Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Рабочие программы / Диспут «Білім кілті – кітапта»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

Диспут «Білім кілті – кітапта»

библиотека
материалов

«Күйкен орта мектебі» ММ







Білім кілті – кітапта

( д и с п у т)

Өткізген: Н.Аманова







Бейнеу -2015

«Күйкен орта мектебі» ММ кітапханасында 25 сәуір күні 7-8 –сыныптар арасында «Білім кілті – кітапта» атты диспуттың бағдарламасы.


Мақсаты: Кітаптың тарихымен таныстыру, кітаптың құрылымы туралы білімді қалыптастыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы мен пайдасы және кітапхананың мәдени-ағарту, ғылыми көмекші мекеме екендігі жайлы түсіндіру. Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітап оқу арқылы ой-өрісін дамыту, рухани байлығын толықтыру, кітаптың қасиетін түсіндіру, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Әдісі: диспут

Көрнекілігі: кітап көрмесі, слайд, нақыл сөздер.

Жүргізуші: Құрметті оқушылар, ұстаздар бүгін біз кітапханамыздың тұрақты оқырмандары 6 сынып оқушыларымен «Білім кілті – кітапта» атты диспут өткізгелі отырмыз.

Тұмсықтының тамағы,

Шоқуменен табылар,

Өнер білім дегенің,

Оқуменен табылар, - деп, Ы.Алтынсарин айтқандай оқу, білімнің бәрін кітаптан аламыз. Кітап - білім мен тәрбие беретін басты құрал. Ол біздің рухани қазынамыз, ақылшымыз, байлығымыз. Алғаш мектеп табалдырығын аттағанда , кітап ұстап, кітаптан білім аламыз.олай болса сіздерді диспуттың шарттарымен таныстырып өтейін.

  1. Кіріспе сөз.

  2. Кітап туралы нақыл сөздер.

  3. Викториналық ойын.

  4. Кітап туралы тақпақтар.

  5. Қорытынды.

Кітапханашы: Қош келіңіздер, құрметті кітап сүйер қауым! «Кітап күні» мерекесімен құттықтаймыз.

Кітап – нәзік те, тұнық әлем. Кітап – білімнің түпсіз аспаны, терең бастауы. Ұлтымыздың мерейі мен деңгейі, қоғам мен мемлекетіміздің өркенін өсіруде қыруар пайда келтіретін осынау рухани қазынамыз – Кітап.

Кітап – әлем мөлдірлік тұнығында,

Нәзіктік пен кітаптан ұлы ұғым бар.

Кітап – тарих, шежіре сан ғасырдан

Келер күннің кітапта ұрығы бар.

1972 жыл – ЮНЕСКО-ның шешімімен «Халықаралық кітап жылы» деп аталса, ал 1995 жылдан бастап «23 сәуір – Халықаралық кітап күні» деп жарияланды. Міне, содан бері бұл күн Ресейде, Германияда, Америкада шет елдерде өте жоғары деңгейде аталып өтілуде. Жаңа ақпараттар көзінің қарыштап дамыған жаһандану заманында да кітап оқу, кітапты пайдалану, көркем шығармаларға деген құштарлығымыз кемімеу керек.

1-оқушы: Кітап!

Сен адамзаттың жақын досы,

Келмейді сені оқымай көңіл хошы.

Ел мұңы, өмір сыры, ақын жыры,

Басылған таңба болып өзіңе осы.

2-оқушы: Кітап – арабтың «жазу» деген сөзі. Алғашқы кітапжазу құпиясын тек дінбасылар мен монахтар білген. Дүние жүзінде тұңғыш кітаптар –еврей еліндегі «таврат», қытай елінде «конфуция», араб тіліндегі «құран», парсы тілінде «авеста», грек тілінде «інжу» болған. Кітапты ежелгі заманда Мысырда, шығыс елдерінде, Грецияда, Римде қыш текшелерінің орнына қамыс (папирус) қолдана бастады. Қамысқа басылған кітаптар оқтауша түрінде шиыршықталып оралған. Мысыр фараондары қамысты өңдейтін, кітапты көптеп көшіретін шеберханалар ашқан, қамыстан жасалған оқтауша кітаптар онша төзімді болмады. Қытайда бамбуктен жұқа таяқшалар әзірленіп, соған жазған. Таяқшаларды жіпке тізіп қойған. Бертін келе жазуға жібек маталарды пайдаланған.

3 –оқушы: алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды. 1800 жылы тұңғыш қазақша кітаптар шығарыла бастады. Қазақ тілінде кітап басып шығару ісіне Татарстан, Өзбекстан басшылары едәуір ат салысқан.

4-оқушы: Кітап басып шығару үшін талай адам тер төгеді. Аялап өсірген сансыз ағаштар сол үшін кесіледі. Сол қағазға әріптерді қатесіз, әрі көркем етіп шығару үшін көп күш жұмсалады.

Жүргізуші: Озады деп түбінде,

Бәрін оқып тауысқан.

Шөлі қанбай білімге,

Өткен талай данышпан. – деп, келесі шартымызға өтейік.

Кітап туралы нақыл сөздер айту.

  1. Артық ғылым кітапта,

Ерінбе оқып көруге.

  1. Кітап –асып –таспайтын асыл досымыз.

  2. Жақсы кітап ақылды адамның әңгімесімен бірдей.

  3. Кітап –ақылды қуаттандыратын құрал.

  4. Кітап –әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі.

  5. Кітап – білім бұлағы.

  6. Кітап –мұхит, сол мұхиттан не терең?

Мен біліммен ылғи дос боп өтер ем!

  1. Кітап ғылым –тілсіз мұғалім.

  2. Көзі жұмыққа - кітап арзан, көзі ашыққа кітап –маржан.

  3. Күш –білімде, білім – кітапта.

  4. Кітап –алтын қазына.

  5. Жақсы кітап – жан азығы.

«Викториналық ойын» бөлімі.

Жүргізуші: Кітапхана –кітаптар мекені. Кітапхана – оқырман мен кітапхана аралығындағы алтын көпір болып табылады. «Білсем,, ізденсем...» деген адамға кітапхана құшағын кең ашады. Бұнда, сендер үшін тыным таппай кітапхана сөрелерін жаңа кітаптармен толтырып жүрген кітапханашы апайларың жұмыс жасайды.

Оқушыларға сұрақтарды қояды.

  1. «Кітап» сөзі қайдан шықты, не мағынаны білдіреді, кітап парағы алғаш неден жасалды?

  2. Кітап – қай ғасырдан бастап шығарылды, қандай қиындықтар болды?

  3. Кітап басып шығаратын машинаны қай ғасырда кім ойлап тапты?

  4. Қағаз бен бұзау терісінен қай ғасырда, қай елде кітап шығарылды?

  5. Қағаз алғаш қай елде шығарылды?

  6. Европаға қай елді мекендер арқылы таралды?

  7. Ғылыммен өнеркәсіп дамуындағы қол жеткізілген, кітап жасайтын арзан материал қалай аталды? (целлюлоза)

  8. Дүние жүзіндегі кітаптар алғаш қай елде шығарылды?

  9. Тұңғыш қазақ кітабы қай жылы жарық көрді?

  10. Кітапты қалай оқу керек?

  11. Кітапты қалай пайдалану керек?

  12. Кітап қай элементтен басталады? (суперқап, мұқаба)

  13. Форзац деп кітаптың қай жерін атаймыз? (сол жақта переплет асты, оң жақта кітаптың бірінші беті. Форзац ақ немесе боялған)

  14. Суперқаптың атқаратын рөлі (оқырманның көңілін аударады, бүлінуден сақтайды, автордың көзқарасын, ішкі ойын білдіреді)

  15. Кітап кім үшін жазылады? (оқырман үшін)

  16. Кітаптың суреті қалай аталады? (иллюстрация)

Жүргізуші: Кітапты жыртпай, кірлетпей, бүлдірмей таза ұстап, оқыған кезде мәнерлеп оқу керек. Ал, ендеше қош келдің, қымбатты досымыз – Кітап, бізде қонақта болып, балалардың өнерін тамашалап қайтыңыз.

Кітап: - Мені халық сүйеді, құрметтейді. Мен де адамды жақсы көремін.Мен адамға бақытты өмір сүруді үйретемін. Балаларды білімді, өнерлі болуға баулимын. Мені жыртпай, күтіп, таза ұста! Мен сенің досыңмын.

Саған білім жемісін,

Оқулығың береді,

Күтіп ұста, кірлетпе,

Дақ түсірмей бір бетке.

Кітап та алма ағашы,

Жемісін біз теретін,

Тәтті алмаға балашы,

Кітабыңның әр бетін.

Кітап –сенің құралың,

Жағар білім шырағын.

Баса алмайсың ешқашан,

Онсыз алға бір адым.

Оқулықты мектебім,

Берер саған теп-тегін.

Білмейсің-ау сен бірақ,

Қаншама еңбек кеткенін.

Кітап досың,жолдасың,

Өмірдегі жолбасшың.

Жақын болсаң онымен,

Жаман бола алмассың.

Себер шуақ нұр көпке,

Аяла оны құрметте.

Үңіле оқып әр бетін,

Күтіп ұста кірлетпе.

Кітапханашы: Кітап –ақылдың құйылған көлі. Ол көпке таралғанда ғана оқырман бойына сіңіп, игілігіне жұмсағанда ғана мүддесіне жетеді. Кітап –халық қазынасы, сарқылмас білім бұлағы. Ендеше кішкентай оқырмандар кітап әлеміне саяхат жасап, кітапты көп оқитын оқырмандарымыз көбейе берсін демекпін.

«Білім кілті - кітапта» атты кітап мерекесі аяқтаймыз.






Краткое описание документа:

«Күйкен орта мектебі» ММ кітапханасында 25 сәуір күні 7-8 –сыныптар арасында «Білім кілті – кітапта» атты диспуттың бағдарламасы.

Мақсаты: Кітаптың тарихымен таныстыру, кітаптың құрылымы туралы білімді қалыптастыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы мен пайдасы және кітапхананың мәдени-ағарту, ғылыми көмекші мекеме екендігі жайлы түсіндіру. Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітап оқу арқылы ой-өрісін дамыту, рухани байлығын толықтыру, кітаптың қасиетін түсіндіру, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Әдісі: диспут

Көрнекілігі: кітап көрмесі, слайд, нақыл сөздер.

Жүргізуші: Құрметті оқушылар, ұстаздар бүгін біз кітапханамыздың тұрақты оқырмандары 6 сынып оқушыларымен «Білім кілті – кітапта» атты диспут өткізгелі отырмыз.

Тұмсықтының тамағы,

Шоқуменен табылар,

Өнер білім дегенің,

Оқуменен табылар, - деп, Ы.Алтынсарин айтқандай оқу, білімнің бәрін кітаптан аламыз. Кітап - білім мен тәрбие беретін басты құрал. Ол біздің рухани қазынамыз, ақылшымыз, байлығымыз. Алғаш мектеп табалдырығын аттағанда , кітап ұстап, кітаптан білім аламыз.олай болса сіздерді диспуттың шарттарымен таныстырып өтейін.

  • 1. Кіріспе сөз.
  • 2.Кітап туралы нақыл сөздер.
  • 3.Викториналық ойын.
  • 4.Кітап туралы тақпақтар.
  • 5.Қорытынды.
Автор
Дата добавления 06.05.2015
Раздел Другое
Подраздел Рабочие программы
Просмотров718
Номер материала 267545
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх