«Күншуақ»
балабақшасында орыс топтарындағы қазақ тілінен өткізілген «Дос іздеген бота»
ертегісі
Өткізген:Утегенова
Алмагүл Максатовна
«Дос
іздеген бота» ертегісінің қойылымына қатысқан тәпбиеленушілердің тізімі:
№ Аты-жөні туған
жылы ұлты орындаған рөлі
1 Пихтелев Алексей Евгеньевич 15.10.2009
орыс түйе
2 Шаповалова Жантилек Артуровна 25.06.2010
украин бота
3 Закирова Дарья Ренатовна 03.11.2009
татар балапан
4 Болотина Татьчна Сергеевна
03.04.2011 орыс әтеш
5 Франц Елизавета Александровна 30.09.2010
неміс күшік
6 Абашева Светлана Сергеевна
30.08.2009 орыс қарлығаш
Рөлге
қатысушылар:
Түйе -
Пихтелев Алексей Евгеньевич (ұлты – орыс)
Бота - Шаповалова Жантилек Артуровна
(ұлты – украин)
Балапан - Закирова Дарья Ренатовна (ұлты
– татар)
Әтеш - Болотина Татьчна Сергеевна (ұлты
– орыс)
Кұшік - Франц Елизавета Александровна (ұлты
– неміс)
Қарлығаш - Абашева Светлана Сергеевна (ұлты
– орыс)
Ерте, ерте, ертеде боталы түйе болыпты.
Түйе (Алексей): Түйе , түйе, түйемін ,
Жануармын
киелі.
Жан-жағыма қараймын
Күн мен
түнді санаймын.
Ботасына қарап: Қара көзің мөлдіреп ,
Қызықтырмай қоймайды
Жібек
жүнін үлбіреп,
Қарасам
көз тоймайды.
-Боташым , мен саған жақсы достан басқа
бәрін бердім.Доссыз өмір қиын әрі қызық емес.(Бота басын изеп тұрады)Бота өзіне
ұқсайтын жалт-жұлт еткен жүні бар , жағымды үні бар дос іздеп шығады.
Бота(Жантілек):Бота , бота , ботамын,
Ақылды боп
атандым.
Тостағандай
көзім,
Әдемімін
өзім.
(Жайлауда гүл теріп , жинап жүрген Балапан
, Әтеш , Күшік , Қарлығашқа келеді.)
Бота(Жантілек):Бө-бө-бө.Мен дос іздеп
жүрмін.
Күшік(Лиза):Гаф-гаф-гаф.
Мен саққұлақ
күшікпін
Үй күзетем
шапқылап.
Дыбыс шықса
маңайдан
-Гаф , гаф
деймін қаттырақ.
Кел , екеуміз
дос болайық!
Бота:Жо-жоқ.Сен сияқты дос емес.
Күшік:Мүмкін Балапан болар.
(Бота балапанға келеді.)
Бота:Бө-бө-бө.Мен дос іздеп жүрмін.
Балапан (Даша):Мен әдемі Балапан
Біліп қой
сен Ботақан
Достарым
бар менің көп
Кел ,
екеуміз дос болайық,
Жем
шоқиық, бірге ойнайық.
Бота:Жо-жоқ.Сен сияқты дос емес.
Балапан:Мүмкін Әтеш болар .
(Бота Әтешке келеді)
Әтеш( Таня):Ку-ка-ре-ку!
Бұрап қойған
сағаттай
Айқайлаймын таң
атпай.
Таңмен ерте
тұрамын. Ку-ка-ре-ку!
Кел екеуміз дос
болайық!(Айналып секіреді)
Бота: Жо-жоқ.Сен сияқты дос емес.
Әтеш( Таня):Мүмкін Қарлығаш болар.
Қарлығаш(Света):Мен досыңмын Қарлығаш,
Есігіңді аш , ауланы аш.
Досың
бола аламың,
Сендей
жақсы Ботаның.
Бота: Жо-жоқ.Сен сияқты дос емес.
(Басы салбырап , дос таба алмай , өз
анасына келеді)
Түйе (Алексей):Дос таптың ба , ботам?
Бота:Жоқ , анашым.Сенбесеңіз көктегі күннен
сұраңыз .Тура мен сияқты ешкім жоқ екен.
Түйе :Өзің сияқты дегенім , адалдығыңды
айтқаным , ботақаным!Досты жан тазалығымен таңдау керек.
Бота қуанып , адал достары:балапанды ,
әтешті , күшікті , қарлығашты ертіп келеді. Ертегі «Достық» биімен
аяқталады.
(Шеңбер құрып , қол ұстанған күйде мына
өлең шумағын қосыла айтады)
Дос болып жүрейік ,
Ойнайық та күлейік.
Достық деген тамаша ,
Міне , тұрмыз жараса!
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.