Инфоурок Биология Научные работыҒылыми зерттеу жұмысы"Сағыз адам ағзасына пайдалы ма, әлде зиян ба?"

Ғылыми зерттеу жұмысы"Сағыз адам ағзасына пайдалы ма, әлде зиян ба?"

Скачать материал

 

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КІШІ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Сағыз адам ағзасына пайдалы ма, әлде зиян ба?

 

 

Секция:  Биология

 

Тегі, аты-жөні, сыныбы: Нұрғалиев Шахмұрат,  10 «А»сынып оқушысы

 

Оқу орны: «№7 ОМ МДШО» КММ

 

 

Жетекшісі: Жолдыбаева Д.А.

 

 

 

 

 

2017 жыл

МАЗМҰНЫ

 

І МАҚСАТЫ.......................................................................................................................1-бет                                           

ΙΙ   КІРІСПЕ.........................................................................................................................2-бет                                                                    
2.1. Сағыздың пайда болу тарихы....................................................................................3-бет
2.2. Сағыздың негізгі құрамы ...........................................................................................4-бет
2.3. Сағыздың адам ағзасына тигізер пайдасы мен зияны.............................................5-бет
ІІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ                                                                                            
3.1. Сауалнама жүргіу........................................................................................................9-бет

3.2. Балалар стомотологының пікірі...............................................................................10-бет

ІV.ЕХРО 2017 көрмесіне, Ұлы даламыздың  жер сағызын ұсыну..............................11-бет                                                                                       
V.ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................................12-бет
ІV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.................................................................................13-бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЗЕРТТЕУ ӨЗЕКТІЛІГІ

 

Сағыз – адамның орынсыз тілегінен туған бақытсыздық. Өйткені адам баласында сағызға деген табиғи қажеттілік жоқ.
Жарнаманы көрген сайын ойымызда бір неше сұрақтар туындайды: Шынымен де жарнамада айтылғандай сағыз ағзаға пайдалы ма? Құрамында адам ағзасына тигізер зияны  жоқ па?
Осы туындап отырған сұрақтар қазіргі таңдағы заманауи проблема «Сағыздың денсаулыққа тигізетін пайдасын немесе зиянын» анықтауға арналып,  Ұлы Дала халқымыздың жер сағызын нарықтық экономикаға ұсыну.
                                           

ЗЕРТТЕУДІҢ МАҚСАТЫ

 

Сағыздың шығу тарыхын зертей келе, қазіргі кездегі сағыздың құрамындағы  адам ағзасына тигізетін пайдасы мен зиянын анықтау.Ұлы дала халқымыздың құм сағызын ЕХРО 2017 көрмесіне ұсыну.


                                           ЗЕТТЕУДІҢ МІНДЕТТЕРІ


1. Тақырып бойынша ғылыми, оқу әдебиеттерді оқып үйрену;
2. Сағыздың пайда болу тарихымен танысу;

3. Сағыздың негізгі құрамымен танысу.
4. Сағыздың адамның ағзасына келтіретін пайдасы мен зиянын анықтау;

5. Сауалнама жүргізу.

6.Тақырып бойынша жүргізілген жұмысымды презентациялау;
Зерттеудің нысанасы: «Оrbit сағызы», «Құм сағыз».

 

ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ:


Зерттеуде жинақтау, талдау, бақылау, зерттеу, саралау, баяндау, әдеби-ғылыми талдау әдістер алынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

ІІ. К І Р І С П Е

 

  Күнде теледидардан сағыздың мыңдаған жарнамасын бақылаймыз. Бүгінде дүкендегі ең өтімді тауарлардың бірі сағыз болып тұр. Дәмі, түрі, көлемі, тіпті түсіне қарай сағыздың көңілімізге ұнағанын сатып аламыз. Сағызды әсіресе жастар жақсы көреді. Содан болар, үнемі шайнап, шар етіп үрлеп жатқан жастарды көп кездестіреміз. Кейбіреуге ол әдет болып қалған. 
Күнделікті тамақтан кейін сағыз шайнап, ауыз қуысын тазарту әдетке айналғандай. Ертеде сағыздар ағаш шайыры не қарамайы мен өсімдік майларынан жасалса, қазіргі таңда, олардың құрамында химиялық заттар мен антисептиктер кездеседі. «Таяқтың екі ұшы бар» дегендей, сағыздың да адам ағзасына берер пайдасы мен зияны жетерлік.

Қазіргі таңда сағыз сатылымдағы ең өтімді тауарлардың бірі. Сағыздың негізгі массасын құраушылар бұл синтетикалық қосылыстар болып табылады. Осы массаның дәмін келтіру үшін түрлі химиялық қоспалар мен хош иістендіргіштер қосылады. Бұл қоспалар сағыздың тартымдылығын арттырғанымен, ағзаға ешқандай пайда келтірмейді.Қоғамдық орындарда сағызды пайдалану бұл мәдениетсіздікке жатады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

2.1. Сағыздың шығу тарихы

Оның тарихы тым әріде. Ежелгі гректер тістерін тазалау және тынысын жаңарту үшін арнайы ағаштың шайырын (смоласын) шайнаған.Байырғы қазақтар да қайың қабығынан сағыз қайнатқан,ол алпысыншы жылдарға дейін ауылдық жерлерде орын алды. Майя тайпасы да, америкалық үндістер де, Сібір халықтары да ағаш шайырларынан сағыз жасап, шайнады. Түрлі жапырақтар мен дәндерді, әкті қосып сағыз ретінде шайнаған да халықтар болды.Қазіргі сағызды шығаруға алғашқы тәжірибе жасаған адамдардың бірі – Джон Кёртис. Ол 1848 жылы сағызшығарудың өнеркәсіптік өндірісі жолға қойды. Сағыздың шығу тарихын зерттеушілердің айтуынша, өнертапқыш Уильям Сэмпл сағызды ойлап тапқанымен,оны өндіруге ат салыспайды.Мұнан 140 жыл бұрын өзінде ойлап табылды деп саналатын Америкада қазір сағыздың 100 түрі шығарылады. Орта есеппен әрбір америкалық азамат жылына 300-ден астам сағыз шайнайды. Сағыздың әлемге кеңінен таралған кезеңі  екінші дүниежүзілік соғыстан кейін.Ертеде сағыздар ағаш шайырынан, ағаш қарамайынан,өсімдік майларынан жасалды.

Қазіргі сағыздардың құрамында химиялық заттар мен антисептиктер бар. Бұл жөнінде академик Тодор Дичевтің айтқандарына назар аударсақ, сағыз тісті қорғамайды қайта зақымдайды.

Сағызбен сурет салу Украйналық суретші Анна-София Матвеева түрлі-түсті сағызбен сурет салып, атын шығарып отыр. Ол Apple компаниясының негізін салушы Стив Джобстың портретін бір мыңнан астам әртүрлі сағыздар арқылы жасап шығарыпты. Оған осындай бір суретті салу үшін шамамен 500-1000 сағыз қажет екен. Жалғыз өзі осыншама көп сағызды шайнай алмайтындықтан, оған туған-туыстары мен таныстары көмектесіп, сағыз шайнап беретін көрінеді. Әзірше оның сағызбен салған бес жұмысы дайын, 15 жұмысы жасалу үстінде. Ол өзінің осы жұмыстарын Донецк қаласының арт-галереясының біріне қойып, жеке көрмесін ұйымдастырмақшы, алатындар   болса ,  бұл туындыларын сатып та жібермекші.  

Сағыз семіртеді Эдинбургтегі  Нейпира университетінің ғалымдары зерттеу жүргізіп, сағыз шайнаудың адамды семіртіп жіберетінін анықтап отыр. Оған сағыз құрамындағы қант алмастырушы (заменитель сахара) – аспартам себепші болып шықты. Ол адам ағзасына артық салмақтың жиналуына негіз қалайды. Осынау зерттеу қорытындысы бойынша, бір жылда сағыз құрамындағы аспартамнан 215 әйел, 56 еркек зардап шегіпті. Олар сағызды күніне бірнеше рет шайнап, айына 200-ден астам сағызды пайдаланған. Сөйтіп, жарты жылға жетпей-ақ толыса бастапты. Ал зерттеуге қатысқан адамдардың ішінде 48 сағыз шайнаушы осы мезгілде гастрит және тағы да басқа ауруларға шалдыққан. Дәрігерлердің мәлімдеуінше, күнделікті тұрмыста қантқа қарағанда аспартам адам ағзасында май қабаттарын 40 пайызға көбейтетін көрінеді. Олай болса, сымбатын, денсаулығын жоғалтқысы келмеген адамдардың сағыз шайнауды азайтып, оны мүлде тастағаны дұрыс-ақ. Жалпы, шайнауға арналған резеңке бұрындары көп елде ұзақ уақыт бойы дәрі-дәрмек ретінде саналып келгені де есте болғаны жөн.

Сағызды адамдар ертеден білген. Сағызды каучуктен өндірген Еуропаға сағызды алғаш рет ХVI ғасырдың аяғында Колумбтың матростары әкелгені тарихтан белгілі. Қазақстанда сағызды каучук өсімдіктері – көк сағыз және тау сағыз өседі. Оңтүстік Америкаға келіп түскенде жергілікті тұрғындардың доп ойнағанын көргендерінен бастап танысқан. Индейліктер сүтті шырынды «као чо» - ағаштың көз жасы деп атаған, содан каучук деген атау щыққан. Ал бұл өнімді өндіретін алғашқы кәсіпорын 19-ыншы ғасырдың ортасында пайда болыпты.Адамдар сағыздың қаражат жағынан пайда әкелетіндігін түсінгеннен кейін АҚШ- та сағызды өндіруші компаниялар тарап кеткен.
• 1848 ж. Мэн штатында (Жаңа Англия) Джон Кертис сағыздың өнімдеу кәсібін жүргізе

3

бастайды. 

• 1850ж. ағайынды Куртистар сағызды қорапшаларға салып сатуды ойлап

табады. Қағаз орағыштарды пайдалану, сол кездегі АҚШ -ты бір сілкіндірген жаңадан

ойлап табылған жарнама болды. Кейін бұл іс жақсы нәтиже берген соң, 1850 жылы кәсіпорын көлемі ұлғайды.
 «АМЕРИКА ЖАЛАУЫ», «ҚОЛЫМЫЗҒА ТӨРТЕУ АЛАЙЫҚ», «ҚАРАҒАЙ ШАЙЫРЫ» аталған сағыз түрлері экспортқа шығарылды.

Бірақ жұртшылық каучукты сағызды жақсы қабылдады. Бұл сағызды бірінші Нью-Йорк штатының тұрғыны Томас Адамс ойлап тапты. Ол алғаш 1 тонна каучук сатып алып, қайнатып, ерітіндіден төртбұрышты сағыз ойлап шығарған екен.
• 1880 жылы уақыт өте келе, жаңа технологиялар бойынша сағыздың құрамына түрлі дәмдеуіштер қосылған сағыздар пайда бола бастайды. Алғашқы дәм күшейткіш сағыздарды Уильям Ригли, «Wrigley» компаниясын құрған иегері өндірді.
• «Wrigley» компаниясы өнімге 1893 жылы шыққан, «Orbit», «Hubba Bubba», «Eclipse» және т.б сағыздардың түрлерін өндіреді және әлемде ең танымалы сағыз түріне жатады.

 

2.2. Сағыздың негізгі  құрамы.

Ғалымдардың зерттеулері бойынша:  сағыз құрамы 60 пайыз қанттан, 20 пайыз каучуктен және 1 пайызы хош иістендіргіштерден, 19 пайызы қант шырынынан тұруы тиіс. Бүгінде каучуктің орнына синтентикалық резеңкелер қолданылады және түрлі химиялық заттар қосылады.

 /ДИАГРАММА


Каучук-латекстен алынатын, сағыздың созылғыш (эластикалық) негізін құрайтын табиғи полимер.Оны сонымен қатар аяқ киім, резеңке, желім өндірісінде де қолданады.Латекс сағыздың негізгі құрамы: 20-30%-ы түрлі шайырлар мен парафиннен тұратын негізгі қоспа, бұл заттар ауыз қуысының температурасында сағыздың жұмсаруына мүмкіндік береді, 60%-тәттілендіргіштер, негізінен глюкоза немесе қант, қант алмастырғыш та болуы мүмкін, дәмдеуіш қоспалар, тұрақтандырғыштар (негізінен глицерин), хош иістендіргіштер, эмульгаторлар.

 

 

 

 

 

 

 

 

4

2.3 Қазіргі таңдағы сағыздың құрамы

«Орбит»  осы сағыздың құрамына үңілсек, ҚАБЫНДА КЕЛЕСІ ЭЛЕМЕНТЕР КӨРСЕТІЛГЕН:
• марканың атауы; 
• дәмдендіргіш; 
• индекс;
• эмульгатор ; 
• ароматизаторлар; 
• бояулар;
ҚҰРАМЫНДА: Жоғарыда аталып өткен компоненттерден басқа E420; E965; E414; E422; E421; E171; E951; E950; E500 көрсетілген.
Енді осылардың «Е» деген әріппен және санмен көрсетілген қоспаларының әрқайсысына тоқталсақ:
• E420 – сорбит қант орнына қолданылады, ағзадағы өттің жақсы қызмет етуіне әсер етеді, зиянды әсері жоқ деуге болады;
• E965 – мальтит  ағзаға зарарсыз деп табылып, тағам өндірісінде қолдануға рұқсат етілген.
• Ал енді сағыз қорабынан Е171 деген жазуды оқысаңыз, ол –Ресей тағам өндірісінде тыйым салынған титанмен тісті ағартушы қоспа. Аталған қоспа бауыр мен бүйрек ауруын туғызып, ағзаға кері әсер етеді. Ал ең қорқынышты қоспа – E-131 бояуы – қатерлі рак тудыратын бірден-бір зат. Сонымен қатар, зерттеліп отырған өнімде ағзаға зиян тигізетін компонеттер табылса, басқа да тағам өнімдерінде болуы мумкін деп, күнделікті тамақтанып жүрген аста «Е» қоспаларының құрамын анықтауға тырыстық. Сонда адамды таңқалдырарлық деректер табылды.

ҚОСЫМША №2
Беріліп отырған тізімде қатерлі ісік ауруларына шалдықтыратын кодтар жиі кездеседі. Олар: Е -230, 232,(Фенол вакцинасы – жеміс –жидектерге егіліп, олардың ұзақ мерзім бұзылмауына себеп) 250, 251,(супер - маркеттерде еттің түсін қызыл түсте, жаңа тауар ретінде көрсететін алдамшы улы қоспа) 508, 512, 951.Осыдан шығар, жылда қатерлі ісік ауруларынан Қазақстанда мыңдаған адамдар саны көз жұмады.
2.4.Сағыздың адам ағзасына тигізер пайдасы мен зияны.

Сағыздың ағзаға  оң әсері

Сағыз шайнағанда адамның ағзасынан сілекей көп мөлшерде бөлініп шығады да ол 300 пайызға дейін күшейе түседі. Әрине, сілекей асқазандағы бактериаларды жою үшін пайдалы, тістің де таза болуы үшін қажет-ақ. Тек, оның көп мөлшерде шығуы пайдасыз.Рас, сағызды тамақтанғаннан кейін шайнау асқазанға жаңа түскен астың тез қорытылуына жәрдемдеседі. Алайда сағыздың бірінен соң бірін ауызыңызға сала бермеңіз. Жалпы,  түскі астан кейін сағыз шайнау бас сүйектегі ағзаларға жақсы әсер етеді.Әсіресе, миға баратын қан тамырларындағы қанның жүру жұмысын жеңілдетеді. Егерде жолда-көлікте келе жатсаңыз сағыз шайнау құлағыңызға түсетін салмақты жеңілдетуге көмектеседі. Тек мамандар ас  ішкеннен  кейін сағызды бес минуттан артық шайнамауға кеңес береді. Рас, сағыз шайнау ауыз қуысындағы жағымсыз иістерді жоюда адамдардың жиі қолданатын әдісі. Сағыз алып жүруге жеңіл, кез-келген жерде пайдалануға оңтайлы. Сағыздың дәмі қандай, ол адам денсаулығы үшін ешқандай маңызға ие емес. Жалғыз-ақ, сағыз шайнағанда ауыз қуысындағы бұлшық еттердің тынымсыз қозғалуына, соның нәтижесінде тістің сау күйінде сақталуына әсер етеді. Алай-да бұл құрамында қанты жоқ сағыздарды шайнағанда ғана қол жеткізуге болатын жағдай. Жапонияның Ұлттық радиологиялық институтының қызметкерлері сағыз шайнаудың пайдасы бар ма, жоқ па, сол жөнінде зерттеу жүргізген.Сонда олар былай деп мәлімдеді: «Сағыздың адамның іс-әрекетіне, қимылына маңызды әсер ететін қасиеттері анықталды. Біздің қорытындымыз көрсеткендей, еріктілер арасында сағыз

5

шайнау қозу мен қырағылықтың артқанын, олардың когнитивтік функцияларының жақсарғанын көрсетті».                                                                                                                           

Сағыздың ағзаға  теріс әсері

Адамдар тісін жууды ұмытып кетсе, сағыз шайнай салады.Таңертеңгілік тамақ ішуге үлгермесе де асқазанның аштығын сағызбен басады.Мұның бәрі зиянды әдеттер.Өйткені, ол үйреншікті дағдыға, іске айналып кетеді де,тамақтану тәртібін бұзады, ағзаны әлсіретеді. Сағызды тіс пастасы ретінде пайдалануға болмайтынының себебі, ол тек тістің үстіңгі жағын тамақ қалдықтарынан тазартады да, тістің ара-арасын тазарта алмайды. Тамақтан кейін оның қорытылуын жақсартамын деп сағызды он минуттан артық шайнау да дұрыс емес. Үнемі сағыз шайнаушылардың оны мүлдем пайдаланбайтындарға немесе аз қолданатындарға қарағанда ақылы аз болады. Мұны анықтаған америкалық дәрігер-ғалымдар. Олар сағыздың ағзаға қалай әсер ететіні жөнінде мынандай зерттеу– тәжірибе жасапты: үнемі сағыз шайнайтын 12-24 жас аралығындағы 12 мың жас пен мүлде сағыз шайнамайтын осындай сонша ма адамды бақылауға алады. Зерттеу қорытындысы тәжірибе жасаушыларды қатты таңдандырады. Себебі, үнемі сағыз шайнайтындардың ақылы мүлде сағыз шайнамайтындарға қарағанда өте төмен болып шығады. Дәрігер-ғалымдар кейін мұның сырын былайша түсіндіреді:сағыз шайнағанда адамның миы тынышталады, сағыз шайнамайтындарға қарағанда сырттан келген ақпараттарды жайбарақат, сүлесоқ, немқұрайлы қабылдай салады,мый дұрыс жұмыс істемейді.Сағыз да темекі тәрізді адамды өзіне тәуелді етіп алады да, ол шаршағанында, бойын ашу қысқанында үнемі сағыз шайнайтын болады.Сағызы болмай қалса, оны тауып, шайнағанша, сағызға аңсары ауып тұрады. Сол кезде сағыз шайнай алмаса, түрлі жағымсыз күйге түседі. Мінеки, көрдіңіз бе, сағыз шайнауға салынудың да қандай кесел, кесепатқа толы екенін.

Мамандардың пайымдаулары:

Біріншіден, сағыз құрамында көптеп кездесетін қант пен глюкоза ауыз қуысында  бактериялардың көбеюіне ықпал етеді.

Екіншіден, Е-320, Е-322,Е-414, Е-422 т.с.с компоненттердің салдарынан cтамотологиялық аурулар пайда болады.                

Үшіншіден, сағыз онкологиялық және асқазан ауруларының пайда болып,әрі қарай созылуына жол ашады.

Төртіншіден, сағыздан тістің сыртқы қабықшасы әлсіреп, кариес пайда болады.

Бесіншіден,сағыз құрамындағы химиялық заттар созылмалы тері ауруларының тууына себепші. Адам ағзасы сағыздағы кейбір компоненттерді көтере алмай, соның салдарынан теріде безеу, секпіл, бөртпе қаптауы мүмкін».Біз сағызды 4 жасқа толмаған балаларға бермеуді ұсынамыз, себебі олардың шайнау мен жұтуды бақылайтын рефлекстері әлі дамымаған. Қанты жоқ сағыз фенилкетонуриямен (зат алмасудың дұрыс жүрмеуімен байланысты сирек кездесетін тұқым қуалайтын ауру) ауыратындарға қарсы көрсетілген, себебі оның құрамында аспартам деген қарқынды тәттілеуіш бар. Бұл зат көптеген табиғи өнімдердің құрамында бар – мысалы, алмұртта сағызға қарағанда ол 5 есе көп.

Жағымды тұстары:
1.Сағызды жарнамалауда ең алдымен сағыздың тісті, ауыз қуысын тазалауы жөнінде айтады. Расымен тамақтан соң сағызды пайдалану ауыз қуысының күйін жақсартады. Бірақ бұл ұзақ уақытқа созылмайды.
2.Сағызды шайнау кезінде белсенді түрде сөл бөлінеді, ол тістің табиғи тазалаушысы. 
3.Сағыздың иісті жоятын қасиеті болғанымен, ол өте аз ғана уақыт сақталады. 
4.Сағызды шайнау (жалпы шайнау процесі) тыныштандыратын қасиетке ие. Бұл дәлелденген үрдіс.
Жағымсыз тұстары:

6

1.Сағызды шайнаған кезде сілтілік қасиетке ие сөл бөлінеді, сәйкесінше ол асқазанға түсіп, асқазанның қышқылдылығын төмендетеді. 
2.Сөл безінің ұзақ уақыт бойы, тынымсыз сөлдің бөлінуінен, кейін сөлдің бөлінуінің

азаюынан ксеростомияның (ауыз қуысының сілекейлі қабатының патологиялық құрғауы) пайда болуына соқтырады.
3.Тіс эмалінің бұзылуына, пломбаларының, протездер мен брекеттердің сынуы т.б. әкеледі
4. Сағыздың құрамындағы түрлі хош иістендіргіштер, қоспалар  мен консерванттардың ағзаға теріс әсер берері анық.
5.Сағыз шайнаудың тыныштандыратын қасиеті бар екендігін айтқанбыз, бұған қоса ол, мидың жұмыс жасауын тежейді, зейінін төмендетеді.
6.Сағызды өте жиі қолдану астыңғы жақтың ұлғаюына әкелуі мүмкін
7.Сағызды жұтып қойса, ол өзге тағамдар сияқты қорытылмайды. 
8.Сағыз шайнау қоғамдық орындарда қолайсыз деп есептелінеді. 
9.Мектеп парталарында қолданаған сағыздарды отырғыштардың астына жабыстыру біріншіден әдепсіздікке жатса, екінішіден, егер сол оқушыда белгілі бір ауыз қуысы ауруы болса, ол жұғуы әбден мүмкін.

 Сағыз шайнаудың пайдасы

Сағыз шайнау пайдалы жаттығу. Ол адамның ауыз қуысындағы бұлшық еттердің тынымсыз қозғалысын тудырады. Сағыз шайнау барысында сілекей көп бөлінеді және ол 300 %-ға күшейе түседі. Ол асқазандағы бактерияларды жоюға таптырмас дәрмек. Одан қала берді, тілдің де таза болуы үшін керемет пайдалы. Сағызды тамақтанып болғаннан соң шайнау, асқазанға жаңа түскен астың оңай және тез қорытылуына көмектеседі.

30-жылдардың өзіндегі зерттеулер сағызың назарды арттырып, бұлшық еттің шаршауын, ұйқышылдықты және күйзелісті төмендететінін көрсетті.Сол себепті сағыз Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде АҚШ әскерінің тағамдық рационына енгізілді.Сағыз жұмысы бір қалыпты, алайда үнемі артық назарды талап ететіндердің барлығына (мысалы, алыс жолдың жүргізушілеріне) шайнауға кеңес беріледі.Кейде сағыз сілекейі жеткіліксіз бөлінетін адамдарға пайдалануға ұсынады. Мұның сілекей бездерін шынықтыра отырып, олардың жұмысын реттейтіндігі дәлелденген.Әрине, сағыз шайнау әрдайым жағымды екендігін ұмытпаған жөн-бұл сіздің деміңізді тазартатын дәмді өнім.Сағыздың құрамында денсаулыққа зиянды заттар бар ма? Жоқ. «Ригли» сағызын өндіру кезінде қолданылатын заттар жемістер мен көкөністер сияқты табиғи тағам өнімдерінің құрамында болады. «Оrbit» сағыздарында қолданылатын барлық ингредиенттер Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау Ұйымы тарапынан қауіпсіз деп танылған. Сонымен қатар, Ресейде олар МЕМСЕНЭПИД БАҚЫЛАУ қызметінде қатаң бақылаудан өтеді.  

ҚОСЫМША/

Пайдалы кеңестер

Қанты бар сағыз бен қанты жоқ сағыздың айырмашылығы неде?

Қанты жоқ сағздың ерешелігі оның құрамында тісті зақымдайтын және қызыл иекке оң әсер ететін қышқылдан бастап ауыз қуысының микроорганизмдері түгелдей сіңірілетін қант алмастырушылар бар екендігінде. Оның үстіне, қант алмастырғыштар қатары ең алдымен микробқа қарсы қасиетке ие.Сол себепті қанты жоқ «Орбит» сағызы профилактикалық болып табылады және оны пайдалану тіс жегі ауруы қауіпінің төмендеуіне әкеледі.

Сағызды кімге шайнауға болмайды?

Егер мен сағызды тосыннан жұтып қойсам не болады? Әрине, сағыз жұтуға арналмағандығы белгілі. Алайда егер сіз оны тосыннан жұтып қойсаңыз, уайымдаудың қажеті жоқ. Сағыздың еритін ингредиенттері (тәттілеуіштер немесе хошиістендіргіштер

7

сияқты) ағзаға қалдықсыз сіңіріледі. Сағыздың ерімейтін негізі ас қорыту жолында өзгеріске ұшырамайды және тік ішек арқылы сыртқа шығады (ең көбі – 2 күннен кейін).

Егер сағыз киімге немесе аяқ-киімге жабысып қалса не істеу керек?

Сағыздың жабысқан бөлігін алудың бірнеше тәсілдері бар. Егер өсімдік майы тазартайын деген затты зақымдамаса, онда сағызды осымен жібітіп, жұмсартып көру керек (бұл тәсілді сағыз шашқа жабысып қалған жағдайда да қолдануға болады). Тағы бір тәсіл - сағыз жабысып қалған затты тоңазытқышыңыздың мұздатқышына бірнеше сағатқа салып қоюға болады. Мұздатылған сағызды жабысқан заттан алып тастау анағұрлым оңай болады.

Қант қосылмаған сағыз шынымен тіске пайдалы ма?
Сағыздың басқа гигиеналық процедуралардың барлығын толығымен ауыстыратындығы рас па? Сағыздың профилактикалық әсері, ең алдымен, сілекейдің бөлінуін жүзеге асыруға негізделген, бұл қанттың ауыз қуысынан жылдам шығуына және сілекейде рН көбеюіне, сондай-ақ тіс реминерализациясы процесін белсендендіруге көмектеседі. Ал ауыз қуысын тамақ қалдықтарынан механикалық тазалауды сағыз толығымен жүзеге асыра алмайды, себебі тіс арасындағы және қызыл иек қуыстарындағы қақты тек тіс щеткасы мен жібінің көмегімен ғана жоюға болады. Сол себепті қанты жоқ сағызды шайнау – тіс щеткалары, тіс жіптері, ауыз қуысына арналған шайғыштар, негізінен қатты тағамды пайдалану және тіс дәрігеріне жиі қаралу сияқты гигиеналық процедуралардан тұратын тұтас кешеннің тек (ішіндегі маңызды) бөлігі ғана.

                                                                                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8

ІІІ ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

3.2. Сауалнама жүргізу:    

Мен бастауыш сынып оқушыларынан және өз сыныптастарымнан «Сағыз адам ағзасына пайдалы ма, әлде зиян ба» деген тақырыпта сауалнама алдым.Сауалнамаға 50 оқушы қатысты.Оқушылар осы ақпаратты білмеген жағдайда оқушыларға сағыздың адам ағзасына алып келер ешқандай пайдасы жоқ  екендігін оқушыларға мәліметті жеткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

 Сауалнамамыз келесі сұрақтардан кұралған:
1. Сағыздың қандай түрін тұтынасың?
2. Сағызды қандай мақсатта пайдаланасың?
3. Сағызды қанша уақыт бойы шайнайсың?
4.Сағыздың құрамындағы ағзаға зиян тигізетін заттар бар екенін білесің бе?

5.Сағызды қандай себептермен шайнайсың?

6.Сағыз сатып  алуда қанша теңге жұмсайсың?

1.Сағыздың қандай түрін тұтынасыз?

А) «Орбит»                   45%

Ә) «Эклипс»                  25%

Б) «Дирол»                    30%

2.Сағызды қанша уақыт бойы шайнайсыз?

А) Дәмі кеткенше         33%

Ә) Жалыққанша            37%

Б) 5-10 мин                    30%

3.Сағызды қандай мақсатта пайдаланасыз?

А) Дәмі үшін                                                             45%

Ә) Ауыз қуысынан жағымсыз иіс шықпас үшін.  55%

4. Сағыздың қандай пайдалы жақтарын білесіз?

А) Сағызды тамақтанғаннан кейін шайнау асқазанға жаңа түскен астың тез қорытылуына жәрдемдеседі.                                            21%

Ә) Тіс жегінің болмауына көмектеседі.                          16%

Б) Білмеймін                                                                       63%

5. Сағызды қандай себептермен шайнайсыз?

А)Жарнаманың әсері                        75%

Ә)Достардың кеңесі                          25%

6.Сағыздың қандай жағымды жақтарын білесіз?

А)Тістерді ағартады.                      14%    

Ә)Тамақ қалдығынан тазалайды.  35%

Демді сергітеді.                               51%

Шешім. Сағызды кез келген адам тұтынады.Әсіресе қазіргі кезде теледидардан жарнамалап жүрген сағыздарға әуес екендігін білдік.«Ехсliрs», «Оrbit» сағызын көпшілігі ұнататынын анықтадық.Сағызды мектеп оқушылары көп тұтынатындығына сауалнама алу арқылы көз жеткіздік.Оқушылар сағызды тұтынар алдында қабындағы жазуға көп мән бере бермейді.Сағыздың құрамында қант қоспасы бар екендігіне көңіл бөлмейді.Кейбір оқушылар сағыздың дәмі кеткенше қолданады.Осы жағдайды  басшылыққа  ала отыра, мектепішілік  іс-шаралар ұйымдастырып  және ата-аналар жиналысында, мектеп оқушыларына сағыздың адам ағзасына көптеген зиянын тигізетіні жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргіздік.Мектеп оқушыларының сағызды тұтынулары тоқтатылмағанменен, оқушылар  адам ағзасына зиян екендігін  білді.Оқушылар сағызды күніне бір данадан қолдану керектігін  немесе мүлдем бас тарту керектігін түсінді.Келешекте оқушылардың сағызды көптеп  тұтынулары уақыты  келе аз да болса азаяды деп сенеміз.

 

9

3.3 Жеке кәсіпкерлерден сауалнама алдым.

 Дүкен сатушыларына жүргізілген сауалнама нәтижесі:
- Сағыз өтімді тауарлардың бірі;
- Оқушылар мектепке бара жатқанда, не мектептен кейін дүкендерден жеңіл тағамдарды және сағызды жиі алады;
- Үлкен сыныптың оқушылары «Орбит»,«Дирол»,«Эклипс» маркалы сағыздарды тұтынады, ал бастауыш сыныптың оқушылары түрлі пішінді (арзандау) сағыздарды жиі сатып алады;
- Сағыздың дүкен сөрелеріндегі орны кассаның жанында болғандықтан, ересек адамдар сол тұста (кейде қалған ақшаларына) сағызды алады екен.
- Тұтынушылар сағыздың құрамына және сақталу мерзіміне көпшілік жағдайда  мән бермейді.

3.4 Балалар стомотологының пікірі.

Сағыз адам ағазасына пайдалы ма, әлде зиян ба? Осы тақырыпта Талдықорған қаласының балалар стоматологы Тоқтасынов Дидар Байтлеуұлының пікірін тыңдадық.Ол  бізге сағыздың пайдасы мен зияны жайлы бірқатар мәліметтер берді.

Сағыз адам ағзасына зиян келтірмес үшін, сағызды тамақтан соң 5-10 минут қана тамақтан соң шайнау керектігі жайлы айтты.

Сағызды аш қарынға және үнемі шайнауға болмайтындығын ескертті. Күнделікті тұрмыстағы қантқа қарағанда, аспартам май қабаттарын 40 пайызға көбейтеді. Сондықтан, күніне сағыздың бір данасын ғана шайнауға немесе сағыздан мүлде бас тартуға кеңес берді.

Сағызды тұтынарда , оның біршама түріне көңіл бөлген дұрыс.Сағыздың қантсыз түрін шайнаған абзал. Сағыз тістің сыртқы қабықшасы әлсіреп, кариес пайда болатындығын баяндап,  өз сөзін аяқтады..

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10

ІV.ЕХРО 2017 көрмесіне, Ұлы дала халқымыздың жер сағызы Отандық бренд ретінде ұсыну.

Жерсағыз,құмсағыз туралы түсінік

Жерсағыз , құмсағыз (Chondrіlla) — күрделі гүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде екі жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда шөл-шөлейтті, құмды жерлер мен жазық далаларда өсетін 16 түрі бар, соның ішінде ірі жерсағыз , Мойынқұм жерсағызы Боссэ жерсағызы — Балқаш— Алакөл ойысының, Мойынқұм, Бетпақдаланың сирек кездесетін өсімдіктері. Көп тараған түрлері: қысқатұмсықты жерсағыз және ақ түкті жерсағыз.Биіктігі 30 — 100 (150) см-дей. Бұтақты сабағын түк басқан. Жебе тәрізді сүйір жапырақтары кезек орналасады. Сары түсті, қос жынысты гүлдері себет гүл шоғырына топталған. Тұқымынан көбейеді. Маусым — қыркүйекте гүлдеп, қазан айында жемісі піседі. Тұқымы — ұзынша жолақты дән, оның ұшында қалың түкті айдарлары болады. Жерсағыздың тамыры мен сабағында ақ сүті болады, одан кепкеннен кейін сағыз алынады. Жерсағыз — каучук алатын өсімдіктер. Оның —Кузнецов жерсағыз деген түрі, қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.

Жерсағыз торғай өлкесінде де өседі. Оны ол жақтың қазақтары құмсағыз деп атайды.

ҚОСЫМША№3

Ғалымдар әйелдің құрсағына алғаш бала біткеннен бастап оның аналық сезімі оянатынын айтады.Жас келін жерік бола бастаған кезде ақ, оның бойындағы бала шымыр болып өссін, анасының тәбеті ашылсын деп құм сағыз, жер сағыз, қарағай сағыздарын шайнатқызған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

11

V. ҚОРЫТЫНДЫ

 

«Таяқтың екі ұшы бар» дегендей, сағыздың да адам ағзасына берер пайдасы мен зияны жетерлік.

Зерттеу жұмысымен айналысқан кезде біз төмендегідей қорытындыға келдік. «Сағыз адам ағзасына пайдалы ма, әлде зиян ба?» деген тақырып төңірегінде көп  ізденіп, оның пайдасы мен зиянын анықтауға тырыстық.

Сағыздың пайдасы ол тамақтан соң сағызды пайдалану ауыз қуысының күйін жақсартады. Бірақ бұл ұзақ уақытқа созылмайды.

1.Сағызды тамақтанып болғаннан соң шайнау, асқазанға жаңа түскен астың оңай және тез қорытылуына көмектеседі. Сағызды тамақтанып болғаннан соң шайнау, асқазанға жаңа түскен астың оңай және тез қорытылуына көмектеседі.
2.Сағызды шайнау кезінде белсенді түрде сөл бөлінеді, ол тістің табиғи тазалаушысы. 
3.Сағыздың иісті жоятын қасиеті болғанымен, ол өте аз ғана уақыт сақталады. 
4.Сағызды шайнау (жалпы шайнау процесі) тыныштандыратын қасиетке ие. Бұл дәлелденген үрдіс.
1.Сағыз кері әсері ол сілтілік қасиетке ие сөл бөлінеді, сәйкесінше ол асқазанған түсіп, асқазанның қышқылдылығын төмендетеді. 
2.Сөл безінің ұзақ уақыт бойы, тынымсыз сөлдің бөлінуінен, кейін сөлдің бөлінуінің азаюынан ксеростомияның (ауыз қуысының сілекейлі қабатының патологиялық құрғауы) пайда болуына соқтырады.
3.Тіс эмалінің бұзылуына, пломбаларының, протездер мен брекеттердің сынуы т.б. әкеледі
4. Сағыздың құрамындағы түрлі хош иістендіргіштер, қоспалар  мен консерванттардың ағзаға теріс әсер берері анық.
5.Сағыз шайнаудың тыныштандыратын қасиеті бар екендігін айтқанбыз, бұған қоса ол, мидың жұмыс жасауын тежейді, зейінін төмендетеді.
6.Сағызды өте жиі қолдану астыңғы жақтың ұлғаюына әкелуі мүмкін
7.Сағызды жұтып қойса, ол өзге тағамдар сияқты қорытылмайды. 
8.Сағыз шайнау қоғамдық орындарда қолайсыз деп есептелінеді. 
9.Мектеп парталарында қолданаған сағыздарды отырғыштардың астына жабыстыру біріншіден әдепсіздікке жатса, екінішіден, егер сол оқушыда белгілі бір ауыз қуысы ауруы болса, ол жұғуы әбден мүмкін.

Осы сағыздың пайдалы жағымды және жағымсыз жақтарына тоқтала келе біз өзіміздің Ұлы дала халқымыздың құм сағызын Отандық бренд  сағызын шығарып, әлемге әйгілі табиғи, таза Қазақстанда шығарылатын сағыз шығаруды ұсынып,  ЕХРО 2017 көрмесінде таныстырылғанын қалаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

12

VІ. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

1Материал из Википедии — /свободной энциклопедии/

Ссылки на ресурсы в Интернет: http://www.yandex.ru/

2«Мен әлемді танимын» Балалар энциклопедиясы: Заттар тарихы. Авторлары Н. Ю. Буянова т.б. – М.: ООО «АСТ – ЛТД баспасы», 19981. Валюта советских детей [Электронный ресурс].

3- Режим доступа: http://e-dobavka.narod.ru.

4 Гуревич Ю. Разве жвачка влияет на память?// Аргументы и факты.– 2012. - № 21. –    

с. 17

5. Мельников А. Не тяни резинку. Жвачка помогает думать…разрушая

мозг// Аргументы и факты. – 2011. - № 45. – с. 22

6. Мельников А. Хватит жевать – начинайте читать. Самое важное

Находится на обёртке// Аргументы и факты. – 2008. - № 5. – с. 23

7. Пищевые добавки [Электронный ресурс].

- Режим доступа: http://ru.wikipedia.org/wiki/Коды_Е.

8. Продукты. Пищевые добавки. – М.: Издательство Астрель, 2006 – 16 с.

9. Промышленное производство [Электронный ресурс]



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

13

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ғылыми зерттеу жұмысы"Сағыз адам ағзасына пайдалы ма, әлде зиян ба?""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по трудоустройству

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 630 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.04.2017 3073
    • DOCX 405 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Джолдыбаева Дания Аймухановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Джолдыбаева Дания Аймухановна
    Джолдыбаева Дания Аймухановна
    • На сайте: 7 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 35628
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация элективного курса в рамках реализации проекта «Точки роста»: преподавание генетики на углублённом уровне ООО и СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Государственная итоговая аттестация как средство проверки и оценки компетенций учащихся по биологии

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 273 человека

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по биологии в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 63 человека из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 490 человек

Мини-курс

Теория и практика инвестиций в контексте устойчивого развития

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные тенденции в архитектуре

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление рисками в бизнесе: анализ, оценка и стратегии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе