«Кім
зейінді?» ойын оқу іс-әрекеті
Оқу іс-әрекеті мақсаты:1.Санды санау, пішіннен
бейне құрастыру алған білімдерін бекіту, логикалық ойлау дағдысын
қалыптастыру,2.Балалардың ой - өрісін дамыту, ойын арқылы ойлау, салыстыру қабілеттерін
арттыру.3.Құрастыру арқылы балалардың қиялын шыңдау, есептерді шығару арқылы
еске сақтау, ойларын жинақтау, ұқыптылыққа дағдыландыру.
Әдіс - тәсілдері: санау, құрастыру, сұрақ - жауап, жұмбақ, сергіту
сәті, ойын.
Көрнекіліктер: сандар, үлестірмелі құралдар, тақта, геометриялық
пішіндер. Оқу іс - әрекет барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: шаттық шеңбер
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір, таза көңілмен,
Бүгінгі күнімізді бастайық!
- Неше жыл мезгілі бар? (төрт жыл мезгілі бар. Қыс, көктем, жаз, күз)
- Қазір жылдың қай мезгілі, айларын ата? (қыс мезгілі, үш айы бар желтоқсан, қаңтар,
ақпан.)
- Жарайсыңдар балалар! Сабағымызды әрі қарай жалғастырамыз.
1- тапсырма: Геометриялық пішінді ата? Пішіндерді қолданып бейнелерді
құрастыр.
2- тапсырма: Көрші санды тап.
Сергіту сәті:
1 дегенде тұрайық .
2, 3, 4, 5 алақанды соғайық,
Оң жаққа бұрылып,
Сол жаққа бұрылып.
Біз шынығып
алайық
Математикалық жұмбақ – есептер шешсін
Ұлпа жүнін қыздырып,
Күн шуақта бір күшік, Отыр
еді,қасына, Келді
тағы бір күшік.
Болады
сонда қанша күшік?
Ағашқа қонды төрт торғай, Оған
келіп қосылды бір торғай .
Болды сонда барлығы неше торғай?
Алтыдан бірді алайық.
Қанша қалды
қарайық .
Қарайық та санайық . Санайық
та табайық
Табақта үш алма,
Қолымда екі алма .
Қосқанда барлығын .
Болады неше алма?
Ойындар: «Не артық?» ойыны.
Мақсаты:
Балалар сурет ішіндегі артық затты табу.
«Не өзгерді?»
ойыны.
Мақсаты: заттардың санын санау арқылы, жоқ, орны ауысқан затты табу.
Логикалық сұрақтар: Үш бұрыштың неше бұрышы бар? Дөңгелекте бұрыш
болама?
Түлкінің құлағы қысқа, ал қоянның құлағы.... Күшік
жүгіреді, ал қарлығаш.... Тасбақа жүреді, ал балық....
Күтілетін нәтиже:
Білу: Балалар реттік сандарды ауызша санау арқылы салыстырады пішіндерді
ажырата білді, логикалық сұраққа жауап береді.
Игеру: Неше деген сұраққа толық жауап беруді, сандарды ретімен қоюды
үйренді
Меңгеру: Өз бетімен іс - әрекет жасап, математикалық есептерді шығара
алады.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.