Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Конспекты / Информатика "Қауіпсіздік ережесі"3 класс

Информатика "Қауіпсіздік ережесі"3 класс

  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

«Бекітемін» Оқу ісінің меңгерушісі «____» ____________2015/2016жж.

Сабақ №1

Сабақтың тақырыбы: «Компьютер сыныбындағы тәртiп сақтау ережелерi».

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларды компьютер сыныбындағы тәртiп сақтау ережелерi мен көздiң шаршағандығын қалпына келтiретiн жаттығулармен таныстыру және меңгерту.

  2. Оқушыларды төтенше жағдайларда әрекет ету ережелерін білуге, көзді талдырмау жаттығуларын қолдануға үйрету.

  3. Оқушыларды ЕТ кабинетінде тәртіп сақтауға, жұмыс кезінде қоғам мүлкіне асқан жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Кіріспе сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі баяндау, әңгіме түрінде.

Пәнаралық байланыс: Биология, валеология.

Сабақтың көрнекілігі: Жұмыс дәптері, қауіпсіздік ережесі жазылған плакаттар, слайд.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу.

  • Оқушыларды түгендеу.

  • Сынып тазалығын тексеру.

  • Зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа сабақ


  • Оқушылар! Сендер «Информатика» әлемiне саяхатқа аттанатын боласыңдар. Бұл тамаша әлем өте кең, сондықтан онда адасып кетуiң де мүмкiн. Сондықтан, мұндай қауiптен құтылу үшiн осы әлемдегi жасайтын саяхатқа қажеттi тәртiп ережелерiн үйренiп алуларың қажет. Бұл тәртiп ережелерiн “Ақпараттық мәдениет негiздерi” курсын өту кезiнде үйренiп алатын боламыз. Саяхат-сабақ барысында түрлi достар тауып, бiр-бiрiңе көмектесетiн сәттерге тап боласыңдар.

Ендi бiздi қоршаған тамаша әлемге қарап, жан-жағымызға зер салайық. Айналамыздағы түрлi заттарға назар аударайық: гүлдер жайқалады, құстар шиқылдайды, күн шығып тұр, жаңбыр жауып тұр, ыстық жаз өтiп, күз келедi де, ол қарлы қысқа ұласады. Бiз ақпаратты гүлдiң иiсiн сезу, сiркiреп жауған жаңбыр тамшысын есту, күннiң шыққанын көру сияқты әрекеттер арқылы аламыз. Оны кiтап оқу, теледидар көру арқылы алу мүмкiндiгiмiз бар. Ал теледидардан көрген ертегiңдi досыңа айтып беретiн болсаң, онда сен досыңа ақпарат бересiң. Ертегiнi видеомагнитофонға жазу арқылы бұл ақпаратты сақтай аласың. Ақпараттық қоғам жағдайында сендер оны Интернет арқылы алуларыңа және электрондық пошта арқылы алыстағы туыстарыңа хат жазуларыңа болады. Сондықтан осы айтылғандардың барлығын бiз бiртiндеп үйренуiмiз керек. Ақпараттық қоғам жағдайында кез келген адам ақпарат көздерiмен жұмыс жасай бiлудi, оны сақтауды, өңдеудi және дұрыс қолдана бiлу сияқты әрекеттердi үйрену арқылы ақпараттық мәдениетiн қалыптастыра алады.

Бізді қоршаған орта дәм, иіс, дыбыс ақпараттарынан тұрады. Оларды адамдар заттардың қасиеттеріне қарай сезім мүшелері (көру, есту, дәм сезу, сипап сезу, т.б.) арқылы сезіп біледі.

Көру мүшесі арқылы айналадағы заттар туралы ақпарат алады. Олар кітаптар, мұражайдағы суреттер, географиялық карталар, жолда жүру белгілері, судың жылжып ағысы, бишілердің биі және т.б.

Есту мүшесі арқылы - біздің құлағымыз – заттар туралы дыбыстық ақпарат аламыз: сөз, телефон шырылы, әуен, аққан судың гүрiлi, т.б.

Қоршаған ортадан алынатын түрлi иістер де маңызды ақпарат болып табылады. Газдың иісін сезу арқылы біз бірден апаттан құтқару қызметiне телефон соғамыз.

Заттың дәмі жөніндегі мәлiмет тiлдiң сезгiштiк қасиетi арқылы алынады. Мұндай сезіміміз болмаса, не болатынын елестетіп көрейікші. Біз мерекелік торттың керемет дәмін ешқашан білмес едік.

Сипап сезу мүшелеріміз арқылы басқа да ақпарат алуға болады. Мысалы, заттың температурасы (ыстық па, әлде суық па), қоршаған орта жағдайы (ылғалды ма әлде, құрғақ па) туралы ақпарат алуға болады.

Ақпарат – бұл қоршаған орта туралы мәлiмет болса, ал ақпараттық мәдениет - бұл ақпарат көздерiн (анықтамалармен, сөздiктермен, энциклопедиямен, ұшақ кестелерiмен және теледидар бағдарламалары) қолдана бiлудi үйрену. Ақпараттық мәдениет - бұл дұрыс сөйлей бiлу, теледидарды орынды көре бiлу, компьютермен жұмыс тәртiбiн игеру және достарыңмен жақсы қарым-қатынаста болу сияқты әрекеттердi қамтиды.

Балалар! Компьютерлер өте көп. Әрине, бiз онымен ойнай аламыз, ән тыңдаймыз, оның көмегiмен түрлi-түстi боялған суреттер саламыз, есептер шығарамыз ертегiлер басып шығара аламыз. Егер сен дұрыс бұйрық берсең, онда оны компьютер дұрыс орындайды. Сонымен бiрге жаңа пәндi меңгеру барысында компьютер бiзге көмекшi болады.

Компьютер неден жасалған және ол қандай бөлiктерден құралған? Компьютер - өте күрделi құрылғы. Оның құрамына жүйелiк блок, монитор, пернетақта және тышқан енедi.

Қауiпсiздiк ережесi және компьютер сыныбында өзiн-өзi ұстау ережесi.

  • электр сымдарына, ажыратып қосқыштарға, мұғалiмнiң рұқсатынсыз компьютер

қозғауға, тиiсуге рұқсат етiлмейдi;

  • компьютерде су қолыңмен жұмыс жасауға рұқсат етiлмейдi;

  • электр сымдарында немесе компьютердiң сыртқы бөлiктерiнде ақауы бар

компьютерлермен жұмыс жасауға рұқсат етiлмейдi;

  • сыныптан мұғалiмнiң рұқсатынсыз кiруге және шығуға рұқсат етiлмейдi;

  • сыныпта мұғалiмнiң рұқсатынсыз өз бетiмен жүруге рұқсат етiлмейдi;

  • компьютер тұрған үстелдiң үстiне портфель, сөмке, кiтап қоюға болмайды.

Үстелдiң үстiнде тек қана дәптер және қалам жатуы тиiс.;

  • компьютерлiк сыныпта жүгiруге, ойнауға, жолдастарыңның көңiлiн бөлуге және де басқа жұмыспен айналысуға болмайды.


Компьютермен жұмыс кезiнде қойылатын талаптар:

  • жұмыс кезiнде көз бен экранның арақашықтығын сақтау керек - 50 см;

  • оқушылардың сыныпқа бөтен адам кiргенде орнынан тұруы шарт емес;

  • көз ауырып немесе шаршаған кезде орнынан тұрмай, сергiту жаттығуларын жасауға болады.

Көз талғанда және шаршағанда жасалатын жаттығулар:

  • көз қарасыңды оңға-солға, жоғары-төмен бұру;

  • көздi сағат тiлiнiң бағытымен және керi бұру;

  • көздi қолмен жауып 1-1,5 минут отыру керек.

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту

1-тапсырма. Көзге жаттығу жасату.

1-жаттығу

  • Көздеріңнің бұлшық етін қатайтып, бірнеше секунд жұмындар.

  • Көздеріңнің бұлшық етін босаңсытып, ашындар. Бұл кезде бірқалыпты дем алындар. 4-5 рет қайталаңдар.

2-жаттығу

  • Кеңсірікке қарап тұрып, 3 рет терең дем алыңдар.

  • Көздеріңді талдырмаңдар.

  • Алысқа қадалып қарандар.

3-жаттығу

  • Бастарынды бұрмай, ОҢҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.

  • Алысқа қадалып қарандар.

4-жаттығу

  • Бастарыңды бұрмай, COЛFA қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.

  • Алысқа қадалып қарандар.

5-жаттығу

- Бастарынды көтермей, ЖОҒАРЫ қарап, көздерің түскен нүктені белгілендер.

- Алысқа қадалып қараңдар.

6-жаттығу

  • Бастарыңды бұрмай, ТӨМЕН қарап, көздерің түскен нүктені белгілеңдер.

  • Алысқа қадалып қараңдар.

7-жаттығу

- Көздерінді 20-30 секунд бойы жиі-жиі жыпылықтатыңдар.

2-тапсырма. Компьютер сыныбында қолданылатын ережелерді кестеге толтыр.

Болады

Болмайды



ІV. Жаңа сабақты қорыту

  • Оқушылар, біз бүгін қандай пәнді бастап жатырмыз?

  • Қандай тақырыппен таныстық?

  • Ақпарат дегеніміз не?

  • Компьютер сыныбында қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз керек?

  1. Бағалау

Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқандарыңызға көп рахмет. Белсенді араласқан оқушыларды бағалаймын.

VІ. Үйге тапсырма


Қауiпсiздiк ережесi және компьютер сыныбында өзiн-өзi ұстау ережесiн қайталап келу.



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 02.11.2015
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров224
Номер материала ДВ-114820
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх