Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Другие методич. материалы / «Картография мен топография негіздері» (11 сынып)

«Картография мен топография негіздері» (11 сынып)

  • География

Поделитесь материалом с коллегами:

«Картография мен топография негіздері» пәніне арналған жинақ


КІРІСПЕ

Картография – табиғат пен қоғамның құбылыстарын географиялық карта мен басқа картографиялық өнімдерді кескіндеу және оларды құру, пайдалану әдістемелері туралы ғылым.

Пәнді оқытудың мақсаты: білімгерлерге географиялық карталардың ерекшелігін, картографиялық проекциялардың түрлеріне түсінік беру

Пәнді оқытудың міндеттері:

1. Географиялық карталарда қолданатын масштабтың түрлерін түсіндіру.

2. Географиялық карталардың жіктелуін және ерекшелігін білу.

3. Топографиялық карта бойынша есептер шығару.

4. Географиялық карта бойынша профильдер түсіру.

5. Географиялық карталар бойынша картографиялық проекцияларды ажырата білу.


Лекция №1

Географиялық карталар туралы түсінік

1. Карталарды қолдану.

2. Картографияның құрылымы мазмұны мен бөлімі.

3. Географиялық карталардың қасиеті және негізгі элементі.

Карта – жер бетінің таңба үлгісіндегі моделі. Карта немісше Каrte-түп нұсқа, ал грекше chartes-жазуға пайдаланатын папирус парағы деген мағына білдіреді.

Картография – географиялық карталардағы табиғат құбылыстарымен картографиялық бейнелеулерді, карталардың шығару әдістерін және қолдануын зерттейтін ғылым.

Картография зерттейтін басты проблемалар:

1.Ғылымның теориялық негізі, оның ішінде картографияның пәні мен әдісі, карта туралы ілім, картографиялық проекциялар теориясы. Генерализация мен кескіндеу әдістерінің теориясы жатады.

2.Картография ғылымының даму тарихы.

3.Картографиялық деректер тану.

4. Карталарды жобалау және оны дайындау теориясы мен технологиясы.

5.Карталарды пайдаланудың теориясы мен әдісі.

Географиялық карталарды әр түрлі саладағы мамандар, жорық жетекшілер, саяхатшылар мен оқушылар қолданады.

Картаны қолдану – бұл картографиялық бейнелеулерді қолдану жағын қарастырады. Карта мен атластарды мына уақытта қолданылады:

  1. Новигациялар мен жергілікті жерді бағдарлау (құрлықта, теңізде, әуеде).

  2. Шаруашылықта (жерді игеру, пайдалы қазбалар).

  3. Инженерлік жобалау және құрылыстық (жол қатынастар).

  4. Экологиялық жағдайды қадағалау, табиғатты қорғау және қауіпті құбылыстарды ескерту жасау.

  5. Ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде және болжау.

  6. Ішкі және сыртқы саясатты қамтамасыз ету жағдайын қарастыру және

шешім қабылдау.

Картография құрылымына қарай үлкен картографиялық пәндер жүйесін құрайды. Олар: картаны тану, картографиялық информатика, математикалық картография, картометрия, картаны құрастыру және проектілеу, безендіру, картаны шығару және қолдану.

Картаны тану - географиялық карталардың элементін, құрылымын, карталардың даму тарихын және карталарды қолдану жолдарын қарастырады.

Картографиялық информатика – карталардың жіктелуін және баға беруін, сақтау мен таралуын қарастырады.

Математикалық картография – карталардағы географиялық объектілердің нақтылығын қарастырады.

Картометрия – географиялық карталардағы объектілердің ұзындығын, ауданын өлшеуін қарастырады.

Картографияны оқытуда ең негізгі болып табылатын саланың бірі топография. Топография – жер бетінің біршама шағын учаскілерін түсірумен байланысты мәселелерді зерттейді.

Картография гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарымен байланысты Гуманитарлық ғылымдарға: экономика, тарих, жаратылыстану ғылымдарға: физикалық география, ландшафттану, осының ішінде салалық ғылымдарға: геология, климатология мен метеорология, топырақтану, ботаника, зоология және нақты ғылымдарға: математика, геодезия, кибернетика, статистика жатады.

Ғылыми практикада модельдендіру нақты объектіні оқып білуде және жасауда орын бастаушы ретінде түсіндіріліп келеді. Картографияда «модель» деген термин қолданады және өзінің ерекшеліктері бар. Модель жер бедерін, географиялық қабықты, жер қыртысын және атмосферада тіршілік ететін тірі организмдермен әлеуметтік құбылыстармен адамның іс-әрекетінен болатын құбылыстарды көрсетеді. Осы «Картографиялық модельдендіру» ұғымын орыс ғалымы географ, картограф К.А.Салищев қолданды. Ғалым К.А.Салищев карталардың ең негізгі 4 функциясын атап көрсетті. Олар: коммуникативті, оперативті, танымдық, болжамдық.

Коммуникативті – картаны қолдану кезінде ең негізгі хабарлар беру;

Оперативті- карта бойынша практикалық жұмыстарды орындау;

Танымдық - әртүрлі саладағы мамандар мен оқушылар өздерінің білімін дамыту үшін қолданады.

Болжамдық- картографиялық моделдеу кезінде бір құбылысты бағыт бере отырып дамыту.

Географиялық карталардың элементтеріне: математикалық негіздер (масштаб, тор, проекция), картографиялық бейнелеулер (шартты белгілер), қосалқы элементтердің сипаттамасы (график, диаграмма, статистикалық көрсеткіштер), жабдықтау (картаның аты және масштабы, картографиялық торда сызықтардың бейнеленуі) жатады.

Географиялық карталар территорияларына, маңызына, мазмұнына және масштабына қарай жіктеледі.

Территориясына қарай: материктік, мұхиттық жеке мемлекет

Маңызына қарай: оқулық карталар, ғылыми - анықтамалық, әскерлік, туристік және т.б.

Мазмұнына қарай: жалпы географиялық карталар және тақырыптық карталар.

Масштабына қарай: ірі масштаб, орта масштаб, ұсақ масштаб.

Бұл масштабтар жалпы географиялық және тематикалық карталарға тән. Ірі масштабты жалпы географиялық карталарды – топографиялық карталар, орта масштабты жалпы географиялық карталарды – жалпы топографиялық карталар, ал ұсақ масштабты жалпы географиялық карталарды – жалпы карталар деп атайды.


Лекция №2,3.

Топографиялық карталар және оны пайдалану


1.Топографиялық карталардың қасиеттері.

2.Топографиялық карталардың номенклатурасы.

Топографиялық карталар шағын территорияларға жасалады, олар көптеген беттен тұрады. Картаның бетке бөлінуін жол сызық, ал беттің белгісін номенклатура деп атайды. Топографиялық карталардың әрбір беті трапеция болып табылады оған номенклатура беріледі. Карта бетінің номенклатурасы рамканың солтүстік қабырғасының үстінде орналасқан.

Картаның номенклатурасы негізінен 1:1000 000 масштабтағы карта құрады, оның рамкасының өлшемі бойлықта 6°, ал ендікте 4°. Осы масштаб бетінің номенклатурасы белдеуді білдіретін латын алфавитінің бас әрпінен және реттік нөмірін көрсететін цифралардан тұрады.

Мысал ретінде N-36-54-Г-а карта бетінің номенклатурасының 1:1000 000 масштабтан бастап рет-ретімен құрастыруды қарастырамыз.

N-36 бет 1:100 000 масштабтағы 144 бетке бөлінеді, олар 1,2,3 …, 144 цифрларымен белгіленеді. Осы масштабтың 54 нөмірлі бетінің номенклатурасы N-36-54 болады.

1:100000 масштабтағы N-36-54 картасының беті 1:50 000 масштабтағы картаның бетіне 4 бетіне сәйкес келеді: олар А,Б,В және Г әріптерімен белгіленді. Осы масштабтың екінші номенклатурасы N-36-54-Г болады.

Осы бетті 4-ке бөлуден 1:25000 масштабтағы картаның 4 бетін алады. Бұл беттер а,б,в,г әріптерімен белгіленеді. Осы масштабтағы картаның ең соңғы бетінің номенклатурасы N-36-54-Г-а болады.

1:5000 масштабтағы картаның номенклатурасының негізі болып, 1:10000 масштабтағы картаның беті саналады, ал ол болса 1:5000 масштабтағы картаның 256 бетіне бөлінеді. 1:5000 масштабтағы картаның ең соңғы бетінің номенклатурасы N -41-60-(256) болады.

1:2000 масштабтағы картаның номенклатурасын алу үшін 1:5000 масштабтағы картаның беті 9 бөлікке бөлінеді. Оларды орыс алфавитінің кіші әріптерімен белгілейді. Сонымен 1:2000 масштабтағы картанаң ақырғы бетінің номенклатурасы N -41-60-(256-и) болады.

Топографиялық карталардың масштабына байланысты жеке беттерінің өлшемі туралы мәліметтер және номенклатура үлгілері 1-кестеде берілген.

1-кесте- Карталардың номенклатурасы

Масштаб

Беттің өлшемі

Номенклатураның

үлгілері

Ендікте

Бойлықта

1:1000 000

N-36

1:500000

N-36-А

1:200000

40'

N-36-ХХХ

1:100000

20'

30'

N-36-54

1:50000

10'

15'

N-36-54-Г

1:25000

5'

7'30"

N-36-54-Г-а

1:10000

2'30"

3'45"

N-36-54-А-а-1

1:5000

1'15

1'52,5

N-36-54 (256)

1:2000

25"

37",5

N-36-54 (256-и)


Пландар мен карталардың шартты белгілері. Топографиялық карталардың шартты белгілері мен шартты белгілерден және оларды түрлі-түсті безендіруден, түсіндірме жазулар мен цифрлы белгілерден тұратын біртұтас жүйе болып табылады.

Шартты белгілер және олардың түрлі- түстері жердің әртүрлі объектілерін және тектік түрлерін көрнекі көрсетеді. Түсіндірме жазбалар және цифрлық белгілер шартты белгілерді кескінділетін объектілердің жеке ерекшеліктері туралы мәліметтер мен толықтыралды.

Біркелкі объектілердің әртүрлі масштабты топографиялық карталардағы кескіні және бояуы негізінен алғанда, бірдей, тек көлемдері жағынан ғана өзгеше болады. Белгілі бір топқа енетін объектілердің сандық және сапалық сипаттамалары олардың өзіне тән ерекшеліктерін аздаған толықтырумен еске салатын бастапқы графикалық белгілермен беріледі.

Шартты белгілер өзінің атқаратын міндеті және қасиеттері жағынан масштабтық, масштабтан тыс және түсіндірме шартты белгілер болып бөлінеді.

Лекция №4.

Топографиялық картадағы географиялық және тік бұрышты координаттар

1.Тік бұрышты Гаус-Крюгер проекциясы.

2.Географиялық тікбұрышты координаттарды анықтау.

1.1928 ж. КСРО-да барлық геодезия және топографиялық жұмыстарға арналған геодезия мәжілісінде Бессель эллипсоидында Гаусс - Крюгер проекциясы қабылданған болатын. Бұл проекцияда 1:500000 - нан ірі масштабты топографиялық карталарды жасай бастады, ал 1939 ж. бастап Гаусс-Крюгер проекциясы 1:500000 масштабты картасында қолданылды. 1825 ж. К.Гаусс алғашқы рет бір жазықтықты екіншісінің үстіне шексіз кіші бөлшектер түрінде бейнелеп сақтап отырудың жалпы шешімін тапты. 1912 ж. А.Крюгер жазықтықта қолданылған формулаларды есептеп, баспадан шығарды. Осыдан кейін бұл проекция Гаусс - Крюгер атауын алып, топография-геодезиялық жұмыстарда кең қолданыла бастады. Гаусс – Крюгердің тең бұрышты көлденең-цилиндрлі проекциялау заңы бойынша проекцияланады. Сондықтан жер эллипсоиды бойлықта әрбір 6° сайын меридиандармен 60 зонаға бөлінеді, олар полюстен полюске дейін созылады. Зоналардың нөмірлері батыстан шығысқа қарай Гринвич меридианнан жүргізіледі, ал Грнивич меридианы бірінші зонаның батыс шекарасы болып саналады. Әрбір зонаның ортадағы меридианы остік меридиан деп аталады.

Меридиандар мен параллельдер қисықтармен бейнеленеді, меридиан зонасы мен экваторға салыстырмалы түрде симметриялы, бірақ олардың қисықтығы шамалы болғандықтан, картаның батыс пен шығысындағы шегі түзу сызықтармен бейнеленеді. Карталардың солтүстік және оңтүстік шегімен сәйкес келетін параллельдер ірі масштабты карталарда түзумен бейнеленеді (1:2000-1:50000), ұсақ масштабтыкарталарда қисықпен бейнеленеді . Әрбір зонадағы тік бұрышты координаталарының басы осьтік меридиан зонасының экватормен қиылысу нүктесінде орналасады.

Гаусс - Крюгер проекциясы - геодезиялық проекция, жердің беті шартты түрде меридиандармен 60 зонаға бөлінеді.

Гаусс - Крюгер проекциясындағы аймақтарды санау гринвич меридианынан шығысқа жүргізіледі. Орта меридиан зонасы осьтік деп аталады. Шығыс жарты шарының кез келген аймағындағы L0 осьтік меридиан ұзақтығы мына формуламен есептеледі:

L0=6°* n -3°

Ал батыстағыда - мына формула :

L0=360°-(6°* n -3°),

n - аймақ нөмірі.

Топографиялық картаның беті солтүстік және оңтүстік жағынан параллельдермен, ал батыс және шығыс жағынан меридиандармен шектелген. Кескінделген заттар мен жергілікті жердің контурларының географиялық координаталарын анықтау мүмкіндігі болу үшін картада градус рамкасы балады. Ол карта бетінің ішкі және сыртқы рамкаларының аралығында орналасқан. Градус рамкасы шығыс пен батыс қабырғаларындағы ендіктің минуты мен солтүстік пен оңтүстік қабырғаларындағы бойлықтың минуты кезектесіп отыратын қара және ақ шашқалармен белгіленген. Әр ендік пен бойлықтың минуты алты тең бөлікке бөлінген. Осы белгіленген нүктелердің ара қашықтығы 10 секундке тең. Градус рамкасының жол-жол сызықтарын пайдаланып карта бетінде градус торын жүргізуге болады. Олар картада нүктелердің географиялық координаталарын анықтауға мүмкіндік береді.

Картаға градус торынан басқа тікбұрышты зональды координаталар схемасының квадратты координаталар торы салынады. Осы тордың квадратының қабырғасы километрлердің толық санымен белгіленеді, сондықтан оны километрлік деп атайды.

Оңтүстіктен солтүстікке қарай жүогізілген километрлік тордың сызықтары зонаның остьік меридианына параллель (Ох осіне), ал батыстан шығысқа қарай жүргізілген сызықтар экватордың жазықтықтағы проекциясының кескініне параллель (яғни Оу осіне) болады. Километрлік тордың көмегімен нүктелерің тікбұрышты координаталары анықталады.

Карта бетінің градус рамкасының сыртында безендіру рамкасы сызылады. Осы рамканың сыртында орналасқан жазулар және графиктер шектік безендіруге жатады. Әрбір топографиялық картаның үстіңгі жағында беттің номенклатурасы көрсетіледі. Рамканың төменгі жағынан мыналар орналасады:

  1. магнит тілінің орташа бұрылуы

  2. масштабтар

  3. жер бедері қимасының биіктіктері туралы мәлімет

  4. табан графигі

  5. түсірілген және жаңартылған жылы.

Лекция № 5.

Ұсақ масштабты карталардың математикалық негізі

1. Географиялық глобус.

2.Ұсақ масштабты карталардағы масштабтың ерекшеліктері.

3.Бұрмаланудың түрлері.

1. Глобус (лат. globus - шар) – Жер шарының неше есе кішірейтіліп берілген бейнесі. Глобустағы жер бетінің дәл бейнесін картаға көшіру үшін картографиялық проекциялар қолданылады. Оның геометриялық пішіні мен аудандарының ара қатынасы нақты, еш өзгертусіз, яғни бұрмаланусыз беріледі.

Глобусты жасаған кезде карталарды дайындау кезінде қолданылатын шартты белгілер мен объектілерді орналастыру заңдылықтары қолданылады.

Олар карталар сияқты тақырыбына (жалпыгеографиялық және тақырыптық-саяси, геологиялық және т.б.), масштабына және мақсатына (оқулық, анықтамалық және т.б.) қарай ажыратылады.

Глобус жер шарының моделі, онда географиялық нысандардың пішіні анағұрлым дұрыс бейнеленген. Неміс картографы М.Бехайм XV ғасырда алғашқы глобусты жасаған. Үш түрлі масштабты глобус түрі бар. Үлкен глобус 1:30 000 000, яғни 30 млн есе кішірек, орташа глобус 1:50 000 000, яғни 50 млн есе кішірек, 1:83 000 000 кіші глобус, яғни 83 млн есе кішірейтілген.

Бірінші глобусты б.з.д. 150 ж. Кратет Малльский жасаған болатын.

Картадан айырмашылығы, глобуста бұрмаланулар жоқ, сондықтан глобус материктердің мен мұхиттардың орналасуы туралы жалпы мәлімет алу үшін ыңғайлы болып келеді. Бірақ глобус ұсақ масштабты болып келетіндіктен, белгілі бір жерді толығымен көрсете алмайды.

Әйгілі глобус түрлері:

  1. Жер алмасы ( XV ғ ) - әлемдегі ең ескі глобус .

  2. Краковтағы Ягеллонский глобусы - қазіргі кезде кездесетін әлемдегі ең ежелгі глобустардың бірі.

  3. В.Ломоносовтың мұражайындағы Готторпский глобусы . De : Gottorfer Riesenglobus ( XVІІ ғ )

  4. Блау глобусы (XVІІ ғ)- орыс мұражайының бірінші экспонаты.

  5. Дүние жүзінің глобусы (1982-1987)- ең үлкен айналмалы глобус. Диаметр 10 м, салмағы 30 т,

Италияның Апечо қаласындағы Коломбара аумағында. Глобус ағаштан жасалған, ішіне 600 адам сыйып кетеді.

  1. Венада глобустар музейі жұмыс істейді.

Глобустың құрылымы және оның ерекшелігі

1. Географиялық карталар Жердің пішінінің ерекшеліктерін көрсетеді. Ол геоид тәрізді, яғни дұрыс емес пішінді, белгілі алгоритмдермен суреттеле алмайды. Глобусты жасаған кезде Жерді шар тәріздес етіп алынуына не себеп болды? Себебі, Жер эллипсоидінің оқсінің арасындағы қашықтығы өте аз – 43 км ғана. Ұсақ масштабты модельдерінде бұл айырмашылықты елемесе де болады.

2. Глобустың беті тегіс болып келеді. Бедерлі глобустар сирек жасалады, кейде жер бетінің белгілі бір аумақтарының ірі масштабтағы үлгісі жасалады. Мысалы, 1:30 000 000 масштабта дүние жүзіндегі ең үлкен тау жүйесі Джомолунгманың (8848 м) биіктігі глобуста 0,34 мм болады. Бұл биіктіктегі айырмашылықты кішкентай шардың бетіне бейнелеу мүмкін болмағандықтан, глобус бетінің тегіс болуы айқындалған.

3. Егер бглобусты шар деп алсақ, оның осьтары барлық бағытта бірдей болады, ал меридиандар мен параллельдер – шеңбер бойымен сәйкес болады. Мұны оңай түсіндіруге болады: шар бетінің кез келген бағыттағы жазықтықпен түйісу сызықтары – шар тәрізді. Егер түйісу жазықтықтағы Жердің ортасы арқылы өтсе, үлкен шеңбер пайда болады. Үлкен шеңберлер болып меридиан және экватор сызықтығы алынған. Барлық меридиандардың радиусы бір-біріне тең болып келеді.

Егер шарды бөлетін жазықтық Жердің ортасы арқылы өтпесе, онда жазықтықпен түйіскен сызықтар кіші шеңбер құрайды. Экватордан басқа параллельден – кіші шеңбер болады. Оның радиустары экватордан полюске таман азая түседі.

4. Меридиан мен параллельдер арасындағы бұрыштар – глобустың кез келген нүктесінде түзу болады, яғни жер бетінің арасындағы бұрыштарына сәйкес болады.

5. Глобус масштабы кез келген нүктеде бірдей болады, сондықтан меридиандар арасындағы параллельдердің қашықтығы және бір параллельде орналасқан меридиандар бір-біріне тең. Глобустың масштабтарының тұрақтылығы қателіктер, яғни бұрмаланулар болмайтынын көрсетеді.

6. Бұрмалану жоқ болғандықтан, глобус бетінде кез келген фигураны көрсете алады. Сол себепті глобуста объектілердің пішіндері, бейнесі бұрмаланусыз беріледі – теңіз, материктер, мемлекеттер, ормандар т.б.

7. Глобустағы кез келген нүктелердің сызықтарының ұзындығы мен бұрыштарының бұрмалануы болмағандықтан, олардың аудандарында да қателік болмайды.

Глобусты пайдалану бүкіл Жер бетін көруге ыңғайлы. Глобустан көрінгендіктен материктер мен мұхиттардың байланысы, олардың орналасуы, өлшемдерінің ұқсастығы, полюстер мен экватордан қашықтығын есептеуге болады.

2. Ұсақ масштабты карталарда үлкен аумақтағы территориялар бейнеленеді. Бірақ Жер – геоид – қиындықтарға тап боламыз.

Егер Жердің глобусын кез келген бөліктерге кесіп алсақ, әрқайсысы сфераның бір бөлігі болады.

Ұсақ масштабты карталарда міндетті түрде сандық масштаб беріледі (мысалы, 1:4000000). Масштабтардың басқа түрлері – атаулы және сызықтық – берілмесе де болады.

Сандық масштаб – алымы бір санды, ал бөлімі жергілікті ауданның көкжиектік бағыттағы проекциялық сызығын картада қанша есе азаюына сәйкес болып келетін дұрыс бөлшек.

Сызықтық масштаб – қашықтықты есептеуге ыңғайлы болатындай бөліктерге бөлінген санды масштаб атауының түзу сызықты графиктік кескіні болып табылады.

Ұсақ масштабты карталардың картографиялық шартты белгілері шынайы жағдайын көрсетумен қатар, құбылыстың (елді мекендер, мен олардың дамуы) абстрактілі мінездемесін береді. Белгілер екі негізгі функцияны орындайды:

- біріншіден, кеңістіктегі нысандардың немесе құбылыстардың орналасуын көрсетеді;

- нысандардың түрін көрсетеді, олардың сапалық және сандық мінездемесін (мысалы, елді мекендер, ондағы халық саны, әкімшіліктік мәні, қала немесе ауылдық мекендерге бөлінуі, өндіріс салаларының дамуы және т.б.).

Ұсақ масштабты картададағы шартты белгілер топографиялық картадан айырмашылығы, оның стандартты еместігі. Алайда, кейбір шартты белгілерді нысандар мен құбылыстар тобына пайдалануда шектеулер болады. Әрбір нысандар тобына өзіне сәйкес шартты белгілер тобы болады. Елді мекендер, шартты түрде дөңгелекпен, темір жолдар – қызыл сызықтармен, жолдар – қара сызықпен, өзендер – көк сызықпен белгіленеді.

Ұсақ масштабты карталар топографиялық карталарға қарағанда жер бедерін толық көрсете алмайды. Бұл карталар жер бедерінің негізгі және жалпы құрылысын, оның үлкен формасын ғана көрсетеді.

Ұсақ масштабты жалпы географиялық карталардан үлкен кеңістіктегі құрлықтар мен мұхиттарды, елдер мен теңіздерді, обьектілердің қашықтығы мен ауданын, таулар мен жазықтарды, үстірттерді, ірі өзендердің су жинақтаушы бассейндерін көруге болады.


hello_html_37600555.jpg

Ұсақ масштабты жалпы географиялық карталар төмендегідей мәселелерді шешуге негізделген:

  1. жергілікті жердің жалпы географиясын оқыту

  2. табиғи немесе әлеуметтік-экономикалық заңдылықтарды орнату үшін жалпы географиялық және тақырыптық элементтерді байланыстыра отырып, жергілікті жерді тереңдетіп оқыту

  3. географиялық негіздегі тақырыптық карталар мен атластарды қолдану;

Ұсақ масштабты жалпы географиялық карталар өз алдына жеке туынды ретінде жасалады, ал кейбіреулері бірнеше рет басылып шығады. Математикалық негіздеріне қарай әртүрлі (масштаб, проекция, градустық торлар) бірақ элементтер жиынтығының мазмұны стандартты: жағалық сызықтар, рельеф, халық орналасқан аймақ, қатынас жолдары. Өсімдіктер әлемі көбінесе ұсақ масштабты жалпы географиялық карталарда бейнеленбейді, түстер рельефті көрсету үшін қолданылады. Элементтердің мазмұнын көрсетуде белгілі бір стандарттар жоқ. Нақты жағдайда олар арнайы құжаттарды жасалады.

Дүние жүзінің картасы үшін мұхиттар мен теңіздердің, құрлықтардың және ірі аймақтардың масштабты қатары айқындалмаған (орнықтырылмаған). Ол карталардың мазмұнына байланысты (мысалы, Ресейдің анықтамалық қабырға картасы үшін 1:2500000 масштаб қолайлы, жоғарғы мектептер үшін 1:400000 масштабты карталар сериясы қабылданған, карта сериясы кейде класс өлшеміне байланысты 1:500000 болады). Ұсақ масштабты жалпы географиялық карталарды сақтау мен қолдануға ыңғайлы болу үшін парақтарға бөлінеді. Көппарақты халықаралық 1:2500000 масштабтағы карта барлық жер шарын қамтушы, көпжолақты проекцияны құрайды.

Ұсақ масштабты жалпы географиялық карталарды жасау барысында безендірілуі мен эстетикалық сапасына көңіл бөледі. Көркем рамкалар қолданылады. Өте жақсы безендірілгендері картина тәрізді көрінеді. Мысалы Памир-Тянь-Шань (1:800000) картасы, Кавказ (1:600000) және т.б жоғары мектептерге арналған аймақтық карталарды атауға болады.

Топографиялық карталар жекелеген шағын аймақтарға жасалады. Бұлар қабырға карталары, олардың масштабтары үлкейтілген, ал мазмұны ұсақ масштабты карталарға сәйкес келеді. Мысалы, облыстық 1:500000, 1:200000 масштабтағы карталар сериясы, Ресей федерациясының жалпы географиялық картасы (1:200000 – 1:100000)

Отандық және халықаралық картографияның дамуында «Халықаралық дүние жүзілік картасы 1:2500000» (1964-1976) үлкен роль атқарды. Осы карталардың жасалуын КСРО, Венгрия, ГДР, Болгария, Чехославакия елдері ат салысты. Бұл картографиялық туынды бірлескен ұжымдық ортақ технологиямен жасалды. Осы картаны жасау барысында әр елдің картографиялық қызметкерлері өздерінің тәжірибеоерін ортаға салды. Өте жоғары ұйымдастыру жұмыстары КСРО мен Венгрияда жасалды. Еліміздің енгізген басты еңбегі – картаның математикалық негізі. Карта ағылшын тілінде басылып шықты, дегенмен картаны жеке парақтары орыс тіліне аударылған.

Картаның негізгі міндеттері – жердің табиғи ресурстары бейнеленген тақырыптық карталар сериясына негіз болу. Бұл картаның халықаралық 1:1000000 масштабты картадан өзгешелігі мұнда тек материктер ғана емес, бүкіл әлем қамтылады. Картаның мазмұны екі позицияда:

  1. танымдық

  2. ғылыми-анықтамалық ретінде жасалған.

Сонымен қатар генерализацияны қолданудың графиктік көрінісі халық тығыздығына байланысты алдын-ала халық орналасқан аймақтарды аудандастыру ережелері мен нормалары көрсетілген. Карта гипсометриялық түспен берілген. Ал өсімдіктер жекелеген жерлер де ғана көрсетіледі. Халықаралық дүни жүз картасы (1:2500000) біркелкі халықаралық топонимикалық негіз де үлкен орын алады. Бұл географиялық ТЕРМИНДЕР МЕН ТОПОНИМДЕР бүкіл жер шары үшін бір жүйеге келтірілген, ал атаулардың көшірмесі бір принципке негізделген жалғыз басылым. Ұсақ масштабты карталар арасында жалпы географиялық ауыспалы тақырыптық карталар тобы ерекшеленеді. Ол жерде жалпы географиялық элементтің белгілі біреуі ғана жоғары дәрежеде толықтырылып көрсетіледі де, ал қалғандары екінші планға қалдырылады.

КСРО-ның 1:2500000 анықтамалық картасы 1947 жылы жасалғна. Онда барлыө географиялық элементтер көрсетілген. Картада халық қоныстанған аймақтар екі поанда берілен: 1) бастылары кара түспен, қалғандары көгілдір түспен.

Ұсақ масштабты жалпы географиялық карталар оқулық картографиясында кеңінен колданылады. Олар барлық оқу процесінде пайдаланылады. Мысалы; бастауыш сыныптарда жартышарлар картасы, орта буындарда материктер картасы, елдер картасы

мектептегі жалпы географиялық картаның өзіндік ерекшелітері бар:

  • карталар жинағы және оның мазмұны мектеп программасына және оқулыққа сай болуы керек

  • бұл карталарға арнайы математикалық негіздер жасалған.

  • Карталар қосымша жүктемелер алады (мысалы пайдалы қазбалар, саяхат маршруттары)

  • карта ашық және әртүрлі түстермен безендіріледі.

3. Кез келгенін проекцияда бұрмаланулар болады, олар төрт түрге бөлінеді:

  • Ұзындықтардың бұрмаланулары

  • Бұрыштардың бұрмаланулары

  • Аудандардың бұрмаланулары

  • Пішіндерінің бұрмаланулары

Ұзындықтардың бұрмалануы - негізгі бұрмалану түрі. Қалған бұрмаланулар осыдан шығады. Масштабтың нүктеден нүктеге өзгеруінен, кейде бағытына байланысты бір нүктенің шегінде өзгеріп отыруынан, тегіс бетте ұзындықтардың бұрмалану масштабының тұрақсыздығын көреміз.

Бұл картада масштабтың 2 түрі болатынын білдіреді:

  • Негізгі, ол картада белгіленеді, негізгі эллипсоидтің масштабы.

Жеке масштаб - олар картада көп кездеседі, ол нүктеден нүктеге және бір нүкте

шегінде өзгеріп отырады.

Аудандардың бұрмаланулары ұзындықтардың бұрмалануынан шығады. Аудандардың бұрмалануы ретінде бастапқы эллипсоид ауданынан эллипстің бұрмалану ауданының ауытқуын қабылдайды.

Бұрыштардың бұрмаланулары ұзындықтардың бұрмалануларынан қисынды шығады. Картада бұрыштардың бұрмалану мінездемесі ретінде карта және эллипсоидтың бетiндегi тиiстi бағыттар арасындағы бұрыштардың айырымдарын қабылдайды.

Пішіндерінің бұрмалануы - бұрмалану түрі - эллипсоидтің созыңқылы түріндегі графикалық бейнеленуі.

Лекция №6,7.

Картографиялық проекциялар

1. Азимуттық проекция.

2. Цилиндрлік проекция.

3. Конустық проекция

Кеңістіктегі әр түрлі бейнелер мен заттарды қағаз бетінде кескіндеу үшін проекциялау әдісі қолданылады. Проекция – Жер эллипсоидын жазықтыққа түсіру.

Картографиялық проекциялар – глобустағы жер бетінің дәл бейнесін картаға көшіру үшін қолданылады. Жердің шар тәрізді болуына байланысты оны жазық карта бетінде бейнелеу барысында әр түрлі дәрежеде бұрмалану болады. Осы бұрмаланушылықты болдырмау үшін картографиялық проекция қолданылады.

Бұрмалану мүмкіншілігін азайту мақсатында географиялық карталарда әр түрлі проециялар қолданылады: тең бұрышты, тең ауданды, еркін проециялар.

Тең бұрышты проекциялар қолданылған картада бұрыштар мен шағын географиялық объектілердің пішіндері нақты сақталады, бірақ олардың ұзындықтары мен ауданы өте күшті бұрмалануға ұшырайды. Мұндай проециялар теңіз кемелері мен ұшақтардың жүру жолдары мен ұшу бағыттарын нақтылау мақсатында пайдаланады.

Тең ауданды проекция қолданылған карталарда аудан дәл берілгенімен, географиялық объектілердің бұрыштары мен пішіндері күшті бұрмалануға ұшырайды. Мұндай проекция қолданылған карталардан материктер мен елдердің, мұхиттардың ауданын нақты анықтауға болады.

Еркін алынған проеция негізінде жасалған карталарда бурмаланулардың барлық түрі кездескенімен, олар карта бетінде ұтымды бейнеленеді. Бұрмаланушылық картаның бір бөлігінде мүлдем байқалмайды, ал екінші бөлігінде, керісінше, бұрмаланушыдық дәрежесі күрт артады.

Еркін алынған проекциялар арасында тең алынған проекциялар қолданылады.

Онда белгілі бір бағытта: меридиан бойынша немесе параллельдер бойынша бұрмаланулар мүлдем байқалмайды.

Проекциялар жақзықтық бетіне көшірілу пішініне қарай жіктеледі: азимуттық, цилиндрлік, конустық.

1. Азимуттық проекция белгілі бір нүктеден жан-жаққа бағытталатын кеңістікті дәл бейнелейді.

hello_html_5c5d145f.png



Лекция № 8,9.

Карталардың жіктемесі. Географиялық картадағы жазулар.

1. Карталардың жіктемесі.

2. Географиялық картадағы жазулар (графикалық ерекшеліктері, шрифт, түсі, өлшем жазулардың орналасуы).

3. Топонимика туралы түсінік. Географиялық жазулардың транскрипциялары.


Географиялық карталардың жіктелуі

1. Карта – белгілі бір топографиялық проекциялар көмегімен Жер бетінің үлкен өлшем бірліктерінде анықталатын аудандардың нақты жазықтықта кішірейтілен кескіні.

Карталар әртүрлі белгілеріне: бейнеленуіне, территориясына, масштабына, мазмұны мен мақсатына байланысты жіктеледі.

Бейнеленуіне байланысты карталар Жердегі болып жатқан табиғи және қоғамдық құбылыстарды бейнелейтін географиялық карталар және аспан, оның бөліктері мен планеталарды бейнелейтін астрономиялық карталар деп ажыратылады.

Карталар қажетті масштабына сәйкес шартты түрде:

- ірі масштабты 1:1000 – 1:100 000 аралығында

- орта масштабыты 1:200 000 – 1:1 000 000 аралығында

- ұсақ масштабты 1:1 000 000 деп бөлінеді.

Территориясы бойынша дүниежүзі картасын, материктер, мұхиттар, материктердің бөліктері мен жеке мемлекеттер, әкімшілік облыстар, аудандар, қалаларды бөледі.

Мақсатына қарай карталар:

  • ғылыми-анықтамалық – ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге және толық ақпарат алуға арналған.

  • оқулықтар – география, тарих, геология және т.б. зерттеуде қолданылады, мектептер мен жоғарғы оқу орындарына арналған.

  • техникалық – қандай да бір техникалық есептеулерді жүргізуге арналған, объектілер мен шарттар кескіндейді.

  • туристтік, навигациялық, әскери және т.б.

Мазмұны бойынша карталар екіге бөлінеді:

- Жалпыгеографиялық

- Тақырыптық

Жалпыгеографиялық карталар – барлық географиялық құбылыстарды бейнелейді, жер бетін және оның бөліктерін, гидрография, елді мекендер, шаруашылық объектілер, коммуникация, шекаралар, жер бедерін, топырақ, өсімдіктер мен жануарлар әлемін т.б. көрсетеді. Ірі масштабты жалпы географиялық карталарды – топографиялық карталар, орта масштабты жалпы географиялық карталарды – жалпы топографиялық карталар, ал ұсақ масштабты жалпы географиялық карталарды – жалпы карталар деп атайды.

Тақырыптық карталар – белгілі бір нақты тақырыпты ашады. Мысалы, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің таралуы, табиғат зоналары мен жауын-шашын, т.б.

Карта атаулары:

1. Табиғат жөніндегі карталар

2. Геологиялық карталар (пайдалы қазбаларды барлау, іздеу, геологиялық процестерге және құбылыстарға зерттеу жүргізу)

3. Геофизикалық карталар (геодинамикалық процестер мен құбылыстарды зерттеу, пайдалы қазбаларды барлау жұмыстары)

4. Жер бедері картасы (морфологияны зерттеу, жер бедерінің генезисі, жасы, қозғалысы)

5. Климаттық карталар (аумақтардағы климатты және оның элементтерін анықтау)

6. Гидрологиялық карталар

7. Океанологиялық карталар (мұхит табиғатын, су астындағы жер бедерін, су мөлшерін, еріген заттарды, акваторийлердің өлшемін т.б. қарастырады)

8. Топырақ картасы

9. Өсімдіктер картасы

10. Зоогеографиялық карталар

11. Ландшафттық карталар

2. Карталардағы жазу және географиялық атаулар. Бұрын картаға барлық жазулар қолмен жазып белгіленді, сондықтан әрбір карталар бір-бірінен ерекшеленіп тұрды, бiрақ қазіргі кезде картографтар суреттелетiн объекттердiң сипатына лайық стандартты шрифттерді таңдайды. Кейбір шрифт түрлері дәстүрлі түрде нысандар тобы үшін қолданылады, мысалы, өзен, көл, теңiздiң нысандарын әдетте курсивтермен жазып қояды, жер бедердiң элементтерiн түзу шрифтпен белгiлейді. Шрифттік жазулар ол картографиялық таңбалар үшін ең негізгі роль атқарады. Осы жазуларға нысандардың саны және сапасы жатады. Шрифттер сонымен қатар, формасына қарай: көлеміне, түсіне, құрылымына, әріптердің жазу үлгілеріне қарай ажыратылады. Шрифттердің көлемдері сол жердің, яғни халықтың санына қарай таңдалады. Ең негізгі картаны түсіргенде жазулар қатесіз болуға тиіс.

Әрiптердiң өлшемi объекттiң маңыздылығына (немесе өлшемдеріне) тәуелдi болады. Әрiптер мен сөздердiң атаулары арасындағы қашықтықтар берілген картадағы объектінің ауданына байланысты өзгере алады. Картаның шрифттiк белгіленуіне картаның мазмұны мен оған жататын аумақты көрсететін тақырып жатады, ол үшiн iрi шрифт қолданылады. Географиялық атаулар маңызды рөл атқарады оны таңдау және оның саны картаның сипатына байланысты болады (мысалы, қаланың планы көптеген көшелердiң атауларын белгілесе, өсімдіктер картасы аз ғана керекті атауларды белгілейді). Картаны шығарған ұйымды белгілеу, жылын, пайдаланылған әдебиеттерді көрсету қабылдалған. Географиялық картадағы жазулар мына бөлімдерді қамтиды:

1-ші бөлім бұл нысандардың орны және аты беріледі (түбектер).

2-ші меншікті аттары беріледі (Рязань, Хуанхэ).

3-ші бөлім мемориалдық аттар (шығанақтар, жеке аралдар).

4-ші көрсеткіш нұсқаулар немесе аттар (Севастопаль бухтасы)

5-шы титул аттар (АҚШ, ТМД-қысқартылған сөздер).

Әртүрлі топтағы жазулар бұл түсініктемелік қолтаңбалар, яғни бұларға сипаттама беріліп отырады. Түсініктемелік қолтаңбаға мыналар жатады:

  1. Жалпы есім терминдері бұл географиялық нысандардың түрін анықтайды (теңіз, мұхит).

2. Нысандардың сапалық ерекшеліктерін көрсетеді (түрлі-түстер арқылы ажыратылады, мысалы, орман жамылғысы).

  1. Нысандардың сандық сипаттамасы (өзеннің ұзындығы, орташа тереңдігі, халықтың орналасуы).

  2. Хронологиялық рамкалардың немесе күндердің ашылулары беріледі (қорықтардың ашылулары, территориялардың бірігуі).

Картографиялық топонимика

Топонимдер- географиялық обьектілердің өзінің меншікті атауы.

Картографиялық топонимика-топонимика мен картографияның құрамдас бөлігі және картадағы географиялық обьектілердің атаулары

Сонымен қатар оған елді- мекеннің географиялық атауы, олардың сараптамасы, жүйелендіру және стандарттау, нормативтерді жасау және олардың картадағы жазылу ережелері кіреді.

Тапографиялық жұмысқа бағыт беру ресми құжаттардың анықтамасынан, ескі картографиялық және әдеби құжаттардан, жергілікті тұрғындардың адамдарынан сұрастыру арқылы алынады. Бұл оңай іс емес атаулардың мұқият тексеруін қажет ететін, орфографиялық қателерді жою үшін, жасырынып кіргендер ресми құжаттарға , әртүрлі обьектілердің атауларын сараптау , яғни жергілікті тұрғындармен қолданылған, әсіресе аз қоныстанғанаудандарда , біреумен себепсіз, жаңа атаулардың кездейсоқ алынуын болдырмау.

Георгафиялық атаулардың таңдауы мына жағдайларда қажет, бір обьектінің бірнеше атауы әр түрлі тілде болуы, яғни мемлекеттік ресми сапада қабылдануы. Осындай жағдай Бельгияда, көптеген атаулар француз және фламандықта түрлерде кездеседі, сонымен қатар Швейцарияда , атаулар паралельді неміс , француз және итальян тілдерде қолданылады.

Ресейде сондай атаулардың паралельді қолдануын кездестіруге болады , Татария және Татарстан сияқты , Башкортостан және Башқұртстан , Якутия және Саха республикасы , Ақ өзен және Акитиль және сол сияқты. Үлкен қиындық тағы мына жағдайларда көрінеді , белгілі бір географиялық обьект әр түрлі мемлекеттерге жатады. Мысалы , Германиядағы Дунай өзені және Австрияның Донау , Венгрияда - Дуна, Румынияда - Дунэря, Болгарияда және Югославияда- Дунав деп аталады. Даулы аумақтардың бірі , ағылшынша Фолкленд аралдары , Аргентинада Мальвин аралдары атын алып жүретін аралдар картада саяси проблемамен тұрады . Жапон теңізі кәрістер карталарда Шығыс және тіпті Шығыс - Кәріс деп аталады.

Орыстарың карталарында кейде бір уақытта бірдей атау келтіреді, мысалы, аралық шекараларда Германиямен және Польшада ,- Одер және Нейсе ( неміс ), Одра және Ныса ( поляк ). Батыс Двина өзені Латвияда Даугавай деп аталады, испандық өзен Дуэро және Тахо Португалияда Дору және Тыжу атын алады- мұндай жағдайда картада параллельдік гидронимдермен беріледі.

Көп қиындықтар және түсініксіздіктер шет атауларын беруде болады. Орыстардың карталарында американдық қалалардың атауы Нью – Йорк деп жазу қалыптасқан, бірақ сонымен қатар жаңа Орлеан , канадалық ауылды- мекендер орналастырылған дәстүрмен және әр түрлі жазылулармен беріледі: Нью - Брансуик және Ньюфаундленд, бірақ - Жаңа шотландия .

Арнайы ұлттық және халықаралық топонимикалық атауларды нормалауда көп күш- жігер кетеді,шет тілдік атаулардың берілуінде ереже құрылады,әсіресе тілдік жағынан, карталарда жаңа географиялық атауларды жазудың ережесін кірістіреді. Мұндай жұмыс әсіресе көптеген өзгертулерде көкейкесті, Азия және Африка елдеріндегі бодандықтан құтылу жолындағы тәуелсіздік.Соңғы жылдары атаулардың өзгертулері Кеңестік Одағын жаулап алды.

Халықаралық нормалау топонимодер үшін әсіресе өзекті , алғашқы рет Антарктидаға георгафиялық объектілердің берілуі , дүниежүзілік мұхитта , сонымен қатар басқа планеталарда. Қызықты тәжірибе Халықаралық астрономиялық бірлестіктің жер бедерінің планеталық деталіне қатысты.Мысалы, Шолпан үшін- әйел атымен аталған жалғыз планета,тек әйел атауына берілу ескеріледі.Кратер- әйгілі әйелдердің тегі, үстірттерге- Құдайлардың аттары, атыздарға және каньондарға- мифологиялық кейіпкерлердің атаулары.

Шет тілдік атаулардың берілу түрлері

Басқа тілде карталарындың аттарын тапсырудың бірнеше түрі болады .

Жергілікті ресми түр - жазуы елдің мемлекеттік тілінде , яғни осы объекті орналасқан жерде. Үлгі бойынша Sverige ( Швеция ) немесе България ( Болгария ) айтуға болады. Бұл түр нағыз ресми жазуды сақтайды , бірақ топонимнің дыбыстамасын ашпайды . Мысалы француздар немесе ағылшындар , латын әліпбиін пайдаланушылар , Швеция аты « Сверье » деген дыбыс шығарады, ал болгарлық орыс оқырмандары « ъ » айтуда қиналуын білмеуіде мүмкін№

Фонетикалық түр- басқа тіл әліпбиінің әріптерімен тапсырылған дыбыстау ( айту ) атын шығарады. Мысалы , Atlantic Highlands ағылшын Атлантик - Хайлендс сияқты орыс транскрипциясында көрінеді , ал Miskolc венгр , Мишкольц . Бұл форманы жиірек шартты - фонетикалық түрде атайды , себебі шетел тіл дыбыстары басқа әліпби әріптерімен әрқашан дәл тапсыруға келе бермейді. Мысалы, орыстардың карталарында қытай , жапон , араб топонимдерін айтуда ерекше қиындықтар көрінеді. Тіпті мысалы, европалық тілдерде –кейбір әріптердің үйлестірулері топонимдердің ортасында немесе алдында болсада түрліше дыбыс шығарады.Мысалға, немісше st сөздің басында шт сияқты сөзшығарады , ал қалғандарында ст. Кейбір жағдайларда фонетикалық түрге орыс терминін қосады , дегенмен ол өзі топонимге кіреді, мысалы Копетдаг жотасы, фьорд Согне - фьорд , Солт - Лейк көлі және Солт - Лейк - Ситиқаласы.

Транслитерация - әріптің бір алфавиттен екінші алфавитке атын айтпай- ақ көшуі. Бұл түрге көп жүгіне бермейді, мысалы кей жағдайларда, топонимнің нағыз дыбысталуы белгісіз болса. Мұндай жағдайлар болып тұрады , мысалы , Гренландиядағы эскимостық аттардың даниялықтардың картасына берілуінде немесе Австралиядағы байырғы аттардың ағылшын карталарына берілуінде.

Дәстүрлі түр - жазылуында түпнұсқадан айырмашылығы бар, бірақ осы елдің ауызекі сөйлеуінде әлдеқашан тамыр жайған. Орыс топонимикасы мынадай үлгілерді білдіреді , карталарда Финляндия дәстүрлі жазылады , Суоми емес , Греция , Эллас емес , Грузия , Сакартвело емес , Шпицберген , Свальбар емес. Францияның бас астанасы Пари орыс тілінде Париж болды, итальян қаласы Наполи - Неаполь , ал Темс ағылшын өзені – Темза деген атқа ие болды .

Шартты үлгілерде топонимикалық белгілердің георгафиялық атауларымен салыстырулары тура келеді.

Аудармалы түр – атаудың бір тілден басқа тілге мағынасымен берілуі . Негізінен халықаралық дәстүр орнатқан елдерге қатысты ,мысалы Піл сүйегі жағасы, Добрая Надежда мүйісі, Скалистые таулары,Жасыл мүйіс аралдары, Отты жер, Қара теңіз. Жиірек атаудың тек жартысы аударылады : жаңа , кәрі , солтүстік , оңтүстік , үлкен , аз , орыс , татарлық – олар мән жағынан сын есім болып келеді . Үлгілер көп : жаңа оңтүстік Уэльс, Солтүстік Каролина,Үлкен Хинган, Кіші Антиль аралдары, Орыс Ашнягы, Татар Ашнягы және сол сияқты.

Географиялық аттардың берілу түрі


Топонимика тілі

Жергілікті ресми

Фонетикалық

Транслитерация

Дәстүрлі

Ағылшын

Француз

Неміс

Итальян

Норвег

Фин

England

Paris

Wien

Genova

Norge

Suomi

Ингленд

Пари

Вин

Дженова

Норье

Суоми

Енгланд

Парис

Виен

Генова

Норге

Суоми

Англия

Париж

Вена

Генуя

Норвегия

Финляндия

Жазулардың түрлері

Шартты белгілерден басқа , карталарда көп санды жазуларды қатысады. Олар құрамның маңызды элементін құрастырады , бейнеленген обьектіні түсіндіреді , олардың сапалық және сандық мінездемесін көрсетеді ,анықтамалық мәлімет алу үшін қызмет етеді . Жазулар картаны байытады , бірақ оның оқуын бір уақытта төмендете алады . Жазулардың үйлесімді сан құруы және олардың дұрыс орналастырылуы картографиялық туынды жасауда маңызды мақсатты құрастырады.

Жазулардың үш тобы бөлінеді .

Топонимдер – картографиялық обьектінің өзінің меншікті атауы . Олар рельеф элементтерінің аттары- оронимді, су обьектілерінің аттары-гидронимді , этностардың аттары- этнонимді, жануар әлемінің аттары- зоонимді және сол сияқты.

Терминдер – картографиялық обьектіге қатысты ұғым. Бұл жалпыгеографиялық, геологиялық , мұхиттық , әлеуметтік - экономикалық және - басқа терминдерді бола алады ( мысалы ,«аудан»,«бұғаз»,«шығанақ» және басқалары.).

Түсіндірмелі жазудың :

- сапалық мінездеме;

- сандық мінездеме;

- хронологиялық жазу;

- қозғалыс белгілеріне түсіндірме;

- меридиандардың және параллельдердің цифрлеу және картографиялық тор сызықтарына түсіндірме түрлері бар.

3. Топонимика ( грекше topos- орын және Noma - ат ) - географиялық атауларды зерттейтін ғылым, олардың пайда болуын, мағынасын, дамуын, қазігі жағдайын, оларды белгілеуді зерттейді. Топонимика география, тарих және лингвистика ғылымдармен байланысты. Топонимия - қандай болмасын аумақ атауларының жиынтығы.

Топонимика бірнеше түрге бөлінеді:

· Ойконимдер – елді мекендердің атаулары ( гр. oikos - пәтер-үй, мекен).

· Астионимдер - қалалардың аттары (гр. asty - қала)

· Гидронимдер - өзендердің аттары (гр. hydros - су).

· Дримонимдер - ормандардың аттары (гр. δρΰς  ағаш).

· Оронимдер - таулардың аттары (гр. oros - тау).

· Урбанонимдер – қала ішіндегі нысандардың аттары (Urbanus - қалалық ).

· Годонимдер - көшелердің аттары (гр. hodos - жол, көше, арна).

· Агоронимдер - аудандардың аттары ( гр. agora - аудан).

· Дромонимдер - хабарлау жолдарының аттары (гр. dromos - қозғалыс, жол).

· Макротопонимдер – үлкен аумақты елсіз мекендердегі нысандардың аттары (гр. makros - үлкен).

· Микротопонимдер - кішкене аумақты елсіз мекендердегі нысандардың аттары (гр. mikros - аз).

· Антропотопонимдерадам қолынан пайда болған географиялық нысандардың аттары (гр. antropos - адам).

3. Географиялық атаулар бұл топонимдер болып есептелінеді. Географиялық атаулар карталарды орналастыру кезіндегі нақты шараларды қажет етеді. Топонимика бес формада қолданылады:

  1. Жергілікті арнайы жерлер формасы, яғни бұл елдердің мемлекеттік тілімен жазылады.

  2. Фонетикалық формасы, яғни мұнда басқа тілде жазылуы.

  3. Салттық формасы, мұнда әрбір елдің тілінде жазылады.

  4. Ауыстыру формасы мағынасына қарай жазылады (Отты жер- Огненная земля).

5. Әріппен берілу формасы немесе оны транслитерация деп атайды. Бір әріппен беріле отырып, екінші әріпке көшу.

Лекция 10, 11.

Жалпы географиялық карталар

1. Жалпы географиялық карталар болмысы.

2. Жалпы географиялық картадағы сулы нысандарды кескіндеу.

3. Картада елді мекендерді, территорияның тығыздығын және орналастыру реті.

1. Карта деп белгілі бір математикалық ережелермен жер бетінің жазықта кішірейтіліп, жинақтап бейнеленуін айтады, онда географиялық нысандар шартты белгілер арқылы көрсетіледі. Картада жер шарының, күн жүйесіндегі басқа ғаламшарлардың, аспан денелерінің және т.б. кішірейтіліп, жинақталып шартты белгілермен белгіленген.

Карталар мазмұнына қарай 2 түрге бөлінеді: жалпы географиялық және тақырыптық карта.

Жалпы географиялық карта – жер бетінің бедері кескінделен карта. Онда жер бетіндегі барлық нысандар бейнеленеді.

Топографиялық карта жалпы географиялық картаға жатады. Мынадай масштабтан

1:1000 000-нан 1:10 000-ға дейін құралған карталар топографиялық деп аталады.

Ең алғашқы топографиялық карталар (грекше topos – орын) жер бетінің нақты бір орнын (нүктесін) көрсетіп, ірі масштабта сол аумақтың шекарасын толық суреттеп берген.

Топографиялық карталардың негізгі ерекшеліктері:

- координаталар мен шартты белгілердің бірыңғай жүйесінде жасалуы;

- жергілікті жердің қазіргі таңдағы жағдайын көрсетеді, картаның масштабына сәйкес геометриялық дәлдікті сақтайды;

- пайдаланушылар үшін ыңғайлы, жергілікті жердің бағыт-бағдарын жылдам анықтауға мүмкіндік береді;

Топографиялық карталардың негізгі функциялары:

Анықтама – аумақ туралы географиялық мәліметтерді алуға, нысандардың орнын, олардың саны мен сапасы жайлы толық мағлұмат алуға мүмкіндік береді;

Метематикалық – географиялық координаттарын жоғары дәлдікпен есептеуге, жергілікті жердегі нүктелердің сипаттама беруге, ұзындықтарды өлшеуге, нысандардың ауданын және басқа да өлшеулер жүргізуге болады;

Технологиялық – негізі ретінде пайдаланып, қосымша материалдарды орналастыру.

Топографиялық карталарды негізгі үлгі ретінде әртүрлі зерттеулік және өндірістік жұмыстарды жүргізу үшін пайдаланады.

2. Картадағы гидрогеографияның элементтеріне өзендер, көлдер, каналдар, суқоймалар, бұлақтар және басқа да су акваториясын бейнелейтін нысандар жатады. Топографиялық карталардағы шартты белгілер шельфтік аумақтағы карталармен келісілген.

Жағалық сызықтар тұрақты, анықталған және тұрақсыз, анықталмаған деп жіктеледі.Топографиялық карталар өзен жүйесінің, арналарының үйлесімдік ерекшеліктерін, жайылманың, жағаларының үлгісін және сипаттамасын береді.

Ірі өзендердің шартты белгілері сапалық және сандық көрсеткіштермен беріледі – ағыстың жыламдығы мен бағыты, тереңдігі мен ені, арнадағы топырақ, су деңгейі, өткелдің бар болуы (паромдар, көпірлер, өткел) сарқырама мен табалдырықтар. Егер өзеннің атауы бас әріптермен жазылса, онда осы учаскеде кеме жүзеді.Кеуіп жатқан өзендер және өзендердің аумағы сызықтық пунктирмен, жер асты өзендердің аумағы нүктелі пунктирмен беріледі.

Каналдардың шартты белгілері түзу сызықтар және карта масштабында каналдың енін көрсететін екі параллельді сызықтар беріледі.

Карталарда теңіздердің және оның бөліктерінің, көлдердің, суқоймаларының, канал, құдық, бұлақ, соынмен қатар жағалаулық сызықтағы объектілер атауы жазылады.

3. Ірі масштабты топографиялық карталарда барлық елді мекендер мен бөлек орналасқан құрылыстар көрсетіледі.

Елді мекендер келесідей белгілеріне байланысты бөлінеді:

- тұрғындарының саны (шрифттің биіктігі)

- елді мекен түрі (жалқы атауларды жазуға қолданылатын шрифт түрі )

- саяси-әкімшілік маңызы

Ірі масштабты карталарда елді мекендердің бөліктерін жасыл желектердің, көліктердің аумағында, құрылыс жүргізіліп жатқан жерлерде көрсетеді.

Ірі масштабты карталарда барлық өнеркәсіптік, ауылшаруашылық кәсіпорындары, қоғамдық-мәдени нысандар, діни-мәдени құрылыстар (мешіт, шіркеулер) көрсетіледі.

Елді мекендердің атауларының жазылуы

Қала

Мазмұны

МӘСКЕУ

ТМД-ның астанасы. Қала тұрғыны 1000000 жуық.

Өнеркәсіптік кәсіпорындар, кемежай, теміржол станциялары, т.б. бар кенттер (село)

Майский

1 000 адамнан асады

Артенмший

100 - 1000 тұрғын

Рудничный

100 тұрғыннан аспайды




Лекция №12.

Тақырыптық карталар

1.Тақырыптық карталар болмысы.

2.Картографиялық әдістердің қолданылуы: белгі, сапалы фон, ареал, нүкте, изосызықтар, сызық белгісі, қозғалыс белгісі, картодиаграмма, картограмма т.б.

1. Жалпы географиялық карта негізінде тақырыптық карталар жасалады. Мысалы, климаттық белдеулер картасы, тектоникалық карта және т.б. Тақырыптық карталардың мазмұны жалпыгеографиялық карталарға қарағанда кеңірек, үлкен көлемді қамтып, әртүрлі мәліметті береді. Кез келген тақырып картографиялық әдістердің көмегімен толық ашыла алады.

Тақырыптық карталар - белгілі бір тақырыпқа байланысты ( тақырыпты, объектті, құбылыс, сала) немесе бірнеше тақырыптың үйлесуін көрсететін карта. Тақырыптық карталар табиғи (физико - географиялық) және қоғамдық (саяси - экономикалық) құбылыстарға, сонымен қатар олардың әрекеттесуіне байланысты бөлінеді. Табиғи және қоғамдық құбылыстар жөніндегі барлық мәліметтер оның тақырыбына байланысты белгіленіп, оның арнайы мазмұнына ие болады.

Тақырыптық карталар өзінің тақырыбының мөлшеріне байланысты – жалпы (үлкен тақырыптарға байланысты) және жеке немесе салалық (шағын ғана тақырыпқа байланысты) деп бөлінеді.

Карталар Жер туралы ғылым салаларындағы әр түрлі мәселелерді шешу үшін арналған. Қазір картасыз ешқандай жұмыстар жүргізіле алмайды.

Бұл карталарды екі топқа бөлуге болады: қоғамдық және табиғи құбылыстар картасы.

  • Табиғи құбылыстар картасы қоршаған ортаның барлық компоненттерін қамтиды. Бұл топқа геологиялық, геофизикалық, жер беті және Дүниежүзілік мұхит түбінің бедері картасы, метеорологиялық және климаттық, гидрологиялық, топырақ картасы, физико-географиялық ландшафтану мен физико-географиялық аудандастыру карталары және т.б. жатады.

  • Қоғамдық-саяси карталарға экономикалық, саяси, тарихи, әлеуметтік-географиялық, елді мекендер картасы жатады.

Табиғи құбылыстар карталарының жіктелуі

Геологиялық карталар

тектоникалық және неотектоникалық

литолого-стратиграфиялық

гидрогеологиялық

пайдалы қазбалар

сейсмикалық және вулканизм

геологиялық ортаны қорғау

құрылымдық-геологиялық аудандастыру

Метеорологиялық және климаттық карталар

климат қалыптастырушы факторлар

термикалық режим

ылғалдану

қысым

жел режимі

атмосфералық құбылыстар

аудандардың климаты, ауа-райы және атмосфералық әрекеті

Геофизикалық карталар

гравитациялық өріс

магниттік өріс

сейсмометрлік

электрлік өріс

жылу энергиясы

физикалық өлшемдер


Гидрологиялық карталар (құрлықтағы сулар)

гидрографиялық

су режимі

қар жамылғысы

мұздану режимі және гидрологиялық құбылыстар

судың физико-химиялық сипаттамасы

судың ластануы

гидрологиялық аудандастыру

Жер беті және мұхит түбі рельефі (бедері)

Гипсометриялық және батиметриялық

Морфометриялық және морфографиялық

Геоморфологиялық (жалпы және жеке құбылыстардың)

геоморфологиялық аудандастыру


Мұхиттық карталар (теңіз және мұхиттардың суы)

Гидрографиялық

Физикалық қасиеттері (гидрофизикалық)

Су массасының динамикасы

Гидрохимиялық

Теңіздер мен мұхиттардың флорасы және фаунасы

Мұхит суының ластануы

Мұхиттық аудандастыру

Топырақ картасы

топырақтың генетикалық түрлері

топырақтың физико-механикалық қасиеттері

геохимиялық

климаттық

мелиоративті

топырақтың ластануы

топырақтардың аудандастырылуы

Ботаникалық карталар

қазіргі өсімдіктер жамылғысы

қалпына келтірілген өсімдіктер жамылғысы

өсімдіктердің жеке түрлері

фенологиялық

өсімдік жамылғысының бұзылуы

геоботаникалық аудандастыру

Зоогеографиялық карталар

Жануарлардың жеке түрлері

Жануарлар кешені

Зоогеографиялық аудандастыру


Медико-географиялық карталар

Нозоареалдар (ареалдардың ауыруы)

Аурулар мен эпидемиялардың таралуы

Медико-географиялық аудандастыру

Аумақтарды емдеу

Жалпы физико-географиялық карталар

Ландшафтық

Қоршаған ортаның бұзылуы

Табиғатты қорғау

Физико-географиялық аудандастыру


Қоғамдық құбылыстар қарталары социосфера мен техносфераны қамтиды. Олардың тақырыптары әр алуан: халық, экономика мен шаруашылық, ғылым, білім және мәдениет, қызмет ету және денсаулық сақтау, дін және саясат, археология мен ұоғамның даму тарихы және т.б. Бұл топтағы карталар жылдан-жылға өсуде.

Қоғамдық құбылыстар қарталарының жіктелуі

Халықтар картасы

Халықтың орналасуы және қоныстануы

Ұлттық құрамы мен этнографиясы

Жастық құрамы

Дін және сенімдер

Халықтардың миграциясы

Еңбек ресурстары

Қоғамдық құрылыс


Шаруашылық картасы

Өнеркәсіптік (жалпы және салаларына қарай)

Ауыл шаруашылығы

Агроөнеркәсіптік кешен

Орман шаруашылығы

Балық шаруашылығы

Энергетика

Көлік және байланыс

Сауда және қаржы

Экономико-географиялық аудандастыру

Ғылым мен білім картасы

Білім

Ғылым

Мәдениет

Мәдени ескерткіштер

Саяси және саяси-әкімшілік картасы

Геосаяси

әкімшілік құрылыс

саяси ұйымдар, партиялар, қозғалыстар

электоралдық

Халыққа қызмет ету және денсаулық сақтау картасы

Қызмет көрсетудің жеке түрлері

Денсаулық сақтау

Дене шынықтыру және спорт

Демалыс және туризм

Тарихи карталар

Қоғамдық-саяси формациясы

Археологиялық

Тарихи-экономикалық

Тарихи-саяси

әскери-тарихи тарихи-мәдени


2. Белгілер


Әрбір картаның тілі өзінің сөздік қоры болып табылады. Мұнда шартты белгілер, таңбалар және грамматикасы анықталады. Картаның тілі мағынасына қарай ажыратылады: 1-шісі картографиялық нысандардың маңызы көрсетіледі (топырақтың түрі, өсімдігі, тау жыныстары, шаруашылықтың салалары және т.б.); 2-шісі географиялық координаттар көрсетіледі.

Картографиялық таңбалардың мынандай түрлері бар:

1. Атты

2. Реттік

3. Сандық

Атты – нысандардың атын көрсетеді.

Реттік – нысандардың көлемін көрсетеді (ірі, орта).

Сандық – нысандардың санын анықтайды, бір қалада неше тұрғын бар екенін көрсетеді.

Таңбаларды формаларына, көлеміне, жарықтығына, ішкі құрылымына қарай ожыратуға болады.

Картографиялық таңбалардың мынадай тәсілдері бар:

таратпау тәсілі

сызықтық тәсіл

изосызықтық тәсіл

сапалық тәсіл

сандық фонның тәсілі

таратпау диаграммалық тәсіл

нүктелік тәсіл

векторлық тәсіл (қозғалыс тәсіл)

ареалдар тәсілі

картограмма және картодиаграмма тәсілі

Таратпау тәсілі – нысандардың орнын көрсетеді. Бұл тәсілдің алты түрі бар:

  • абстрактілі – геометриялық фигуралар

  • әріптік – Na, Cl, Ca, Fe

  • көркемдік – суретке қарап көрсетеді

  • құрылымдық

  • бөлек және жеке

  • ұлғаю, өсу

  • Сызықтық тәсіл – нысандарды сызып көрсетеді

  • саяси әкімшілік шекара

  • гидрографиялық торлар

  • автомобиль жолдары

  • альпілік қатпарлықтың негізгі бағыттары

  • жағалық сызықтар (аккумулятивтік, теңіздердің өзгеруі)

Белгілер әдісі бір нүктедегі объектіні белгілеу үшін қолданылады. Оның орналасқан жері қатаң түрде географиялық немесе басқа координатамен анықталады, ол уақыт өтуіне байланысты өзгермейді. Объектінің ауданы картаның масштабында көрсетілмейді. Мысал ретінде бөлек орналасқан нысандар, елді мекендерді айтсақ болады: электростанциялар, зауыттар, өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар, пайдалы қазбаларды өндіретін орындар және т.б.

Геометриялық белгілер карталарды жасау кезінде оңай анықталады, жай геометриялық фигуралардан тұрады. Оған дөңгелек және оның бөліктері, шеңберлер, тікбұрыштар, үшшбұрыштар, ромб және т.б. жатады. Картада геометриялық белгілер оңай оқылады, аз орын алады, тез жатталады.

Шығармашылық белгілерге өзінің қалыпты бейнесіне ұқсас әртүрлі суреттер жатады.


hello_html_m432b8db5.gif








Геометриялық белгілер



Сызықтық белгілер әдісі де көп қолданылады., Жер бетінде немесе теңізде өзінің нақты бір орны мен пішіні бар құбылыстар картада сызықпен белгіленеді. Бұл құбылыстар мен нысандар тобына теңіз, өзендердің жағалық сызықтары, жол, шекаралар және т.б. жатады.Ерекшелігі - картада объектінің нақты бейнесі мен алып жатқан орны, объектінің ұзындығы бойынша сақталады.

hello_html_m57636433.gif












Сызықтық белгілер



Изосызықтар – географиялық картадағы қайсыбір шаманың ( қысым, температура, ылғалдылық, т.б.)! бірдей сандық көрсеткіштері бар вертикаль қимадағы немесе графикадағы нүктелердегі қосатын сызықтар.

Изосызық тәсіл – грек тілінен аударғанда изос бірдей деген мағына білдіреді.

Изосызықтар тәсілі – кеңістіктегі үздіксіз және біртіндеп өзгеретін құбылыстардың – жер бетінің биіктігін, ауа температурасын, жауын - шашын мөлшерін және т.б. шамасын ( немесе қарқындылығын) картаға түсіру үшін қолданылатын бейнелеу тәсілі.

Изосызықтардың мынадай түрлері бар: изотерма, изогиета, изобар.

Изотермалар – (изо.. және герк. Тhermе - жылылық, ыстық) – географиялық картадағы бір сәттегі немесе орташа бір кезеңдегі ( жыл, ай бойғы) ауаның, судың және топырақтың бірдей температуралы нүктелерін қосатын сызықтар.

Изогиета – географиялық ккарталардағы тәулік, ай, жыл ішінде жауатын атмосфералық жауын – шашын мөлщерінің бірдей нүктелерін немесе бір айда немесе бір жылда жауатын жауын – шашынның көп жылғы орташа мөлшерінің бірдей нүктелерін қосатын сызықтар.

Изобара – барометрлік қысымы бірдей нүктелерді қосатын сызықтар. Карталардың бетінде белгілі бір уақытқа арналып жасалады. Изобаралар тәуліктің, айдың, жылдың, т.б. орташа, ең жоғары немесе ең төменгі қысымдарына арналып жасалуы да мүмкін.

hello_html_m65ac664f.gif











Изосызықтар


Диаграммалар әдісі картада ауданда қалыптасқан, бірақ нақты бір нүктелерде зерттелетін құбылыстарды белгілеу үшін қолданылады. Оған көптеген табиғи құбылыстарды жатқызуға болады – ауаның қысымы мен температурасы, жауын-шашын, жел, өзен режимі және т.б.

Сапалық тәсіл – физ. – географиялық және экономикалық аудандастыруы және экономикалық саяси әкімшіліктің белгілерін көрсетеді.

Сапалы көрініс тәсілі - Жер бетінде тұтасып тараған (мыс, ландшафт) және айтарлықтай ауданды алып жатқан (мыс, топырақ жамылғысы) немесе жаппай тараған (мыс, халық) құбылыстардың сапалық сипатын бейнелеудің картаға түсіру әдісі.Картада сапалық фонды түрлі түсті немесе штрихты сызықпен бейнелейді. Кей жағдайларда олардың екеуіде бірге қолданылады.

Картада сапалық фонды қолдану оңай болуы үшін оларды әдетте индекспен белгілеп көрсетеді. Ол картаның легендасында жазылады.

hello_html_m746d46b9.gif










Сапалық тәсіл


Сандық фонның тәсілі – территориялық сандық көрсеткіштеріне қарай көрсетіледі. (М: ағыс жылдамдығы) Сандық фонды әдетте аудандастыруда қолданады. Рельефтің тереңдігін шкаламен көрсетеді. Яғни рельефтің әрбіп ауданын штрих сызықтармен бейнелейді. Сандық фон әдетте гидроресурстық және рельефтердің территорияларын аудандастырғанда қолданылады.

hello_html_e822c4e.gif

hello_html_e866fb0.png



Таратпау диаграммалардың тәсілі. Бұл мезгілге байланысты, жауын-шашын, tº, желдің бағыттарын көрсетеді.

hello_html_6edc27dd.pnghello_html_m12246a8b.gif

Нүктелік тәсіл. Географиялық карталарда егін мен мал шаруашылығын көрсеткенде нүктелік беріледі. Ол нүкте егер егін шаруашылығы болса, 1 га - да жер қаншаға тең екенін көрсетеді.

hello_html_a0cdaae.pnghello_html_58e2b547.gif

Ареал - жер бетінде қандай да бір құбылыстың (жануарлар, өсімдіктер, пайдалы қазбалар түрлері және т.б.) таралған атырабы; физикалық және қоғамдық географияда қолданылатын ұғым. Мыс, биогеографияда. Ареал тірі организм топтарының (түрдің, туыстың және т.б.), экономикалық географияда әр ауыл шаруашылығы дақылының немесе өнеркәсіп саласының таралған атырабы және т.б.

Ареалдар тәсілі. Ареал латын тілінен аудан деген мағына береді. Ареалдар абсолюттік және салыстырмалы болып бөлінеді. Абсолюттік ареалда кейбір жануарлардың түрін мүлдем көрсетпейді. Салыстырмалы бір территорияны қамтып жануарлардың тығыздығын және өсімдіктердің түрлерін көрсетеді. Карталарда ареалдарды бейнелегенде әртүрлі графикалық суреттерді қолданады. Оларды пунктир сызықтармен, жазумен, белгілермен көрсетеді.

Аhello_html_dbb8fa4.gifреалдар тәсілі – қандайда болмасын құбылыстың үздіксіз, тұтас(мыс, мұзбасудың) немесе шашыранды таралу атырабын шекаралық сызық, бояу немесе түрлі сызықтар арқылы көрсететін картографиялық тәсіл.






hello_html_13972d75.gif

Қозғалыс тәсіл - нысандардың қозғалысын табиғи және саяси-әлеуметтік (құстардың ұшуы, халықтардың миграциясы, жүк тасымалдау, ағыстар) жағдайларын көрсетеді. Қозғалыс белгілерінің екі түрі бар:

  • Қозғалыс векторы

  • Қозғалыс жолағы (лента)

hello_html_m60c61b0d.gif










hello_html_m29f1c5f0.png


Картодиаграмма. К бетіндегі территориялық бөліктің белгілі бір статистикалық көрсеткішінің жалпы мөлшерін диаграмма көмегімен көрсететін карта. М, облыс, аудан бойынша халықтың саны және оның құрамы, өнеркәсіптің жалпы өнімін және оның құрамын, оның белгілі бір мерзім ішінде өсуін көрсетеді.

hello_html_1c162d45.gif








Картограмма. К белгілі бір экономикалық, әлеуметтік құбылыстардың қарқындылығы. К-ға түсірілген территориялық бөліктің жене аудандары бойынша көрсететін карта.Белгілі бір аумаққа қатысты статистикалық деректердің диаграммалар не суреттер арқылы графикалық бейнеленеді.

Картограммалар картада әдетте статистикалық көрсеткіштерді бейнелегенде қолданылады.Яғни халықтық санын, ауыл шаруашылығында, орман шаруашылығын аудандастырғанда қолданылады.Картограммалар сапалық фонға өте ұқсаса болып келеді. Бірақ олардан ерекшелігі - сапалық фон белгілі бір ауданды аудандастырғанда қолданылса, картограммалар басқару аудандарында қолданылады.

hello_html_m54d7adbf.pnghello_html_6dcd48fb.gif















Лекция №13.

Карталар сериясы. Атластар.

1.Карталар сериясы, олардың түрлері.

2. Атластардың жіктемесі.


1. Географиялық атлас - географиялық карталарының немесе планета бөлімдерінің (әдетте жер планетасы) жиынтығы. Бірақ күн жүйесіндегі басқа планеталар мен олардың серіктеріне арналған атластар да бар. Әдеттегі атластар кітап түрінде, ал қазіргі таңдағы атластар электронды түрде беріледі. Жер туралы тереңірек мағлұмат алу үшін атласқа жер бедерін көрсететін физикалық карталар, саяси, климаттық, діни (діндердің әр таралу аймақтары), әлеуметтік (халықтың орналасу тығыздығы, орташа табыс мөлшері, өлім-жітім), экономикалық (өнеркәсіп салаларының дамуы) карталарды енгізеді.

Дүние жүзі картасынан тұратын алғашқы атласты Абрахам Ортелия (Theatrum Orbis Terrarum)1570 жылы жасап шығарды. Алғашқы кездері олар атлас деп аталмады, тек 1595 жылдан бастап Г. Меркатордың атласы шыққанда ғана осы атқа ие болды. Алтас деген атауға ие болған алғашқы кітапты б.з.д. 150 жылы Александриядан шыққан К. Птолемей құрастырған. Бірінші басылымы 1477 жылы Болоньи қаласында шықты, ол 27 картадан тұрды. 1544 жылдан бастап Рим, Венеция сияқты ірі сауда орталықтарында көптеген карталар басылып шығарылды. Бірақ ол кездегі карталар бір-бірінен айырмашылығы көп болды. Оларды бір-бірімен сәйкестендіру үшін уақыт керек болатын. 1544 жылы «атлас» термині қолданылмаса да, бұл карталар «атлас IATO» (итальяндық карталар жинағы) немесе «Лафрери атласы» деп аталды.

Абрахам Ортелий өз атласын 1570 жылы 20 мамырында басып шығарды. Басқа атластардын айырмашылығы, ол қазіргі таңдағы атластарға өте ұқсас болуында. Оның атласы әр түрлі мемлекеттерді көрсететін 53 картадан құралды. Алайда, «атлас» термині тек Г.Меркатордың атласы шыққан кезден бастап қолданысқа ие болды.

Атлас – карталар, кестелер, диаграммалардың және т.б. жинақ тары, атластардың негізгі үлгілері :

O анатомиялық атлас, мысалы Синельникованың адам анатомиясы атласы

O георгафиялық атлас - георгафиялық карталардың жиынтығы.

O қандай болмасын планетаның физикалық атласы .

O аспан денелерінің атласы

O халықтардың атласы (этнографиялық атлас).

O тілдердің атласы (тілдік атлас).

Карталардың сериялары екі түрде болады:

- бір территорияға арналған, бірақ тақырыбы әртүрлі;

- тақырыбы бір, бірақ әртүрлі территорияларға жасалған.

1. Бірінші серияға жататын карталар территорияның мінездемесін жан-жақты береді, барлық карталардың мазмұнын бір ғана маңызды мәселеге арнайды, мысалы экологиялық мәселелер немесе бір деңгейдегі оқушыларға (бір сыныптың) қойылатын бағдарламалық талаптар. Мысал ретінде Мәскеу облысының әртүрлі экологиялық тақырыптарына сай карталардың серияларын келтірсек болады – батпақтану, ауаның, топырақтың, жерасты және жерүсті сулардың ластану дәрежесі, т.б. Әртүрлі тақырыптарды қамтитын 10 сыныптарға арналған карталар да карта сериясының бірінші түріне жатады.

Бір территорияға арналған, бірақ тақырыптары әртүрлі карталар сериясынының мынадай ерекшеліктері болады:

- бірыңғай математикалық негіз (проекция, масштаб)

- бірыңғай географиялық негіз (карталардың мазмұны бірдей өзен, елді мекен, жол, шекара каркасын т.б. бейнелейді)

- шартты белгілер мен мәліметтер белгілі бір келісілген жүйемен беріледі.

Барлық карталар серияларында қосымшалар кездеседі: кестелер, графиктер, түсіндірме жазбалар.

2. Екінші серия түріне жататын карталар (тақырыбы бір, бірақ территориясы әртүрлі) құбылыстардың, шартты белгілердің және мәліметтерді беру әдістерінің біртекті топтасуымен (жіктелуімен) ерекшеленеді. Барлық карталар сериясы бірдей жасалады (бір бояу, бір өлшем, т.б.). Екінші түрге жататын карталар сериясында бірыңғай математикалық, географиялық негіз болмайды. Бірақ осы серияларды жасайтындар бұрмалану жағдайына байланысты біртекті проекцияларды, бірдей немесе еселік масштабтарды қолдануға тырысады. Географиялық негіз бірдей генерализация дәрежесін иеленеді. Екінші түрге жататын карталар сериясына мектептегі материктердің физикалық немесе экономикалық, аудандардың экономикалық картасын т.б. жатқызуға болады.

2. Атластар географиялық карталар сияқты территориясына, мазмұнына және мақсатына байланысты бөлінеді. Карталардан айырмашылығы, атластар тағы пішініне байланысты бөлінеді – үстелдік, кітаптық және қалталық.

1. Территориясы бойынша дүниежүзі, материктер, мұхиттар, үлкен географиялық аймақтар, жеке мемлекеттер мен олардың бөліктері атластары деп бөлінеді.

2. Мақсатына байланысты атластарда маман-оқырмандарды (туристтер, автомобилистер, оқушылар және т.б.) қызықтыратын мәліметтер беріледі немесе жалпы мағлұматтар беретін мәліметтер атласы ролін атқарады.

3. Мазмұнына байланысты атластар жалпыгеографиялық, тақырыптық және комплекстік деп бөлінеді.

Жалпыгеографиялық атластар шектелген картографиялық проекциялар, бірдей немесе еселік масштабтары берілетін біртекті математикалық негізде жасалынады. Картаның мазмұны белгілі бір территориалдық бірлікке жатуы мүмкін, мысалы, мемлекеттер, аудандар және т.б.

Тақырыптық атластар белгілі бір тақырыпты ашады. Мысалы, 2003 жылы ПКО «Картография» дұниежүзі Атласын басып шығарды, оның негізгі мазмұны саяси және саяси-әкімшілік карталарға арналған. Қосымша ретінде атласқа мәліметтер мен 24 парақты физикалық карталарды енгізген.

Комплекстік атластар бөлімдердегі мазмұнына байланысты әртүрлі болады. Алайда, ереже бойынша, онда екі негізгі бөлім болады: табиғат картасы және экономикалық карта.

Атластардың жіктемесі


Географиялық атластың түсінігі

Атлас – бұл карталардың бір бағдарламамен бүтін шығарма ретінде кітап немесе парақтар жиынтығы ретінде шығарылған жүйелі топтама. Бұл жай карталардың жай жиынтығы емес, бұл жердегі карталар бір – бірімен өзара байланысты бір-бірін толықтырып отырып карталар жиынтығын құрайды.

А. Баранскидің айтуынша атлас жеке картаға жазылады, дәл осылай барлық атлас өзінде көптеген картографиялық сюжеттерді біріктіреді. Оның негізгі мақсаты бағдарламасы бар. Атлас қазіргі территорияның зерттеу деңгейіне байланысты фактілік мағлұматтарды және білімдерді жүйелеп жинақтаған картографиялық энциклопедия. Карталарды бір - бірімен салыстырылып бір – біріне тіркестіруге мүмкіндік береді. Атластар территорияны комплексті зерттеумен бағалау үшін арналады.

Сонымен қатар территориялардағы ғылыми зерттеулердегі мақсаттарды іске асыруға мүмкіндік береді. Фундаментальды атласта ғылыми геграфиялық бейнелерге түсіндірмен мәтіндерге космостық түсірулермен фотосуреттерге диаграмаларға таблицаларға ие. Атлас карталарын жұқа және көркем суреттеулер нәтижесінде мацда масштабтарына қарамастан өте мол мағлұмат береді. Анықтамалық аппаратқа географиялық атауларға ерекше мән береді. Энциклопедиялық басылымдар сияқты атластарда арнайы және көп мақсатты болып бөлінеді.

Атластардың даму тарихы

Алғашқы біздің эрамызға дейінгі екі мың жылы Рим империясында пайда болды делінеді. Оны математик және картограф Клавдии Птоломей жасаған екен. Атласқа ой кумендер картасы ендірілді- Гректермен Римдіктердің білетін жерлерінің барлығы ендірілді және еуропаның жеке бөліктерінің 26 картасы кірді. Орта ғасырлық кезеңде грек қол жазбалары латын тіліне аударылып «космография» деп аталды қайта өрлеу заманындағы ғалысдар атластың қоршаған ортаны дәл бейнелейтігінде таң қалды. Кітап басу өнері өркендегенде Птоломей атласы көп рет басылды. Сонымен қатар ол жаңа карталарға толтырылды. Алғашқы баспа карта Болонье де 1477 жылы басылып шығарылды. Қысықа мерзім ішінде бұл аталас 30 рет толықтырыплыр қайта басылды. Орта ғасырлар кезінде портоландар атласы кең тарады- ерекше компасы торы бар Навигациялық карталар жинағы. Порталонд деп теңіз жағалауларының барлық ерекшеліктерімен бейнелегендіктерімен аталды. Портоланды атластар жер орта қара аталант теңіздерінің еуропа бейнелеген көрсету үшін қолданылды. Сонымен қатар портолонды жиынтықтарға новигациялық таблицалар күн тізбектер Астрономия мен Астрология бойынша анықтамалық мағлұматтар қосымша болады. ХУІ ғасырда ІІ жарты катография орталағы Нидерландыға ауыстырылды.

Онда картографиялық мануфактура ашылып жаңа карталар мен атластар басыла бастады. Бұл картографияның алтын ғасыры еді, осы кезеңнің карталары қазіргі кезед өнер үлгілері ретінде сақтаулы тұр.

1570 жылы Гравер және баспашы Аврам Ортели Амстердамда жер шарының бейнесі деп аталатын карталар жинағы шығарды.1570 жылғы Атласта 53 параққа дүние жүзінің картасы құрлықтар бөлігі бейнеленген. Америка , Азия, Африка және Еуропа сонымен қоса жеке елдер катасы бар.Атласта географиялық атаулармен мемлекекеттер алфавит тәртібінде көрсетілген. Қазіргі кездегі талаптарға сай алғашқы «картографтар королі» Герард Лиркатормен жасалынды. Карталар жаңа дерек көздермен байланысты жасалып экспедиция есебінде геграфиялық сипаттауларға бір қатар карталар үшін жаңа проекцияларесептелінді. Атластың бірінші бөлігін Меркатор қайтыс болғаннан кейін оның ісін ұлы Румольд жалғастырды 1595 жылы «жаралған түр және жаратылған» дүние жайлы космографиялық бейнелер бейнелер немесе Атлас. Осылай картографияда алғаш рет «Атлас» сөзі қолданылды.. Бұл сөз ғылыми мен философия және картографияға қамқоршы болған патша аты шулы мавритендық патша атласының есімімен пайда болады. Бұл атау ғылымында кең түрде қолданыла ғылымда кең түрде қолданыла бастады. Картографиядан басқа ғылымдарда да атлас атауы қолданылды. Мысалы өсідімдіктер жануарлар бұлттар және анатомиялық атластар бар.Ресейде картолардысызбалар деп атады, ал атластарды сызба кітапттары немесе размерлік кіпаптар деп атады. И.Грозныдың мұрағатынан Русь мемлекетінің көптеген сызбалары бар деп тізімділген бірақ олардың ешқасысы сақталмады. Бұл шығармаларды өрт, сарайдағы жанжал бүлдірді. Тек «Үлкен сызба Кітабы» 1600 құрылған 1627 жылы бұл еңбек «Мәскеу мемлекеті бойынша Үлкен сызба» қайта басылып шығарылды. Кітаптан жол каталары қалалар мен деревнялар мен өзендер, шляхтар, географиялық атаулар берілген сызбаның жеке бөліктері түрленіп ерекше аталас болып құрылса керек. Сібір сызбаларының жолы болды «Сібірдің сызба кітабы» 1701 жылы құрылған. Оны тобольскде өмір сүрген атақты картограф С.У. Ремезов жасады. Бұл Сібірдің жалпы екі сызбасынан тұратын және 21 бөлік сызбадан тұратын үлкен форматты атлас еді. Карталарда математикалық негіз жоқ. Бірақ өзендер туралы дәл келтірілген. Бұл титіл беті атауы қысқартулардың шартты белгілері бар. Нағыз қазіргі заман талабына сай атлас «Сібірдің қызметтік Сызба кітабы» деп аталатын қол жазба сақталған. Бұл еңбекті С.У. Ремзиновтың балалары жинақтап, ол өлгеннен кейін 116 параққа орындап шыққан. Петр-І дәуірінде картографияның дамуы өркендеді. ХУІІІ ғасырдың І жартысында Азов және Қара, Балтық. Каспий теңіздердің атластар сериясы құрылады. Содан соң бүкіл Ресейлік империяның атлас жобасын И.К. Кирилов жасайды. Автордың ойы бойынша Атлас үш томнан тұруы қажет.

hello_html_m3f32c54.png

hello_html_m4e31e5cb.png













1492 жыл Клавди Птолемейдің

жасаған атласы



1570 жылы Гравер және баспашы Аврам Ортели Амстердамда шығарған жер шарының бейнесі деп аталатын карталар жинағы







hello_html_m69626daf.png

hello_html_m5d2a2b4.png













1595 жылы Меркатордың жасаған атластың бір бөлігі

«Сібірдің сызба кітабы» 1701 жылы құрылған. Оны Тобольскде өмір сүрген атақты картограф С.У. Ремезов жасады.





hello_html_1753562f.png












1701 жылы С.У.Ремезов жасаған атлас




Атлас түрлері

Атлас - тек қана әртүрлі географиялық карталардың бағасы емес, олардың механикалық жиынтығы емес; ол өзіне карталардың системаларын, бір бірімен органикалық байланыста және бір-бірін толықтырып отыратын, олардың қолдану ерекшелігінің және атластың белгілеу системалары. Қазіргі заманғы географиялық атластар әр түрлі. Оның классификациясы географиялық классификациялардың классификациясынан құралады.

Қазіргі заманғы географиялық атластар әр түрлі. Оның классификациясы географиялық классификациялардың классификациясынан құралады.

Атлас карталарындағы көрсетілген территорияларға байланысты былай бөлінеді:

1.Әлем атлас / немесе бүкіл әлемдік атлас/, яғни бүкіл жер шарын алатын атлас / мысалы.Үлкен әлем атласы/ .

2.Белгілі мемлекеттердің атласы /ТМД , Венгрия, Чехословакия, АҚШ және т.б/.

3.Мемлекеттің бөліктерінің картасы /мысалы, Сахарамен облысының Атласы/Париж бен Парин ауданының атласы/.

Мағанасына қарай.

1.Жалпы географиялық карталардың атласы. / мысалы, әлемдік Советтік анықтамалық Атласы, 1967/, кейде олар тематиклық карталардың сонымен толықтырылады, бірақ бұлар атластың түрін өзгермейді.

2.Физика - географиялық атлас.

а) Бір түрлі шағынсалалық, /мысалы, АҚШ-тың жекелеген аймақтарының атласы.

б)Әртүрлі, бірақ өзара толық табиғи құбылыстарды толықтыратын карталар / мысалы ТМД- ның климаттық атласы 1960ж 1963ж/

в) комплексті, бірыңғай табиғи құбылстардың өзара байланысын көрсететін / мысалы, Советтік Морской атлас/.

3.Социалды - Экономикалық атлас

4.Физикалық, экономикалық жене саяси географияның элементтерінен тұратын жалпы комплексті атластар.

Тұтынушылардың талабына қарай, оқулық, ғылыми анықтамалық, саяхаттық, әскери атластары белгіленді: Сондықтан да бұл атластар бір бірінен алшақтап кетеді.

Өйткені оқушылық атластар белгілі бір кластарға арналып хабарламасы сол сыныпқа арналған.

Комплекті атлас тар географиялық ортаның барлық ерекшеліктері туралы толық берілген. Бұндай атластар Жердің тек қана географиялық білімін ғана емес, белгілі бір мемлекеттердің карта географиялық өнімдерін ғана білу үшін емес, сонымен қатар осы географиялық атлас шығарылған ғылыми және мәдени дамудың өлшемі ретінде қызмет етеді.

Біртұтастық кез - келген атластық ерекше қасиеттері - ол оның толықтығы мен ішінара тұтастығымен анықталады.

Егер де онда керекті және толық анықтамалар, барлық сұрақтар мен тақырыптар табылса, онда Атлас толық болып есептеледі: Егер де мысалыға Әлемнің физика-географиялық атласын алсақ, онда ол осы орайда біріншіден , ол барлық планеталардың картасын сақтау қажет, екіншіден, географиялық ортаның негізгі компоненттерін сипаттауы керек.

Атласты толтыру үшін ғана көптеген карталарды көбейту, тақырыптарды арттыру географиялық картаның масштабының азаюына соқтырады. Сонымен бірге жекелеген мемлекеттердің карталары және кейбір тақырыптар ірі масштабты талап етуі мүмкін. Осы қарама қайшылықтан шығу қатал түрде оның жеке тақырыптарды, керегі шамалы тақырыптарды алып тастап, бір картаға белгілеу керек. Атластың ішкі бірлігі оның өзара толықтыруы, өзара келісімділігі және салыстырмалық.

-Проекциялық нақты таңдап алынуы, лажы болса көп емес.

-Қолданылған масштабтардың көп емес мөлшері.

-Пайдалы көрсетілімдердің пайда болу түрлері.

-Генерализациялық бірыңғай қағидасымен.

-Белгілі бір датаға атластың мағанасының келу.

Атластағы карталардың тура мақсатта қолданылуы арлық карталардың , атластардың мазмұнына бірыңғай талап, жеклеген карталарға деген қызығушылық, онда карталар мен тұрғылықты жерлердің жағдайы.

Атласты тағайындау оның белгілі бір орнығуына: атластың берген хабарламаларының мазмұны, карталардың орналасуының кезегі бөлімдерінің құралуы. Мысалы, 5-6 кластардағы географиялық атластарда.

-Мазмұны осы кластардағы географияның мазмұнына сай, оқулықпен тығыз байланыста, және де басқа керекті толықтырулар.

-бұл жүйе оқушылардың картаны біле отырып оқуына жайлап жақындату оқулықтартардағы материалдың мазмұны.

Атластардың көлемі, структурасы, құрылымы, мазмұны әртүрлі, белгіленуі де әртүрлі. Анықтама атластың бағасы сол атластағы хабарламалардың сонымен бағаланады.

Бұрын атластар альбом түрінде шығарылса, отызыншы жылдардан бастап әртүрлі парақта атластар шығарыла бастады. Қазіргі атластар жайлап шығарыла бастады .

Әр парақта, қүтылларда сақталады бұл атластардың таралуын және үлкен форматты карталардың қолданылуын жеңілдетеді, бірақ оқылуы қиындау, әртүрлі даталарға арналған көп зиянын тигізуі мүмкін. Көптеген атластар түсіндірме мәтіндерімен статистикалық-анықтамалық жайтымен болады. Керек географиялық мекенді тез табу үшін географиялық аттар, белгілерімен жүреді. Атлас-математикалық заңдарға негізделе отырып / масштаб және проекция бойынша / жасалатын жер шарының, күн жүйіесіндегі басқа ғалымшарлардың аспан денелерінің және т.б. кішірейтіліп, әрі жинақталып, шартты белгілерін бейнеленген.

Глобустағы жер бетінің дәл бейнесін атласна көшіру үшін картографиялық проекциялар қолданылады.

Біртұтастық кез - келген атластық ерекше қасиеттері - ол оның толықтығы мен

Белгілі бір климат, суы, топырағы құбылыстарды атласта талдау жасау негізіне оқып үйренеміз. Қоршаған ортаның мындығын анықтауды оның аясы кең, алуан түрлі. мемлекеттің мәдениетінің дамуы мен картографиясының географиясырың дамуына едәуір маңызды ықпал берді. Картографиялық сала бойынша АҚШ, Канада, Ресей, ФРГ, Австралия, Венгрия жақсы дамыған. Онда штаттар провинциялар республикалар жерлер атластарының аймақтық комплексті сериялар жасалынады.

Ресей осыф салада үлкен жетістікке жеткен өзінің ұлттық атласын жасауға 1996 жылы кірісті. Ол көп томдық карталар жинағы ретінде құрылды.

Картографиядағы карталар сияқты атластарда да кеңістікті қамту бойынша бөлінеді,(дүние, Венера, Ай) прланеталар, континенттер мұхиттар ірі географиялық аудандар, мемлекет облыс, қала деп бөлінеді. Әкімшіліктік, саяси, тарихи табиғи экономикалық белгілері бойынша нұсқада торталуы мүмкін Жарты шарларды қамтитын атластар бар. Айдың көрінбейтін және көрінетін бөлігінің атластары, мемлекеттер топтарының атластары, (Дунай мемлекеттерінің атласы), кішігірім территориялардың атласы (Қырымның оңтүстік жағалауы, байкал көлінің атласы).

Мазмұны бойынша келесідегідей атластар көп түрге бөлінеді:

Жалпы географиялық атластар

-физикалық-географиялық атластар;

- геологиялық;

- геофизикалық;

- климаттық;

- оклоногиялық;

- гидрографиялық;

- топырақтық;

- ботаникалық;

- зоографиялық;

- медико-географиялық, комплексті физико-географиялық.


Әлеуметтік-экономикалық атластар:

-тұрғындар;

-өндірістер;

-ауыл шаруашылық, ауыл шаруашылық өнімдері;

-мәдени өсімдіктер.

Саяси әкімшіліктік бөлініс комплексті әлеуметтік- экономикалық.

Эколого-геграфиялық атлас:

Ортаға ықпал етуші факторлар және оның жеке компоненттері

ықпалдардың салдары және ортаны ластау. Экологиялық ситуациялар. Тұрғындардың өмір сүру жағдайы экологиялық қауіпсіздік Атлас.

Тарихи карталар:

-екінші дүние;

-орта ғасырлар;

-жаңа кезең;

-әскери тарихи:


Жалпы комплексті атластар

Мазмұны бойынша, аталстарды жіктеу оларды комплексті кешенді деп бөліп табиғат, тұрғындар және шаруашылығы жайлы карталарды ендіреді. Салалық атластарға сала ерекшеліктері бойынша карталар ендіріледі; мысалы геоботаникалық жеке салалық атлас оған дәрілік өсімдіктер ормандар атласы кіреді.

Практикалық жағдайынан қолдану мақсаты бойынша атластардың топталуы пайдалы, осыған сәйкес ғылыми анықтамалық танымал, оқу, туристік, жол ,әскери және тағы басқа болып бөлінеді.

Анықтамалық атластар

Бұл әдісті жалпы географиялық элементтерді максималды дәл беретін саяси әкімшіліктік жалпы географиялық атластар халық тұратын пунктер, рельеф және гидрография, жол туралы шекалалар. Бұл типтегі атластар номенклатураға қатысты дәл, жалпы көрсеткіштермен басқа анықтамалық мағлұматтарға толы. Бұл типтегі картографиялық шығарманың көрнекті үлгісі болып дүние жүзінің Ресейлік анықтамалығы жатады. Оның құрлымына осы типтегі анықтамалық атластардың сипаты ендіріледі. Атлас 8 бөліктен тұрады:

Жүние жүзілік картасы, Ресей, Шетелдік Еуропа, Азия, Африка,Америка, Австралия, Океания, Артика, және Антрактика, Атланттық Үнді және Тынық мұхиттар. Онда дүниежүзінің ең ірі қалалары карталары ендірілді. Негізгі карталардың масштабтары 1:1250000 ден 1: 750000 дейін. Ресей аймақтарының карталары 1:2500000 ал кейбіреулері 1: 1 500000 масштабында беріледі. Мәскеумен Санк-Петербург 1:250000 масштабында беріледі. Атласта ірі масштабты карталарға берілген (1:25000 ден 1:1000000) онда халық тығыз орналасқан өндірістік – экономикалық аймақтарға ерекше бөлінеді. Рур облысы, орта Англия, орталық Жапония, орта атментикалық аймақ және тағы басқалары. Дәл осындай ағылшын тілінде дүние жүзі атласы шығарылған.





hello_html_m3dcd852b.png

hello_html_m2428b412.png

hello_html_m63c9e065.png








Ғылыми анықтамалық Мұхиттар

Атласы


Екі томдық орыс және ағылшын тіліндегі Әлем Атлсы


«Әлем табиғаты және ресурстар» Атласы








hello_html_4218854c.png

hello_html_3a6b2228.png










Жол Атласы


Оқу Атласы




Ғылыми анықтамалық атластар

Территорияға ғылыми дәл сипаттамамен толық мағлұмат беретін күрделі картографиялық шығармалар. Әдетте ол көп томдық болып шығарылды. Территория жайлы жүйелі мағлұмат береді. Әдетте ол ғылымдар әкісшіліктер жоспарлау органдары үшін маңызды. Мұхиттар атласы көп томды, алғашқылары 1971 жылы, 1977 жылы және 1980 жылы жарық көрген. Дүниежүзінің физтгеогрфиялық атласы 1964 жылы дүниежүзінің қар мұздақ ресурстар атласы 1997 жылы шыққан.

Ресей және дүние жүзілік картографияның көрнекті шығанмасы «табиғат және дүние жүзі ресурстары» деген атласта. Ол 1999 жылы Ресейдің ғылыми академиясы мен құрылды. Осы атласты шығару үшін 300-ге тарта мамандар 10 жыл жұмыс істеді. Екі томдық атласта қазіргі кезеңдік ғылыми өңделген картографиялық материалдар біздің планетамыздың географиясы мен геологиясы жайлы толық мағлұмат береді. Оған сонымен қатар, Минерология, топырақтану, метеорология және климотология экология биология медициналық негография ендірілген. Атластар космостық фотосуреттерге географиялық сипаттамаларға толы. Танымал атластар көпшілік оқырмандарға арналған. Бұл атластарды оқу үшін арнайы білімнің қажеті жоқ. Олар оқушыларға туристерге өлкетанушыларға аңшыларға балық аулаушыларға орналасады. Сондықтан атластарға табиғат, экономика карталарының тек негізгілері ғана ендіріліп тарихи ескерткіштер туристік маршруттар көрнекті жерлер жайлы мағлұмат ендірілді. Мұндай тортарға мектеп-өлкетану атластары жатады. Ол туған өлкесін зерттеген оқушыларға өлкетанушымен чаяхатшыларға арналады. Оқу атластарының тобы ерекше бөлінеді: Бастаушы, орта жоғарғы мектептерде оқуға арналады мұндағы карталар мектептердегі оқу бағдармаларына байланысты құрылды. Соңғы жылдары туристік және жол атластарды сұранысқа иеленеді. Ол автокөлік жүргізушілеріне спортсмендерге саяхатшыларына қажет. Онда туристік обьектілер, автомобиль және темір жол кемпинг және мотелдер, жаяу жүру, су және тағы басқа маршруттар көрсетіледі. Ерекше топқа әскери және әскери тарихи атластар ендірілді. Олар әскер мен флоттың жоғарғы командивансіне орналады. Олар жұмыс істеуге ыңғайлы көркемдеу бойынша қатаң әскери географиясымен тарих бойынша анықтамалық материалдарға толы дүниежүзі экономикасы және табиғаты джайлы ақпараттарға толы жалпы топография мен астрономия жайлы ірі қалалар мағлұматтарды ендірген. Атластарды басқа белгілері бойынша жүктеуге болады. Стол форматындағы атлас тор үлкен форматтар, оларды тек стол үстінде ғана ұстап көруге болады. Көптеген атластарды кітап форматында ыңғайлы етіп жасайды. Сонымен қатар кіші қалта және атластар шығарылып соңғысы полиграфиялық көркемдігі үшін жоғары бағаланады.Әдетте атластарды брошдра төрінде түптейді. Атлас карталарының өзара салыстырылып бір – бірімен тірлестіріп көруге ыңғайлы етіп жасалды. Мұндай атластарға қосымша карталарды шығару керек.

Ұлттық атластар

Ұлттық атлас бұл табиғат және оның ресурстарына халқына тарихына мәдениетіне жан-жақты сипаттама беретін бір мемлекеттің атласы. Ұлттық атлас мемлекеттік картографиялық мекемелермен жасалатын ресми және нормативтік сипатқа иеленеді. Атлас мемлекеттің экономикалық даму деңгейінің ғылыми таным дәрежесін көрсетеді. Бұл мемлекеттің негізгі бейнесі іспеттес атластар мәтіндерімен анықтамалық мағлұматтарға көрсеткіштерге толы. Олардың көркемденелуі жоғарғы деңгейде орындалады. Олар бірнеше томда үлкен форматта жасалады.

Алғашқы ұлттық атлас 1899 жылы Финляндияда Финдік географиялық қоғаммен шығарылды. Содан соң Египет, Чехословакия және басқа да елдерде шығарылады. Бірақ ІІ дүниежүзілік соғысы кезінде ғана ұлттық атластың өркендеуі орын алды. 1956 жылы Халықаралық географикалық одақпен бекітілген ұлттық атластар комиссиясының қызметі осы салада едәуір еңбек сіңірді. Бұл комиссияны көрнекті кеңес картографы

К.А. Салисшев. басқарды. Онда Ұлттық атластарды жасау бойынша бағдарламалар мен ұсыныстар берілген. Атластардың мазмұнын әмбебаптау мен қатар ұлттық ерекшеліктері ұмытпау ұсынылады. Ұлттық атласты жасау мемлекеттің мәдениетінің дамуы мен картографиясының географиясырың дамуына едәуір маңызды ықпал берді. Картографиялық сала бойынша АҚШ, Канада, Ресей, ФРГ, Австралия, Венгрия жақсы дамыған. Онда штаттар провинциялар республикалар жерлер атластарының аймақтық комплексті сериялар жасалынады.

Ресей осыф салада үлкен жетістікке жеткен өзінің ұлттық атласын жасауға 1996 жылы кірісті. Ол көп томдық карталар жинағы ретінде құрылды.

Ұлттық атластар карталары 5 денгейді қамтыды:

1. Глобальді – жасанды мәселелер фонындағы дүниедегі Ресей:

2. Жалпы Ресейлік мемлекетті картографиялаудың негізгі денгейі.

3. Аймақтық Ресеймен Федерация субъектілерінің жеке аймақтары.

4. Локальді – қалалар, агломерациялар өндірістік тораптар, территориялар мен демографиялық шаруашылық қатынаста маңызды.

5. Детальді – жеке объектілердің каталары пландары сехемалары.

«Атамұра» және «Кітап» баспаларынан педагогика ғылымының кандидаты, оқулық авторы Ұ. Есназаровтың 8-9 сыныптарға арналған Қазақстанның геграфиялық атластары жарық көрді.

Бұл атластар Қазақстанның бүгінгі күнін көрсетеді. Картамен жұмыс оқушы бойында анықтамалық материалдарды пайдалана білу қабілетін дамытады. Қазақстан Республикасының табиғаты мен шаруашылығын бақылай отырып, оқушылар бұл компоненттердің байланысты зерттейді. Бұл атластар мемлекетіміздің территориясы жайлы мағлұмат бере отырып, оның ландшафтарын эстетикалық қабылдауға мүмкіндік жасайды.

8-сыныпқа арналған атласта І.Азия. Саяси карта. 2. Азия. Физикалық карта. 3. Азия. Климаттық карта. 4. Қазақстан. Физикалық карта. б.Тектоникалық карта. 6. Геологиялық карта.

7. Пайдалы қазбалар. 8,9. Климаттық карталар. 10. Жауын-шашын мөлшері. 11. Қазақстанның ішкі сулары. 12. Қазақстанның топырағы. 13. Қазақстанның табиғат белдемдері және табиғатты қорғау картасы. 14. Әкімшілік-территориялық карта. 15. М. Қашқари картасы берілген.

6-сыныптың атласында Азия. Саяси карта.Қазақстан. Әкімшілік карта халық санының динамикасы, халықаралық миграция, отын өнеркәсібі, өнеркәсіп, ауыл шаруашылық, жалпы аймақтық өнім, транспорт, автомобиль жолының тығыздығы мен тасымалданған жүк, сыртқы сауда, экономикалық аудандар деген бөлімдер бар.

Атласпен жұмыс істеу барысында оқушылар бір-бірінің жауаптарын тек сере алады және географиялық ата улар картаны пайдаланып жер бедерінің кескінін құрып, аймаққа кешенді сипаттама, суреттеме бере алады. Бүгінгі карталарды білім көзі деп айтуға болады. Атласта мектеп бағдарламасының барлық бөлімдеріне арналған жоғарғы ақпараттық және өзектілігімен ерекшеленетін картографиялық материалдар бар. Географиялық оқытудағы ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған бұл отандық атластар биыл тұңғыш рет жарық көріп отыр. Сондықтар бұл атлас ғалым Ұ. Есназарованың география пәні бойынша отандық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешенге қосқан үлкен еңбегі.

Географиялық атлас орта мектептердегі географиялық мұғалімдеріне арналған. Сонымен қатар педогогикалық институтының студентінің географиясына көмекші құрал ретінде қызмет атқарды.

Атлас үш рет басылып шықты. Әр басылымында әлемдегі болып жатқан өзгерістер ескеріліп, қайтадан басылып отырды.

Негізгі / төртінші / басылымы орта мектептегі жаңа бағдарламаға сәйкес басылып шықты. Атлас өткен басылымдарын структурасына, көлеміне, мазмұнына байланысты ерекшеленеді.

Соңғы басылып шыққан атласқа мына төмендегідей толықтырулар мен өзгерістер енгізілген:

Шет елдік мемлекеттерінің ауыл шаруашылығы мен кәсіпорындары бір картада көрсетілген. Бұл бір мемлекетінің ауыл шаруашылығын, географиялық дамуын бір жерден алуға көмектеседі.

Климаттық, геологиялық, материк тер карталары әлемдік аналогиялық карталармен ауыстырылған, ешқандай өзгеріссіз.

Бұл шешім әлем дамуының, табиғат дамуын жалпы түсінуге мүмкіндік береді.

Лекция №14,15.

Жергілікті түсірулер.

1. Түсірулердің түрлері.

2. Жергілікті жердің сызықтық түсіруі.

3. Биіктік түсірулер.

4. Аэрокосмостық түсірулер.

Топографиялық түсірулер топографиялық карталар мен планды құрастыру үшін далалық және камералық жұмыстар комплексінен тұрады. Инженерлік геодезияда әдетте 1:5000, 1:2000, 1:500 ірі масштабты түсірулер жүргізіледі. Топографиялық пландарда барлық нысандар және жергілікті жер бедері, жерасты және жерүсті коммуникациялар бейнеленеді.

Жергілікті түсірулер – бұл ірі масштабты карта мен пландарды дайындаудағы өндірістік жұмыстардың белгілі бір кезеңі. Өндірістік жұмыстар төмендегідей сатылардан тұрады:

  • Дайындық кезеңі, өндірістік жұмыстардың орындалу технологиясы мен мақсатын анықтайды, далалық түсірулерді жүргізу үшін материалдарды дайындайды.

  • Далалық жұмыстар, нәтижесінде цифрлік материалдардың сериялары алынады, электрондық өңдеулерден кейін олардан түсірілген карталардың түпнұсқасын алады. Кейде далалық жұмыстар далалық карталардың түпнұсқасын жасаумен аяқталады.

  • Камералды жұмыстар, өндірісте соңғы, өңделген карталардың түпнұсқасын алу, баспаханада басып шығару және көбейту жұмыстары орындалады.

Негізгі далалық картографо-геодезиялық жұмыстар электронды тахеометрлер, нивелир, дальнометр және GPS-жабдықтары көмегімен жүргізіледі.

Нивелирлеу – Жер беті бөліктерінен таңдап алынатын нүктелер биіктіктері айырмалары мен оларға есептеулер жүргізу бағытындағы жазықтыққа қарағанда салыстырмалы биіктіктерді анықтау жұмыстарын жүргізеді. Кеңес Одағында, бастапқы есептеу жүргізетін негізгі жазықтық ретінде мұхит деңгейінде болатын деңгейлік жазықтық – геоид аталымының қабылдауына сәйкес Балтық теңізінің орта деңгейліктегі жазықтығы алынады.

Нивелир - өлшеу жұмыстарында өте жиі қолданылатын аспап. hello_html_m5f5d2c2.jpg

Нивелирдің негізгі құрылысы:

- орнықтыру табаны

- нысаналау түтікшесі

-цилиндрлік деңгейлегіш бөліктерінен тұрады. Нивелирмен жұмыстарды жүргізбес бұрын, оны алдын ала дөңгелек деңгейлегіш арқылы әзірлікке келтіреді.

Түсірулерді жүргізу ерекшеліктеріне қарай нивелирлеу әдістері:

- геометриялық;

- тригонометриялық;

нивелир AL 132

- физикалық

- стереофотограмметриялық

- автоматтандырылған деп бөлінеді.

Геометриялық нивелирлеу әдісі нивелир деп аталатын аспапты пайдаланып, түсіру жұмыстары көкжиек бұрыш арқылы жүргізіледі. Тригонометриялық нивелирлеу әдісінде теодолит-тахеометр аспабы қолданылып, түсіру жұмыстары көлбеулік сәулелер арқылы жүргізіледі. Физикалық нивелирлеу әдісі:

- барометрлік

- гидростатикалық

- аэронивелирлеу түрлеріне бөлінеді.

Барометрлік нивелирлеу жағдайында барометр аспабы қолданылып, таңдап алынған нүктелік орындардың қысымы анықталады, осы қысымдық өлшем бірліктерінің айырмасы бойынша, сол нүктелердің өзара қандай биіктіктерде болатыны есептеледі.

Жоғарыда айтылған әдістердің арасында ең нақты болып келетіні геометриялық нивелирлеу әдісі.

Теодолит деп аталатын бұрыш өлшейтін аспапты пайдалану арқылы көкжиектік бұрышты анықтайды.

Тhello_html_m85e8645.pngеодолитті пайдалана отырып, өлшеу жұмыстарын жүргізгенде, теодолит құрамында: буссоль, штатив, тіктеуіш сияқты құралдар бірге болуы тиіс. Буссоль – магниттік азимуттар мен румбтар бірліктерін анықтайтын аспап, штатив – бір ұшы арнайы түрде қозғалмалы бекітіліп істелінген үш тағанды қарапайым құрал.

Қазіргі таңда қолданылатын автоматтандырылған теодолиттер соңғы нәтижелерді үлкен дәлдікпен алуға мүмкіндік береді.

Теодолит 4Т15П

Теодолиттік суретке түсірудегі мақсат:

1) Берілген масштабтағы топографиялық суретке түсіру жұмысына қажет жоғары класты геодезиялық желіні ұйымдастыру;

2) Алға қойылған әр түрлі инженерлік-құрылыс жұмыстарының шарттарына орай геодезиялық негіз жасау, бекітілген әрбеір нүктенің координаталарын анықтау.

Осы нүктелердің жиыны теодолиттік жүріс деп аталып, тұйық не ажыратылған полигондар ретінде жүргізіледі. Теодолитттік жүрістерді салудағы жасалынатын жұмыс реті:

1) Өткен жылдардағы топографиялық материалдармен танысып, алда істелінетін жұмыстардың жобасын жасау;

2) Тірек нүктелерін таңдап алып, оларды бекіту;

3) Сызықтарды өлшеуге дайындау;

4) Теодолиттік жүрістердің қабырғалары мен бұрыштарын өлшеу;

5) Ситуацияны суретке түсіру;

6) Теодолиттік жүрістерді мемлекеттік немесе жергілікті геодезия желісіне байланыстыру, олар болмағанда теодолиттік жүрістегі алғашқы қабырғаның азимутын анықтау;

7) Камералық жұмыстар.

Горизонталь ß бұрышын өлшеу жұрістегі бұрылу нүктелерінде теодолитті кезек-кезек қойып отырады. Әдетте, теодолитті өлшенетін телім (учаске) оң жақта болатындай етіп қояды да, жүріс бойынша оң жақтағы бұрыштарды өлшейді. Өлшенетін бұрыштың төбесіне теодолитті тіктеуіш арқылы дұрыстап қояды да, өлшеуге дайындайды. Түтікшені бұрыштың оң және сол жақ нүктелеріне қарай бағыттағанда санақты горизонталь дөңгелектегі (лимбадағы) верньерлер (шкалалар) бойынша алып отырады. Бірінші верньер бойынша градус, минут және олардың бөліктеріне дейін, яғни, толық санақтап алады, ал екінші бойынша – тек минуты мен оның бөліктері ғана алынады. Кейін ол санақтардың орта мәнін шығарады.

Өлшеудің дәлдігін арттыру үшін әдістің екінші жартысын пайдаланамыз, ол үшін вертикаль дөңгелектегі жағдайға қою керек. Түтікшені зенит арқылы айналдырып, сол бұрышты екінші рет өлшейді. Егер шыққан шама верньердің екі есе дәлдігінен артық болса, онда оның орта шамасы алынады. Өлшеу нәтижелерін дала жазба журналына жазу керек. Суретке түсіру теодолит жүрісінің нүктелері мен сызықтарынан басталады. Суретке түсірудегі мақсат – теодолит жүрісіндегі нүктелер мен сызықтарға орай салыстырыла отырып, контурдағ характерлік нүктелердің алған орнын анықтау. Оларды абрис деп аталатын қолдан жасалған арнайы журналға түсіріп отыру керек.Теодолиттік суретке түсірерде қоданылатын тәсілдер: перпендикуляр тәсіл, бұрышты белгілеу тәсілі, сызықты белгілеу тәсілі, полярлық әдіс.

Тахеометрия грек тілінен аударғанда «жылдам өлшеу» деген мағына береді. Тахеометрлік суретке түсіру полярлық әдіс бойынша жүргізіліп, ситуация мен рельеф горизонтальдар арқылы жоспарға түсіріледі (біркелкі биіктіктер сызықтары).Тахеометрлік суретке түсіруде ситуациялық сипаттамалық нүктелерінің орны анықталып, солар арқылы берілген масштаб дәлдігі мен ситуацияның контуры салынады. Өлшеу нәтижелері тахеометрлік журналға толтырылып, қосымша крок жұмысы жүргізіледі. Крок грекше «сурет нобайы». Кротың абристен ерекшелігі – онда бедер бейнеленеді де, өлшемдер жазылмайды.

Аэрофотосуретке түсіру жер бетінің учаскілерінің аэрофотосуреттерін алу мақсатында жүргізіледі. Аэрофотосуретке түсіру онша қиын емес. Түсірілімнің сапалы болуының ең басты шарты – аэрофототүсіру құралының автоматты түрде жергілікті жерді дұрыс түсіру үшін, ұшу жолын сауатты жүргізу. Аэрофотосурет жергілікті жердің көрінер-көрінбес мәліметтерін бере алады, аэфотосуреттер арнайы құралдар көмегімен жергілікті жердің үш өлшемді бейнесін көрсетеді, бұл жер бедерін горизонтальдармен нақты белгілеуге мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда картографияда аэрокосмостық суретке түсіру кең қолданысқа ие болды. Космостық түсірулердің жаңа әдістері жер бедерінің жай-күйін, табиғи процестер мен құбылыстардың динамикасын, табиғи ресурстардың орналасуы жайлы жан-жақты мәліметтерді береді. Алынған мәліметтердің нақтылығы жоғары. Аэрофотосуреттер сияқты космостық түсірулер жергілікті жердегі нысандар жайлы жалпы және жеке мәліметтер береді. Аэрофотосуреттермен салыстырғанда бірнеше айырмашылықтары болады:

  • Жер бетіндегі құбылыстарды тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді;

  • Уақыттық интервалдармен екінші рет бейнесін алуға мүмкіндік береді;

  • Масштабы белгілі болғандықтан, автоматты түрде өңдеу оңайға түседі.

Бірақ оның да кейбір кемшіліктері бар:

  • Жердің шар тәрізді болуына байланысты суреттің шеттерінде бұрмалану үлкен болады;

  • Жарықтың тез ауысуы;

  • Ірі масштабты түсірулер кезінде суретке түсіру жолағы өте тар болады.




Әдебиеттер


1. Под ред. Г.Ю.Грюнберга Картография с основами топографии М.: Просвещение, 1991.

2. Т.Қалыбеков Геодезия мен топография негіздері А.: Ана тілі, 1993

3. Лапкина Н.А. Практические работы по топографии и картографии М., 1971

4. К.А.Салищев Картоведение М.: МГУ, 1990

5. И.И.Старостин, Г.В.Яников Основы топографии и картографии М.: Просвещение, 1953








Автор
Дата добавления 28.01.2016
Раздел География
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров2219
Номер материала ДВ-388791
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх