Касымова Галия Кадылбековна
Алматы облысы
Кербұлақ ауданы
Сарыозек ауылы
№49 орта мектебінің
информатика пәні мұғалімі
Робот және робототехника
Қазақстандағы
индустрияландыру инновациялық болу керек екенін білеміз. Робототехника болса
еліміздегі ең инновациялық сала. Қашан роботтарды индустриялды түрде жасап
шығара бастаймыз?
Қазақстан үшін
робототехника өте жас сала. Мысалы, Жапония, АҚШ, Германия сияқты робототехника
саласындағы жетік елдер сондай биік дәрежедегі өндіріске ондаған жылдар
бойы тынымсыз еңбектеніп жетті. Қазірге кезде жоғарыда айтылып
кеткен елдерде, робототехника саласы қарқынды дамып келеді және де сол
елдердегі робототехника саласы Қазақстандағы робототехниканы 10-20 жылға озып
отыр. Германияның Kuka AG, Жапонияның Kawasaki Robotics
индустриялды роботтарды шығаратын компаниялары соған мысал. Егерде,
біз сондай елдерді жетіп алғымыз келсе не болмаса олармен пара пар болғымыз
келсе, Қазақстандағы робототехника саласындағы әр адам сол елдердегі ғалымдармен
салыстырғанда бірнеше есе көбірек жұмыс істеп, тынымсыз еңбектену керек. Сонда
ғана Қазақстандағы робототехника саласы белгілі бір жетістіктерге жетіп,
өзіміздің индустриялды роботтарды шығара алатын зауыттарды құра аламыз. Әрине,
бұл мақсатқа жету өте қиын, бірақ жүзеге асырылмайтын іс деп
ойламаймын. Ең бастысы шын ниетпен еңбектенсек, алдымызға қойған мақсатымызға
жетеміз.
Неге осы
мамандықты таңдадым?
- Бәрімізге белгілі, біздің еліміздің қазіргі таңдағы маңызды
стратегиялық бағыттарының бірі - білікті мамандарды қажет ететін индустрияны
дамыту. Еліміздің индустриялдық дамуына өз үлесімді қосқым келеді. Ал енді
робототехника мамандығын таңдауыма бірден-бір себеп, ол бұл саланың халыққа
берер мүмкіндіктерінің көптігінде. Робототехниканың медицинада,
зауыт-фабрикаларда, космонавтикада, қорғаныс қызметінде, және тағы басқа
қолданыс табуы мен үшін өте тартымды болды. Осылай, халыққа және жалпы
адамзатқа әр түрлі салаларда қолданылатын робототехниканың жемісінің пайдасын
көрсін деп осы мамандықты игеру үстіндемін.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.