Инфоурок Другое КонспектыДөңгелек үстел "Жол инспектрлері мамандығында-сызу пәнінің маңыздылығы".

Дөңгелек үстел "Жол инспектрлері мамандығында-сызу пәнінің маңыздылығы".

Скачать материал

    Ф-БЕ-10/9

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК  ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ, ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ  БАСҚАРМАСЫ

Шымкент көлік, коммуникация  және

жаңа технологиялар колледжі

 

 

 

 

 

 

ӘДІСТЕМЕЛІК ТАЛДАУ

 

(дөңгелек үстел)

 

 

 

 

 

 

         Орындаған:   Умирбекова Э.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шымкент 2015-2016 о.ж

 

 

Сабақтың  тақырыбы: Жол инспектрлері мамандығында-сызу пәнінің маңыздылығы.

 

 

Сабақтың мақсаты:   1. Білімділік. Оқушыларға өз мамандықтарының сызу және сызу негіздері пәнімен байланысы туралы жалпы  түсінік  беру.

 

2. Дамытушылық. Оқушылардың кеңістікте ойлау қабілетін  дамыту,оларды шеберліке баулу, құралдармен жұмыс істеу қабілетін , сонымен бірге өз бетінше әдебиеттермен анықтамалық оқулықтармен жұмыс істеуін арттыру.

 

                                        3. Тәрбиелік. Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа,өз ойын қағаз бетіне түсірудегі ұстамдылық пен шыдамдылыққа тәрбиелеу.

 

 

Сабақтың түрі:  дөңгелек  үстел

 

Сабақтың әдісі: пікір алмасу сабақ

 

Пән аралық байланыс:   техникалық механика, физика, стандарттау,электротехника, информатика, арнайы пәндер.

 

Сабаққа қажетті материалдар:  Мультимедиялық проектор

 

Сабақтың барысы:

Кіріспе сөз: Сәлеметсіздерме, құрметті оқытушылар, оқушылар және қонақтар.Сіздермен бірлесе отырып «Жол инспектрлері мамандығында-сызу пәнінің маңыздылығы»атты пікір алмасу сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

     Бүгінгі сабағымыздың ерекшелігі,біздің сабағымызға  жол-потрульдік полиция  қызметкерлері қонаққа келіп отыр, олар Абдалин Нұржан , Билялов Амандулла.

 

 

 

 

 

Оқушыларымыздың сызу сабағында алған білімдерін сараптау мақсатында оларға бірнеше сұрақтар қоямыз.

1.Сызуда неше түрлі сызық бар?

2.Сызықтың түрлерін атаңдар?

3.Сызбаға қажетті құралдар мен жабдықтарды атаңдар.

4.А3 пішімінің өлшемі қандай?

5.Қаріптердің көлбеулігі неше градусқа тең?

6.Қандай фигураларды білесіңдер?

   Жол-потрульдік  полиция  қызметкерлерінен  жол ережелеріндегі белгілердің  сызу және сызу негіздері пәнімен байланысы мен маңызы туралыайтып беруін сұранамыз.

      * Жол белгiлерiн таңбалау Қазақстан Республикасының стандарттау туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. 

Өнеркәсіп өндірісі, құрылыс индустриясы, ауыл шаруа шылығы, сауда - мұның барлығы автомобиль кө лігінсіз толыққанды жумыс істей алмайды. Бүгінгі таңда елімізде автокөлік түтынушыларының саны артып келе жатқанын ескере отырып, жол қозғалысын басқару мен реттеуді толығымен автоматты түрге  көші ру  мәселесі де жиі туындайтын болды. Қазіргі кезеңде жол қозғалысын реттейтін автоматты құрылғы ретінде бағдаршамдар қолданылады. Оның сигналдары берген бүйрықты мүлтіксіз орындаған жағдайда  жолдағы  қа уіпсіздікті  қамтамасыз етуге болады.

 

Сызба сызықтарының түрлері

vidyi-liniy2.jpg

1. Тұтас жуан негізгі сызық. Егер бұл сызықтың жуандығын s (латын әрпі) деп белгілесек, онда s кескіннің үлкен-кішілігі мен күрделілігіне және сызбаның пішіміне байланысты 0,5мм-ден 1,4мм-ге дейінгі аралықта болады. Бір сызбадағы сызықтардың жуандықтары бірдей болуы тиіс. Тұтас жуан негізгі сызық сызбада көрінетін сызықтарды бастыра жүргізу үшін қолданылады.
2. Тұтас жіңішке сызық. Оның жуандығы негізгі сызықтың жуандығынан екі-үш есе жіңішке болады. Бұл сызықтың сызбада қолданылатын орны көп, соның бастыларын ғана атап өтейік. Шығару және өлшем сызықтары, проекция және координата осьтері, көмекші тұрғызу сызықтары, қима және тілікті сызықтау (штрихтау) тұтас жіңішке сызықпен жүргізіледі.
3. Тұтас жіңішке кесінді сызық. Жуандығы тұтас жіңішке сызықтың жуандығындай болады. Ұзын үзу сызықтарын көрсету үшін қолданылады.

4. Тұтас ирек сызық. Жуандығы тұтас жіңішке сызықтың жуандығымен бірдей. Үзу сызықтары үшін және тілікті көріністен бөлу үшін қолданылады. Ирек сызық сызу аспаптарының көмегінсіз, қолдан салынады.
5. Үзілме сызық. Сызық бөліктерінің ұзындығы 2мм-ден 8мм-ге дейінгі аралықта, ал олардың арақашықтықтары 1мм-ден 2мм-ге дейінгі аралықта алынады. Үзілме сызық сызбадағы көрінбейтін сызықтарды кескіндеу үшін қолданылады.
6. Жіңішке нүктелі үзілме сызық. Сызық бөліктерінің ұзындығы 5мм-ден 30мм-ге дейінгі, ал аралықтары 3мм-ден 5мм-ге дейінгі аралықта алынады. Нүкте (сызықша) бөлік аралықтарының дәл ортасына қойылады. Жіңішке нүктелі үзілме сызық, үзілме сызық сияқты бөліктерінен басталып, бөліктерімен аяқталады және бөліктерімен қиылысады. Сызбаның осьтік және центрлік сызықтары осы сызықтың көмегімен көрсетіледі.
7. Жуандатылған нүктелі үзілме сызық. Жуандығы тұтас негізгі сызықтың жуандығынан 1,5-2 есе жіңішке болады. Бөліктерінің ұзындықтары 3...8мм, ал олардың аралықтары 3...4мм болады. Шынықтырылатын және қапталатын беттерді жуандатылған нүктелі үзілме сызықпен көрсетеді. Бұл сызықты қиюшы жазықтықтың алдындағы нәрсе бөлігін кескіндеу үшін де пайдаланады.
8. Жуандығы тұтас жіңішке сызықтың жуандығымен бірдей болады,. Бөліктерінің ұзындығы 5...30мм, олардың аралығы 4...6мм болады.
9. Сызбада қиюшы жазықтықтардың орындарын көрсеткенде пайдаланылады, сондықтан оны қима сызығы деп те атайды. Жуандығы (1 ... 1,5) s-ке тең болады. Бұл сызық екі бөліктен тұрады, бөліктерінің аралығы қимасы немесе тілігі берілетін нәрсенің сәйкес өлшеміне байланысты. Бір бөлігінің ұзындығы 8... 20мм-ге тең.

Жазық фигуралар

geometric2.gif

Жол қозғалысын  ұйымдастырудың бір түрі   авто көлік пен жаяу жүргіншінің қауіпсіздігіне бағытталған жобалау ісі. Бүл - жаңа жолдарды салғанда немесе ескі жолдарда жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүр- гізгенде өте қажетті шаралар кешені. Жол қозғалысын ұйымдастыру мен реттеудің  техникалық  құралдары  жолдың  қауіпті  жерлерінде авариялардың санын  барынша  азайтуда  маңызды рөл  атқарады.

Жол қозғалысын  реттеудің сүлбалық нысандары:

•   автокөлік жолының сұлбасы;

•   бағдаршамдардың орналасуы;

•   жолдың белгілі бір бөліктері, оның ішінде жаяу жүргіншілер    жолақтары мен тротуарлар;

•   жол белгілері мен қоршаулар;

•   жарықтандыру;

•   автобус аялдамалары;

•   жасанды құралымдар;

•   теміржол өтпелері.

Жол қозғалысын басқарудың барлық элементтері сұлбада өзіндік белгімен таңбаланады.


      ** Жол белгiлерiн нөмiрлеу ҚР СТ 1125-2002-гe сәйкес келедi. 
Жол белгiлерiнiң атаулары мен кескiндеулерi суретте келтiрiлген.

   ЖОЛ БЕЛГIЛЕРI

      1. Ескерту белгiлерi

http://adilet.zan.kz/files/0345/85/1650_3.jpg

http://adilet.zan.kz/files/0345/85/1650_4.jpg

      2. Басымдылық белгiлерi

      3. Тыйым салатын белгiлер

      4. Алдын-ала қойылатын белгiлер

      5. Ақпараттық-көрсеткiштiк белгiлер

      6. Сервис белгiлерi

      7. Қосымша ақпараттық белгiлер (табличкалар)

2. Басымдылық белгiлерi

      Басымдылық белгiсi жүрiс бөлiгiнiң немесе жолдың жiңiшкерген учаскелерiнiң көше қиылыстарын өтпелерiн кесiп өту кезектiлiгiн белгiлейдi. 

      2.1 "Басты жол". Реттелмейтiн қиылыстарда басымдылықпен өту құқығы берiлген жолдар. 

      2.2 "Басты жолдың аяқтаулы". 

      2.3.1 "Екiншi дәрежелi жолмен қиылысу". 
      2.3.2, 2.3.3 "Екiншi дәрежелi жолға жанасу". 2.3.2 - оң жақтан, 2.3.3. - солдан жанасу. 

      2.4 "Жол берiңiз". Жүргiзушi қиылысатын, ал 7.13 табличкасы болғанда басты жолдың бойымен қозғалатын көлiк құралдарына жол беруi тиiс. 

      2.5 "Аялдамасыз қозғалуға тыйым салынады". Тоқтау-сызығының алдынан, ол жоқ болса - қиылысатын жүрiс бөлiгiнiң шетiне жетпей аялдама жасамай қозғалуға тыйым салынады. Жүргiзушi қиылысатын жол бойымен, ал 7.13 табличкасы болған кезде - басты жолмен қозғалатын көлiк құралына жол беруi тиiс. 

      2.5 белгiсi темiржол өтпесi немесе карантин посты алдынан қойылуы мүмкiн. Мұндай жағдайларда жүргiзушi тоқтау-сызығының, ал ол жоқ болса - белгiнiң алдында аялдауы тиiс. 

      2.6. "Қарама-қарсы қозғалыстың басымдылығы". Егер бұл қарама-қарсы қозғалысты қиындататын болса, жолдың тар учаскесiне шығуға тыйым салынады. Жүргiзушi тар учаскедегi немесе қарама-қарсы оған кiру жолындағы қарама қарсы көлiк құралына жол беруi тиiс. 

      2.7 "Қарама-қарсы қозғалыс алдындағы басымдылық". Қарама-қарсы көлiк құралына қарағанда оның бойымен жүргенде жүргiзушi басымдылықпен пайдаланатын жолдың тар учаскесi.

 

 

http://adilet.zan.kz/files/0345/85/1650_5.jpg

53.gif

3. Тыйым салатын белгiлер

      Ескерту. 3-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.10.12. N 1021 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Тыйым салатын белгiлер қозғалысқа белгiлi бiр шектеулер енгiзедi немесе оларды жояды. 

      3.1 "Кiруге тыйым салынады". Осы бағыттағы барлық көлiк құралдарының кiруiне тыйым салынады. 

      3.2. "Қозғалысқа тыйым салынады". Барлық көлiк құралдарының қозғалысына тыйым салынады. 

      3.3. "Механикалық көлiк құралдарының қозғалысына тыйым салынады".

      3.4. "Жүк автомобильдерiнiң қозғалысына тыйым салынады". Жүк автомобильдерi мен рұқсат етiлген ең жоғары массасы 3,5 т астам (егер белгiде массасы көрсетiлмесе) немесе рұқсат етiлген ең жоғары массасы белгiде көрсетiлгеннен артық көлiк құралдарының составтарының, сондай-ақ тракторлар мен өздiгiнен жүретiн машиналардың қозғалысына тыйым салынады. 

      3.4 белгiсi борттарында төмен көлбеу ақ жолағы бар немесе адамдарды тасуға арналған жүк автомобильдерiнiң қозғалысына тыйым салмайды. 

      3.5 "Мотоциклдердiң қозғалысына тыйым салынады". 

      3.6 "Тракторлардың қозғалысына тыйым салынады". Тракторлардың және өздiгiнен жүретiн машиналардың қозғалысына тыйым салынады. 

      3.7 "Тiркемелi көлiк құралдарының қозғалысына тыйым салынады". 

      3.8 "Көлiк-арба қозғалысына тыйым салынады". Көлiк-арбаның (шананың), адам мiнген және жүк артылған малдардың қозғалуына, сондай-ақ мал айдауға тыйым салынады. 

      3.9. "Велосипедпен қозғалысқа тыйым салынады". Велосипедтер мен мопедтердiң қозғалысына тыйым салынады. 

      3.10 "Жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына тыйым салынады". 

      3.11. "Массаны шектеу". Нақты жалпы массалары белгiде көрсетiлгеннен артық көлiк құралдары, оның iшiнде көлiк құралдары составтарының қозғалысына тыйым салынады. 

      3.12 "Оське түсетiн жүктеменi шектеу". Қандай болса да оське түсетiн нақты жүктемесi белгiде көрсетiлгеннен артық көлiк құралдарының қозғалысына тыйым салынады. 

      3.13. "Биiктiктi шектеу". Көлемдiк биiктiгi (жүкпен немесе жүксiз) белгiде көрсетiлгеннен артық көлiк құралдарының қозғалысына тыйым салынады. 

      3.14 "Енiн шектеу". Көлемдiк енi (жүкпен немесе жүксiз) белгiде көрсетiлгеннен артық көлiк құралдарының қозғалысына тыйым салынады. 

      3.15 "Ұзындықты шектеу". Көлемдiк ұзындығы (жүкпен немесе жүксiз) белгiде көрсетiлгеннен артық көлiк құралдарының (көлiк құралдары составының) қозғалысына тыйым салынады. 

      3.16 "Ең төменгi аралықты шектеу". Олардың арасындағы аралық белгiде көрсетiлгеннен кем көлiк құралдарының қозғалысына тыйым салынады. 

      3.17 "Кеден", Кеден (бақылау пунктiнiң) жанында аялдамасыз өтуге тыйым салынады. 

      3.17.2 "Қауiптiлiк", Жол-көлiк оқиғаларына, аварияға немесе басқа қауiптiлiктерге байланысты, әрi қарай барлық көлiк құралдарының қозғалысына ерекшелiксiз тыйым салынады. 

      3.18.1 "Оңға бұрылуға тыйым салынады". 

      3.18.2 "Солға бұрылуға тыйым салынады". 

      3.19 "Керi бұрылуға тыйым салынады". 

      3.20 "Басып озуға тыйым салынады". 30 км/сағ жылдамдықпен қозғалатын, жекелегендерiнен басқа, барлық көлiк құралдарын басып озуға тыйым салынады. 

      3.21 "Басып озуға тыйым салынатын аймақтың аяқталуы". 

      3.22 "Жүк автомобильдерiне басып озуға тыйым салынады". Рұқсат етiлген ең жоғары массасы 3,5 т артық жүк автомобильдерiне 30 км/сағ кем жылдамдықпен қозғалатын, жекелегендерiнен басқа барлық көлiк құралдарын басып озуға тыйым салынады. Тракторларға көлiк-арба және велосипедтен басқа барлық көлiк құралдарын басып озуға тыйым салынады. 

      3.23 "Жүк автомобильдерiнiң басып озуына тыйым салу аймағының аяқтаулы". 

      3.24 "Ең жоғары жылдамдықты шектеу". Белгiде көрсетiлгеннен артық жылдамдықпен (км/сағ) қозғалуға тыйым салынады. 

      3.25 "Ең жоғары жылдамдықты шектеу аймағының аяқталуы". 

      3.26 "Дыбыстық сигнал беруге тыйым салынады". Сигнал жол-көлiк оқиғаларын болдырмау үшiн берiлгеннен басқа жағдайларда дыбыс сигналына тыйым салынады. 

      3.27 "Аялдауға тыйым салынады". Көлiк құралдарының аялдауына және тұруына тыйым салынады. 

      3.28 "Тұруға тыйым салынады". Көлiк құралдарының тұруына тыйым салынады. 

      3.29 "Айдың тақ күндерi тұруға тыйым салынады". 

      3.30 "Айдың жұп күндерi тұруға тыйым салынады". 3.29 және 3.30 белгiлерiн бiр мезгiлде қолданғанда көлiк құралдарын бiр жақтан екiншiсiне орын ауыстыру уақыты - 19-дан 21 сағатқа дейiн. 

      3.31 "Барлық шектеу аймақтарының аяқтаулы". Бiр мезгiлде 3.16, 3.20, 3.22, 3.24, 3.26 - 3.30 белгiлерiнiң бiр мезгiлде бiрнешеуiн қолдану аймағының аяқталуы. 

      3.32 "Көлiк құралдарының қауiптi жүкпен қозғалуына тыйым салынады". "Қауiптi жүк" айырым белгiсiмен жабдықталған көлiк құралдарының қозғалуына тыйым салынады. 

      3.33 "Көлiк құралдарының жарылғыш және оңай тұтанатын жүктермен қозғалуына тыйым салынады". "Қауiптi жүк" айырым белгiсiмен жабдықталған және 19433-88 ГОСТ-ы бойынша, 1.2.2-2.4, 3.1, 3.2, 5.2 сыныптарының қауiптi жүктерiн тасымалдауға арналған көлiк құралдарының қозғалысына тыйым салынады. 
      3.2-3.9, 3.32 және 3.33 белгiлерi тиiстi көлiк құралдары түрлерiнiң екi бағытқа
қозғалуына тыйым салады.
      Мына белгiлердiң күшi қолданылмайды: 
      3.1-3.3, 3.18.1, 3.18.2, 3.19, 3.27 - маршруттық көлiк құралдарына; 
      3.2-3.8 - белгiленген аймақта орналасқан кәсiпорындарға қызмет етедi, сондай-ақ белгiленген аймақта тұратын немесе жұмыс iстейтiн азаматтарға қызмет көрсетедi немесе солардың меншiгi. Мұндай жағдайларда көлiк құралдары белгiленген аймаққа белгiленген жерге жақын қиылыстан кiруi немесе содан шығуы керек; 
      3.28-3.30 - таксометрi iске қосылу таксиге; 
      3.2, 3.3, 3.28-3.30 - I және II топтағы мүгедектер басқаратын немесе осындай мүгедектердi тасымалдайтын көлiк құралдарына. 
      3.18.1, 3.18.2 белгiлерiнiң күшi жүрiс бөлiгiнiң алдына белгi қойылған қиылысына қолданылады. 
      3.16, 3.20, 3.22, 3.24, 3.26-3.30 белгiлерi қолданылатын аймақтар белгi қойылған жерден бастап жақын жердегi қиылысқа дейiн, ал елдi мекендерде қиылыс жоқ болса - елдi мекен аяқталғанға дейiн қолданылады. Жолға жанасып жатқан аумақтан шығатын жерде белгiлердiң күшi сақталады. 
      5.22 белгiсiмен белгiленген елдi мекеннiң алдына қойылған 3.24 белгiсiнiң күшi осы белгiге дейiн қолданылады. 
      Белгiлердiң күшi қолданылатын аймақ мынадай жағдайларда кiшiреуi мүмкiн: 
      7.2.1 табличкасын қолданумен 3.16 және 3.26 белгiлерi үшiн; 
      3.20, 3.22, 3.24 белгiлерi үшiн аймақтың соңына қойылғанда немесе 7.2.1 табличкасын қолданумен олардың күшi 3.21, 3.23, 3.25 белгiлерiне сәйкес келедi. 3.24 белгiсiнiң қолданылу аймағы 3.24 белгiсiн қозғалыстың ең жоғары жылдамдығының басқа мәнiмен кiшiреюi мүмкiн; 
      3.27-3.30 белгiлерi үшiн 7.2.3. табличкасымен 3.27-3.30 қайталама белгiлерiнiң немесе 7.2.2. табличкасын қолданумен олардың күшi жүретiн аймақтың соңында қойылғанда; 
      3.27 белгiсi 1.4 таңбасымен бiрге қолданылуы мүмкiн, ал 3.28 белгiсi - 1.10 таңбалауымен, мұндайда белгiлердiң қолданылу аймағы таңбалау сызығының ұзындығымен айқындалады. 
      3.10, 3.27 - 3.30 белгiлерiнiң күшi жолдың олар қойылған жағына ғана қолданылады.

 

4.     Сабақты қорытындылау:

 

1.     Сызу және сызу негіздері пәнінің жол ипспектр мамандықтарына қандай маңызы бар?

2.     Жолдағы екі  тұтас сызық нені білдіреді?

3.     Жол белгілері мемлекеттік стандартқа сай орындалада ма?

4.     Жолдағы үзілме сызық нені білдіреді?

5.     Жаяу жұргіншілер өтпесі  жолға қалай белгіленеді?

6.     Сызу және сызу негіздері пәнінің автомеханика мамандығымен         байланысын түсіндіріп беріңіздер.

7.     «Басты жол» белгісі қандай фигурамен белгіленеді?

8.     «Жол беріңіз» белгісі қандай фигурамен белгіленеді?

9.     «Кіруге тыйым салынады» белгісі қандай фигурамен белгіленеді?

 

5. Сабақты бекіту: Өтілген таырыпқа шолу жасап  бекіту.

 

6. Қолданылған әдебиеттер:

1.Ж.М. Есмұханов « Сызу» Жалпы білім беретін орта мектепке арналған оқулық.Алматы,  «Рауан»,1996ж.

2.С.К.Боголюбов«Черчение»УчебникдляССУЗ-ов.Москва, «Машиностроитель»,1989г.

3.М.Арпабеков, А. Баубек «Жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдары». Оқулық.-Астана:Фолиант,2010.

4.А.А.Баубеков, М.И Арпабеков «Специальный курс по вождению автомобилей», «Фолиат», 2007г.

5.Қазақстан  Республикасының  Жол қозғалыс ережелері. Алматы 2014ж.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Дөңгелек үстел "Жол инспектрлері мамандығында-сызу пәнінің маңыздылығы"."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по кредитованию

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 008 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.06.2016 1515
    • DOCX 711.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Умирбекова Эльмира Толыбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9589
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 46 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Мини-курс

Технологии и анализ в медиакоммуникациях

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фундаментальные принципы здоровья и двигательной активности

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Введение в медиакоммуникации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе