Инфоурок Русский язык Другие методич. материалыДидактикалық материалдардың топтамасы 9 сынып

Дидактикалық материалдардың топтамасы 9 сынып

Скачать материал

№ 2 Ертіс жалпы орта білім беру мектебі

 

 

 

 

 

 

 

Көпеева Әлия Қамариденқызы

 

 

 

Дидактикалық материалдардың топтамасы

(қазақ тілі мен әдебиеті тереңдетілген  

9-сынып оқушыларына арналған)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ертіс ауылы 2014 жыл

 

 

 

 

 

 

 

         Әдебиет-адам ақылына қозғау салып, қиялына қанат бітіріп, ізгі іс-әрекеттерге жетелер өнер түрі.Сондықтан сөз өнері өткен тарихтың, бүгінгі заман шындығының көркем бейнесі ғана емес,оқу мен тәрбиенің басты құралы.Оны танып білу- әрбір саналы ұрпақтың ең басты мұраты.

         Бұл құрал Ертіс аймағында XVIII ғасырдан бүгінгі күнге дейінгі аралықта дамыған әдебиет үлгілері мен әдеби- мәдени тұлғалардың өмірінен мәлімет береді.Дидактикалық материалдар мектеп оқушыларына арналған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрастырып жинақтаған:

№2 Ертіс жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Көпеева Әлия Қамариденқызы

 

 

 

 

 

 

 

Алғы сөз.

  Өздеріңе ұсынылып отырған дидактикалық материалдар- 9-сыныпқа арналған «Қазақ әдебиеті»оқулығына көмекші құрал.

  Оқушыларға әдебиет сабақтарын тиянақты меңгертіп, практикалық дағдыларын қалыптастыру көп жағынан дидактикалық материалдарды тиімді, дұрыс пайдалануға байланысты.Ал олармен жұмыс жүргізудің әдіс-тәсілдері сан алуан.

   Жалпы, «дидактика»деген сөз мағынасында «оқытуды үйрету әдісі,амалы»деген ұғым жатыр.

  «Әдебиет- өмір айнасы» демекші шәкірт өмірді көркем шығарма арқылы оқып үйренеді, үлгі-өнеге алады, еліктеу арқылы мінез-құлқын шыңдайды, жеке тұлға ретінде қалыптасады.Осыны ескере оқушылармен бірлесе отырып, оқушыларды мақсатты түрде өзіндік дербес ізденуге баулуды жүзеге асыруымыз керек.Әдебиет пәнін оқыту барысында туған өлке тарихы, ондағы даңқты тұлғалар жайлы, атақты ақын, заңғар жазушылар шығармашылығымен қатар жергілікті ірілі-уақты ақындарымыз бен жазушыларымыздың туындыларына да көңіл бөлу, яғни, жергілікті компоненттерді қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруда маңызды рөл атқарады. Оқушыларды ізденіске жетелеу, өлкені тану, өз белсенділіктері арқасында білімді меңгеруді жүзеге мақсат ете отырып,9-сынып оқушыларына халық ауыз әдебиеті туындыларын оқыту барысында біздің Ертіс ауданның өткен тарихында орын алған іргелі оқиғалар мен ірі тұлғалар жайында, жер-су, мекендер атауларының пайда болу жайындағы мәліметтер жинастырдым.Әдебиет сабақтарында жергілікті компоненттерді пайдалану оқушылардың танымын арттырып қана қоймай, елін-жерін сүюге, Отанның туған жерден басталатынын сезінуге, ұлттық рухты бойларына сіңіріп өсуге әрі шығармашылық ізденіске жетелейді.

Сонымен қатар жұмыс мазмұнының сан қырлы болуы да қарастырылып, оқушылардың өз ойларын әдеби тіл нормасына сай дұрыс, көркем, әсерлі баяндай білу қабілеттерін дамыту талаптары ескеріле отырып жасалды.

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аймақтық компоненттерді оқытудың мақсаттары:

 

1.Оқушылардың бойында туып өскен жеріне, туған жердің табиғатына, мәдени орындарына,тарихына деген құрметті арттыру;

2.Белгілі адамдарына деген сүйіспеншілікті арттырып, ұлтжанды патриоттық сезімдерге бай ұрпақ тәрбиелеу;

3.Оқушылардың осы қосымша мәліметтер алуы арқылы танымды біліктіліктерін кеңейтуге мүмкіндік туғызу;

4.Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту;

5.Өскелең ұрпақты әйгілі жерлестеріміздің мұраларын терең меңгеріп, зерттеуге ынталандыру;

 

Аймақтық компоненттерді оқытудың міндеттері:

 

  Өз еліміздің тарихы,мәдени орындары, белгілі ақын-жазушылары туралы мәліметтер жинақтау, олардың шығармашылығын зерттеу, өз еліміздің намысын қорғайтын патриоттар дайындау;

  Аймақтық компоненттер тақырыбы бойынша қажетті материалдарды жинап, бір жүйеге келтіру;

 

Күтілетін нәтижелер:

 

1.Оқушыларға білім стандартына сәйкес міндетті білім деңгейіне жетуге, олардың шығармашылық, танымдық қабілетін көтеруге мүмкіндік туғызады;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ертіс ауданының топырағында туған шешендік сөздер,

толғаулар, аңыз әңгімелер, айтыстар.

 

Аудан тарихы

  

«Әркімнің туып өскен жері өзіне Мысыр шаһарындай» -дейді халық. Әрбір азамат өзінің туып- өскен өңірінің, ауданының, ауылының тарихын білуге тиісті. Ауданның тарихи тамыры да терең, рухани қазынасы да мол. Мұндағы әрбір жер, су, ауыл атауларының мағынасына ой жіберіп, көне көз қариялардың сөзіне құлақ түрсең,аудан жерінің әрбір төбешігі мен көлшігі, тасы мен талы,сайы мен саласы тереңнен сыр шертіп тұрған ғажайып шежіре екендігіне көзің жетеді.

 Ақтоғай мен Ертіс аудандарының шекарасындағы айдынды үлкен көл «Жалаулы» деп аталады. Бұл атау көлге осы өңірді Жоңғар басқыншылардан азат етуден кейін берілген көрінеді.Жеңіс туы осы көлдің жағасында желбіреген. Майданда ерлік көрсеткен Жазы, Түгел, Қошқарбай тәрізді халық батырларының есімдерін ертістіктер қастерлеп жүрек түкпірінде сақтап келеді.

   Жазы батыр жерленген - Жазытөбе, орта жүздің әйгілі шешені Байсерке абыз жерленген – Жуантөбе; Абылайхан жасағы келіп найза қадаған жер - Найза ауылының орны; мыңды айдаған Миқа байдың қонысы болған - Беласар, Қызылқақ көлінің күнгей жағындағы бір кезде қазақтардың қарауыл қарайтын орны болған - Ақтөбе жотасы; сондай-ақ Сұлукөл, Қорғанкөл, Оймакөл, Борлыкөл сияқты жағымды, әсерлі естілетін атаулардың бәрінің де астарында аудан тарихының тамаша тараулары жатыр.

   Ауданның өткен ғасырдағы тарихында шешендер мен билердің, абыздар мен ақындардың арасында Түгелұлы Байсерке абыздың орны бөлек. Ол өзінің ұзақ өмірінің ішінде қазақ даласының шартарабын аралап,  жүрген жерінде ұлағатты із қалдырып, билік айтып өткен дана, дуалы ауыз кемеңгер болған екен.

  «Ердің атын елі,елдің атын ер шығарады» демекші Республика жұртшылығына Ертіс ауданы өзінің дарынды перзенті Иса Байзақовтың есімі мен оның шығармалары арқылы да әйгілі. Иса ақынның «Ақбөпе» поэмасының оқиғасын - Ертіс ауданының жеріндегі Бескепе, Шолақсай, Қызылқақ, Ақсу, Ұмсынай, Қазыбек тағы басқа атаулар поэмада өзгертілмей берілген.      

 

Тапсырма

1.Аудандағы жер - су атауларының түпкі этимологиясын жазыңдар.

2. «Туған жер - тұғырың» тақырыбында ойтолға.

Тұрмыс-салт жырлары

Ақ бата

Қазақ халқының «Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер» деген нақыл сөзі тегін айтылмаған. Халқымыздың тұрмыс-тіршілігінде кездесетін ойын-сауық, той-думан, адам өміріндегі майданға, оқуға немесе басқадай ұзақ сапарларға аттану рәсімдері батадан басталып, батамен аяқталатын болған. Жалпы, дастархан басындағы жиын атаулының бәрі-бәрі де батамен түйінделіп келген.

Бата тілеу, бата беру дегеніміз - түркі тілдес мұсылман өкілдерінде көне заманнан бері берік қалыптасқан қасиетті дәстүрлердің бірі. Сондықтан да бата беру құқы ең алдымен жасы үлкен дуалы ауыз ақсақалдардың, аузында Алласы,басында сәлдесі бар молдалардың, сондай-ақ есімі елге әйгілі шешендердің,көсемдердің, бай-батырлардың, атақты өнер адамдарының, ғалымдардың үлесінде деп саналған. 

 

Дастархан баталары

 

Әрқашан да,ләйім,

Өзі жақ боп Құдайым,

Дастарханың мол болсын,

Не тілесең,сол болсын!

***

Осы үйді Құдай бай қылсын,

Төрт түлігін сай қылсын.

Қысы-жазы жегенін,

Қазы,қарта,май қылсын.

 

Бақ-дәулетін шалқытып,

Көңілдерін жай қылсын.

Бізге берген дәм-тұзың,

Мың есе боп қайырылсын.

 

***

Мал бастарың аман болсын,

Пәлекеттерің шабан болсын,

Үй ішіңді азан-қазан,

Лық толтырған балаң болсын!

Балаларыңа бақыт қонып

Елге елеулі адам болсын!

Қырық биең құлындап,

Қымыз толған сабаң болсын!

Қырық қонақ келсе де,

Күтіп алар шамаң болсын!

Елбасына дұрыстық,

Елімізге тыныштық,

Халқымызға ырыс-құт беріп,

Қой үстіне бозторғай,

Жұмыртқалайтындай заман болсын!

 

Мал өсірушілерге

 

Бере берсін бермесін,

Келе берсін келмесің,

Шопан ата жарылғап,

Отыз отарын маңырап,

Тегене құйрық қойларың,

Егіздетіп төлдесін!

Егіздеген төлдері

Балталаса өлмесін!

Зеңгі бабаң жарылғап,

Бақыт оты жалындап,

Төрт құбылаңа өргізіп,

Желіндері жер сызып,

Ай мүйізді түліктен,

Сүт бұлағы селдесін.

Қамбар атаң жарылғап,

Айғырларың арқырап,

Құлындарың шұрқырап,

Саба-саба қымызың,

Сапырылып күн ұзын,

Тарқамасын базарың,

Ортаймасың қазаның!

Тұсаукесер баталары

Игілікке бастасың,

Кесілген бұл тұсауың.

Өзіңнен жан аспасын,

Бойды кернеп,құшағын.

«Кем» дегенің кеңейіп,

«Аз» дегенің көбейіп,

Ірілей берсін ұсағың,

Хас сұлуды құша біл.

Ғарышқа да ұша біл,

Таң қалдырсын талабың.

Сүлейменнің жүзігі мен,

Таяғыңдай Мұсаның.

***

Кесілген соң тұсауың,

Жолың да кең ашылсын.

Ашылған ақ жолыңа,

Бақыт нұры шашылсын!

Абылайдай ғып Алла,

Абыройды асырсың.

Көре алмаған дұшпаның,

Аяғыңа бас ұрсын!

 

Абыздың батасы

               Бірде Байсерке абыз жігіттерімен жолушылап келе жатып қымыз ішіп сусындауға бір ауылға келсе, үлкен  ақ үйдің сыртында керілген ұзын желіде қырық шамалы құлынның байлаулы жатқанын көріп, сол үйді алдына келеді. Далаға шыққан үй иесі жолаушылардың сәлемін салқындау қабылдап, мәнжайға түсінгеннен кейін: «Әйелім көрші ауылға қыдырып кетіп еді. Сіздерге сусын сапырып беретін кісі жоқ» -дейді міз бақпастан.

      Жолаушылар байдың Шығайбайдан сараң екенін сезіп, аттың басын бұрып алып ауылдан ұзай береді. Бұл жайдың бәрін көріп-біліп тұрған ауылдың бір кедейлеу жігіті жайдақ атқа міне шауып, жолаушыларды қуып жетеді де: «Қуыс үйден құр шықпа» деген емес пе, ауылдың үстіне келдіріңіздер, ас ауыз тиіңіздер, -деп үйіне әкеледі. Сусынға қанған Байсерке дастарқан жиярда бата бергенде:

Бес биенің қымызы,

Бес дуан елге жетсін.

Қырық биенің қымызы,

Қыдырған қатынмен кетсін, -депті.

 

Тапсырма

1.Бірнеше бата түрлеріне мысал келтіріңдер.

2.Оң бата мен теріс баталарды ажырата талдап,теріс батаның қандай жағдайда берілетінін айтыңдар.

3. «Жаңбырменен жер көгерер,батаменен ер көгерер»деген тақырыпта эссе жазыңдар.

 

Хош келіпсің, Наурызым!

 

Нұрын төккен алтын күн,

Туындай боп салтымның.

Мыңдаған жыл жасасқан,

Ұлы тойы халқымның,

Хош келiпсiң, Наурызым !

Көңiлдердi көлдетiп,

Сүт бұлағын селдетiп,

Малымызды төрт түлiк,

Ағыл-тегiл төлдетiп,

Хош келiпсiң, Наурызым !

Шырай берiп жас талға,

Ашық  Күн боп аспанда,

Махаббаттың есiгiн,

Айқара ашып жастарға,

Хош келiпсiң, Наурызым !

Ән мен күйден жаралған,

Халқымыздан нәр алған.

Алпыс жыл сап араға,

Елiме қайта оралған,

Хош келiпсiң, Наурызым !

 

Жарапазан

Бiр Алланың құлымыз, түлегiмiз,

Бiр Алла деп соғады жүрегiмiз.

Қабыл болсын, иләйiм, иманыңыз!

Қабыл болсын тiлеген тiлегiңiз!

 

Кәмiл болсын иләйiм, иманыңыз!

Иманыңыз кәмiл боп сыйланыңыз!

Оразаны отыз күн сыйласаңыз,

Сiздi де Алла сыйлайды, иланыңыз!

 

Алтынменен апталсын есiгiңiз!

Күмiспенен қапталсын бесiгiңiз.

Жеңсiк асы жеңгемдi желкiлдетiп,

Ақ сазандай ұл мен қыз өсiрiңiз!

Мұсылманның бұл айда қолы ашылар,

Қолы ашылған пенденiң жолы ашылар.

Құтты болсын оразаң отбасыңа,

Олжаменен оралсын жолаушылар.

 

Бiздiң келген үйiмiз Орда ма екен,

Үй иесi ғұлама молда ма екен?

Үй иесi ғұлама молда болса,

Құдай иiп жолымыз болған екен.

 

Байдың әлде бақ қонған үйi ме екен?

Үйiңiздiң еңсесi биiк екен.

Садақаға сараңдық жасағанға,

Таңда мақшар күнiнде қиын екен.

 

Жеңгемiздiң қабағы ашық па екен?

Ақ көңiлге күн нұрын шашып па екен?

Жеңгемiздiң қабағы ашық болса,

Көңiлiмiз көлдей боп тасып кетер.

 

Қайта жансын бар болса, өшкенiмiз,

Өсе берсiн биiктеп өскенiмiз.

Жарапазан осымен аяқталды,

Айтарыңыз жоқ болса, қош болыңыз!

 

Сүйінші

Аудандық «Ертіс нұры»газетінің тұсаукесеріне арналған.

 

Бауырым, мынау жаңалыққа сүйiншi,

Жыр нөсерi тасқындашы, құйылшы!...

Аңсаған бiр арманыңа жеттiң, - деп,

Достарыңнан сұрасайшы сүйiншi.

 

Түзе бүгiн тойға лайық сәндiктi,

Аш айқара қазыналы сандықты!

Тоқыраудың тозаңында жоғалған,

Газетiңе қайта, мiне, жан бiттi.

 

Бұл жылды мен бақытыма балайын,

Қарсы алдың ғой жаңа жылдың талайын.

Жаңа жылды тойласақ та жылда бiз,

Мына жылдың жөнi басқа ағайын.

 

Оны несiн жасырайын - шерлi елдiң,

Шерiмiздi мәңгiлікке жерледiк.

Жаңа жылға келiп тұрмыз бүгiн бiз,

Өз алдына егемендi ел болып.

 

Ақиқатты ашып тастап серпiлдiк,

Қыран құстай қанат қағып желпiндiк.

-Қап бәлем! - деп тiстеп келген амалсыз,

Тiлiмiз де алғаннан соң еркiндiк.

 

Ал газетiм, құтты болсын қадамың,

Жайната бер нұр-шырағын сананың.

Орныға бер әр жүректiң төрiнде,

Дамылдатпай ойлылардың қаламын.

 

Әдiлдiктiң жон терiсiн iреген,

Жаңалыққа жұдырығын бiлеген.

Қыңыр қанша!

Терiс бiткен бас қанша,

Елiмiздi тығырыққа тiреген!

 

Ата салтын аяғына басқандай,

Көрсоқыр мен мәңгүрт қанша тас маңдай!

Өткiр болсын садағыңның жебесi,

Сондайлардың бет пердесiн ашқандай.

 

Әр нөмiрдi күтейiк бiз өлеңдей,

Бiр сөзiң де қалмасыншы еленбей.

Абыройлы, қадiрмендi болғайсың,

“Ертiс нұры” нұр әкелдi дегендей.

      1 қаңтар 1991 жыл.М.Жаманбалинов.

 

Тапсырма

1.Қазақ халқының тағы қандай салт-дәстүрін білесіңдер?

2. «Халқын сүйген салтын да сүйеді»шығарма жазыңдар.

 

 

Түгел батырдың елімен қоштасуы

-Әй,сұм жау-ай,қапысын тапты ма ақыр?

Дегеніне жетті ме сатқын ақыр?

Үзеңгіге бір мыстан жаққан удан,

Оқта-текте талықсып жатты батыр.

 

-Бет алды ма шынымен оңалмасқа,

Мәңгілікке кетер ме оралмасқа?

Азаттыққа жеткізді елімізді,

Не істеп еді сатқынға одан басқа?...

 

Елі-жұрты жиналып кеп басында отыр,

Сегіз жары жабырқап қасында отыр.

Есін жиып әйтеуір бір мезетте,

Тілге келді-ау көтеріп басын батыр.

 

-Қош-есен бол туған жер-жасыл бағым,

Ұрпақтарым аяулы,асыл жарым.

Қош болыңдар, бәрің де,бауырларым,

Сезіп тұрмын дәм-тұздың таусыларын.

 

Бір батырдан қапыда айрылғанға,

Қамықпаңдар,ағайын,қайғырмаңдар.

Одан дағы,татитын мың батырға,

Бірлік атты батырдан айрылмаңдар!

 

Абыздың соңғы сөздері

   Байсерке абыз жүзден бірер жыл асқан тұста Ертіс пен Есіл аралығындағы елдердің жақсысы мен жайсаңы абыздың үйіне жиналысады.Ойлары аяулы қарттың көзі тірісінде бақұлдасу екен.Сонда «Дүниеде не сый көрдіңіз?» -деп сұрағанда,қария былай депті:

 

Дүние деген бір қу екен,

Заһары күшті у екен.

Тұрағы жоқ бірінің,

Ағып тұрған су екен.

 

Біреуі елеп ермейді екен,

Қалағаныңды бермейді екен.

Әбден тонап алған соң,

«Кет» -деп қолын сермейді екен.

 

«Кет» -деген соң,

Жатырмын кетейін деп.

Қамданып,ол дүниеге жетейін деп.

Зор ием тілегімді қабылдаса,

Қайырды енді содан күтейін деп.

 

Уа,жұртым! Уа,бауырым! Амандастың,

Келмейтін ұзақ жолға қадам бастым.

Бәрінен ғафу сұрап үлкен-кіші,

Ақырғы лебізіммен мен қоштастым.

 

***

     Атақты Күрлеуітұлы Құсайын молда Тайсоймас ауылында мешіт салдырған. Жанында медресе болған. Бұл медресеге шәкірттер Кереку уезінен тыс аймақтардан да келіп дәріс алған.

      Қызылағаш болысының Қаби Тәтентайұлы, Иса Байзақұлы, Нығман Алшынұлы тәрізді атақты адамдары осы медреседе оқыған.

 

Құсайын молданы жоқтау

 

Жігітке талаптанған өнер арзан,

Көп шығар жете алмаған әркімде арман.

Жамиғат құлақ қойып тыңдасаңыз,

Ұшыпты бір ақ сұңқар Қосайдардан.

 

Қосайдарға Құсайын молда бопты,

Кітабы Құранымен қолда бопты.

Бес жүздеп оқытқаны шәкірт дейді,

Сөзіне шариғаттың жорға бопты.

 

Оқыды әуел барып Қызылжарға,

Олардай артық туған кісі бар ма?

Оқуын Қызылжардың бітірген соң,

Беріпті өзі сабақ молдаларға.

 

Кетіпті оқу іздеп бір қияға,

Шығады ішкі өнері жарияға.

Неше облыс шәкірті келеді екен,

Уфада медресе Ғалияға.

Бәріне сол шәкірттің дәріс берген,

Шұқанақ пар келе ме дарияға.

 

Тапсырма

 1.Жоқтау өлеңдерінің тақырыптық және көркемдік ерекшеліктерін ажыратыңдар.

 2.Көңіл күйге байланысты шығарманың қандай түрлерін білесіңдер?

 

Пәуеден ақын

 

Пәуеден ақынның ұлты-татар, қай жылы туып, қай жылы дүние салғаны белгісіз.Атағы Ертіс өңіріне әйгілі Дәнді,Домақ байлардың ауылында молда болып келген нағашылы - жиенді екі татар жігіт Дәнді салған мешітке ие болып, бала оқытады.Пәуеден әрі шешен, әрі ақын ретінде ел құрметіне бөленеді.

    Пәуеденнің өлеңдері көбінесе нақыл, мақал-мәтелдер болып келеді.

 

 

 

 

Мақал-мәтелдер.

 

Ауылыңда батыр болса,

Жау көп болмас,

Әкімің дана болса,

Дау көп болмас,

Көп жақсыдан көп жаман үстем болса,

Елің пәле-жаладан сау деп болмас.

 

Өлген соң арыстаннан тышқан артық,

Ақымақ досыңнан да дұшпан артық.

 

Дәулетті бай жомарт ер,

Айдын шалқар көлмен тең.

Қайыры жоқ сараң бай,

Қырық күншілік шөлмен тең.

Жаман болса алғаның,

Үй ішіңнен шу кетпес,

Ақылыңнан ду кетпес,

Суықтығы оның мұзбен тең.

 

Тапсырма

1.Мақал-мәтелдерден антоним,синонимді тауып,астын сызыңдар.

2.Антоним,синоним дегеніміз не? Сөйлем құрастырыңдар.

3.Ел сөзіне лексикалық талдау жасаңдар.

4. «Мақал-сөздің мәйегі»тақырыбында ойтолғау жазыңдар.

Балапан ұяда не көрсе,.........

Ақыл көпке жеткізер,..........

Жүйелі сөз-жүйесін табар,..............

Өнерлі жігіт өрде озар,............

Жалғыздың үні шықпас,...........

Жаңбыр жауса ел ырысы,...........

Оқусыз білім жоқ,...................

Жақсы қыз-жағадағы құндыз,..............

Атадан ұл туса игі, ..................................

Атаның баласы болма,...........................

 

Тапсырма:

1.Мына мақал-мәтелдердің жалғасын тауып жазыңдар.

2.Мақал-мәтелдердің тақырыптық ерекшеліктері туралы айтып беріңдер.

3. Әр түрлі тақырыпта мақал- мәтел теріп, мақал-мәтел кітапшасын құрыңдар.

Төмендегі әзіл сұрақтарға мақал-мәтелдермен жауап беріңдер.

 

Нұр кімге жауады?

Күлдіретін кім,жылататын кім?

Бір рет өлетін кім?Мың өлетін кім?

Әдепті бала қандай бала?Әдепсіз бала қандай бала?

Түкіріктен көл құрала ма?

Білгенің қанша?Білмегенің қанша?

 

Мына шарттарға сәйкес мақал-мәтелдерді тауып жазыңдар.

 

1.Сын есімі бар мақал-мәтелдер.

2.Сан есімі бар мақал-мәтелдер.

3.Есімдігі бар мақал-мәтелдер.

4.Есімшесі бар мақал-мәтелдер.

 

Жұмбақтар.

Болмайды бізді,

Ешқашан ату.

Түсім аппақ,

Атым-...                            (Аққу)

 

Бетіңді тырыстырады,

Арқаңды құрыстырады.

Ыңғайына көне берсең,

Досыңмен де ұрыстырады.

                                                 (Ашу)

         Бір алаша төселген,

Екі ауылды жалғайды.

Өмірінде еш адам,

Оны жинай алмайды.

                                               (Жол)

Күннің нұрын сүйеді,

Күнге басын иеді.

                                          (Күнбағыс)

Өзім судан өнемін,

Суға салсаң өлемін.

                                          (Тұз)

М.Жаманбалинов

Тапсырма

1.Өздерің білетін жұмбақтармен толықтырыңдар.

2.Жұмбақ құрастырыңдыр.

3.Күнбағыс сөзіне фонетикалық талдау жасаңдар.

Исаның айтуымен тараған шығармалары

Ай астында Айбарша сұлу

(Ертегі)

Абыз:

–Уа, ұлым қайда  аттандың? –деп сұрапты.

Баяу хан:

- Уа, баба, сізден бата ала кеткелі келдім. Жер қайысқан қол жайып,дүниеге тыныштық, әділдік орнатқалы аттандым, -дейді.

Сонда абыз отырып:

-Уа, балам,тыныштық па, әділдік пе, ә!... Тыныштық, әділдік орнатам деп соғысқа аттандым де, -деген екен де, үндемей отырған екен. Сонда Баяу ханның тыныштық орнатам деп, жер қайысқан қолмен қырғынға аттанған қатесі ойына түсе қалып, -енді аяғын айтпаңыз абыз, мен тоқталдым, өз жазамды өзім айтайын, менің жазам өмір бойы күлмеу болсын, -деген екен.

 

Тапсырма

1.Ертегінің қандай түрлерін білесіңдер.

2.Диалогты оқып, тыныс белгілердің қойылу себебін түсіндіріңдер.

3.Төл сөз бен автор сөзінің орын тәртібін сызба түрінде көрсетіңдер.

4.Төл сөзді төлеу сөзге айналдырыңдар, өзгеріске түскен сөздің астын  сызыңдар.

5. «Ертегідегі ел арманы»ойтолғау

 

*Қосымша оқуға: И.Байзақов «Жетімдер»ертегісі

 

Құралай сұлу

(сахналық көрініс)

Қатысушылар: автор, жігіт, Монтай, Келден батыр, бәйбішесі, Сейқын хан және оның бектері, Құралай сұлу.

       

         Автор:          

Қазақтың Есім ханы болған кезде,

Жау жорық жапан түзге толған кезде,

Болыпты Монтай атты бір әділ би,

Руы Ойбас Қыпшақ, Орта жүзде.

 

Ол кезде Шудың бойын қазақ алған,

Неше жыл сол алапты мекен қылған.

Оңтүстік Қамсақтың жағасында,

Қалыпты Монтекеңнің аулы болған.

 

Монтайды елі қадір қылады екен,

Айтқанын өнеге деп ұғады екен,

Ер өліп, ел күйзелген іс болса да,

Монтекем жөндесін деп тұрады екен.

 

Ер құнын екі-ақ ауыз сөзбен айтып,

Монтекең іс жүйесін табады екен.

Сырт елмен тартысқанда табан аумай,

Теңдігін әділ сабаз алады екен.

 

Әр елдің Монтекеңдей ағасы жоқ,

Болса да ондай үздік бағасы жоқ.

Жалғыз-ақ ел мен ердің ойлайтыны,

Өзі өлсе Монтекеңнің баласы жоқ.

 

Сол күнде жетпіс төртте бидің жасы,

Қуанып етек тартар жоқ баласы,

Пұшпағы қанамаған бәйбішенің,

Қайғысыз күн өткізер жоқ шарасы.

 

Тоқалдан жалғыз туған Қайыргелді,

Би түгіл қуанып ед, барлық елді.

Бір тойда диуананың тілі тиіп,

Күнінде құлыншақтай о дағы өлді.

 

Монтекең сол өлгелі қалды,

Ортақ боп бұл қайғыға ел сандалды,

Жиылып «жақсылары» ел-жұрттың,

Ас беріп, бата оқысып аза салады.

 

Ер үшін ел қайғыда содан былай,

Жұбатуға Монтекеңді сөз таба алмай.

Шешенін ортаға алып отырды жұрт,

Ешбірі қолай тауып үндей алмай.

                    

Қабақты қараторы, ұзын бойлы,

Кірпікті,бурыл сақал,терең ойлы...

Бұрылып үлкен мұрын, ойлы түспен,

Халқына бір жағалап қарап қойды.

 

Әрі-бері ойға кетіп отырды жай,

Жұрт күтті не дейді деп қимылдамай,

Күрсініп жерден басын алды дағы,

Сөйледі жұртқа қарап содан былай:

 

Бірінші сурет

Монтай:

«Уа, жұртым, қайғырмайық бір жас үшін,

Жазымыштың сөгеміз бе еткен ісін?

Ер туса, елден тумақ, елді тіле,

Елсізден ер тумақ па, білмеймісің?...

 

Ер туып,жоқ елді бар қыла алмайды,

Ел болса, ер туғызбай тұра алмайды,

Тұсында әр заманның бір сұрқылтпай,

Ұқсаңдар ата сөзі жай қалмайды...

 

Үйірінен бөлінсе,

Құланның күйі болар ма,

Өз тобынан бөлінсе,

Батырдың бағы жанар ма,

Қара басын қайғырса,

Биде әділдік болар ма?

Бәйек болып халқына,

Ел қорғаған жастардың

Бәрін де ұлым демей ме,

Мейлің мырза,мейлің құл,

Бұқарасы болған соң,

Бәрінің қамын жемей ме?!

Жақсы туса халқымнан,

Бар ма менің арманым,

Айрылмасам салтымнан,

О да менің оңғаным.

Қартайғанда басқан ой,

Қара бастың қамы емес,

Көңілді серпіп ашпас ой,

Мұңдана беру сән емес.

Қамсыз қайғы қапалық,

О да ақылдың заңы емес.

 

Армансыз адам көрмедім

Осы жасқа келгенше,

Мұңсыз ешкім көрмедім

Қартайып отым сөнгенше,

 

Арманы жоқ ер көрсем,

Арымастай болар ем,

Азбайтын тату ел көрсем

Тұғырға қайта қонар ем...

 

Автор:

Монтекең осыны айтып қалды тоқтап,

Күрсініп қатты деммен күнін жоқтап,

Бір жігіт босағадан түрегеліп,

Сөйледі биге қарап сөзді нықтап.

 

Жігіт:

«Қажытпау жұртыңызды тілегіңіз,

Шын сүйген ұлтыңызды жүрегіңіз.

Көлдегі көгілдірдей Қақажанға,

Қамығып жас кеткен соң,жүдедік біз.

 

Тағдырдың жазмышына көнгеннен соң,

Сіздің мауық басылуын тіледік біз...

Армансыз адам көрдім бұл дүниеде,

Айтайын соның жайын іздесеңіз...

 

Бір бай бар Шудың бойын мекен қылған,

Дермиянды тілектес көңілі толған,

«Армансыз Келден бай»деп аталады,

Он сегіз ұлы он сегіз ауыл болған»

 

 

Автор:

 Келден бай сол өлкеден таңдап алған,

«Көк мұрын той» өзенін мекен қылған.

Ол өзен Шудан аққан бойыменен,

Батысқа өлкені өрлеп кетеді әрман.

 

Өзеннің екі жағы қамысты көл,

Жайылып екі тарап болады сел,

Шашты қыз, тарақты алсын, шөп өседі,

Ат шаптырым алабында жайлаған ел.

 

Шаңқанда шағалалы құстар ұшып,

Шуылдап сұқсыр қонған суға түсіп.

Қызғыш – қызық, шәукілдек жағын безеп,

Аққу, қаз сұңқылдайды үнін қосып.

Алыстан көрсеткенде сұлу сағым,

Күлдіреп көтеріп тұр, көлдің бағын,

Жан-жағы көктеменің көкмайсасы,

 Толтырып жаңа жарған жапырағын.

 

Қара құрт, қаптаған мал сонау дала,

Бықырлап ақтылы қой толған сала,

Шұбырып көлден жылқы шығып барад,

Қиқулап жылқышылар беткейді ала.

 

Көктілі, көкалалы төске толған,

Сары қарын биелері мама болған.

Бұлтылдап жұтқыншақтың жұмырындай,

Жарысып құлын мен тай ойын салған.

 

Өзеннің алқапты асар қабағында,

Тізілген қалың елдің бер жағында,

Қардай ақ алты-жеті ақ орда тұр,

Малы жоқ қотан салған бер жағында.

 

Сыртқы елде көген шешіп, қозы маңырап,

Қыз-қатын, бала-шаға улап-шулап,

Күңіренген кешкі әуезбен үн қосылып,

Өлкенің кетіп жатыр бойын қулап.

 

Ортада үлкен ақ үй сегіз қанат,

Түзелген кемшіліксіз сән, салтанат.

Оюмен әлеміштеп отауларды,

Торлаған туырлығын неше қабат.

 

Екі үйдің арасында тартқан белдеу,

Кермеде байлаулы тұр үш-төрт бедеу.

Тұғырда томағалы бүркіт отыр,

Қақшытып жем беріп тұр, оған біреу.

 

Тақалған үлкен үйге ақ  отаудан,

Сызылып дауыс шығад, ән шырқаған,

Жуырда келіншегін алып еді,

Кенжесі Келден байдың ерке Байжан.

 

Күмістей ақ сақалды, қартқа басқан,

Жас мөлшері сексеннен еркін асқан,

Жамылған торғын тоны сүйретіліп,

Келден тұр үй сыртында қозғалмастан.

 

Сүйеніп таяғына шырқ айналып,

Алысқа жағалатып көзін салып,

Бұлдырап кәрі көзді кеш ұялтып,

Қарайды маңдайына қолын алып.

 

Батуға шеті ілінген алтын арай,

Жер астан, аспан үстен қарай-қарай.

Қоңыр түс ойға түсіп, қабақ жауып,

Тынышталып келе жатыр, дүние салмай.

 

От шашып қызыл жібек маңайына,

Нұр төгіп көкжиектің маңдайына,

Түсіріп шымылдығын бір заманда,

Күн сұлу кіріп кетті сарайына.

 

Батыс пен солтүстіктің арасынан,

Келеді салт жолаушы бір-екі адам.

Жөн сұрап, бір адамнан қарсы жүрді,

Келдекең көз жіберіп тұрған соған.

 

Оқ бойы жерге келіп сәлем берді,

Қосшыға атын тастап қарсы жүрді,

Қол беріп Келден байға амандасты,

Көретін күн болды-ау деп сіздей ерді.

 

Екінші сурет

Келден:

-Уа, шырағым, қай ұлсын?

Түрлерің жат көрінед, шеттен келген.

 

Монтай:

-Иә, баба, руым – Қыпшақ, атым – Монтай,

Көруге сізді әдейі іздеп келгем.

 

Келден:

Сен бе едің Қыпшақтағы әділ Монтай,

Сыртыңнан тілеуші едім бір көре алмай,

Ендеше көріселік, кел, қарағым!

Жыласып, құшақтасты содан былай.

 

(Келден мен Монтай жыласып,құшақтасады. Монтай ақ ордаға сәлем беріп,бәйбішемен амандасады)

Монтай:

-Бақ мынау, бала мынау, дәулет еркің,

Келдеке, сізде де арман бар ма?

 

(Келдекең аз бөгеліп ойға кетіп,Монтайға жауап берді сөзін күтіп)

Келден:

-Армансыз бұл дүниеде жан бола ма,

Жеткізген кімді «тәңірі» түгел етіп.

 

Монтай:

-Таңданам, сіздің арман қандай екен,

Жасаған жанды, бақты әрін берген.

Естіп ем сыртыңыздан армансыз деп,

Бірінші себебім сол іздеп келген.

 

Тыңдарлық оқиға екен арманыңыз,

Шер болып жас жеткенше есте жүрген,

Елден де ер арманы күшті деген,

Байланған шеріңіз бар қандай жерден?

 

Келден:

-Ешкімге айтпаушы едім бұл арманды,

Қайғымен күйдірсем де шыбын жанды.

Адам емес, алла емес, мен кінәлі,

Өлтірттім жазасы жоқ бір жас жанды.

 

Дүниеден күлмей өттім, күлмес хандай,

Ойласам өкінішін тау басқандай.

Кеудемнен арсыз жаным шықпаған соң,

Тірі жүрмін өмірмен ұнасқандай.

 

Монтайым, мейманымсың, шын құрметті,

Саған айтпай, кімге айтам қайғы-дертті.

Сақалын сипап ескі балуан қолмен,

Ертек қып өткендерін бастап кетті:

 

- Дариға-ай, жалын сөнді, кәрілік жетті,

Дәуренім өң мен түстей өтті, кетті!

Куарып тән қартайып, жан жүдер деп,

Жастықта көңіл мұны қашан күтті.

 

Өмірдің алды жарық, соңы қара,

Талайға түсірді ғой бітпес жара...

- Еліміз тым жауынгер  күшті ел еді,

Жорықта талайға жол бермеп еді.

Басшы еді бір тайпа елге ағаларым,

Ешкімнен туып тосу көрмеп еді.

 

Бір туған үш ұл, бір қыз төртеу едік,

Әкеміз ол уақытта өліп еді.

Мен едім үшеуінің ең кенжесі,

Он үшке менің жасым келіп еді.

 

Қалмақтың жортушысын аңдимыз деп,

Жас қалмай, барлығы атқа мініп еді.

Тамыздың аяқ кезі жаңылмасам,

Ел көшіп Қаратауға қонып еді.

 

Кемпір-шал, қатын-қалаш елде қалдық,

Күзетке күндегідей даярландық.

Түн болды, малды иірдік орталыққа,

Бір-бір ат бәріміз де ұстап алдық.

 

Еркекше әйелдер де киіп алған,

Түнімен аттан түспей ел айналған.

Қосылып екеу-екеу әрқайсысы,

Үзілтіп неше түрлі әнге салған.

 

Жым-жырт түнде сызылған сұлу дауыс,

Жаңғыртып ұйықтап жатқан тауға барған.

Жыр толғап, қысқа таңды әнмен алдық,

Ол күнде әдет пе еді қажып-талған.

 

Оянды таста ұйықтаған таудың құсы,

Сәулемен араласқан жат дыбысы,

Шырлады бозторғайы ақ көденің,

Сырғайып түрілген соң таңның түсі.

 

Албасты жерді басқан қараңғылық,

Білінбей бара жатыр ептеп жылып,

Түрленіп өң мен түстің арасындай,

Таң туып келе жатыр сан құбылып.

 

Бұлдырап Қаратаудың айналасы,

Бұқпа үңгір, бұғы қашқан қара тасы,

Құшып-сүйіп, құшақтасып жарыменен,

Әлі тұр табиғаттың бұлт баласы...

Аттарын жіберісті жүрттың бәрі,

Тарасты үйді-үйіне ұйықтағалы.

Түйе мініп, кәрілер жылқы өргізіп,

Қаратаудың бауырынан ұзады әрі.

 

Дауыстар: «Жау шапты!» «Жау шапты!»

 

Жалаңаяқ, жалаң бас кетті халық,

Біреуі бақан, біреуі сырық алып.

Қатын-қалаш қалмады тайлы-таяқ,

Ел сендей соғылысты аттан салып.

 

Біреу жылап, біреулер құлап жатыр,

Ел басына түскен соң заманақыр,

Өгіз, түйе мінгендер борсаңдатып,

Жаяудан да оза алмай бара жатыр.

 

Шүу деп айқай шыққанда, жалаң аяқ

Жүгірдім шыбын жанды аямай-ақ.

Жау да айдады, жылқыға мен де жеттім,

Шетінен ұстап қалдым сұр бикешті-ақ.

 

Сұр бикеш бедеу еді,арқар соққан,

Құстай ұшып шығатын талай топтан.

Басқа қылар қайратым бола алмады,

Қарусыз тұрып қалдым сонша топтан!

 

Қалың жау тасырлатып кетті қуып,

Алабын Қаратаудың шаңмен жуып,

Оңайлыққа түсетін көрінбейді,

Байқадым жаудың беті сондай суық.

 

Айналып ауылыма қайта келдім,

Бөгелмей сұр бикешті ерттеп міндім.

Ағамның қаруымнан қару алып,

Бұл жауды не де болса қуам дедім.

 

Белімде зырылдауық байлап алған,

Көк найза тақымымды қысып салған,

Айбалта,отыз оқпен садақты алдым,

Ағамнан артық болып үйде қалған.

 

 

Жөнелдім жауды қуып сонан былай,

Ел қалды жаяу-жалпы,шулай-шулай,

Бұлдырап таңның соңғы сәулесімен,

Ұшырттым жан талқыда тулай-тулай.

 

Күн шықты нұрын шашты әр берден соң,

Күлдіріп дүниені жас баладай.

Көміліп бу мен бұлтқа Қаратауым,

Артымда қала берді қарай-қарай.

 

Жарыстым сар даланың сағымымен,

Адырдан асып шаптым қара қурай.

Көрініп алдым ылди шапқан сайын,

Ізімді тозаң қалды болжай алмай.

 

Сұр бикеш жымырлытып қос құлағын,

Шақырды шапқан сайын аруағын.

Тер шығып тебінгіден алғаннан соң,

Түсірді бір-ақ жерге төрт аяғын.

 

Үш домалап анадай барып түстім,

Шаң үстімде қуанып бұрқ-бұрқ етті.

Тұра сала садақпен екі-үш тарттым,

Тобына толғауы жоқ оғым жетті.

 

Жығылды бір-екеуі қалбаң ойнап,

Қалғаны қаптап кетті, дулап қайнап,

Енді қару қылуға келмей қалды,

Түсе-түсе жүгіріп алды байлап!

 

Теңге таңып, еліне алып кетті,

Он бір күнде еліне барып жетті.

Жылқының жарамына мені қосып,

Олжа деп хандарына тарту етті.

 

Үшінші сурет.

Сейқынның ақыр көндім мазағына,

Жегілдім неше түрлі азабына.

Тұтқынның басқасынан маған қатаң,

Арқаның хандары қас қазағына.

 

Орыным босағада тері тұлып,

Сыптай қылып тастаған, тар ғып тігіп,

Құлдары қоршалықпен ас берді,

Тұрады құр қылтиып басым шығып.

 

Қапаста қоршалықпен күнім өтті,

Елден хабар болмады, мезгіл жетті.

Қазақтың батыры деп құл мен құтан,

Бетіме күйе жағып мазақ етті.

 

Көшкенде салбыратып, нарға теңдеп,

Тірі өліктей қор қылып сан сүйретті.

Ажалсыз жан кеудемнен шықпай жүріп,

Сол қорлықпен тұтқында бес жыл өтті.

 

Төртінші сурет

Ханы еді қалмақтардың Сейқын деген,

Он мыңдай нөкері бар соңына ерген.

Өзі бай, өзі мықты заманында,

Ешкімге Сейқын тұрып дес бермеген.

 

Мың басы бектері бар алты-жеті,

Өзінен басқанікін жөн көрмеген.

Ұлдары өр көкірек, батырсымақ,

Басқаға менменсініп жол бермеген.

 

Сейқынның бір қызы бар жаннан асқан,

Жерде туып, көкте күнмен нұрын қосқан,

Хан түгіл, халқы сүйіп Құралайды,

Әрдайым, әйелсінбей ақылдасқан.

 

Талма түстің шағындай боп нұсқасы,

Түйген жібек секілді түйме басы.

Кәмшат бөрік шашақты және үкілі,

Төгілген қара мақпал,құндыз шашы.

 

Кең маңдайлы,қыр мұрын,бота көзді,

Түрімен ұқтырғандай,айтпақ сөзді.

Құлқында жан тартарлық терең сыр бар,

Тани ма дегендей-ақ өмір бізді.

 

Екі бет уылжып тұр қаны тамып,

Ақ жүзінде өмірдің шамы жанып.

Жас баланың аузындай кішкене аузын,

Қызыл ерні сүйіп тұр құмарланып.

 

Жұп-жұмыр үлбіреген алма мойын,

Ақылдан орнатқандай өлшеу алып,

Білегі аппақ,ақ жамбыдай,

Сұлулық есі кетіп,тұр таң қалып.

 

Бесінші сурет

Бір күні Сейқын хан үлкен той жасап,барлық аймақты шақырады. Тұтқындарын босатып, екі бегін қазақтың Келден батырын алып келуге жұмсайды.

Сейқын хан:

-Қалмаққа жау болмайсың бұдан былай,

Ханымыз жарлық қылды саған солай,

Ант беріп,уәде бер,осы сөзге,

Әйтпесе босатпаймыз біз сені жай!

 

Келден батыр:

-Саған жау,Сейқын сұмырай,мендей қазақ

Болмаймын бас алсаң да үйтіп мазақ

Өлсем де елім үшін өкінбеймін,

Еркіңде,көрсете бер қандай азап.

 

Қайтсе де қосылмайды саған қаным,

Жаралғаннан жұртымды сүйген жаным.

Бүгін шешіп босатсаң,ертең жаумын,

Сендей жауды жапыру ойлағаным.

 

Ызаланған Сейқын хан Келден батырды тағы да апарып қараңғы үңгірге қаматады.

 

Алтыншы сурет

Ұйықтап жатқан Келден батырды Сейқын ханның сұлу қызы Құралай оятады.  

Құралай сұлу:

-Сіз бе?-Кешегі көнбей кеткен,

Қаймықпай ханға қарсы айбат еткен.

Сіздің қазақ екеніңіз білінген соң,

Мен сізді іздеп келдім бір себеппен.

 

Келден батыр:

-Қандайын мұңын болып келдің маған?

-Айт.

 

Құралай сұлу жылап тұрып:

-Әкем Сейқын,шешем менің қазақ қызы,

Қайғымен өліп кетті шерлі жүріп!

 

Әкеміз біз жорықта қазақты алған,

Аз болып елі қарсы тұра алмаған.

Сол күнде он бесте екен менің анам,

Жас науша сорлы болып қолда қалған.

 

Қызығып артық сұлу болғандықтан,

Анамды қара қаны Сейқын алған.

Көнбесіне еркі жоқ жылай-жылай,

Сөйтіп осы Сейқынға пенде болған.

 

Басқалардың шешесі қалмақ қызы,

Сорлы анамның мен-ақ жалғыз көзі,

Өлерінде «құлыным» деп,жаным анам,

Бар еді өсиет қып айтқан сөзі.

 

Анама ешбір жанды тең көрмеуші ем.

Әке деп Сейқынға да өң бермеуші ем.

Аналық жүрегінде шын махаббат,

Мені ғана сүйгенін құп білуші ем.

 

«Жауыңа пенде болма»деген анам,

Қайғымен елін ойлап өлген анам.

«Жұртыма көзің көрсе сәлем айт» деп,

Қайғысын өлерінде берген анам.

 

Сол елі сорлы анамның сен боларсың,

Айтулы арманына тең боларсың,

Құтылмақ зор міндетім аманаттан,

Дертіме,Келден батыр,не табарсың?

 

Сол үшін келіп тұрмын,міне,сізге,

Түсіндім кеше ғана сіздің сөзге,

Құтқарам,мейлің тірі ал,мейлің өлтір,

Ерлік жоқ мен істейтін одан өзге.

 

Құралай сұлу Жәйшағыр деген ханның Торғайкөкті тұлпарымен келіп,батыр екеуі туған жерлеріне бет алды.

 

 

 

Тапсырма.

1.Сауалдар:

1.1. Эпитет

1.2. Теңеу

1.3. Метафора

1.4. Метонимия

1.5. Фразеологиялық тіркес

1.6. Жер-су аттары

1.7. Кірме сөздер

1.8. Соғыс,ұрыс кезінде қолданылатын қарулардың аты

1.9. Құралай сұлудың бейнесін ашатын жолдарды табыңдар.

2. Осы сюжетке ұқсас қандай шығармаларды білесіңдер?

3. «Махаббат пен зұлымдық неге қатар жүреді?»деген тақырыпта ойтолғау жүргізіңдер.

 

Даналық бұтағы

     

Шешендік сөздер,билердің ғибратты нақылдары,айтулы тұлғалардың өнегелі істері,дана шешімдер-бұлар халқымыздың атадан балаға асыл мұра болып келе жатқан аса бай да бағалы қазынамыз.

     

Байсерке абыз.

(1779-1889)

      Байсерке абыз атақты Түгел батырдың балаларының бірі. Ол қазіргі Сілеті ауылына таяу жердегі Бөсін деп аталатын ауылда туып-өскен. Сұрапыл шешендігімен, қара қылды қақ жарған әділдігімен  есімі ел аузындағы аңызға айналған.

    Ел аузындағы аңызға қарағанда,Байсерке абыз қолтоқпақтай ғана шымыр денелі кісі болса керек. Атақ-даңқы жер жарған шешен болғанымен, алдында айдаған малы жоқ, қызыл сіңір кедей, әрі ұл перзент көрмеген басқа жарлы адам болыпты. Сөйткенмен,шешендігі мен әділдігінің арқасында қалың қыпшақ жұртшылығының сеніміне еніп, ел үстінен күн көрген екен.

 

Байсерке абыздың толғаулары.

Бәйгеге ат қоссаңыз,

Бәйге білмес бақ білер.

Артқы айылдың батқанын,

Иесі білмес,ат білер.

Ер жігіттің қадірін,

Ширатпалы тақ білер,

Қызыл тілдің қадірін,

Қаусырмалы жақ білер.

Базарға мал айдасаң,

Базары білмес,бақ білер.

Кімнің жақсы-жаманын,

Жаратқан Алла-хақ білер.

***

Жамандардан би қойсаң,

Алжастырар еліңді.

Жүйелі сөзге бара алмай,

Сындырар күнде беліңді.

Жақсылардан би қойсаң,

Бәйге атындай сенімді.

Сыйлап-сипап құрметпен,

Көркейтер күнде еліңді.

Таңдап тауып жолдас бол,

Айнымайтын жақсы теңінді.

Сабырлықпен шыдаған,

Ерлерді айт сенімді.

***

 

Жақсы жолдас сол болар-

Жолықбай сөзді жинаған.

Жаман жолдас сол болар-

Орынсыз жерде қинаған.

Көршіге қоғам болғаны-

Ауыл маңын жинаған.

Баланың асыл туғаны-

Ата-анасын сыйлаған.

Жауда қалар жолдасы,

Өзінің басын қорғаған.

Бұл заманның билері.

Көрмегенге нанбаған.

Екі достың арасын,

Айырады оңбаған.

Анық көзі көрмесе,

Сөзге ермейді оңды адам.

Ақсақал болсаң ауылда,

Өз бетіңмен қонбаған.

Ердің ері сол болар,

Өзін-өзі қинаған.

Бұл сөзімді жек көрмес,

Ақылы бар милы адам.

Жақсы адамның белгісі-

Сөзі шықпас шашуға.

Негізі жаман жасықты

Қайтадан болмас жасауға.

Білімсіздердің сөздері-

Салғандай құрық асауға.

Білімдінің белгісі-

Басыңды ел қып қосарға

Наданменен сөйлесең,

Жол таппассың қашарға.

Шақырып құрмет қылмаса,

Қыдырып жүрме есікке.

Қонақ келсе сыртыңа,

Жүгіре шық,кешікпе.

Қырықтың бірі Қыдыр да,

Ақылы тиер несіпке.

Өз көзіңмен көрмесең,

Біреу айтқан өсекке,

Шын екен деп елікпе.

 

Жайықбайға айтқаны.

Байсерке абыздың ұл перзенттері болмапты. Екі қызының бірі атақты Қошқарбай батырдың көп балаларының біріне тұрмысқа шыққан екен.Сағынған баласын, оған туған жиендерін көріп қайтуға Байсерке абыз Ертістен Есілге сапар шегеді. Құдасы Қошқарбай батыр Байсеркемен сыйлы қонақ болуға көршісі Жайықбай биді аға-сұлтан баласын арқаланып, басқаға сөз кезегін бермей,жүйесіз сөйлей беріпті.Орайы келген бір сәтте Байсерке абыз:

Нақ бедеу мен қазанат,

Шабына түртсең теппейді.

Нәсілі жақсы азамат,

Шамдандырсаң сөкпейді.

Негізі жаман адамдар,

«Сен»дегенді кектейді.

Іс түскенде басыңа,

Туысың келер қасыңа.

Түбі бірге кетпейді.

Туысқа ешкім жетпейді.

Байлауы жоқ шешеннен,

Үндемеген есті артық.

Білмей лағып сөйлеуден,

Үндемеген бес артық,-

деп Жайықбайдың лағып сөйлеуін су сепкендей тоқтатқан екен.Баласының беделін пайдаланып біреуден параға түйе алғанын да бетіне басыпты.

Исабек ишанға берген жауабы

  Байсерке абыздың жасы жүзге толғанын естіген Ақкөл-Жайылма жерінің ғұламасы Исабек ишан абыздың хал-ахуалын біліп,сәлем беруге, оның Жарлықақтағы жайлауда отырған ауылына келеді. Әңгіме үстінде Исабек ишан:

    -Би көп жасадыңыз, көп көрдіңіз.Абыздың өз аузынан естіген едік деп жүрейік, бір жақсы сөзіңізді айтыңыз, -деп сұраған екен.

   Сонда қарт абыз:

    -Не айтайын, мен бәрін де айтып тауыстым ғой, -деп жауап берсе керек.

    -Абыз, дүниеде не артық болады? -деп сұрағанда, Байсерке абыздың айтқаны екен:

Тобылғылы шұбардан,

Панасыз таудың несі артық?

Қадіріңді білмес жақыннан,

Құныңды таныр жау артық.

Жаңбырсыз өткен қу тақыр,

Қайырсыз жаздан қыс артық.

Қызықсыз қайқы өмірден,

Ұйқыда көрген түс артық.

Әр нәрсенің жайында,

Аңғырттықтан еп артық.

Шаппайтын алмас қылыштан,

Қолдағы қамшы көп артық.

Суы ащщы теңізден,

Томар да болса көл артық.

Арық малдың етінен,

Бір тостаған сөк артық.

Тар жол, тайғақ кешуде,

Ерлердің еткен ісі артық.

Қайырсыз болған алтыннан,

Қайыры бар мыс артық.

Сипаты бірдей болса да,

Адамнан адам ісі артық.

Шешенсінген лақпадан,

Аузы сараң кісі артық.

Көз алартып,күш айтқаннан,

Базына келген наз артық.

 

Тапсырма

1.Байсерке абыз өлеңдерінен философиялық даналық ойларды анықтаңдар. Қазаққа тән ұлттық қасиетті табыңдар.

2.Абыз мұраларының жыраулар поззиясымен үндестігі.

3. Ел аузында сақталған толғаулардағы Абыздың ішкі әлемін, образын сомда.

Әдебиет теориясы.

Толғау-ұзақ толғап айтылатын лирикалық өлеңнің бір түрі.

 

Абыздың дауға баруы.

 Ертеде қыпшақ руларының екі жүз жүз жылқысын Сүйіндік еліндегі Шорман бидің барымташылары қуып әкетеді. Мал иелері екі рет іздеп келіп, ұры кімдер екенін төндіре дәлелдеп мойындаса да, Шорман би бітімге келіспейді.

      Дау ұлғайған соң қыпшақтар қиыла өтініп Байсерке абызды даугер етіп аттандырады. Байсерке қаржасқа даугер болып келгенде Шорман би:

    - Әлі де даудан арманың бар ма? Ерігіп жүр екенсің! -деп кекетіпті.

     Сонда Байсерке шешен көптің алдында тайсалмай, суырыла сөйлепті:

-Ерігіп үйден шыққам жоқ,

Айдап шықты өр зорлық.

Ілігі жоқ,кегі жоқ,

Нақақтан шапқан жау қорлық.

Мынау мақұл дейтұғын,

Бейуаздың қамын жейтұғын,

Еліңде әділ адам жоқ.

Екі рет келдім жігітім,

Бермедің оған бір бітім,

Сөз тыңдарлық жайын жайың жоқ,

Ұрлық-зорлықтан басқа білерің жоқ,

Арамнан басқа ілерің жоқ,

Ашу-ыза шыдатпады,

Еріккеннен келгенім жоқ.

Малыңды жина еліңнен!

Кекеткенге кемімен,

Айып-анжыңды түгел кес,

Зорлық істеткен мен емес,

Екі жүзден астам жылқымды,

Жібермеймін тегіннен.

Арсыз болсаң арындарсың,

Әділ болсаң қабылдарсың,

Кінәңді ал мойныңа,

Ұял таудай мініңнен,

Жүзге жүздің зорлығы жоқ,

Тайма түзу жөніңнен?-депті.

Шешен дауды жеңіп,ауылына қыруар олжамен  келген күні халқына былай деп уағыз айтыпты:

-Уа,ағайын!

Қарсы бұтақ болмасаң,қарындас көп,

Қарындаспен татулық тоқ,

Ағайынға сыймасаң сотқар болып,

Қайда барсаң тиеді көзіңе шөп.

Шамаң келсе ұстағың елді бүтін,

Досыңнан шықпайды ешкім шетін,

Ашудан ақыл-ойды бұрын жұмса,

Жігіттер,табу қиын көптің ырқын.

 

Тапсырма

1.Мәтінді оқып,шешендік даудың өзіндік ерекшелігін атаңдар.

2.Шешендік жөнінде қазақ жырауларының өлеңдерінен үзінді тауып, жаттаңдар.

3. «Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей шешен боларсың» тақырыпта ойтолғау жазыңдар.

Венн диаграмасы бойынша аңыз бен шешендікті салыстыр.

 

Аңыз әңгімелер (ерекшелігі)

Ұқсастығы

Шешендік сөздер

(ерекшелігі)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Салыстырыңдар.Шешендік толғау,шешендік арнау, шешендік даудың ұқсастығы мен ерекшелігі.

 

Ұқсастығы

Шешендік толғау

Шешендік арнау

Шешендік дау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Абыздың хаты

Өмір бойы дәулеті құрала қоймаған Байсерке абыз бір жылы жалғыз атынан айырылып,жаяу қалады.Баяғыдай ел аралайын десе, мінгіші жоқ. Үйінде біраз жабырқап жатады да, ақыры өзінің шаруасы мығым Бөрібас деген жомарт жолдасына бір ауылдасы арқылы былай хат жазып жібереді:

Менен сәлем Бөрібасқа,

Тілек бірге,жан басқа.

Жүйріктігі өзімдей,

Мықтылығы өзіндей,

Сұлулығы Жантастай,

Семіздігі Байтастай,

Бір ат берсін марқасқа!

  Сезімтал Бөрібас сөзін қашанда тұспалдап айтатын шешеннің сезімдік пен жүйріктік бір малдың бойынан табылмайтындығы, сондықтан кемінде, екі ат сұратқанын түсінеді де, мінуіне бір жүйрік жорға, соғымына бір ту бие жетектетіп жіберген екен.

 

Тапсырма.

1.Хат жаза білу-үлкен өнер екендігіне назар аударыңдар.

2.Осындай хат үлгілерін тауып,жинастырып,оқып беріңдер.

3.Өздеріңнің достарыңа,туысқандарына хат жазыңдар.

 

Мәлік шешен.

(1850-1933)

 

  Ел арасына Мәлік шешеннің(шын аты Сейпілмәлік)тапқырлық сөздері көп тараған.Сілеті өңірінде туып,өмірінің соңғы жылдары Қараман ауылына қоныс аударған.1933 жылы Қараман ауылы қасындағы Төбет зиратына жерленген.

 

Мәлік шешен мен Садуақас саудагер

 XX ғасырдың бас кезінде Омбы облысының бір ауылында өмір сүрген, руы қаракесек Садуақас деген адамда ойда жоқ жерден байып кетсе керек. Ол орта жасқа келгенше, байлардың сиырын баққан қызыл сіңір кедейлерінің бірі екен. Бірде күндегісіндей,табынын орман маңында жайып жүргенде, дөңесте қонып отырған қарақұсты көзі шалады. Томардай бір затты оқта-текте бір шоқып қойып, жалтақтап қарап отыр.

   Малшы жақын келіп,ақыра ұмтылғанда, құс жемтігін тастай сала далбақтай көтеріле жөнелген екен. Оның алдындағы су жаңа әмиян екен де, іші толы ақша болып шығады.

   Орманның сыртындағы көл жағасына бір саудагер атын доғарып, айдында рахаттанып жүргенде,жағада ақша толы әмиянды қарақұс көтере жөнелген екен. Қалың орман үстімен қалықтап ұзап кеткен құсқа саудагер жете алмай, көз жазып қала береді.

   Тегін ақшаға қарық болған Садуақас Омбыдан ағаш үй сатып алып дүкен ашып, ауда саттықпен айналысады. Атақты байлармен терезесі теңескен саудагер енді бір кездегі кедей достарын менсіне қоймайды. «Аузы қисық болса да байдың ұлы сөйлесін» дегендей, бас қосылған жерде әркімге сөз бермей,өзінше шешенсіп те жүреді. Бірде тіпті осы өңірде менен асқан айыр көмей, жез таңдай «бар ма екен?» деп те шалқыпты.

   «Сізге Қыпшақта Мәліктен басқа ешкім тең келе қоймас» дегендерге ол намыстанып та қалады.

   -Ішсе асқа, кисе киімге жарымай жүрген қу кедейді де маған теңедіңдер - ау!

Осыны естігінде, тапқырлығымен бүкіл Ертіс өңіріне даңқы шыққан Мәлік шешен әдейі іздеп барып, Садуақастың үйіне түседі. Қасына саудагердің кедей кезіндегі екі-үш досын ерте барса керек. Садуақастың руы Қаракесек, Мәліктің руы Сағал-Қыпшақ. Екеуі бір өңірде туып-өскенімен, бірін-бірі бұрын көрмесе керек.

Әуелгіде Садуақас ауылдан келген кедейлермен салғырттау амандасады. Ал атышулы Мәліктің есімін естігенде, бажырая қарап тұрып қалады. Мәлік те оның бетіне қадала түсіп:

   -Сонша неге адырая қалдың? Қорықпа! Мен Мәлік болғанда,баяғы бағып жүрген сиырыңа тиіп,сені зар қақсатқан «Мәлік» емеспін. Құдайы қонағыңмын, -деп жұртты бір ду күлдіреді. Садуақас сыртқа шығып кетеді де, қазанға ас салдырады. Онысы арық малдың қатқан құтқан сүр еті екен. Табақта бір түйір жылтыраған май болмайды. Ал саудагер алыстан іздеп келген шешенге:

  -Жеңіз,Мәке,жеңіз!-деп құрақ ұшады. Осы кезде Мәлік:

  -Жегіміз келмейді деймісің,  кебірсіген кесек-кесек адасың құрығыр тамақтан өтіп отыр ма?-деп тағы да бір түйреп қалады. Садуақас ылғи қаракесек,тастай сүр ет асып бергеніне ұялып, қонақтан кешірім сұрайды да, қой сойып қайтадан қазан көтертеді. Семіз ет қазанға түскеннен кейін қонақтың көңілі жайланған шығар деп Садуақас келіп тізе бүгісімен Мәлікке:

  -Сізді әңгімешіл деп естіп едім, неге үндемей отырсыз? -дейді.

  -Садуақас үйінің төрінде патша ұлықтарының суреттер ілулі тұрса керек. Мәлік соларды асықпай бір шолып өтеді.

  -Айтса әңгіме көп қой. Мен мынау төбемізден төне қалған құбыжықтарыңнан қорқып отырмын. Көздері алақандай көктен түскендей суық екен. Ағат кетсем бас салып жүретін пәлелер емес пе?

  -Әп, бәлем,оңтайыма келдің бе? -деп түйген Садуақас та бір сайқымазақты көлденең тарта қояды.

 -Рас, құбыжық дегендерің осылар. Өздері ауыл қазақтарына өш-ақ.Бірақ мен отырғанда қорықпаңыз.

 -Бәсе, -деп жауап береді. Мәлік үй ішін айнала тағы бір шолып өтіп:

 -Екі әйелің болса да осы үйде неге бала-шаға көрінбейді десем, мына құбыжықтарың қылғытып, жеп қойып жүр екен-ау.

Біресе сұрланып,біресе күреңітіп ашу қысқан Садуақас:

 -Мен өзімді ешкім алдымнан өтпеген соң тайпалаған жорғамын ба десем, табанына жем түскен аттай кібіртік екенмін ғой. Ат-шапан айып менен, -деп Мәліктің алдына келіп иіліп,қолын алыпты.

«Саусағы неге жоқ десем...»

Бір жұма намазына үлкендерге еріп он бір жасар Мәлік те барыпты. Намаз оқушылар қатарына тұра қалған Мәліктің басында үлкен жалбыр тымақ болса керек. Мәлікпен рулас Көптұр деген ағасы «тымағыңды таста»десе, бала тыңдай қоймайды.

Сонда Көптұр молдаға сұрақ қояды:

-Ана баланың жалбыр тымақ киіп намазға тұруы қалай болады?

Молдадан бұрын Мәлік жауап қатады:

-Менің тымағым да сенің қойбикең сияқты адал мал-қой терісінен тігілген. Ал қой терісін жалбыратып жаратқан-Құдай.

Баладан мұндай жауап күтпеген Көптұр өршелене түседі.

-Шертіп қалса, шып кетейін деп тұрып, сөзін қарашы!

Көптұрдың сұқ саусағы шолақ екен. Сонда Мәлік оған:

-Бәсе, бір саусағы неге жоқ десем, шертіп қалғаннан ұшып кеткен екен ғой! - депті.

 

 Тапсырма

1.Мәтінге әдеби талдау жасаңдар.    

2.Шешендік сөздер туралы ойыңды топтастыр.

 

Шешендік сөздер

 

 

 

 

 


3.Қазіргі кездегі шешендік өнердің дамуы туралы пікірлеріңді айтыңдар.

4.Би-шешендерге тән қасиеттер, олардың қоғамдағы, тарихтағы, өмірдегі рөлі қандай?

Әбілда қажы мен Жұмабек болыс

 Ертіс бойындағы қадірменді қажылардың бірі Әбілда деген қажы әрі өжет, әрі шешен, беделді адам болыпты.

 Әбілда қажы өзінің үш-төрт отауымен жеке бір ауыл болып отырады екен. Сол кезде қарабұжыр Жұмабек деген болыстың бір үйір жылқысы жоғалады да, оны Әбілда қажының ұрылары алды деп түйсе керек, соның қарымтасын қайтару ниетімен Әбекеңнің үйірлі жылқысын айдатып алады.

 Бұл жұмыстың Жұмабектен келгенін Әбекең біледі де,қасына бір-екі жолдас ертіп болыстың үйіне қонаға түседі. Жайшылықта әңгімені боратып отыратын Әбекең бұл жолы жақ ашпайды.

 - Қажеке,бүгін көңілсіз отырсыз ғой,әңгімені айтыңыз!-дейді болыс. Сонда қажы:

         - Әй,Жұмабек,егер

Отыз жыл отасқан бәйбішеңнен айырылсаң,

Аяулы ұлың қайтып,

Қанатыңнан қайырылсаң,

Сондай шақта өз болысың,

Бермек түгіл қол үшін,

Бар малыңды айдап алса,

Не әңгіме айтар едің?-

депті.Аталы сөзден тосылған болыс Әбекеңді құрметтеп қонақ қылып,алған жылқыларын алдына салып беріп аттандырған екен.

 

Тапсырма.

1. Барымта қазақ халқының ертедегі салты туралы пікір алысыңдар. (ұнамды салт па,әлде қырсық па?)

2. Құрметтеп сөзіне морфологиялық талдау жасаңдар.

3. «Халық шешендері», «Қазіргі шешендер» тақырыбының біріне реферат дайындаңдар. 

 

Исаның сөз қағысулары мен бірқақпайлары

Исаның Құдайберген ақынмен қақтығысы

Құдайберген

Сұрасаң өз атымды Құдайберген,

Халқыма айтқан сөзім ұнай берген.

Жынданып өлең буып жатқанымда ,

Ұстазым Ғимадетдин дұға-ай берген.

 

Баласын Орта жүздің араладым,

Үш жүзге даңқым жетіп тарағанмын.

Бойында үлкен Қараой Қадиша қыз,

Айтысып оны жеңіп жол алғанмын.

 

Омбыда Сүйінбаймен салысқанмын,

Көкшетауда талаймен жарысқанмын.

Қызылжар ,Көкшетауды сайран қылып,

Атбасар,Омбы барып көп қыстадым.

 

Жас ақын,жаңа талап ақын Иса,

Қолыңа домбыраңды сен де ұстадың.

Ағаңмен айтысуға дәме қылсаң,

Берейін кезек саған,мен бастадым.

Иса

Құдеке,қолың жетті көп сұңқарға,

Шарқ ұрып таныс болдың жақсыларға.

Көңілің өскен,көкірегің кең,биік жансың,

Сөйлесер сізбен менің күшім бар ма?

 

 

Иесі осы үйдің ер Жылқыбай,

Бүркіттің шыңға шыққан қыранындай,

Ел үшін азап шегіп ауыр жолда,

Құтқарған қиындықтан ерді талай.

 

Қанаты еліміздің шын қайырылды,

Бір жылда бар сұңқардан ел айырылды,

Қайғырып Қызыл ағаш жалпақ елі,

Ой мен қыр тегіс келіп бата қылды.

 

Құдеке-ау,менменсініп келдің қатаң,

Болмай-ақ қойсын аят,құран,батаң,

Өлеңмен айтар көңіл көп болды ма,

Бір адым шықпас па  еді аруақты атаң.

 

Жеңдім деп алыс жерде әлдекімді,

Құр кердің мақтанменен көкірегіңді,

Ұялып сіз үшін мен зорға отырдым,

Сүйегім намыстанып жаман сынды.

 

Исаның Зылиқамен қағысуы

Зылиқа

«Басында жұлма-жұлма ескі бөрік,

Ағаш ат астындағы жансыз көлік,

Өн бойын құс түткендей түрің мынау,

Қақсадың тумай жатып шешең өліп».

Иса

«Кекілін кер бесті аттың түймедім бе,

Тал шыбық бұрайын деп имедім бе,

Несіне бөркімді айтып мазақтайсың,

Бөркіңді істеп берген кимедім бе?»

 

Исаның Нұрғожаға   айтқаны

-Ақ киіп әуреленген қай Мәшһүрсің,

Жамылған қой терісін қай қасқырсың,

Естуім Жүсіп деген Мәшһүр біреу

Өзіңді-өзің мүшкіл ғып қайдан жүрсің?

 

Жаңада айтып кетті Балақадыр,

Сөзіне мен отырмын етпей сабыр,

Халқы сүйген Абайды феодал дейді,

Сөз бар ма ұлы ақынға бұдан жәбір.

Алтын мен мысты байқап айырмайтын,

«Санасыз Балақадыр неткен пақыр?»

***

«Жақын деп жанымды ұғар сәлем бердім,

Таң атпай баса-көктеп кіріп келдім.

Мөлтілдеп бауырында Бурабай көл

Көкшетау-жәннәті ғой жұмыр жердің»

***

Домбыра –екі шекті,ішің қуыс,

Ызботтан сөзім шықсын уыс-уыс,

Майра апам домбыраны алып берді,

Исада түні бойы болмас тыныс.

 

Жәрмеңкең құтты болсын Советский,

Сіздермен кез боп қалдым өң мен түстей,

Жынды Омар,Зәрубай мен Қалибекті

Ұмытпан мен де,сірә,жанар өшпей.

 

Қоянды қызыл тулы тұрған жайнап,

Неткен ел сейіл-серуен салған ойнақ.

Ащы тіл, әдемі әзіл, сән-салтанат,

Шаттықпен гүлдей жайнап,отыр ойнап.

***

Көз тіккенде мылтықтан оқ зу етті.

Оқ тиген үйрек жерге түсіп кетті,

Суды малтып, қамыстың түбін тінтіп,

Тазы ит құсап лып етіп алып жетті.

***

Уа,Жәке,көпті көрдің, достық кімде,

Шіркін,жоқтық, жігітке кір келтірме,

Оты өшкен,түтінім Саяділдің

Мұржасынан будақтап ұшқан бірге.

Адамшылық арға кеп жұғады екен,

Іштегі іске алмай жатқан кірне.

Өз үйім жоқ, керосин қатқан күні,

Сонда қонақ боларсың біздің үйге.

***

Сұм заманға кез болдық,

Хайуан малдан кем болдық.

Елсіз,күнсіз жапанда,

Тағдыр, ажал кем болдық

ИТ пен құсқа жем болдық.

Үйде қалған кемпір-шал,

Қанатынан қарылып,

Боздағынан айрылып,

Бұл не деген болды хал...

***

Ассалаумағалайкум, болыс аға,

Бұл күнде не дегенің  дұрыс, аға.

Ақбілекке он төрттегі үйленіпсің,

Қайырлы құтты болсын,қоныс аға...

***

Екі бала қол ұстасып үй болды ғой,

Үй болған бұларда күй болды ғой

Жақсылармен кездесіп туыс тауып,

Ұмытылмас біздерге сый болды ғой.

 

Орамал тон болмайды,жол болады,

Өлеңім айта берсем мол болады.

Кеудеңде орын болса құйып алшы,

Кәденің ең үлкені сол болады.

Тапсырма

1.Айтыс мазмұнына талдау жасаңдар.

2.Айтыстың қандай түрлерін білесіңдер.

3.Айтысты кімдер зерттеді?

4.Айтысты рөльге бөліп оқыңдар.

5.Венн диаграммасы.Осы күнгі айтыс пен бұрынғы айтысты салыстыру.

Бұрынғы айтыс

Ортақ ұқсастығы

Осы күнгі айтыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6. «Айтыс-сөз мәйегі»тақырыбында ойтолғау жазыңдар.

 

Семантикалық картамен жұмыс

 

Ақындар

Шарқ ұрып таныс болдың жақсыларға.

 

Халқыма айтқан сөзім ұнай берген.

 

Құтқарған қиындықтан ерді талай.

 

Баласын Орта жүздің араладым

Иса

 

 

 

 

Құдайберген

 

 

 

 

Айтыстың түрлерін топтастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Әйгілі жерлестер

 

 

     Иса Байзақов Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Үлгілі ауылында туған. Ол- ақын, әнші-композитор. Әкесі Байзақ ескіше хат таныған, жасында ән салып, өлең шығарған, шағын шаруалы, сауыққой кісі болған. Иса 9-ға шыкқанда шешесі қайтыс болып, өлеңші, әңгімеші әжесі Жанбаланың бауырында өседі. Нағашы ағасы Рахмет оған домбыра тартып, ән салуды үйретеді. Кішкентайынан «Әнші Иса»атанады. 1921 жылы Семейдегі жұмысшы факультетінде, 1922 ж. Орынбордағы Қазак халық ағарту институтында, 1929—32 жылы, Қазақ  педагогикалық. институтында оқыған. 1926-29 жылы Қазақ драма театрына шақырылып Әміре, Қалибек, Құрманбек, Елубай, т.б. актерлермен бірге жаңа театрдың негізін каласады. Театр алғаш қойған М. Әуезовтің "Еңлік -Кебегі" мен "Бөйбіше -тоқалында" басты рөлдерде ойнайды. Өзі инсценировка жасаған "Біржан - Сара" қойылымындағы Біржан рөлінде нағыз актерлік дарынын танытқан. 1932 - 40 ж. Алматы, Қарағанды, Семей қалаларында радиода, филармонияда, Жазушылар одағында кызмет істеді. Өлеңдері 1924 жылдан жариялана бастады. Сан қырлы талант иесі

Иса Байзақовтың,әсіресе , суырып салма ақындык өнері казақ әдебиетіндегі осы бір ерекше қүбылыстың жалғасындай еді.Иса Байзақов жазба әдебиет өкілі ретінде де шоқтығы биік көркем туындылар қалдырды.

 

 

Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Оқып шығып,мазмұнын айтыңдар, Иса Байзақов туралы білетіндеріңді мәтінге қоса баяндаңдар.

2. Өз өмірбаяндарыңды жазыңдар.

        3. Мына кестені толтырыңдар.

 

 

Иса Байзақов

Туған жері

 

Туған жылы

 

Тұрмыс жағдайы

 

Шығармаларының жариялануы

 

Иса шығармаларын зерттеушілер

 

 

Иса шығармаларының атауын жүйе бойынша толтырыңдар

 

          Иса Байзақов шығармалары

 

 

 


Өлеңдері     Әндері      Желдірмелері       Дастандары          Айтыстары

 

 

 

 

 

 

 


Бүгін

Күн бүгін күндегіден неге нұрлы,

Сөз бүгін неге әдемі,неге сырлы.

Сипаттап ел тұрмысын құйылды сөз.

Түйінді шешпек болып неше түрлі.

 

Бұл нұрлы сәулеленген баспа күні,

Әлемге ұран салып шыққан үні.

Баспасөз жұртшылықтың жаққан шамы,

Ескеріп еңбекшілер ұқсын мұны.

 

Құлдықта жаны сезілген жалшы-жарлы,

Қараңғы неше мың жыл болған зарлы,

Сендерге ақыл айтып,білім берер,

Үлгі алу баспасөзден өнер алды.

 

Тексеріп салт-сананы жөн сермейтін,

Қаламгер тілшілері өзгермейтін,

Білім мен мәдениет өркендеуге,

Шырағын партияның сөндірмейтін.

 

Баспасөз желдей ессін,судай тассын,

Әлемге жарық күндей нұрын шашсын,

Болғандай дос сүйінер,жау күйінер,

Көркейіп көп жасасын,алға бассын!

 

Тапсырма

1.Өлеңді мәнерлеп оқып шығып,не туралы жазылғанын өз сөздеріңмен әңгімелеп беріңдер.

2.Өздерің қандай төл газет,журналдарға жазыласыңдар?

3.Баспасөз стилінің өзіндік ерекшеліктерін айтыңдар,оның жұмсалу формалары туралы әңгімелеңдер.

4. «Мектеп тынысы»тақырыпта жергілікті жердегі баспаларға мақала жазыңдар.

 

Қарашы домбыраның еркесіне

Қарашы домбыраның еркесіне,

Исаның шығып алды желкесіне.

Домбыра –екі ішекті,тоғыз перне,

Арқаның кез болдың ғой еркесіне.

 

Толқынды топшыменен қақ айырып,

Өлеңнің мен жүзейін өлкесіне.

Самғайын қанатымды жел үйіріп,

Қонғандай Оқжетпестің өркешіне.

 

Тапсырма

1.Өлеңді қара сөзге айналдырып жазыңдар.Стильдік талдау жасаңдар.

2.Өлеңді қара сөзге айналдыруда стиль ерекшелігіне назар аударыңдар.

3.Өлеңдегі кейіптеу,метафора,эпитет,теңеу сөздерді тауып,мағынасын ашып беріңдер.

4.Теңеулер мен эпитеттердің қандай стильдерде қолданылатынын айтыңдар.

5.Халық ауыз әдебиетінен теңеу,эпитеттерді теріңдер.

 

Назқоңыр

Ай қабақ,алтын кірпік,қызыл ерін,

Кел десең неге аяйын аттың терін,

Сары ағаш сазға біткен секілденіп,

Қай жерде отыр екен бұраң белім.

 

 

Базардан алып келген күміс құман,

Жігітті адастырған қалың тұман.

Арадан қыл өтпестей тату едік,

Біздерді араз қылған қай антұрған?

 

Тапсырма

1.Өлеңді мәнерлеп оқыңдар.

2.Өлеңді ұйқас түріне талдаңдар.

3.Тұрақты эпитеттерді қатыстырып,сөйлем құраңдар.

4.Өлеңнен тұрақты тіркесті тауып,синонимдік қатарын құрыңдар.

5.Үлгі бойынша кестені толтырып,бірнеше тұрақты тіркестерді қатыстырып,мәтін құраңдар.

 

Тұрақты сөз тіркестері

Мағынасы

Сұраулары

1

Қыздың жиған жүгіндей

Әдемі

Қандай?

2

 

 

 

3

 

 

 

4

 

 

 

 

Кербез сұлу

Алтайдың кербез сұлу азат қызы,

Шырқатып ән салғанда жайнап жүзі.

Қайысқан қара орманда құлақ түріп,

Жымыңдап масайрайды көк жұлдызы.

Алтайдың жерінде нұр,көгінде күн,

Тіпті жоқ,ұнамастай бойында мін.

Нұрлы жүз,құралай көз қарындастырың,

Көрдің бе қара шашы төгілгенін?

Алтайдың құлпырып тұр сай-саласы.

Болған соң елі нұрлы,жері шалғын,

Қалайша ән салмасын қыз-баласы.

 

Тапсырма

1.Өлеңді мәнерлеп оқыңдар.

2.Ақынның қолданған бейнелі сөздеріне теориялық талдау жасаңдар.

3.Өлеңнің қанша буынды екенін,қандай ұйқасқа құрылғанын анықтаңдар.

4.Өлеңдегі табиғат суреттері қалай сипатталған.

5.Өздерің мекендеген ауыл,қаланың табиғат көрінісін суреттеп,мәтін құрастырыңдар.

 

 

 

 

Өнер

Жігіттер өнер үйрен заманыңда,

Теңшілдік түгелімен өз қолында.

Түрлендір шаруаңды,түс жарысқа,

Талабың алға басып тұрғаныңда.

 

Қарсы тұр жан аямай тап жауына,

Алданба залымдардың арбауына.

Танысып күнделікпен,өнер үйрен,

Тез тырыс ұлы еңбектен қалмауыңа.

 

Тапсырма

1. Өлеңді оқып,ондағы терең ойлы,өмір шындығынан туындаған сөздерге көңіл аударыңдар.

2. Абай өлеңдерімен салыстырыңдар.

3. Өнерлі адамның моделін салыңдар.

4. Өлеңнің 1-2 тармағына синтаксистік талдау жасаңдар

5. Өлеңді жаттап алыңдар.

***

Алтайдың айналасы шөккен алтын

Көркейткен іргесіне қонған халқын.

Бір кезде қоңсы қонған жарлы жалшы,

Міне,бүгін екпіндеп басты қарқын.

 

Алтайдың кен шығады саласынан,

Биік құз,терең жартас арасынан.

Соққанда болат балға шүйдесінен,

От шығады жарқылдап шүйдесінен.

***

Жазылып жарқын дала,сағым қалқып,

Көк майса жұпар атты тамыры балқып,

Жайқалып қызғалдағы жер құлпырып,

Көкорай мұрын жарды иісі аңқып.

 

Аңғардың алабында шешек жарып,

Нұрланған еңбектен гүл шамдай жанып,

Желкілдеп колхоздардың көк егісі,

Көк түлеп топырақтан тамырланып.

 

Тау сұлу көсілдіре жасыл киді,

Ақша бұлт ақ торғындай басын иді,

Құрылған қыз,жігітке шымылдықтай,

Жағалай қарағайдан шашақ түйді.

 

Көпіріп,тас-талқандап,өзен тулап,

Таулардан ағып жатыр төмен құлап,

Бүйірден бұлақтар жамырасып,

Ән қосты сылдырына жел шуылдап.

 

Тапсырма

1.Өлеңді оқыңдар.

2.Берілген үзіндіде ақын жылдың қай мезгілін жырлаған?

3.Жыл мезгіліне сай келетін сөздермен кестені толтыр.

 

Қабылдаулар

Қыс

Көктем

Жаз

Күз

Түсі

 

 

 

 

Дыбыс

 

 

 

 

Иісі

 

 

 

 

Көңіл күйіңіз

 

 

 

 

Жан дүниеңіздегі өзгерістер

 

 

 

 

 

Жалқаулық

Жалқаулық надандықтың бір белгісі,

Қуанарлық наданның жоқ үлгісі.

Кеңестің кеңдігінде білім алмай,

Текке қарап оңар ма жүрген кісі.

 

Еңбексіз пайда іздеген арам тамақ,

Қуат беріп наданға болады жақ.

Ойласаң сары уайым соқырлықта,

Көгертеді қай жанды ондай ақымақ.

Тапсырма

1.Өлеңді мәнерлеп оқыңдар.

2.Жалқаулық надандықтың бір белгісі дегенді қалай түсінесіңдер?

3.Осы өлеңді С.Аронұлының «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері»атты өлеңдерімен ұштастырып көріңдер.Жақсы,жаман адамның қасиеттерді тізіп көрсетіп,кестені толтырыңдар.

Жақсы қасиет

Жаман қасиет

Мейірімді

Надан

Ақкөңіл

қараңғы

 

 

Ақерке

Ақерке,ақ күмістей сенің жүзің,

Кетерме көкейімнен айтқан сөзің.

Ақылың айдын шалқар көл секілді,

Жанарлы қара нәркес екі көзің.

 

Күлкің гүл жас баланың жанарындай,

Ақерке айтып бітпен құмарымды-ай.

Болса да жасың кіші,білімің-дария,

Әнімді арнамаймын саған қалай?!

 

Жас күнің жалындаған ерке тоты,

Асылдың өнер,үлгі есіл-дерті.

Шырқайын Ақеркенің айғайымен,

Өзімдей берік болсын,жігіт серті.

 

Тапсырма

1.Өлеңді нақышына келтіріп,мәнерлеп оқыңдар.

2.Өлеңдердегі көркемдегіш сөздерді картотекаға түсіріңдер.

3.Өлең  жолдарындағы тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіріп,ережелерін еске түсіріңдер.

 

 

Даналығың өлмейді.

Өлеңнен бұлақ ағызған,

Түрінен тұр тұрғызған,

Ақыннан-ақын Абайға,

Ұлы халқың ардақтап,

Тарихи белгі тұр сақтап,

Мың сан жылға,талайға.

Даналығың өлмейді,

Өлуге жол бермейді.

 

Халқың үшін қалдырған,

Адам мейірін қандырған,

Інжумен егіз сөздерің,

Бірі қымбат бірінен,

Алтын мен зұфар зерінен,

Өлеңмен салған іздерің.

Іші-сырты сыны бал

Сыры терең,тілі бай.

 

 

Тапсырма

1.Өлеңді мәнерлеп оқып,кімге арнап жазылғанын байқаңдар.

2.Ақынның сөз саптау шеберлігіне ақын қандай баға берді.

3.Абай Құнанбаев туралы не білесіңдер.

4.Абайға арнау шығарыңдар.

 

Жастарым.

Жастарым еңбекші елдің болатысың,

Сүзілген жібек баулы қанатысың.

Қар жауып,ысытық,аяз көрсеңдағы,

Құлпырып өңі түспес жанатысың.

 

Өрімдей емен ағаш сен сабағы,

Дұшпанның саған батпас бар жарағы.

Сауытың үстіндегі сұр костюмің,

Адымда ұлы жолмен алдындағы.

 

Тапсырма

1.Ақын сендердің бошақтарына қандай сенім артқан?

2.Өлеңнен бірнеше сөз тіркестерін теріп, талдау жасаңдар.   

Сөзжұмбақты шешіңдер.

 

3. «Ел болашағы біздің қолда»тақырыбында пікір алмасыңдар.

 

Сұрақ-тапсырмалар

«Иса әлеміне саяхат»

1.Иса Байзақов қай жылдары өмір сүрді?

2.Исаның туған жері

3.Иса Байзақовтың алғаш баспа бетінде жарық көрген шығармасы

4.Иса Байзақов неше жасында айтысқа түскен?

5.Қазақ драма театрының сахнасында қай жылдары еңбек етті.

6.Иса Байзақовтың зайыбы кім?

7.Исаның поэмалары нешеу?

8. «Даналығың өлмейді » өлеңі Абайдың неше жылдық тойына арналған?

9. «Үридай»өлеңінің тақырыбы

10.Иса Байзақов неше жасында анасынан айырылды?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Елін сүйген азамат ақын

 

              

 Мүбәрак Жаманбалинов 1924 жылдың 7 қараша күні Павлодар облысының Железинка ауданындағы Тәттімбет ауылында дүниеге келген. Руы - Қанжығалының Қарасы. Қарадан - Елтай,  Елтайдан -Топан, Топаннан тоғыз ұл екен.Кәрімнің әкесі Жаманбала Тоғызақ деген ең кенжесінен қалған ұрпақ біраз жылдар Тоғызақ деп аталған қоныста бірге тұрыпты.Кәрім арабша сауатты болған,ауыл молдасы болғандықтан, көптеген қуғын - сүргін көреді. Оның ағасы Қайыргелді байларды тәркілеу кезінің құрбаны, екі жылқысы, төрт сиыры болғандығы үшін қамалып, Ридерге жер аударылған. Болашақ ақынның жеті жасқа дейінгі өмірі Тәттімбет деген ауылда өтеді. Кейін, мектепке барар шағында ата-анасымен Новосібір облысының Венгерево ауданына қоныстанады. Басында ауылшаруашылық мектебінде оқып, содан соң Омбы педагогикалық училищесін бітірген М.К.Жаманбалинов алған мамандықтарына сәйкес агроном да, мұғалім де болып қызмет атқарады. Оның шығармаларында табиғатты суреттеудегі шеберлігі, балалар психологиясына жетіктігі бірден сезіліп тұруы осы мамандықтарына байланысты болса керек. Жас кезінен –ақ болашақ ақын дана халқымыздың төл поэзиясына ерекше қызығушылық танытады. Оның нақ қай кезде, қай күні шығармашылыққа бет бұрғандығын тап басып айту қиын. 1949 жылы бастауыш мектептің меңгерушісі болып, өз оқушыларына өлең шығарып,оны оқыту үрдісінде пайдаланғаны белгілі. Сол кезден бері М.К.Жаманбалинов негізінен балалар, кіші және орта жастағы мектеп оқушылары үшін жаза бастайды. Оның алғашқы өлеңдері 1951 жылы «Қазақстан пионері»газеті мен «Пионер» журналында жарық көреді.        Ақын қаламынан туған «Ашық күн»,  «Ақын бала»,  «Батыр ұстаз», «Менің інім», «Толқын», «Жауқазын»атты жинақтары балалар әдебиетінің қорына қосылған өміршең мұралар болып табылып, балалардың тілін сындыратын,ойын ұштайтын,көңіл көк жиегін кеңейтетін өлеңдерден тұрады. Ақын шығармалары мектеп бағдарламасына еніп, басқа тілдерге де аударылды. 1962 жылы «Сәлем» атты екінші поэзиялық жинағы баспадан шықты. Бір жылдан кейін «Ертіс лебі» деген атпен үшінші өлең кітабы жарық көрді. Бұл кітабында автор табиғат, туған жер, нақтылы адамдар, өндіріс озаттары туралы сыр шерткен.

           Ақын атамыз поэзиямен қатар журналистика саласында ұзақ жылдар өте жемісті еңбек еткен. 1958-1990 жылдар аралығында Павлодар облысының «Қызыл ту» газетінің меншікті тілшісі, 1990 жылы облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы болып сайланады. 1991 жылдың 1 қаңтарынан Ертіс ауданының бұрынғы орыс тіліндегі «Иртыш» газетімен бірге, 2240 данамен екінші қазақ тіліндегі газет «Ертіс нұры»жарық көреді.Оның алғашқы редакторы болып М.К.Жаманбалинов тағайындалады. Осы газеттің редакциясын ұйымдастыру мәселесін «Қазақ тілі»қоғамы көтерген еді.

       1958 жылдан КСРО журналистер Одағының мүшесі,1970 жылдан КСРО жазушылар Одағының мүшесі болып бекітілген М.Жаманбалинов балаларға арналған он алты жыр жинақтарының авторы. Атап айтқанда: «Айнабұлақ» (1956), «Сәлем» (1962), «Ертіс лебі» (1963), «Кішкене достарға» ( 1965), «Менің інім»(1970), «Батыр ұстаз» (1972), «Балғын күндей балақан» (1974), «Толқын» (1979), «Ашық күн» (1984), «Солнечный день» (1987), «Жауқазын» (2001)т.б.      

       1994 жылы қазақ жұртшылығына бейтаныс болып келген жайларды баяндайтын тарихи деректері бар «Сөз сүйектен өтеді», 1995 жылы «Ертіс ауданының тарихы»,1998 жылы «Әйгілі аудан-Ертісім» атты өлкетанымдық тарихи кітаптың 1- томын жазды. Сол кітаптардың мазмұнында Ертіс ауданының өткен ғасырлардағы тарихи беттерін ашып, 1998 жылы «Түгел батыр және оның ұрпақтары» атты кітапты өзінің қаламдас досы журналист Беделхан Айтбаймен бірлесе, өңірімізден шыққан батырлардың,билердің шешендік сөздерін,толғаулары мен тарихи дастан,шежіре - деректерін баяндайды. 2002 жылы «Әйгілі аудан - Ертісім» кітабының 2-томын екі тілде жинақтап, өз ауданының тарихы,тұрғындарының ата-тегі жөнінде шежіресі бар, жан-жақты мағлұматты деректер жеткізеді. 1989-99 жылдар аралығындағы ауылға төнген нарық қыспағына куәгер болғандықтан, үлкендерге басу айтты, ауыл жастарынан бастап бар қауымға арналған ғибрат жырлар жазды, кеңестік дүние белінен басқан елдің дәстүр-салтын түлететін батагөй жырлар жазды. Ақынның үлкендерге арналған осындай өлеңдерінің таңдамалылары 1999 жылы шыққан «Ақшам» деп аталатын жыр жинағында басылды.Жылдар өткен сайын мәдениет, әдебиет қайраткерлері халқымыздың жоғын жоқтап,барының бағасын асыруды қолға алды. Жұртына жақын болған ақын бұл бағытты да ұстанды. 2004 жылы өзінің кіндік қаны тамған Железинка ауданының тарихы жайында «Жайнаған өңір,жайнаған өмір»және сол жер тұрғындарының отызыншы жылдары бастан кешірген ашаршылық нәубеті жайлы «Аштық азабы» атты деректі поэмалар жазады.

 

Ақшам

Артта қалды баяғы балаң қылық,

Қайта оралып келмейтін заманды ұмыт.

Өмір-күнің батуға таянды ма?

Енді алдыңнан күтер қараңғылық.

 

Пайғамбардың жасында күн батады,

Күн батқан соң жүрген жан түн қатады.

Батарда жаққан шам-ақшам болар,

Әр уақыт өз үнін тыңдатады. 

 

Бесіндемін жетпістің-ақшамдамын,

Жүрек оты ақшамның жаққан шамын.

Тәуекел ғып бәйге ат қосқан соң,

Қаламаймын атымның ақсаңдауын.

 

Айта алмаймын биік деп баспалдағым,

Кейде маржан,кейде жай тас қармадым.

Төрелігін өзің бер,оқырманым,

Қарт диханның теріп жеп шашқан дәнін.

 

Өзім туралы

 

Шыдайды,бәріне де шыдайды адам,

Түсіне бермес бәрін былайғы адам.

Кейде мен жалғыз ойдың толғағымен,

Бір күнде үй ішінде мың айналам.

Осындай мінез берген құдай маған,

 

Көңілдің мөлдір көлін лайлаған.

Көргенде зұлымдарды шыр айналам.

Көшенің көк төбеті арсылдаса,

Не қашып құтылам,не құлай қалам,

Осындай жүрек берген құдай маған.

 

Еліне еңбегімен ұнайды адам,

Елі үшін бәріне шыдайды адам.

Бір жақсы жыр жаза алсам,ол қүні мен,

Байымын осы өңірдің мың айдаған.

Осындай көңіл берген құдай маған.

 

Жақсыны оңай бірақ жаза алмайсың,

Инемен терең құдық қаза алмайсың.

Жазбасаң,сезесің де сескенесің,

Желкенді қиятындай ажал-қайшың.                                         

 

Өткеніме өкінбен

Желбiрейдi биiкте байрағымыз

Желбiресе, жайраңбыз, жайдарымыз.

Даттамаймын бiрақ мен өткендi де,

Жайлап кеткен кешегi - жайлауымыз.

 

Байрағыммен жайнадым, жадырадым,

Байрағыма иiлiп табынамын.

Өгейсiткен жоқ  менi ол заман да -

Туып өскен ауылым, шаңырағым.

 

Ол заманның әлдилеп әнi бiздi,

Келтiрген де кезi бар сәнiмiздi.

Бауыздаса, бауыздап мақтаменен,

Қайнатқан да жерi бар қанымызды.

 

Ауырын да көргенбiз, дауылын да,

Iзi қалды дауылдың ауылымда.

Дағы қалды ауырдың жауырында,

Ниетiм жоқ сонда да жауығуға.

 

Ол күн өттi, осыған шүкiр деймiн,

Кетiгiмдi ертеңқ бүтiндеймiн.

Дәмiн татып, өткеннiң суын iштiм,

Суын iшкен құдыққа түкiрмеймiн.

 

Қарттық заңы

 

- Бәрi, бәрi сыр бере бастаған ба?

Бүйрегiм де, бауыр да, асқазан да....

- Сөйтедi, - деп тұр маған дәрiгерiм,-

Қарттық батыр қармағын тастағанда.

 

Ұнатады екенсiң семiз еттi,

Өш алатын ендi оның кезi жеттi.

Бұған дейiн сен жесең семiз еттi,

Қартайған соң, ол жеңiп сенi жептi.

 

Күш-қуатың қарттықпен алысады,

Әлсiздiкке ақыры ауысады.

Сен еттi жеп ешқашан жеңе алмайсың,

Ол сенi жеп ақыры тауысады.

 

Қарттық - бiздiң алдағы бiр елiмiз,

Аттың басын сол елге тiредiңiз.

Оның жайын көзiңiз көрдi, мiне,

Ендi сезе бастайды жүрегiңiз.

 

Қарттық заңы қаласа, ауырасың,

Ол заңменен тiресу - мағынасыз.

Келген жерiң қарттықтың елi болса,

Сол елiңнiң заңына бағынасың!...

 

Тапсырма

1.Ақын өлеңдерінің тілі

2. «Балалар әдебиетінің атасы М.Жаманбалинов мен Қ.Мырзалиев шығармаларындағы үндестік» ғылыми жоба

3. «Елін сүйген ақын азамат» ойтолғау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тест сұрақтары

( Халық ауыз әдебиеті бойынша 1-тоқсанды қайталауға арналған)

1.     Ертегілер, аңыз әңгімелер, батырлар жыры қай жанрға жатады?

А) драмалық жанрға;

Ә) лирикалық жанрға;

Б) эпостық жанрға;

В) дұрыс жауап жоқ.

   

 2. Драмалық жанр - ........

А) жазба әдебиеттің жемісі;

Ә) ауыз әдебиетінің жемісі;

Б) дұрыс жауап жоқ;

В) жауаптың бәрі дұрыс .

 

3. Бесік жыры, тұсаукесер жыры, тойбастар ауыз әдебиетінің қай түріне жатады?

А) шешендік сөздерге;

Ә) лиро – эпостық жырларға;

Б) ертегілерге;

В) тұрмыс – салт жырларына.

  

 4. Қаз – қаз, балам, қаз балам,

    Қадам бассаң мәз болам.

    Күрмеуіңді шешейін,

    Тұсауыңды кесейін......  Үзінді тұрмыс – салт жырларының қай түрінен алынған?

А) тойбастар;

Ә) бесік жыры:

Б) тұсаукесер жыры;

В) жар – жар.

 

5. Ананың балаға деген мейірімі, махаббаты жырланып, жас бала дені сау, еңбексүйгіш, өнерлі, елін қорғаушы азамат болып өссе деген тілек тұрмыс–салт жырының қай түрінде айтылады?
     А) тұсаукесер жырында;

Ә) бесік жырында;

Б) атқа мінгізу тойында;

В) дұрыс жауап жоқ.

 

 6. Алтын да менің босағам,

    Аттап бір шығам деп пе едім.

    Күміс те менің босағам,

    Күңіреніп шығам деп пе едім,

    Базардан келген кеселер,

    Шай суындай еселер,

    Енді айналып келгенше,

    Қош – есен бол, шешелер!             -  Үзінді неден алынған?

А) тойбастар; Ә) беташар; Б) жар – жар; В) сыңсу.

 

7. Көңіл – күйді білдіретін өлең – жырлар:

А) көңіл айту, сыңсу;

Ә) тойбастар, жоқтау;

Б) қоштасу, жар – жар;

В) дұрыс жауап жоқ.

 

8. Жаңа түскен жас келінге арналып айтылатын жыр:

А) беташар;

Ә) сыңсу;

Б) жоқтау;

В) тойбастар.

 

9. Мақалдың жалғасын тап.

Атаның баласы болма,

......................................

А) адамның баласы бол;

Ә) апаның баласы бол;

Б) елдің баласы бол;

В) жұрттың баласы бол.

 

10. « Ақымақтың ақылы түстен кейін кіреді, ырысы кеткеннің иті ұры кеткен соң үреді ». Қайсысына жатады?

А) мәтел; Ә) мақал; Б) жоқтау өлең; В) сыңсу.

 

11. Жас балаларды қиялдай білуге, табиғатты, қоршаған ортаны бақылап, аңғарымпаздыққа, тапқырлыққа баулуды көздеуден туған ауыз әдебиетінің түрі?
     А) жұмбақтар;

Ә) жаңылтпаштар;

Б) өтірік өлеңдер;

В) мақал – мәтелдер.

  

12. Ертегінің ең көне түрі?

А) хайуанаттар туралы ертегілер;

Ә) қиял – ғажайып ертегілер;
    Б) тұрмыс – салт ертегілері.

 

 13. Мифологиялық геройлар мен тарихи адамдар жайында айтылатын

« Әңгімелер » қайсысы?
     а) аңыз әңгімелер;

ә) шешендік сөздер;

б) тарихи жырлар;

в) батырлар жыры.

 

14. « Мен үйден бір қуамын деп шыққан соң, қумай, үйге қайтып барғаным да өлім, қуып барып өлгенім де өлім. Мен қайтпаймын, қуамын, қазам жетсе - өлермін, шамам келсе – ол қызды алармын» деген кім?

А) Ақшахан;

Ә) Ханзада хан;

Б) Тайшық хан;
    В) Олалай хан.

 

16.  Жалғабайлы елінде

       Базарбай атты байы бар,

       Байлығын оның сұрасаң,

       Өлшеу қылып айтуға

       Есеп жетпес жайы бар.....

Қай жырдан үзінде?
    А) Ер Тарғын;

Ә) Алпамыс батыр;

Б) Қыз жібек;

В) Қобыланды батыр.

 

17. « Әкесінің ен дәулеті арқасында бұла боп өсті. Айналасына да, еліне де сыйлы, қадірлі азамат болды. Үйленер шағына да жетті. Қалыңдық іздеп, «ат жетер жерді» арылтып тамам қылды, бірақ ол «ол ел – жұрттан қыз жаратпай», өзіне сүйікті жар болар сұлуды іздеумен күн кешті». Үзінді қай жырдан алынған және кімді суреттеп отыр?

А) «Қыз Жібек» жыры. Төлеген;

Ә) «Ер Тарғын» жыры. Тарғын;

Б) «Ер Тарғын жыры» Қартқожа;

В) «Қыз Жібек жыры» Бекенай.

 

18. Көз сипатын қарасаң,

 Нұр қызының шырағы.

Дүр жауһар сырғасын

Көтере алмай тұр құлағы.

Бой нұсқасын қарасаң,

Бектері мінген пырағы.

Екі бетінің ажары –

Жазғы түскен сағымдай!

Білегінің мүсіні –

Ай болатын сабындай! Кімнің бейнесі?

А) Ақжүністің; Ә) Қыз Жібектің;

Б) Сараның; В) Қарашаш сұлудың.

 

19. Жырда адамгершілік, үлкен парасат иесі, ақындық бейнесімен танылатын, Төлеген қайтыс болғанда інісі Сансызбайға жұбату айтатын, Жібекті Сансызбайға қосып Төлегеннің ата – анасын қуантатын кім?
А) Қаршыға; Ә) Сыпыра жырау; Б) Шеге ақын; В) Жиренше.

 

20. ХІХ ғасырда өмір сүрген академик, шешендік сөздердің нұсқаларын зерттеуші?

А) Ломоносов; Ә) Мұхтар Әуезов; Б) Асан қайғы; В) В.В.Радлов.

 

21. «Қарлығаш әулие» атанған би?
а) Төле; ә) Қазбек; б) Әйтеке; в) Жиренше.

 

22. Қоңтажыға барғанда суырылған шешендігімен, алғыр да білгір көсемдігімен ел намысын қорғап қалған би кім?

а) Төле; ә) Қазбек; б) Әйтеке; в) дұрыс жауап жоқ.

 

23. Тәуке ханның тұсында өмір сүрген әйгілі де айбарлы билердің бірі болған ата?

а) Төле; ә) Қазбек; б) Әйтеке; в) жауаптың бәрі дұрыс.

 

24. Шешендік сөздер мазмұнына қарай нешеге бөлінеді?

А) 3; Ә) 4; Б) 2; В) 5.

 

25. 1834 – 1897 жж аралығында өмір сүрген, «Көкшетау», «Ләйлім шырақ», «Жанбота» әндерінің авторы?
а) Сара; Ә) Біржан; Б) Сүгір; В) Дәулеткерей.

 

26. «Біржан мен Сара» айтысы айтыс түрінің қайсысына жатады?
а) жұмбақ айтыс ә) ақындар айтысына б) жануарлар мен адамның айтысына в) салт айтысына.

 

27. Салт айтысы нешеге бөлінеді?
а) 2 ә) 3 б) 4 в) 5.

28. Сара дүниеге келген жер?
     а) Алматы обл. Шу ауданы

ә) Жамбыл обл. Мойын құм ауданы

б) Алматы обл. Ақсу ауданы

в) Жамбыл обл. Шу ауданы.

 

28. Айтыстың ең көне түрі?

А) жұмбақ айтыс Ә) бәдік айтыс Б) салт айтыс В) жар – жар.

 

29. «Біржан мен Сара» айтысында сөз болатын Жиенқұл деген кім?

А) Біржанның досы Ә) Сараның досы Б) Сараның інісі В) Сараға атастырып қойған адам.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9- сыныпқа арналған тест жұмысы

1.Асан қайғы толғауларының негізгі мазмұны.

а) Ұлытауды жаудан сақтау;

ә) Еділ-Жайық өңірін гүлдендіру;

б) Еділ – Жайық өңірін қайырлы қонысқа айналдыру;

 

2. Шалкиіз кім?

а) ақын, жырау;

ә) ноғайлының батыры, ақыны;

б) қазақ батыры, биі;

 

3. Жыраулар поэзиясының негізгі тақырыбы.

а) әйел теңсіздігі;

ә) туған елінің тағдыры;

б) бас бостандығы;

 

4.Асан қайғының «Құйрығы жоқ, жалы жоқ» өлеңінің қай жолы шығарманың әрі тақырыбы, әрі идеясы болып табылады?

а) құйрығы жоқ, жалы жоқ;

ә) қайтіп күн көрер?

б) таздар қайтіп күн көрер;

 

5. Асанның жанына қайғы сөзінің қосылуының себебі неде?

а) халық қайғысын, арманын, тағдырын ойлаушы екен;

ә) отбасының қайғы-қамын ойлаған;

б) жеке басы бақытсыз, қайғылы болған;

 

6. Асан іздеген жер қалай аталады?

а) Желмая;

ә) Жерсұлу;

б) Жерұйық;

 

7. Асан «Әй, хан, мен айтпасам білмейсің» деген толғауын кімге арнап айтқан?

а) Темір ханға;

ә) Абылай ханға;

б) Жәнібек ханға

 

8. Асан қайғының бірлік-ынтымаққа шақыратын толғауын көрсет.

а) «Қолдагеменен ұрсып»;

ә) «Еділ бол да, Жайық бол»;

б) «Жауқашарға»;

 

9. Өзін «Айдаса қойдың көсемі» деп теңеген кім?

а) Үмбетей;

ә) Қазтуған;

б) Доспамбет;

 

10. Қазтуғанның “Салп-салпыншақ анау үш өзен ”толғауының тақырыбы

           а) Өзінің тағдыры

           ә)Кіндік кескен туған жер

           б ) Саяси- әлеуметтік жағдай

 

11. Доспамбет жырларында өзін қалай таныстырып отырады?

а) Ер Доспамбет;

ә) Доспамбет жырау;

б) Би Доспамбет;

 

12. «Екі орыстан жау шапса,

      Оқ қылқандай шаншыласа...

      Бетегелі Сарыарқаның бойында,

      Соғысып өлген өкінбест » - кімнің, қандай өлеңі.

а) Шалкиіз «Ақ Жайықтың күндері-ай!»;

ә) Үмбетей «Сарыарқа»;

б) Доспамбет «Айналайын, Ақ Жайық»;

 

13. Бозбаламен күліп-ойнап, қымыз ішер күнді армандаған кім?

а) Қазтуған;

ә) Доспамбет;

б) Асан;

 

14. Шалкиіз ел билейтін адамды қандай болуы керек дейді?

а) ғаділ төре, ел бастар;

ә) оқыған, білімді;

б) қарадан  шыққан;

 

15. «Дүние үнемі өзгерісте болады, бір қалыпта тұрмайды» деген идеяны кімнің, қандай шығармасынан кездестіреміз?

а) Ақтамберді «Балаларына өсиет»;

ә) Шалкиіз «Қоғалы көлдер, қом сулар»;

б) Үмбетей «Бөгембай өліміне»

16. Жиембет кім?

а) жыршы;

ә) би, жырау;

б) әрі әскербасы, әрі ақын;

17. «Қайрылып қадам басарға,

      Күн болар ма екен мен сорға,

      Өзен, Арал жерлерім» толғауын не себептен жазды.

а) айдалғаннан соң;

ә) Арал теңізінің тартылуы;

б) Өзін бақытсыз деп есептеді;

 

18. Шайқаста қайтыс болған жырау.

а) Жиембет;

ә) Үмбетей;

б) Ақтамберді;

 

19. Жылқы малын ерекше дәріптеген  жырау.

а) Асан;

ә) Ақтамберді;

б) Жиембет;

 

20. Үмбетейдің шығармаларының белгілі

а) «Әй, хан, мен айтпасам білмейсің»;

ә) «Бәкеге, жауқашарға»;

б) «Батыр жігіт қол бастар”, “Қоғалы көлдер , қом сулар”

 

21. Үмбетей жыраудың ақындық жолындағы алғашқы ұстазы

         а) Сол елдің молдасы

         ә)атасы

         б) әкесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І, ІІ ТОҚСАНДЫ ҚАЙТАЛАУҒА

АРНАЛҒАН БИЛЕТТЕР

 

№1. 1. «Қарлығаш әулие» деп қай биді айтқан?

2. Толғау дегеніміз не?

3. Өз елің – алтын бесік.

№2. 1. Сырлыбай қай шығарманың кейіпкері және қандай кейіпкер?

2. Гипербола дегеніміз не?

3. Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі.

№3. 1. Ауыз әдебиетінің түрлерін ата.

2. Литота дегеніміз не?

3. Бірлігі бар елдің белін ешкім сындырмас.

№4. 1. Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеттің арасындағы айырмашылық.

2. Теңеу дегеніміз не?

3. Ағаш тамырымен, адам досымен мықты.

№5. 1. Кімнің сөзі? Автордың өмірі, шығармалары туралы айт

Құйырығы жоқ, жалпы жоқ Құлаң қайтіп күн көрер?

Аяғы жоқ, қолы жоқ Жылан қайтіп күн көрер?

2. Эпитет дегеніміз не? Мысал келтір. 3. Ат – ер қанаты.

№6. 1. «Диуани хикмет» кітабының авторы кім? Ол туралы не білеміз?

2. Метафора дегеніміз не? Мысал келтір.

3. Жарлы болсаң да арлы бол.

№7. 1. Аңыз әңгіменің ертегіден ерекшелігі.

2. Шешендік сөз. Қазақтың шешендік сөз тарихы кімдерден басталған?

3. Ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені.

№8. 1. Эпостық жырдың лиро – эпостық жырдан өзгешілігі неде?

2. Композиция дегеніміз не?

3. Ердің ісі – келіс, ездің ісі – керіс.

№9. 1. Шешендік толғау дегеніміз не?

2. Лирика, оның түрлері.

3. Ата – ананың қадірін балалы болғанда білерсің.

№10. 1. Айтыстың қандай түрі бар? Атап бер.

2. Антитеза дегеніміз не?

3. Өнер алды – қызыл тіл.

№11. 1. Осы күнгі айтыс ақындарынан кімдерді білесің?

Айтыскер ақынға тән қандай қасиет?

2. Ирония дегеніміз не?

3. Кітап – білім бұлағы, білім - өмір шырағы.

№12. 1. Не себептен ежелгі дәуір әдебиетін түркі халықтарына да, қазақ халқына да ортақ дейміз?

2. Сатира дегеніміз не? 3. Мені толғандырар мәселе.

№13. 1. Қорқыт қай ғасырда, қай жерде өмір сүрген? Шығармаларын ата.

2. Миф дегеніміз не? 3. Ел боламын десең, бесігіңді түзе.

№14. 1. Ахмет Иассауи қай ғасырда, қайда өмір сүрді? Қандай шығармасы бар?

2. Пейзаж.

3. Дос жайлы сыр.

№15. 1. Жыраулардың өз толғауларында көтерген негізгі тақырыбы қандай? Қай жырауларды білесің?

2. Өлеңнің құрылысы қандай болды?

3. Қол бұлғайды болашақ (болашақ туралы толғаныс).

№16. 1. Жырау мен жыршының айырмашылығы.

2. Қайталау дегеніміз не?

3. Қазақтың салтын сақтаған еркем... (қазақтың салт – дәстүрі туралы).

№17. 1. Көңіл күйді білдіретін өлең – жырларға қандай жырлар жатады?

2. Бата дегенміз не? Оны қай кезде, кімдер айтады?

3. Еңбек ерлікке жеткізер, ерлік елдікке жеткізер.

№18. 1. Қай шығармада мифологиялық суреттер мол кездеседі?

2. Параллелизм дегеніміз не?

3. Бақсы – балгерлерге деген көзқарасың.

№19. 1. Әдебиетіміздегі сыншылдық дәстүр деген не? Қожа Ахмет сыншылдық дәстүрді әдебиетімізге әкелді деп не себептен айтамыз?

2. Арнау дегеніміз не? 3. Мен қалаған мамандық.

№20. 1. Тұрмыс – салт жырларына қандай жырлар жатады?

2. Аллитерация дегеніміз не?

3. Ұстазым – айтар әнім.

№21. 1. Қаз дауысты Қазбек туралы не білеміз?

2. Ассонанс дегеніміз не?

3. Әдептілік, ар – ұят – адамдықтың белгісі.

№22. 1. Төле би қай жылдары, қайда өмір сүрген?

2. Монолог дегеніміз не?

3. Табиғат пен адамзат – егіз ұғым.

№23. 1. Әйтеке би туралы не білесің?

2. Ұйқас дегеніміз не? Қара өлең ұйқасы қалай жасалады?

3. Адамшылық – жүректің ісі.

№24. 1. «Біржан мен Сара» айтысында қандай әлеуметтік мәселе көтерілген?

2. Диалог дегеніміз не? 3. Қазақтың ұлттық ойындары.

№25. 1. Қазтуған жырау туралы не білесің?

2. Мақалдың мәтелден қандай айырмашылығы бар?

3. Біз - өмірге керекпіз, өмір – бізге керек.

№26. 1. Бұқар толғауларының басты тақырыбы не?

2. Қоштасу жыры қай кезде айтылады?

3. Бағаласаң, махаббаты бағала.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сынақ

(жыл соңындағы қайталау)

 

І. 1. Ауыз әдебиеті туралы түсінік.

2. Бұқар жырау Қалқаманұлы, өмір жолы.

3.      Қабағы тастай түйілген,

        Лашын құстай шүйілген,

       Жеңсіз берен киінге,

       Жалғыз қара көрінді.

Өлең жолдарында қандай көркемдік тәсіл қолданылған?

ІІ. 1. Мақал – мәтелдер деген не?

2. Ыбырай Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы.

3.    От орнындай тұяқтан,

      Оймақтай- ақ қалыпты.

      Етектейін еріннен

     Екі елісі қалыпты.

Көркемдік тәсілдің қай түрі бар?

ІІІ. 1. Абай өмірі, шығармашылығы.

2. Күлтегін жырынан үзінді оқы.

3.      Атам қалды дейтұғын,

        Өзімнен туған балам жоқ.

       Балам қалды дейтұғын

       Атам менен анам жоқ.

      Бауырым қалды дейтұғын

     Ағам менен інім жоқ.

Өлең неше тармақтан, неше буыннан тұр? Ұйқас түрін анықта.

ІV. 1. Ертегілер. Ертегінің аңыз әңгімеден айырмашылығы неде?

2. Жүсіпбек Аймауытұлының өмір жолы, өскен ортасы туралы айт.

3.   Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

     Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

Мұнда көркемдік тәсілдің қай түрі қолданылған?

V. 1. Ахмет Иассауидің өмірі, еңбектеріне шолу.

2. Тұрмыс – салт жырлары.

3.   Аспанның аясында ән шалқытқан,

     Бұлбұлмын даусы көкте дамылдаған...

    Тұлпармын топтан озған, тосырқаман,

   Шаршы топ, шаршы өрім жоқ шабылмаған...

Асты сызылған сөздер қандай бейнелі сөзге жатады?

VІ. 1. Аңыз әңгімелер.

2.  Соқ жігіт! Соқ! Соқ! Жігіт! Күйіңді тарт!

Тоқтатпа, “Тарт!” дегенмін – қылғаным шарт.

Толғауы тоқсан күйдің бір- ақ күй бар.

Сылқылдап! Бастыр! Бастыр! Қадалап! Қадалап!

Шумақта көркемдік тәсілдің қай түрі қолданылған.

VІІ. 1. Ы. Алтынсарин әңгімелерінің тәрбиелк мәні.

2. Мұқағалидің “Райымбек, Райымбек” поэмасынан үзінді оқы.

3.  Не керек, қалды кейін сүйген сәуле,

     Сондықтан теңіз – түрсіз, тау – құр кеуде.

    Сондықтан жәудіреп тау, толқын теңіз,

    Құрғырлар, қылмаңдаршы көңілімді әуре.

Өлең неше тармақтан тұр? Ұйқас түрін анықта.

VІІІ. 1. Жамбыл өмірі, шығармашылығы.

2. “Ер Тарғын” жырындағы Ақжүніс бейнесі.

3.   Қыз емес, мынау тұрған қорқау сырттан,

     Құтылар күн бар ма екен бұл қырсықтан.

     Қыз емес, мұз ғой түсі қарауытқан,

    Қай жері қызықтырып бой жылытқан?

Шумақта көркемдік тәсілдің қай түрі қолданылған?

ІХ. 1. Сұлтанмахмұт өмірі, шығармашылығы.

2. Ертегілер, оның түрлері.

3.  Ызғытып, өлке өрлетіп, баяулатып,

    Соқтырып кейде боран, дауылдатып,

   Көңілдің асқарынан тұманды айдап,

  Артынан нөсерлетіп, жауындатып...

Шумақта көркемдік тәсілдің қай түрі қолданылған?

Х. 1. Махамбет өлеңдеріндегі Исатай бейнесі.

2. Бұқар жырау Қалқаманұлы. “Бірінші тілек тілеңіз” өленін жатқа оқы.

3.  Не сыйласын, несін берсін ел маған?!

    Тұрсақ екен елім де аман, мен де аман.

    Таулар – менің таусылмайтын бақытым,

   Ал ырысым – ұлан – ғайыр кең далам.

Шумақта көркемдік тәсілдің қай түрі қолданылған?

ХІ. 1. Жиембет жырлаудың бір өленін жатқа оқы.

2. Ы. Алтынсарин – шағын әңгіме шебері . ( Әңгімелеріне шолу).

3. Е, мына қыпша бел, сұңғақ бойлы, қызыл шырайлы, торғылт келіншек Шынар болар. ( Ғ. Мүсірепов ). Сөйлемде көркемдік тәсілдің қай түрі бар?

ХІІ. 1. Абайдың бір өленін жатқа оқы.

2. Ақтамберді жырау, өмір сүрген кезеңі.

3. Хамит – ұзынша бойлы, жауырынды, тіп – тік сұр жігіт. Қырша мұрынды, шүңіректеу қара кер тобылғы көзді, қырқып жүретін сақалы, мұрты бар. Жасы 25 – 26 -лар шамасында. Үстінде мұздай қазақша киім.

Үзіндіде көркемдік тәсілдің қай түрі қолданылған?

ХІІІ. 1. Ы. Алтынсариннің аудармалары.

2. І.Жансүгіровтың өмірі, шығармашылығы.

3. Ол жауына оқтай қадалды. Мен оның күндей күлген жүзіне қызыға қарадым.   

Сөйлемдерде көркемдік тәсілдің қай түрі қолданылған?

ХІV. 1. Шешендік сөздер түрлері.

2. Махамбет Өтемісұлының балалық, жастық шағы.

3.  Таңдырып ап маңдайын,

     Тағы көйлек сұрап жүр.

Бақты кезіп тал- қайың,

Жалаң аяқ жылап жүр.

Шумақта көркемдік тәсілдің қай түрі қолданылған?

ХV. 1. Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» өленін жатқа оқы.

2. «Қыз Жібек» жырындағы Жібек бейнесі.

3. Күн шайдай ашық, жылы еді. Аспанда бұлт жоқ. Жел де жоқ. Айнала қалың

иірім- -иірім орман. Бойлап, таласа, жарыса шыққан қайың мен қарағай.....

Көркемдік тәсілдің қай түрі қолданылған?

ХVІ. 1. Ілиястың «Күйші» поэмасынан үзінді оқы.

2. Ертегінің аңыз әңгімеден айырмашылығы.

3.  Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар, қалан.

Шумақта қандай ұйқас түрі қолданылған?

ХVІІ. 1. Ш. Айтматовтың өмірі, шығармашылығына шолу.

2. Мақал – мәтелдердің тақырыптары.

3.  От орындай тұяқтан,

Оймақтай- ақ қалыпты.

Етектейін еріннен,

Екі елісі қалыпты.

Шумақта көркемдік тәсілдің қай түрі қолданылған?

ХVІІІ. 1. Бұқар жырау Қалқаманұлы. «Бірінші тілек тілеңізді» жатқа оқы.

2. Ғ. Мүсірепов – сөз зергегі.

3.  Домбыра, сенде мін бар ма,

Мінсіз болсаң – тіл бар ма?

Тіл жоқ деуге бола ма?

Тілден анық үн барда.

Домбыраның күші мол,

Көмейінде күй барда.

Ұйқас деген не? Өлеңдегі ұйқастың түрін анықта.

ХІХ. 1. Абайдың табиғат лирикасы.

2. Жұмбақтар, оның тәрбиелік мәні неде?

3.  Күй, сені тәтті көрем жаным сүйіп,

Тыңдаймын тыным алмай жаным күйіп.

Өмірдің сырын ашып жүрегіме,

Музаның әміріне басымды иіп.

Ұйқас деген не, бұл шумақ қай ұйқасқа жатады?

ХХ. 1. Аңыз әңгімелердің ертегіден айырмашылығы неде?

2.  Мағжанның «Түркістан» өлеңінен үзінді оқы.

3.  Сонда Бурыл гуледі,

Табаны жерге тимеді.

Көлденең жатқан көк тасты,

Тіктеп тиген тұяғы,

Саз балшықтай иледі....

Шумақта көркемдік тәсілдің қай түрі қолданылған?

ХХІ. 1. І. Есенберлинің өмірі, шығармашылығы.

2. Абайдың «Ескендір» дастаны, көркемдік ерекшелігі.

3.  Қар – аппақ, бүркіт – қара, түлкі – қызыл,

     Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға.......

Осы өлең жолдарында көркемдік тәсілдің қай түрі қолданылған?

ХХІІ. 1. «Біржан мен Сара айтысында қандай әлеуметтік мәселе көтерілген?

2. Мұқағалидың «Райымбек, Райымбек» поэмасынан үзінде оқы.

3.  Балалық келді, білдің бе,

Жігіттікке келдің бе?

Жігіттік өтті, көрдің бе.

Кәрілікке көңдің бе? (Абай).

Өлең қандай әдіспен жазылған? Буын санын анықта.

ХХІІІ. 1. Мұқағали өмірі, шығармашылығы.

2. Асан қайғы – халық қамқоры.

3.  Жоғары ерін көк тіреп,

Төменгі ерін жер тіреп...

Ұмтылғанда қысылып,

Бес жүз құлаш жазылды?

Шумақта көркемдік тәсілдің қай түрі қолданылған?

ХХIV. 1. Ежелгі дәуір әдебиеті Күлтегін жырлары қайдан табылған?

2. Мұқағали – сыршыл ақын.

3.  Шырқ айналар шіркін тауық,

Жемің болса қолыңда.

Қайдағысы сені тауып,

Топырлайды жолыңда....

Өлеңде көркемдік тәсілдің қай түрі қолданылған?

ХХV. 1. І. Жансүгіровтың өмірі, шығармашылығы.

2. Төле би Әлібекұлының өмір сүрген кезеңі.

3.  Жел, құйын, ағын, бәйге көк,

Ұшқыр құс, құмай, атқан оқ.

Бәрі де жүйрік өзінше,

Көңілден бірақ жүйрік жоқ.

Өлеңде көркемдік тәсілдің қай түрі қолданылған?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АУЫЗ ӘДЕБИЕТІН САТЫЛАЙ

КЕШЕНДІ ТАЛДАУ

                                 І. Тұрмыс – салт жырлары

                                1. Еңбек және шаруашылық кәсібіне байланысты туған        

                                    өлеңдер.

                                    а) Төрт түлік мал туралы

                                    ә) Аңшылық туралы

                                    б) Наурыз жыры және бата – тілектер.

                               2. Әдет – ғұрыпқа байланысты туған өлең – жырлар.

                                  а)  Баланың дүниеге келуіне, есейіп ер жетуіне          

                                   байланысыты.

                                 ә)   Үйлену салтына байланысты.

                                 б) Көңіл – күйді білдіретін.

                                  ІІ. Мақал – мәтелдер.

                                  ІІІ. Жұмбақтар.

                                  IV. Ертегілер

                                      а) Қиял – ғажайып

                                      ә) Хайуанаттар туралы

                                      б) Тұрмыс - салт

                               V. Аңыз әңгімелер.

                                  VI. Шешендік сөздер.

                                    VII. Жыр – дастандар

                                   1.  Эпостық

                                   2.  Лиро – эпостық.

                                   VIII. Айтыстар

                                                1. Бәдік айтысы

                                        2. Жар – жар айтысы

                                        3. Жануарлар айтысы

     4. Өлі мен тірінің айтысы

                                        5. Жұмбақ айтысы

                                        6. Салт айтысы

                                                    а) Қыз бен жігіт айтысы

                                                    ә) Ақындар айтысы

                                                7. Осы күнгі айтыстар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шығарма жазуға үйрету жолдары.

 

  Жас ұрпаққа саналы білім беруде пәнге деген көзқарасын қалыптастыру үлкен рөл атқарады.Шығарма жазу және оған жоспар түзу әдістері арқылы осы бағыттағы қабілет танымын жетілдіре түсуге болады деп білеміз.

    Жоспар-шығарма айнасы.Тақырыпқа сай жоспар құру, жоспарға сәйкес шығарма жаза білу - оқушыларға үлкен сын.Сондықтан шығармаға жоспар құрудың үлгілерін құрастырып көрсетуді жөн көрдім.

    Шығарма жазу арқылы оқушының ішкі жан дүниесі әсерленіп сыртқа шығады.Кей оқушы ойын жазу арқылы шебер жеткізе біледі.Жазған шығармасы арқылы өзге адамның сезіміне әсер етеді.Оқушының шығармасы оның таным қабілетін, білім дәрежесін, өмірге деген көзқарасын көрсетеді. Шығарма арқылы оқушының нақты материалды қаншалықты білетінін, өз ойын жеткізуге тілдік құралдарды пайдалана білуін, сөздік қорының байлығын байқауға болады.

   Тақырып, жоспар, шығарма - бұл үшеуі бірімен – бірі сабақтас, бірін-бірі толықтырып тұратын өзектес мәселелер.

Шығарма жазғанда есіңе сақта:

1.Шығармаға күні бұрын дайындал. (көркем сөздер, мақал-мәтелдер, бейнелеу сөздерін жазарда дайындап, ойланып, есіңе сақтап кел)

2.Шығарманың тақырыбына эпиграф сай болсын.

3.Жай жоспар, күрделі жоспар жаса.

4.Жоспардағы сөйлемдер тақырыпты ашар пікірге лайықталып құрылсын

5.Жоспар бойынша жаз.

6.Шығармада кейіпкерлер характеріне сәйкес дәлелдемелер нақты келтірілсін, шұбатылған пікірлерден аулақ бол.

7.Өз ойыңмен талдап бағала.

8.Сөйлем көркем құрылып, сауатты да көрікті жазылсын.

9.Қорытынды пікірің нақты жазылсын.

 

Тақырыптық шығармаларға жоспар құру үлгілері.

 

Тұрмыс-салт жырлары-халық өмірінің шежіресі.

Жоспар:

І.Кіріспе бөлім. Ауыз әдебиеті - халықтың асыл қазынасы.

ІІ.Негізгі бөлім.

а/Тұрмыс-салт жырлары - халық өмірінің шежіресі.

б/ «Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең..»

/әдет-ғұрыптарға байланысты туған өлең жырлары туралы/

ІІІ.Қорытынды бөлім.

1.Салт-дәстүрін қадірлеу - адамның белгісі.

2.Салт - дәстүрің, әдет – ғұрпың - ұлттық белгі, халықтық болмыс.

 

Ертегіде ел арманы.

 

Ертегілерде халық басынан

кешкен ғасырлар жатыр.

/Қажым Жұмалиев/

Жоспар:

Кіріспе бөлім. Ғасырлар ізі жатыр ертегіде.

ІІ.Негізгі бөлім.

а/Қазақ ертегілерінің зерттелуі.

ә/Ертегінің жанрлық сипаты, түрлері.

б/Ертегінің көркемдік әдістері.

ІІІ.Қорытынды бөлім. Ертегілердің рухани тәлімдік мәні.

 

Мақал-сөздің мәйегі.

Жоспар:

І.Кіріспе бөлім.Халық ауыз әдебиеті - маржан сөздің аралы.

ІІ.Негізгі бөлім.

а/Мақал - мәтелдер - ғасырлар шежіресі.

ә/Сан тарау тақырыпты қамтыған сырлы сөз.

ІІІ.Қорытынды бөлім.

      Өмірді әр қырынан өрнектеген өнер.

 

Шешендік өнер - мәңгілік мұра.

 

Шешендік өнер - асыл ойдың алтын қазығы.

/Мырзабек Дүйсенов/

 

І.Кіріспе бөлім.Шешендік сөздердің тарихына шолу.

ІІ.Негізгі бөлім.

а/Шешендік өнердің мазмұны, көркемдік сипаты.

ә/Қазақ шешендік өнерінің дамуындағы дара тұлғалар.

ІІІ.Қорытынды бөлім.

Шешендік сөздердің әлеуметтік, тәрбиелік мәні.

 

 

 

 

Аңыз әңгіме-халық тарихының жәдігері.

 

«Аңыз әңгімелер - халық шежіресі»                         

/М.Әуезов/

Жоспар:

І.Кіріспе бөлім.

Халық өмірінен алынған қазына.

ІІ.Негізгі бөлім.

а/Аңыз әңгімелердің әдеби элементтері.

ә/Аңыз әңгімелердің идеялық мұраты, кейіпкерлері.

ІІІ.Қорытынды бөлім.

Халық мұрасы.

 

Ер жігіттер ел басына туады.

/Алпамыс халық арманынан туған бейне/

«Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі»

/Халық даналығы/

Жоспар:

І.Кіріспе бөлім.Батырлар жыры - халық тарихы.

ІІ.Негізгі бөлім.а/Туады ерлер ел үшін.....

ә/Алпамыс – жігіттің сұлтаны.

б/Алпамыс – арлы, ақылды, өнерпаз, адал жүректі, нәзік жанды жігіт/

ІІІ.Қорытынды бөлім.1.Ерлігі мен жан сұлулығы бірдей келген батыр - елдің ұлы арманы.

2. «Ел ерімен көгерер, ер елімен көгерер».

 

Жақсы жар - батырдың жан серігі.

/ «Алпамыс батыр»жырындағы Гүлбаршын бейнесі/

 

Жоспар:

І.Кіріспе бөлім. «Өмір» атты құстың қос қанаты.

ІІ.Негізгі бөлім. а/Көркіне ақылы сай ару.

ә/ «Ананы көріп  қыз өсер».

б/ «Жақсы жар-батырдың жан серігі».

Қорытынды бөлім. Ана-өмір нәрі.      

 

«Алпамыс батыр»жырындағы Алпамыс бейнесі.

Адал ұл, өр боп туса - ел тірегі.

/Б.Момышұлы/

Жоспар:

І.Кіріспе бөлім. Жырдың тақырыбы.

ІІ.Негізгі бөлім.

а/Алпамыс - ел қамын сыйлайтын намысқой батыр.

ә/Жауға мейірімсіз, досқа адал азамат.

б/Алпамыс – ақылды да айлалы, өнерлі жан.

в/Жаны сұлу, нәзік жүректі батыр.

ІІІ.Қорытынды бөлім.

Туады ерлер ел үшін.

 

Батыр - ел қорғаны.

/Алпамыс, Қобыланды , Ер Тарғын бейнелері бойынша/

Ер жігіттер ел бағына туады.

/Халық даналығы/

Жоспар:

І.Кіріспе бөлім. Батырлар жырының халықтық сипаты.

ІІ.Негізгі бөлім.

а/Алпамыс, Қобыланды, Ер Тарғындар - халық арманынан туған бейнелер.

ә/Адал жар, тұлпар ат - батырдың серігі.

ІІІ.Қорытынды бөлім. Батырлар бейнесінің әлеуметтік, тәрбиелік мәні.

 

«Айман –Шолпан »жырындағы Айман бейнесі.

Түбінде ...Айман болар паналарың....

/Жыр жолдарынан/

Жоспар:

І.Кіріспе бөлім.

«Айман -Шолпан» жырының жанрлық, тақырыптық ерекшелігі.

ІІ.Негізгі бөлім.

а/Айман - ертеңгі күнді болжай білетін ақылды да айлалы қыз.

ә/Қиындыққа сағы сынбаған намысқой жан.

б/Ел бірлігі жолындағы ерен еңбек.

ІІІ.Қорытынды бөлім.

Айман - қазақ ауыз әдебиетіндегі жаңа образ.

 

«Айман -Шолпан» жырындағы жастар бейнесі.

Жоспар:

І.Кіріспе бөлім. Қоғам дамуы-халық өмірінің өзгерісі.

ІІ.Негізгі бөлім.

а/Өзіндік өрнегі бар жыр.

ә/Өткен күнін аңсаған кәрі кеуде.

б/Замана сырына үңілген жастар.

ІІІ.Қорытынды бөлім.Жырдағы халық тілегі - ел бірлігі.

 

 

 

Тұлпар ат ер жігітке серік болған.

/Батырлар жырындағы тұлпар бейнесі/

 

«Қазақ үшін арғымақ бір патшалық».

Қамбар ата қарамасын мұңайып,

Тұсамыстап, түсінбесек, бұл - айып.

Қандай бақыт арғымақтар болғаны,

Біздің байтақ даламызға лайық!

/Күләш Ахметова/

Жоспар:

І.Кіріспе бөлім. Жылқы атасы - Қамбар ата.

ІІ.Негізгі бөлім.

Сәйгүлік тұлпарларды суреттеудегі поэтикалық әдіс.

ІІІ.Қорытынды бөлім.

Жақсы ат - ер қанаты.

 

Шынайы махаббаттың қос шынары.

/ «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жыры бойынша/

 

Жоспар:

І.Кіріспе бөлім.Әлемге аңыз болған көне жыр.

ІІ.Негізгі бөлім.

а/Қозы - сегіз қырлы, бір сырлы халық қалаулысы.

ә/Жаны адал, арамдықтан аулақ, пейілі кең, сенгіш, сөзіне берік жан.

б/Баян - көркіне ақылы сай, өз махаббатын қорғай білген, өжет те қайратты қыз.

ІІІ.Қорытынды бөлім.

Қозы мен Баян шынайы сүйіспеншіліктің мұңды да зарлы, асқар да абзал бейнесі.

 

 

Айтыс - өнер сайысы.

/Біржан - Сара айтысы бойынша/

 

Жоспар:

І.Кіріспе бөлім. Айтыс - өнер жарысы,сөз сайысы.

ІІ.Негізгі бөлім. а/Айтыс - ел шежіресі.

ә/ «Біржан-Сара » айтысы - айтыс өнерінің шыңы.

б/Айтыстағы көз тұндырған көркемдік.

ІІІ.Қорытынды бөлім. Айтыс - сөз өнерінің күшті түрі, халықтық асыл қазына.

 

 

Махамбет өлеңдеріндегі Исатай бейнесі.

 

Ханнан қырық туғанша.

Қарадан бір-ақ тусайшы.

Халықтың кегін қусайшы.

/Махамбет/

Жоспар:

І.Кіріспе бөлім.

Ереуіл атқа ер салмай.

ІІ.Негізгі бөлім.

а/Атадан туған аруақты ер.

ә/Арыстан еді-ау Исатай.

Арыстан одан кім өткен.

ІІІ.Қорытынды бөлім.

Тайманның ұлы Исатай.

Ағайынның басы еді.

 

Ақынның асқақ арманы.

 

І.Кіріспе бөлім. Ол - асыл сөздің кені, көркем тілдің ұстасы.

ІІ.Негізгі бөлім.а/Махамбет поэзиясы - ереуілге шыққан халықтың құдіретті үні.

ә/ «Қара қазан, сары бала

Қамы үшін қылыш сермедік....»

б/ «Еділ бойы ен тоғай,

Ел қондырсам деп едім...»

ІІІ.Қорытынды бөлім.Махамбет өлеңдерінің түйіні -ел мұңы,халық қамы.

 

Ел бірлігі - Бұхар жырының өзекті тақырыбы.

Жоспар:

І.Кіріспе бөлім. «Қаратаудың басынан көш келеді...»

ІІ.Негізгі бөлім. а/Бұхар -жерінің,елінің туы болған алыптардың бірі.

ә/Өсиетті, үлгілі сөздің кені, ел бірлігін жырлаған дана.

б/Бұхар жырының арқауы ел тағдыры, халық тілегі.

ІІІ.Қорытынды бөлім. «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді».

Ілияс- қазақ поэзиясының Құлагері.

Жүрегім, жырым сенікі,

Кең есті далам, кең далам.

Тудым, өстім, есейдім.

«Ен далам - анам, мен балаң»

І.Жансүгіров.

 

Жоспар:

І.Кіріспе бөлім.Өлең өнерінде ғажап өрнек салған, терең ойлы ақын.

ІІ.Негізігі бөлім.а/Сұлу табиғаттың шебер жыршысы./Жетісу суреттері/

ә/Өнерді, өнер адамының бейнесін меруерт жырдан қалған сыршыл ақын./ «Күй», «Күйші», «Құлагер» дастандары/

ІІІ.Қорытынды бөлім. Ілияс - қазақ поэзиясының Құлагері.

 

«Қамар сұлу»романында көтерілген әлеуметтік мәселелер.

 

Қараңғы қазақ көгіне,

Өрмелеп шығып күн болам.

Қараңғылықтың көгіне,

Күн болмағанда кім болам.

/С.Торайғыров/

Жоспар:

І.Кіріспе бөлім.Сұлтанмахмұт-жастардың арман-мүддесін,халықтың ой тілегін білдіруші ақын.

ІІ.Негізгі бөлім. «Қамар сұлу» әлеуметтік мәселе көтерген шығарма.

а/Астың дәмін тұз келтірер,

Ауылдың сәнін қыз келтірер.

/Қамар - ақылды,ұстамды,сұлу,ақын қыз/

ә/Алғыр жігіт ақылына қарай іс қылар.

б/Құс балапаны үшін тұзаққа түседі.

/Жапырағын қорғаған бәйтерек/

ІІІ.Қорытынды бөлім.Адам қайғысы - заман қайғысы.

 

Абай жолы – халық жолы.

 

Абай сөздері дүниеде қалғаны - қазаққа зор бақ.

А.Байтұрсынов.

Жоспар:

І.Кіріспе бөлім. Халықтың жарты ғасырдың тарихын көркем тілмен көрсеткен шығарма.

ІІ.Негізгі бөлім. а/ Сахарада бүр атқан жас шыбық.

ә/Әр тараптан тереңдей нәр алып,аспандай өскен шынар

б/Абай - халық ұлы,саяси бәйтерек.

ІІІ.Қорытынды бөлім.Абай жолы -халық жолы.

 

 

 

 

Ұлтын сүйген ұлы жүрек.

/Мағжан поэзиясындағы ұлтжандылық сарын/

Не көрсем де алаш үшін көргенім.

Маған атақ-ұлтым үшін өлгенім.

/М.Жұмабаев/

Жоспар:

І.Кіріспе бөлім.Жалынмын мен, келген жақын, жанарсың...

ІІ.Негізгі бөлім.а/Қор болдың өнер қумай қайран елім...

ә/Азамат, анау қазақ қаным десең...

Жұмақтың суын апар, жаным десең....

б/Не көрсем де алаш үшін....

ІІІ.Қорытынды бөлім. Мен өлмеймін, менікі де өлмейді.

 

Жамбыл шығармаларындағы патриотизм

Жоспар:

І.Кіріспе бөлім.Халық поэзиясының алыбы.

ІІ.Негізгі бөлім.а/Отаның - сүйікті ордаң.

ә/Ақынның тарихи дастандарындағы патриотизмнің көрінісі.

б/Отанды сүю, азаматтық борыш сезімдерін жырлау - Жамбыл өлеңдеріндегі негізгі идея.

в/Қаһарлы жылдар шежіресі.

ІІІ.Қорытынды бөлім.Жамбыл - ұлт мақтанышы.

 

Өмір шындығын өрнектеген шығарма.

/Ж.Аймауытовтың «Қартқожа» романы бойынша/

 

Елі үшін күйген,

Еңбекті сүйген.

Ізгі тілекті,

Ер жүректі.

Жұртшылық көсемі-

Жалынды жастарға арнаймын.

/Ж.Аймауытов/

Жоспар:

І.Кіріспе бөлім. Қазақ прозасының Шолпан жұлдызы.

Негізгі бөлім. а/Романның тақырыбы.

ә/Өскен орта, өмір өткелдері.

б/Қартқожа бейнес - дәуірдің шынайы шежіресі.

ІІІ.Қорытынды бөлім.

 «Қартқожа» романының қазақ прозасындағы орны.

Халық ауыз әдебиетін меңгертуге арналған тәсілдердің үлгісі

 

Пәндік байланыстар                                                     Негізгі әдебиеттер

Оқулық

 

Әдебиет тарихы

 
                                                                                     

Овал: Халық ауыз әдебиеті
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Дәстүрлі әдіс-тәсілдер

 

Ассоциалық аймақ құру

 

Салыстыру топтау,еркін жазу

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1.М.Жаманбалинов «Ақшам»-Павлодар:ЭКО,2000 жыл.

2.Мұхамеджан Дәуренбек «Замандастарым, қаламдастарым»-Павлодар 2009 жыл.

3.М.Жаманбалинов «Ашық күн» өлеңдер, ертегілер,жұмбақтар.

-Алматы: «Жалын»,1984

4.М.Жаманбалинов «Ертіс лебі» өлеңдер жинағы.-Алматы,1963 жыл.

5.Қажымұрат Смағұл «Өмір кезеңдері»№139 «Сарыарқа самалы»

30 қараша 1999 жыл.

6.Б.Айтбай «Жерлес жазушымыз» №19 «Ертіс нұры»20 наурыз 2003 жыл.

7.М.Жаманбалинов «Әйгілі аудан-Ертісім» -Павлодар, 2008 жыл

8.М.Жаманбалинов «Сөз сүйектен өтеді» 1994 жыл

9.М.Жаманбалинов, Айтжан Беделханов «Түгел батыр және оның ұрпақтары» -Павлодар, 2007 жыл

10.Иса Байзақов үш томдық таңдамалы шығармалары - Павлодар, 2010 жыл

11.Аманжол Шамкенов «Өмірім менің-өлеңім»1,2 томы - Павлодар, 2007 жыл.

12.М.Жаманбалинов «Ақын Иса»-Павлодар:ЭКО ҒӨФ 2000 жыл.

13.М.Хасенов «Иса Байзақовтың ақындығы мен стильдік ерекшелігі»-Алматы, «Ғылым»1976 жыл.

14.Иса Байзақов.Екі томдық таңдамалы шығармалар –Алматы «Жазушы» 1971 жыл.

15.А.Бақраденова «Мүбәрак Жаманбалинов»(өмірі,шығармашылығы,

тілдік ерекшеліктері)монография –Павлодар,2009 жыл

16.С.Мәненұлы «Елін сүйген ақын азамат» №93 «Ертіс нұры»газеті 7 қараша,2009 жыл.

17.Ж.Ғалымов «Ақынның қоғамдық істердегі іздері» 12 тамыз,2004 жыл.

18.Қ.Смағұл «Өмір кезеңдері» №139 «Сарыарқа самалы»30 қараша,1999 жыл.

19.М.Дәуренбек «Өнердің алтын тәжі» -Павлодар,2006 жыл.

 

 

 

 

 

Мазмұны

Алғы сөз ........................................................................................... 3                                                                                                                                                                                                                

Аймақтық компоненттерді оқытудағы мақсаты,міндеттері,

күтілетін нәтиже................................................................................4

Ертіс ауданының топырағында туған шешендік сөздер, толғаулар, аңыз әңгімелер, айтыстар                                                                                        

Аудан тарихы

Тұрмыс-салт жырлары

Ақ бата

Дастархан баталары

Мал өсірушілерге

Тұсаукесер баталары

Хош келіпсің, Наурызым!

Жарапазан

Сүйінші                                                                                                        

Түгел батырдың елімен қоштасуы

Абыздың соңғы сөздері

Құсайын молданы жоқтау

Пәуеден ақын.Мақал-мәтелдер

Жұмбақтар

Ай астында Айбарша сұлу(ертегі)

Құралай сұлу(сахналық көрініс)

Даналық бұтағы

Байсерке абыз

Байсерке абыздың толғаулары

Жайықбайға айтқаны

Исабек ишанға берген жауабы

Абыздың дауға баруы

Абыздың хаты

Мәлік шешен

Әбілда қажы

Әбілда қажы мен Жұмабек болыс

Исаның сөз қағысулары мен бірқақпайлары

Исаның Құдайберген ақынмен айтысы

Исаның Зылиқамен қағысуы

Исаның Нұрғожаға айтқаны

Әйгілі жерлестер.Иса Байзақов

Бүгін

Қарашы домбыраның еркесіне

Назқоңыр

Кербез сұлу

Өнер

Көктем

Жалқаулық

Ақерке

Даналығың өлмейді

Жастарым

М.Жаманбалинов

Ақшам

Өзім туралы

Тестер

Сынақ

Шығарма жазуға үйрету жолдары

Пайданылған әдебиеттер

Сызбалар

Естелік суреттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ТАЛДАУ –

БІЛІМДІ ТҰРАҚТАНДЫРУ НЕГІЗДЕРІ

Нәтижеге бағдарланған білім оқушының жеке жетістіктері арқылы айқындалады. Баланы өздігінен жұмыс үстеуге, өздігінен ізденіп білім алуға үйрету – ең тиімді жол.

Шығармашыл тұлғаның қалыптасуы да танымдық ізденістерді тиімді ұйымдастыру арқылы көрінеді. Ол үшін, мұғалім әдісті таңдау арқылы емес, оны түрлендіру, жетілдіру барысында көздеген мақсатқа жете алады. Осы мақсатпен өз тәжірибемде қолданып жүрген сатылай кешенді талдау арқылы тіл, әдебиет сабақтарында оқушы білімін жүйелі, нақты меңгертуге ұмтыламын. Сатылай кешенді талдау – оқушыларға білімді ғылыми негізде сатылай, жүйелей меңгеріп, оларға ұлттық құндылықтарды бағалай, қолдана білуге машықтандыратын оқыту. Бұл әдіс арқылы білімді белгілі бір көлемде беріп, қажетті шеберлік пен дағдыны қалыптасырумен шектелмей, баланың жалпы тұлғалық дамуына ойлау, есте сақтау, қиялдау, елестету сияқты танымдық – психологиялық қасиеттерінің жақсы үйлесім табуына да септігі тиеді.

9 – сыныпта “XV – XVIII ғасырдағы жыраулар поэзиясына жалпы шолу” тақырыбындағы сан ғасырлық туындыны 3 кезеңге қатысты топтастырдым.

 

Кезендері

Алғашқы өкілдері

       Дәуір

     шамасы

  Қай хандық           тұсында

 

І. Жыраулық дәстүр негізгі қаланған кезең

 

Қорқыт, Аталық (Кетбұға), Сыпыра жырау

 

 

ХІ – ХІV ғ.

 

Қорқыт→Дерсе хан Аталық (Кетбұға)→Оғызқаған

Сыпыра жырау→

Тоқтамыс

 

ІІ.Жыраулықтың қалыптасу кезеңі

 

Асан,

Қазтуған,

Шалкиіз (Шалгез),

Доспамбет,

Ер Шобан

 

 

 

 

ХІ – ХVІ ғ.

 

Асан қайғы →

Жәнібек

Шалкиіз→ Би Темір

 

ІІІ.Жыраулықтың

әбден толысып

кемелген кезеңі.

 

Үмбетей,

Жиембет,

Тәтіқара,

Ақтамберді,

Бұқар жырау

 

 

 

ХVІІ – ХVІІІ ғ.

 

Жиембет→Есім хан

Бұқар→Абылай хан

 

Алғашқы сабақ интеграциялық оқыту үлгісінде тарих пәнімен байланыстыра түсіндіріледі.

1.               ХVІІІ ғасырдың алғашқы ширегінде қазақ жеріндегі тарихи оқиғалар. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» басталуы.

2.               Жоңғар басқыншылығы, оған қарсы күрес, оның айбынды ұйымдастырушылары.

Соңынан «жырау», «толғау» сөздерінің мәні ашылып, жыраулар өміріне қатысты дерек, болжам, ғылыми зерттеулерді  салыстыра отырып түсіндіремін.

 

 Жыраулар     шығармашылығы

 

                            1 .Жырау – хандардың ақылшысы, биі, сыншысы,                     

                       дидактикалық толғау авторы, даналық ой – көсемі, шешен.

                  2. Толғауларының тақырыбы:

                                   Өмір, ел туралы

                                   Адам, туған жер

                                 Адамгершілік, достық

                                Азаттық жайлы

                              Жақсылық, жамандық

                       3.Шығармашылық ерекшелігі:

                             Толғау мәні, ой тереңдігі

                            Шешендік құрылуы

 

                          Азаттық үн, образды сөз.

                     4. Толғауларының маңызы, мәні:

                                      өткен тарихты білу

                                    ауыз әдебиеті – халық мұрасы екенін түсіну

                                   жыр үлгісінің даналық, шешендік, пәлсапалық

                                  сипатын түсіну.

                       5. Толғаудың негізгі сипаты:

                                   Оптимистік

                                   Романтикалық шарықтау

                                 Мұң мен ащы шындық

                                 Зарығу, түңілу, торығу

                              Айбарлау, асау үн.

                6. Қосымша оқуға деректер жинақтау.

                    Х. Сүйіншәлиев «Қазақ әдебиеті тарихы»

                   М. Мағауин «Қобыз сарыны»

                   М. Қозыбаева «Ақтаңдақтар ақиқаты».

 

Оқушылардың «Даналық сөздер қоржыны» дәптеріне жыраулар туралы айтылған ғалымдар мен ақын – жазушылар пікірі мен аффоризм, ақыл – нақыл, мақал – мәтелге айналған сөздерін жаздырамын.

Жыраулар поэзиясындағы күрделі іс – мәтінмен жұмыс. Кейбір жыраулар тіліндегі архаизм, тарихи сөздер түсінігін түсіндірме және фразеологиялық сөздіктерді пайдалана отырып шығармашылық жұмыстар жүргізуге тапсырма беремін.

І деңгей

1. Жыраулар толғауларынан аффористік мәндегі үгіт – насихат сөздерді теріп жазыңдар.

Жауабы: «Жақсының аты өлмейді,

Ғалымның хаты өлмейді».

Бұқар жырау

«Ғылымым жұрттан асты деп,

Кеңессіз сөз бастама».

Асан қайғы.

ІІ деңгей

1.               Асан мен Бұқар жырау бейнелерін салыстыр. Фольклорлық ортақ белгісін анықта.

2.               Ұқсастығы мен айырмашылығын анықта.

3.                

Ұқсатығы

Айырмашылығы

Фольклорлық ортақ белгісі

1. Тақ қасында отырып ел мұңы мен бірлігін жырлады.

2. Қиыннан жол табар ақылшы данышпан.

3. Ел болашағын болжаған сәуегей қария.

Өмір сүрген дәуірінде ІІІ ғасырлық кезең бар

1. Ханның орынсыз ісіне сын айтушы.

2. Көпті көрген қариялық.

3. Болашақты болжай білген сәуегей .

4. Ел қамын ойлап, жан мен малға жайлы қоныс іздеді.

4. Жан мен малға жайлы қоныс іздеді.

 

 

ІІІ деңгей

1.     Жыраулар поэзиясының ақындар поэзиясынан айырмашылығын анықта.

2.           Жыраулар поэзиясының өзіне тән ерекшелігі қандай?

Ақтамберді жырау толғауынан

Күлдір – күлдір кісінеп (9) а

Күреңді мінер ме екенбіз (9) б

Күдеріден бау тағып (7) а

Кіреуке киер ме екенбіз. (10) б

Ор қояндай жүгіртіп, (6) а

Аш күзендей бүгілтіп, (7) а

Жолбарыстай шұбарды (7) в

Таңдап мінер ме екенбіз. (8) б

Ілияс Жансүгіров «Жетісу суреттері»

Жетісу, кеудең – асқар, аяғың – көл, (11) а

Қоңың – құм, мықыныңда бар сексеуіл. (11) а

Айқара ала асқарлар жатыр шөгіп (12) б

Жер жаншып, көктің көлбеп төсін еміп. (11) б

 

 

  Күлдіріп – күлдіріп кісінетіп.......

 

1.Авторы: Ақтамберді

2.Тақырыбы: батырлық, ерлік туралы

3.Жанр түрі: толғау. Себебі толғау – жыраудың дүниеге,

табиғат      құбылысына немесе өз басына деген көзқарасын білдіретін философиялық ой толғанысы мен психологиялық сезім иіріміне құрылған өлең жолдары, жыр тізбегі.

4.Идеясы: ерлікке шақырады.

5.Шумақ: жыраулар шығармашылығында шумақ өзгеріп отырады: төрт шумақты

6.Тармақ: жүйе сақтамайды. Буын саны біркелкі емес, әр түрлі. Себебі осы тармақтардың буын санның түрлілігі жыраулар поэзиясының өзіндік ерекшелігі, көркі болып табылады.

7.Бунақ: 2, 3, бунақ. Буын саны біркелкі емес. Бастапқы рифма соңғы рифмаға құрылған.

8.Ұйқас: шұбыртпалы ұйқас.

9.Көркемдегіш құрал.

а) Толғауда жырау поэзиясына тән қайталаулар бар.

Өйткені қайталаулар жырау толғауының сазды нақыштары.

ә) Аллитерация толғауға әр беріп тұр.

Өйткені қатаң дауыссыздардан басталған.

б) Шешендік оралым теңеулердің маңызы басым.

Мысал: ор қояндай, аш күзендей.

Жыраулар толғауларына тән параллелизмге құрылған.

 

 

 

 

 

« Жетісу суреттері»

 

 

1. Төрт тармақты.(әр шумағы)

2. Бунақ, буыны тармақты.

3 .Он бір буынды қара өлең ұйқасына құрылған. Бұл ұйқас – қазақ өлеңдерінде ең көп таралған түр.

4. Шешендік оралым, астарлы ой жоқ, қарапайым, айтар ойы анық.

5 .Ақын өлеңінде метафора қолданған.(Таудың басы ғана емес, оның кеудесінің өзі «асқар» болуы тау биіктігін елестетсе, аяғын көлге балап көрсетіп отыр).

 

 

IV деңгей

1.Жыраулар поэзиясынан аффористік мәнге ие, ақыл – нақыл сөздерді жинақтай отырып, өз ойыңнан мақал – мәтел құрастыр.

Жауабы:

1.Ашу – дұшпан, артынан

 Түсіп кетсең қайтесің

Түбі терең қуысқа.

(Асан қайғы).

Өзім түйген ой: «Ашу – дұшпан, ақыл дос,

                              Ақылыңа ақыл қос».

2.Өз қолыңда болмаса,

Қанша жақсы болса да,

Қайратты туған ер ғаріп.

«Асан қайғы»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Дидактикалық материалдардың топтамасы 9 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Культуролог-аниматор

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 068 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.10.2016 5272
    • DOCX 1.3 мбайт
    • 14 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Копеева Алия Камариденовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Копеева Алия Камариденовна
    Копеева Алия Камариденовна
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 21847
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Родной (русский) язык и родная литература: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель родного языка (русского языка) и родной литературы

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 23 человека

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по русскому языку в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 227 человек из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 768 человек

Курс профессиональной переподготовки

Родной (русский) язык и родная литература: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель родного языка (русского языка) и родной литературы

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 87 человек

Мини-курс

Психологические концепции и практики

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 16 регионов

Мини-курс

Профессиональное развитие бизнеса: стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство: от истории к глобализации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе