Инфоурок Информатика Научные работы«Информатика пәні бойынша электрондық оқулық» тақырыбында информатика зерттеу жұмысы

«Информатика пәні бойынша электрондық оқулық» тақырыбында информатика зерттеу жұмысы

Скачать материал

Министерство науки образования

Республики Казахстан Алматинская область, г. Текели

Государственное учреждение средняя школа №1 с ДМЦ

 

 

 

Автор:

Нұрбосын Жандос

 

 

 

 

 

Сынып:

7Ә

 

 

 

 

 

Жұмыстың тақырыбы:

Информатика  пәнінен

электронды оқулық

 

 

 

 

 

Секциясы:

Информатика

 

 

 

 

 

Жетекшісі:

Информатика пәнінің мұғалімі

Керимбаева Л.К.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2016 жыл Текелі қаласы

АҢДАТПА

 

 

Шығармашылық жұмыс қазіргі уақыттың компьютерлік ақпараттық технологиялар негізінде даму көкейкесті тақырыпқа –«Информатика» пәніне элекрондық оқулықты өңдеу.

Шығармашылық жұмыста ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар, олардың қолдану және даму перспективалары бойынша шолуы берілген.

Бұл жұмыс қазіргі ақпараттық технологиялардың даму стратегиясы ақпараттан білім беруде бағытты анықтайды.

Қарастырып отырған шығармашылық жұмыстың программасын іске асыру жолында қосымша өңдеу ортасы ретінде AutoPlay Media Studio  бағдарламалау тілі қолданылды. Сондай-ақ оның ерекшеліктері мен мүмкіншіліктері қарастырылды.

Түсіндірме жазбасында бағдарламаға қойылған талаптар, оның функционалдық тағайындалуы, бағдарламаның логикалық құрылымының сипатталуы, сондай-ақ қарастырылып отырған бағдарламалық өнімнің экономикалық тиімділігі және еңбекті қорғау талаптарына байланысты барлық мәселелер келтірілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АННОТАЦИЯ

 

 

Творческий работа посвящен актуальной тематике современного развития на базе компьютерных информационных технологий – Разработка электронного учебника по предмету «Информатики».

  В творческом работе приведены обзор по информационным и телекоммуникационным технологиям, перспективы их использования и развития.

Это работа позволяет определить направления стратегии информационных технологий от информации до знания.

  В рассматриваемом творческом  работе используются язык программирования AutoPlay Media Studio, как центр обработки приложения как осуществления программы. Так же рассматриваются его возможности и отличия.

  В пояснительной записке приведены   заданные требования программы, его функциональные назначение, описание логической структуры программы, а так же экономическая выгода рассматриваемого программного продукта и все проблемы, связанные с требованиями охраны труда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Текелі қаласының

№1 орта мектеп МДШО

7 «Ә» сынып оқушысы Нұрбосын Жандостың

«Информатика пәні бойынша электрондық оқулық»
тақырыбында информатика зерттеуіне
пікір
 
Информатика сабағында оқушылар электронды оқулықпен жұмыс істеді. Жандос электронды оқулыққа қызығушылық танытып, өзі информатика пәнінен бастауыш сыныптарға арнап, электронды оқулық құруға бел буды. Нұрбосын Жандостың электрондық оқулық бойынша бұл тақырыпты таңдау себебі жайдан-жай емес. Біздің мектепте информатика пәнінен оқулықтар жетіспейді. Сол себепте электронды оқулықты құру үшін оқушы өзі жеке  AutoPlay Media Studio бағдарламасымен танысып және осы бағдарлама арқылы нұсқаулық құрды. 
 
Бұл нұсқаулық бөліміне  келесі тақырыптар қосылған: 
*          Техника қауіпсіздігі
*          Компьютер құрылымы
*          Paint графикалық редакторы
*          WordPad мәтіндік редакторы
*          Тест тапсырмасы
 

 Кіші сынып оқушылары информатика сабағында тақырыптарды меңгеру барысында электронды оқулықтарды қолданады, бұл материалдық игеру сапасын жақсартады. Оқу процесіне электрондық оқулықтарды пайдалану қазіргі уақытта үшін маңызды болып табылады. Пән бойынша электронды оқулықта қажет ақпараттар бар, қысқаша және түсінікті түрінде ұсынылған, оқушылардың  танымдық белсенділігін арттырады. Сондықтан, бұл жұмыс оқытушылар мен оқушыларға арналған практикалық маңызы бар құрал болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жетекшісі:  ________   Керимбаева Лаура Кусайыновна
МАЗМҰНЫ

 

 

Кіріспе

 

 

1

Электронды оқулық туралы түсінік

 

 

1.1

Электрондық оқулық құрылымы. Электрондық оқулыққа қойылатын талаптар

 

 

1.2

Электрондық оқулықтарды пайдалану тиімділігі

 

1.3

Электронды оқулықтың жұмыс режимі

 

 

2

«Информатика пәні бойынша электрондық оқулық» оқыту бағдарламасын пайдалану туралы нұсқаулар және сипаттамасы

 

 

2.1

Электронды оқулық интерфейсі

 

 

2.2

Әдістемелік нұсқаулықтың жалпы құрылымы

 

 

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


КІРІСПЕ

 

 

           Қазіргі кезде қоғам әрекеттерінің барлық саласында компьютер көмегімен ақпараттық ресурстар көп орын алады. ХХІ ғасырда барлық дүние жүзі ақпарат алмасу қоғамына көшірілді деуге болады. Оған қазіргі қоғамдағы барлық білімнің, ғылымның, экономиканың және басқару салалары арқылы ақпараттандыру белгісіне қол жеткізуге болатындығы куә болып отыр.

Сондықтан, бүгінгі күні ақпараттық технология кең көлемде оқыту мен педагогикалық ұйымдастыру қызметінде барлық республикалық оқу орындарында қолданылады. Электронды оқулық, көмекші құралдар, компьютерлік тапсырмалар, практикалық жұмыстар, автоматтандырылған тестілеу- бұларды бүгінгі оқушылардың пайдалана білгені жөн.

  Ал оқу орындарының жаңа жүйеге өтуге байланысты оқушылардың өздігінен жұмыс істеп үйренуіне көп көңіл бөлінеді. Бірақ, өздігінен жұмыс істеп үйренбеген оқушылар материалдарды игеру үлкен қиындықтар туғызады. Сондықтан мен оқушыларға көмекші құрал ретінде электронды оқулық жасауды мақсат еттім.

Мұғалімге және оқушыларға өзіндік жұмыстарын атқаруға көмектесетін электронды оқу құралын жасау, практикалық жұмыстарды құру және шығару кезінде әр қайсысын түсіндірмемен жабдықтау арқылы және ұқсас тапсырмалар беріп, тестік сұрақтар арқылы олардың осы пәнге деген қызығушылығын арттыру. Жасалатын көмекші құрал қолданушысына көмегін тигізуі үшін, электронды оқыту басылымдарына қойылатын талаптарды мүмкіндігінше толығырақ ескеруді міндет етіп қоямыз.

Менің жұмысымның тақырыбы: «Информатика  пәнінен электронды оқулық».

Жұмыстың мақсаты: Информатика пәнінен электрондық оқулық жасау, электрондық оқулық туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру, электрондық оқулықты құру технологиясы туралы түсініктерді және AutoPlay Media Studio бағдарламасын пайдаланып және өзге программаларды қосу арқылы электрондық оқулық құру.

Жұмыстың өзектілігі: Мұндай құрылған бағдарлама әсіресе Интернетте электрондық оқулық құру технологиясын жетiлдiруге және көптеген пайдаланушыларға білімін жетілдіруге  көмектеседі.

Жұмыстың нысаны. Информатика пәні бойынша электрондық оқулық жасау және пайдалану.

 Жұмыстың міндеттері:

Білімді ақпараттандыру саласы бойынша ақпараттық технологияларға негізделген білім беру стандарттарына, оқыту әдістері мен оқу бағдарламаларына ғылыми талдау жүргізу негізінде информатика пәнін оқыту қызметін анықтау.

Электрондық оқулық жасау және пайдалану технологиясын анықтау.

Зерттеу жұмысы үш бөлімнен тұрады:

  Бірінші бөлімде, электрондық оқулықтар туралы түсінікті қалыптастыру, электрондық оқулықтарды пайдалану саласы, электрондық оқулықтың құрылымдық жолдары, электрондық оқулық жасау құралдардың топтастырылуы, электрондық оқулыққа қойылатын талаптар қарастырылған.

Екінші бөлімге  AutoPlay Media Studio ортасымен танысу, оның принциптері мен  мүмкіншіліктері  туралы, сонымен қоса құру сипаттамасы қаралған.

Үшінші бөлім, Қолданбалы бөлімде информатика пәнінен электрондық  оқулық жасалуы көрсетілген.

 

 

 

 

 


1.     Электрондық оқулық туралы түсінік

Аса жоғарғы сападағы графикалық схемаларды, формулаларды, берілгендерді безендіру, динамикалық суреттеудің жүйелі немесе тармақталу түріндегі мүмкіндіктерді түрлі түсті компьютерлік анимациасында қолдануға және оларды жоғары деңгейде ұсыну қарастыруға болады. Электрондық оқулықтар барынша ыңғайлы және көрнекті дидактикалық материал беруге немесе оқуға назар аударылады және білім алуда қиындықтарды жоюға мүмкіндік береді. Сондай–ақ, оларға ұқсас оқулықтарды бағалау, нәтижелі құралдарымен, тиісті жабдықталу және білімдердің бақылау процесін меңгеру және дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Электрондық оқулықтарды жасаудағы маңызды ролі оқулықты әдістемелік қамтамасыз етуді жобалау алады. Электрондық оқулықтармен оқытудың (білім берудің) барлық негізгі кезеңдерін автоматтандыру - оқу материалдарының мазмұнын бақылауға және қорытынды бағалаулардың ұсынысын жасауға дейін көздеген. Соның арқасында барлық міндетті оқулық материалдары жарқын, қызықты, ақылдың үлесімен ойындық жүріске ,яғни кең қолданысқа ие мультимедиалық түрін графиктерде, соның ішінде интерактивтік және дауыс жүргізу арқылы ауыстырылады.

Сондықтан, тиімді оқулықтан электрондық оқулық жасауға оның жабдықталуымен ( гипермәтінін жасау) және көрнекілік жағынан жақсы материалмен (мультимедиалық құралмен қоса) және компьютер экранында іске асыру жеткіліксіз. Электрондық оқулықты мәтіндік суреттерге, анықтамаға айналдыру емес, оның негізгі принципіне мән беріледі.

Электрондық оқулықтың жұмыс тәртіптері

Электрондық оқулықтардың жұмыс тәртібінің ерекшелеп көрсетуге болады:

· бақылаусыз оқыту;

· бақылаумен оқыту, оқытылған әрбір тарау (параграфтың) бойынша арнайы бақылау сұрақтарымен қортылады;

· қорытынды бақылау тест арқылы бітеді.

Оқулықтың электрондық нұсқасы бақылау құралдарына кедергі келтіруде, дәл осы бақылау сияқты оқуда білімдерді бақылау негізгі мәселе болып келеді. Ұзақ уақыт бойы білім берудің дәстүрлі жүйесінде білім бақылауы ереже сияқты, ауызша түрде өткізілген еді. Қазіргі кезеңде тестілеудің әртүрлі әдістері қолданылуда. Көбісі, бұл позицияларды бөлмейді, сондай тесттер қажетті дағдыларды қалай талдау керектігін және мәселенің шешімін табуды шектейді. Жаңа технологияларды қолдану арқылы қашықтықтан оқыту жүйелерінде сапалы және жаңаша мүмкіндікпен шешуге болады. Біз электрондық оқулық түрін құрдық, сайып келгенде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану оқу нәтижелілігін жоғарылауына жағдай жасайтындығына үміттенуге болады, сонымен қатар білім алушының дербес дайындалуына таптырмас құралы деуге болады.

Электрондық оқулық оқытушы үшін ыңғайлы, себебі ол :

· лекцияларға және практикалық жұмыстары өзінің қалауына бағытталады, яғни аз көлемді, бірақ ең мазмұнын есепке алу және ЭО-мен дәрісханалық жұмыстардың дербес жұмысы үшін рұқсат етеді;

· арақатынастардың мөлшерін үнемдеуді, үлгілерін ұстауы және мақсаттарды ықшамдауға, дәрісханада қарастырылатын және үйге берілген тапсырманы нәтижелеуге рұқсат етеді; білімалушылармен жұмыс жасағанда, әсіресе үй тапсырмалардың және бақылау іс-шараларына тиісті бөлімінде дербестікке мүмкіндік береді.

Электрондық оқулықты пайдалану саласы

2006 жылдың 1 наурызындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың халыққа жолдауында «Электрондық үкімет» жүйесін шұғыл енгізу қажеттілігін әдейі басқа көрсеткім келеді деп нақты атап көрсеткен. Біз электрондық үкіметпен ел басқарамыз, мемлекеттік органдарды тиімді пайдаланамыз.

Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту». Білім берудің кез келген саласында ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Қазіргі уақытта электрондық WEB оқулықтың қандай екендігі туралы біртұтас ой жоқ. Электрондық оқулық дегеніміз- мултимедиялық оқулық, сондықтан электрондық оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуға тиіс. Электрондық оқулық білім алушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және білім алушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Себебі, білім алушының өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементінің жанында жазуы болады. Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез немесе жәй түрде көрсетуге пайдалы. Электрондық оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіншілік туғызады. Электрондық оқулықтың ең қажет элементі-аудиохабарлар. Мысалы: құстардың дауыстарына қарай құс екенін ажырата білу, жүрек қағысын байқау.

Электрондық оқулықтарды қолданылу барысында білім алушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Сондай-ақ мұғалімдерге де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде элекрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану-оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой-өрісі дамыған, шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу үшін, бір-бірімізден тәжірибе алмасып, кемшілік-жетістіктерді айтып отырсақ жұмысымыз өнімді болады деп ойлаймын.

 


1.1.Электрондық оқулықтың құрылымы

 

Оқулықтың сапалылығы тақырыптық мазмұнның баяндалуымен анықталады. Егер аталған оқулық бойынша үйренушi сынақ немесе емтихан тапсыратын болса, онда оның мазмұндық материалы келесi үш түрде өрнектелетiн болады:

1.           материалдың мәтiн, сурет, график, кескiн, кесте және т.б. түрлерде баяндалуы. Ол оның дәстүрлi оқулықтан ерекшелiгiн көрсетедi.

2.           материалдың кескiн түрiнде баяндалуы – оқулық мазмұнының графиктiк-мәтiндiк түрде бейнеленуi. Онда оқу материалының негiзгi идеясын айқындайтын үзiндiлерiн оқушының меңгеруiне ыңғайлы етiп, графиктiк түрде бейнелеу.

3.           Өзiндiк тексерудiң (өзiндiк бақылаудың) тестiлiк жүйесi. Онда оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенiн айқындайтын сұрақтар мен тапсырмалар берiледi.

Материалдың мұндай түрде бейнеленуi оқушының есте сақтау қабiлетiнiң дамуына және өткен материалды ұмытпай, оны дамытуына игi әсерiн тигiзедi.

Ал ендi электрондық оқулықтың құрылымдық элементтерiне жан-жақты тоқталайық:

-               сыртқы бетi;

-               титульдық экран;

-               мазмұны;

-               оқу материалының толық баяндалуы (кескiндер, кестелер, графиктер, бейнелер);

-               оқу материалының қысқаша мазмұны (кескiн курс түрiнде берiлуi);

-               қосымша әдебиеттер (оның тiзiмiн ғана емес, мәтiндердi де енгiзу қажет);

-               өзiндiк бiлiмдi тексеру жүйесi;

-               өзiндiк бақылау жүйесi;

-               мәтiндiк үзiндiлердi iздеу функциясы;

-               авторлар тiзiмi;

-               терминдiк сөздер;

-               оқулықтың элементтерiн басқару бойынша анықтамалық жүйе;

-               оқулықпен жұмысты басқару жүйесi.

Әрбiр құрылымдық элементке жеке-жеке тоқталып, сипаттама берейiк:

Сыртқы бетi  түрлi-түстi бояулармен боялып, эстетикалық тұрғыдан әдемi безендiрiлуi қажет. Ол үшiн графиктiк қойылымдар мен түстер қолданылады. Оқулықты көрмеге қою мақсатында анимациялық құбылыстармен безендiрiлуi қажет.

 Титульдық экран. Онда оқулықтың атауы, жоғарғы бiлiм мекемелерi (мысалы, Қазақстан Республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi), авторлық құқық, оқулықтан лицензиядан өткен белгiсi, баспаға тапсырылған күнi, оқулық авторларының мекемелерi  туралы ақпараттар жазылады.

Мазмұны. Ол оқулықтың негiзгi құрылымдық элементтерiнiң қатарына енедi. Оқулық мазмұнының негiзгi құрылымдық бөлiктерiн шағын түрде үйренушiнiң оқуына жеңiл болатындай етiп көрсету қажет.

 Электрондық оқулықты жасақтаушылар алдына мынадай мәселелер қойылады: неден бастау керек? электрондық оқулықтың типi қалай таңдалады? оны құрудың негiзгi мақсаты қандай? оқулықтың бөлiмдерiн үйренушiнi  ынталандыру бағытында қалай таңдап алуға болады? оқулықтың сценарийiн қалай жазуға болады? оның құрылымдық мазмұнын қалай құруға болады? электрондық оқулықпен оқытуда үйренушiнiң қызметiн қалай ұйымдастыруға болады? оқытудың нәтижелерiн қалай бақылауға болады?  электрондық оқулықты құруды қалай сипаттауға болады? және т.б.


Электрондық оқулыққа қойылатын талаптар:

 

1.         Жан-жақтылығы.

2.           Iзгiлiктiлiк. Онда кез келген орындаушы өзiне қажеттi бiлiмдi ала алады.

3.         Бейiмдiлiгi. Ұсынылып отырған оқу материалы барлық орындаушылар үшiн бiрмәндi болуы керек. Бiрақ оқу материалы әр түрлi формада берiлуi мүмкiн.

4.           Модульдiк. Кез келген электрондық оқулықты дәстүрлi оқулықтар негiзiнде құрылымын жасақтау.

5.           Экономикалық тиiмдiлiгi. Аталған оқулыққа сұраныс көп болуы қажет және сәйкес түсетiн пайданы да қарастыру қажет.

6.           Тұтынушыға бағдарлау.

Электрондық оқулықтың құрамы:

-               пән туралы қысқаша ақпарат;

-               жұмыс бағдарламалары;

-               электрондық оқулықпен және оның бөлiктерiмен жұмыс жасау туралы әдiстемелiк нұсқаулар;

-               ұсынылатын бiлiм беру бағдарламалары;

-               теориялық материалдар (лекция конспектiлерi);

-               теориялық материалдарға негiзделген оқу құралы;

-               практикалық жұмыстарды орындауға негiзделген әдiстемелiк құрал;

-               практикалық жұмыс пен бақылау жұмыстарының тапсырмаларының тiзiмi;

-               бақылау тапсырмалары;

-               лабораториялық жұмыстардың әдiстемелiк нұсқалары;

-               бiлiмдi бағалау критерийлерiн айқындайтын тапсырмалар;

-               бақылау тестiлерiнiң жинағы;

-               телекоммуникациялық құрылғыларды қолдану арқылы консультация түрлерi мен графигi;

-               глоссарий;

-               әдебиеттер тiзiмi және Интернеттiң ақпараттық ресурстарына сiлтемелер;

-               озат мұғалiмдердiң жасақтаған қосымша авторлық материалдары;

-               үйренушiнiң жұмыс папкасы;

Аталған құрам арқылы электрондық оқулықтың құрылымы тұрғызылады.


1.2.ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ

 

Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.

Ертеңгі күнімізге аттамас бұрын бүгінгі ұстаздың кім екендігіне баға беріп көрейік. Бүгінгі мұғалім ата-ана, бала бағбаны, қоғам қайраткері. Мұғалім – оқытушы, мұғалім – ұстаз, мұғалім – оқулық авторы, мұғалім – технолог, мұғалім-жаңалықты дәріптеуші, таратушы.

Қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әр түрлі тегімен анықталады.Оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде.

Қазіргі кезді электрондық WEB оқулықтың қандай екендігі туралы біртұтас ой жоқ. Электрондық оқулық дегеніміз – мультимедиялық оқулық.

Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту.» Білім берудің кез келген саласында электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасайды.

Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес, сондықтан электронды оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуы тиіс. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді.

Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық жұмыстар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар орындап, тестілер шешіп, карталар және схемалармен жұмыс жасауға дағдыланады.Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез және жәй түрде көрсетуге пайдалы. Электрондық оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіншілік туғызады. Электронды оқулықтың ең қажет мүмкіндігі аудиохабарлар. Мысалы: құстардың дауыстарына қарай қандай құс екенін ажырата білу, жүрек қағысын байқау.

Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп ойлаймын. Осы Электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Сондай ақ мұғалімдерге де өзіне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Электронды оқулық – бұл дидактикалық әдiс-тәсiлдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негiзделген түбегейлi жүйе. Электронды оқулықпен оқыту, мұғалімнің оқушымен жеке жұмыс iстегенiндей болады. Дәстүрлi оқытуда кейбiр оқушылар түсiнбей қалған материалды мұғалімнен қайталап сұрай беруге кейде қысылады, сол себептi жаңа тақырыпты дұрыс қабылдай алмауына әкеп соғады. Ал электронды оқулықпен жеке жұмыс iстеуiнiң арқасында сол тақырыпты бiрнеше қайталап оқуына, тыңдауына, тiптi түсiнбеген сөздi бөлiп анықтама бөлiмiнен қарауға, сол сөздiң түсiндiрмесiн бiлуiне, оның грамматикалық жасалу жолдарын бiлуiне көптен-көп көмегiн тигiзедi.

Электрондық оқулықтар оқушының бiлiм сапасын бақылау жүйесiн өзгертуге мүмкiндiк жасайды. Дәстүрлi оқытуда әр оқушы оқытушы тарапынан бақылау өте жиi болмай қалуы да кездеседi, ал электронды оқулықтың көмегiмен оқыту үрдiсiнiң әр этапын бақылай алады. Тiптi кейде тапсырманың дұрыс орындалуын ғана қадағалап қоймай, қате орындаған жағдайда оқулықтың тарауына, керектi тақырыбына немесе қажет ақпарға сiлтемелер берiп отырады. Бұл оқушы үшiн, бiрiншiден үлкен көмек, жеңiлдiктер туғызса, екiншiден, сол материалды автоматты түрде бақылап, әдiл бағасын беруге, оқушыға қажетiне қарай кеңес беруге, сол жайында барынша мәлiмет алуға мүмкiндiк жасайды.Сонымен қатар оқушы грамматикалық анықтамаларды оқи отырып бiлiмiн тереңдете алады. Мiне, осындай мүмкiндiктердiң барлығы оқудың мотивациясын күшейтедi, оқушылардың тiлге деген қызығушылығын арттырады, оқуға деген белсендiлiгiн арттырады, оқытудың дәстүрлi ұйымдастыру формасынан шығып, оқытуды даралауды күшейтуге көп көмегiн тигiзедi. Электронды оқулықта берiлген мәтiндiк материалдар белгiлi бiр қатынас жағдаяттарында қолданылатын сөйлемдердi құрайды. Сұхбаттар көлемi жағынан шағын және жеңiл жатталады. Сұхбаттық жағдаяттар қазақ тiлiнде бiр-бiрiне сұрақтар қойып және жауап қайтара алуға үйретедi. Сонымен қатар берiлген тақырып төңiрегiндегi сөйлемдер мен әңгiмелердi микрофонның көмегiмен компьютерге басып, өздерi тыңдап, өзiн-өзi тексеруге, дұрыс сөйлеуге көмектеседi.

     Мысалға, электронды оқулықтағы бiр тақырыпқа тоқталатын болсақ, алғашында сол тақырып бойынша мәтiн берiлген.

1.     Осы мәтiндi оқушы тыңдайды, оқиды, сонан соң барып тақырыптық сөздiктерге көңiл аударады.

2.     Жаңа сөздердiң аудармасын iздеп тауып алғаннан кейiн, сол сөздермен басқа жағдаяттарда қолдануға болатын сөйлемдер құрастырады.

3.     Осы құрастырған сөйлемдерiн қолдана отырып жағдаяттар ойластырады.

4.     Өздерi ойластырған жағдаяттарды қолдана отырып сұхбат құрастырады.

5.     Сұхбаттарды бiрiншi жақтан құрастырғаннан кейiн, оны үшiншi жаққа аударып айтып бередi.

6.     Берiлген тақырып көлемiнде түрлi жаттығулар мен тапсырмалар орындайды.

7.     Сөйлемдегi сөздердiң орын тәртiбiн дұрыс қою арқылы сөйлем құрастырады.

8.     Сөйлемдегi жетпей тұрған сөздi табу арқылы, сөйлемнiң мағынасын түсiнуiн аңғартады.

9.     Компьютермен сұхбаттасу арқылы қойылған сұраққа дұрыс жауап бере алатындығын көрсетедi.

10. Әңгiменi қостай отырып, сол тақырып көлемiнде сөйлесе алатындығын байқатады.

11. Сөйлемдегi сөздердiң жалғауларын дұрыс қоюы грамматиканы түсiнгендiгiн бiлгiзедi.

12. Сөйтiп көптеген жаттығулармен тапсырманы дұрыс орындағанда барып өз өмiрiнде осы тақырыпты қолдана отырып әңгiме құрастыруға дейiн жетедi.

 

Электронды оқулықтар оқушылардың

     — бiлiм деңгейiн тереңдетуге;
     — ауызекi тiлде сөйлей бiлу дағдыларын қалыптастыруға;
     — өз бетiнше iздену қабiлетiн қалыптастыруға;
     — ойларын дамытуға;
     — оқушылардың  сөздiк қорының молаюына;
     — тiлдi үйренуге деген ынтасы мен қызығушылығының артуына;
     — сабақта өзiн еркiн ұстап, өз мүмкiншiлiгiн кеңiнен пайдалана алуына;
     — өз iсiне талдау жасай алуға көптен-көп көмегiн тигiзедi.

     Қорыта келе айтарым, оқу үрдiсiнде электронды оқулықты қолданудың маңызы өте зор. Тiл үйренушi электронды оқулықпен сабақ бойы үздiксiз байланыста болғандықтан тiлдi меңгеруiне үлкен мүмкiндiктерi бар. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой өрісі дамыған, шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу үшін, бір-бірімізден тәжірибе алмасып, кемшілік- жетістіктерді айтып отырсақ жұмысымыз өнімді болады деп ойлаймын.


1.3.     Электронды оқулықтың жұмыс режимі

 

Электрондық оқулықтың жұмыс істеу режимдеріне тоқталсақ, электронды оқулықтың негізгі үш жұмыс істеу режимі бар:

- бақылаусыз оқыту;

- бақылаумен оқыту

- тестік бақылау.

  Мұндағы бақылаумен оқытуда материалды игеру деңгейін анықтау мақсатында әрбір тараудың соңында оқушыға бірнеше сұрақтар берілсе, тестік бақылауда баға қою арқылы білімдерін тексереді.                                               Қазіргі кезде тестілеудің әртүрлі әдістері қолданылады. Нақты пән аумағын игеру үшін теорияны игерумен қатар есептерді шығарудың практикалық дағдысын қалыптастыру қажет. Ол үшін зерттелінетін процестер мен кұбылыстардың математикалық моделін тұрғызуды үйрену керек. Оның алгоритмдік шешімін жобалау және программа түрінде жазу. Студенттердің интуициясы мен бейнелеп ойлануын дамытуға мүмкіндік берумен кодтар олардың түсіну деңгейін жоғарылатуға көмек беретін алгоритмдердің кұрылымы мен жұмысын графикалық иллюстрациясын қамтамасыз ететін модельді программалар сериясы электрондық оқулық кұрамына жоғарыдағы мақсатқа жету үшін кіруі тиіс.


2.     «Информатика пәні бойынша электрондық оқулық»

оқыту бағдарламасын пайдалану туралы нұсқаулар және сипаттамасы

2.1. Электронды оқулық интерфейсі

AutoPlay туралы түсінік

AutoPlay Media Studio – бұл дискінің автоматты түрде жүктелуін жасайтын бағдарлама. Бұл AutoPlay Media Studio бағдарламасының жалпы мүмкіндіктерінің бірі болып табылады. Бұл бағдарлама арқылы электронды оқулық, портфолио, CD\DVD визиткаларын, презентациялар, қарапайым ойындар, электронды фотоальбом, жоғары сападағы бейнефайлдар, қарапайым дыбыстық және бейнелік ойнатқыштар жасауға болады.

AutoPlay Media Studio бағдарламасының құрал – саймандар тақтасында объектілермен қарапайым және жеңіл бейнелермен, бейнефильмдермен және дыбыстармен жұмыс жасауға араналған батырмалар орналасқан. Жоба жасау үшін AutoPlay бағдарламасын ашып, CREATE A NEW PROJECT батырмасын басамыз:   

Сол кезде бірнеше жоба беттері бар терезе ашылады:

Осы терезедегі жоба беттерінен қалаған біреуін таңдап соның үстіне жылдам 2 рет басамыз. Сонда мынандай терезе ашылады:

Енді оған батырмалар салу үшін, жоғарыдағы NEW BUTTON OBJECT батырмасын басамыз:

Сол ашылған терезеден қалаған батырманы таңдап, ok батырмасын басамыз:

Осы батырмаға сөз жазу үшін қойылған батырмаға 2 рет басамыз да text деген жеріне жазғымыз келген тексті жазамыз да, FONT батырмасы арқылы шрифт ауыстыра аламыз:

Нәтижесінде мынандай батырма пайда болады:

Оған сілтеме беру үшін 2 рет шертіп, QUICK ACTION – SHOW PAGE батырмасын басамыз:

Тақырып жазу үшін NEW LABEL OBJECT батырмасын басып, 2 рет басу арқылы жоғардағы командаларды орындаймыз.

Ал, үлкен тексттер жазу үшін NEW PARGRAPH OBJECT батырмасын басамыз:

Бұл бағдарламаның бір ерекшелігі үлкен тексттерді кішкене жерге сиғызуға және жылжыту батырмасы арқылы қарауға болады:

 

Сонымен қатар бұл бетке сурет қоюға болады, ол үшін NEW IMAGE OBJECT батырмасын басамыз:

Сол кезде мынандай терезе шығады, яғни өз компьютеріңізден немесе флешкаңыздан сурет қоя аласыз:

           

Екінші бетке көшу үшін    Add page батырмасын басып, ол бетке де батырмалар, видео қоя аламыз:

 

 

 

 

Жасалған іс-әрекетті көру үшін PREVIEW батырмасын басамыз:

Ал сақтау үшін, келесі командаларды орындаймыз, BUILD батырмасы:

CONTINUE батырмасы

Егер компьютерге болса Hard drive folder, CD немесе DVD дисктеріне болса Burn data CD/DVD батырмасын басымыз, да сақтауды жалғастыру үшін NEXT басамыз:

 

Негізінен жасалған жобаңыз автоматты түрде AutoPlay Media Studio папакасындағы Projects – та сақталады оны анық көру үшін Browse батырмасын басамыз:

Ары қарай командалар арқылы жобаның атын өзгертіп, сақтаймыз:

 

Сақталған жоба көрінісі:

Міне осы бағдарламаны қолдану арқылы жобаны әсерлі де, әдемі етіп жасауға болады. Біз осы бағдарламаны өз тәжрибемізде пайдаланып, колледжден тыс облыстық мультимедиялық жобалар сайысында алғыс хатпен марапатталдық.

Қазіргі кезде кез келген саланың жұмысын дұрыс ұйымдастырудың ең басты шарты болып жетілген ақпараттық жобаларды құру жұмысы болып табылады. Ақпараттардың ағымы күннен-күнге ұлғаюда және бүгінгі күнде ешқандай анықтамалар ақпаратты үнемі және өз уақытында жаңартып отыра алмайды. Осы мәселелерді шешу үшін компьютерлік технологияларды қолданып, компьютерде есептеуді жүргізетін, графиклық бейнелерді, мәтіндерді құруға мүмкіңдік беретін бағдарламаларды қолдана отырып, ақпараттарды сақтау, өңдеу және іздеу әрекеттерін қолдануға болады.


2.2. Әдістемелік нұсқаулықтың жалпы құрылымы

«Информатика  пәнінен электронды оқулық» электронды оқулық бастауыш сынып информатика пәнінің бағдарлама ақпаратын құрайды.

Электронды оқулық интерфейсі

Электронды оқулық интерфейсі ашылған кезде басты бет пайда болады (1 сурет), белгісімен келесі бетке көшуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 сурет Басты бет

 
 

 

 



Келесі бетке көшкен кезде интерфейсті қолдану инструкциясы ашылады (2 сурет).

2 сурет Қолдану инструкциясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 батырмасын басу арқылы келесі мазмұны бетіне ауысады. Бұл бетте (3 сурет) электронды оқулықтың мазмұны көрсетілген.

3 сурет Мазмұны

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Мазмұны 5 бөлімнен тақырыптар бойынша тұрады.

1.                     Техника қауіпсіздігі

2.                     Компьютер құрылымы

3.                     PAINT графикалық редакторы

4.                     WORDPAD  мәтіндік редакторы

5.                     Тест

 

Бірінші бөлімде «Техника қауіпсіздігі» тақырыбын шолады (4 сурет).

4 сурет Техника қауіпсіздігі

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Бұл бөлімде оқушыларға көрнекілік түрінде ережелері көрсетілген.  батырмасында оқушылар видеофрагменттер арқылы көз, мойын бұлшық ет және қолға арналған жаттығуларды көре алады.   батырмасын басып, мазмұн бетіне қайтады.

 

Екінші бөлімде «Компьютер құрылымы» тақырыбы ашылады(5 сурет). Бұл терезеде әр компьютер құрылымының анықтамасын белгісі пайда болған жерді басу арқылы шығаруға болады (6 сурет).   батырмасын басу арқылы алғашқы компьютер құрылымы бетіне қайтуға болады.

5 сурет Компьютер құрылымы

 

6 сурет Принтер

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Үшінші бөлімде «PAINT графикалық редакторы» тақырыбы бойынша түсінік беріледі (7 сурет).

 

7 сурет PAINT графикалық редакторы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Батырмасын басу арқылы оқушылар практикалық тапсырмалар бетіне көшеді (8 сурет). Бұл жерде оқушылар өздеріне ұнаған төрт суреттің біреуін тандап, сала алады.

 

8 сурет Практикалық тапсырма

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Төртінші бөлімде «WORDPAD  мәтіндік редакторы» тақырыбы ашылады (9 сурет).

 

9 сурет WORDPAD  мәтіндік редакторы

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Бұл тақырыпта оқушыларға деңгейлік тапсырмаларп беріледі. Бірініші  тапсырманы орнадып болған оқушы келесі тапсырмаға өте береді (10 сурет).

10 сурет WORDPAD  мәтіндік редакторы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Бесінші бөлімде «Тест» тапсырмасы арқылы алған білімді тексеруге болады (11 сурет).

 

11 сурет Тест

 

 

 


Тест тапсырмасы Microsoft Officce Excel бағдарламасында құрылған. Сұрақтарға қажетті жауаптарды таңдау арқылы дұрыс жауаптың санын көре алады. Тест тапсырмасын  белгісі арқылы жауып, мазхмұны бетіне қайта алады.


Қорытынды

 

Күрделі ақпаратты өңдеу міндеттері компьютер шешім тағайындауға мүмкіндік беретін заманауй компьютерлік ақпараттар мен бағдарламалық қамтамасыз етулер.  Көрсетілген алгоритмдер бойынша дәстүрлі жүктелген компьютерлер процесі ақпарат және алгоритмдік тілде еңдеу бағдарламасын әзірлеу, кіріс және шығыс деректерді түсіндіру процесінде адамның міндетті қатысуын білдіреді.

Біз белгілі бір машина функцияларды өте құптарлық жасау арқылы үлкен деректер ағындарын талдау қажеттілігі біздің заманымыздың мүмкіндігін әдетте адам жүзеге асырады. 
 
Барлық осы факторлар әр түрлі кәсіби салаларда қосымша бағдарламаларды жасауға ықпал етеді. сондықтан, жоғары білім, түрлі пәндік салаларда тиімді электрондық ақпаратты беруге қажеттілігі туындады. Сол себепте зерттеу міндеті информатика пәні бойынша электрондық оқулықты «Информатика пәнінен электронды оқулық» тақырыбында  құру болып табылады. 
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде  информатика пәні бойынша электрондық оқулық «Информатика пәнінен электронды оқулық» тақырыбында  құру болды, сондай-ақ алынған ретінде меңгерген және қамтамасыз қосымша дағдылар

 

 
 

 

 


Қорытынды


ANNOTATION

 

 

The degree project is devoted to actual subjects of modern development on the basis of computer information technologies – Development of the electronic textbook on the subject «Alternative energy sources».

In the degree project prospects of their use and development are resulted the review on information and telecommunication technologies.

This degree project allows to define directions of strategy of information technologies from the information up to knowledge.

   In the considered degree project program language Macromedia Flash, as the center of processing of the appendix as realization of the program are used. As his opportunities and difference are considered.

   In an explanatory note the set requirements of the program, his functional purpose, the description of logic structure of the program, and as an economic gain of considered software product and all problems connected to requirements of a labour safety are resulted.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Информатика пәні бойынша электрондық оқулық» тақырыбында информатика зерттеу жұмысы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор по маркетингу (тур. агенства)

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 630 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.02.2017 8490
    • DOCX 13.1 мбайт
    • 61 скачивание
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Керимбаева Лаура Кусайыновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Керимбаева Лаура Кусайыновна
    Керимбаева Лаура Кусайыновна
    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14991
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 98 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Курс повышения квалификации

Применение компьютерных моделей при обучении математике и информатике в рамках ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 180 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Мини-курс

Эффективность обучения школьников на уроках литературы

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 11 регионов

Мини-курс

Методы и подходы проведения трекинга и менторства

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Технологии и автоматизация в машиностроении

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе