Инфоурок Другое Другие методич. материалыКлассный час на тему "Қазақша сөйлесеміз, үйренеміз"

Классный час на тему "Қазақша сөйлесеміз, үйренеміз"

Скачать материал

Тақырыбы: «Қазақша сөйлесеміз, үйренеміз»

Мақсаты:

1)  Білімділік: оқушылардың қазақ тілі пәні бойынша алған білімдерін пысықтап, ой-өрісін, білім деңгейін көтеру.

2)  Дамытушылық: түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың тіл байлығын, ойлау қабілетін, қазақ тілінде еркін сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.

3)   Тәрбиелік: оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру, Отанын, туған жнрін, елін сүюге, халық дәстүрлерінсыйлауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, әдебиет және музыка өнері.

Көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта, кеспе қағаздар.

 

1-жүргізуші: Құрметті әріптестер, оқушылар!

Бүгінгі «Қазақша сөйлесеміз, үйренеміз» атты өзге ұлт өкілдеріне арналған  іс-шарамызды «Тілдер мерекесіне» арнаймыз. Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз-басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен қатар теледидарда жүргізілетін қазақша хабарға қызығушылықтарын арттыру.

 

2-жүргізуші. – Қазақстан мемлекетінде 130-дан астам басқа ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны бәрімізге мәлім. Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіну қажет. Осындай мақсатпен біздің мектепте оқитын басқа ұлт өкілдерінің арасында «Қазақша сөйлесеміз, үйренеміз» атты сайысымызды бастаймыз.

1-жүргізуші: Бүгінгі сайыс сабағымыз мынадай кезеңдерден тұрады:

1. Таныстыру

2.Дода

3.Сөз мәйегі-мақал

4.Кім жылдам?

5.Әріптер сайысы

6.Сен білесің бе?

7.Кім тапқыр?

8. «Өнерпаз болсаң...»-үй жұмысы

 

2-жүргізуші: Сайыскерлердің білімін таразылап, өнеріне баға беруші әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1-жүргізуші:Беташарын сайысымыздың  бастайық,

                      Көрермендерді бір серпілтіп тастайық.

                      Таныстырсын сайыскерлер өздерін

                      Өнеріне ду қол соғып қостайық.

2-жүргізуші: Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

                       Ана тілін білмеу қандай заңдылық?!

                       Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда

                       Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!

 

1-кезең. Таныстыру.

1-топ. «Жасұлан»                            2-топ. «Топжарған»

Қалықтап көкте жас қыран,         Шығарар намыс топты алдан,

Халықпыз сөзге тоқтаған.             Дуалы ауыз тілге арман.

Тілімен топты жаратын,             Сайысқа келдік біліммен,

Тобымыз біздің – «Жасұлан.         Тобымыз біздің-«Топжарған»

 

2-кезең. «Дода»

Бұл кезеңде әр топқа 10 сұрақ қойылады. Берілген сұрақтарға тоқтаусыз, дұрыс әрі жылдам жауап берулері керек.

1-топқа.

1.Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?

2.Қ.Р.мемлекеттік тілі?

3.Қыста не жауады?

4.Жаңылтпаштың сөздері қалай айтылады?

5.Күздің 1-ші айы?

6.Абай Құнанбаевтың шын аты кім?

7.Тұрлаулы мүшелерді ата.

8.Бір тәулікте неше сағат бар?

9.Наурызда пісірілетін басты тағам.

10.Қазақстан туының түсі қандай?

 

2-топқа.

1. Тамыз айының аудармасы.

2.Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар?

3.Қыс айларын ата.

4.Тұрлаусыз мүшелерді ата.

5.Қазақ тіліне тән дыбыс нешеу?

6.Тышқаннан қорқатын аң?

7.Бір жылда неше күн бар?

8.Тамақты сақтайтын салқын жәшік?

9.Жүз жасаған ақын?

10.Сөйлем неден құралады?

 

3-кезең. «Сөз мәйегі-мақал»

Сайыскерлер Отан, тіл, достық туралы мақалдар айтудан жарысады.

 

4-кезең. «Кім жылдам?»

Берілген шашыраңқы сөздерден дұрыс сөйлем құру керек.

1.Қазақстанның әрбір азаматы өзінің ана тілінде сөйлейді және құрметтейді.

2.Қазақстан азаматы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін, мемлекеттік тілін, мәдениетін құрметтейді.

 

5-кезең. «Әріптер сайысы» Топтың әр мүшесі әріп таңдап алып, қойылған сұрақтарға сол әріптен басталатын сөздермен жауап береді.

 

1-топ. (а, е т, о, с)                              2-топ. (ә, б, м, н, қ  )

1.Қазақ тілі пәні ұнай ма?               1.Мақал білесің бе?

2.Досың кім?                                      2.Есімің кім?

3.Әдемі қыздың арманы не?            3.Аспанда не бар?

4.Бүгін қандай күн?                          4.Мектеп мұғалімдері қандай

5.Сенің көзің қандай?                       5.Қар қай кездежауады?

6.Жігіттер сырға таға ма?            6.Кім болғың келеді?

7.Бала оқытатын адам?                 7.Алма тәтті ме?

8.Бос уақытында не істейсің?       8.Қыздар неден қорқады?

9.Қандай тағамдар ұнатасың?     9.Сыныбың саған ұнайма? 10.Жасың нешеде?                          10.Қазақ тілі ұнай ма?

 

6-кезең. «Сен білесің бе?»

Ұяшықта алты сұрақ берілген. Берілген сұрақтарға ойланып, дұрыс жауап берейік.

1.   Қазақтың 3 биін ата.

2.   Наурыз көже қалай жасалады?

3.   Тұсау кесер нені білдіреді?

4.   «Қыз қуу» ойыны туралы не айта аласың?

5.   «Арқан тартыс» ойынын қалай түсінесің?

6.   Қазақтың ұлттық ойындарын аиа.

 

7-кезең. «Кім тапқыр?»

Бұл кезеңде топ басшылары берілген суреттерді іс-қимылмен, ыммен түсіндіреді.

 

8-кезең. «Өнерпаз болсаң...» Мәнерлеп оқудан жарыс.

 

1-жүргізуші:

«Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мен тапқырлықтың сайысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты», - дегендей, сайыскерлерімізді бағалау үшін әділ қазыларымызға сөз берейік.

 

2-жүргізуші:

-Құрметті ұстаздар мен оқушылар!  «Қазақша сөйлесеміз, үйренеміз» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Тіл -әр ұлттың қайталанбас байлығы  дегендей, бүгінгі сайысымыз аяқталды.Назар қойып, тыңдағандарыңызға рахмет. Сау саламат болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

« Қазақшаңыз қалай?» (сайыс)

Кезеңдері

1-топ. «Кең дала»

2-топ «Шыңбұлақ»

1

 Таныстыру    

 

 

2

Үй тапсырмасы.

Бір өлеңді жатқа айту.

 

 

3

«Сөз мәйегі мақал»

 

 

4

Қазақ халқының

салт дәстүрлері мен ұлттық ойындарын білесің бе?

 

 

5

«Топ басшылар» сайысы.

 

 

6

Ситуациялық сұрақ.

 

 

7

«Сөз тапқанға қолқа жоқ» сұрақ-жауап сайысы.

 

 

8

Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының

«Желсіз түнде жарық ай» өлеңін тыңдап,айту

 

 

9

«Біз, Қазақстан жастарымыз, еліміздің өркендеуіне қандай үлесімізді қосар едік?» тақырыбында кіші жоба қорғау

 

 

 

 

 

Жоғары ұпай:5                  Барлығы:                Барлығы:

 

                         № 267 орта мектеп

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:

 

 Қазақша сөйлесеміз, үйренеміз

 

 

Жауапты: Идрисова К.Б.

                    Арихова Л.Ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                           2014-2015 ж.

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Классный час на тему "Қазақша сөйлесеміз, үйренеміз""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель страховой организации

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 164 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.04.2016 954
    • DOCX 20.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Идирисова Кенескуль Бисенбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9767
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой