Инфоурок География Научные работыГеография сабағында СТО технологиясын пайдаланудың әдіс-тәсілдері

География сабағында СТО технологиясын пайдаланудың әдіс-тәсілдері

Скачать материал

География сабағында СТО технологиясын пайдаланудың әдіс-тәсілдері

Хайруллаева Шаира Октябреевна

Оңтүстік Қазақстан облысы,Сайрам ауданы,Ақсукент ауылы №94  жалпы орта мектебі



Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу - тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым - қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс - әрекетінің ғылыми - педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл - ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді
.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар жаңа технологиялар және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.
Бұл тығырықтан шығудың бірден - бір жолы оқу - тәрбие процесінде жаңа технолгиялардың әдіс - тәсілдерін енгізу, әрбір білім алушылардың білімге деген қызығушылықтарын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол ашу. Жаңа технологиялық процестің негізі – жаңалықтарды қалыптастырып жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Жаңашылдық білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Білім беруді дамыту тұжырымдамасында «орта білім берудің мақсаты – терең білім, кәсіби дағдылар негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін – өзі іске асыруға, өзін – өзі дамыту және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп көрсетілген.
Осыған байланысты білім беру сапасы бойынша басты назар адамның алған білімін қолдануына қажетті және үздіксіз оқуға мүмкіндік беретін біліктер мен дағдыларды қамтитын сапалы білім беру жүйесін құруға бағытталуы қажет.
Біз ұстаздар қауымы қандай болмасын жаңалыққа құлақ түре жүретініміз айқын. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға қоярымыз анық. Қазіргі кезде білім беру үрдісінде көптеген технологиялар қолданылады. Соның бірі «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» техногиясын басшылыққа аламын.
География пәнін оқушыларға оқытып үйретуде мұғалім үнемі өзінің ой - өрісін кеңейтуге, біліміне білім қосуға тиіс және оқытудың жаңа технологияларын меңгеруі қажет.
Педагог – ғалымдар қазіргі кезде қолданып жүрген білім беру технологиясы терминін әр қырынан ашып көрсетуде. Түсіндірме сөздікте «Технология – бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы» делінген.
Б. Лихачев педагогикалық технология оқу үрдісінде белгілі бір мақсат көздейтін педагогикалық ықпал десе, В. И. Беспалько «Оқу үрдісін жүзеге асырудың мазмұндық техникасы» деген анықтама береді.
М. Кларин «Педагогикалық технология – белгілі мақсатқа қол жеткізу жолында қолданылатын барлық қисынды ілім, амалдар мен әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті» деп жазады.
Мектеп оқушыларының танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын қалыптастыру мәселесінде белгілі ғалым Сократтың оқыту үрдісіне көңіл бөлемін. Оқу сапасын арттыру үшін күнделікті сабақта жаңа технологияларды пайдаланамын.
Осы негізде география пәнін оқытуда «сыни тұрғыдан ойлау» жобасы стратегияларын қолдану тиімді деп санаймын. Бұл – американдық ғалымдардың идеялары негізінде құрылған жоба. Сыни ойлау дегеніміз – оқушының қоршаған ортаға, ақпарат әлеміне, өзінің іс – әрекетіне сын тұрғысынан қарауын жетілдіру деген сөз.
«Сыни тұрғыдан ойлау» жобасының стратегияларын пайдалану өз сабақтарымда тиімділігі сол, оқушылар бұдан өздерін бақылап, талдау жасап үйренеді. Білімді Өз еңбектері арқылы ой елегінен өткізе отырып,
алады.
Бұл техногияны пайдаланудың тиімді тұстары мыналар:
1. Оқушының пәнге деген жеке қызыушылығын оятады;
2. Танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;
3. Әлеуметтік мәдени тәрбие қалыптастырады;
4. Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;
5. Оқытушының уақытын үнемдейді
6. Қосымша мәліметтер береді.
7. Оқушыларға сенімділік білдіріледі;
8. Талантты, қабілетті балалар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, өзіне деген сенімсіздіктен арылады.
9. Білім дәрежесі бірдей оқу топтарында оқу жеңілдейді.
СТО технологиясын пайдаланудың мұғалімге де берері мол:
1. Барлық баланы оқыту;
2. Оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектесу;
3. Білім берудің формасын оңайландыру міндеттерін атқару;
4. Оқушының жеке қабілетін айқындау, іздену;
5. Оқушы үнемі үй тапсырмасын оқып, орындауға дағдыланады.
6. Оқушыда жылдам ойлап шешу әрекетін қалыптастырады.
7. Сұрақтарға қысқа, нақты жауап беруге машықтанады.
8. Сынып оқушыларының білім сапасын неғұрлым тез айқындауға мүмкіндік береді.
9. Оқушының қай тақырыпты меңгере алмағанын анықтауға болады.
Мысалы, 8 – сынып «Табиғат зоналары»
1. Қызығушылығын ояту:
Білім турнирі /сұрақ - жауап/
1. Қазақстанның ең жақсы игерілген табиғат зонасы?/ орманды дала /
2. Дала зонасының топырағы?/ қара және қызыл қоңыр/
3. Егін шаруашылығы үшін шамалы пайдаланылатын табиғат зонасы? /шөлейт/
4. Үстірт, Бетпақдала, Сырдария өзендерінің оңтүстік жағалауында орналасқан сазды зона?/шөл/
2. «Кім тез» ойыны Сөзжұмбақ шешу.
3. А/ Географиялық диктант
1. Өзендері түгелдей дерлік......... суымен толығады...........,............,............. өзендерінің суы халықтың тұрмыс қажеті үшін ғана емес, өнеркәсіп мақсаты үшін де пайдаланылады.
2. Қазақстандағы............... дала топырағының............................. жазығындағы............... дала топырағынан айырмасы -........................ сортаң болып келеді.
3. Дала зонасының өзендерінің деңгейі................ Зонаны..............,............,..............,...............,..................,................,..................,............... және бірнеше шағын өзендер кесіп өтеді.
4. Шөлейтте......... және............... шаруашылығы басым дамыған. Ойдым - ойдым суармалы жерлерде..................,.................... өсіріледі.
Әрбір сабақтың қалай өткенін мұғалім кері байланыс арқылы білуге болады.
6. Кері байланыс
1. Мен бүгін істей алдым
2. Маған қ и ы н болды
3. Мені таң қалдырды
4. Қызықты болды
5. Мен енді істей аламын
Көптеген сыныптарда тақырыптар мазмұнына сәйкес білім бекіту мақсатында мынадай кестені толтыруға болады:
Не білеміз? Не білгім келеді? Не білдім?
Бұл бағдарламаның мені қызықтырғаны сол баланың өзі ізденіп, дәлелдеуі. Ол бұрын тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойлаушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Сын тұрғысынан ойлау – өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан - жақты пікірлесу, талдау жасап отыру, яғни оқушы санасын сол тақырыпқа байланысты ояту, ой шақыру, ойын жеткізу оны дәлелдей алу. Сонымен қатар қасындағы оқушының пікірін тыңдау, сол пікірлерді салыстыру
.
Бұл технологияның негізгі ұстанымдар: әлсін – әлі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, тіректерді пайдалану, келіспеушіліктің болмауы, оқушының жетісіктерінің жариялығы, қателерді түзеуге мүмкіншілік жасау, барлық балалар дарынды, табысқа жетуге жағдай жасау, оқытумен тәрбиенің бірлігі. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту күрделі процесс болып келеді. Сыни ойлау ақпарат алудан басталып, қаралатын мәселеге байланысты шешім қабылдаудан аяқталады. Сыни ойлау кез – келген жас аралықтарына тән. Сыни ойлау күрделі үрдіс болғандықтан, оқушыға сыни ойлау ортасын жасау қажет. Мұнда әр оқушының ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады. Сыни тұрғысынан ойлау қалыптасқан ортада оқушы: Нақты мақсат қоюға дағдыланады. Өзіне деген сенімі артады. Оқу процесіне белсенді қатысады. Жолдастарының пікірін сыйлайды. Өзін толғандыратын, проблемалық сұрақтар қоя біледі. Сараптауға, бағалауға дағдыланады. Пәнге деген қызығушылығы артады.
Сын тұрғысынан ойлау жобасы мынадай үш құрылымнан тұрады.
Қызығушылығын ояту
Мағынаны тану
Ой толғаныс
Оқушының дербес ойлауын дамыту үшін география сабағындағы бұл технологияның тиімділігі бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Ал соңғы кезеңде оқушы өз шығармашылығынан қабілетін таныта алады. Мұнда оқушыға ойланып толғануға уақыт берілуі керек, ойын айтуға оқушы шығармашылығын қалыптастыратынын атап өту керек. «Қызығушылығын ояту» кезеңінде алдыңғы өткен тақырыпты тексеру мақсатында тест жұмыстарын өткізу арқылы оқушы білім деңгейін қадағалап, жаңа сабақты бастар алдында «Топтастыру» стратегиясы арқылы оқушылармен бірлесе жұмыс жасауға болады. Сабақтың қай құрылымында болмасын осындай стратегияларды қолданғанда «Мен не үйретемін?», және «Оқушы үйреніп шығады? деген сұрақтарды есінен шығармауы керек. «Мағынаны тану» кезеңінде оқушыларды топқа бөлу арқылы сұрақтар дайындап оны «Куббизм» стратегиясы арқылы жүзеге асыруға болады. Сұрақтар үш деңгейде әзірленеді. Дайындаған сұрақтарға оқушылар өз ойларын білдіріп жауап береді. Бұл технологияның келесі бір кезеңі – ой толғаныс. Мұнда «Венн» диаграммасын қолдану арқылы тақырыптардың ұқсастығымен мен айырмашылығын көрсетуге болады. Осы кезеңде пікір - сайыс немесе «5 минуттық эссе» жаздыруға болады. Мұндағы мақсат оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру. Эссе жазғанда сабаққа қабілеті төмен деген оқушылардың 5 - 6 сөйлемнен тұратын ойын жазса, соның өзі оқушыны сабаққа тарта білгеніміз.
Білім беру мазмұнын жаңарту, оқыту әдістерін жетілдіру оқушылар мен мұғалімдердің өзара қарым - қатынасын жоғары деңгейде ұйымдастыру секілді міндеттердің қай - қайсысы да әрекетсіз іске аспайды.Оқу - адамның саналы өміріндегі басты әрекет. Оқу әрекеті мұғалімнің басшылығы арқылы оқушының сана - сезімін дамытуға бағытталады.“Әрбір бала - болашақ данышпан» деген ойлы қағидаға мән берсек, яғни табиғи таланттарды ашу, жас талапкерлердің жарқырап көрінуі үшін мұғалімге жүктелер міндет аз емес. Ол міндет - оқушылардың шығармашылық қабілетін, танымдық белсенділігін, ой - өрісін дамыту үшін аянбай еңбек ету, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту.Осы идеяларды дамыту үшін оқытудың және тәрбиелеудің жаңа технологияларын қана отырып, жеке тұлғаның дамуына қолайлы жағдай жасау, негізгі құндылық - оқушы және оның жеке тұлғасы. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік рухани, азаматтық, басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін - өзі дамытып, оқу - тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі. Қазіргі кезде Джорж Соростың ашық қоғам институты мен «Сорос Қазақстан» қорының «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы кеңінен енгізіліп жүр. Сын тұрғысынан ойлау әдісі оқытуда дамыту технологиясына жатады. Бұл илюстративті түсіндірмелі, ішнара іздену, пікір сайыс ойын, шығармашылық, өзін өзі дамыта оқыту әдістерінің бірі.
Сын тұрғысында ойлау әдісі мұғалім қызметінде ұйымдастыра отырып, оқушылардың жеке, топпен жұмыс жасау негізінде білім алуымен ұштасады. Бұл стратегия оқушының жекелеген мүмкіндіктерін ашуға бағытталған. Бұл әдістің ерекшелігі оқу әдісінде қолданылады. Оқушылардың ауызша, жазбаша тілін, ойлау есте сақтау қабілеттерін, әрбір ақпаратты сонымен бірге өзінің және басқаның шығармашылығына сынай қарауы шығармашылық қабілетін дамытады.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту арқылы:
– Әр оқушы сабаққа толық қатыстырылып, деңгейін анықтай алады;
– Жеке тұлғаның танымдық белсенділігін арттырады;
– Қызығушылығын оятады;
– Сұрақ қойып, өз ойын еркін айтуға;
– Мазмұнын толық түсінуге жағдай туғызады.
– Әр сабақтарымда осы сын тұрғысынан ойлауды дамыта оқыту технологиясының элементтерін тиімді қолданамын. Оқытудың әр түрлі технологиясын қолдану арқылы жеке тұлғаның қоршаған ортаға, дүниеге өз көзқарасын қалыптастыруға жол ашады. Жеке тұлғаның қиялын дамыту барысында оларды бақылуға, зерттеуге, ойлауға, сөйлеуге, ойын толық жеткізуге үйретемін.
Білім сапасын арттырудағы жаңа технологияларды оқып, үйреніп, сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады:
- білім алушылардың білім, білік сапасын арттырудағы жаңа технология түрлері сан алуан, оларды таңдау жэне одан шығатын нәтиже оқытушының кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты;
- жаңа инновациялык технологияларды енгізу жүйелі әрі мақсатты түрде жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады;
- жаңа оқыту технологияларын енгізу барысында әрбір оқу орнының материалдық - техникалық базасының бүгінгі талапқа сай еместігі, әрі жетіспеуі, кадрлық әлеуметтің төмендігі көп кедергі жасайды.
Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден - бір шарты - оқу орындарындағы білім беру процесіне жаңа технологияларды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті. Сондықтан ғылыми - техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу – әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады. Біздің ойымызша, оқу орындарында жаңаша басқару жүйесін енгізіп, оны жүзеге асыру міндет.
Білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан – жақты маман болу мүмкін емес.
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің зейін – зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани қасиеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.«Білім беру мекемелері қызметкерлерін ақпараттық – коммуникацикалық технология саласы бойынша біліктілігін көтерудің ғылыми - әдістемелік негіздері» Алматы – 2006
2.
ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. Егеменді Қазақстан, 28 желтоқсан, 2003.
3. В. П. Беспалько. Слагаемые педагогические технологии. М. 1989.
4. М. В. Кларин. Технология обучения; идеал и реальность. Рига эксперимент, 1999, 180 б.
5.«Жеке тұлғаның шығармашылық дарындылығын дамыту жолдары» Е. Т. Акитбаев., 2006ж
6.«География және табиғат» журналы.№1, 2, 3, 2012

ГЕОГРАФИЯ САБАҚТАРЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ


Хайруллаева Шаира Октябреевна

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы Ақсукент ауылы №94  жалпы орта мектебі

 Бүгінгі заманғы  педагогикалық саладағы жаңалықтардың бірі – оқытудың іс-тәжірибесіне жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу болып табылады. «Жаңа форматтағы біліктілікті арттыру» курсының да мақсаты да осыны көздейді. Бастысы ол өзгерістер мұғалімге де, оқушы үшін де оң нәтиже беруі тиіс. Үшінші негізгі деңгейдің курсын аяқтағалы бері өзімнің алдымда тұрған жаңа білім реформасының қатысушысы ретінде жауапкершілігімнің жоғарлағанын түсіндім.Бүгінгі таңда менің алдымда тұрған үлкен  міндет – оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, саналы, салауатты, жан – жақты дамыған, рухани бай, заман талабын орындай білетін тұлғаны тәрбиелеп дамыту. Мұғалімнің мәртебесіне лайық болу мақсатында, өзімнің кәсіби шеберлігімді шыңдап дамыту мақсатында педагогикалық шеберлік орталығында бүгінде әлемге үздік болып танылған Кембридждік жоба үлгісіндегі ұстаздар біліктілігін арттыру курсының үшінші деңгейінде білімімді одан әрі жетілдіру. Сондықтан білім беру мен оқытудың қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесінде қарастырылуы тиіс.Қазіргі заманда білім беру ісінде талап деңгейінен шығу мұғалімнің іздену шеберлігіне тіреледі. Бүгінгі талап оқушыға білім берумен бірге оны білікті түрде қолдана алуына, оны дағдыға жеткізіп қана қоймай баланың ақыл-ойын, қабілетін дамытуға, әрекет нәтижесінде белгілі тұжырым жасай алуға үйретуге негізделеді. Әрине, оқытудың барлық әдістері баланы дамытуға бағытталған. Дегенмен осы кезге дейінгі дәстүрлі оқытуда оқулық пен мұғалімнің пікірін нысана етумен шектелеп келді. Ал бүгінгі оқыту оқушы қабілеті, оны жан-жақты дамыту, даму әрекеттерін ұйымдастырудың қажеттігін дәлелдеп отыр. Көрнекті педагог А.С.Выготский баланы дамыту әрекеттері оқыту барысында іске асатынын дәлелдей келіп, бала дамуының екі түрлі ортасы болатыны жайында теория ұсынды. Бірінші ортасы – айналасындағы үлкендердің әсері, қабілетінше еркін атқара алатын іс-әрекеті болса, екінші ортасы – сабақ үстіндегі әрекеті. Ал біздің мақсатымыз – баланың сабақ үстіндегі оқу-әрекетін тиімді әрі қызықты болатындай етіп ұйымдастыру, әрекет нәтижесін байқау, бағалау және соның нәтижесінде алдағы жұмыстарды жоспарлау болып табылады. Оқитын пән қаншалықты бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да, мұғалім оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім, күткен нәтиже бермейді. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі - баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.Міне, сондықтан Кембридж тәсілдерін сабақта қолданудың маңызы зор. Осы жеті модульді білім беруде тиімді пайдалануда, дәстүрлі сабақта пайдаланатын жұмыс түрлеріне қарағанда топпен жүргізілетін жұмыс түрі оңтайлы нәтиже береді. Ұйымдастыруда алғашқы қадам оқушыларды топқа бейімдей отырып, сыныпта психологиялық ахуалды қалыптастыру бағытында болуы керек. Сондықтан оқушыларды топқа бейімдеу үшін түрлі психологиялық тренингтер өткізіп, сабаққа қатысты топтастыру жүргізуге болады.Ал мен география  пәні мұғалімі ретінде ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, мәдени мұраларды жадында өшпестей етіп сақтаған құзіретті жеке тұлға қалыптастыруда оқытудағы жаңа тәсіл 7 модулді өз сабақтарымда пайдаланып жүрмін.Бұл тәсілдің басқа технологиялардан ерекшелігі жеті модуль арқылы іске асады. «Сабақ – оқытушының педагогикалық мәдениетінің айнасы», -деп А.Сухомлинский айтқандай, осы жеті модульдің ішінде өзімнің пәніме тиімдісі, жарыққа шығарары, баланың қызығушылығын оятары, білімін жетілдірері қайсы екен деп көп ойланғаным рас. Саралай келе әр сабақта бір немесе бірнеше модульді бірден қолдануға болатынын анықтадым. Бұл қолданыстан ұтылғанымнан ұтқаным көп болды. Әр мұғалім өз сабағының –көшбасшысы. Ал көшті дұрыс бағыттай білу ол шеберлігіне байланысты.Жалпы менің оқытудағы өз міндетім оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Сондықтан сабақта оқушылардан жиі тақырып бойынша жеке ,жұптық,топтық жұмыс яғни пирамидалық тәсіл түрлерін алып отырамын. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтау белсенділігін, дағдысын білім саласының дамуын қамтамасыз етеді.Мұғалім бала бойындағы туа біткен түрлі қасиеттерді дәл байқап, оның сапалық ерекшеліктеріне баға беріп, ары қарай өз бетінше дамыта түсуіне жағдай туғызуы керек, көмектесуі қажет. Бұл үшін, әрине ұстаздың өзі де өзгеруі, яғни дәстүрлі оқытудың таптаулары сүрлеуінен арылуы тиіс. Осылайша оқытудың жаңа мазмұнын жасауға бетбұрысты әрбір мұғалім өзінен бастағаны жөн. Мұғалім шәкіртке білім, білік, дағды беріп қана қоймай, ақыл-ойы мен қабілетінің дамуына көңіл бөліп, «оқи алуға үйрету керек». Мұғалім оқытуға кіріспес бұрын оқушылардың мінездерін зерттеп, білімдерін тексеруі тиіс. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиялармен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»-деп елбасымыз өз жолдауында айтып қана қоймай, әр мектепті түрлі ақпаратты техногиялармен қамтамасыз етуде. Яғни, ақпараттық технологиялардың білім беруде маңызы зор. Өйткені ол оқушыларға үлкен ақпараттық білім кеңістігіне жол көрсетеді.Оқушылар жеке, жұптық, топтық жұмыс жасағанда диалогқа түскені жөн. Себебі қабілеті әртүрлі оқушылар, бір- бірімен жұмыс жасағанда, әрқайсысы өз пікірлерін айтады, яғни жауапкершілікті сезінеді. Топтық жұмыста оқушылар өзін-өзі, бірін-бірі бағалау, немесе топаралық бағалау жүзеге асады. Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы оқушылардың белсенділігі, шығармашылығы артады.Топтық жұмысты жүзеге асыру, оқушылардың сыни ойлауын дамытуға,мүмкіндік беретініне сенімдімін. Себебі оқушыға сыни ойлауын жүзеге асыратындай тапсырма бергенде ғана, оқушы ойланады. Сыни тұрғыдан ойлау - бақылаудың, тәжірибенің , ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алған ақпаратты ойлауға, бағалауға , талдауға және синтездеуге, өмірде қолдана білуге бағытталған пәндік шешім. Балаларды диалог пен дәйектер , талқылауға тарту белсенді жүргізілетін жағдайда олардың оқуы тиімдірек және зиятты жетістіктері жоғары болатынын дәлелдейтін зерттеулер де көбейе түседі. Сыныпта мұғалім оқушылармен интерактивті тілдесу арқылы тиімді әңгіме үлгісін жасай алатын, оқыту үшін зерттеуге және өзара ынтымақтастыққа ықпал ететін жағдай жасауға міндетті.Оқыту дегеніміз – баланы субъект ретінде оқу ісіне қызықтыратын, соған сай қабілетін арттыратын жағдайлар тудыру болып табылса, қызықтыру, зейініне әсер ету, сезіміне әсер беру мұғалімнің басты мақсаты болуы тиіс. Мұны жүзеге асыру екі кезеңге бөлінеді. Бірінші, оқу үдерісінің жаңа технологиясын қарастыру (қалай оқыту керек), екіншісі, оқушы алдына қойған мақсатты өз бетінше шеше алатын жағдайға жеткенде ғана субъектілік орын алады. Өз тәжірибеме келетін болсам, сабақтарымда сыни тұрғысынан ойлау, АКТ модульдерін жиі қолданамын. Ал мектепте алған білімді оқушылардың қолдана білуін, өмірмен байланыстыра алуын жүзеге асыру көп жұмыстануды қажет етеді.Мектептегі сабақ беру кезінде іс-тәжірибеме өзгерістер енгізу арқылы өзімді де, оқушыларымды да өзгерте алдым дей аламын. Өзгеріс дегеніміз – жаңа тәсілдерді енгізу. Өз тәжірибеме енгізген жаңа тәсілдің бірі – тренинг. Тренинг оқушы назарын жаңа сабаққа аударуда, қызығушылықтарын арттыруда, ынтымақтастықты қалыптастыруда маңызды тәсіл. Сабақтарымда осындай тренингтерді өткізу оқушыларға жағымды, оң әсер берді және ең бастысы, оларға ұнады.Топтық жұмыс – бұрын-соңды көп қолданбаған тәсілдерімнің бірі. Топтық жұмыс, біріншіден, оқушыларға бірігіп жұмыс істеу мүмкіндігін тудырса, екіншіден, ұйымшылдыққа тәрбиелейді, бірін-бірі оқытуға, бірінен-бірі үйренуге жағдай жасайды және көшбасшыны анықтауға мүмкіндік береді.Ал сыни тұрғысынан ойлау – креативті тұлғаны қалыптастырудың бір жолы. СТО-ды ойлануды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір - түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегінің нәтижесі.Әрине, маған сабаққа тиянақты дайындалуға көп уақыт қажет болды және тапсырмаларды түрлендіріп, сабақты өмірмен байланыстырып, әр сабақ сайын топтарды өзгертіп отырдым. Соның нәтижесінде оқушыларда қызығушылық арта түсті. Әр сабақ соңында оқушылардың жеткен жетістіктерін, кемшіліктерін талдап, түсіндіріп отыруға тырыстым. Бұл – менің тәжірибемде енгізген ең басты жаңалық болды.Әр сабаққа мақсат құрып, күтілетін нәтижені анықтап, олардың сабақ барысында не арқылы бағаланатынын көрсетіп отырдым. Сабақтарымның кіріспе, тұсаукесер, негізгі және қорытынды бөлімдерінде мұғалім және оқушы іс-әрекеттерін толық жазу арқылы сабақ барысында мұғалім – нұсқаушы, оқушы – ізденуші екендігі айқындалды.Сабақтарда жұппен жұмыс, топпен жұмыс және жеке жұмыстар жасалса, сынып бөлмесінде топ ережесі және рефлексия жазатын бұрыштар жасақталып, парталардың орналасуында өзгерістер болды және оқушыларымның өз сөздерін «Менің пікірім былай», «Менің ойымша...» деп бастауларын талап еттім. Бірлескен топ жұмысында оқушылар бір-бірімен ой бөлісіп, бір-бірімен тәжірибе алмасып, алынған ақпаратты топ болып түсініп,талдап , синтездейді, салыстырып болжамдар жасай отырып ортақ шешімге келеді. Оқыту мен оқудың жаңаша әдіс-тәсілдерін ойдағыдай меңгерген мұғалім шәкіртін білім алуға қызықтыра алады және жеке іздеуге дағдыландырады. Нәтижесінде оқушы еркін, өзіндік дәлелдемелерін анық жеткізе білетін сенімді, сыни ой-пікірі мен көзқарастары дамыған болып қалыптасады . Топтық жұмыс арқылы ой қозғай отырып, өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін топ ішінде талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау екені мәлім. Тәжірибе барысында топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы дағдысын дамыту мақсатында 9 «б» сыныбына География пәнінен 7 модуль негізінде сабақты өткізуді жоспарладым. Жоспарлауда оқушылардың жас ерекшеліктерін, қабылдау деңгейлерін, қызуғушылығын ескердім. Іс-әрекеттегі зерттеу жұмысымның тақырыбы: «География сабағында топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.» Зерттеудің негізгі мақсаты: Оқушылардың топта жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру. Топтық жұмысты ұйымдастыра отырып қызығушылығын арттыру арқылы, әлеуметтік ортаға бейімдеу. Зертеудің нысаны –топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру, шығармашылық ойлауын дамыту, сабаққа деген қызығушылығын арттыру.Пәні:Қазақстанның әлеуметтік жіне экономикалық географиясы сынып: 9 «б» Сабақ тақырыбы: Табиғатты қорғау және табиғат қорларын тиімді айдаланудың Мақсаты:Қазақстанның экологиялық проблемалары,адам әрекеті нәтижесінде табиғи кешендердің өзгеруі,экологиялық  ахуалдың нашарлауынан  адам денаулығына әсері туралы түсінік беру. Тақырыпқа өз ойларын қоса отырып өз бетімен жұмыстануға  үйрету арқылы өз ойын еркін айту, ойлау, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру арқылықоршаған ортаны қорғауға,оған сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу   және оқушының өзіндік ой түйіндеуін қалыптастыру болды.Өлшемді бағалауда топ басшылары топтың жұмысын бағалап, рефлексия жасап сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерге жазады. Бүгінгі сабақ қалай өтті ? Несімен ұнады? Бір-біріне тілек жазу сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын 2 жұлдыз, 1 тілек арқылы жеткізу.Зерттеу сыныбымда әрбір сабағымды жаңа әдіс-тәсілдерді, стратегияларды пайдалана отырып өткіземін.  Сабақты жоспарлауда берілген тапсырмалар топтық жұмысты қамтуға көбірек пайдалануға тырыстым және оның тиімділігіне тәжірибе жүргізуде айқындалды. Қазіргі білім беру тұжырымдамасының талабында мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы жаңа болмыстық мазмұнда өзгеріп, мұғалім – ұйымдастырушы, бағыттаушы, оқушы – ізденуші, белсенді болуы керек. Оқушының өз бетімен білім алуының бір түрі – шығармашылық тапсырмалар орындау арқылы білім алу. География пәнінен оқушыларға өз бетімен жұмыстар орнату арқылы шығармашылықпен білім алуға қол жеткізуге болады.Өзіндік жұмыстарда :

-Оқушының пәнге деген қызығуы артады;

-Оқушының шығармашылық қабілеті дамиды;

-Ізденушілік қабілеті артады;

-жауапкершілігі жоғарлайды;

-Ақпаратты бағдарлау біліктілігі қалыптасады;

-Сыни тұрғыдан ойлау қабілеті артады.

Әрбір ұстаздың міндеті мектеп оқушыларын отан сүйгіштікке, ақыл-ойын жан-жақты дамытуға, ұмтылуға тәрбиелеу. «Қыран-түлегіне қайыспас қанат сыйлайды, ұстаз-шәкіртіне талап сыйлайды» деген халқымыздың қанатты сөзі ұстаз арқылы дарыған, Білім беру саласында озық технологиялардың енуі мұғалімнің ойлану стилін, оқтыуәдістемесін өзгертеді.Менің математика пәнін оқытуда озық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты – оқушыларға білім беру процесінде көмектесу. Оған: оқыту бағдарламалары, оқытуда қолдануға арналған электрондық оқулықтар, тексеру бағдарламалары мен тестік, өзіндік жұмыстар ерекше орын алады.Жас ұрпақтың жаңаша ойлануына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуында әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жанаша білім мазмұнын құру жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселе . Бүгінгі орта білім беру ісіне қойылар талаптар қай кездегіден де күрделі маңызды. Өйткені бізді дамудың жаңа кезеңі күтіп тұр. Сол кезеңге лайық ұлттық санасы жаңғырған жаңа ұрпақ тәрбиелеу міндеті мойынымызда. Барлық кедергілерді жеңу табысқа талпыну өз қолымызда деп білемін. «Оқусыз – білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деген халық даналығы ешқашан мәнін жоғалтпайды.Білім беру жүйесінің барлық саласында жаңа технологияны жоспарлы түрде енгізіп, жүйелік интегралды өткізу немесе қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр. Қазіргі замандағы технология әрбір тұлғаның білім алу үдерісінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Дәл осы жаңа технология мен әрбір тұлғаның өзіндік білім алу траекториясын таңдауына жол беретін анық білім беру жүйесін құруды, оқу бағдарламаларының бағдарламалануы және өзгермелі бейімделінуі есебінен оқу үдерісінің біртұтастығын сақтай отырып оны дараландыруға мүмкіндік беретін компьютердің маңызды дидактикалық қасиеті негізінде тұлғаның оқу үдері¬сінде танымдық қызметін тиімді ұйымдастыру арқылы жаңа бі¬лім алу технологиясын түбегейлі өзгертуді тығыз байланыстырады.Әлемдік өркениетке қадам басқан Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық, мәдени да¬мудағы жаңа бастамалар мен түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесіне өз әсерін тигізіп, білім деңгейін, оқыту әдіснамасын же¬тілдіруде тың ізденістер жа¬сауға мүмкіншілік туғызып отырғандықтан алдыма мынадай мақсаттар қойдым.– жаңа технологияны қолдану арқылы бiлiмнiң сапасын көтеру;

жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгiзу арқылы бiлiм беру мазмұнын жаңарту;

жаңа технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизмiн құру;

Осылайша жаңа технологиялардың дамуы жаңа әдіс-тәсілдердің пайда болуына көмектеседі және сонымен бірге оның сапасын жоғарылатады.Бұл технологияның өзектілігі қоғамның ақпараттандыру жылдамдығының артуымен сипатталады. Әр түрлі пән сабақтарында жаңа технологияны пайдалану білім мазмұнын жаңартумен, ақпараттық ортаны қалыптастыруымен, сондай-ақ сапалы білім беру мүмкіндігінің жоғары болуымен ерекшеленеді.Соңғы кезеңде қазіргі заманғы педагогикалық ғылым мен практика түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соның ішінде оқыту үрдісі ақпараттық – коммуникациялық жағдайларда жаңа көрініс алу жолында басқаша жаңалаған жолмен ХХІ ғасыр талаптарына сай білгір, уақытты үнемдей алатын тұлғаны қалыптастыруға бағытталады.Қазіргі оқыту үрдісіне жаңа педагогикалық технологиялар кеңінен енуде.Оқушыны пәнге қызықтырумен қатар, саналы ойлауға тәрбиелейтін, қоғамдық көзқарастарын қалыптастыра алатын, өзіндік пікірі бар, қоғамдағы болып жатқан түрлі қарама-қайшылықтарды түсіне білетін, еркін сөйлеп, өз пікірін ашық айта алатын ойлы ұрпақ тәрбиелеуде сабақтың маңызы зор. Әр мұғалім оқушыға көпқырлы сабақ беретін болған соң, қазіргі жаhандану саясатына сәйкес жаңа технологияны өз ыңғайына, пәніне лайықтап пайдалануы тиіс.Мұғалім шеберлігі – ізденіс нәтижесі. Сондықтан, орыстың ұлы педагог-ғалымы К.Д.Ушинскийдің “Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады” – деген. Бұл “Ұстаз” атты ұлы сүрлеуге соқпағын салып жол тартқан көкірегі ояу, көзі ашық әрбір адамға берілген елеулі ескерту. Сабақты тартымды өткізіп, оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін әр сабағымызды түрлендіріп отыру шарт. Ол үшін тек бір технологиямен шектеліп қалмай,әртүрлі технологияның элементтерін пайдалану қажет. Жоғарыдағы талаптардың орындалуын ескере отырып, сабақтың төрт кезеңінде оқушылардың проблеманы шешу құзіреттілігі, ақпараттық құзіреттілігі және коммуникативтік құзіреттіліктерін дамыту мақсатында әртүрлі стратегиялардың тиімді қолданылуына ерекше мән бердім.Құзырлы оқытудың негізгі идеясы оқушы тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруі, түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Жоғарыдағы талаптардың орындалуын ескере отырып, сабақтың төрт кезеңінде оқушылардың проблеманы шешу құзіреттілігі, ақпараттық құзіреттілігі және коммуникативтік құзіреттіліктерін дамыту мақсатында әртүрлі стратегиялардың тиімді қолданылуына ерекше мән бердім. Қорыта келгенде, сабақтарды осындай әдіс – тәсілдермен өткізу арқылы мен оқушылардың білімді өз бетімен оқып-үйрене алатынына,өзінің оқуы үшін өзі жауапты екендігін сезінетіндігін, қызығушылықтары оянып, белсенділіктері артатындығын, олардың ой еркіндігі дамитындығына көзім жетті.Сондықтан да мен, бұл бағдарламаны барлық ұстаздар меңгеріп, барлық мектептерде қолдау тауып, тиімді қолданылуы керек деп ойлаймын.

 Пайдаланылған әдебиеттер  тізімі:
1.Жанпейісова М. М. «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде».
Алматы 2006 жыл.
2.Қамзина М. «Модульдік оқыту технологиясы».//Тәрбие құралы. 2005 жыл, №4.
3.Искакова Р., Ерназарова З. «Жаңа технологияны пайдалану әдістері, 2004 жыл.                                                                                       
4. «География және табиғат » журналы №6, 2012 жыл 





































ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯ НЕГІЗДЕРІН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ ТӘСІЛІМЕН ОҚЫТУ

Хайруллаева Шаира Октябреевна

Оңтүстік Қазақстан облысы,Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы №94  жалпы орта мектебі

 

Аталған тақырып көптеген жылдары географиядан сабақ беретін мұғалімдердің ойында болып келді. Әсіресе мектеп педагогтары өз ісінде тәрбие және оқыту жұмыстарымен терең шұғылданды. Сондықтан бұл екі мәселе пән арқылы оқушыларға, олардың ой-санасының қалыптасуына көмектеседі. Яғни әрбір кәсіби маман – педагог сабақ беру, оны жоспар арқылы өткізуді қазіргі кезде ең басты тиімді  тәсіл деп біледі.Сабақ мазмұны, оның көзделген бағыты, мақсаты оқушыға оңай, түсінікті түрде өту үшін, мұғалім өз жоспарларының негізінде тәрбие және оқыту тәсілінің дұрыс жолдарын кіргізеді. Соған байланысты қазіргі кезде жоғарғы мамандар: ғалым-географтар, методистер жаңа мазмұндағы мектептерге арналған, география оқулықтарын шығаруда. Мысалға айтатын болсақ, көрнекті ғалымдар-географтар Ә.Бейсенова, Қ.Кәрпеков, Ә.Бірмағамбетов, К.Мамыров, Ұ.Есназарова, т.б. оқулықтары қазақ-орыс тілінде жарық көруде. Әсіресе, бұл оқулықтар көптеген жаңа мәліметтерге толы, методикалық негіздері жоғары деңгейде пайдаланылып, мазмұны бүгінгі күннің талабына сәйкестелінген. Физикалық география курсы оқушылардың бастапқы білім баспалдағының бірі болғандықтан, оның структурасы оңай құрастырылған, оқушының ой-өрісіне, жасының ерекшеліктеріне бейімделіп жазылған. Әрбір тақырып өзінің  стандарттық мектеп сабақтарына арналып бекітілген уақыт бюджетінің көлеміне сәйкестеліп құралған. Мұндай жоспар оқушының басқа да сабақтардың уақыт бюджетіне әсерін тигізбейтінін білдіреді. Бұл жағдайға сәйкес бағдарламалар құрастырылуда. Олардың бәрі мектептің басты мақсатына арналған, география  білімінің мазмұнды өзгерістерінің керектігі білінеді.  Осы мәселелер туралы көптеген басылымдарда айтылып келеді. «Биология, география  және химия», «География в школе» журналдарында жаңа бағдарламалар бойынша үздік тәжірибелер өткізіліп жатқаны, зерттеу жұмыстары туралы жазылып тұр. Соның ішінде айтатын бір жәйіт, ол сабақты игеру бағалары жоғары болғанымен, түсініктемелік қабілеті әліде болса толық қалыптаспағандығы байқалады. Сонымен бірге  сұрақтарға жауап кезінде мазмұндағы себепті-нәтижелі байланыстарды деңгейлі тұрғыда білмейді, басын қосып қорыта алмайды. Кейбір географиялық мәселелер туралы білімі жетілмеген, тұрақталмаған. Мұндай кемшіліктердің себептерінің бірі – географиялық   мазмұндар керекті мөлшерде терең оқымайды, методикалық өзгерістерге, оқуды ұйымдастыру формасына сәйкестелмегендігі.

Оқу-тәрбие процессін ұйымдастырудың басты формасы – сабақ. Географияны оқыту нәтижесі, оны ұйымдастырып, өткізуіне  байланысты. Жақсы тәрбие, оқу арқылы оқушылардың сана-сезімін арттыру, өмірге деген бейімділігін, жұмысқа үйрену дайындығын қалыптастырады. Сол себепті уақыт кеңістігінде оқыту-тәрбие бағдарламасын жетілдіру істері болып жатыр, сол үшін оның мазмұнын түзету тағыда жаңа методикалар көмегімен оқушыларға тез түсінушілік қабілетін үйретеді.

«Қазақстан-2050» стратегиясының талабына сай география пәнінің мұғалімдері де сабақты қайта ұйымдастыру тәсілдерін іздестіру жолында. Оның дәлелі жарық көріп жатқан мақалалардағы сабақты тақырыптық жоспарлар арқылы өткізуі туралы . Бұл мақалаларда бұрынғы бағдарламалар бойынша жазылған мақалаларға қарағанда, сабақ жоспарларын дамыту, жетілдіру әрекеті білінеді, оларда алдына қойылған мақсат бар, оқу-тәрбие мәселелеріде білініп тұр. Сонымен қатар сабақты пысықтап оқыту, қайталау әдістемелеріде кездеседі, оқыту жұмыстары топтастырылған.

Бірақ, қазақ мектептерінде география сабақтарын ұйымдастыруда кейбір кемшіліктер көрініс беруде. Оның  бәрі бұрынғы бағдарламалар бойынша сабақ өткізу кезінде қалыптасқан қателіктер. Көбінесе жоспарда сабақтардың мазмұны бойынша кешегі мен бүгінгі байланысы ғана ескерілетін, дидактикалық мақсатпен комбинация әдістерін бір қалыппен өткен сабақты ауызша сұрап, жаңа материалды түсіндіріп, үйге  берілетін тапсырмамен шектелетін. Мұғалімдердің қыйналатын жерлерінің бірі – сабақ өту алдында оқу-тәрбие мәселелерінің тұжырымдап айтуда қыйындық көретіндігі еді. Мектепте өтетін физикалық географияның мазмұны білім беру құрамы бойынша өте әртүрлі болып келеді.білім алу үшін фактілерді түсініп, есте сақтау керек, жалпы географиялық түсініктерді, жеке заңдылық байланыстарды сабақ өткізу жолдарын мұғалім өзінің тәжірибесі мен шеберлігі негізінде жүргізуі қажет. Білімнің әр түрлі оқушының тану іс-қимылының ерекше ұйымдастыру формасын, соған сәйкестелген құралдарды таңдауды талап етеді. Бірақ, оқыту тәжірибесінде сабақ өткізу тәсілдері біркелкі өзгермей келеді. Көбінесе білім беру информациялық түрде өтуде; алдымен мұғалімнің өзі жаңа материалды түсіндіреді, содан соң әртүрлі көрнекі құралдарды көрсетеді. Ал оқушының қалай қабылдағанын, түсінгенін ескермейді. Жаңа материалды өту кезінде оқушының білім алу қабілетін тексермейді. Мұғалімнің бұлай оқу процессін ұйымдастыруы, шын мәнінде сырттай қарағанда уақыт үнемдейді.соған қарамастан, оқу нәтижесі ойлағандай болып шықпайды. Жеткілікті түсінік, нақтылы және әр жақты білім алғаны білінбейді.

Бір мұғалімнің сабақты жоспарлауы көбінесе мақсаты, алға қойған мәселелері дұрыс қарастырылмаған болып келеді. Сол себепті оқу процессі қалай болса, солай ұйымдастырылады. Жалпы мектептердің мұғалімдері жоспарға оқылатын материалдар мазмұнын, білімін тексеру үшін үйге берілетін тапсырмаларды және сұрақтарды кіргізеді. Оқушының түсіну қабілетін басқару үшін мұғалім жай әңгіме формасын сабақ кезінде пайдаланады. Сабақты қайталаған кезде оқушылардың білімін, түсінігін тексереді. Тексеруді әрбір тақырып бойынша жүргізеді. Мұндай қайталау сабақтарында өткен материалдары қорытудың, бір жүйеге келтірудің орнына жалпы төрт сұрақпен доғарады: не? қай жерде? қашан? қанша? деген. Айтылған жәйіт, кездейсоқ нәрсе емес. Мұғалімдер арасында өткізілген анкетада мұғалімдер сабақты қайталаған кезде тек дидактикалық мақсатпен және оқушылар білімін тексерумен шектелмейтінін білдіреді. Яғни қайталау сабағы мен оқушылардыың оқу жыл аяғында білімін тексеру процессінің айырмашылығы туралы болып отыр. Бұл жағдайға әліде болса мән аз беріліп келеді, ол толық зерттелмеген. Айтылған проблема туралы методикалық әдебиетте фундаментальды теориялық жұмыстар жоқ. География сабағының спецификалық ерекшеліктерін білген жағдайда оқу-тәрбие мәселелерін шешуге мүмкіндік туады. Осыған айғақтай сабақтың теориясы туралы мәлімет беретін А.В.Даринскийдің еңбектерін атауға болады. Соның ішіндегісі «Географияны оқытудың методикасы» деген еңбегінде және «География сабағы, оның маңызы және структурасы», «География сабақтарының типтері» деп аталған жұмыстарында көптеген география сабағын ұйымдастыру мәселелері көрсетілген. Сабақтарды типтерге бөлген, сабақ структурасы талданған, сабаққа арналған материалдарды мазмұнына қарап таңдау, сабақ жүргізу методикасы, ұйымдастыру ісі берілген.

Көп жылдар басылымында география сабағын өткізу методикасының әр түрлі жағын сипаттайтын дәлелдейді. География сабағын өткізуіне қойылған талаптарға маңызды көңіл бөлінген. Талаптардың бірі – сабақта ғылыми мазмұн болуы шартты белгі,  тәрбиелік бағыты болуы шартты белгі, тәрбиелік бағыты болуы керек, ынталылық іс-қимылын дамыту талабы.

Тағы бір айтатын жағдай – ол мұғалімдердің өз жұмысында сабақты қалай өткізу жолдарын белгілеу. Бұл жол курстық методикаға жатады: курстық методикада, география сабағының спецификалы ерекшелігіне  арналған ұйымдастыру мазмұнында оқу-тәрбие мақсаты туралы бөлім көрсетілмеген. Әліде кейбір мұғалімдер өз жоспарында алдымен «сабақты өткізу мақсатың» деген сұрақ қойса,  кейбіреулері ол сұрақты келтірмейді.

Жақсартылған география бағдарламасы, оның методикалық аппараты сабақ процессін жетілдіруге, оқытуға көмектесетін құралдарды, пәнаралық байланыстарды, сабақты қорыту мазмұнын таңдауға көмектеседі. Сабақты ұйымдастыру оқу процессінің бір бөлігі бола тұрып, физикалық география курсы бойынша ол мұғаліммен байланысты болады.

Бағдарламалардағы география мазмұнымен оны іске асыру жағдайының арасындағы қайшылықтар сабақты ұйымдастыруға жетілдіру проблемасын тудырады. География методикасында әліде болса теориялық дәлелденген және эксперимент бойынша мынадай сұрақтарға дұрыс жауап жоқ: а)мұғалімнің оқу-тәрбие мақсатын ойдағыдай шешетін қандай жоспарлар керек география пәні бойынша; ондай жоспарлардың атқаратын функциясы қандай, арақатынастары, бір-бірімен тәуелділігі, формасы және мазмұны қандай болмақ; б) қандай сабақтар дидактикалық мақсат бойынша мектеп географиясына қолайлы; егерде оның өзіне тән мазмұнын және оқушылардың жастық ерекшеліктерін, оқу-түсіну қабілетін ескеретін қандай жоспарлар жасау керек; в) география курсының мазмұнына және оқу-тәрбие мақсатына байланысты болған әрбір типтегі сабақтардың структурасының ерекшеліктері неде.

Сонымен сабақ проблемасы көп аспектілі  болып келеді.Оған жататындар: сабаққа таңдалатын жаңа материалдардың мәселелері, негізі және қосымша материалдарды бөліп қою; сабаққа керекті құралдарды таңдау, қай методпен сабақты өткізу; қандай жолмен оқушылардың білімін тексеру және оны есепке тіркеу, тағы да олармен жеке жұмыс істеу аспектілері.

Сөйтіп, оқу процессін тиімді басқару үшін оқытушыға оқу және тәрбие мақсаттары бар география сабақтарына арналған бағдарлама керек. Мұндай бағдарлама ролін сабақ жоспары атқарады.

География пәні бойынша оқу процессін жетілдірудің ең басты түйіні мұғалімнің өз география пәнінің жоспарын жетілдіру, жоғары сатыға көтеруі. Ол үшін едәуір жоспарға өзгерістер енгізілуі қажет, тағы да жоспарда оны орындауды ұйымдастыруына жаңалықтар кіруі шарт.

Бұл кішігірім мақала физикалық географияның бастапқы курсы бойынша жоспарланған сабақтардың педагогикалық негіздерінің бастапқы мәселелеріне арналған.  

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.      Бабанский Ю.К. оптимизация учебно-воспитательного процесса. – М.:Просвещение, 1982,

2.     Бейсенова Ә., Карпеков Қ. Қазақстан Республикасының физикалық география курсын оқытуға арналған жаңа оқулықтың құрылымы мен бағдарламасының жобасы // Биология, география және химия. -2000.-№1.

3.     Есназарова Ұ. Қазақстанның физикалық және экономикалық географиясын оқыту. – Алматы, 1996.

4.     Кәрібаев Ш. Оқу кестелерінің тиімділігі // Биология, география және химия.-2001.-№5

5.     Лисов В.А., Пухова А.Г. Примерное тематическое планирование на 2-е полугодие по курсу физической географии СССР // География в школе. -1971.-№6

6.     Назарбаев Н.А. Қазақстан – 2030 - 2050. – Алматы: Білім, 1998.

7.     Финарев Д.Р. и др. Тематическое поурочное планирование школьного курса «Петербургцоведение» // География в школе. -2003.-№1

8.     Ходатаев Т.А. Примерное планирование уроков по курсу 5 класса // География в школе. -1977.-№5, №6













Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "География сабағында СТО технологиясын пайдаланудың әдіс-тәсілдері"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Старший рекрутер

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 268 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.09.2016 2080
    • DOCX 50 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Хайруллаева Шаира Октябреевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Хайруллаева Шаира Октябреевна
    Хайруллаева Шаира Октябреевна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 140640
    • Всего материалов: 44

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Формирование первичных компетенций использования территориального подхода как основы географического мышления с учетом ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 114 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы методики преподавания географии в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 67 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 245 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по географии в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 295 человек

Мини-курс

Воспитание будущего поколения: от педагогики до игровых технологий

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Эффективное управление электронным архивом

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Копирайтинг: от пресс-портрета до коммуникаций

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе