Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физкультура / Рабочие программы / Дені саудың жаны сау

Дені саудың жаны сау

  • Физкультура

Поделитесь материалом с коллегами:


«Бастауыш сынып оқушыларының деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыту»


А.А.Леонтьевтың атуы бойынша қимылдың іске асыруын операция деп атаймыз. Бір нәрсені хабарлау үшін сөйлесеміз. Сөйлеу әрекетінің өзіне тән мотивтері (себептері) болады. Оқытушыға не сөйлейтінін, оқушыға сөйлеудің мақсатын, мотивтерін білу керек. Баланың жасы, өскен сайын психикасы да өседі, сөйлеу мотивтері де күрделеніп отырады. Сөйлеу әрекеті 4 фазадан тұрады.

  1. Бағыттау (сөйлеуге даярлық)

  2. Жоспарлау (сөйлеу мазмұнын құру)

  3. Орындау (жүзеге асыру)

  4. Тексеру (бақылау сатысы)

Сөйлесу үшін қатынасу шарттарының бағытын білуіміз керек. Одан кейін айтылатын сөзді дұрыс жоспарлау керек. Келесі фазада қатынасудың мазмұнына байланысты орындау болады. Орндау кезінде ойыңды дұрыс жеткізе білу тиіс. Төртіншіден кері байланысты қамтамасыз ете білуі қажет. Егер осы байланыстың түйіні бұзылса, сөйлесуші қатынасу нәтижесіне жетпейді.

Жоспарлау дегеніміз – сөйлеудің  бағдарламасын құрастыру, оның мазмұнын таңдау. Осында сөйлеудің негізгі ойы мен тақырыбы шешуші роль атқарады. Психологтар зерттеуі бойынша бағдарлама алдымен ішкі ойда ой қалпы ретінде табылады. Бұл кезеңде ой сөз арқылы әлі білдірімеген

Сөйлеудің үшінші фазасы бағдарламаның орындау процесіне көшуді қамтиды. Осы фазада сөйлеуші сөздерді синтаксистік вариантта құрады, байланыстырады, өзіне керек тұлғаларды таңдауға тырысады.

Сөйлеудің төртінші фазасы – тексеру, ол кезде сөйлеуші нәтижесін және қатысудың мақсатын салыстырады. Егер алынған нәтиже сөйлеушінің ниетімен үйлеспесе, қателік түйінді іздестіруге әрекет жасалады. Бұл үшін түгел ойша барлық іс-әрекет бақыланып жасалады. Бұл үшін түгел ойша барлық іс-әрекет бақыланып шығады. Сөйлеу мазмұны қисынсыз жоспарланған, әлде сөйлеушінің ойы дәл, анық жеткізілген. Сөйлесу процесінде меңгерілетін дағдалыр практикалық әрекеттің ұйымдастырылуына байланысты. Оқушының сөйлеу тілін дамыту жұмыстыры сөз қорын байытуға, тілдік тұлғаларды дұрыс қолдануға көмектесетін дағдыларды тәрбиелейтін нысандар.

Халқымыз «Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді» деп тегін айтпаған. Бұдан біз сөздің күшін, әсерін ұғынамыз. Сөзді орынды жерінде қолданып сөйлеу байланыстырып сөйлеуге байланысты. Байланыстырып сөйлеуі жетік бала жазба жұмыстарын шебер орындайды. Байланыстырып сөйлеу ерекшеліктері:

1. Байланыстырып сөйлеу процесінің ана тілінде және екінші тілде көп сәйкестіктері бар, бірақ ана тілін және екінші тілді меңгеру процесі әр түрлі жолмен іске асады.

Егер оқушы өзінің ана тілін меңгеру процесінде ең жоғарғы деңгейде еркін сөйлеу дағдалырын қалыптастырса, екінші тілді меңгеру процесі ең қарапайым механизмдерінен, жай іс-әрекеттерден, тілдік тұлғаларды таңдап алудан және сөйлеуге малықтандырудан басталады.

2. Оқушы айналадағы қоршаған дүниенің құблыстарын танып, талдау жасайды. Сөйлеу процесінде психикалық процестердің табиғатын ескеру маңызды. Адамның өмірінде сөйлеу (ауызша және жазбаша) іс-әрекеттерінің де маңызы үлкен, соның арқасында адамдар бір-бірімен керекті мәліметтерді білдіреді, тәжірибе алмастырады. Адамның іс-әрекетінің маңызды бір формасы – адамдардың бір-бірімен сөйлесуі.

Деңгейлік тапсырмаларда тез, анық дұрыс орындаған оқушы өзінің ақыл-ойының тереңдігін, тездігін, өз бетімен жұмыс жасау қабілетін көрсетеді. Индукция құбылысы бойынша жеке фактілерді жинақтап қорытынды пікір жасайды. Дедукция құбылысы бойынша жалпы ереже мен жалпы пікірден жеке қорытынды жасайды.

3. Деңгейлік тапсырмалар негізінде оқушалырдың сөйлеу тілін дамыту жұмысын жүргізу үшін сөйлеу тілі қабылдау қабілетімен, бақылағыштық қасиетпен, зейінмен тығыз байланысты болатынын ескеру қажет.

Бір затты білуге құмар адамдар бір затты бақылағыш келеді. Сөйлеуші адамның сезімін байқап сөйлейді. Сөйлеу үшін адам әуелі ойлау операцияларынан өтеді. Анализ (бүтінді бөлшекке болу әдісі) синтез (бөлшекті бүтінге жинақтау әдісі) әдістері арқылы пікір шыққанда сөйлеу процесі қажеттіліктен пайда болады. [90,17.]

Деңгейлік тапсырмалар беруде нормативтік, нормативсіз варианттар салыстырылады. Соның нәтижесінде деңгейлік тапсырмаларды орындау негізінде оқушылардың лексикалық сөздік қоры кеңейеді, грамматикалық сөз тіркесінің активтік қоры байиды, тілдік тұлғаларды, оралымды қолдануға жаттығады. [90,37].

Бұл тұлғада деңгейлік тапсырмаларды таңдай мәселесі практикалық мағынаға ие болады да, оқу процесінің проблемалық ситуациясына айналады. Байланыстырып сөйлеуге оқыту үшін деңгейлік тапсырмада әңгіме, мазмұндама жазу ұсынылады.

Оқушысы сөйлеу процесін енгізу үшін, оны тілдік ситуациялға кіргізіп, сол ситуацияда өзін ұстай білуге үйрету керек, яғни оқушы өзінің әңгімелесушін, әңгіме процесінің мақсаты мен шарттарын меңгеруі тиіс. Деңгейлік тапсырмалар оқушыны сөйлете білудің шарттарына бағынышты болады. Тапсырма түрлері оқушының ой желісін жетілдіріп, тілді сезіну қабілеттерін арттырады, тілдік грамматикалық тұлғаларды қолдануға көмектеседі. Деңгейлік тапсырмалардағы жаттығулар оқушылардың мәдениетін қалыптастырады.

Сөйлесу тілін дамыту үшін баланың психологиялық жағдайын ескеру қажет. Бала жақсы сөйлеу үшін оның шабытын оятып, құлшыңдырып сабақты қызықты өткізу қажет. Сөйлемді жақсы құра білсе, сөйлесіп үйреніп қазақ тілін игерсе, онда: сенің қолыңнан бәрі келеді, сен қабілеттісің деп баланы мадақтап қойған жөн. Сонымен бірге «жаз үйрен» деп сенім білдірген дұрыс. Оқушының кішкентай жетістігі болса да, жоғары бағалап, мадақтап, көтермелеу, оқушылар басылымына, өлең, әңгімелерінің жарық көруіне көмектесу, шығармашылық сәтте оқушыға құптаушылық көзқарас білдіру, сезім күйін бақылау, қамқорлық таныту; ақын-жазушылардың, өнер адамдарының шығармашылық дәстүрінен қызғылтқы оқиғаларды әңгіме ету; оқушылар үшін педагог өзін қарапайым жан есебін де таныта білу; олардың психологиялық еркіндігін қаматамасыз ету сияқты әрекеттерді мұғалім білуі тиіс.

Сонымен сөйлеу тілін дамытудағы психикалық жағдайға байланысты оқушының сапалық және сандық өзгерістері:

нерв жүйесінің жетілуі

білімнің артуы,

сезім мен мөральдық ұғымдардың пайда болуы

анатомиялық – физиологиялық есеюі және мінез-құлқының қалыптасуы.

Дамыта оқытуда төмендегі психологиялық жағдайлар ескеріледі.

  1. сезімі, түйсігі

  2. қабылдауы, ынтасы

  3. зейіні, еске ұстауы

  4. ұғынуы, еркін билеуі

  5. ойлауы, қиялдауы, болжауы

  6. сөйлеу қабілеті

  7. оқу іс-әрекеті, дағдысы

  8. жауапкершілігі, ізденісі, дербестігі.

Оқушыларды сөйлеуге үйретуде психологияға сүйенбей болмайды. Сөйлеу тілін дамыту процесінде адамның еркі, есте сақтау қабілеті, ой-өрісінің дамуы, сезімі, қиялдай білу ерекшеліктері негізгі рол атқарады. Олардың барлығы өзара диалектикалық байланыста. Адамның көру, есту сезімдерінің дамуы, ойлау қабілетінің артуы сыртқы объективтік шындықтық әсерінен болады.

Психолог Р.Қ.Көшімбаев «Табыс психологиясы» атты еңбегінде әртүрлі психологиялық жаттығулар мен ойындар арқылы мектеп өмірінде оқу процесіне қажеттілік туғызу, оқушының ойлау қызметін жетілдіру және мұғалім мен оқушыға қиындықтарды жеңу, оқушылардың жеке қабілеттерін дамыту жолдарын үйретеді. Мысалы: Оқушы сабақты дұрыс қабылдамаса, оның зейіні сабаққа ауыспаса, сабақтың ұйымдастырылуы ойдағыдай шықпаса, сіз тез өзіңізді мұғалім рөлінен шығарып, оқушы болыңыз. Оқушыдан қандай ойынды жақсы көретіндігін сұраңыз. Сол ойынды бастап ойнаңыз. Оқушылар көңілденіп ойынға ұйымшылдықпен кірісе бастаған кезде, сабақ бағытын ойынға бұрыңыз да, өзіңіздің мақсатыңызды іске асыруға кірісіңіз – дейді. [90,50].

Міне, осы сияқты психологиялық пікірлерді ұсынады. Оқушыға реніш туғызған мұғалымге өзін сол оқушының орнына қойып, оқушыны мұғалім тұлғасында қарап ойлануды ұсынады. Мұндай жаттығулар мен ойындардың ұстаз творчествосына тигізер жәрдемі мол. Қазіргі кезде мектептегі сабаққа пайдаланылатын ойын түрлері, тренинг тәсілдері, ролдік, іскерлік ойын түрлері өте көп. Сөйлеу арқылы тіл жетіледі, дамиды.

Деңгейлік тапсырмалардың төмендегідей түрлері қарастыралды:

  1.  Әңгіме құруға арналған тапсырмалар:

а) ақ қар, биік тау, көп бала, қызық ойын, сырғанақ, ауыл маңы т.б.

ә) мына сұрақтарды басшылыққа ала отырып, әңгіме құрыңдар.

сен кімсің? Ол кім?

әжең үлкен бе? Атаң үлкен бе?

Қайда тұрасыңдар?

Сендер нешеусіңдер?

Сіздің ағаңыз бен апаңыз кім?

Олар не істейді?

Оқушыларының сөйлеу тілін дамыту үшін жүргізілетін деңгейлік тапсырмалардың түрлері мен ерекшеліктері туралы айтқанда, деңгейлік тапсырмалар – бір жағынан оқушының білімін дамытушы, ал екінші жағынан әдістемелік міндеттерді жүзеге асырушы.

Деңгейлік тапсырмаларды құру жеңіл шаруа емес. Бағдарламаға сай тапсырмалар түрін сараптап, зерттеп, оқушылардың оқу дағдысын қалыптасытру талаптарыны басшылыққа ала отырып, ғылыми-әдістемелік түрде оқушы деңгейіне сай құрылуы тиіс. Деңгейлік тапсырмалар оқушы сұранысын қамтамасыз ететіндей, ықшам, әсерлі, жүйелі, түсінікті сипатта болуы қажет. Тапсырмаларда мәтін жұмысы, ситуациялық әңгіме т.б. көркемдік жағы ескерілуі тиіс.

Тапсырмалардың тартымды, қызықты болуын қадағалау қажет, оған қойылатын талаптардың толық сақталуы тапсырманың сапасын арттырып, оқушының сөйлеу тілін дамытуға қолайлы жағдай туғызады. Сондықтан оқулықта, сабақта кездейсоқ алынған жаттығулар болмағаны тиімді.

Репродуктивті тапсырмалардың құрамына ойлауға, есте сақтауға, елстетуге, еске түсіруге арналған жұмыстар, ал рецептивті тапсырмалардың құрамына ойлауға, есте сақтауға, танып – білуге арналған жұмыстар енгізілді. Оқушыларының сөйлеу тілін дамыту үшін жүргізілетін деңгейлік тапсырмалар – бір жағынан, оқушының өз бетімен білім алуына жәрдемін тигізсе, екіншіден оның қиялын, ойлауын дамытады.

Сабақтың практикалық мақсаты мен дамытушылық мақсаты қатар жүреді. Әңгіме құру барысында сөйлеу дағдысы қалыптасады. Сабақта оқушының еркін отыру атмосферасы туғызылады. Ол оқушының пікірін қорықпай еркін айтуына жәрдемін тигізеді. Оқушылар бір бірін толық еркін көріп бетпе-бет отырып сөйлесе алатындай мүмкіндік жасалуы керек.

Диалог құруға арналған тапсырмалар.

Ләзат мектептен келді ме?

Қыс айлары қандай. Не істеу керек?

Желтоқсан айы қандай жыл мезгіліне жатады?

Эксперименталды бөлім

Сөйлеу тілін меңгерудің негізгі бір жолы — кешенді оқыту.

Ал оқушыларға арналған кешен: оқулық, фонограмма, күйтабақтар (пластинка), үнтаспалар (аудиорамма), бейнетаспалар (видеограмма) дидактикалық үлестірмелік жаттығулар, сөздіктер т.б.

Қазақ тілінен берілетін білім мазмұны оқушылардың коммуникативтік – танымдық біліктілігін, сөйлеу тілін арттырады.

Оқушының сөйлеу тілі әрқашан тілдік ортада қалыптасады. Баршамызға белгілі қазақ балаларымен ойнаған орыс баласы қазақ тілін ешқандай грамматикалық ережені оқымай – ақ қатысым арқылы үйреніп алады. Сондықтан сөйлеу тілін дамытудың тағы біртиімді жолы – жағдайлық ойындарды ұйымдастыру.

«Сен дәріханаға келдің» деген тақырыпқа ситуациялық жағдай туғызып, тірек – сызба арқылы сұрақ – жауап әдісімен әңгіме жүргізу.

Сөйлеу тілін дамыту кезінде сөздік ойын жаттығулар, оқушыларды өздігінен сөйлеуге мәжбүр етерлік арнайы ұйымдастырылған ситуациялар (жағдаяттар) грамматикалық жаттығулар, әдеби текстер, әңгімелеу, сахналандыру, әңгіме құрастыру, жұмбақ жасыру, мақал, мақал-мәтелдерді пайдаланып оқыту жұмыстары жүргізіледі.

Ойын барысында мұғалім оқушылардың бір-бірімен сөйлесу қабілетін өрбітіп, тапсырманы күрделендіре береді.

Ойын «Диалог — әңгіме»

Бір оқушы ойдан шығарып, бір әңгімені бастайды. Келесі оқушылар оны жалғастырады.

Динара: Көктем айлары – наурыз, сәуір, мамыр

Гаухар: Көктемде күндер ұзақ болады

Мақсат: Көктемде түндер қысқа болады

Гулмира: Жылы жаңбыр жауады

Раушан: Құстар ұшып келе бастайды.

Ұсынылған тапсырманың түрлері мен жаттығулар жүйесі сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамытуға көмектесті, тіл үйретудің практикалық, қатысымдық бағытталуына септігін тигізді.

Егер оқушылар тіл арқылы түсініссе, өздері коммуникативтік тапсырма орындаса, олар біртіндеп диалогтарға инсценировка жасауға үйренеді. Оқушылар талдау, қорытынды жасауға жаттығады. Олар адамның көңіл-күйі, жайы туралы тереңірек біле түседі, өзінің әлеуметтік рөлдерде шамасының неге жететінің білуге ұмтылады, мұғалімнің жеке басына деген қызығушылығы, ілтипаты артады, сөйлеу тілі дамиды.


ҚОРЫТЫНДЫ 

Адамды мейлінше толығырақ сипаттайтын оның істеген істері бола тұрса да, сөйлеген сөзінен адамның көптеген қасиеттерін байқауға болады. Адамның сөйлеген сөзінен оның көпшіл екенін немесе тұйық екенін айыруға болады, адамның ақылы, сезімі, еркі оның сөзінен байқалады. Өздері сөз етіп отырған фактілер мен құбылыстары жөнінде адамның ойлауға бейімділігі бар жоғын олардың сөзінен білуге болады.

Адамдар жаратылысынан сезімтал келеді, оқиғалар мен жағдайлар қатты әсер етсе, әдетте сөйлеген сөз де терең сезіммен айтылып, тыңдаушыларға жетіп жатады. Жас оқушылар оның бейнелі және сезімге толы сөздерді жақсы ұғып алады.

Сөз баршамызға мәлім, басқа адамдарға мәлімет беру үшін ғана керек емес, сондай-ақ сол адамдардың көзқарасына, нанымына, іс-әрекетіне ықпал жасау үшін керек. Осы тұрғыдан алғанда адам сөйлеген сөзінің дұрыс екендігіне, керек жағдайларда жұрт оның ақылын алып, айтқанын орындайтынына көзі жетсе оның атқаратын ролі зор.

Сөйлеген сөзінен адам мінезінің (рақымдылық пен мейірімсіздік, биязылық пен тұрпайылық, батылдық пен ұяңдық) көптеген жақтары көрінуі мүмкін. Адамдармен қарым-қатынас жасауда күйгелектік жасау, не болмаса бөлу, тіпті сөйлеу қарқыны адам темпераменттінің ерекшеліктеріне байланысты келеді. Сөйтіп басқа да психикалық процестерімен қатар сөз де адамдардың жеке басының көптеген қасиеттерінің айқын көрінісі болып табылады.

Сөз, сөз сараптау, тілдік қатынас, екеуара сөйлесу, әр түрлі деңгейлік тапсырмалар орындау, сабақ барысында белгілі бір ситуацияға әңгіме құру арқылы оқушылардың сөйлеу тілі дамытылады.


Краткое описание документа:

Қамырдың негізгі құрамдас бөліктері:

бидай ұны—ақ ұн, жоғары, бірінші және екінші сортты ұндар. Сұйық зат — сүт, су, сүт қосылған су, простокваша. Простокваша қосқан қамыр тез көтеріледі, оның дәмінің қышқылын бәсеңдету үшін тұз қосады (бір шөкім).

Құрғақ сүттіпайдаланғанда: жарты литр суға 50 г құрғақ сүт қосады.

Қант— ұнтақ құмшекер үнмен араластырылады, ірі құмшекер немесе шақпақ қантты ерітеді. Қант көп қосылса қамыр ауырлайды да, нашар көтеріледі, пісіргенде көтерілмей жайылып кетеді.

Жұмыртқа— сары уызы мен ақ уызы немесе тек қана сары уызын алады. Сары уыз қамырды көпіртеді де, ақ уыз қатайта түседі. Жұмыртқаның орнына жұмыртқа ұнтағын қосуға болады (1 ас қасық ұнтақ 1 жұмыртқаға сай келеді және 3 ас қасық су). Май (қыздырылған)—сары май немесе тортасы айырылған май, маргарин, өсімдік майы, ірі қара майы пайдаланылады. Май қамырды жұмсартады. Ол көбейіп кетсе ашу процесі баяулайды және дайын тағам ауыр болып шығады.

Ашытқы— жаңа немесе құрғақ. Жаңа ашытқыға аздап құмшекер (1 шай қасық) қосып, үгеді және тиісті норма бойынша (осы тағам үшін) жылы сүтке немесе суға езеді. Құрғақ ашытқыға (сондай-ақ салқын жерде сақталған ашытқыға) толтырыл салқын су (бөлме температурасында) құяды да, ол ақшыл түске еніп, әбден езілгенге дейін қояды. Езілген ашытқыны тар көзді сүзгіден өткізіп, жылытылған сүйыққа құяды да, одан кейін ашытқы әзірлейді. Ашытқыны жабық ыдысқа — шыны аяққа, банкаға салып, салқын жерге қойса, ұзақ уақыт сақталады. Өте жоғары, сондай-ақ өте төмен температурада да ашытқының сапасы төмендейді. Ашытқы қамыр үшін қолайлы температура 30—35°C болып саналады. Тұзды қамыр иленетін суға салу (1 кг ұнға немесе жарты литр суға 10 г тұз, ал тұзды тағам әзірлегенде 20 г тұз салады) керек. Тұзды ұйтқыға салуға болмайды, өйткені оның ашытқылық қасиетін жояды.

Автор
Дата добавления 14.05.2015
Раздел Физкультура
Подраздел Рабочие программы
Просмотров492
Номер материала 281574
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх