Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Конспекты / Информатика пәнінен 6 сыныпқа сабақ жоспары. Кестелер. Кесте құру

Информатика пәнінен 6 сыныпқа сабақ жоспары. Кестелер. Кесте құру


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

Пәні: информатика

Күні: 19.02.2016

Класы: 6 «В»

Сабақтың тақырыбы: Кестелер. Кестелерді құру

Сабақтың мақсаты:Ms Word бағдарламасында жасалынған құжатқа кесте қоюды, кестелерге деректер енгізуді, кестені өңдеуді үйрету.

Білімділік: Оқушыларды «кесте», «ұяшық», «баған», «жол» ұғымдарымен таныстыру. Кесте бойынша жылжыту, кестемен жұмыс жасау туралы білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық:Ms Word бағдарламасында жұмыс жасау кезіндегі іскерлігі мен эстетикалық талғамын арттыру.

Тәрбиелілік: Ұқыптылыққа, компьютермен жұмыс кезінде техника қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, репродуктивті

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, электронды тест

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Өткенді қайталау кезеңі

3. Жаңа сабақ

4. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру

5. Сергіту сәті

6. Сабақты бекіту

7. Қорытындылау, бағалау

8. Үйге тапсырма беру

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, жоқ оқушыларды белгілеу.

Информатика сабағына зейінін аудару (Қатесін тап)

Әңгіме. Мен компьютермен жұмыс жасау үшін міндетті түрде монитор мен сканер қосамын, әріптерді тышқанның көмегімен теремін, ал егер сурет салу керек болса сканерді қолданамын. Мәтінді қағазға басып шығару үшін қағазды жүйелік блокқа саламын. Әуенді принтердің көмегімен тыңдаймын, ал құжатты видеокартада сақтаймын, кейде оны колонка деп атайды. Және де мен компьютермен сурет салғанды ұнатамын. Меніңше, сурет салуға қолайлы программа, яғни графикалық редактор – WORD.

8 қате

  1. Міндетті түрде монитор мен жүйелік блокты қосу керек

  2. Әріпті пернетақта көмегімен тереді

  3. Сурет салу үшін сканерді қолданбаймыз, сканерді қағаздағы суреттерді компьютер жадына енгізу үшін қолданамыз.

  4. Қағазды басып шығаруға принтерді қолданып, қағазды принтерге саламыз

  5. Әуенді колонка немесе құлаққап көмегімен тыңдаймыз

  6. Құжатта ішкі жадыда сақталады

  7. Видеокартаныколонка деп атамаймыз

  8. Word графикалық редактор емес

Өткенді қайталау кезеңі

Сұрақ: Word қандай редактор?

Өткен сабақтарда Word мәтіндік процессорында мәтінді пішімдеудің қандай тәсілдерін үйрендік?

Қаріпке қандай пішімдеулер орындалады?

Бағандар дегеніміз не?

Нөмірленген, маркерленген тізімдер дегеніміз не?

Ақпаратты тізімнен басқа қалай реттеп жазуға болады деп ойлайсыздар?

Жаңа сабақ

Ақпаратты реттеп, бейнелеп көрсетудің тағы бір тәсілі оларды кесте арқылы ұсыну.

Кестелер мәтіндер мен бейнелер орналасатын жолдардан, бағандардан және ұяшықтардан тұрады. Word әртүрлі құрылымдағы – саны әртүрлі жолдар мен бағандардан, біріктірілген ұяшықтардан тұратын – кестелер құруға мүмкіндік береді.

Кесте құру батырмасы жолақтың кірістіру тіркеме парағында орналасқан. Жаңа кесте құру үшін Кірістіру -> Кесте -> Кестені кірістіру бұйрығын пайдалануға болады. Бұл жағдайда пайда болған терезеде жаңа кестенің жолдары мен бағандарының қажет санын енгізу керек.

Кестені құжатқа енгізгеннен кейін Конструктор және Макет қосымша тіркеме парағы қосылады. Кесте ұяшықтары бойымен тінтуірдің немесе меңзердің басқару пернелері көмегімен жылжиды. Tab пернесі ұяшықтар бойымен жылжу және жаңа жол қалыптастыру үшін қолданылады.

Меңзерді алдындағы ұяшыққа ауыстыру үшін Shift+Tab пернесін басады.

Жаңа сабақты түсінгенін тексеру (Компьютердегі тәжірибелік жұмыс)

1-тапсырма. «Менің сабақ кестем» кестесін құру

  1. Ms Word мәтіндік процессорында Жаңа құжат құрыңыз

  2. «Менің сабақ кестем» тақырыбын ортаға жазыңыз

  3. Кірістіру тіркеме парағынан Кесте құрыңыз

Күні



уақыты

дүйсенбі

сейсенбі

сәрсенбі

бейсенбі

жұма

сенбі

1300-1415







1420-1505







1520-1605







1620-1705







1710-1755







1800-1845








  1. Кестенің ішіне сабақ кестелеріңізді кірістіріңіз

2- тапсырма. «Күнделік» кестесін құру

Сергіту сәті. Экранға қарап көз жаттығуын орындау

Сабақты бекіту.

5 сұрақтан тұратын теориялық тест жұмысы

  1. Кесте құру бұйрығы қайда орналасқан?

А) Жолақтың кірістіру бөлімінде

В) Жолақтың Басты - Кестелер бөлімінде

С) Жанама мәзірде

Д) Officeбатырмасында

2. Кестенің соңына жаңа жол қосу үшін қандай пернені басу керек?

А) shift

В) Break

С) Enter

Д) Insert

3. Кестені құжатқа қойғаннан кейін пайда болатын жаңа тіркеме бет?

А) Басты, Дизайн

В) Сілтеме, Түр

С) Конструктор, Макет

Д) Конструктор, Кесте

4. Ұяшық дегеніміз не?

А) Мәтінді бейнелеп көрсету

В) Баған мен жолдың қиылысқан жері

С) Тігінен орналасқан жолақ

Д) Кестені пішімдеу тәсілі

5. Кестенің ұяшықтарын біріктір қай тіркеме бетте орналасқан?

А) Кірістіру

В) Конструктор

С) Макет

Д) Басты

Қорытындылау, бағалау

Балалар, бүгінгі сабақта біз Word мәтіндік процессорында кесте құруды және оны өңдеуді үйрендік. Сіздер өзіңіздің бүгінгі сабақта түсінгеніңізді қаншалықты бағалайсыз, «Блоб ағашына» өзіңізді таңдап белгілеңіз.

Бағалау парақшасының орта балын шығарып, оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: §22. Кестелер. Кестелерді құру. (оқу)









Бағалау парағы:

6-8 қате тапса – 4

3-5 қате тапса – 3

1-2 қате тапса - 2


2.

Өткенді қайталау сұрақтары

Әр сұрақтың жауабына – 1


3.

Компьютермен тәжірибелік жұмыс

1,2 тапсырма – 4

1-тапсырма – 3

1 – тапсырма аяқталмаса – 2


4.

Тест жұмысы

89-100% - 4

75 – 89% - 3

50 – 75 % - 2


5.

Сабақты қаншалықты түсінгеніңді бағала

Кез келген құрылымды кесте құра аламын – 4

Қарапайым кестелерді ғана құра аламын – 3

Мұғалімнің көмегімен кесте құра аламын – 2

Мүлде құра алмаймын - 1


Орташа балы (арифметикалық ортасы):






Бағалау парағы:

6-8 қате тапса – 4

3-5 қате тапса – 3

1-2 қате тапса - 2


2.

Өткенді қайталау сұрақтары

Әр сұрақтың жауабына – 1


3.

Компьютермен тәжірибелік жұмыс

1,2 тапсырма – 4

1-тапсырма – 3

1 – тапсырма аяқталмаса – 2


4.

Тест жұмысы

89-100% - 4

75 – 89% - 3

50 – 75 % - 2


5.

Сабақты қаншалықты түсінгеніңді бағала

Кез келген құрылымды кесте құра аламын – 4

Қарапайым кестелерді ғана құра аламын – 3

Мұғалімнің көмегімен кесте құра аламын – 2

Мүлде құра алмаймын - 1


Орташа балы (арифметикалық ортасы):





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 20.07.2016
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров26
Номер материала ДБ-144733
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх