Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Күн тәртібі" тақырыбында ашық тәрбие сағаты

"Күн тәртібі" тақырыбында ашық тәрбие сағаты

Скачать материал

Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының «Шымкент №1 саңырау балалардың мектеп-интернатының» тәрбиешісі

Жамалова Ж.К.

 

Тақырыбы: Күн тәртібі

 

Мақсаты:

1.     Оқушыларды денсаулығы мықты, мәдениетті, парасатты, мейірімді, ар-ожданы мол, шыншыл болуға және күн тәртібін сақтауға тәрбиелеу.

2.     Оқушыларға тазалық пен тәртіпті бірге алып жүруге үйрету.

3.     Балалардың сөздік қорын молайту, тілін дамыту, дыбысын түзету.

 

Көрнекілігі: Балалардың күнделікті өмірінен мазмұнды суреттер.

 

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Тәрбиеші: - Қонақтармен амандасамыз.

Оқушылар: - Саламатсыздар ма?!

 

Тәрбиеші: - Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбын бәріміз бірге оқимыз.

Оқушылар: - «Күн тәртібі».

 

Тәрбиеші: - Балалар, біз таңертең қай уақытта ұйқыдан тұрамыз?

Оқушы:    - Таңертең сағат 7.00-де оянамыз. (Сағаттан 7.00-ді көрсетеді.)

 

Тәрбиеші: - Оянған соң не істейсіңдер?

Оқушы:    - Төсек-орнымызды жинаймыз, ретке келтіреміз. Содан соң жаттығу жасаймыз.

 

Тәрбиеші: - Жаттығуды не үшін жасаймыз?

Оқушы:    - Жаттығуды денсаулығымыз мықты болу үшін жасаймыз. Содан кейін жуынамыз. Бетімізді, қолымызды жуып, тістерімізді тазалаймыз.

 

Тәрбиеші: - Қолды немен жуасыңдар?

Оқушы:    - Қолымызды сабынмен жуамыз. (Сабынды көрсетеді.)

 

Тәрбиеші: - Тісті немен тазалаймыз?

Оқушы:     - Тісті тіс пастасы мен щеткасымен тазалаймыз.

 

Тәрбиеші: - Бетті немен сүртесіңдер?

Оқушы:    - Бетімізді сүлгімен сүртеміз. (Сүлгіні көрсетеді.)

 

Тәрбиеші: - Барлығымыз бір сүлгімен сүртеміз бе?

Оқушы:    - Жоқ, әр баланың өзінің сүлгісі бар. Барлығымыздың жеке сүлгілеріміз бар.

 

Тәрбиеші: - Тісті неше рет жуамыз?

Оқушы:    - Тісті 2 рет жуамыз. Таңертең және кешке.

 

Тәрбиеші: - Содан кейін не істейміз?

Оқушы:    Содан кейін асханаға барамыз.

 

Тәрбиеші: - Асханадан келген соң не істейміз?

Оқушы:    - Мектепке дайындаламыз. Мектеп киімін киеміз. (Не кигендерін айтып шығады. Ақ көйлек, қара шалбар, қара юбка.) Қыздардың шашын сәндейміз.

 

(Мұғалімге қабылдау-тапсыру дәптерін көрсету. 09.00-дан бастап сабақ уақыты. 13.30-дан түскі ас. Түскі асты асханада ас ішеді.)

 

Тәрбиеші: - Түскі астан кейін не істейсіңдер?

Оқушы:    - Таза ауада серуендейміз. Ойындар, қимылды ойындар ойнаймыз.

 

Тәрбиеші: - Одан кейін не істейміз?

Оқушы:    - Үй тапсырмасын орындаймыз.

 

Тәрбиеші: - Үй тапсырмасын орындап болған соң не істейміз?

Оқушы:    - Үй тапсырмасын орындап болған соң, бесіндік асқа барамыз. Таза ауада серуендейміз.

 

Тәрбиеші: - Серуеннен келген соң не істейсіңдер?

Оқушы:    - Суретпен жұмыс жасаймыз. (Тәрбиелік мәні бар суреттер көрсету.)

 

Тәрбиеші: - Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Оқушы:    - Көктем мезгілі. (Көктем суретін көрсету.)

 

Тәрбиеші: - Сендер өткен тәрбие сағатында салған суреттеріңді көрсетіңдер. Балалар өздеріңнің салған суреттерін көрсетіп, айтып береді.

 

Тәрбиеші: - Енді балалар, қазақтың ұлттық ойыны «Жүзік» ойынын ойнаймыз.

 

(Балалар дөңгеленіп отырады. Бір оқушы қолындағы жүзігін айнала салған болып жүріп, білдіртпей бір оқушыға салады. Тәрбиеші «Жүзік кімде?» дегенде жүзігі бар бала тез тұру керек. Орыннан тұра алмай қалса, айыбына би билеп береді.)

 

Тәрбиеші: - Балалар, ойынды өте жақсы ойнадыңдар. Енді теледидар көреміз. Теледидардан көрген жақсы-жаман кейіпкерлеріңді айтыңдар.

 

(Балалар ұнаған-ұнамаған кейіпкерлер туралы әңгімелейді.)

 

Қорытынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Күн тәртібі" тақырыбында ашық тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по сертификации продукции

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 016 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.04.2017 561
    • DOCX 14.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жамалова Жанбота Кенесовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жамалова Жанбота Кенесовна
    Жамалова Жанбота Кенесовна
    • На сайте: 7 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 642
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой