсын! «Ұстазыңды ұлықта» атты ұстаздар мерекесіне арналған акциямыздың қорытынды кешіне қош келдіңіздер.  

Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салып, мал бағып, терін төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі - бәрі ұстаздан білім үйреніп, тәлім алған. Ұлағатты ұстаздар! Сіздерге бүкіл адам баласы бас иеді.

Бүгінгі шарамызға шақырылған қонақтарымыз:

1. Набидолаев Сәрсекей Набидолаұлы - Шортанбай селолық округінің әкімі

2. Абдулов Болат Қалиұлы -«Каспий-балық» өндірістік кооперативінің төраға орынбасары

4. Қасабеков Диас -Шортанбай селолық  аурухана дәрігері

5. Өтепова Гаухар Қайырбайқызы «Нұрсәт» балабақша меңгерушісі

6. Кабдрахманова Жайдарлым                        -Мәдениет үйіндегі директордың қызметін атқарушы.

7. Ардагер ұстаздар:  1.  Казиев Өсербай Қажмұратұлы

                                    2. Рашитова Рая Рашидқызы

                                    3. Аташова Шолпан Дауытқызы

                                    4. Карабалина Қарашаш Сайпеденқызы

                                    5. Бахтыгереева Алмажан  Ыбырайқызы

6.  Зулхарнаева Мнавара Кадымқызы

Жүргізуші

Бүгінгі  акциямыздың символы мына ақ гүлдер. Осы гүлдей жарқырап, әрдайымда аппақ болып жүре беріңіздер. Бүгінгі мерекелік кеш сіздерге арналмақ, олай болса сахна төріне Шортанбай жалпы орта мектебінің қыздар тобын ортамызға шақырамыз.

(қыздар билейді «Биле, биле» музыка)

Жүргізуші:

Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман – деп құттықтау сөз мектеп директоры Юсупова Г.М беріледі.

Жүргізуші

Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән – мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.

Сөз мектеп психологі Сапаргалиева С.С беріледі.

(тренинг өткізеді)

 

 

 

 

 

Жүргізуші.

Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып,
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иейік мәңгілік! – деп келесі мерекелік құттықтау сөзді ардагер ұстаздар Өсербай Қажымұратұлы, Рая Рашитқызы, Шолпан Дауытқызы, Мнавара Кадымқызы, Қарашаш Сайфиденқызы Алмажан Ыбырайқызына береміз. 

Жүргізуші

Республикалық 26.09-4.10 аралығында «Ұстазыңды  ұлықта» тақырыбында  акция өткен болатын.

26 қыркүйектен бермен қарай мұғалімдер тәрбие шараларын ұйымдастыруда.Әр пән бірлестік жетекшілерін тапсырма берілген болатын. Міне бүгін өздерінің таңдаған өнерлерін бүгінгі мерекелік кешімізге қойып көрсетпекші.

Жүргізуші:

Ұстаздар, ұлағатты зиялылар.
Сендерде ғалымдардың қиялы бар.
Бүгінгі кеш сіздер үшін арналады,
Бірлестіктердің көңілді өнерін қабыл алыңыздар- деп «Қазақ тілі мен әдебиеті» пән бірлестігінің өнерін тамашаланыздар.

Жүргізуші:

Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың. Келесі «Орыс тілі» пән бірлестігінің өнерін тамашалайық. Қарсы алайық .

Жүргізуші.

Құрметті ұстаздар шақырылған қонақтар отырып шаршаған болармыз қане ұлттық биге шығып бір билеп жіберейік. (Жақсы билеген ұстаздарға сылықтар табыс етіледі. 2-3 ұлттық би жиберу керек)

Жүргізуші

 Бақыт таптым ұстаздықтың бағынан,
Қаншама ұрпақ қанаттанды алдымнан
Сомдап сақтым болашақтың мүсінін,
Тіршілікте сол ғой ізін қалдырған. Келесі «Ағылшын тілі» пән бірлестігінің өнерлерін тамашалайық

Жүргізуші

Құрметті ұстаздармен сіздерге бір жұмбақ жасырайын

1.Жылдың ең қысқа күндері.(Каникул)
2. Оқушылардың үлкендерге көп көрсете бермейтін құпиясы (Күнделік.)
3. Бақылау жұмысында дәптеріне жазғандарын бақылатып отыратын я қыз, я ұл.(Дос)
4. Үзілісті зарықтыра күттіретін 45 минут.(Сабақ)

5.Әжеге немесе ата-анаға  айтатын басты сылтау. (Спорт секциясы)
6. Қыздардың негізгі қаруы.(Апайға айтам)- жарайсыздар рахмет. Әрине бұның бәрі әзіл.

Жүргізуші

Бағдарламамызды әрмен қарай жалғастырайық келесі тамашалайтындарыңыз «Математика және физика, информатика» пән бірлестік мұғалімдерінің өнерлері. Қарсы алайық.

Жүргізуші

Ұстаз сөзі-күн нұрына бара-бар,
Шәкірті оның әр сөзінен нәр алар,
Ізгілік пен мейірімге толы ол,
Шуақ болып жүректерге таралар. деп «Тарих, құқ»пән бірлестігіне беріледі.

 Жүргізуші:

Ал қане тағы да бір билеп жиберсек қалай болады. Ұлттық би (сыйлықтар табыс етіледі)

Жүргізуші:

 Әр сабаққа кіресің сен сыйынып,
Жыл оқисың нөсер болып құйылып,
Қас-қабағын қалт жібермей шәкірттің,
Қарайсың-ау нұр жүзіне сүйсініп. Ортаға «Химия, биология, география» пән бірлестігін шақырамыз.

 

 

 

 

Жүргізуші

Ұстаз-шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау-адамгершіліктің белгісі. «Дене шынықтыру, БӘД» пән бірлестігінің дайындап алып келген ойындары бар екен сол ойынға ат салыса қатысайық (ойын ұйымдастырады)

 

Жүргізуші

Ұстаздарым, биік тұлға байсалды, 
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды. 
Қуанышты жарқын тілек білдіріп 
Құттықтаймыз, ұстаздарым баршанды дей келе келесі тамашалайтынарыңыз «Технология,  өзін-өзі тану,бейнелеу өнері»  пән бірлестіктеріне беріеді.

Жүргізуші:

Әр адамға құрметпенен қараған 
Өз бойынан мол ізгілік тараған. 
Талап пенен тәртіпті тек ту етіп, 
Осы өмірге мұғалім боп жаралған. Әрмен қарай «Бастауыш сынып» пән бірлестігінің өнерлеріне кезек береміз. 

Жүргізуші:

Мұғалім деген – ерекше тұлға дара шың 
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын 
Мұғалім деген – аяулы адам,асыл жан, 
Шәкірт көңілінде күн болып жайнап жанатын.
Халықтың нұрлы ертеңі үшін, ел игілігі жолында атқарып отырған еңбектеріңіз жемісті болсын! Шәкірттеріңіз еліміздің мәртебесін өсіріп, көсегесін көгертер асыл азаматтар болып өссін! 
Бүгінгі Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстазыңды ұлықта»  акциясына қатысып өздерінің тамаша өнерлерімен танылған бірлестіктегі мұғалімдерге және акцияның өтуіне, бүгінгі кешіміздің өтуіне аса құрметпен көмектескен жастарға мың да бір алғысымызды білдіреміз.Сонымен қатар 26 қыркүйектен бастап 4 қазанға дейін түрлі шаралар өткізген ұстаздарға рахметімізді айта отырып,сіздерге арнап алғыс хаттарымыз бар соны табыс етуге рұхсат етіңіздер.  
Осымен бүгінгі кешіміз аяқталды Сау саламатта болыңыздар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Cценарий день учителя 2016-2017"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Юрист

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 990 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.10.2016 541
    • DOCX 50 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Казиева Турсынай Муратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Казиева Турсынай Муратовна
    Казиева Турсынай Муратовна
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 29664
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой