Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Доклад на тему "Мектеп оқушыларының оқырмандық мәдениетін қалыптастырудың инновациялық әдіс-тәсілдері"

Доклад на тему "Мектеп оқушыларының оқырмандық мәдениетін қалыптастырудың инновациялық әдіс-тәсілдері"

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m16777465.gifhello_html_m695a3433.gifhello_html_719551aa.gifhello_html_m29e51b4f.gifhello_html_3b0a20a4.gifhello_html_m7782800b.gifhello_html_m768fec57.gifhello_html_m64bb394f.gifhello_html_4c203d45.gifhello_html_73eeacb9.gifhello_html_316e3cf3.gifhello_html_169c0a78.gifhello_html_1b1710f3.gifПавлодар облыстық білім беру басқармасы

Павлодар аудандық білім беру бөлімі

Чернорецк №1 жалпы орта білім беру мектебі

















Мектеп оқушыларының оқырмандық мәдениетін қалыптастырудың инновациялық әдіс-тәсілдері









Жоба жетекшісі: Серикова Сауле Дюсеновна,

мектеп кітапханашысы















Павлодар, 2015

«Мектеп оқушыларының оқырмандық мәдениетін қалыптастырудың инновациялық әдіс-тәсілдері»

http://cs302714.vk.me/v302714232/7c39/pT4u7O26QP4.jpg

Өзектілігі. ХХІ ғасыр – технология ғасыры. Ақпараттық-коммункациялық технологиялар өміріміздің бөлінбес бір бөлшегіне айналып отыр. Бүгінгі қоғамды технологияларсыз елестету мүмкін емес. Алайда рухани құндылықтарды қалыптастыруда тек қана технологияларға сүйену біржақты болар еді. Рухани құндылықтарды технология алмастыра алмайды. Бүгінгі қоғамда кітап оқу мен технологиялар арасында көрінбейтін тартыс жүріп жатыр. Жастардың басым көпшілігі электронды нұсқадағы ақпараттармен жұмыс істеуді қаласа, орта жастан асқан азаматтар кітаптың құнды екенін оны ешқандай құрылғының алмастыра алмайтындығын айтып дәлелдеп отыр. Рухани құндылықтарды тек қана кітап оқу, өмірлік мәселелерді шешу тәжірибесі арқылы ғана қалыптастыруға болады. Сондықтан да бүгінгі қоғамда рухани құндылықтарды кітап оқу арқылы қалыптастырудың маңызы артып отыр. Қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері Ғабит Мүсірепов: «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» – деген еді. Кітапты таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайды.

Мақсаты. Оқушыларды кітап оқуға жүйелі түрде тарта отырып, оқырмандық мәдениетін қалыптастыру, сол арқылы рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту.

Міндеттері:

  1. Оқушылардың кітап оқу ынталарын зерттеу, мониторингтік талдау жасау.

  2. Мақсатты шаралар арқылы кітап оқу мәдениетін қалыптастыру.

  3. Интерактивті кітап көрмелері арқылы кітап оқу әлеміне шақыру.

  4. Дәстүрлі емес кітапханалық сабақтар, акциялар, флешмоб, дөңгелек үстел, конференция, кештер арқылы кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеу.

  5. Кітап оқу мәдениеті арқылы рухани-адамгершілік тәрбие негіздерін дамыту.

  6. Педагогтердің оқушылармен ынтымақтастық қарым-қатынасын қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже.

  • Оқушылардың оқырмандық мәдениеті қалыптасады.

  • Мектеп кітапханасына оқырмандар саны мен оқу санының арту тенденциясы артады.

  • Кітап оқу мәдениеті арқылы рухани-адамгершілік тәрбие негіздері дамиды.

  • Жоғары сынып оқушыларының бастауыш сынып оқушыларына кітап оқудағы тәлімгерлік жасауы қалыптасады.

  • «Педагогтер арқылы оқушыға» ынтымақтастық қарым-қатынасы дамиды.

Жобаның жаңалығы. «Кітап оқитын адам-табысты адам» өмірлік көзқарасы қалыптасады. Оқушылардың кітап оқуға уәждерін түрлі формалар арқылы туғыза отырып, оқырмандық мәдениеті дамиды.

Жобаның барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер. Сауалнама, конференция, дөңгелек үстел, кештер, флеш моб, кофе-брейк, акция, жарнама, форум, кітапханалық сабақтар, виртуалды және дәстүрлі емес көрмелер.

Жобаның жүзеге асырудың кезеңдері.

1-кезең. Жобаны зерттеу кезеңі.

2-кезең. Жобаны тәжірибеде жүзеге асыру кезеңі.

3-кезең. Қорытынды, нәтижелер кезеңі.



1-кезең. Жобаны зерттеу кезеңі. 2015-2016 оқу жылы

Р/с

Іс-шаралар

мерзімі

Жауапты

1.

Оқушылардың кітап оқу ынтасын зерттеу(жасы, қызығушылығы, талғамы).

Жыл бойы

Кітапханашы, қазақ және орыс тілінің мұғалімдері, ата-аналары

2.

«Педагогтер арқылы оқушыға» ынтымақтастық форумын өткізу.

Ақпан

Кітапханашы, мектептің ұстаздары

3.

Тақырыптық кітап көрмесін ұйымдастыру.

Жыл бойы

Кітапханашы және оның көмекшілері

4.

«Дауыстап оқу» акциясын өткізу.

Ай сайын

Кітапханашы, ұстаздар.

5.

«Мылқау кітап» сағатын өткізу

Қараша, наурыз

Кітапханашы, медбике, мектептің психологи

6.

Тренинг түрінде кітапханалық сабақтар өткізу.

Тоқсан сайын

Кітапханашы

7.

«Менің сүйікті кітабым» сауалнамасын жүргізу

Қыркүйек, қаңтар

Кітапханашы және оның көмекшілері

8.

«Кітап оқып үйренеміз» сабақтары

Желтоқсан, қаңтар

Кітапханашы, 1 сыныптың ұстазы

9.

«Білім қуған бүлдіршін» интерактивті кітап көрмесі

Жыл бойы

Кітапханашы



2-кезең. Жобаны тәжірибеде жүзеге асыру кезеңі. 2016-2017 оқу жылы

Р/с

Іс-шаралар

мерзімі

жауапты

1.

«Мына кітапты міндетті түрде оқуға кеңес беремін!» флеш моб ұйымдастыру

Жылына 2 рет

Кітапханашы, мектептің әкімшілігі

2.

«Сүйікті жазушымның сүйікті кітабы» пікірталас кеші

Сәуір

Кітапханашы, қазақ тілі және орыс тілі мұғалімдері

3.

«Қысқы кеш» поэзия қонақжайы

Қаңтар, ақпан

Кітапханашы, қазақ тілі және орыс тілі мұғалімдері

4.

Оқушылардың қандай кітап оқуға ынталы екенін анықтауға арналған сауалнама жүргізу.

Қыркүйек, қаңтар

Кітапханашы және оның көмекшілері

5.

«Кітап айырбастау» пунктін ұйымдастыру

Жыл бойы

Кітапханашы, мектептің оқушылары

6.

Виртуалды кітап көрмесіндегі ашық сабақ

Мамыр

Кітапханашы

7.

«Бір мұғалім, бір оқушы, бір кітап» апталығын өткізу

Қараша

Кітапханашы, мектептің ұстаздары



3-кезең. Қорытынды, нәтижелер кезеңі. 2017-2018 оқу жылы

Р/с

Іс-шаралар

мерзімі

жауапты

1.

Қорытынды сауалнама. Мониторингтік талдамалар жүргізу.

Мамыр

Кітапханашы

2.

Жоғары сынып оқушыларының бастауыш сынып оқушыларына кітап оқудағы тәлімгерлік жасауын ұйымдастыру.

Қыркүйек – мамыр

Кітапханашы, 8-10 сыныптар

3.

«Менің сүйікті жазушым» мектепішілік конференциясын өткізу.

Сәуір

Кітапханашы, әкімшілік мектептің

4.

«Поэзия әлемінде» флеш моб

Мамыр

Оқушылар кеңесі

5.

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханаға саяхат.

Мамыр

Кітапханашы, мектептің әкімшілігі

6.

Мектеп педагогтерімен бірлесе отырып «Менің өмірімді өзгерткен кітап» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастыру.

Қараша

Мектеп кітапханашысы

7.

Мектеп кітапханасына оқырмандар саны мен оқу санының арту тенденциясына байланысты зерттеу қорытындысы бойынша мақала дайындау.

Маусым

Мектеп кітапханашысы



1-кезең. Жобаны зерттеу кезеңі.

Кітап – ең керемет ғажайып зат. Кітапты оқыған сайын керемет ғажайып құбылыстарға тап боласыңдар. Көз алдарыңызға әр түрлі оқиғалар елестейді. Сендер білмейтін адамдар өздері туралы айтып, кітап тілімен сөйлеседі. Жер бетінде кітаптан қызық ғажайып нәрсе жоқ. Қазақ халқы кітапты киелі, қасиетті, құдіретті зат деп бағалаған.

Бірақ та осы заманға сай өміріміздің көз қарасы өзгерді. Қазіргі жастар мүлде кітапты алып оқымайды. Бұл мәселе бір жылда туындаған мәселелер емес. Мұндай мәселелер бірнеше жылда қордаланып қалыптасады. Әрине, бүгінгі қоғамда уақыт пен жаңа технологиялар маңызды рөл атақарады. Бұл тұтастай алып қарағанда, кітапханашының ғана емес, қоғамның өзекті мәселесіне айналып отыр. Қазіргі уақытта ақпарат, ақпараттық үрдіс адам өмірінің құрамдас бөлігі болып табылады және ақпараттық қоғамның пайда болуына алып келеді. Жаңа ақпараттық тұрмыс қалпы қалыптасып, оның барлық жақтары адамның ақпараттық іс-әрекеті арқылы өтеді. Қазіргі ақпараттық технологияларға негізделіп, адамның бағалы құндылықтары, қызығушылықтары, қажеттіліктері өзгереді. ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін, білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарың оқу үрдісінде тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.

Әрине олардың бәрі жақсы, бірақ та біздің мақсатымыз – кітап неге оқылмайды деген сауалдың жауабын жан-жақты іздеу. Қазақ балаларын қазақ әдебиетінен алыстатып алмаудың амалын бірлесіп табу. Кітапқа деген баланың қызығушылығын арттыру. Менің ойымша, қазіргі кезде оқырман баланың қызығушылығын арттыру үшін «балабақша – мектеп – кітапхана – мұғалім – ата-ана» деген ара жігі ажырамайтын схемамен жұмыс жасау қажет. Бала балабақша табылдырығын аттаған күннен бастап, кітаптың құдіретін ұғындыру. Жыртпауға, сызбауға, боямауға, кірлетпеуге, бүктемеуге үйрету. Бірінші сыныпта өзінің алғаш бастап оқыған пән оқулығы туралы мағлұмат беру. Мысалы: мектепте бірінші сыныпта әліппе кезенің оқып бітіргеннен кейін, мұғалімдер кітапханамен тығыз байланыста бағдарламаны жыл көлеміне ұйымдастырып өткізу.

Алғашқы күннен бастап, «Білім қуған бүлдіршін» деген интерактивті кітап көрмесі ұйымдастырылу жоспарланады. Бізге кітапханашыларға көмекші ретінде оқушылар арасынан кітапханашыларды сайлап қою да маңызды. Барлық оқушы кезекпен кітапханашы болып шыққаны дұрыс, бұл әлеуметтік рөл балалардың алғашқы тәжірибесін қалыптастырады.

Ақцияға кезекші «Педагогтер арқылы оқушыға» айына бір рет ұстазы оқушысын кітапханаға келіп көріп, танысуы керек. Мүмкін болған жағдайда бірге бір күн жұмыс жасайды. Ол апта сайын ауысып, кезектесіп келе береді. Бұл жұмыс оқушылардың кітапханаға деген қызығушылығын арттырады. Олар өзімен бірге сыныптастарын тартары сөзсіз. Кітапханаға деген дұрыс көзқарасы қалыптасып өседі, кітапты ұқыптап ұстауына, уақытында алған кітапты қайтаруына, кітапханашы маманыдығына деген үстірт ой, жаңсақ мінез қалыптаспауына көмектеседі.

Соңғы кезде оқушылардың көбісі, қосымша сабақтарға дайындалуға уақыттарын көп жұмсап, бос уақыттарында әдеби кітаптарды аз оқиды. Оның ішінде оқушылардың қызығушылығын арттыру барсында төмендегі жұмыстарды атқаруға болады: сұхбат, зерттеу, жеке сұхбаттасу, сауалнамалық сұрақтар. Сонымен қатар 5-9 сынып оқушыларымен сауалнамалық сұрақтар алу арқылы зерттеу жұмыстары жүргізілді. Сауалнама сұрақтары келесі бағыттарды қамтиды:

  1. Бізге не оқу керек?

  2. Кітаптарды оқып шығуға үлгересің бе?

  3. Соңғы оқыған кітабың?

  4. Кітаптың маңызы, мәні қандай?

  5. Қайсысын қалайсың: кітап оқуды, теледидар көруді, компьютерде ойнауды, ұялы телефонда отыру?

  6. Қаңдай тақырыптағы шығармаларды оқығанды қалайсың?

  7. Кітапханадан алған кітаптарыңа ризасың ба?

Сауалнаманың мақсаты – оқушылардың не оқу керегін және кітап қорында оқушылардың көңілінен шығатын кітаптарды анықтау болып табылады.

Мектеп оқу үрдісі бастауыш сынып оқушыларынан, оқудағы дербестікті талап етеді. Осыған орай, оқу еңбегінің барысында оларды ең алдымен кітаппен жұмыс істеуге үйретуден бастаған жөн. Оқушыны өз бетімен кітап оқуға үйретуде оқушы сауаттанады, сөз қоры ұлғаяды, ойын еркін жеткізе алады. Сөйлегенде мәдени, әдеби тілде көптеген сөздердің баламасын тауып айтып, өз ойы бойынша мазмұндап айта алады. Оқушыны өз бетімен кітап оқуға үйрету, оны қалыптастыру оқушыны өмірге дайындаудың негізі болып табылады. Оқушыны өз бетімен кітап оқуға үйрету, оны қалыптастырудың әдіс-тәсілдері:

  • өз таңдауы бойынша кітап оқу;

  • бірігіп және дауыстап кітапті оқу;

  • «Менің сүйікті кітабым» балаларға әрқайсының өзінің ұнаған жерлерін оқыту.

  • «Кітап оқып үйренеміз» және оқыған кітапты бірігіп талқылау.

Оқушылардың бойында салт-дәстүр, рухани-адамгершілік, әдеп-ғұрып туралы түсінікті қалыптастырып, тарихи құндылықтарымызды жаңғырту мақсатында «Бір мұғалім, бір оқушы, бір кітап» тақырыбындағы мерекелік шара өте сәтті болып табылады. Бұл шараның жетістігі:

  • ешқандай бала ескерусіз қалмады;

  • оқушы белсенділігі артты;

  • сыныптастар арасында бір-біріне деген көмек, жолдастық сезімдері артты;

  • мектептің әкімшілік, педагог және оқушылардың ортасында қарым-қатынас қалыптасты.

Қазіргі заманауи ағымға сай өткізілетін әр түрлі шаралар, формалар, акция, тренигтер - олар жастарды кітапханаға тартудың, оларды кітапқа қызықтырудың тиімді жолы.

Аталмыш бағдарламаға сәйкес мектебімізде «Кітап оқитын адам  –табысты адам» атты байқауы өтті. Кітап оқу байқауына ынта білдірген оқушылар түгел қатысып, өздері таңдаған сүйікті ақын-жазушыларының кітаптарын талдап, шығармаларымен таныстырды. Аталмыш байқау оқушылардың оқу-танымдық қабілетін арттыруға, ақыл-ойын дамытып ізденуге, жаңа білімді түсінуге, сондай-ақ зейін, ес, қабылдау, қиялын жақсартуға арналды. Байқау қорытындысы бойынша, 7-10 жастағы оқушылар арасындағы «Сүйікті кітабымызды иллюстрациялаймыз» номинациясы бойынша  I-орынға 5-сынып  оқушысы Асалбек, 11-13 жастағы оқушылар арасындағы – «Сүйікті жазушымның сүйікті кітабы» номинациясы бойынша I-орынға 7-сынып  оқушысы Касымова Жанель ие болса, 14-17 жастағы оқушылар арасындағы «Мына кітапты міндетті түрде оқуға кеңес беремін!» номинациясы бойынша 10-сынып оқушысы Ерболат Айсана және Жанболат Гульнар жеңіп алды. 

Кітап тұсаукесері

Мереке Патриоттық сағат

Кездесу

Флешмоб Айтыс

Шаралар



Акция

Дөңгелек үстел





Кітапханалық сабақтар

Сайыс

Қысқы кеш Тренинг

Виртуалдық кітап көрмесі

Ең алдымен, оқу шапшандығы алынып, оқу шапшаңдығы төмен оқушыларға жоспар құру. Осы оқушылармен үнемі кездесу, ақыл-кеңес беру, оқыған кітабы туралы әңгімелер жүргізу. Оқу шапшаңдығы алынып отыру. Әр оқушының жас ерекшелігін, оқу дағдысын ескеру. Төменгі сыныптардың оқушыларымен қазақ ақын-жазушыларының балаларға арналған кітаптары, ертегілер бойынша дауыстап оқу жүргізу.

Сонымен қатар, оқушының сапалы білім алу барысындағы ақпаратты дұрыс қабылдау, оларға қолдау көрсету. Оқушыларды жүйелі оқуға тарту мақсатында «Балалар және кітап» атты мерекелік іс-шара өткізілу керек, оңда түрлі ойындар мен байқаулар, кітап әлеміне саяхат, театрланған қойылым тағы басқадай балаларды кітаппен көп жұмыс жасап ұйымдастыра білу керек. Сонымен қатар, ай сайын «Оқырмандар рейтнгісі» шығарылып, ең үздік оқырман, ең үздік сынып, оқымайтын оқырман атты қорытынды шығарылып отыру қажет. Жылына бір оқырман 25 кітаптан жоғары оқыса, онда ол нағыз үздік оқырман, ал 15-21 кітап оқыса, ол жақсы оқырман, 6-10 кітапқа дейін оқыса ол оқырманның кітапқа қызығушылығы аз.

Кітап оқымайды деп байбалам салғанша, жан-жақты болып қызмет жасауымыз керек. Қоғамдағы кітап оқушы оқырманды қалыптастыруға ата-ана, мектеп, кітапханашы қызметі жоғары дәрежеде болуы керек. Әрине сауалдар мен себептер көп. Одан қалды түрлі сылтаулар кезіге береді.

Ал, ол себептердің ар жағынан әдеби кітаптың оқылуы үшін кім қаңдай күш жұмсауы тиіс деген қисынды сауал туады.

«Интернет - бір күндік, кітап - мәңгілік» - дегендей, кітап пен кітапхана және жаңа технологиялық ақпарат құралдарын заман талабына сай жабдықтап, таразыны тең ұстағанға не жетсін? Жаңа заман талабына сай жаңа технологияларды меңгергенге не жетсін? «Бір ел – бір кітап» акциясы да, соның дәлелі ретінде еліміздің түкпір-түкпірінде шарлап жүр.

Қазіргі біздің мектеп оқушылары бұрынғыға қарағанда кітапханаға жиі келеді. Себебі: оқушылармен көп іс-шаралар өткізеледі. Біздің міндетіміз балаларды жаңашылдыққа жетелей отыра, өткенімізді білетін, бүгінімізді түсінетін, болашаққа сеніммен қарайтын азаматтарды тәрбиелеу.Сондықтан оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда кітапханашылардың рөлі үлкен. Қорыта айтқанда, мектеп кітапханашыларының жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие берудегі үлесі зор. Сондай-ақ, мектеп кітапханасының үрдісі жылдан жылға артып келеді. Олай болса, жақсы кітаптың бар қазынасын оқырман жүрегіне жеткізіп, рухани керегімізге айналдыра білейік.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «ХХІ ғасыр білімді халықтың ғасыры болады» деп сенім артады. Сол сенімнің кілті – мектеп оқушыларының, жастардың қолында екені анық.

Қазіргі кітапханашының тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы жеке бас қызметіндегі мәдениеттілігін, сөйлеу стилі, өзін-өзі басқару шеберлігін, әдеби сөйлеу шеберлігі және т.б. оқырмандармен қарым-қатынасының тәрбие жұмысында нәтижелі болуымен сипатталады. Сонымен қоса оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда қосатын үлесі өте зор деп ойлаймын.



Кітап -жан азығы, жығылғанда сүйеу болады, адасқанда тура жолға салады”

(Абайдың 41-қара сөзінен)







Қолданған әдебиеттер:

Мектептегі кітапхана № 3 2015ж Кітапхана және Интернет А.А. Абенова, Д. Құрманбек

Мектептегі кітапхана № 2 2013ж Кітапхана және жалпы адами құндылық негізінде жастарды рухани тәрбиелеу Ф.Т. Досанова

Мектептегі кітапхана № 6 2014 ж Кітап оқуды дамыту: жаңа мүмкіндіктері К.К. Жаксыбаева

Мектептегікітапхана № 4 2014ж Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы кітапхананың рөлі. А.Д. Нурмолдина

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 19.12.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров310
Номер материала ДВ-271121
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх