Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Рабочие программы / Әдебиет пәнінен Фариза Оңғарсынова "Оюлар" өлеңі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Әдебиет пәнінен Фариза Оңғарсынова "Оюлар" өлеңі

библиотека
материалов

Күні: Пәні: әдебиет Класс: 5

Сабақтың тақырыбы: Фариза Оңғарсынова «Оюлар» өлеңі
Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты. Ақын өмірінен кең түрде мәлімет беру.«Оюлар» өлеңі арқылы халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған асыл мұраларын үлгі - өнеге ете отырып оқушылардың санасына ұлттық - құндылықтарға құрмет рухын сіңдіру. Ой - өрісін кеңейту, тіл байлығын, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік мақсаты: Бойында рухани байлық пен моральдық тазалықты ұштастырған, жан - жақты жарасымды дамыған, еркін пікірлі адам тәрбиелеу.
Қазақ халқының ең құнды, мәдени мұраларын оқушы бойына сіңіре отырып ата - бабаларымыздың жоғары ғұрыпты ғана емес, сонымен бірге эстетикалық тұрғыдан да жете дамыған халық екендігін аңғарту. Көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбиені жақсарту.
Дамытушылық мақсаты: Өнерге деген құштарлығын арттырып, әсемдік сезімін дамыту. Кінәратсыз көркемдік талғамын, өнер шығармаларын, туған табиғаттың сұлулығын, байлығын дұрыс түсініп бағалай білуге үйрету.
Қазақ елінің ежелгі салт – санасы, әдет - ғұрып, тұрмыс - тіршілігімен тығыз байланыста туғандығын, өнердің өмірдегі орнын таныта отырып ойын жүйелі, өз беттерінше айта білуге үйрету, ой таласын туғызу.
Сабақтың түрі: Ịздендіру, танымдық сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түрлі ойындар.
Пән аралық байланыс: Қазақ тілі, еңбек, сурет, тарих.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, тақта, бор. Ф. Оңғарсынова портреті, тұс киіз, оюлар, түсіндірме сөздік, текемет.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңін алып бару.
Сынып оқушыларын ұйымдастырып сабаққа бейімдеу, сабақтың мақсатымен таныстыру. Сыныпты екі топқа бөлемін. Бірінші топты «Білімпаздар», екінші топты «Өнерпаздар» деп атаймын.
Үй тапсырмасы: Өткен сабақты «Кубизим» ойыны арқылы тексеремін. Оқушы кубикті айналдырып тастайды (кубиктің жан жағына сандар жазылған) қай сан түссе, сол санды карточканы алып сұраққа жауап береді. Оқушылардың жауабын алдын ала дайындалған «Бағалау айнасына» қойып беремін.
Үлестірме қағаздарға жазылған сұрақтар.
1. Т. Молдағалиев қай жылы туылған? Өлең кімдерге арналған?
2. Ақынның «Бауырлар» өлеңі қашан және неге байланысты жазылған?
3. Өлеңдегі патриоттық сезіммен, ақынның тамаша ойын танытатын өлең жолдарынан үзінді оқып бер.
4. Ақын қандас бауырларға қандай өтініш, тілек білдіреді? т. б.
Тақтаға жаңа тақырыпты жазамын.
Оқушылар бүгін сендермен бірге өтпекші болып отырған тақырыбымыз Фариза Оңғарсынованың «Оюлар» өлеңі. Сендерге ақын өмірінен кең түрде мәлімет берейін.
Фариза Оңғарсынова қазақ халқының аса талантты ақын қыздарының бірі. Ол 1939 жылы қазіргі Атырау өңіріндегі Манаш аулында дүниеге келген.
Қазақ поэзиясына 1960 жылдардың бас кезінде кіріп келген. Фаризаның өлең - жырларында жайықтың суындай жағаны соққан адуынды көңіл күй ерекше сезіледі.
Фаризаның өлеңдері Каспийдің алапат толқынындай айбынды, Каспийдің аққуларындай пәк, мөп - мөлдір, таза, туған даласындай кең, аруанасындай маңғаз, күніндей ыстық, тауларындай асқақ боп сыр шертеді.
Фаризаның әдебиет әлеміне келер жолдағы алғашқы «тәрбиешілері» анасының аузынан естіген ертегі, жыр, аңыздар мен мақал - мәтелдер, жұмбақтар; және өзі оқыған қазақ халық әдебиетінің туындылары. Міне осылар ақынды әдебиет әлемінің есігін ашуға себепші болды.
Фаризаның 1967 жылы «Бұлбұл» деген атпен тұңғыш жыр кітабы жарық көріп жұртшылыққа кеңінен таныла бастады. Фаризаның жас оқырмандарға арналған өлең - жырлары да аса мол, тым тартымды. Ақынның бүгін «Оюлар» өлеңін өтеміз. Өлеңді нақышына келтіріп оқып беремін.
Иә балалар әр халықтың өзіне тән дәстүрі ұлттық мәдени мұрасында көрініс табады. Қазақтың қол өнері, оның дәстүрі ғасырдан - ғасырға өтіп біздің заманымызға жетіп отыр. Осындай халқымыздың асыл мұраларының бірі - ою. Ақын Фариза Оңғарсынова өзінің өлеңіне қазақ халқының ең құнды мұраларының бірі ою - өрнекті арқау етеді.
Біз «Оюлар» өлеңін оқи отырып ата - бабаларымыздың жоғары ғұрыпты ғана емес, сонымен бірге эстетикалық тұрғыдан да жете дамыған халық екендігін аңғарамыз.
Ақын өз өлеңінде өмір мен өнердің ең әсемін жіті көріп асқан шеберлікпен жырлай білген.
Түрін - ай текеметтің! Асыл қандай.
Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай
«Келе ғой қошақаным өзіме»! деп
Әжем кеп сипағандай шашымнан жай»,- дейді. Туған жердің жасыл кезін жайнатып түсірген оюларды көргенде «келе ғой»,- деп шақырып тұрған әжесін көргендей болады. Текеметтің әрбір өрнегі көзіне ыстық көрініп анасына, әжесіне деген сағыныш сезімін тербейді. Әжесінің көзіндей бұл оюларды көргенде көз алдына әжесінің тарамысты саусақтарын көрінгендей болады. Менің де жыр өрнегім әжемнің оюындай ғасырлардан сүрінбей өте алар ма екен дейді.
Сағынышына басқұр, өрнекті медет тұтады.
Сүйеніп тұскиізге тұрып қаппын,
Көз жазып оюлардан қалам ба деп.
Мөлдір шық жасырынды жанарға кеп дейді.
Иә балалар, қазақтың қолөнерлік, зергерлік өнер туындылары - көрнекті оюланған бұйымдар тек Қазақстанда ғана емес, Ресейде де белгілі болды. Тіпті шет елдерге де әйгілі еді. 1868 жылы Париждегі дүниежүзілік көрмеге қойылған бұйымдар ішінде қазақтың зергерлік өнерінің заттары, ұлттық киімдер болған.
«Бұл оюлар қазағымның қасиетті мұрасы,
Әр өрнегін сөйлете алсаң ғасыр сырын ұғасың.
Иә оқушылар бұл оюлар тек жай ғана өрнек емес. Әрбір оюдың астында неше мың жылдық ата - бабаларымыз тарихы, салт - дәстүрі, әдет - ғұрпы, тұрмыс - тіршілігінен дерек берер сырлар жатыр.
Енді сендермен бірге «Кім асты саудасы» ойынын жүргіземіз. Қазақтың ою - өрнектерінен мол мағлұмат алғысы келген оқушы менің сұрағыма жауап беріп оюға ие болады. Кім дұрыс, толық жауап берсе ою сол оқушыға тиісті болады. Білімдерін бағалап, бағалау айнасына қойып барамын.
1. «Киіз басу» ойыны. Екі топтан бір оқушыдан келіп конверт сайлап алады. Ịшінде нөмірленген текемет өрнектері және және сұрақтар жазылған карточкілер бар. Карточкідегі сұраққа толық жауап берген оқушы сол номердегі оюды плакаттағы тиісті орнына желімдейді. Осылай текемет киізді басып шығарамыз. Бірінші топ жұмыс істеп жатқанда екінші топ «Әже» тақырыбына мәтін дүзеді. Екінші топ жұмыс істеп жатқанда бірінші топ мәтінді оқып береді.
3. «Фидбег» ойыны. Үш түрлі шарты бар. 1) Оюларды құрастырып атын тауып жазады. 2) Оюдың келіп шығуын, мағынасын айтады.(Оюлардың аттарымен, келіп шығуын «Кім асты саудасы» ойыны арқылы танысты). 3) Мақалды жалғастырып мағынасын айту.
4. «Ребус» шешу ойыны. Ребустың жауабын тауып астына жазады.
Сөздік жұмыс: Желбау, басқұр, текемет, түскиіз, сабау, қару, сабақтау сөздеріне түсінік беріп дәптерлеріне жаздыру.
Өлеңді құрылысына қарай талдау: Өлең буын саны мен айтылу ырғағына қарай бір - біріне ұқсас төрт өлең жолынан, яғни тармақтан құралған.
Өлең жолының әрқайсысы 11 буыннан, айтылу ырғағы жағынан әр тармақ 3 бунақтан тұрады.
Өлеңнің 1, 2, 4 - тармақтарының соңғы сөздері бір - бірімен дыбыстық жағынан үндесе ұйқасқан қара өлең ұйқасы түрінде жазылған.
Сабақты пысықтау: Ақын Фариза Оңғарсынованың «Оюлар» өлеңінен қазақ халқының ұлттық өнерін, ою - өрнектің мәнін түсінумен бірге, ақынның әжесіне болған сағыныш сезімін көрдік.
Бүгінгі сабағымды Т. Молдағалиевтың мына өлең жолдарымен аяқтаймын.
Түс киізге жайнатып түсіріпті - ау,
Туған жердің жайнатып жасыл кезін.
Балам туған даласын ұмытпасын,
Деп тұсыма анашым кетті ме іліп?
Үйге тапсырма: Өлеңді жаттап келу. «Ұлттық қолөнеріміз» тақырыбына мәтін жазып келу.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 04.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Рабочие программы
Просмотров374
Номер материала ДВ-306226
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх