Инфоурок Биология КонспектыДарынды балалармен жұмыс (ЖОО студенттері мен колледж студенттеріне)

Дарынды балалармен жұмыс (ЖОО студенттері мен колледж студенттеріне)

Скачать материал

Педагогикалық ұжымның дарынды балалармен жүргізетін жұмыстарының жүйесі

 

Жоспары

 

1. Дарынды бала дегеніміз кім?

2. Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстар

3. Балаларға педагогикалық қолдау көрсетудегі мұғалімнің рөлі

 

ХХІ ғасыр – бәсеке ғасыры, бұл бәсеке енжарлықты, керітартпалықты көтермейді. Сондықтан да еліміздің білім берудегі ұлттық жүйесі өте қарқынды өзгерістер сатысында тұр. Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат – ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан  тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқушылардың белсенділігін арттыру, ізденімпаздыққа үйрету және білімді өз бетінше алуы мен қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу керек.Баланың белгілі бір іс -әрекетке белсенділігі жас кезінен байқалады. «Дарындылық» термині «дарын» сөзінен шыққан, адамның ерекше қолайлы ішкі алғы шарты дегенді білдіреді. Дарындылық білім беру, тәрбиелеу жұмысының әсерінен ғана емес, балалардың өз қүштерін жүзеге асыру кезінде ғана дамиды.

Адамдардың кішкентай кезінен бастап, белгілі бір жетістікке жетуді армандауы қалыпты жағдай. Алдына қойған мақсатына қол жеткізу барысында адамдар өзінің бойындағы туа біткен және жүре қалыптасқан қабілеттерін пайдаланады. Адамдардың бойындағы ерекше қабілеті, оны басқаларға қарағанда оқшауландырып тұрады. Бұл қабілет сырын ашу әлі күнге дейін жұмбақ секілді. Мұнымыз не — сирек кездесетін жеке-дара қасиет пе немесе әлеуметтік шындық па? Дарындылық дегеніміз не? Дарынды балаларды қалай анықтау керек және олармен қалай жұмыс жасау керек? — деген сияқты сұрақтар қазіргі ұстаздар ұжымын қатты толғандыратын мәселелердің бірі болып отыр. Осы сұрақтарға жауап табу мақсатында педагогикалық энциклопедияға жүгінсек, онда мынадай анықтама берілген: «Дарындылық — іс — әрекеттің белгілі бір саласында ерекше бір жетістікке жетуге жағдай жасайтын, адамның қабілетті дамуының жоғарғы дәрежесі».

  Дарынды балалар қандай? — деген сұраққа жауап іздейтін болсақ, олар әр түрлі, бір-біріне ұқсамайды. Дарынды баланы байқамау мүмкін емес, көпшіліктің арасында ол өзінің іс-әрекетімен, бейімділігімен, қабілеттілігімен бірден көзге түседі.Дарынды баланы қалай тануға болады?

 

  Ой-өріс қабілетімен ерте жастан көзге түскен оқушыларға мектептегі оқу кезіндегі қарқындылық тән. Кейбіреулерінің ақыл-ойы табанды түрде дамиды да өз қатарластарын басып озады. Олардың ақыл-ойының кемеңгерлігі сонша — оларды байқамау мүмкін емес. Мұндай балалар 3-4 жастан оқуды, жазуды, сызуды үйренеді де, өсе келе белгілі бір ғылым түрлерімен шұғылданады. Олардың қызығушылығы ауысып отырғанымен, ақыл-ойға салмақ салатын пәндерге деген талпынысы төмендемейді. Дарынды баланы өсіру де, ары қарата дамытуда оңай емес нәрсе.

  Дарынды балаларды оқытумен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты міндет балалардың қабілеттері мен талаптарын жан-жақты аша түсу үшін дарындылықтың ерекшеліктерін анықтау мен айқындау болып табылады. Дарынды балаларды анықтау – баланың дамуын талдау мен байланысты ұзақ процесс. Дарындылықты қандай да бір әдіспен анықтау мүмкін емес. Дарынды баланы тәрбие беру мен оқыту барысында біртіндеп, сатылап анықтау қажет. Дәл қазіргі уақытта баланы дарынды және дарыны жоқ деп бөле отырып, біз баланың келешек өміріне жасанды түрде қол сұғып отырмыз. Өйткені баланың бойындағы қайталанбас ерекшелігі өсе келе баланың шын мәнінде талантты болатынына кепілдік бола алмайды. Ең алдымен баланың даму ерекшелігіне көңіл бөлген жөн. Шығармашылық – жаңа нәрсе ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі. Олай болса кез келген баланың психологиясын педагогикалық тұрғыдан жете бақылап, әр баланың жеке дара қасиеттерін, қабілеттерін ашуда түрлі жұмыстар жүргізуге болады. Бұл жағдайда ең алдымен баланың даму ерекшелігіне көңіл бөлген жөн. Сонымен бірге сабақты мұғалім қазіргі заман талабына сай баланың жеке басының ерекшеліктерін ескеріп, оларға берілетін білімді топтап, жекелеп тапсырмалар берген дұрыс және дамыта оқыту жүйесі бойынша баланың жауабына шек қоймай оның өз ойын еркін бүкпей айтуға ықпал жасау қажет. Ойын бүкпей, еркін сөйлей алатын бала жан-жақты болған оқиғаларға, құбылыстарға жіті көңіл бөліп ой елегінен өткізіп отырады.

  Педагогикалық қолдау – бұл: а) тəрбиеленуші сенімінен шығу; б) көбіне педагогикалық қолдау қажеттігін өзі сезбейді, бірақ оған мұқтаж болған тəрбиеленушілерге қол ұшы жəрдемін беріп, қолдап-қуаттау.Педагогикалық қолдау мəні:

-жайма-шуақ психологиялық жағдай жасау;

-тұлғаның өз бойындағы мүмкіндіктерін өзінше іске асыруына шарт-жағдайлар түзу;

-өз қадір-қасиеті мен ар-намысын сақтап қалуға жəне ұтымды нəтижеге жету жолындағы кедергілерді бірлікті жеңіп бару; «жəрдем бер» деп алақанын ашық жайып отырғанға ғана емес, достық ықылас-ниетке мұқтаж болғанның бəріне көмек көрсету; əрқандай тəрбиешінің өмірдегі өз орнын табуға құштарлық білдірген тəрбиеленуші проблемаларын өз назарында ұстай білуі; тəрбиешінің кəсіби деңгейінің жоғары болуы.

Педагогикалық қолдаудың көрініс формалары – жылы лебіз; құлақ сала білу, қажет болса – кеңес беру; тəрбиеленушіге сенім; оның құқығын қорғау; тəрбиешінің балаға болған қамқорлық қатынасы; шəкірттің қандай да табысын көре танып, оған ұнамды баға беруден жалықпау жəне т.б.

Педагогикалық қолдау -

1) тəрбиеленушілердің баршасына бағытталып, оларға деген қамқорлық пен сенім қатынасында көрінумен өзара сыйластық, түсіністік, қызметтестік көңіл-күй жағдайын түзуге көмегін тигізеді;   

2) жеке тұлғаға бағытталып, оның дамуына, білім игеруіне, тəрбиелілігіне, өз басы проблемаларын шешуге жəрдем көрсетіп, азаматтың өзгерістерін диагностикалап баруға мүмкіндік береді.

 

IMG_256

Педагогикалық қолдаудың дарынды балаларды дамытудағы және тәрбиелеудегі маңызы зор.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1. Тәрбие жұмысының әдістемесі-С.Губашева, А. Отарбай-2011 ж.

2. Введение в педагогическую профессию: Учебное пособие для студентов пед. специальностей. /Хан Н.Н., Калиева С.И., Жексенбаева У.Б., Колумбаева Ш.Ж., Калиева Г.И., Берикханова А.Е./ - Алматы, 2010. - 243 с.
3. ҚР «Білім туралы» заңы // Егемен Қазақстан, 27 шілде, 2007 ж.
4.
Мамандыққа кіріспе. Рувинский Л.Н. Алматы. 1991ж.
5.Берикханова А.Е. Педагогикалық мамандыққа кіріспе. Оқу құралы.- Алматы, 2009.-240 б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Дарынды балалармен жұмыс (ЖОО студенттері мен колледж студенттеріне)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Садовод

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Дарынды балалармен жұмыс. Дарынды балаларға арналған жұмыс. Дарындылық – баланың алғырлығы, зерделігі, қабілетімен дамып отыратын үздіксіз процесс болғандықтан, айрықша табиғи қабілеті мен нақты пәндерден ерекше дарындылығы бар балалардың интеллетуалдық қабілетін дамыту, шығармашылық тұлғаларды қалыптастыру. Дарындылықты қалыптастыру мен дамытуда мұғалімнің алар орны ерекше. Осы орайда білім алушының қабілетін айқындай отырып, дарындылығын анықтау — баланың дамуын бағдарын талдаумен байланысты ұзақ процесс. Осы тұрғыда алдымен дарындылық ұғымын анықтап алсақ. «»Дарындылық»» ұғымы «сый» («дар») деген сөзден шыққан, дамудың алғышартын білдіреді. Бұл ұғымға педагогикалық энциклопедияда төменгідей анықтама беріледі. «Дарындылық — белгілі бір іс-әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғарғы деңгейі».

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 665 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Презентация по биологии на тему "Этапы индивидуального развития растений" (6 класс)
  • Учебник: «Биология», Пономарёва И.Н., Корнилова О.А., Кучменко В.С. / Под ред. Пономарёвой И.Н.
  • Тема: § 34. Рост и развитие растительного организма
  • 18.10.2020
  • 465
  • 12
«Биология», Пономарёва И.Н., Корнилова О.А., Кучменко В.С. / Под ред.  Пономарёвой И.Н.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.10.2020 767
    • DOCX 64 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Таштамирова Зухра Элимханқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Таштамирова Зухра Элимханқызы
    Таштамирова Зухра Элимханқызы
    • На сайте: 3 года и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 91367
    • Всего материалов: 41

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 184 человека из 49 регионов

Курс повышения квалификации

Организация элективного курса в рамках реализации проекта "Точка роста": методология биологического эксперимента

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Химия и биология")

Учитель химии и биологии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 39 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Биология» в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 397 человек

Мини-курс

Эффективность обучения школьников на уроках литературы

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 11 регионов

Мини-курс

Современные технологии в образовании (робототехника)

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов

Мини-курс

Стратегии клиентоориентированного бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе