Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Интернеттің пайдасы мен зияны

Интернеттің пайдасы мен зияны

  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:


Тақырыбы: Интернеттің пайдасы мен зияны

Мақсаты:

Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушыларда толық ой қалыптастыру, пайдасы мен зиянын түсіндіру. Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін жетілдіру, шығармашылыққа баулу. Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта білуге, өздерін сабырлы әрі тәртіпті болуға, басқаны тыңдай білуге тәрбиелеу. 

Күтілетін нәтиже: Оқушылар интернет туралы толық мәлімет алады, интернеттің пайдасы мен зиянды жақтарын толық түсінеді және онымен қолдану, компьютермен жұмыс істеу ережелерін танысады.

Көрнекілігі: презентация, бояу қарындаштар, А3 формат қағаздар.

ТСО: компьютер, интербелсенді тақта.

Әдісі: миға шабуыл, фишбоун, топпен жұмыс, постер қорғау.

Барысы:

І. Ұйымдастыру

1. Психологиялық дайындық

2. Топқа бөлу

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Тарихи мәлімет

  2. Бейнебаян «Интернет» талқылау

  3. Постер қорғау

  4. Топпен жұмыс

ІІІ. Қорытынды

  1. «Фэшбоун» әдісімен қорытындылау.

  2. Рефлексия


Барысы:

І. Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық

Күн жылуын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын

Ізгі  нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым

күндеріңіз сәтті өтсін деген тілекпен тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Интернеттің пайдасы мен зияны»

Сабақтың мақсаты: бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушыларда толық ой қалыптастыру, пайдасы мен зиянын түсіндіру. Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін жетілдіру, шығармашылыққа баулу. Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта білуге, өздерін сабырлы әрі тәртіпті болуға, басқаны тыңдай білуге тәрбиелеу. 

Енді оқушылар мына әріптерді таңдаңыздар. Қызыл түсті қағазда әріптер, көк түсті қағазда әріптер. Қызық түсте «компьютер» сөзі шығады, көк түсте «интернет» сөзі шығады. Ата-аналар сары түсті қағаздар.

  • Қызыл түсті таңдаған оқушылар қолдарыңыздағы әріптерден информатика пәніндегі басты құрылғының атауын құрастырыңыздар және сіздердің топтарыңыз да сонымен аталатын болады.

  • Көк түсті таңдаған оқушылар қолдарыңыздағы әріптерден ғаламдық желі атауын құрастырыңыздар және сіздердің топтарыңыз да сонымен аталатын болады.

  • Сары түсті таңдаған ата-аналар қолдарыңыздағы әріптерден байланыс құралының атын құрастырыңыздар және сіздердің топтарыңыз да сонымен аталатын болады.


ІІ. Негізгі бөлім

Ассоциация әдісі

Жайғасып отырсаңыздар, енді тәрбие сағатымызда әрі қарай жалғастырайық.Оқушылар тақтаға наза ауадрыңыздар «интернет» сөзін естігенде қандай сөздер ойларыңызға келеді? Тақтаға шығып бір-бірден жазып шыға қойыңыздар.

Интернет








Енді осы интернеттің шығу тарихын білесіңдер ме? Білмесек, онда мұқият тыңдап ұғып алайық, оқушылар. Үйге тапсырма берілген Интернеттің шығу тарихы тақырыбында презентация дайындап келу.

  1. Тарихи мәлімет

Интернет тарихы. Алдын ала үйге берілген тапсырма бойынша интернеттің шығу тарихын айтып береді.

  • Рахмет, оқушылар, (ата-аналар) дайындап келген мәліметтеріңіз үшін. Оқушылар, көп мәлімет алған боларсыздар. Енді экранға назар аударып, мына бейнебаянды мұқият тыңдайық.

  1. Бейнебаян «Интернет»

Енді сіздерге осы бейнебаян төңірігінде, бейнебаянды талқылау үшін сұрақтар қойғым келіп тұр, ойланып жауап берсеңіздер.

  1. Не байқадыңыз осы бейнебаяннан?

  2. Не ұқтыңыз?

  3. Компьютер сіздің денсаулығыңызға қалай әсер етеді?

  4. Компьютер алдында қанша уақыт жұмыс ітеуге болады?

  5. Білім алуымызға компьютердің және интернеттің қаншалықты көмегі бар?

  6. Интернетпен жұмыс істегенде қандай ережені сақтаған жөн?

  7. Компьютерге қандай ойын дискілерін пайдаланған жөн?

  8. Өздеріңіз қандай сайт қолданасыз?

  9. Сізге флешкамен құжат әкелді, оны көшіру үшін бірінші не істеу керек?

  10. Интернет өмірімізге қажет па?

  11. Әлеуметтік желі дегеніміз не?

  12. Қандай әлеуметтік желіні білеміз?

  13. Әлеуметтік желіні қолданасың ба?

Сұрақтан жалығып шаршап кетсеңдер енді әнге кезек берейік.

Ән: «Компьютер» (Серік Ибрагимовтың «Жаяу» әнімен айтылады)

Компьютер

Компьютер жан досың,

Қолдана біл досым

Түрлі іс атқарасың, білсең сен тілін.

Көресің жемісін

Интернет желісін

Ашылар жаңалықтар досым, сен үшін.

Мышка, зулайды әрдайым

Бассаң тетіктің қандайын.

Қайырмасы:

Компьютерсіз сіз бұл күнде іс бітпес

Заманның ның ағымы еш күтпес

Жазудан да да құтылып парақтан

Компьютермен досым, жедел ақпараттан


Үнемі ойнама

Ермек қып жай ғана

Уақыт өткізер ойыншық па ол саған?

Білімді іздегін,

Ғылымды көздегін

Мұратқа жетерсің сонда сен аңсаған.

Мышка, зулайды әрдайым

Бассаң тетіктің қандайын.

Ал, серігіп алсаңдар, тәрбие сағатымызды жалғастырайық. Екі топқа постер жасау тапсырмасы беріледі, жасап болғаннан кейін оны қорғаймыз.Қосымша суреттерде беремін соны постерлеріңізге қолдансаңыздар болады.

  1. Постер қорғау

І топ. Интернеттің пайдасы. Ұялы телефоның пайдасы

ІІ топ. Интернеттің зияны. Ұялы телефонның зияны

Жарайсыңдар, интернеттің пайдасы мен зияны туралы көп мәлімет жинақтадыңдар деп ойлаймын. Енді сіздерге сұрақ:

  1. Өзіңнің компьютерге тәуелді болғаныңды байқай аласың ба?

  2. Қандай белгілер арқылы байқар едің?

Экранға назар аударайық:

Компьютерге тәуелді болу белгілері:

  1. Тамақты, шайды компьютер алдында ішесің.

  2. Сабақты компьютердің алдында орындайсың.

  3. Компьютердің алдында түнімен отырасың.

  4. Сабаққа бармай компьютермен ойнағың кеп тұрады.

  5. Үйге келген бойдан компьютердің алдына отырасың.

  6. Бір сәтке компьютерің бұзылып қалса көңілің түсіп, не іспен айналысарыңды білмей ашуланасың.

  7. Компьютермен жұмыс істеуге тиым салған адамға қарсы шығып, ренжіп ашуланасың.

Міне осындай белгілерді өз бойларыңнан байқасаңдар өзіңнің компьютерге тәуелді болғаныңды байқауға болады?

Сұрақ:

  1. Осындай белгілер байқалса бойларыңнан не істеу керекпіз?

  2. Компьютерге тәуелді болмас үшін не істеуіміз керек?

Жарайды, сіздерге топпен жұмыс беріледі.

Топпен жұмыс

І топ. Қауіпсіздік ережесін білеміз бе? (топ өздері ереже шығарады.)

ІІ топ. “Интернет”сөзіне бес жолды өлең.

ІІІ топ. Ұялы телефонмен жұмыс істеу ережесін білеміз бе?

Сіздердің айтқандарыңды толықтыру үшін мына бейнебаянға назар аударайық.

Бейнебаян «Компьютермен жұмыс ережесі»

Әрдайым компьютермен жұмыс жасағанда естеріңде болады деген сенімдемін.

Әнге кезек берейік.

Ән: «Компьютерная страна» (Н. Королева «Маленькая страна» ).

Компьютерная страна

Есть в нашей с вами доброй школе,

Компьютерная страна.

Где среди техники заморской,

Сеть в интернет дана.

И если что-то вдруг зависнет,

И пропадает вдруг файл,

Ты не спеши-ка и не кисни,

Все поправимо знай.

Компьютерная страна,

Компьютерами полна.

Где мне достать, вы подскажите,

В эту страну билет.

Компьютерная страна,

Вирусы нам не нужна

Им не дает житья учитель

Хакера круче нет.


ІІІ. Қорытындылау. .«Фэшбоун» әдісі. - Оқушылар, тақтада «балық сүйегі» суреті берілген. Көріп тұрғандарыңыздай балықтың бас сүйегінде бүгінгі тәрбие сағатымызда қарастырып отырған басты сұрағымыз жазылған. Енді қабырғаларыңның үстіңгі әрбір бөлігіне интернеттің пайдасын, төменгі әрбір қабырғаларына зиянын жазып шығасыздар. Мына бөлігіне қорытынды шығарамыз.







Рефлексия «Алақан». – Мына алақанның әрбір саусағына өздеріңіздің бүгінге тәрбие сағатында көңіл күйлеріңізді, алған әсерлеріңізді жазыңыздарда кілеймен жапсырыңыздар.
















http://chiromancy4free.ru/data/images/cone-hand.png









http://chiromancy4free.ru/data/images/cone-hand.png




















«ТЕЛЕФОН»

тобы








Интернет





















































Компьютерде жұмыс істеу, интернетті қолдану ережелерін сақтау керек












































C:\Users\Админ\Desktop\безопасный интернет\суреттер постерга\10_82.jpg

C:\Users\Админ\Desktop\безопасный интернет\суреттер постерга\409_soc.jpg


C:\Users\Админ\Desktop\безопасный интернет\суреттер постерга\t.jpg


C:\Users\Админ\Desktop\безопасный интернет\суреттер постерга\InternetBusiness1.png


C:\Users\Админ\Desktop\безопасный интернет\суреттер постерга\oYbUv8i0zFk.jpg

C:\Users\Админ\Desktop\безопасный интернет\суреттер постерга\CHem-zanyat-sya-v-internete-chem-polezny-m-zanyat-sya-v-internete-hobbi.jpg

Автор
Дата добавления 12.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1363
Номер материала ДВ-446058
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх