Инфоурок / Другое / Статьи / Доклад на педчтение по казахской литературе
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 15 ДЕКАБРЯ!

Конкурс "Я люблю природу"

Доклад на педчтение по казахской литературе




Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов











ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ -

САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ КЕПІЛІ



А. Қ. Нұрмағамбетова

Қараман орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалім,

Қарасу ауданы









Егеменді еліміздің білім беру саласында болып жатқан түбегейлі өзгерістер мен жаңалықтар жалпы білім беретін орта мектептерде пән негіздерін оқытуды жаңаша ұйымдастыруды қажет етеді.

Бүгінгі күнде жалпы орта білім беретін мектеп - жаңа қоғам мектебі, болашақ мектебі халықтық мәдениетке интеграцияланған, баланың жеке тұлғасының дамуына педагогикалық жағдай жасайтын және өзін-өзі тануына көмектесетін, рухани жағынан таза, ізгілендірілген, білімнің жаңа мазмұнымен байланысқан, әлеуметтік өмірге бейімделген, бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ өсіріп, дамытып, жетілдіретін мектеп болуға тиіс. Сол талапқа мұғалім де сай болу керек.

Жаңа формация мұғалімі кәсіби шеберлік пен бірнеше құзыреттілік түрін игеруге міндетті. Құзыреттілік - бұл күнделікті өмірдің нақты жағдайларында пайда болатын мәселелер мен міндеттерді тиімді түрде шешуге мүмкіндік беретін қабілеттілік.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік Бағдарламасында: «...білім берудің әр деңгейінде, мектепалды дайындықтан бастап, оқыту үрдісі баланың сараптау дағдыларын, шығармашылық қорын, жеке қабілеттерін қалыптастыруға бағытталады. Сонымен білім беру жүйесі білімді, шығармашыл, өз бетімен шешім қабылдай алатын жаңа тұлғаның дамуына ықпал етеді. Білім тұлғаның негізгі даму аспектісі болуы керек. Тұлғаның негізгі даму аспектісі бола отырып, білім - еліміздің дамуының күшті факторы болмақ» - деп көрсетілген.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы адамзаттық қадір-қасиеттердің мән-маңызын түсінетін жаны да, тәні де таза, білімді, жан-жақты мәдениетті, патриот азаматтар болуын тәрбиелеуге міндеттіміз»,— деп атап айтты.

Өзге тілді мектептерде оқытылатын «Қазақ әдебиеті» пәнінің алдына қойған мақсаты-оқушыларды қазақ халқының көркем әдебиет туындыларымен, әдебиет теориясымен жүйелі түрде таныстырып, сол негізде оқушыларға жан-жақты тәрбие беру.

Мұғалім оқушының базалық біліміне сүйеніп,тиісті дәуір әдебиетінің үлгілерімен таныстыруды, берілген кезеңнің белгілі ақын –жазушылары туралы түсінік беруді, қазақ әдебиеті арқылы қазақ халқының салт-дәстүрімен, мәдениетімен таныстыруды көздейді. Мұғалімнің мақсаты оқушының пәнге деген қызығушылығын ояту, қазақ тілінде сөйлеуге ынталандыру, құлшындыру, мәнерлеп оқу, мазмұндау, жатқа айту, ауызша, жазбаша баяндау сияқты жұмыс түрлерін жүйелі түрде жүргізу арқылы оқушы бойында белгілі бір дағдыларды қалыптастыруға ұмтылу.

Қазақ әдебиетін оқытуда жақсы нәтижелерге жету үшін, ең бастысы, оқушылардың қазақ тілінен сөздік қорын молайту керек. Ол үшін сөздік жұмыстарын, лексикалық жұмыстарды сауатты, жүйелі жүргізу қажет. Қазақ тіліндегі сөздер көп мағыналы және синонимдер мен омонимдерге, антонимдерге өте бай. Сөйлемде осындай сөздердің мағынасын ажырата білуге, оларды тиімді қолдана білуге үйрету оқушылардың сөздік қорын байытуда оң нәтижелер береді. Оқушылардың сөздік қорын байытуда сөздік жұмысының алатын орны ерекше, сабақ үрдісінде мәтін бойынша сөздік қорды байытуды үйымдастырудың түрлері көп: әңгіме оқу, өлең жаттау, мақал-мәтел, жұмбақ жаттау т.б.

Әр сабақта жаңа сөздерді, сөз тіркесін үнемі сөздік дәптерлеріне жазып, жаттап отыруын қадағалау қажет. Әр сабақта игерілген жаңа сөздер, атаулар

сыры, тұрақты сөз тіркестері ауызша да, жазбаша сөзде де үнемі қолданылып отырғанда ғана сөздік жұмыстары нәтижелі болады. Сөздікпен жұмыс сабақ кезеңдеріндегі барлық жұмыс түрлерінде жүргізілуі керек.

Қазіргі таңда жаңа технологияларға сүйенген сабақтар мазмұны жақсы нәтижелер беруде. Оқытудың өзі нәтижеге бағытталған білім беру болғандықтан, сабақ үлгілеріне М.Жанпейісованың «Модульдік технологиясы», сыни тұрғыдан ойлау технологиясының элементтері, дамыта оқытудың түрлері енгізіліп отыр. Осы аталған технологияларды жүйелі түрде жүргізіп отырған жағдайда ғана нәтиже жемісті болмақ. Бұл жерде мақсат өзгереді: әр оқушы өз бетімен білім алады, мұғалім тек бағыттаушы және бақылаушы болады. Мұғалім оқу үрдісінің дұрыс ұйымдастырылуына бүкіл жағдайды жасауы керек: сыныпта дұрыс психологиялық ахуал туғызып, жаңа педагогикалық кезеңдерінің сақталуын жіті қадағалап отыруға тиіс.

Дамыта оқыту жүйесінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жаңа қағидаларға негізделеді. Олар - ынтымақтастық, өзара сыйластық қасиеттер. Бұл технологияның тағы бір маңызды ерекшелігі - оқушыларды жақсы, жаман, нашар деп бөлмей, барлық шәкірттердің үйренуі үшін қолайлы жағдай туғызу. Нашар оқушылардың да өз шамасы келгенінше, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылған. Сол арқылы ол да өзін мүмкін боларлықтай дәрежеге дейін дамыта алады.

Қазіргі оқу жүйесінде дәстүрлі түсіндірмелі-иллюстративті тәсілдің орнына оқытудың белсенді іс-әрекет тәсілдері келді. Дамыта оқытудың негізінде де белсенді іс-әрекет тәсілі жатыр.Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы қандай?

Дамыта оқыту балалардың психологиялық заңдылықтары мен жас ерекшеліктерін ескереді.

Дамыта оқытудағы оқушылардың даму негізі олардың оқу әрекеті белсенділік жағдайында мүмкін екенін қарастырады. Оқу үрдісінде оқушы «мен білмеймін, мен істей алмаймын» дегеннен «мен білемін, мен істей аламын» деген дәрежеге саналы түрде жетеді. Білім дайын күйінде берілмей, мұғалімнің жетекшілігімен ашылады, сынып ізденушілік-зерттеушілік іс-әрекетке жұмылдырылады.

Дамыта оқытудың негізгі мақсаты - баланың оқу әрекетіне құштарлық білдіруі. Оқуға деген жеке тілегі оның оқуға деген талабын қалыптастырады. Ал оқыту әрекеттерін таным құралы ретінде пайдалану шәкірттің оқуға деген білігін қалыптастырады. Оқушы оқытудан оқитын дәрежеге жетеді.

Өз бетімен мәселенің шешу жолдарын тапқан оқушы өзін осы үрдістің субъектісі ретінде сезінеді. Мұғалімнің көмегімен өзін қоршаған орта туралы ғылыми түсінігі қалыптаса бастайды.

Оқушыда теориялық ойлаудың негізі қалыптасады.

Үлгілеудің (модельдеу) құралы кеңінен пайдаланылады.

Оқу әрекетінің ұжымдылығы. Оқушылармен және өзінің құрдастарымен бірлескен іс-әрекет негізінде өзін-өзі бағалау мен талдау қалыптасады, іс-әрекет тәсілін бойына сіңіреді.

Дамыта оқыту дамудың жақын аймағында жүзеге асырылады. Яғни, бала алдымен ересектермен араласуда ғана білік алады, содан кейін өз бетімен

әрекет істей алғанда дамудың келесі сатысына көтеріледі.

Келесі сөз ететін тәсілдің бірі- тренинг. Тренинг дегеніміз не? Тренинг

тұлғаны дамыту мақсатында құрылған, арнайы ұйымдастырылған оқушылардың қарым-қатынас жасау тәсілі. Тренинг- сабақта жалпы айтылғанды нақты білімге сүйене отырып, жеке тәжірибеден өткізіп оқытудың ерекше түрі.Тренинг мидың жұмысын жақсартады, қатысушылар талқылайды, алған білімдерін пайдалануды үйренеді, ал бұл алған ақпаратты толық көлемде сіңіруге жағдай туғызады.Тренингтің негізгі белгілерінің бірі- қатысушылардың белсенділігі.. Тренингтің негізгі түрлері: топтық пікірсайыс, рөлдік ойындар, миға шабуылдың түрлері, идеялар конференциясы, ұжымдық жазу кітапшасы,жағдаяттарды талдау әдісі.

Тренинг топта жұмыс істеуді көздегендіктен, белгілі бір топ ережелері қабылдануы заңды. Мысал ретінде «Біздің топтың ережелері» ұсынылады:

Мақсаты: топ ережесін тренинг жұмысының негізі ретінде қабылдау.

Тапсырма: топ ережесін талқылап қабылдау.

Нұсқау: ереже топ ішіндегі қарым-қатынас түрлерін реттейді. Қатысушылар жаппай танылған ережелерді талқылап, өз тобына қажеттілерін таңдап алуы қажет. Қатысушыларға жаңа ережелер қабылдауға ерік беріледі. Барлық ережелер үлкен ватман қағазға жазылады. Ережені қабылдау немесе мүлде қабылдамау немесе ортақ шешімге келу өте маңызды. Әркім өз таңдауын жасайды. Қатысушыларға берілген сөйлемдерді аяқтау ұсынылады: «Бұл топта ... мақұлданбайды», «Бұл топта ... қауіпті», «Бұл топта ... болады», «Бұл топтан шығарылуы мүмкін адамдар ...».

Топ ережелері:

Қатысушының бұл жерде болу себебі оның осы жерде болуына байланысты.

Әрқайсымыз үшін ақиқат ұғымы оның өзін сезінуіне, бағалауына байланысты.

Біздің мақсатымыз - бір-бірімізбен жағымды байланыстар орнату.

Біз орын алған оқиғаға өз пікірімізді білдіру үшін адал болуымыз қажет.

Басқалардың пікірімен де санасуымыз керек.

Топпен шешім қабылдаған кезде топ мүшелерінің барлығының да қатысуы абзал.

Жаңадан қосылған қатысушылар ортақ шеңбер аясында топ мүшесі болады.

Жаттығуды талдау:

Ұсынылған ережелер қатысушыларға қандай дәрежеде түсінікті?

Жаңа ережелердің қайсысы пайдалы, қайсысы пайдасыз болды?

Ережелерге қосымша енгізудің қажеттілігі бар ма, әлде дәстүрлі ережені қалдыру дұрыс па?

Тренинг барысы:

Тренингті жүргізуші өзінің кіріспе сөзінде қатысушылар теориялық

біліммен қатар оқушылардың іс-әрекетін белсенді білім алуға бағыттайтын

түрлі жұмыс түрлерін игерулері керектігі туралы айта келе, ұсынылып

отырған тренинг сабақта қолданылатын оқытудың белсенді әдіс-тәсілдеріне

арналатындығын айтады.

Ойын барысы: қатысушыларды топтарға бөлу, әр топқа түрлі-түсті

бейджиктер тарату. Әр топтың тыңдаушыларының өзінің түсі болады.

Оларды түстеріне байланысты: «көктер», «қызылдар», «жасылдар» деп

атауға болады, №1, №2 және т.б. болып бейджиктер нөмірленеді. Әр топқа

әртүрлі интерактивті тапсырмаларға негізделген, сипатталған материалдар

таратылады.

Әр топқа өзінің тақырыбын жан-жақты оқып-түсіну, талдау, тірек сызбасын, жоспарын жасау тапсырылады. Жасалған жоспар, тірек сызба бойынша топтың әрбір мүшесі берілген тапсырма аясында айтып бере алуы керек. Жұмысқа 10-15 минут уақыт беріледі. Уақыт өткен соң, қатысушыларға олардың ғажайып ақпараттың иесі болғандықтарын, енді сол ақпаратты басқа да қатысушылармен бөлісулері керек екендігі түсіндіріледі.

Қорытынды шығару. Жұмыс барысында қандай қиыншылықтар кездескенін нақтылау. Тренингте жиі қолданылатын жұмыс түрлері:

«Карусель» ойыны. Ойын шарты: оқушылар екі топқа бөлініп, ішкі және сыртқы қосарлы шеңберге бір-біріне бетпе-бет қарап, екі шеңбер құрады. Ішкі шеңбер қозғалмайтын шеңбер, шеңбер ортасына олар арқасын беріп түрады. Сыртқы шеңбер - қозғалмалы, шеңбер ортасына бетін қаратып түрады. Әрбір оқушы өзіне қарама-қарсы түрған оқушыға бір сөйлем айтып, оңға қадам жасайды. Сөйлем қойылған мақсатқа байланысты болады. Мысалы, әріптесінің жағымды жақтарын көрсету үшін «Мен сен сияқты ақылды, ұстамды болғым келеді» деуге болады. Әрқайсысы жаңа әріптесі келген сайын оның қасиеттерін айтып отырады. Жаттығудың бұл түрі барлық оқушылардың белсенді жұмысқа тек өзінің таңдауымен ғана емес, әртүрлі серіктерімен бір мезгілде араласуына мүмкіндік береді.

«Ойға шабуыл». Оқушыларға сұрақ немесе тақырып ұсынылады. Оқушылар өз пікірлерін, ойларын білдіреді. Мұғалім қорытынды жасайды.

«Барлық оқушылармен жұмыс». Бүл жұмыс түрі бүкіл сынып оқушыларының бір мезгілде жұмысқа жұмылдырылуын қамтамасыз етеді. Мұғалім оқушылардың барлық сұрақтарына жұмыстың алдында жауап беруі тиіс, бұл оқушыларды да, мұғалімді де алаңдатпайды.

«Жұппен жүмыс». Бұл жүмыс түрінің мақсаты - балаларды басқа адамды тыңдауға, диалог жүргізуге, өз пікірін айтуға, дәлелдеуге, басқаның пікірімен санасуға мүмкіндік береді. Жұппен жүмыс істеуде балалар өз серігін өздері таңдайды. Жыл көлемінде әртүрлі адамдармен қарым-қатынас жасауға үйренеді.

«Рөлдік ойындар әдісі». Рөлдік ойындар әдісі қатысушылардың басқа адам кейпіне (рөліне) еніп, соның ішінде әрекет етуінен тұрады. Рөлдік ойындар оқушылардың бір-біріне мейірбандықпен қарап, түсіну дағдысын дамытады. Басқа біреудің рөлін ойнағанда, оның көзқарасы, ойы мен сезімдерін түсіну оңайырақ болады. Сонымен қатар бұл әдіс сыни ойлауды күшейтіп, шешім қабылдауға және өз көзқарасын да қорғауға мүмкіндік береді.

«Жарыссөз». Жарыссөзге қатысушылардың мақсаты өзі ұсынған мәселенің шешілу жолының дұрыстығына басқаларды сендіру болып табылады. Жарыссөз жүргізу, адамдарды сендірерлік дәйектер мен дәлелдер тауып, өз ұстанымдарын анық және саналы түрде жеткізуге үйрететін құрал ретінде танылып жүр. Сонымен қатар олар қоғамдық көзқарас немесе жүргізіліп жатқан саясатқа ықпал ету қабілетінің бар екеніне сенімділік тудырады.

Мен өз тәжірибемде аталып өткен технологияларды қолданудамын.Соның нәтижесі ретінде мектепте, ауданда оқушыларым білімнің биік шыңдарынан көрініп жүр.Менің оқушыларым жыл сайын ауданда өткізілетін пән олимпиадаларында бірінші, екінші орындарды иеленіп жүр.Сонымен қатар шәкірттерім аудандық «Тіл шамшырақтары», « Абай оқулары», «Тіл- халық жанын танудың кілті» деген сайыстарға да белсенді қатысып,жүлделі орындарға ие болып жүр.Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде өз сабақтарымда қазақ халқының салт –дәстүрлері, мәдениеті, ұлы адамдары туралы, ұлттық ойындары, ауыз әдебиеті түрлері туралы оқып үйретудемін. Өткізген әрбір сабағымды жаңа технологияны қолдану арқылы, соның ішінде ойын технологиясы, деңгейлеп оқыту, саралап оқыту, модульдік оқыту, мультимедиалық құралдарды қолдану арқылы өткіземін. Сөйтіп, оқушыларымның бойына қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік жасаймын.

Өзім де әрдайым білімімді жетілдіру үшін түрлі аудандық, облыстық сайыстарға қатыстым.Мысалы,2001жылы «Үміт» атты облыстық олимпиадаға қатысып жүлделі екінші орынға ие болдым.2005 жылы облыстық Тілдерді Дамыту басқармасы өткізген сайысқа қатысып, дипломмен марапатталсам,2007 жылы «Мұғалімнің кәсіби шеберлігі» атты облыстық байқауының номинация бойынша жеңімпазы болдым.Сонымен қатар 2004 жылы Қ.Р. Білім және Ғылым қызметкерлерінің 3- съезінің делегаты болдым.

Өзімнің білгенімді жас мамандарға жалықпай үйретудемін. Он бес жылдан бері аудандағы және мектептегі әдістемелікке жетекшілік етудемін.Еңбек еткен жылдарымда аудандағы мұғалімдерге тәжірибе беру және бөлісу мақсатында төрт семинар өткіздім.

Сөзімді қорытындылай келе, Ғ.Мүсіреповтың: «Әдебиет деген адамгершілікке сүйіспеншілік деген сөз. Өйткені шын мәніндегі көркем әдебиет- азаматтық терең ойдан, адамгершілік асыл идеялардан, биік парасаттан туады»,- деген сөздерімен жас ұрпақты әдебиетті сүюге тәрбиелейік дегім келеді. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси-экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісін ұштастыра білгенде және оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгергенде ғана бүгінгі күн талабына сай ұстаз бола алады.







































































Пайдаланған әдебиеттер:



«Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» жорналы -2007ж №2

«Қазақ әдебиеті» әдістемелік нұсқау – авторлары: Әбдезұлы Қ., Тұрсынғалиева С.Ч. Астана: 2012ж



























8



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 20 декабря. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДБ-039564
Курсы профессиональной переподготовки
133 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 20 декабря
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>