Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Фасадты сылау. Әрлеу қабаттарын өңдеу." тақырыбындағы ашық сабақ жоспары

"Фасадты сылау. Әрлеу қабаттарын өңдеу." тақырыбындағы ашық сабақ жоспары

Скачать материал

Сабақ жоспары

 

Тақырыбы:  Фасадты сылау.

                        Әрлеу қабаттарын өңдеу.

 

Сабақтың  білімділік  мақсаты:  Оқушыларға ғимараттың сыртын  - фасадты өңдеуге дайындау әдістерін көрсету, сеткі арқылы әрлеу қабатын өңдеуді үйрету, жаттықтырып дағдыларын қалыптастыру.

 Дамытушылық  мақсаты:  Оқушылардың кәсіби білімін, шеберлігін жетілдіру, өз бағыт-бағдарын анықтап, өзіндік пікір қалыптастыруға, өзінің іс-тәжірибесін жинақтауға үйрету.

Тәрбиелік  мақсаты:  Оқушылардың дүниетанымдық көзқарастарын  кеңейту, ойлау әрекеттерін белсендіру, шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға қалыптастыру, сонымен қатар жауапкершілікке,  сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Практикалық сабақ.

Сабақтың типі:  Аралас сабақ - жаңа білімді игерту,  жаңа дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың  әдіс - тәсілдері:  Сұрақ-жауап арқылы тексеру, әңгімелеп – түсіндіру – көрсету - оқушының  айнытпай  қайталауы –жаттығулар  орындау.

Пән  аралық  байланыс:  Материалтану, арнайы технология, сызу, химия  пәндері.

Сабақта  қолданылатын  көрнекі  құралдар:  Компьютер, интерактивті тақта, слайдтар, видиофильм «Фасадтық сылақтар»

Сабақта  пайдаланатын  құрал-жабдықтар, құрылыс материалдар:Сылақшының құрал - саймандары, цемент, құм,  су, әк, бояулар.

Жаттығу  жұмыстарының  тізімі:

1. Қабырға беттерін сылақ жұмысына дайындау

2. Ерітінді дайындау

3. Бүрку қабатының және  негізгі қабаттың ерітіндісін лақтыру

4. Әрлеу қабатын шашырату әдісімен өңдеу

 

                             Сабақтың  барысы:

1.  Ұйымдастыру бөлімі(3-5мин.)

2.  Кіріспе бөлімі(45мин.)

3.  Ағымды нұсқаулар  бөлімі(4 сағ.40мин.)

4.  Қорытынды бөлімі(30мин)

 

І.  Ұйымдастыру бөлімі:

Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау,  оқушылардың қатысуын, арнайы киімін тексеру.

 

II.  Кіріспе бөлімі

 Құрметті оқушылар сіз жақсы, қазіргі таңда үкіметімізге, отанымызға керек мамандықты таңдадыңыздар. Жақында ғана біз бәріміз Ел басшымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2050 жолдауын талқыладық, мен  де бүгін сол жолдауға тоқталып кеткенді жөн көріп отырмын. Мемлекет басшысы, еліміздің  «Қазақстан-2050» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытты іске асыруға кірісетінін атап өтті. Басшымыздың жолдауынан бір үзінді оқи кетейін:

-          Біздің республикамыз әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі керек. Осы орайда, индустриялық-иннова-циялық бағдарлама негізгі рөл атқарады. Бұл - маңызды жалпыұлттық жоба. Бүгінде әлемнің жетекші елдері әлемдік экономиканың болашақ архитектурасын жобалаумен айналысуда. Мысалы, АҚШ-та қайта индустрияландыру жоспары әзірленген, Қытайда 12 жылдық бағдарлама қабылданды, Еуропалық одақ 2020 жылға дейінгі тиісті стратегиясын бекітті. Шындығында, әлемдік экономиканы «қайта жаңғыртуға» дайындық басталып кетті. Біз осынау жаһандық үрдістерге сай болуымыз керек. Біріншіден, бүгінде елімізге нақты табыс әкелетін қазіргі индустрияны  қолдау керек. Екіншіден, біздің экономикамызды әртараптандыру және үздіксіз жаңарту қажет. Үшіншіден, Қазақстанның  индустриялық дамуының келесі қадамы ретінде жаңа инновация  негізін  қалыптастыруға тиіспіз, - деді Мемлекет басшысы.

2050-жолдауындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасын іске асыру осы сізбен біздің 1-2 жылдық болашағымызда  іске асыру міндеттеріміз деп білемін. Біз «Қазақстан-2050» стратегиясында белгіленген барлық мақсатқа міндетті түрде жетеміз.

 Әрбір еңбек адамы өз орнында мінсіз қызмет атқарып, өз кәсібінің қыр-сырын терең меңгеріп, шығармашылықпен жұмыс жасайтын болса, ол сөз жоқ абыроймен, құрметке бөленеді және оның өнімді еңбегі біздің өңіріміздің жаңғырып гүлденуіне қосылған үлесі деп білемін.

Бүгінгі сабағымызға эпиграф ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауда айтылған: «Қазақстанда жасалған»деген сөз нағыз сапаның, мықты өндірістің символы болуы тиіс деген сөздерін бекерден бекер алған жоқпыз. «Құрылысшы» мамандығының, соның ішінде «сылақшы» мамандығының қыр-сырын терең білу үшін, фасадты сылау тақырыбын жақсы менгеру өте маңызды, олай болса фасадты сылау тақырыбын қайталап көрейік.

І. Өткен  тақырыпты  қайталау.

Интерактивті тақтаға үш түсті ұяшықтарда 14 сұрақ-тапсырмаларды жасырамыз, оқушылар өз деңгейіне, біліміне қарай түстерді таңдайды: сары түс –жеңіл деңгейдегі тапсырма, көк түс – орташа деңгейдегі тапсырма, қызыл түс – қиын деңгейдегі тапсырма.

Сұрақтар:

-          Сылақ деген не?

Сылақ – ғимараттардың әр-түрлі бөлшектерінің сыртындағы әрлеу қабаты, қатып, тегістелген ерітіндіден құралады, белгілі бір пішін береді.

 

-          Сылақтың атқаратын міндеті.

Атмосфералық жауын-шашынның әсерінен қорғайды.

Санитарлық - гигиеналық қызмет атқарады, өрттен қорғайды.

Ауа және дыбыс өткізбейді, жылу сақтайды, ғимараттың пайдалану мерзімін  ұзартады.

 

-            Ғимараттың сыртын сылағанда сылақтың 2 түрін пайдаланамыз. Ол қандай сылақтар?

 

Қарапайым сылақ және декоративті сылақ.

-          Қарапайым сылақтың ерітіндісі қандай компоненттерден тұрады?

Байланыстырғыш + толтырғыш.

-          Декоративті сылақтың ерітіндісі қандай компоненттерден тұрады?

Байланыстырғыш + толтырғыш +бояу(пигмент)

-           Ғимараттың сыртын сылау  жұмыстарын бастамас бұрын, жалпы ғимараттың қандай  жұмыстары аяқталуы керек?

Шатыр толық жабылуы керек, балкондар орнатылып, едені төселуі керек, ғимарат сыртындағы барлық архитектуралық бөлшектердің метал жиектері орнатылып, бекітілуі керек, суағарлар қондырулы болуы  керек.

-          Сылақ жұмыстарын бастау үшін тағы қандай          дайындықтар керек?

Ғимараттың сыртын шаңнан, кірден, май және битум дақтарынан, тұздан мұқият тазалау керек.

-          Қыс мезгілінде қандай дайындық керек?

Ерітіндіні  жағар алдында сырт қабырға бетін қыраудан, қардан, қатқан мұздан тазалау керек.

-          Қыс мезгілінде ерітіндіге не қосылады?

Сыртқы жұмыстар 10°С төмен  температурада жүргізілетін болса, сылақ ерітіндісіне 2%-ті хлорлы калий және 2%-ті ас тұзы қосылады.

-          Декоративті сылақтың қандай түрлері бар?

Түрлі-түсті сылақ, тас сылақ, терразит сылақ, сграффито сылақ.

 

-          Түрлі-түсті сылақтың құрамын ата.

Әк-құм-цемент ерітіндісіне бояуыш пигмент қосылады.

     -    Тас сылақтың құрамын ата.

Цементті ерітіндіге тау тас түйіршектері қосылады.

-          Терразит сылақтың құрамын ата.

Терразит қоспалары көбінесе дайын келеді, оның құрамына

әк-цемент-кварц құмы-тас түйіршектерінің ұсақ және ірі түрлері  қосылады.

 

-           Сграффито сылаққа  анықтама  бер.

Сграффито – кедір - бұдырлы түрлі-түсті сурет жасауға мүмкіндік беретін екі  және оданда көп түрлі-түсті ерітінділер.

 

Интерактивті тақта арқылы әлем архитектурасынан фасадты өңдеу мысалдарын көрсету.

 

ІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру,әдістерін үйрету.

Бүгін біз сабағымызда түрлі түсті сылақтың ерітіндісін дайындап, фасадты шашырату әдістерімен өңдеуді үйренеміз, ол үшін түрлі түсті сылақтың ерітінділерінің құрамы қандай компоненттерден тұратынын қарайық:

 

Түрлі түсті әкті-құмды сылақтың ерітінділерінің құрамы

Сылақтың түсі

компонентері

Мөлшері,салмақтық %-ті

Ақ

Әк-үлпілдігі

10

 

Ақ портландцемент

7

 

Мәрмәр құмы

70

 

 

 

Сұр

Әк-қамыры

20

 

Портландцемент

5

 

Кварц құмы

75

 

Марганец асқын тотығы(окись марганца)

1

Жасыл

Әк- үлпілдігі

15

 

Портландцемент

15

 

Жасыл бояу

5

 

Хром тотығы

5

 

Жасыл мәрмәрдің қиыршық ұнтағы(түйірі 0,5-2мм)

60

Сары

Әк - үлпілдігі

20

 

Ақ портландцемент

6

 

Сары охра

6

 

Кварц құмы

60

  Окись-химиялық элементпен оттектің қоспасы.

 

Түрлі түсті әкті-құмды сылақтын ерітінділерін дайындау:

Әк сұйығын ыдысқа құйып, оның үстіне цемент салып араластырып, құм салады. Бояуды әкке езіп, содан соң ерітіндіге қосады. Біздің дайындайтын ерітіндіміздің құрамы 0,1:1:3 болады (0,1-цемент,1-әк сұйығы,3-құм)

Түрлі түсті әкті-құмды сылақты өндеуде пайдаланатын құрал-саймандар

 

 

 

 

а,б,в-қырғыш қашаулар,г,д-шегелі қырғыштар,е-валиктер

 

 

4. Әрлеу қабатын сеткі арқылы шашырату әдісімен өңдеу

Дайындық жұмыстары:

а) Ғимараттың сыртын шаңнан, кірден, май және битум       дақтарынан, тұздан мұқият тазалау керек

б)    Жақсылап сулау керек

в)    Бүрку қабатын лақтырып, тегістеу керек

г)    Негізгі қабатты жүргізіп, тегістеу керек

д)    Әрлеу қабатын өңдеу

 

Әрлеу қабатын былай жүргізеді:

 

Темір сеткіні, ойықтары 2,5х2,5 нан 10х10 мм аспау керек, ағаш рамаға жақсылап қозғалмайтындай етіп бекітеді.

Рамаға бекітілген сеткіні қабырғаға тақап, сеткі арқылы қалақпен ерітіндіні лақтырамыз, сеткіден өткен ерітінді  бытырап бұдыр-бұдыр фактура құрайды. Әр лақтырған қабаттың қатуын  күтіп, 2-3 қабат жүргізеді.

 

Ө/оқу шеберінің әдістерді көрсету мезгілі:

1. Әрлеу қабатын сеткі арқылы шашырату әдісін көрсету

Өңдірістік оқу шеберінің тақырыпқа байланысты дағдыларды 3 рет көрсетуі:

1-ші көрсету: толық және шынайы әсер қалдыру үшін қалыпты жылдамдықта көрсету.

2-ші көрсету: жеке қадамдарды және ерекшеліктерді айқындап көрсету үшін, сондай-ақ, еңбек қорғау туралы нұсқау беру үшін айырықша баяу жылдамдықта көрсету.

3-ші көрсету: дағдыны қайтадан көрсетіп, сылақтың фактурасын байқау үшін қалыпты жылдамдықта көрсету.

 

ІІІ.Жаңа тақырыпты бекіту

1-2 оқушыға  ө/оқу  шеберінің  жасағанын  қайталатып  жасату

-       Оқушының жасаған жұмысын талдау, қателерін жөндеп, керек болса қайтадан көрсету.

 

 

а-қылды щеткі арқылы өңдеу, б-сыпыртқы арқылы өңдеу, в-сеткі арқылы өңдеу, г-қылды щеткі, сыпыртқы арқылы өңдеу фактурасы, д-сеткі арқылы өңдеу фактурасы.

Еңбек қауіпсіздігі:

Фасадты сылаған кезде жұмыс жоғарыдан төмен қарай жүргізіледі, сондықтан сылақшы міндетті түрде сақтандырғыш белдікпен жұмыс жасау керек, белдіктің екінші шеті ғимараттың мықты, жылжымайтын бөлігіне бекітулі болуы керек.

Сылақшының пайдаланатын құрал - жабдықтары бәрі еңбек қауіпсіздігіне сай, жөнделіп тұру керек, мінетін сатыларға бөлек назар аударған жөн. Қозғалып, тегіс тұрмайтын саты өмірге қауіп төндіреді.

Сылақшы жұмыс  жасап тұрған  жерде шегелерді майыстырып немесе мүлдем алып тастау керек, адамның киімі ілініп кедергі жасамау үшін.

Жұмыс орнын ұйымдастыру:

Сылақшы жүретін жерде артық заттар тұрмауы керек.Сылақшының құрал - саймандары қол жетерлік жерде тұруы керек. Ерітіндіге арналған жәшік жеңіл және жүргізуге ыңғайлы доңғалағы болғаны дұрыс.

Биік ғимараттың сыртын сылау үшін көп қабатты сатылар пайдаланамыз.

Олар өндірістік жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек және МЕСТ 24258-80 «Төсеу құрылғылары»деген стандартына сай болу керек.

Сатылар мен құрылғылар жоспарланған мықты және тығыз негізге орналастырылады.Сатыларды ұзақ мезгіл пайдаланатын болса, алаңына жанбырдың суын ағызып жіберетін суағарлар жасайды,сатылардың тіректерінің астындағы құмды жуып кетпеу үшін.

Сатылар мен құрылғылардың төсенішінің ені 1,5м кем болмау керек, төсеніштердің аралық биіктігі жарықта – 1,8м  кем  болмау  керек.Төсемінің беті тегіс болу керек.Тақтайшалардың арасындағы саңылаулар 5 мм артық болмау керек.Төсемі тұтас болған жағдайда, тақтайшаларды өзара  айқастырып жалғауға болады,алдын ала ұзындықтары бойымен көлденең қырларын бір шетіне қисайтып алып.Тақтай шеттері екі жағынан тіректі кемінде 20 см жауып тұратындай етіп жатқызады.

Ғимараттың сыртын сылаған кезде төсеніш пен қабырғаның ара қашықтығы 150  мм аспау керек,ішкі беттерде 100 мм ден.Мұндай саңылауларды жиналатын тақтайшалармен жабады.

Сатылардың төсеніштері жерден 1,3 м жоғары орналасқан болса,онда оларға 1 м қоршаулар, ернеулерімен қойылады.Сатылар мен құрылғыларға түсетін салмақ қүштері, есептелген рұқсат мөлшерінен аспауы керек.

Сатылардың қабат аралық қатынасы үшін теппелер орналастырады(еңкіштігі 60° тан аспайтын),жоғарғы шеттерін бекітеді.Теппелермен ауыр жүктерді көтеруге және теппе алаңына жинауға тыйым салынады.

Жұмысшыларды электротоқпен жарақаттамау үшін электро сымдар сатыларға тимеуі керек.Аспалы электро сымдар изоляторларға(тоқ өткізбейтін) бекітіледі.

 

 

«Фасад сылақтары»  видиофильмін  көрсету

ІІІ. Ағымды  нұсқау  бөлімі

-  Оқушыларды  жұмыс  орындарына  бөлу

-  Жаттығу  жұмыстарымен  таныстыру:

 

Жаттығу жұмыстарының тізімі:

1. Қабырға  беттерін сылақ  жұмысына  дайындау

2. Ерітінді  дайындау

3. Бүрку  қабатының  және  негізгі қабаттың ерітіндісін  лақтыру

4. Әрлеу қабатын шашырату әдісімен өңдеу

 

Ағымды нұсқаулар тізімі:

 

1. Оқушылардың жұмыс  орнын  ұйымдастыру нұсқауы

2. Жаттығуларды орындау кезіндегі нұсқау

3. Еңбек қауіпсіздік ережелерін сақтау нұсқауы

4. Оқушылардың ұқыптылығын, жауапкершілігін, бір-бірімен қарым-қатынасын бақылап, керек жағдайда дұрыс бағытта нұсқау беру

 

VІ.Қорытынды нұсқау

 

-  Оқушылардың жұмыстарын қабылдау

-  Қателерін жөндеу

-  Жетістіктерін бағалау

 

V.Үйге тапсырма беру

Арнайы  пән  сабақтарының  тақырыбына дайындалып  келу, интернет жүйесінен фасадты  өндеу  тақырыбына  видио роликтер жинақтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                    

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Фасадты сылау. Әрлеу қабаттарын өңдеу." тақырыбындағы ашық сабақ жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Менеджер спортивного клуба

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 333 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.02.2018 2019
    • DOCX 1.1 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Смагулова Жемис Киндуллаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Смагулова Жемис Киндуллаевна
    Смагулова Жемис Киндуллаевна
    • На сайте: 6 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18106
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 499 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 336 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 290 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 852 человека

Мини-курс

Читательская грамотность у школьников

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 70 человек

Мини-курс

Личностный рост и развитие: инструменты для достижения успеха

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие коммуникативных и здоровьесберегающих навыков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе