Инфоурок Дошкольное образование Конспекты"Дәстүрлі емес сурет салу техникасы" баяндама

"Дәстүрлі емес сурет салу техникасы" баяндама

Скачать материал

«Балалық шақ адам өміріндегі маңызды кезеңі, келешек өмірге дайындық емес, нақты, жарқыраған, ерекше, қайталанбайтын өмір.Балалық шағының өтілуінен , баланың балалық шағында қолынан жетелеген адамынан, қоршаған ортадан оның ойы мен жүрегіне не ұялатқаннан - бүгінгі бөбектеріміз қандай адам болатынын көруге болады». (В. А. Сухомлинский)

 

 

Кіріспе бөлім:  Өз болмысын таныта алатын  білімді ұрпақ тәрбиелеу басты міндет.

Негізгі бөлім : Дәстүрлі емес сурет салу - жаңа  мәнерлі  әдістерді  қоса  алғандағы суреттердің  тиімді  құрамы

Қортынды бөлім : Дәстүлі емес сурет салу - бүлдіршіннің болашақ өмірдегі жетістік формуласының негізі.

             Адам баласының қоршаған ортаны бейнелеуге ынтасы ежелгі дәуірден басталған. Оған алғашқы адамдардың сүйектерге, мамонт мүйіздеріне және үңгірлерге бейнеленген суреттері дәлел. Ол бейнелер сол кездегі адамдардың тұрмыс тіршілігін, қоршаған орта туралы көзқарасын көрсетеді. Біртіндеп осы бейнелер негізінде жазу пайда болды. Сөз жоқ, алғашқы адамдар жасаған бейнелеу өнерінің үлгілері аяқ астынан пайда болған жетістік емес, ол көптеген жылдар бойы дамып жетілген тәжірибе мен дәстүрдің жемісі болатын.

         Дәл қазіргі кезге білімнің кең көлемді қоры жиылған мектепке дейінгі балаларының танымдық іс-әрекетін қалыптастыру мәселесіне тоқталып өтетін болсақ: бейнелеу өнерінің әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. Демек, мектептегі оқу үрдісі балалардың танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық әрекетін дамытуына жол ашуы қажет.Танымдық белсенділік –баланың оқуға, білуге деген ынта ықылы сының, құштарлығының ерекше көрінісі.       

         Танымдық белсенділік проблемалық сұрақтың жауабын іздестіруде, өзіндік жұмыс орындауда жүзеге асады. Баланың өздігінен білім алуы өз еркімен жүйелі жұмыс істеуді талап етеді. Өздігінен білім алуды балалардың күнделікті рухани қажетіне айналдыру мәселесіне мән берілмей келеді. Өздігінен білім алу әрекеттің мақсат-міндеттерін, мазмұнын, ұйымдастыру жолдарын балалардың өздері анықтап, іске асыруына байланысты. Ал оларға кеңес, нұсқау, жалпы бағыт беріп, басқарып отыру – педагогтың міндеті.

          Ахмет Байтұрсынов баланың өзіндік жұмысының маңызын бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керектігін атап айтқан болатын. Жалпы білімге деген құштарлық - кез келген балаға тән қасиет. Күн сайын жаңа бір нәрсені білуге ұмтылу - бала үшін зор қуаныш, үлкен мерей.Баланың оқу-таным әрекетін арттырудың тиімді құралдарының бірі –бейнелеу өнері.

     Шығармашылық  тұлғаны қалыптастыру –  қазіргі кезеңдегі педагогикалық теория мен тәжірибенің маңызды мәселелерінің бірі.Оны мектепке дейін дамыту тиімді.

          В.А. Сухомлинский айтқандай: «Балалардың мүмкіндігі мен дарындылығының бастамалары саусақтарының ұшында. Бейнелеп айтқанда, саусақтарынан, шығармашылық ойын қоректендіретін өте жіңішке жылғалар сынды жіптер тарайды.Баланың қолында неғұрлым шеберлік көп болса, соғұрлым ол ақылды болады».  Педагогтардың пайымдауы бойынша-барлық балалар дарынды.Сондықтан дарынын уақытында байқап, сезіп, тәжірибесінде, нақты өмірінде қолдануға мүмкіндік туғызу қажет. Ересектердің көмегімен көркемдік-шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, бала жаңа туындылар жасайды . .Қайталанбайтын туындыларды ойластыру барысында ол әрқашан заттың жасалу тәсілдерімен тәжірибе жасайды. Мектепке дейінгі жастағы бала өзінің эстетикалық дамуында қарапайым көрнекі-сезімдік әсерінен түпнұсқалық кейіптің жасалуына бейнелеу-мәнерлеу әдістері арқылы өтеді.Сондықтан оның шығармашылығының негізін қалау керек. Неғұрлым бала жақсы  көрсе, естісе соғұрлым қиялдау әрекеттері маңызды және нәтижелі болады..

Сондықтан да ,дәстүрлі  емес  бейнелеу өнері-шығармашылық  жұмыста суретті қамтамасыз  етуге  мүмкіндік беретін көркем суреттің құрамы  мен түсін құруда және жаңа  мәнерлі  әдістерді  қоса  алғандағы суреттердің  тиімді  құрамы болып табылады.

Сурет салу әдістерін меңгерту мақсатында дәстүрлі емес әдістерді пайдалану балаларға қызығушылықтарын, еркіндіктерін, өздеріне деген сенімділіктерін тудырады. Сондықтан, бала ерікті түрде қызығушылық танытып сурет салу үшін дәстүрлі емес әдісті пайдаланған жөн деп білемін. Себебі дәстүрлі емес әдістің құралдары қызықты, әрі сурет салу жолы оңай. Сонымен қатар оқу іс- әрекеті кезінде уақыт тиімділігімен ерекшеленеді.

       Дәстүрлі емес тәсілді пайдалану кезінде анықтау , зерттеу қабілеті қалыптасады. Дәстүрлі емес әдіс балалардың бейнелеу өнеріне деген мотивациялық қозғаушы күші болып табылады. Сонымен қатар балалардың суретті соңына дейін «сала аламын ба» деген қорқыныштары кетеді. Дәстүрлі емес әдіс кезінде көру және саусақ маторикасы жақсы дамиды.

Балалар сурет салғанды өте ұнатады.

Ддәстүрлі емес сурет салу кезінде бала

  Түрлі құралдармен ,тәсілдермен танысады,. эстетикалық сезімі дамиды. Түстердің алуандығын ұғынады. Дәстүрлі емес тәсілді пайдалану кезінде шығармашылығын дамиды. Жеке және ұжыммен жұмыс жасауды , жұмысты соңына дейін аяқтауды үйренеді. Баланың қиялын, елестетуін, ойлауын, зейінін жетілдіру. Көру және саусақ маторикасын дамыту.

Бірақ  қарындашпен, фломастермен, бормен, қылқаламмен ғана емес өзінің сүйікті ісіне олар  өзгеде заттарды пайдаланады. Мысалы: алақан, саусақ, табандарымен, әр түрлі таяқшалар, жіптер, мәуесек, далаппен сурет салуды  қызық көреді.Қарапайым нәрсенің жаңаша қызметін ойлап шығарып, оларды бейнелеу өнеріне жаратып, таңқаларық сурет салуға қолдану бұл тамаша!

Бейнелеу өнерінің  дәстүрден тыс түрлерінің ішінде көкеніс бастырмасы,  жіп графикасы, бір басылымда сурет (монотипия) , гратаж сияқты сиқырлы әдіспен сурет салу балаларға ұнайды. Мұндай оқу іс-әрекеттерінде балалар әрекет етеді, жаңа нәрсені туындатады, өз әрекетінің нәтижесін көреді. Сонымен қоса тырнау әдісі арқылы балаларға 8 наурыз мерекесіне орай ашық хат жасаттым.   Мұнда балалардың ой қиялы дамып, сурет салуға деген қызығушылықтары артып, суреттеріне баға беріп керемет көңіл күйде болды.

Дәстүрден тыс сурет салу әдістері балалардың ұсақ қол қимылын дамытады, сондықтан оқу жылының басынан бастап – ақ оларды  оқу іс-әрекеттер барысында  қолдану өте пайдалы. Баланың саусақтары бірден икемге көніп кетпейді, қылқаламмен дәл, нақты сызықты бірден түсіре алмайды.

Ұсақ және дәл қимылды дамыту балаға тек өз ағзасын сенімді басқару үшін ғана керек емес. Қолдың ұсақ қимылы миды және оның бақылағыштық, талдаушылық, бұйырғыштық қабілетін дамытады. Сондықтан да дәстүрлі емес әдістер балалар үшін тартымды,өйткені өзінің қиялын, ықыласын, ойын толық білдіруге үлкен мүмкіндіктер береді.

         Мен өз тобымда дәтүрден тыс  жіппен, тамшуырмен, мауесекпен, гратаж, балауызбен және сулау тәсілдерін қолдандым. Осының ішінде сулау тәсілімен сурет салар алдында, қағазды таза сумен жалпақ қылқаламның көмегімен жуып алып, қағаз кеппей тұрып түстерді кезек –кезек қағаз бетіне тамызу немесе сүйкеу керек, бояу қағаз бетіне сумен бірге жайылады. Түстерді салатын  суретіміздің тақырыбына  сай алуымыз керек. Балалар  «Алтын күз»  тақырыбына сулау  тәсіліп пайдаланып сурет салған кезде, сары, қызғылт сары, көк, қоңыр түстерді пайдаландық. Бояу сулы қағазға жайылып, ағаштың бейнесі, бұлттың бейнесі сумен бірге қағаз бетіне түсті де ағаштың жапырақтары өте әдемі болып шықты. Бұл тәсілді қолданған кезде балалар өздерінің салған суреттеріне таңдана қарап, сурет салуға деген қызығушылықтары артты.

          Қай заманда болмасын есті де еңбек сүйгіш, қайырымды ұрпақ тәрбиелеу адамзаттың асыл парызына саналған. Жас ұрпағын дүниеге көзі ашық, айналасындағы тіршілікке зер салып, таныммен қарауға тәрбиелеген. Өз кезінде ғасырлар бойы қолданылып, сұрыпталып, тұрмыс, өмір тәжірибесі сынынан өткен салт-дәстүрлеріміз бала тәрбиелеу құралы, әдіс-тәсілі ретінде пайдаланылған. Халық тәжірибесі - ғасырлар бойы сараланып, жұртшылықтың ой-арманымен, тыныс-тіршілігімен, шаруашылық кәсібімен, отбасылық қоғамдық, ұлттық тәлім-тәрбие дәстүрімен тығыз байланыста туып, өсіп өркендеп ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жеткен тарихи және мәдени мұра.

       Қорыта айтқанда, көркемдік – шығармашылық әрекеті, бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс түрлері баланың шығармашылық қабілеттілігін, қиялдауы мен ойлауын, жауапкершілігін, өз пікірін ашық айтуын, дербестігін – барлық қасиеттерінің ашылуы мен дамуына септігін тигізеді. Дәл осы қасиеттер бүлдіршіннің болашақ өмірдегі жетістік формуласының негізі болып табылады.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Дәстүрлі емес сурет салу техникасы" баяндама"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по благоустройству

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

"Дәстүрлі емес сурет салу техникасы" баяндамасы 3 бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлім: Өз болмысын таныта алатын білімді ұрпақ тәрбиелеу басты міндет.

Негізгі бөлім : Дәстүрлі емес сурет салу - жаңа мәнерлі әдістерді қоса алғандағы суреттердің тиімді құрамы Қортынды бөлім : Дәстүлі емес сурет салу - бүлдіршіннің болашақ өмірдегі жетістік формуласының негізі.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 567 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.02.2018 6867
    • DOCX 19.4 кбайт
    • 56 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мусаева Жанар Кожабайкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мусаева Жанар Кожабайкызы
    Мусаева Жанар Кожабайкызы
    • На сайте: 6 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 23885
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 188 человек из 49 регионов

Курс повышения квалификации

Решение школьных проблем: интеграция нейропсихологического подхода и подготовка детей к школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 88 человек

Курс профессиональной переподготовки

Подготовка детей к школьному обучению в условиях вариативного дошкольного образования и реализации ФГОС НОО

Учитель по подготовке к школе (педагог)

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 319 человек из 61 региона
  • Этот курс уже прошли 616 человек

Мини-курс

Детское развитие: ключевые моменты взаимодействия с детьми и подростками

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 297 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 191 человек

Мини-курс

Теоретические аспекты трекинга и менторства

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Литература и культура

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек