Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
1 слайд
“Т.Көбдіков атындағы орта мектебі” КММ
Тақырыбы:"Қазақстандағы экологиялық апат аймақтары"
Пән мұғалімі:Кусайнова А.К
2015-2016 оқу жылы
2 слайд
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы экологиялық апат аймақтары.
Сабақтың мақсаты. Білімділік:Оқушылардың Қазақстандағы экологиялық апат аймақтары туралы білімдерін тереңдетіп,таным белсенділіктерін арттыру.
Дамытушылық:Семей,Байқоңыр,Арал тағдыры-адам тағдырымен тікелей байланысты екендігін ұғындыру.Оқушыны шығармашылық ізденіске баулу.
Тәрбиелік :Қоршаған ортаны экологиялық жағынан таза бүлдірмей ұстауға тәрбиелеу.Топта жұмыс жасауға үйрету.
3 слайд
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ.Жаңа сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Семей, Арал, Байқоңыр, Каспий суреттері.
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс,сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: Химия, география, қазақ тілі.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Сәлемдесу.
2) Оқушыларды түгелдеу.
ІІ.Үй жұмысын тексеру кезеңі
Өткен тақырыпты тексеруге арналған сұрақтар.
ІІІ Жаңа сабақ кезеңі:
1) Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
2. Қызығушылықты ояту: “ой қозғау” әдісі.
І-топ. Семей тобы
ІІ-топ. Байқоңыр тобы
ІІІ-топ. Арал, Каспий тобы
4 слайд
Үй тапсырмасын тексеру:
1.Халықаралық табиғатты қорғау одағының рөлі қандай?
2.Қазақстанда ”Қызыл кітаптары”қай жылдары шықты? 3.”Қызыл кітапқа”қандай сүтқоректілер енген?
4.”Қызыл кітапқа”енгізу қандай талаппен жүргізіледі?
5. "Қызыл кітапқа" енгізілген аңдар мен құстар туралы сурет жинақтары бар ма? 6.”Қызыл кітаптың”тәрбиелік мәні неде? 7.”Қара кітап” туралы не білесіңдер?
5 слайд
Қазақстанның экологиялық апат аймақтары
Семей облысы
Каспий теңізі
Арал
Байқоңыр ғарыш айлағы
Бесқарағай ауданы
Абай ауданы
Қарағанды облысы
Шығыс Қазақстан облысы
6 слайд
І-топтың
шығармашылық жұмысын қорғауы. Топ басшысы: Тиянақ Дамира
Семей полигоны.КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті.Ол үшін 18 млн га жер бөлініп,Семей ядролық полигоны ашылды.Бастапқысында адамдарға,жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды.Сосын оларды жер астына жасай бастады.Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды.1949-1963 жылға дейін жер бетінде сынақтардың зардабы әсіресе мол болды.Семей аймағында тұратын 500 мыңдай адам сынақтан азап шекті.
7 слайд
Семей полигонындағы ядролық жарылыс.
8 слайд
Семейдегі Абай ауданындағы ядролық жарылыс жүргізілген жерден көрініс
9 слайд
Семей ядролық полигонының шекарасы .
10 слайд
11 слайд
12 слайд
Семейдегі жаңа туылған баланың денесіне екінші
баланың бір жамбас бөлігі бірігіп туылған.ол баланың төрт бүйрегі бірдей жұмыс жасап тұрған..
13 слайд
1999 жылы қаңтар айында бір-біріне жабысып туылған егіз нәресте дүниеге келген.Жетілмей туған нәрестені медицинада кейде арамтамақ эмбрион деп те атайды.Жасалған күрделі ота кезінде дәрігерлер дені сау нәрестеге еш зақым келтірместен сол арамтамақ эмбрионды ажыратып ,кесіп алып тастаған .Отадан кейін нәрестенің жағдайы тез жақсарып ,аман-есен сауығып үйіне кеткен.Ата-анасының да емдеген дәрігерлерінің қуанышында шек болған жоқ .
14 слайд
Қызылорда облысындағы бас пішімі бұзылған миы толық емес
қоянжырық , құстамақ пішінді кеміс болып туылған бала
15 слайд
Семей полигонында атомдық жарылысқа қарсы шыққан адамдар көтерілісінен көрініс
16 слайд
Қазақтың ақиықақыны,белгілі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов басқарған Семей-Невада қозғалысының басында болған дүниежүзілік атом зардаптарына қарсы фотографтар қоғамның мүшесі марқұм Юрий Куйдиннің бір өзінің суреттерінің өзі-ақ бүкіл бір халықты құрбандыққа байлаған мейірімсіз сайқал саясаттың салдарынан бұлтартпай әшкерелейді.Фотографтың суреттері бүкіл дүние жүзін әлдеқашан аралап кетті,талай адамның тұла бойын түшіркентті.
17 слайд
Семей полигоны зардабы әсерінен туындайтын аурулар
Бүйрек, бауыр аурулары
Оба ауруы
Мутагенез ауруы
Жүйке жүйесі ауруы
Жүрек, қантамырлар ауруы
Аққан ауруы
18 слайд
Нақты нәтижелерге жету үшін алдағы мақсатты жұмыстар жүргізу. Бұл шаралар Елбасының биылғы халыққа Жолдауында айтылғандай, елдің әл-ауқатын нығайтуға, атом сынағы кезіндегі зардап шеккен жерлерімізді сауықтыруға, адамдардың денсаулығын түзетуге қызмет ету тиіс.
19 слайд
ІІ-топтың шығармашылық жұмысы.
Топ басшысы: Кусаинова Аида
Байқоңыр ғарыш айлағы.Жалпы көлемі 6,7 мың км квадр.жерді алып жатыр.Ғарыш айлағының жұмысы қоршаған ортаға мынадай кері әсерін тигізеді.1956ж бастап 260-тан астам зымыран ұшырылған. -ұшу процесінен кейін ,атмосфераның табиғи режимі бұзылады. -атмосфераны және жер беті қабаттарын токсинді зымыран жанармайының қалдықтарымен ластайды. -атмосфераның озон қабатын бұзады. -территорияларды ұшу аппаратарының қалдықтарымен,сынықтарымен зақымдайды. -қышқылды жаңбырдың жаууына себепші болады.
20 слайд
Байқоңыр ғарыш аймағында ұшырылған зымырандар
ауадағы азон қабатын жұқартуда.
21 слайд
Байқоңырдағы ластанған ауа және ұшырылған
зымырандар қалдықтары
22 слайд
Байқоңыр ғарыш айлағы қоршаған ортаға кері әсерін тигізеді
Жанармай қалдықтарымен ластайды
Атмосфераның азон қабатын бұзады
Қышқылды жаңбыр жауады
Зымыран қалдықтарымен ластайды
Өсімдіктердің өнімділігін, сапасын төмендетеді
Өсімдіктердің бойы қысқа болып өседі, морфологиялық өзгерістер байқалады
23 слайд
Метеориттегі органикалық заттардың тасқа айналған түрлері
24 слайд
Байқоңыр ғарыш айлағындағы өзекті мәселелерді
шешу жұмыстары:
1. Қоршаған ортаның және халықтың
экологиялық қауіпсіздігін нығайту.
2. Қуатты зымырандардың ұшырылуын сирету.
3. Егінді жинау, бау-бақшалардың гүлдеуі кезінде токсинді химиялық қосылыстарды бөлетін зымырандарды ұшырмау.
4. Аймақтың суы, топырағы, өсімдіктеріне, жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізу.
5. Токсинді зымыран жанармайларын сақтауда және тасымалдауда қауіпсіздік шараларын сақтау.
25 слайд
ІІІ-топтың шығармашылық жұмысы
Топ басшысы: Амангелді Айсұлтан
Арал теңізінің дүниежүзілік мұхиттан 52 метр биіктікте орналасқан.Бұл проблеманың тууына себепші болған- адам әрекеті.Қазіргі таңда 18 метр тереңдікке төмендеп ,тартылған теңіз табанынан тұзды,қышқылды шаң-тозаңдар желмен аспанға көтеріліп он мыңдаған шақырымға дейін ұшып барады екен.Теңіздің 1шқ квадр жерінен жылына 80000 тонна тұзды шаң әуеге көтеріледі екен.
26 слайд
Тартылған Аралда қалған кеме.
27 слайд
Арал теңізінің тартылуы салдарынан туындаған
Гастрит ауруы
Бронхит ауруы
Болашақ ұрпақ ата-ана болу қабілетінен айырылады
Нәрестелер өлі туылған
Жұқпалы аурулар
Балалар организмінде қорғасын, кадмий, пестицид, тұз көп екені анықталған
28 слайд
Арал теңізін құтқару жөніндегі бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар:
1. Сібір өзендерін Қазақстанға бұру.
2. Амудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту.
3. Арал теңізін жартылай сақтап қалу.
4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу.
5. Жер асты суларын пайдалану.
29 слайд
Фабрика мен заводтардан шыққан түтіндер ауаны
ластап, адам денсаулығына зиян келтіреді.
30 слайд
Мұнайды бұрғылау кезінде балықтардың жүйке-жүйесіне зиянды әсер етеді.
31 слайд
Табиғат шектен тыс еркіндік пен кездейсоқтықты көтермейді
32 слайд
Теңізіндегі мұнай мен газдың өндірілуіне байланысты тіршілік дүниесінің өзгеруі,балықтардың қырылуы,уылдырық шашатын көксерке балықтардың кеміп кетуі,осы теңізге ғана тән (ендемикалық) итбалықтардың мезгіл-мезгіл қырылуынан көрініс.
33 слайд
Табиғатты адамзат аялаған , Егін егіп,мал бағып саялаған. Қарасындай көзінің қорғай жүріп, Қамқорлығын жобамен аялаған. (Р.Сәтімбеков)
Аяулы өлкемізге жыр тең келмес, Даласы ұланғайыр белес-белес. ”Ақтөбе”деп аты тек аталады, Әйтпесе,асқар таудан бір кем емес. (Е.Дүйсенбаев)
34 слайд
Кусаинова Асемгүл экология тақырыбы бойынша жинақтаған жұмысы
35 слайд
Ақтөбеде өткізілген “Невада-Семей”
халықаралық қозғалысы.
36 слайд
37 слайд
Табиғат пен адам арасында салауатты байланыс қалыптастыру қажет. Ayaға тарайтын улы зат қалдықтарын кемітіп, зиянсыз отын түрлерін пайдалану, мұнай өнімдерін өңдеудің жаңа технологиялық әдістерін кеңінен қолданып, экологиялық сауықтыру шараларына ат салысу қажет. Ағаш отырғызу, гүл eгу, көгалдандыру жұмыстарына белсене атсалысу.
38 слайд
Сабақты бекіту.
венн диаграммасы
Каспий
Арал
Ортақ
белгілері
Ортақ
Не білдім
Білгім келеді
Білемін
39 слайд
Үй тапсырмасы: §56 кескін картаға Қазақстанның экологиялық аймақтарын және оның ластану көздерін шартты белгісін қойыңдар. Білімдерін бағалау.
40 слайд
Пайдаланған әдебиеттер
Р.Сәтімбеков, Р.Әлімқұлова, Ж.Шілдебаева “Биология” 217 бет
Жанаргүл Құлпыбайқызы “Экологиялық перзент” “Денсаулық”
журналы 1997 жыл, 5 бет, 23 бет
Гүлжан Базылқызы “Ақтөбе” газеті 12 наурыз 2009 жыл, 13 бет
Аманқос Орынғалиұлы “Ақөтөбе” газеті 23 сәуір 2009 жыл, 8 бет
78-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы өндірістік бақылау.
“Зерде” республикалық ғылыми-көпшілік журнал. №9. 2002 жыл
“Атамекен” газеті 1 қаңтар 2001 жыл
Ермек Өтетілеуұлы Салауаттану сырлары “Экология” “Денсаулық”
журналы 2004 жыл
Ұлан газеті “Экология – өмірдің соғып тұрған жүрегі” 10 сәуір 2001
жыл, 7 бет
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
6 664 158 материалов в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Кусайнова Асемгул Курмангалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс повышения квалификации
36 ч. — 144 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300 ч. — 1200 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Мини-курс
3 ч.
Мини-курс
4 ч.
Мини-курс
3 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.