Инфоурок Информатика Другие методич. материалыДоклад на тему "Сын тұрғысынан ойлау технологиясын сабақтарда қолданудың тиімділігі"

Доклад на тему "Сын тұрғысынан ойлау технологиясын сабақтарда қолданудың тиімділігі"

Скачать материал

 «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын

                      сабақтарда қолданудың тиімділігі»

 

 

  Қоғам өміріндегі қазіргі өзгерістер экономиканың, саясаттың, әлеуметтік-саяси саланың дамуы қоғамдағы негізгі фактор болып табылатын жеке тұлғаның жалпы дамуына байланысты болмақ. Қазіргі кезде оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын қолдануды, жеке тұлғаның жан-жақты шығармашылық тұрғыдан дамуына жол ашуды көздеп отыр.Бұл міндеттерді жүзеге асырушылар білім беру жүйесіндегі күрделі мәселелерді шешуші-кәсіби шеберлігі  жоғары ұстаздар. Жоғары кәсіби педагогикалық құзіретті мұғалімдерге қойылатын талаптар қоғам қажеттілігінен туындайды. Оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде оқу қарқынын жақсарту мақсатында жаңа педагогикалық технологияларды қолдану- заман талабы.

  Педагогикалық технологияларды сипаттағанда олардың негізгі ерекшеліктері- қасиеттері, идеялары, оқу жүйесінде қолданылуы, тиімділігі мен нәтижелілігі негізге алынады. Іс жүзінде қолданылып жүрген көптеген педагогикалық технологиялар бар:

-         Дәстүрлі оқыту технологиясы. Бұл технологияның негізінде оқытудың сынып-сабақ жүйесі жатады, яғни мұғалім білімді айтып береді, оқушыларда іскерлік пен дағды қалыптасады, оқушылар қайталау арқылы бекітеді, сабақ қортындысын бағалайды.

-         Оқытудың модульдік технологиясы. Бұл технология білім беру үрдісін өзгертеді. Оқушы мұнда толығымен немесе бөлшектеп мақсатты дара бағдарлама бойынша өздігінен оқиды.

-         Жобалық  оқыту технологиясы. Бұл технологиямен оқыту барысында: зейін орталығы-оқушылар, олардың шығармашылық талаптарының дамуына мүмкіншілік жасау. Жоба жұмысында әр оқушыға өздік даму деңгейінің көтерілуіне мүмкіншілік беріледі.

-         Бағдарламалап оқыту технологиясы- бұл арнайы құралдардың көмегімен бағдарламаланған оқулық (ЭЕМ- компьютер) алдын-ала құрылған оқу бағдарламасы бойынша өздік дара оқыту технологиясы. Ол әр оқушыға оның дара ерекшелігіне сай оқуға мүмкіндік туғызады. Бұл технология бойынша оқу материалын оңай игеру үшін: кішкентай бөлшектерге бөлу; әр бөлімді меңгеруге бағытталған әрекетті реттеп орындату, бақылау тапсырмаларының орындалу нәтижелерін тіркеу.

-         Ақпараттық технология- қазіргі күннің қажеттілігі компьютермен интенсивті  оқытудың ашық жүйелерін жасау және қолдану. Сонымен қатар басқа да қашықтан оқыту технологиясы, кредиттік оқыту, сын тұрғысынан ойлау технологиясы оқыту үрдісінде қолданылып жүр.

-         Сын тұрғысынан ойлау -ашық қоғам негізі.Ол өз алдына сұрақтар қойып және оларға үнемі жауап іздеу, әр мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу,сонымен қатар басқалардың пікірлерін ділірек қарастыруды және сол ділелдемелердіі қисынын зерттеу дегенді білдіреді.Сыни ойлау-адам өмірінің бір саласы. Олай делінетіні-бұл философия адамдарға көптеген жолдар мен шешімдер ішінен өздері үшін маңызды, әрі пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды ғана жинап, жаңа білімді бұрынғыдан ажырата білуге көмектеседі.

  Сыни ойлауды дамыту технологиясяның дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы-білімнің дайын күйінде берілмеуі. Бұл жобаның мақсаты- демократиялық қоғамда өз көзқарасы, пайымдауы бар,өзін-өзі жетілдіріп отыратын, айналадағы үдерістерге сыни көзбен қарап, жауап бере алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.

СТО  жобасын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу-білім беру сапасын арттырудың, оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. «Сын тұрғысынан ойлау»- сынап қарау емес, оқушының шыңдалған ойлау әрекеті.Бұл  технологияның негізінде оқушылар  топпен жұмыс істеу арқылы өзара пікірлесіп, ұтымды жауаптарды тауып айтуға үйренеді, іздене отырып, өз ойын айтуға, дәлелдеуге мүмкіндік алады. Топпен бірігіп жұмыс жасау тұлға бойында шыдамдылық,  мейірімділік, ұжымдық жауапкершілік, бірігіп бір мәселені шешу  секілді жағымды қасиеттерді дамытады.

  Солардың ішіндегі «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын» арнайы пәндерді оқытуда қолданып жүрмін. «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын  сабақтарда қолдану» тақырыбын өзекті тақырып ретінде алдым. Осы технологиямен жұмыс жүргізу үшін белгілі міндеттер қойдым.  Олар:

 1. Технологияны оқып меңгеру;

 2. Тәжірибеде қолдану;

 3. Нәтижесін анықтау.

1-ші сатыда 2007-2008 оқу жылында технологиямен таныстым, баяндама әзірленді ;

2-ші сатыда 2008- 2009 оқу жылында сабақтарымда қолдандым, пәндік отырысқа әдістемелік әзірлеме дайындалды ;

3-ші сатыда 2010 -2011оқу жылына Модельдеу, конструкциялау пәнінен «Стиль және мода. Моданың міндеттері» тақырыбында  ашық сабақ жоспарлап өткіздім.

2011-2012 жылы Материалдану пәнінен «Мақта және зығыр талшықтары» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

 Жалпы «Сын тұрғысынан ойлау технологиясының» 90 түрлі стратегиясы бар, солардың ішіндегі- Даралық пен ұқсастық, Венн диаграммасы, Бес жолды өлең, Галереяға саяхат, INSERT  кестесі, ББҮ стратегияларын сабақтарымда қолданамын.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының негізгі мақсаттары:

- Тек қана оқуда емес, өмірде де оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту;

- Өздігінен дұрыс шешім қабылдай білетін тұлғаны дамыту;

- Ақпараттарен жұмыс істей білетін шығармашыл тұлға қалыптастыру;

- Құбылыстарды жан-жақты талдап саралай білетін сыншыл тұлға тәрбиелеу.

 Негізі сабақтың үш құрылымын сақтаудан тұрады:

- ой қозғау;

- мағынаны ажырату;

- ой толғаныс.

Сабақта белгілі қағидалар сақталынуы қажет. Ол үшін тақырып бойынша оқытушы – оқушыларға тапсырманы орындауға  уақыт белгілеуі, сенім көрсетуі, қолдауы және бағыт беріп көмектесуі қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Оқытушы оқушыларға шешімін табуға қажет мәселе қояды. Оны: қарапайым,

анықтаушы , практикалық , түсіндірмелі , шығармашылықбағалаушы

сұрақтар қою арқылы жүзеге асырады.    Бұл оқушылардың жекелеген мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға бағытталады.

Білімалушылардың іс-әрекеті: шешімін табуға қажет мәселені жүзеге асыру үшін:

 

 

       V

      +

      -

       ?

                 Білдім

Бұл маған жаңалық

Менің ойыма қарама-қайшы

Бұл туралы көбірек білгім келеді

деген сұрақтарға жауап жазады. Ерекше артықшылық бір жағдай: көп сөйлемейтін, белсенділігі төмен оқушылардың қызығушылығы артып, олардың өз мүмкіндіктеріне қарай топтар бойынша сабаққа қатысуға тырысады.

СТО технологиясы-білім берудің сапасын арттырудағы тиімді жоба. Ол үшін оқытушы сабақтың мақсатын нақтылап, оған шығармашылық тұрғыдан келіп, оқушының білімділік, тәрбиелік жағынан қызығуын арттырып,оныңой-өрісін дамытуда аянбай еңбектенуі қажет. Неміс педагогі А Дистервергтің «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойға үйретеді » дегені мәлім .Осы тәжірибені СТО технологиясы да ұстанады. СТО мұғалім мен оқушының арасындағы қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйтқысы болғандықтан, оқушылардың шығармашылығы мен танымдық  белсенділігін арттырады. Сын тұрғысынан ойлау негізінде құрылған сабақта тек жақсы оқитын оқушылар ғана  белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылса, әр оқушының оқуға деген қызығушылығы артатыны даусыз. Сондай ақ «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясына негізделген сабақ оқушының  ой-өрісін дамытып, жан-жақты, терең білім алуына жағдай жасап қана қоймай, оқушы бірде басқаға көмектессе,бірде басқаның көмегін өзі алады. Оқушы білімді өз ізденісімен, өз біліктілігімен  алады, іскерлік дағдылары қалыптасып, артады.СТО  бағдарламасы негізінде өткізілген сабақтар оқушының тақырыпты толық меңгеруіне, өз бетінше жұмыс жасауына және  уақыт үнемдеге өте ыңғайлы. Бұл технологияны пайдалану жеке тұлғаның ойлау қабілетін дамытуға, эстетикалық тірбие, коммуникативтік қабңлеттерңн шыңдауға, қолайлы шешім қабылдай алуға, ең бастысы, білім сапасын арттыруға негіз болады.

 Нәтижесінде:

- оқушы еркін сөйлеп, өз ойын жасқанбай айтуға үйренеді;

- жұппен, топпен жұмыс істей отырып, бірін-бірі сыйлауға, шешімі табылмай   жатқан мәселені ақылдасып шешуге ұмтылады;

- бірін-бірі оқытуға және дамытуға үйренеді;

- жағымды қарым-қатынасқа бейімделеді;

- ойы сараланған, дарынды, шығармашыл тұлға қалыптасады.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад на тему "Сын тұрғысынан ойлау технологиясын сабақтарда қолданудың тиімділігі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Редактор

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 568 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.04.2017 769
    • DOCX 53 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тұрсынбай Мамырбек Беркімбайұлы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13422
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Создание и обеспечение электронного архива с использованием информационно-коммуникационных технологий

Специалист по формированию электронного архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 36 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Курс повышения квалификации

Применение компьютерных моделей при обучении математике и информатике в рамках ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 180 человек

Мини-курс

Фокусировка и лидерство: достижение успеха в условиях стресса и перемен

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 13 регионов

Мини-курс

Эффективные стратегии продаж: воронка, агрегаторы и мессенджеры

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие мотивации к обучению

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 160 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 167 человек