Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Другое / Научные работы / Әдебиет сабағына арналған ғылыми зерттеу еңбегі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Әдебиет сабағына арналған ғылыми зерттеу еңбегі

библиотека
материалов

М.Мақатаев поэзиясындағы ана тақырыбы



«Арулар-тіршілікке күретамыр, өмірді бір-біріне жалғап тұрар» деп ақиық ақын Мұқағали жырға қосқандай, тіршіліктің тынысы мен ажары, бар ізгіліктің бастауы-анада.

Туабітті қанына сөз дарып,ұлттың қадір-қасиетіне шешндік пен көсемдік сіңіп,кеңістік пен уақытта сайын ғұмыр кешіп келген халықта маңдайы жарқырап хас ақын болып туу қашанда оңай емес. Өз дәуірінің рух билігін танытып, алысқа тартқан арғымақтай жұлдыздай ағып, көкжиекке қарай самғай берген, қасиетті Жыртауына ақындық ардақ туын қадаған Мұқағали Мақатаев осындай дара тұлғалардың бірі еді. Ол тіршілікте пендешілік теперішті аз көрген жоқ. Өкінішті біздің әдебиет тарихында да ақындар жолы оқтай түзу болмаған.Бірақ оның өзіне тән отты да нәзік жырлары,қазақ өлеңіне әкелген жаңалықтары ешқашан қайталанбайды.Оның суреткерлік қыры мен сыры енді-енді ашылып келеді. Ойлап отырсақ Мұқағали Мақатаев өмірі өлең,өлең өмірге айналыпты.

Қарап отырсақ М.Мақатаевтың өзек жарып айтар ойы-адам тағдыры,адамның тірлігі,мінезі мен құлқы,сезімі мен түйсігі. Оның лирикалық «Мені» жалпы халық, заман, қоғам. Қай тақырықа барса да, не туралы жырласа да, бәрібір, астарында адамның тағдыры, дәуірдің ықпалы жатады.

Өмірге, айналысына көркемдік талғаммен жіті қарайтын ақын, өзінің шығармаларында туған жердің сұлу сипаты жайында өз отбасының абзал адамдары жайында, махаббат пен достық, адамгершілік қасиет жайында ойлы, мағыналы, жылы да сырлы тамаша өлеңдер туғызды. Оның өлеңдерінде ойлау мен толғану қаны араласып бір-бірімен жіксіз жымдасып кеткендіктен, онда салқындық, сұлулық немесе тілмәрсу мен тәптіштеу, ақылдамсу дегендер болмайды. Ол алуан түрлі тақырыпта қалам тербеген. Соның ішінде өмір жайлы, адамгнршілік,достық, бақыт туралы, әр алуан асыл сезімдер, ақсақ мұраттар жайында ыстық сезіммен, ыстық көңілмен, кемелді ой деңгейінде жазылған, әсері мол, ықпалы күшті өлеңдері баршылық. Ақынның бізге ағынан жарыла айтатын сырлары,өзінің бар жан дүниесінжайып салып,оқушыға қалтықсыз досындай сене қарайтыны,сөйтіп көңіл күйін күйбектемей,көлегейлемей ашық айтып отыратыны ұнайды.

Мақатаевтың шеберлігі өзі өмірден көрген-білгенін көңіл елегінен өткізе терең жеткізуінде.Мұқағали поэзия жанрын дағана емес, проза, драма, сын саласында да қалам тартты. Ал біз осы тақырыптардың ішінен оның «Ана» тақырыбына жазылған өлеңдеріне соқпай өте алмаймыз. Ақынның «АНА» жайындағы өлеңдерінің қайсысын алсақта адам риза боларлықтай кесек туындылар және бірін-бірі қайталамайды. Адамға,адам өмірінің алуан қыры мен сырына ақындық көзімен қадай қарайды. Өйткені қарапайым адамның рухани дүниесіне зер салып, оның сұлулығы мен күрделілігін зерттеу, жақсы қасиеттер мен мінездерді жарқырата көрсету сонымен бірге оның өмірін лайлап, оның өзін, сиықсыздандырып, бұзып-бүлдіріп тұрған қырсық, қыңыр құйтыртқы мінез құлықтарын аяусыз әшкерелеп отырады емес пе!

Мұқағали Мақатаев дәстүршіл ақын, ол өлеңге интонация, инверсия, мазмұн, тұрғысынан жаңалық енгізген. Сондай-ақ оның Аналар жайлы өлеңдері ана бойындағы асыл сезімді,ардақ тұтар қасиетті перзентіне деген махаббатын ақын жұртқа паш етеді. Ақынның аналар жайлы өлеңдеріне тоқтайтын болсақ: оның қай өлеңін алсақта екпін,ырғақ ішкі мазмұнмен қоса сыртқы пішін бір-біріне ұқсас келеді. Мысалы «Шеше, Сен бақыттысың» атты өлеңінде былай жырлайды:

Шеше,Сен бақыттысың

Жыламағын.

Жай түсіп жатқанда да құламадың.

Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның ,

Сондықтан жыламағын,жыламағын.

Мұнда ақын өлең өрнегіне ерекше көңіл бөлген,әрбір сөз ойға қызмет етер орнына еркін сиысып,көркем қиюласуына барынша ден қойған. Айтар ойы анық,өлеңнің сөз өрнегі-бояуы да қанық.

Бармын ғой,

Тірімін ғой,

Қасыңдамын.

Өлмеймін,мен өзіңдей асылданмын!

Таусылып өз-өзіңнен шашылмағын,

Байырғы берекеңді қашырмағын!

Ақ жүрек пен пәк арманның тілегі,жан-жүректі тербеп, сүйер қасиетің сүйенер тірегің болып айтылады. Анасына деген махаббатын, сүйіспеншілігін, парасат пайымын осылайша ұштастырды.

Тәңірім кеше көрсін кесірімді.

Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!

Ақын өзінің азаматтық парызын нысана тұтады,адамгершілік қасиеттерді қастерлейді. Өлеңнің басынан аяғына дейін ыстық сезімге,ынтызар құштарлыққа, адамдық аңсауларға толы. Мұқағалидың қайсы өлеңін алсақта, өмірдің өз тамырынан таралып, нәр алып жазылғанын сеземіз. Ол жасанды, жалған сезімдерді күштеп зорлап тудырып жатпайды, не жазса да ағынан ақтарылып, көңілінің кебесін түгел ашып жазады. Біз қашан да өзін айнала қоршаған, бірге өмір сүріп бірлесе еңбек етіп жүрген адамдармен қоса қуанатын, қоса қайғы-қам жейтін, адамның ауырған жанын емдейтін, алдағы өмір атын меңзейтін ақынды көріп отырамыз. Оның поэзиясының гуманизмі, азаматтығы әсіресе адам баласының тағдыр толқынына түскендегі қайшылықтағы тұлғасын жырлағанда айқын көрінетіні ғанибет. Жалын атқан жырларында лирикалық кейіпкердің кескін-келбеті, бет-бейнесікөз алдыңыздан өтеді. Мысалы:«Қайран жандар» өлеңінде:

Қайран біздің шешелер! Арды ойлаған,

Шілік шауып, ши өріп бау байлаған

Жігіттерден айрылып, қалмай қараң,

Қырман басып, егін сап арба айдаған.

Бәрі де бітеу жаралған жандар емес, қызғаныш пен сүйініш, пәктік пен асқақтық, безбүйректік пен бауырмалдық,зинақорлықпен пәктік сыңалды жұмыр басты пендеге тән қылық әрекеттің иелері.

Қарайып,кешегі аппақ маңдайлары

Аңызақта қаситын таңдайлары

Көздеріңде тұратын Күндерімнің

Көктегені даланың сарғайғаны .

Осынау сәттердің бәрі-бәрінде де ақын көңілінде от жанады, жаны жадырап қиялы қанатын жаяды.Өлеңде үміт, сенім, өзіңе жүктелген ұлы жауапкершіліктен туған қайсар сезім бар.Ақын шаршаған, жабығып-жүдеген қамығып қайғы шеккен адамға қаналмай қарай алмайды.Сондықтанда ақын көп ойлайды, әріде тереңнен тебірене ойланады.Ал, мына өлеңде болса; «Сұрапылдан сәбиі оралмаған» Сәби-Ана бейнесі тіпті де естен кетпейді.Соғыс-сұмдықтың адамдардың жан жүрегіне салған жарасы әлі де жазылып болмағаны ойландырады.Соғыс бітті.Жау жеңілді.Тыныштық орнады.Бірақ оны көрген адамдардың көзінен жас көкірегінен дерт арылған жоқ.Міне, Соғыс атауылының, әсіресе дүниенің түгел қамтыған сұрапыл соғыстың зардабын ақын осылай жырлайды.

Ана хәлін қарттан біз ұғындық кең

Жиырма үш жыл сарғайған құр үмітпен

Жиырма үш жыл сарғайған құр үмітпен

Сәби-Ана сапардан ұлын күткен

Көп құрбандық әкелген, көп қиындық түсірген ананы бақытынан, жарты қосағанан, баланы панасынан айырған фашизм заңы қайақын жырларында болса да бар ащылығымен қасірет-қайғысымен тебірене баяндалған.

Сұрапылдан сәбиі оралмапты

Қуыршақ пен құлыншақ содан қапты.

Ақын жүрегі ана жүрегімен өзгелераңғара білмейтін мұң мен қайғы тобы мен

де іштей сырласа білген.Өзі де ана мен бірге жан-дүниесімен беріліп мұңайды.Әрине, мұндай өлеңдердің оқушысы ойланбай, толғанбай қала алмайды.Мейлі ол оқушы бірден-ақ өзгертіп, түп-түгел түлеп-ақ кетпей-ақ қойсын.Оның көңілінде сәуле, жанына жарық түскені, іші бүлк етіп, жүрегі лүп ете қалғаны анық. Поэзияға да адамға да керегі осы емес пе! Ақын да-адам ғой. Көп жағдайда ол да-көптің бірі. Оның да өмірде бірде ренжуі, бірде қуануы, мұңайуы, қайғыруы болып тұрады. Реальді қарағанда осылай.

Кім білсін,көңіл қандай күй кешеді,

Қаңырап қалуы оңай үй кешегі.

Алаңдаймын алтыным жоғалғандай,

Апамның көрінбесе кимешегі.

Деп ақын мұңаяды. Осы өлеңнен ақынның талап-тілегі, ой-арманы, аңсау-арманы, мақсат-мүддесі, адамға тән қадір-қасиеттер айқын көрініп отырады. Сондай-ақ кейіпкердің бір сәттік албырттық та босаңдығы да қылт етіп қылаң беріп қалады. Мұның өзі де ақын жырларының өмірге адамға жақындай түсуіне септігі тиеді. Және мұнда терең талғам сырлы түйіндер бар.

Шешем менің еңкейіп бара жатыр,

Қай күні келер екен нала «батыр».

Жел маған сыбырлайды аят оқып:

«Бір күні айрыласың, қара да тұр».

Ақын жүрегі тыпыршып,толқып,лүпіл қағады.

Сергек сезім дереу қан тамырын қуып тулатып, тұла-бойды шымырлатады. Таудай биік парасаты, даладай дарқан пейілі, теңіздей терең ақылы бар, дана да құшағы кең мейрімі мол анасын ешбір асылға айырбастағысы келмейді.

Ұлың сені ұжымаққа бергісі жоқ,

Ұжмағыңда тамұқ қой-қөргісіз от .

Осылай көз алдымда жүре берші,

Сұраулы сөйлемдердің белгісі боп.

Мұнда ақын анасына деген сезімін жанын сала, адал жүрегімен ақтарыла жан отын лапылдата жазады. Енді бірде әжесіне ол:

Әже, сен бірге жүрсің меніменен,

Өліге мен өзіңді телімегем.

Ақ кимешек киген бір кемпір көрсем,

Ақ кимешек астынан сені көрем.

Сүлейменнен көрген алғашқы немересін әжесі Тиын бауырына салып тәрбиелеп өсірген. Мұқағалидың ақын болуына да әжесі Тиынның ықпалы тисе керек. Ақынның айтуынша ол халық ауыз әдебиетін көп білген көрінеді.

Бұлар да бабасынан алып қалған

Өз жұртының дәстүрін күзетуге.

Ақын үшін әжелер тек жай көненің көзі емес, қадір қасиеттің кеніші, өнегелік руханилықтың қайнары, халықтың даналығының сипаты, жарқын жастығының сипаты. Жанының қаһармандығы мен сұлулығының алтын сандығы іспеттес.

Әлемдегі әженің бәрі бір ме!

Әже, сен тірі екенсің әлі күнге.

Дегенде ақынның әжесіне деген сағынышын ағынан жарыла айтқан сырлары, көктемге қарсы ұшатын қарлығаштай қанат қағады. Ақынның «Мені» тек өз басының ойлауы, өз жүрегінің лүпілі күшінде қалмай көп көңілінің кең өрісіне шығады. Мен де, сен де, ол да-бәріміз де дәл солай ойлар едік, тәтті сезім мен қанатты қиялдарға шашып отырар едік. Бірақ, бәріміз де бірдей сол ой, сол сезімді, бейнелі оймен, бейнелі сөзбен айта алмас едік.

Ақын аналар жайлы өлеңдеріндегі тереңдік те, сұлулық та, асқақтық та, биязылық та ақын талантының күшімен бір арнаға-жыр арнаға құйылып жатыр. Жаңа сезім, жаңа ой және бұларды бұлықсытып, қан тамырларды қуалай ағады, тәнге сіңіп жанды жадыратады. Бүйірлеп, бүлдіріп тұрған ұйқас та жоқ, үсті

-үстіне бытысқан метафоралар да көрінбейді,іркіс-тіркіс ырғақ тіл күрмән жүйкені жемейді-бәрі жарасымды табиғи. Ол жырымызды ішкі мазмұнмен, көкжиегі кең көркемдік ізденіспен жақсы байытты, кесек-кесек мінез қосты. М.Мақатаевтың көбінесе омоним, көп мағыналы сөздерді ауыспалы, астарлы мағынада қолданып, олардың қызметін мәтін ішінде айқындайтынын ол ақын тілінде «ақ», «қара», «күн», «жан» сияқты қайталанатын көп мағыналы сөздер әр түлі реңкте жұмсалып, өлеңнің қуатын арттырып, әрлендіре түседі.

Мұқағали Мақатаев тек анасына ғана өлең арнап қойған жоқ сонымен бірге «Қайран жеңгем» өлеңімен жеңгесінің жұбайынан айырылып жесір қалып қиындық көргенін, сұрапыл соғыс баланы әкесінен, әйелді күйеуінен, ананы баласынан айырғанын баяндайды.Ол қазақ өлеңін мазмұн, пішін жағынан түрлентті. Мұқағали дәстүршіл ақын, ол өлеңге интонация, инверсия, мазмұн тұрғысынан жаңалық енгізді. Мұқағали поэзиясы ұлттық характерімен, мінезімен ерекшеленеді, мұны айқындайтын мынандай өлең жолдары бар:

Күлкің қайда күмістей сыңғырағанқ

Жүзің неге ымырттай тұнжырағанқ

Бұғалыққа тұрмайтын асау едің,

Сені әкеліп тілеген кім мынаған –

деген өлең жолдарында ол өз жеңгесін мойымауға, тірі адам тіршілігін жалғастыру керектігін жеткізген.

Мұқағали атамыз өмірге құштар, сергек жан. Оның өлеңдерін оқысақ өзімізді өзгеше, басқа бір өмір сүріп жатқандай сезінетініміз анық. «Жүрегінің иүбіне кір жасырмай», қалың қазақпен ағынан жарыла сырласқан ақын Мұқағали жырлары еліміздің қиын кезеңінде есейіп, ер жеткен бір буын ұрпақтың басынан кешкен қуаныш пен қайғыны, сағыныш пен мұңды, ерлік пен өрлікті шынайы да көркем кестелейді. Ол сонымен қатар қызғалдақ, қаракөз қазақ қыздарынада өлең жолдарын арнай білген жан.

Тоймайды көзім жүз көрсем,

Жайқалған менің гүлдерім!

Тоң тұрып жерге, күз келсе,

Не болар екен күндерің!

Міне, осы өлеңінде ақын ағамыз қазақ қыздарының сұлулығын,мінез-құлқын жайқалып өсіп тұрған гүлге теңейді. Қазақ қыздарының гүл күлтесіндей нәзіктігін,қыздардың қылығына жүз қарасада көз тоймайтындығын бүкіл оқырман қауымға әсем де әсерлі өлең жолдарымен жеткізе білген.

Жалпы қай кітапты парақтасақ та, Мұқағалидың аты аталған жерде де өзінен өзі тіл ұшына орала беретіні сол өлеңдерінің ақ-адалдығынан да болса керек. Өзінен өзі жатталып қалған өлеңдер. Осының сыры недеқ Мұқағали поэзиясының ерекшелігін мүмкін осы жерден іздерміз. Бәлкім қара өлеңде бар қасиет осы Мұқағалидың поэзиясына дарыған болар. Және оның ең танымал өлеңдерінің бірі «Әйелдер-ай».

Әйелдер-ай!

Әйелдер-ай!

Қандайсың!

Әдемі боп кетіпсің ғой әрқайсың.

Біреу жеріп тұрса дағы қалмайсың,

Біреу сүйіп тұрса дағы бармайсың.

Әйелдер-ай!

Әйелдер-ай, қандайсың!–бұл өлеңде ол әйелдердің қандай ғажап жандар екендігін айтып, осы өлеңде өз анасына, жарына, кыздарына өзінің махаббатын жеткізеді.Әйел табиғатының тылсым дүние екендігін оның сырын ешкім ашып түсіндіре алмайтындығы жөнінде жазады.Санасы сарсаңға салып сүріндірмей, ойға жетелейтін, тұңғиықтан – талғажау, заңғардан сүйеніш сұрайтын адам мінезінің осы бір қайталанбас сәті мен жанға- дауа, емге – шипа керексінген кезінің өзінен тосын теңеулер іздейді.Мысалға біз ол теңеулерді мына өлеңдерден таба аламыз:

Арулар – асыл жандар!

Шуақ боп шашылғандар,

Куат боп тасынғандар,

Құшақ боп ашылғандар,

Арулар – асыл жандар!

Арулар – асыл жарлар!

Бұл өлеңде ол аруларды асылға, күн шуағына теңеп тұр.Осы өлең арқылы ол арулар өскенде асыл жар, аяулы ана, үлгілі келін, әдемі жеңге екендігін оқырманға қалай жеткізем деп ойланып отырмай – ақ осының бәрін бір өлең жолдарымен жеткізе білді және оны оқырманға ұқтырды.

Көне грек мифологиясының алыбы, куаты мен құдыреті қара жер болған орасан күштің иесі – Антейді Геркулес айласын асырып, жерден көтеріп алып буындырып өлтірген деседі... Ақындық тағдырды сол Антейге балаған Мұқағали да өз куаты мен құдыретін халқына, халқымен бірге болар тағдырынан, халқына деген сенімнен іздейді. Бақ пен сордың ұлы майданында жүріп, сол сенімін, сол үмітін ол ешқашан үзген емес... Әрине бұл «майданда» оның куанған сәті де, торыққан кезі де, адасқан тұсы да болды.

Соның бәрі өрттей ыстық өлең болып өрілген, жыр болып төгілгенін көреміз... Ақын өліммен күресіп, ажалмен алысқан сәттерінің өзінде «сылдыраған» сөзбен «құлдыраған» мұңның қорығында тұншықпайды. Жанымен беріле сырласады. Ең қадірлі, ең киелі ұғымдардың өзін «әрі

қазақы, әрі әлемдік» сипаттарға жүгіндірді.

Ойын сиқырлы сөзбен айта білу, тапқыр ойды өрнекті тілмен жеткізе білу – Мұқағали өлеңдерінің негізгі құдіреті. Оның талай өлең жолы қанатты сөз боп халық аузында жүр. Мақалға, мәтелге, үлгілі сөзге сұранып тұрған талайының әлі талайы алда.Мұқағали-өлең түрін түрлендіруге де көп көңіл бөлген ақын. Ол көне шығыс үлгілерін де, әр сөзі ой шегелеген өзіндік тәжірибелерін де қазақ өлеңінің қанына сіңіріп кеткен.

Кітаптың мазмұнына көз жүгіртіп отырсақ, Мұқағалидың өлеңдерінің көбі әнге айналған екен. Әнге айналу сыры да осы қара өлеңге жақындығында ма екен. Ол да дұрыс. Өзі тіленіп тұрған өлеңдері бар. Бір қызығы, Мұқағалидың бір өлеңіне композиторлар әртүрлі әуен шығарады. Мәселен, «Сәби болғым келеді» деген өлеңіне екі-үш композитор қатарынан екі-үш ән шығарыпты. Нұрғиса Тілендиев «Шалкөде десек бір ғана жайлау болып қалады. Оданда қазақтың барлық жайлауы болсын, «Саржайлау» деп атайық» дейді. Міне, осыдан кейін Мұқағалидың «Шалкөдесі» , бәрінің «Саржайлауы» болып кетті.

Ақынның одан басқа «Сөнбейді, әже, шырағын», «Кел, еркем, Алатауыңа» атты өлеңдеріне ән жазылып, оны көптеген әншілер орындауда. Мысалы: «Мұзарт» тобы «Көзің сенің», «Бала ғашық», «Нұрмұқасан» тобы «Бақытынды жырлайды» деген өлеңдерді орындайды. Сол өлеңдердің бірі «Сөнбейді, әже, шырағың!»

Жарқырап екі көзің шамдай жанған,

Күтуші ең жалғызыңды қан майданнан.

Жалғанда күту деген қандай жаман,

Ақыры қаза болдың сарғайғаннан.


Сөнбейді, әже,ошағың!

Өзіңді әнге қосамын.

Жеті қат жердің астынан,

Жетпейді бірақ осы әнім.

Ал бұл өлең жолдарында өз әжесінің дүние салғанына сенбейді, ол өз әжесіне оны ешқашан ұмытпайтынын, әрдайым өзін әжесімен біргемін деп санайтынын айтады. Ақынның қалам тартпаған тақырыбы қалмапты.Ана мұңын, әже зарын, жетім-жесір қайғысын, ердің ерлігін, пәк махаббаты, адалдықты, достықты жырға қосты.Халқым, елім деп еңіреп өтті.Иә, ақын бір күндік сәуледей ағып өткен қысқа ғұмырында ұрпақтарға ұлан-ғайыр мұра қалдырған.

Мұқағали Мақатаев поэзиясы жұмыр жердің барлық мәселесіне араласқан, кең, ауқымды тақырыпты қамтиды. Оның туған жер, адамдар тағдыры, өмір мен өлім, ана мен бала, ақын мен ақындық, соғыс тауқыметі т.б. тақырыптағы лирикасы қайталанбас ұлттық сипатта, ұлттық зермен кестеленген.

Ол нағыз ақын. Ең алдымен ойшыл, философ болуы қажет. Поэзияда философ болу өзін қоршаған әлемді ұғыну, әр заттың мәнін білу, ақырына дейін «адам жанының инженері болып қалу» дегенді ұстанды. Мұқағалидың адамзат ғұмыры мен әлем сырын жыр еткен лирикасы қазақ әдебиетіне қомақты мұра боп енді.

Мұқағали – өз тағдырын өзі таңдаған ақын. Соның арқасында ол ұрпақты – ұрпаққа, дәуірді – дәуірге, ғасырды – ғасырларға жалғар, қазақ өлеңінің әлем алдындағы мерейін үстем етер таңғажайып ұлы жырлар жаратты. Соның арқасында ол өз кезеңінің өрті мен дертін, өз заманының күнгейі мен көлеңкесін жырлауда нағыз ұлт ақындары ғана шығатын биікке көтерілді.

Ақын Мұқағали іштей әр жырының ертеңіне қалай сенсе, туған халқына, оның жасампаздығына да солай сенген.

Мұқағали Мақатаев шығармаларының көркемдік ерекшеліктерін қарастырғанда оның өзгеге ұқсамас ерекшелігін, ізденістері мен көркемдік бейнелілігінің халықтың көкейіне қонуын, ақын сөзінің халық сөзіне айналып, сезімге қозғау салып тебірентер ойлылығы мен көңілге қонымды және ақынның халық үшін жырлауы мен халық ұлына айнала білуін байқадық.









































Автор
Дата добавления 24.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Научные работы
Просмотров139
Номер материала ДВ-551022
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх