Инфоурок Химия СтатьиХимия пәнінде кейс-стади әдісін қолдану арқылы болашақ маманның базалық құзіреттілігін қалыптастыру.

Химия пәнінде кейс-стади әдісін қолдану арқылы болашақ маманның базалық құзіреттілігін қалыптастыру.

Скачать материал

Химия пәнінде кейс-стади  әдісін қолдану арқылы болашақ маманның

базалық құзіреттілігін қалыптастыру.

 

Кейс-технология- шын және ойдан шығарылған жағдайларға негізделген қысқа мерзімді оқытуға арналған интерактивтік технология.

Кейс-технология - оқытушы-тьюторлардың дәстүрлі және қашықтықтан консультацияларды үйымдастыру кезінде мәтіндік, аудиовизуальды және мультимедиалық оқу-әдістемелік материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі үшін негізделген.

Кейс технологиясы (ағылшынның сasе—портфель) оқытуда жасалынған әдістемелік материалдармен іске асырылады. Кейс пайдалану әдісі студенттің алған білімін нақты жағдайда пайдалана алу мүмкіндігін туғызады. Кейс жағдайын оқытуда пайдалану өткен ғасырдың бірінші жартысында Гарвардтағы бизнес мектебінде алғаш рет басталған.Қазір бұл дүние жүзінде оқытудың өте бір тиімді әдісі ретінде кеңінен пайдаланылады.Кейс әдісі нақты жағдайлар тұрғысынан академиялық теорияларды көрсетуге мүмкіндік береді.Ол студенттерді пәнді оқуға, білімді терең меңгеруге, ақпаратты өңдеуге және талдауға, әр түрлі жағдайларды саралауға мүмкіндік береді.

Кейс-технологиялардың негізгі ерекшеліктері.

-практикалық жағдайларды зерттеу;

-болған жағдайларды баяндау;

-студенттер проблемамен (мәселемен) танысып, оны шешудің жолдарын іздейді.

Кейс-технологялардың негізгі мақсаты.

-студенттердің бойында жаңа қасиеттер мен іскерліктерді қалыптастыру;

-әр түрлі проблемаларды талдау және оларды шеше білу қабілетін дамыту;

-ақпаратпен жұмыс жасауды үйрету

  4.CASE-терді құрудың сатылары.

CASE-терді құрудың келесі негізгі сатылары белгіленген:мақсаттарды анықтау, әр түрлі жағдайларға критерилерді тағайындау, қажет ақпарат көздерін белгілеу, CASE – тегі алғашқы материалдарды дайындау, сараптама жасау,oны қолдану бойынша әдістемелік материалдар дайындау.Оқу процесіндегі кейстермен жұмыс жасау технологиясы келесі сатылардан тұрады:

1) кейс материалдарын зерттеушілердің жеке өзіндік жұмысы (мәселені сәйкестендіру, негізгі баламаларды тұжырымдау, ұсынылған әрекетті немесе шешімді ұсыну);

2) негізгі мәселені енгізуге және оны шешуге байланысты шағын топтармен жұмыс.

3) жалпы дискуссиядағы (оқу тобы шегінде) шағын топтардың тұсаукесерлері және тәжірибе нәтижелері.

 

Химия сабағының машықтандыру жұмысында кейс-стади әдісін қолдану.

Тақырыбы: Ақуыздардың химиялық қасиеттерін зерттеуде кейс-стади әдісін қолдану.

Сабақты ұйымдастыру сатылары:

 

Бірлескен іс-әрекетке жұмылу сатысы:

Бұл сатының негізгі міндеті:бірлескен іс-әрекетке дәлелдеме құру, талқылауға қатысушылардың бастамаларының айқындалуы.

Бұл сатыда келесі жұмыс нұсқалары болуы мүмкін:

- Кейс-стади мәтіні студенттерге өз бетімен зерделеу және сұрақтарға жауап дайындау үшін сабақ басталғанға дейін таратылып берілуі мүмкін.

- Сабақ басында студенттер кейс-стади материалдарын білуі және талқылауға қызығушылығы анықталады.

- Кейс-стади негізінде басты мәселе анықталады, және ол курстың сәйкес бөлімімен үйлестіріледі.

Біріккен іс-әрекетті ұйымдастыру сатысы:

Бұл сатының негізгі міндеті:–мәселелені шешуге арналған іс-әрекетті ұйымдастыру. Іс-әрекет кішігірім топтарға біріктірілуі және жеке болуы мүмкін. Тыңдаушылар оқытушы берген қандай да бір анықталған уақыт көлемінде сұраққа ұжымдық жауап дайындау үшін уақытша кішігірім топтарға бөлінеді.Әрбір кішігірім топтарда (басқа топтардан тәуелсіз) жауаптарды салыстырулар, оларды өңдеу, тұсаукесер үшін рәсімделетін жеке бір көзқарасты өндіру жұмыстары жүреді. Әрбір топта шешімді жеткізетін «спикер» таңдалады немесе тағайындалады. Егер кейс сауатты құрылған болса, онда топтардың шешімдері сәйкес келмеуі керек. Спикерлер топтардың шешімін таныстырады және сұрақтарға жауап береді. Оқытушы жалпы дисскусияны ұйымдастырады және бағыттайды.

Кейс дегеніміз:

•нақты болған жағдайды сипаттау.

• шынай өмірдің бір кезеңі.

• өмірдің бір саласында болған оқиға, оның міндеті студенттер арасында пікірталас тудырып, сол жағдаятты талдап, оның шешімін табуға итермелеу.

Кейсті құрастыру дереккөздері:

•Проблемалық ситуациялар

Проблемалық ситуациялар қолданылған кейс ақуыз синтезінің мәселелері.Сол кейстерде берілген деректерге сүйене отырып, проблеманы шешу жолдарын іздейді.

•Ақуыз синтезінің дамуы.

Ақуыз синтезінің құпия сырын ашу көптеген вирус ауруларын жеңуге мүмкіндікер береді, тамақ және химия өнеркәсібінде жаңа өндіріс процестерін ойлап табуға көмектеседі.

Кейсті ұсыну түрлері:

Кейстерің көлемі де әртүрлі болуы мүмкін- бірнеше сөйлемнен тұратын кейс, бірнеше беттен тұратын кейс.Өте көлемді кейстерді қолданудың тиімділігі жоқ:біріншіден- сабақта уақыт шектеулі, екіншіден- студентті жалықтырып жіберуі мүмкін. 40-45 минуттан артпағаны жөн.

Кейс әдісін қолдану үшін мұғалім кейстер жинақтамасын жасауы қажет. Ол кейс бойынша талқыланатын сұрақтар, тапсырмалар ойластырылуы керек.

Кейс қолданып өткізілетін сабақ бірнеше кезеңнен тұрады.

1.Дайындық кезеңі. Мұғалім жағдаятты ойластырады. Оған тапсырмалар дайындайды. Осы уақытта мұғалім ғаламтор, көркем әдібиет мүмкіндіктерін, бұқаралық ақпарат құралдарындағы материалдарды қарастырады.

 2.Таныстыру кезеңі. Бұл кезеңде жағдаяттың сипаттамасы беріледі, ақпараттық материал таратылады.

3.Негізгі кезең.Мұғалімнің кіріспе сөзі.Студенттерді топқа бөлу.Студенттердің материалды оқып талқылауы.Шешімді табуы.

4.қорытынды кезең.Топтың жұмысын тыңдау. Мұғалімнің қорытынды сөзі.Бағалау.

Студенттерді 4-топқа бөлдім.

Кейс амал-тәсілдері қолданылған сабақтарда топты 7 адамнан тұратын микротоптарға бөлдік.Олар:
1.Сарапшы –әрбір топтың өзінің сарапшысы болады.Сарапшының міндеті микротоптарға қатысып отырған оқушылардың жауаптарын қорытындылау. Керек болса, микросабақтар өту.Оқушылар жауаптарының дұрыстығы не бұрыстығы сарапшыға тексертеді.
2.Жол сілтеуші –бұл-тапсырманы басқалардан ерте шығаратын, әдетте жақсы оқитын студент.

Алдыңғы өтілген тақырып бойынша әр топқа жеке-жеке сұрақтар беремін.

Әр топтан бір студент жауап береді.

Әр топқа  тақырыпты тақырыпшаларға бөліп  тапсырма беремін.

1.Ақуыздарды минерал қышқылдар көмегімен тұнбаға түсіру.

2. Ауыр металл тұздары қатысында ақуызды тұнбаға түсіру.

3.Формалиннің және спирттің ақуызға әсері.

4.Ақуызды қыздырғанда ұюы(денатурация)

Тапсырмаға әр топтан бір студент жауап беру.

Дайындалған сұрақтар:

1.Ақуыздар тірі органимде қандай қызметтер атқарады?

2.«Аминқышқылдары» мен «ақуыз» түсініктерінің арасында қандай байланыс бар?

3.Денатурация деп қандай құбылысты  айтады?

4.Ақуыз синтезінің проблемасы неде?

Әр топқа ақуыздардың түсті реакцияларын жасауға тапсырма бөліп беріледі.

Ақуыздарға сапалық (түрлі-түсті) реакция жасау

Түсті реакция жасау арқылы заттың ақуыздың табиғатын анықтауға және оның құрамында кейбір амин қышқылдары бар екенін дәлеледеуге болады.

Сабақты бекіту үшін әр топқа дайындап келген сұрақтар беріледі.

Ақуыздардың құрылысы.

Ақуыздар құрамы.

Белоктардың физика-химиялық қасиеттері

Ақуыздардың құрылымдары.

3.Баяндаушы – бұл тапсырмада берілген сұрақтарға не басқа жағдаяттарға еніп, басқа студенттерге түсіндіреді.

4.Қарсы сұрақ қоюшы – бір студент басқа студенттердің айтқан пікірлеріне келіспей әдейі сұрақ қояды.Бұл сұрақтарға басқа студенттер жауап берулері қажет.Бұл оларды өз пікірлерін басқа біреуге дәлелдеуге үйретеді.Кейс сабақтарында берілетін тапсырмалар студенттерді қызықтыруға, олардың диалогттік және монологтік сөйлеу дағдыларын жетілдіруге, ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталды. Студенттерге ақуыздардың қасиеттерін сипаттауды үйрету.  Кейс технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы мұнда студенттер – өздігінен ізденетін, алдарында тұрған проблеманы шешетін субъект.Мұғалім сабақта тек бағыт-бағдар беруші қызметін атқарады. Кейс технологиясында студенттер санына қарай бірнеше микротоптарға бөлінеді. Әрбір топ проблеманы шешуде өзінің пікірін дәлелдейді.

Кейс әдісінің ерекшелігі:

 -Оқыту өмірдегі нақты жағдаймен байланыстырылады;

 -Оқытуда кейс әдісін пайдалану студентке проблеманы шешудің жолдарын іздеуге еркіндік береді;

Кейс жағдайын талдау үдерісінде студенттер өмірдегі нақты, бір- бірімен байланысқан процестерді көрсетеді;

-Нақты жағдайды талдай отырып, студент негізгі білімді жинақтайды, қорытынды жасайды. Сабақты кейс әдісімен өткізілу барысында келесі жетістіктерге оңай қол жеткізуге болады:

 -студенттердің сабаққа деген ынтасы анағұрлым артады;

 -дискуссия барысында бейтарап отырып қалатын студенттердің қатары азаяды, я болмаса мүлдем болмайды;

- пікірталас барысында студенттің пәнге деген қызығушылығы айтарлықтай артады;

- сабақтың жоспарланған материалдарын студенттер толық меңгеруге мүмкіндік алады. Кейспен жұмыс істеудің жоспары:

 -Студенттің кейс жағдайын зерттеуі;

 Оқытушының көмегімен кейстің негізгі мақсаттарын анықтау; -Шешім қабылдау үшін шағын топта талдау;

 -Топта презентация жасау;

 -Жалпы топтағы пікірталас, олардың ойларын тыңдау;

 -Мұғалімнің қорытынды сөзі, жағдайды талдауы;

 -Проблеманы талдау бойынша баға беру, кемшіліктерді көрсету. Соңында оқытушы бұл жағдайдың нақты жағдайда қалай болатындығы туралы хабарлайды


Кейс стади әдісі интерактивті әдістің бір түрі ретінде студенттер үшін өте тиімді әдіс болып саналады. Бұл әдістің көмегімен  студенттер  өз беттерінше теорияны меңгере отырып, практикалық дағдыларға да үйренеді, сонымен қатар өз ойын жүзеге асыру мүмкіндігіне де ие болады. Студент ситуацияға талдау жасау арқылы болашақ маман ретінде қалыптасып, сабақты қызығып оқуға тырысады.

Кейс әдісі мұғалімнің де кәсіптік құзыреттілігін жоғарылатудың нақты тәсілдерінің бірі.Себебі, кейсті даярлау барысында мұғалім көп ізденеді.Ақпаратпен жұмыс істей отырып одан сапалы, талапқа сай кейс жасау үшін тапсырмалар әзірлейді. Оның үстіне педагогтың шеберлігін қажет етеді.Себебі, кейсті қолданудың қатып қалған қағидасы жоқ. Әр кейстің атқаратын қызметіне байланысты жұмыс түрлерін өзгертіп отыруға болады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1. Қ.Күзембаев «Химия тұрмыста» Алматы , 1987 ж

2. А.П. Козловский «Химия в быту» Из-во «Знание» 1974г

3. С. Жайлауов «Тұрмыста пайдаланылатын химиялық товарлар» Алматы,1988

4. А.Г.Афанасьев, Е.С.Григорьев «Химия на службе быта» Из-во Знание 1986г

5. Ю.Н.Вильгельм «Показатели национального менталитета в ассоциативно – вербальной сети», 1985 г.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Химия пәнінде кейс-стади әдісін қолдану арқылы болашақ маманның базалық құзіреттілігін қалыптастыру."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

SMM-менеджер

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 131 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.04.2016 3829
    • DOCX 20.2 кбайт
    • 60 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Курманова Балжан Бахытжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Курманова Балжан Бахытжановна
    Курманова Балжан Бахытжановна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7172
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Химия окружающей среды

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 52 человека из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 440 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Химия и биология")

Учитель химии и биологии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по химии в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 352 человека

Мини-курс

Стрессоустойчивость и успех в учебе: практические методики и стратегии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Теоретические аспекты трекинга и менторства

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Организация образовательного процесса в современном вузе

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе