Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Конспекты / "ЕУРАЗИЯНЫҢ ІШКІ СУЛАРЫ" сабақ

"ЕУРАЗИЯНЫҢ ІШКІ СУЛАРЫ" сабақ



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • География

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Еуразияның ішкі сулары

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Еуразияның ішкі суларына сипаттама бере отырып, өзен алаптары, көлдері, қазіргі мұз басу аймақтары, көпжылдық тоңдар, батпақтар, жер асты сулары туралы білім беру. Дамытушылық: оқушылардың ішкі сулар туралы ғылыми дүниетанымын, білімін,есте сақтау қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға, ізденуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: саяхат сабақ Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелесу,ой тастау, пікірлерді жүйелеу, тапсырмалармен жұмыс істеу. Сабақтың көрнекілігі: Еуразияның физикалық картасы, сызба-суреттер. Пәнаралық байланыс: экология, биология.

Сабақтың барысы : 1. Ұйымдастыру. 2. Үй тапсырмасын Блиц-турнир сұрақтары арқылы тексеру: 1.Еуразияның солтүстік шеткі нүктесі (Челюскин мүйісі). 2. Еуразияның төмен нүктесі (Өлі теңіз). 3.Еуразия материгінің ең биік нүктесінің биікткгі (8848 метр). 4.Еуразия жер бетінің орташа биіктігі (840 метр). 5. Еуразияның оңтүстік –шығысындағы аралдары орналасқан климаттық белдеу (субэкваторлық белдеу). 6. Еуразияның оңтүстігінде қай жыл мезгілі болмайды? (қыс). 7.Материктің қай бөлігі құрғақ болып келеді? (ішкі және оңтүстік-батысы) 8.Материктің солтүстігі мен арктикалық аралдарын қамтитын климаттық белдеу(арктикалық ). 9.Еуразияның үлкен аумағын қамтитын климаттық белдеу(қоңыржай ) .10. Субтропиктік климаттық белдеу қай белдеулер аралығында орналасқан? (қоңыржай және тропиктік ). Үй тапсырмасын қортындылау.

3. Жаңа сабақ. Ой шақыру. –Өзен деген не? -Өзен бөліктерін естеріңе түсіріңдер. -Өзен мен көлдің айырмашылығы бар ма? Оқушылардың жауаптарын тыңдап толықтыру. Бүгінгі жаңа тақырып- «Еуразияның ішкі сулары» . Ішкі суларға материктегі өзендер мен көлдер, мұздықтар, батпақтар, жер асты сулары жатады. Физикалық картаға назар аударамыз. Ішкі суларының орналасуы мен таралуы бірдей емес. Ішкі судың таралуы материктің жер бедері мен климатына тәуелді. Материк неше мұхит суымен ұласып жатыр ?Оқушылар жауаптары тыңдалады. Батысынан Атлант, солтүстігінен Солтүстік Мүзды мұхит, шығысынан Тынық мұхиты, оңтүстігінен Үнді мұхиты. Материктің өзендері осы мұхиттарға және ішкі аймақтардағы өзендер ішкі көлдер мен теңіздерге құяды. Осыдан материктің өзендері бес алапқа бөлінеді. Олар: Тынық мұхит алабы, Атлант мұхиты алабы, Үнді мұхит алабы, ішкі тұйық алап. Картадан алаптарды көрсетіп таныстыру. Қазір ішкі суларымен танысу үшін алаптар бойынша топтарға бөлініп, карта арқылы саяхатқа шығамыз. Әр топ өз алаптарын таныстыратын болады. Оқушыларды алты топқа бөлу. 1 – топ. Атлант мұхиты алабының өзендері: 1.Алаптың өзендерінің басты ерекшеліктері. 2.Өзендердің қоректенуі. 3. Алаптың ірі өзендері. 4. Алап өзендерінің ластануы. 5. Атлант мұхиты өзендерінің маңызы. 2 –топ. Солтүстік Мұзды мұхиты алабының өзендері: 1. Солтүстік Мұзды мұхит алабына жататын өзендер. 2. Алап өзендерінің қоректенуі. 3. Солтүстік мұзды мұхиты алабына жататын өзендердің пайдаланылуы. 3 –топ. Тынық мұхиты алабының өзендері: 1. Тынық мұхит алабына жерекшелігі. 2. Алаптың ірі өзендері. 3. Алап өзендерінің өзгеру себептері. 4. Қоректенуі мен маңызы.

4 –топ. Үнді мұхиты мен ішкі тұйық алаптары: 1. Үнді мұхитының өзендері. 2. Өзендердің қоректенуі мен маңызы. 3. Ішкі тұйық алап өзендері. 4. Ішкі алап өзендерінің ерекшелігі мен маңызы. 5 –топ: Еуразияның көлдері: 1. Материк аумағына көлдердің таралуы. 2. Көлдердегі қазан шұңқырлардың пайда болуы. 3. Материктің ең үлкен және ең терең көлдері. 4. Көлдердің маңызы. 6 –топ. Қазіргі мұз басу, көпжылдық тоңдар, батпақтар мен жер асты сулары . 1.Қазіргі мұз басу таралған аймақтар. 2. Көпжылдық тоңдар. 3. Материктегі ірі батпақты аймақтар. 4. Жер асты сулары. Толғаныс сәті. Әр топ өздеріне берілген тапсырмалар бойынша ішкі су алаптарына карта арқылы саяхат жасап, мәтін бөліктерін пайдаланып өз беттерімен саяхат жасаған аймақтары туралы мәліметтермен бөліседі: хат жазу, эссе, синквейн стратегиялары бойынша қортындылайды. Материктегі тақырыпқа байланысты нысандарды анықтап, салыстырту. Бекіту. 1.Еуразияның өзендері неше алапқа бөлінеді ? 2. Еуразия көлдерінің біркелкі тарамауы неге байланысты ? 3. Еуразия өзен – көлдерін қорғау үшін қандай жоба ұсынар едің ? Қортындылау. Үйге тапсырма: № 16 оқу. Өзендер мен көлдер туралы мақал- мәтел жинақтау.







































Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік Американың жер бедері мен пайдалы қазбалары

Сабақтың мақсаты: Білімділік : Оқушыларға Оңтүстік Американың географиялық орнының ерекшеліктерін, жер бетінің сипатын, табиғатын түсіндіріп, оның тарихы туралы білімдерін толықтыру. Дамытушылық : Жұмыс істеу дағдыларын дамыту, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Тәрбиелік : Ұлтаралық сыйластыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі : оқыта үйрету ойын сабағы . Сабақтың әдіс-тәсілдері: миға шабуыл, номенклатурамен жұмыс, географиялық диктант, ойын. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Білгенің бір тоғыз, Білмегенің тоқсан тоғыз. Үй тапсырмасын сұрау: Миға шабуыл. 1 –топ. 1. Ежелгі біртұтас материк қалай аталады? 2.Оңтүстік жарты шар материктері ұзақ уақыт бойы қай материктің құрамында болды? 3. Оңтүстік жарты шар материктеріне қандай материктерді жатқызамыз? 4. Оңтүстік Американың жер көлемі қанша? 5.Тілдік ерекшелігіне қарай Орталық Америка мен Оңтүстік Американы қосып қалай атайды? 6. Материктегі аса ірі тау жүйесі? 2 –топ. 1.Материк жағалауын шайып жатқан мұхиттарды ата? 2. Материктің солтүстігін Атлант мұхитының қай теңізі шайып жатыр? 3. Материк табиғатына қай мұхиттың әсері күшті? 4. Материк жағалауларына алғашқылардың бірі болып келген саяхатшы кім? 5. Х. Колумб Америкаға қанша рет саяхат жасады? 6. Х. Колумб алғашқы екі саяхатында қай жерлерді ашқан еді? 3 –топ. 1. Х. Колумбтан кейін материкке қадам басқан саяхатшы? 2.Рио –до – Жанейро испанша қандай мағынаны білдіреді? 3. Оңтүстік Америка қай жарты шарда жатыр? 4. Х. Колумб Американың байырғы халқын кімдер деп атады? 5. Оңтүстік Америка қандай жарты шарда жатыр? 6. Жер шарын айнала жүзген саяхатшы? Географиялық аялдама - Номенклатура бойынша картамен жұмыс. – Анд тауы. – Амазонка өзені. –Анхель сарқырамасы. – Титикака көлі. –Отты жер аралы. –Аконкагуа шыңы. – Атакама шөлі. –Ориноко өзені. –Бразилия таулы үстірті. – Ла-Плата ойпаты. Географиялық диктант. Оңтүстік Американың жер ауданы аралдармен қосып есептегенде .... үлкендігі жөнінен..... орынды алады. Жер шарындағы ең суы ең суы мол және су жинау алабының ауданы........ асады. ...... – картоп, жүгері, қызанақтың отаны. Оңтүстік Америка Солтүстік Америка материгімен бірге ....... дүние бөлігін құрайды. А. Веспуччи саяхатынан қайтар жолда шығанақ жағалауын Венецияға ұқсатып, оған .......испанша........деген мағынаны білдіреді. Сен мені білесің бе? ойыны. 1-сурет. Әйгілі орыс жазушысы А. С. Пушкин бейнесіндегі ел. 2 –сурет. Көңіл күйі болмаған адамның бейнесіндегі материк? 3 – сурет. Орамалды әйел бейнесінде қандай ел бейнеленген? Географиялық сергіту . Ең, ең, ең, ең...... 1.Ең суы мол өзен.... 2. Ең биік сарқырама....... 3. Ең ірі тау көлі........ 4. Ең ылғалды, әрі жасыл материк...... 5. Ең ұзын тау..... 6. Ең ірі эстуарийлық өзен сағасы...... 7. Ең биік нүктесі..... Адасқан әріптер. Оркдлиьера нда ьнхеал акатама хирсфторо гомеаривчесупчи казонама Жаңа сабақ: Оңтүстік Американың жер бедері мен пайдалы қазбалары . Анд тауы. Жазықтар. Жер шарындағы аса ірі ойпаттардың бірі – Амазонка ойпаты. Ла – Плата ойпаты. Ориноко жазықтары. Гвиана таулы үстірті. Бразилия таулы үстірті. Патогония үстірті. Анд тауына қарай биіктейтін ішкі жазықтарға : Пантанал, Маморе, Гран – Чако жатады. Оңтүстік Американың ең күрделі жер бедері – Анд тау жүйесі. Тау жүйесі бір- бірінен бірде алшақтап , бірде түйісіп, тау түйіндерін құрайтын бірнеше жоталар тізбегінен тұрады. Аконкагуа шыңының биіктігі 6960 м. Тау шыңдары сүйір болып келеді, олардың басын мәңгі қар мен мұздықтар алып жатыр. Екі литосфералық плитаның түйісу аймағында орналасқан жас қатпарлы тау. Оңтүстік Америка жері пайдалы қазбаларға өте бай: Шығыс бөлігіндегі үстірттер – Темір, марганец, уран, никель, алмас, алтын, боксит Ойпаттарда – мұнай мен газ, тас көмір. Анд тауында – мыс, қалайы, қорғасын, мырыш, күміс, асыл тастар. Сабақты бекіту: «Мен не білдім?» Сиқырлы сегіз ұяшық, әр ұяшық бір сұрақтан тұрады. Семантикалық карта толтыру. Топтастыру. Үйге тапсырма: № 38 оқу. Кескін картаға пайдалы қазбаларының кен орындарын түсіру.













Сабақтың тақырыбы : Африканың халқы мен елдері Сабақтың мақсаты : Білімділік: Африка халқы, елдері тарихи-аймақтары туралы білімдерін толықтыру. Дамытушылық: Африка халқы мен елдері туралы білімін, іскерлік, шығармашылық дағдыларын дамыту. Тәрбиелік: қосымша материалдарды пайдалана отырып топпен жұмыс жасауға, өз ойларын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс- тәсілдері: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, тест тапсырмалары . Сабақтың көрнекілігі: Африканың физикалық картасы, Африканың саяси картасы, әртүрлі нәсіл өкілдерінің суреттері, тақырыптық суреттер. Сабақтың барысы : 1. Ұйымдастыру. Оқушыларды үш топқа бөлу. 2. Үй тапсырмасын сұрау. Африканың табиғат зоналары бойынша білімдерін тексеру: Қайда? Не ? Қай зонада? Тақырыптық суреттермен жұмыс, тіршілік дүниесін сипаттау. Еске түсіру сұрақтары: 1. Еуразияның халқының саны қанша? 2. Оңтүстік Американың байырғы халқы кімдер ? Жер бетіндегі адамзат неше нәсілге бөлінеді? 3. Жаңа сабақ. «Ніл» тобының тақырыбы : Африка халқының саны, құрамы, тығыздығы. Сұрақтары: 1. Африка материгіндегі халық саны. 2. Байырғы халықтары. 3. Солтүстік Африка саванналарының халқы. 4. Эфиопия мен Мадагаскар аралын мекендеген халықтар. 5. Еуропалық тектес нәсіл өкілдері тұратын аймақтар. 6. Африкада таралған тілдер. «Виктория» тобының тақырыбы : Африка елдері. Сұрақтары : 1. Африка ежелгі ғылым мен мәдениет орталығы. 2. Африканың отарлануы. 3. Африка елдерінің тәуелсіздік алуы. 4. Елдердің даму дәрежесі. 5. Африка елдерін тарихи – географиялық аймақтарға бөлу. «Атлас» тобының тақырыбы : Солтүстік Африка аймағы. Сұрақтары : 1. Солтүстік Африка алдерінің географиялық орны мен құрамы. 2. Солтүстік Африканың жер бедері. 3. Климаты. 4. Халқы және оның құрамы , тұрмыс-тіршілігі. 5. Шөлдегі басты байлық – су . 6. Солтүстік Африканың «Араб Африкасы» аталуы . 7. Пайдалы қазбалары . 8. Қалалары . Әр топтың жауабын толықтырамын . Сабақты бекіту . « Өзіңді өзің тексер» тест тапсырмалары бойынша алған білімдерін тексеру. 1. Африканың қазіргі кездегі халық саны . А) 520 млн ; В) 700 млн ; С ) 670 млн ; Д ) 490 млн ; Е ) 546 млн ; 2. Еуропалық нәсіл өкілдері Африканың қай бөлігінде қоныстанған ? А) оңтүстігінде ; В ) батысында ; С ) орталығында ; Д ) шығысында : Е )солтүстігінде ; 3. Африканың байырғы халқын құрайтын нәсілдер . А ) еуропалық ; В ) монғол тектес ; С) экваторлық ; Д ) негрлер ; Е) азияттар ; 4. Солтүстік Африка саванналарында тұратын бойшаң адамдар . А) тутси, хими ; В) арабтар, берберлер ; С) эфиоптар ; Д ) малагасиліктер ; Е) пигмейлер ; 5. Арабтар мен берберлер қай нәсілге жатады ? А ) экваторлық ; В ) монғол тектес ; С ) еуропалық ; Д ) аралас ; Е) еш нәсілге жатпайды ; 6. Орталық, Оңтүстік, Шығыс Африка халқы сөйлейтін тіл . А) судан ; В ) араб ; С) банту ; Д ) француз ; Е) орыс ; 7. Африка халқының 1 км – ге тығыздығы . А) 20 адам ; В ) 22 адам ; С ) 25 адам ; Д ) 30 адам ; Е ) 28 адам ; 8 . Африканың ежелгі елі . А) Алжир ; В) Эфиопия ; С ) Мали ; Д ) Египет ; Е ) Франция ; 9 . Африканың шаруашылығы ең жоғары дамыған елі . А) Ливан ; В) Заир ; С ) Эфиопия ; Д ) Нигер ; Е ) ОАР ; 10 . Африка неше тарихи – географиялық аймаққа бөлінеді? А ) 1 ; В) 3 ; С ) 4 ; Д) 5 ; Е )2 ; Дұрыс жауап пен бағалар интерактивті тақтадаа беріледі . Бағалау . Африка туралы суреттер слайдтан көрсетіледі . Үйге тапсырма : № 50 оқу . Кескін картаға Африка мемлекеттерінің шекараларын белгілеу. Қосымша ақпарат көздерінен Африка халқы мен елдері және фараондар , пирамиддалар туралы деректер жинақтау .



















































Сабақтың тақырыбы : Солтүстік Америка халқы және елдері Сабақтың мақсаты : Оқушыларға Солтүстік Американың халқын оқыта отырып , елдерімен таныстыру . Оқулық пен қосымша деректерді тиімді пайдалануға , өз ойын еркін айтуға , шығармашылыққа баулу . Достыққа , адамгершілікке тәрбиелеу . Сабақ түрі : Дамыта оқыту . Сабақтың әдіс – тәсілдері : ойлау , карточкамен жұмыс, картамен жұмыс . Сабақтың барысы : 1 . Ұйымдастыру . Кілтті сөздер . Үшбұрыш , Аппалач , Кордильера , АҚШ , Ұлы көл . 2. Үй тапсырмасын тексеру . А ) Солтүстік Американың географиялық орнын сипатта : - экваторға жетпейді . – толықтай оңтүстік жарты шарда орналасқан . – солтүстік тропик кесіп өтеді . – батыс жарты шарда орналасқан . – Үнді мұхиты шайып жатыр . – Еуразиядан Беринг бұғазы арқылы бөлініп жатыр . В) . Толықтыр . – Материктің солтүстік бөлігінің рельефінде .... іздері көрінеді . Аппалач таулары материктің ...... орналасқан . Кордильера екі литосфералық плиталардың соқтығысуынан пайда болған ..... С ) Өзіңді тексер . – Солтүстік Американың қай өзені Эри мен Онтарио көлін жалғастырады ? - Солтүстік Американың қандай өзені алып каньон қалыптастырды ? – Солтүстік Американың қандай өзені ұзындығы жөнінен дүние жүзінде 3 – орын алады ? Д ) Артығын алып таста . – Виннипег , Чад, Үлкен аюлы, Ньяса, Жоғары, Гурон, Атабаска, Эйр, Онтарио, Эри, Үлкен тұзды көл. Е) Блиц сұрақтар : Ол кім ?Бұл не ? Колорадо, Бизон, Флорида, Тундра, Маккензи, Гризли, Үлкен каньон, Секвоя, Аппалач, Прерий, Эскимостар, Миссури, Өлім аңғары, Ежелгі мұз басу. 3. Жаңа тақырыпты баяндау . Солтүстік Американың халқы . Байырғы : Эскимостар мен үндістер . Жаңа халқы : Америкалықтар. Канадалықтар . Метистер . Самболар . Мулаттар . Материкті мекендеген тйпалар . Материктің солтүстігін – алгонкин, ирокез, атабаска, делавэр . Оңтүстігін – ацтектер мен майялар . Кариб теңізінің байырғы халқы : - караибтар болған . Елдері : АҚШ, Канада, Орталық Америка . Ірі қалалары : Монреаль, Чикаго, Лос – Анджелес, Нью – йорк, Филиделфия, Бостон, Мехико . АҚШ өнеркәсібінің ерекшелігі : ДЕТРОЙТ қаласы – автомобильдер астанасы . СИЭТЛ – БОИНГ ұшағы . ЧИКАГО – жолаушы мен жүк тасымалы 1 орын . НЬЮ – ЙОРК – БҰҰ ғимараты . ЛОС –АНДЖЕЛЕС – Голливуд . Шетелдік туристердің саны жөнінен АҚШ дүние жүзінде алдыңғы орын алады . Жылына 50 млн . –нан астам туристер келеді . Лос – Анджелес қаласында кино орталығы – Голливуд орналасқан . Ертегі патшалығы – Диснейленд . Солт –Лейк – Сити қаласында 2002 жылғы қысқы олимпиадалық ойындар өтті . Біздің қазақстандықтар да осы олимпиада ойынына қатысты .Осындай олимпиадалық ойын Қазақстанда өтті . Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қарсаңында әлемдік іс – шара Азияда Алматы , Астана қалаларында аталып өткен болатын . Жаңа сабақты бекіту . Пирамидалық талқылау сұрақтарымен жұмыс . Кескін картаға Солтүстік Американың географиялық нысандарын салу . Қорытынды .















































Сабақтың тақырыбы : Оңтүстік жарты шар материктері Сабақтың мақсаты : Оңтүстік жарты шар материктерінің жалпы ортақ белгілерін анықтау , олардың табиғатының ұқсастығы мен айырмашылықтарын анықтау . Оқушылардың ойлау , сөйлеу қабілеттерін дамыту . Шапшаңдыққа баулу , Отансүйгіштікке тәрбиелеу . Сабақ түрі : ойын сабақ . Сабақтың әдіс –тәсілдері : ойын , сәйкестендіру, сұрақ – жауап , салыстыру . Сабақтың барысы : 1. Ұйымдастыру . Оңтүстік жарты шар материктеріне қандай материктер жатады ? Картадан көрсету . 2 . Кім жылдам ? ойыны . * Оңтүстік жарты шар материктері ежелгі қай материктің құрамында болды ? (Гондвана ) * Көңіл –күйі болмаған адамның бейнесінде қандай материк бейнеленген ? (Африка ) * Ең соңғы ашылған материк ? ( Антарктида) * Ауданы жағынан 4 –ші орын алатын (материк ? (Оңтүстік Америка ) * Антарктида материгінде қандай өсімдіктер кездеседі? (Мүктер , қыналар , саңырауқұлақтар ) * Кофе атауы қай материктегі қай жердің атауымен байланысты ? ( Африкадағы Каффе жері) * Бір ғана елі бар материк (Аустралия Одағы ) * Антарктида материгі қай жылы ашылды? * Алғашқы болып Оңтүстік Америкаға Х . Колумб келген . Не себепті материкке А . Веспучи есімі берілген ? *Аустралия Одағының мемлекеттік елтаңбасында қандай жануар бейнеленген ? 3. Материктер мен елдер бөлімі . Оқушылар қай ел қай материкке жатанынын картадан көрсетеді.Материктердің ең жоғары және ең төмен нүктелерін табу . 4. Жануарлар мен өсімдіктер әлемі . Сұрақтарға жауап бере отырып қай материкте кездесетінін анықтап береді . – Табиғи каучук алынатын ағаш ? – 2000 жылға дейін тіршілік ететін шөл өсімдігі ? – Шыққан жері Бразилия , ал екінші отаны Мексика болатын өсімдік ? – Жапырағы ең үлкен гүл ? –Жер бетіндегі ірі құс ? – Жалқау қалталы аю ? –Дүние жүзіндегі ең жылдам жануар ? –Ұшпайтын құс ? – Ең биік жануар ? –Адам тәріздес ең ірі маймыл ? – Дүние жүзіндегі ең ірі құс ? –Ұзындығы 12 м –ге жететін әлемдегі ең үлкен жылан ? 5 . Ең ,ең , ең ... бөлімі . Ең төмен материк . – Ең соңғы ашылған материк . – Халық ең аз қоныстанған материк . – Қойы ең көп материк . –Ең ыстық материк . –Ең суық материк . –Ең кішкентай материк . –Ең ылғалды , жасыл материк . – Аустралиядағы төменгі нүкте . - ДЖ. –гі ең үлкен шөл . –ДЖ .-гі ең мол сулы өзен . - Жер шарындағы ең ұзын өзен . –Африкадағы ең ірі арал . –ДЖ –гі ең биік сарқырама . –Биік тау көлдерінің ең ірісі . –Ең ірі тау . 6 . Менің өлкем бөлімі . Өз өлкемізді , өз аулымызды оңтүстік жарты шар материктерімен салыстыру . Үйге тапсырма : Оңтүстік жарты шар материктерін ВЕНН кестесі бойынша салыстыру .













































Еуразия материгіне арналған диктант 1.Еуразияның ауданы . . . 2.Еуразияда жер шарының ең үлкен . . . түбегі орналасқан . 3. Тар шөліндегі ең ыстық температура . . . 4. Черапунджи елді мекеніндегі жылдық жауын – шашын мөлшері . . . 5. Еуразия жағалауын . . . сулары шайып жатыр . 6. Еуразияның солтүстік шеткі нүктесі . . . 7. Еуразияның батыстан шығысқа дейінгі қашықтығы . . . 8 . Тибет пен Гоби шөліндегі тау жоталарын ашқан орыс саяхатшысы . . . 9. Еуразияның теңіз деңгейінен орташа биікткгі . . . 10. Еуразияның ірі екі . . . өтед і.

Дұрыс жауабы : 1. 54 млн . ш. ш. 2. Арабия. 3. +53 градус . 4. 12000мм-ден артық. 5.Тынық, Үнді, Атлант, Солтүстік Мұзды мұхиттарының. 6.Челюскин . 7.6 мың км . 8. Н. М. Пржевальский. 9. 840 метр. 10. Сейсмикалық белдеу.



Солтүстік Америка материгіне арналған тест тапсырмалары

  1. Солтүстік Америка жерінің ауданы . . . 2. Солтүстік Америкада ұзын, енді . . . тауы орналасқан. 3.С. Америкадағы ең суық жер. 4. Жауын – шашын ең аз түсетін жері . . . 5. С. Американың экваторға қатысты орны. 6. 15 ғасырда Ньюфаундленд аралы мен Лабрадор түбегінің жағалауын . . . ашты. 7. С. Америка көлдері . . . жатады. 8. С. Америка С. Америка өзендері . . . алапқа жатады. 9. Материктің байырғы халықтары . . . 10.АҚШ жерінің аумағынан . . . орында.

Дұрыс жауабы : 1. 24,2 млн. ш. ш 2.Кордильера. 3Грендландия орталығының аралы. 4. Калифорния шығанағы, Үлкен алап. 5.Солтүстік жарты шарда. 6. Джон Кабот. 7. Төрт. 8.Мұздық-тектоникалық. 9. Үндістер мен эскимостар. 10.Төртінші.

Оңтүстік жарты шар материктеріне арналған географиялық тест

1 .Оңтүстік жарты шар материктеріне . . . жатады. 2. Оңтүстік жарты шар материктері ежелгі . . . құрамында болған. 3. Жер бедерінде . . . басым. 4. Оңтүстік Американың ауданы . . . 5.Ең ұзын . . тау орналасқан. 6. Ең биік . . . нүктесі . 7. Оңтүстік Америка мен Солтүстік Америка материктері . . . дүние бөлігін құрайды. 8. Ең ірі аралы. 9. Жағалауына алғаш келген саяхатшы . . . болды. 10.О. Америка материгінің климатын . . . зерттеді.



Дұрыс жауабы : 1. Оңт. Америка, Африка, Аустралия, Антарктида. 2. Гондвана. 3.Жазықтар. 4.18,3 млн. ш ш 5.Анд. 6.Аконкагуа. 7.Америка. 8. Отты жер аралы. 9. Х. Колумб. 10. А. И. Воейков.



























57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 11.02.2016
Раздел География
Подраздел Конспекты
Просмотров546
Номер материала ДВ-441426
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх