Инфоурок Физика КонспектыЗаттың агрегаттық күйлері және оларды молекулалы-кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру.

Заттың агрегаттық күйлері және оларды молекулалы-кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру.

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Заттың агрегаттық күйлері және оларды молекулалы-кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру.

Сабақтың мақсаты:

         Білімділік: Заттың күйлерін молекулалық - кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру, қолданыстағы дағдыларын ескере отырып қасиеттерін ашу.

         Дамытушылық: Оқушылардың айналадағы денелерге деген ғылыми көзқарастарын дамыту, жеке өзіндік ізденіс арқылы шығармашылыққа қол жеткізу.

         Тәрбиелік: Заттың күйлерін молекулалық - кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіре отырып, теориялық және қосымша материалдар арқылы өзін қоршаған ортаны тануға және оны қорғауға тәрбиелеу.

Cабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, слайдтар, электрондық оқулық, су, әр түрлі пішінде ыдыстар, әтір, марганцовка.

Сабақтың әдісі:  ұжымдық оқыту

Сабақтың түрі: жаңа білімді игерту сабағы

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

а) Оқушылармен амандасу.

ә) Жоқ оқушыны анықтау.

в) Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІ.Қызығушылықты ояту. «Ой қозғау»

Оқушылар үй тапсырмасын қайталап жіберейік. Ол үшін мына суреттерге назар аударайық. Бұларды қалай ажыратамыз.

                           

        Күміс                    Алтын                     Су                      Ағаш                      Темір

                                  

       Кітаптар               Алтын сақина               Күміс сақина                 Алтын алқа

          

Алюминий ыдыстар    Алюминий қасықтар  Темір шегелер     Ағаш үстел мен орындықтар

 

Олай болса, балалар бұлардың барлығын бір сөзбен материя деп атайды. Ал ендеше осы схемадағы сөздерге анықтама берейік.

                                                                                                                             электрон

Овал: -       

Овал: +                                                  атом                                                                                    протон

                                                                                                                         ядро

                                                молекула                                                                              нейтрон

                       

Материя – зат түрінде, жарық толқындары түрінде бізді қоршаған барша болмыс. Басқаша әлемде не бар болса, соның бәрі материя деп аталады.

Дененің шығу табиғатын және сапалық қасиеттерін сипаттайтын материя түрін зат деп атайды.

Кеңістікте белгілі пішіні және нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсе дене деп аталады. Атом - химиялық элементтің қасиеттерін бойына сақтаған оның ең кіші бөлшегі.

Молекула – заттың химиялық қасиеттерін бойына сақтаған ең кіші бөлшегі.

      MC900287131[1]

                    молекулалар                                                 атомдар

Стаканға су құйып, оған марганцовка салып тәжірибе көрсету. Бұл қандай құбылыс? Анықтамасын берейік.

Молекулалар мен атомдардың ретсіз қозғалыстары салдарынанжанасып тұрған заттардың бір – біріне өтіп таралуын диффузия деп атайды. Диффузия құбылысы сұйықтарда, газдарда және қатты денелерде жүреді.

Олай болса, балалар үй тапсырмасын қорытындылап жіберейік. (Электронды оқулықты көрсету). Сонымен балалар жекелеген атомдар - химиялық элементтердің, ал молекулалар заттардың ең кіші бөлшектері болып табылады. Әр түрлі заттардан денелер құралады. Ал әр заттың молекуласы – сол заттың ерекшелігін сипаттайтын ең ұсақ бөлшегі. Ең ұсақ бөлшектер – атом мен молекула. Айналамыздағы заттар атом мен молекулардан тұратынын анықтадық.

ІІІ.Жаңа сабақ. «Ой қозғау» бөлімінен алған білімімізді толықтырайық. Енді осы заттардың қандай ерекшеліктері бар екенін анықтап көрейік.

Топтастыру жұмысы:

 

 

 

 

 


Сонымен заттардың бірнеше күйде болатынын және бір заттың өзі  үш түрлі күйде болатынын байқадық.

ІҮ. Мағынаны тану. (Дәптермен жұмыс) Ендеше бүгінгі тақырыбымыз заттың агрегаттық күйлеріне байланысты болмақ. Дәптерлеріңе күннің жадысын, тақырыбын жазайық. «Заттың агрегаттық күйлері және оларды молекулалы-кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру.»

Сонымен балалар заттың агрегаттық күйлері: газ, сұйық, қатты. Мысал келтірейік.

                 Газ                                       сұйық                                        қатты

           Ауа, бу,т.б.                           су, айран,т.б.                         мұз, темір,т.б.

 

 

 

Ү.Қосымша мәлімет  (экраннан көрсету)

Заттың күйлері температураға тәуелді өзгереді.

Планета

Күннен орташа қашықтығы (млн.км)

Беткі температурасы (оС)

Меркурий

57

+400-200

Шолпан

107

+400

Жер

149

+40-50

Марс

276

+25-110

Юпитер

773

-138

Сатурн

1417

-180

Уран

2752

-190

Нептун

4469

-220

 

М.В.Ломоносов (1711-1765) - ұлы орыс ғалымы, ол жылудың молекулалық-кинетикалық теориясын дамытты.

Ұлы орыс ғалымы М.В.Ломоносов молекула - кинетикалық тұрғыда былай қорытындылап берген.

Молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары:

1) Барлық заттар бөлшектерден тұрады. Бұл-молекулалар, атомдар және иондар.

2) Атомдар, молекулалар үздіксіз бей-берекет қозғалыста болады.

3) Кез-келген заттың молекулаларының арасында өзара әсер ету күштері, тартылыс және тебілу күштері әрекет етеді.

Олай болса мына суретке назар аударайық.

 

ҮІ.Электронды оқулық бойынша көрсетілімдер. Схема.

Организационная диаграмма
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


ҮІІ.Тәжірибе көрсету. Қажетті құралдар: стакан, су, әр түрлі пішінде ыдыстар, әтір.

 

                     

Олай болса мына кестеге назар аударайық. Бұл кесте оқулықтың 217 бетте 5 кестеде көрсетілген.

ҮІІІ. Оқулықпен жұмыс.

Заттың үш күйінің қасиеттері

Заттың күйі

Негізгі қасиеттері

Молекулаларының арақашықтығы

Молекулалары қалай қозғалады

Газ

Неғұрлым үлкен көлем алуға тырысады, көлемін де, пішінін де сақтамайды, оңай сығылады.

Молекуланың өз өлшемінен ондаған есе артық

Өзіне берілген көлем ішінде ретсіз, шапшаң қозғалады.

Сұйық

Өзі құйылған ыдыстың пішінін алады,көлемін сақтайды, пішінін сақтамайды, аққыш.

Молекуланың өз өлшеміндей

Орнықты күйінің маңында секірмелі тербеле алады.

Қатты

Көлемін де, пішінін де сақтайды.

Молекулалары белгілі бір ретпен орналасады, арақашықтығы молекуланың өз өлшемінен кем

Тепе-теңдік күйіне қатысты тербеле қозғалады.

 

ІХ.Бекіту. Ой толғаныс.

}  1. Зымыран сұрақтар

}  2.Семантикалық карта толтыру

}  3.Тест тапсырмасы

Зымыран сұрақтар.

1. Заттың әр түрлі күйде болуы қандай шамаға байланысты?

2. Молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары қанша?

3. Қатты күйдегі заттың ерекшелігі қандай?

4. Сұйық күйдегі заттың ерекшелігі қандай?

5. Газ тәрізді заттың ерекшелігі қандай?

6. Қатты, сұйық және газдың бір-бірінен айырмашылығы неде?

 

 

Семантикалық карта толтыру.

Заттың күйлері

Өмірден мысалдар келтір

Негізгі қасиеттері

Молекулардың орналасуы

Молекулалардың қозғалысы

Қатты

 

 

 

 

Сұйық

 

 

 

 

Газ

 

 

 

 

Тест тапсырмасы

1. Көлемін және пішінін сақтайтын дене?

А) қатты б) сұйық  с) газ

2. Көлемін сақтап, пішінін сақтамайтын дене?

А) қатты б) сұйық  с) газ

3. Көлемін және пішінін сақтамайтын дене?

А) қатты б) сұйық  с) газ

4. Химиялық элементтің қасиеттерін бойына сақтаған оның ең кіші бөлшегі.

А) атом б) молекула  с) зат

5. Дененің жылулық күйін анықтайтын құрал?

А) таразы б) термометр  с)мензурка

6. Заттың үш күйінің айырмашылығы неде?

А) молекулаларының өлшемдерімен  б) молекулалардың орналасуымен

  с)молекулалардың құрамымен

7.Молекула-кинетикалық теорияның негізін салушылардың бірі?

А) Архимед б) Аристотель с) Ломоносов

8.Әлем кеңестігіндегі барлық нәрсе не деп аталады?

А) зат б) материя  с) дене

9.Кез-келген зат молекулалары өзара қалай әсерлеседі?

А) өзара тартылады б) өзара тебіледі  с) тартылады және тебіледі, өте аз қашықтықта тебілу күші тартылу күші тартылу күшінен көп болады

10) Молекулалары өзіне берілген көлем ішінде ретсіз шапшаң қозғалатын заттың қандай күйіне сәйкес келеді?

А) қатты б) сұйық  с) газ

Тест жауаптары:                                            

1.А                                       6.Б

2.Б                                       7.С

3.С                                       8.Б

4.А                                       9.С

5.Б                                       10.С

Бағалау шкаласы

“ 5 ” –  9-10  ұпай

“ 4 ” -  7 -8 ұпай

“ 3 ” – 5-6 ұпай

Х.Сабақты қорытындылау. Сонымен балалар бүгінгі сабағымызда нені білдік? Олай болса заттың агрегаттық күйлері туралы мағлұмат алдық.

ХІ. Бағалау. Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау. Қойылған бағаға коментарий беру.

ХІІ.Үйге тапсырма: 1. §16 оқу.

2. Бүгінгі тақырыпқа байланысты ғылыми энциклопедиялық кітаптардан қосымша материалдар қарастыру.

3. Өзімізді қоршаған ортадағы сұйық, қатты, газдың күнделікті өмірдегі қолданысына мысал жазу.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Заттың агрегаттық күйлері және оларды молекулалы-кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Помощник руководителя отдела библиотеки

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 976 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.02.2016 4021
    • DOCX 2.4 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Купжасарова Алмагул Калымжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 138946
    • Всего материалов: 31

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 22 регионов

Курс повышения квалификации

Информационные технологии в деятельности учителя физики

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 117 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 867 человек

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов физики в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 94 человека из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 663 человека

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по физике в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 80 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 572 человека

Мини-курс

Стратегии и инструменты для эффективного продвижения бизнеса в интернете

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 15 регионов

Мини-курс

Музыкальная журналистика: история, этика и авторское право

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Разработка и проведение онлайн-обучения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 23 регионов