Инфоурок Физика Конспекты"Қысым" тақырыбына есептер шығару

"Қысым" тақырыбына есептер шығару

Скачать материал

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы М.Б.Ықсановатындағы №36 орта жалпы білім беретін мектептің физика пәні мұғалімі Купжасарова Алмагул Калымжановна

Сабақтың тақырыбы

«Қысым» тақырыбына есептер шығару.

Жалпы мақсаты

Оқушылардың қысым тақырыбындағы теориялық білімін практикалық есеп шығару дағдыларымен ұштастыру, оқушылардың іс - әрекеттері мен логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,  білімдерін жинақтау.

Күтілетін нәтижелер

v  оқушыңың белсенділігі,қызығушылығы  артады;

v  оқушылардың есеп шығару дағдылары қалыптасады;

v  іс – әрекеттері айқындалады;

v  іскерлік нәтижесі қорытындыланады;

v  формулаларды есеп шығаруда қолдана біледі.

 

Сабақ түрі

 білімді тексеру және қайталау сабағы

Қолданылған

әдіс – тәсілдер

v  жеке жұмыс;

v  топтық жұмыс;

v  СТО технологиясы, ақпараттық технология;

v  Көшбасшылық

Тапсырмалар

v  топқа бөлу ( қысым формуласындағы шамалар арқылы 3 топқа бөлінеді)

v  «Кім алғыр?» ( теориялық білімдерін сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойларын жеке, топтық жұмыс арқылы жеткізеді)

v  «Дұрыс таңда» (әр топ физикалық  шама, формула өлшем бірліктерді кестеге жазады)

v «Ойлан тап!» (әр топқа  үш түрлі физикалық формулалар беріледі, сол формуладан туынды формулаларды табады)

v  «Кім жүйрік?» (деңгейлік есептер шығару, әр топқа А,В,С, деңгейлерінің есептері беріледі)

v  жеке жұмыс (жедел тест тапсырмаларын орындайды, дәптерлерін көршілерімен алмастырады, бірін – бірі бағалайды,)

v  рефлексия (ойларын ортаға салады, ой бөліседі)

Керекті жабдықтар

7 сынып оқулығы, 7 сыныпқа арналған есептер жинағы, бағалау парағы, тест тапсырмалары, белсенді тақта, т.б.

Сабақ барысы

 

 

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

І.Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушылармен амандасу, түгендеу, оқушыларға топпен жұмыс жүргізілетіні туралы мағлұмат беру.

Сұрақ:

Қысым формуласы қандай физикалық шамалармен өрнектеледі?

Жауабы: қысым, күш, аудан.  Осы сұрақтың жауабы арқылы 3топқа бөлу.

Оқушылар орындарына отырғаннан кейін топ жетекшісін анықтау. Бағалау парағын тарату.

 

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

Өткен тақырыпты қайталау, шолу жасау. Сұрақтарға жауап беру.

«Кім алғыр?». Қайталау сұрақтары:

1.Қысым дегеніміз не?

2.Қысымды қалай арттырып, кемітеміз?

3.Паскаль заңын тұжырымда?

4.Гидравликалық машина дегеніміз не?

5.Газдың қысымы болатынын қалай дәлелдейміз?

6.Сұйықтар мен газдардың ыдыс түбіне түсіретін қысымы қандай физикалық шамаларға тәуелді?

7.Қысымды өлшейтін құрал?

8.Сұйықтың ыдыс түбіне түсіретін қысымы мына шамалардың қайсысына тәуелді емес: сұйық бағанының биіктігіне, ыдыстың пішініне, ыдыс түбінің ауданына, сұйықтың тығыздығына?

9.Бірдей үш ыдыс бар. Олардың біріншісі сумен, екіншісі сынаппен, үшіншісі керосинмен толтырылған. Осы сұйықтардың қайсысы ыдыс түбіне ең көп қысым түсіреді?

10.Үлкен ыдыс ішіндегі газдың тығыздығы барлық нүктелерінде бірдей бола ма? Неге?

 ІІІ. «Дұрыс таңда» (физикалық шама, формула өлшем бірліктерді жазу)

Физикалық шама атауы

Белгі-ленуі

Форму- ласы

Өлшем

бірлігі

1

Қысым

 

 

 

2

Ауырлық күші

 

 

 

3

Дененің тығыздығы

 

 

 

4

Ауырлық күшінің әрекетіне сұйықтар мен газдарда болатын қысым

 

 

 

 ІV. «Ойлан тап!» (физикалық формулаларды дұрыс табу) Әр топқа үш түрлі физикалық формулалар беріледі. Нүктенің орнына қажетті физикалық шаманы қоюлары керек.

1 - топ: ;  

2 - топ: ;   ;  

3 – топ: ; ;

 

Оқушылар амандасады, жоқ оқушыларды атайды.

Қысымға байланысты формуладағы шамаларды  анықтайды, шамалар арқылы топқа бөлінеді.

Топ жетекшісін анықтайды, топ ережесін естеріне түсіреді.Топ жетекшілері бағалау парағына топ мүшелерін жазады.

Оқушылар өткен тақырыпты естеріне түсіреді. Оқушылар топпен ақылдасып, сұрақтарға жауап береді,

өз ойларын айтады.

Әр топ мүшелері алғырлық танытады.

 Топ жетекшілері топ мүшелерін бағалайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушыларға кестеге физикалық шамалар мен өлшем бірліктерді, формулаларды  толтырады,  әр топ бірін – бірі тексереді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әр топ оқушылары  физикалық формулардағы нүктенің орнына қажетті физикалық шаманы қояды, әр топ бірін – бірі тексереді, бағалайды.

Тұсаукесер

Ал, балалар, топқа бөлінгенде алынған шамаларға байланысты бүгін қандай тақырып қозғалды деп ойлайсыңдар?

Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қысым тақырыбына есептер шығару.»

Үй тапсырмасын қайталап, өткен тақырыпты есімізге түсірдік. Ал, енді әр түрлі тапсырмалар бойынша алған теориялық білімімізді есептер шығаруда, яғни практикада қолданайық.

Оқушылар ой қозғайды, тақырыпты атайды.

 

 

 

Оқушылар тыңдайды.

Негізгі бөлім

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҮІІ.Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

V. «Кім жүйрік?» деңгейлік есептер шығару. Әр топқа А,В,С, деңгейінен есептер беріледі.

1-топА-тобы

Салмағы 150Н, ауданы 3м2 кілем еденге қандай қысым түсіреді.

            Б-тобы

Гидравликалық престің кіші поршенінің ауданы 10см2. Оған әсер ететін күш 200Н үлкен поршеннің ауданы 200см2. Үлкен поршенге қандай күш әсер етеді?

          

С-тобы

Мрамордан жасалған бағанның көлемі 6 м3, баған табанының ауданы 1,5м2 болса, топыраққа қандай қысым түсіреді?

2-топ:   А-тобы

Адам суда 9м тереңдікке дейін жүзіп бара алады. Осы тереңдікте адамға әрекет ететін судың қысымын есепте. (ρ=1000кг/м3)

              Б- тобы

Гидравликалық престің кіші поршенінің ауданы 15см2, оған 215Н күш әрекет етеді. Үлкен  поршенінің ауданы 180см2, үлкен поршеньге қандай күш әсер етеді?

              С-тобы

 Массасы 480кг гранит плитасы, ұзындығы 1,2м ені 0,8м болатын жағымен жатыр. Плитаның жерге түсіретін қысымын анықта.

3- топ:  А-тобы

Биіктігі 0,6м керосин қабаты ыдыс түбіне қандай қысым түсіреді? (ρ=800кг/м3)

              Б-тобы

 Бетке 3000 Н күш түсіріп 2 Па қысым алсақ, ауданы қандай болған?

              С-тобы

Гидравликалық престің кіші поршені 600 Нкүштің әсерінен 20см төмен түсті. Бұл жағдайда үлкен поршень 6см-ге көтеріледі. Үлкен поршеньге қандай күш әсер етеді?

 

ҮІ. «Тест жұмысы». Ой қорыту.

Тест

  1. Қысым дегеніміз не?

А) Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы айтамыз.

Б)Белгілі бір күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы айтамыз.

В) Белгілі бір бетке түсетін аудан әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы айтамыз.

2. Бетке түсірілген күштің сол бет ауданына қатынасы қалай аталады?

А) қысым  Б) тығыздық   В) масса

3. Аудан кіші болса қысым қандай болады?

А) аз  Б) көп  В) ауданның қысымға қатынасы жоқ

4.  1Па дегеніміз

 А) кг*м/с2     Б) Н*м    В) Н/м2

5. Қысым анықталатын  формула:

А) .  Б) .   В) .

6. Массасы 60 000кг танктың Жерге түсіретін қысымын анықта,оның шынжыр табанының ауданы 1,5 м2.

A) 2·104 Па.  Б) 2·105 Па.   В) 2·108 Па.

7.  Столда сіріңке қорабы жатыр.Оны аударып қырынан қойды.Осы кезде қораптың беттескен ауданы 2,2 есе кемиді.Оның столға түсіретін қысымы өзгерді ме? Өзгерсе, қалай?

A) Өзгермейді. Б) 2,2 есе кемиді. В) 2,2 есе артады.

8. Әр түрлі пішінді төрт ыдыста су құйылған,судың деңгейлері бірдей(сурет). Төрт ыдыстың ішінде  түбіне түсіретін қысымы аз...

 

 

A)                            Төртеуінде де бірдей  Б) 2-ыдыс.   В) 3-ыдыс.

9.ХБЖ жүйесінде қысым  немен өлшенеді?

А) Н       Б) Дж          В) Па

10.  F = p*S ненің формуласы?

А) күш     Б) аудан    В) қысым

  Тест жұмысын әр оқушы көршісімен ауыстырып бір- бірін бағалайды.

 Тест жауаптары:

1. А  2. А  3. Б   4.В  5.В  6. Б  7. Б  8. А   9. В  10. А

Тестті бағалау көрсеткіші:

1-5- «2» 

6-8 – «3»       

 9 - «4»     

 10- «5»

Елбасы жолдауындағы басты мәселе – тілдің үш тұғырлылық мәселесі. Сол мақсатта үш тілді білу бүгінгі күннің міндеті. Сондықтан балалар сабағымызды қорытындылау үшін қысым тақырыбына байланысты физикалық шамалардың үш тілдегі нұсқасын айтайық.

Мысалы, қысым – давление – pressure, күш – сила –power, аудан – площадь -  area, тығыздық – плотность – density,   биіктік – высота – height, т.б.

ҮІІІ.Рефлексия. Оқушылар өз ойларын стикерге жазып, тақтаға іледі.

ІХ. Бағалау. Жиынтық бағалау.  Топ жетекшілері әр тапсырма бойынша топ мүшелеріне қойған бағаларын біріктіріп, мұғалім жиынтық баға қояды.

Х. Үйге тапсырма. 

1.Қысым тақырыбын қайталау. §33-37

2.Қайталау тест дайындау. (10 сұрақтан 5 жауаптан тұратын.

3. №568, №572, №582

Оқушылар оқулықпен және есептер жинағымен жұмыстанады.

Берілген деңгейлік есептерді топта талқылайды, тақтада орындайды, шығарылу алгоритмін түсіндіреді.

 

 

 

 

 

Топ жетекшілері топтан       А, В, С деңгейлерінің есептерін шығарған оқушылардың есептерін тексеріп  жұмыстарын бағалайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар тест жұмысын орындарынан орындайды. Көршілерімен дәптерлерін алмастырып, бірін – бірі тақтадағы  жауаппен тексереді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәптерлерін көршілерімен ауыстырып бірін – бірі экрандағы бағалау көрсеткіші бойынша бағалайды.

 

 

 

 

 

Оқушылар үш тілде физикалық шамаларды атайды.

 

Оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.

 

Топ жетекшілері әр тапсырма бойынша топ мүшелерін қалай бағалайды.

 

Күнделіктеріне жазады.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Қысым" тақырыбына есептер шығару"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Бухгалтер

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 117 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.02.2016 32360
    • DOCX 84.5 кбайт
    • 950 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Купжасарова Алмагул Калымжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 138734
    • Всего материалов: 31

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Физика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель физики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 127 человек

Курс повышения квалификации

Теоретическая механика: векторная графика

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Физика")

Учитель физики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 39 человек

Мини-курс

Интеллектуальная собственность: медиа и фотографии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 24 регионов

Мини-курс

Психологические основы профессиональной деятельности педагога-психолога

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инновационные методы обучения и игровые практики для детей с ОВЗ

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 58 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 93 человека