Инфоурок Другое КонспектыКонспект «AutoCAD жүйесінде «Сурет салу» құрал-саймандар тақтасымен танысу»

Конспект «AutoCAD жүйесінде «Сурет салу» құрал-саймандар тақтасымен танысу»

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: «AutoCAD жүйесінде «Сурет салу» құрал-саймандар тақтасымен танысу»

 

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: АutoCAD жүйесінің мүмкіндіктерімен таныстыру;  кесінділерді, координат нүктелерін енгізу тәсілдері, шеңберлер, доғалар, төртбұрыштар, көпбұрыштар салуды үйрету;

 

Тәрбиелік мақсаты: Шығармашылыдыққа, ақпараттық сауаттылыққа тәрбиелеу;

 

Дамытушылық мақсаты: АutoCAD жүйесімен жұмыс жасау дағдысын дамыту;

 

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

 

Сабақтың әдісі: сынтұрғысынан ойлау стратегиясының элементтері.

 

Сабақтың көрнекілігі: проектор, призентация, ДК

 

Жүру барысы

Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен амандасы, тексеру, топқа бөлу және сабақтың барысымен таныстыру.

 

Үй тапсырмасын тексеру.

БББ стратегиясы бойынша кестемен жұмыс.

АutoCAD жүйесі туралы не білеміз?

 

Білемін

Білгім келеді

Білгенім

 

 

 

 

Өтілген тақырып бойынша сұрақтар қою.

1. Суретте көрсетілген АutoCAD жүйесінің тересе элементтерін анықта

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


2. Тақтада ілінген суреттерді өз орнымен орналастыру керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


3. АutoCAD жүйесінде қолданылатын функцияналдық пернелердің қызметін атап шық.

 

 

 

 

 

Жаңа материалды түсіндіру

 

Жаңа тақырыпты электронды призентация арқылы түсіндіру. Оқушылардың қолына материалдар таратылады.

«Сурет салу» құрал саймандар тақтасы терезенің сол жағында орналасқан.

 

Кесінділерді салу

 

Ол үшін пернетақтадан Кесінді ОТРЕЗОК (LINE) командасын енгіземіз. Берілген команданы тышқан бағыттаушысы арқылы Сурет салу Рисование (Draw) мәзірінен, немесе  Сурет салу Рисование (Draw) құрал – саймандар панелінен  басқышы арқылы шақыруға болады.

AutoCAD жүйесінің командалық жолында алғашқы қойылатын сауалнама

Бірінші нүкте:

(Specify first point:)

Бірінші нүктені көрсеткеннен кейін AutoCAD келесі сұрауларды шығарады:

Келесі нүкте немесе Алып тастау [Отменить]:

(Specify next point or [Undo]:)

Сауалнамалардың бір бөлігі тік шақшада жазылған. Бұл келесі нүктелерді (кесіндінің шекті нүктесін) экранда сілтеу керектігін көрсетеді немесе опцияларды таңдау (яғни, келесі команда қадамының нұсқасын таңдау). Опция ретінде AutoCAD Алып тастау-Отменить (Undo) командасын ұсынады. Ол кесіндінің бастапқы берілген нүктесін алып тастайды. Опцияны қолдану үшін, командалық жолда пернетақтаның көмегімен жоғарғы немесе төменгі регистрдағы <Enter> пернесін басу керек.Егер опцияның атауларындағы кейбір бөлігі жазба әріптерімен ерекшеленген болса (берілген жағдайда О (U) әріпі), онда пернетақтада опцияның осы бөлігін ғана енгізу жеткілікті, немесе оны жоғарғы немесе төменгі регистр (яғни О (U) немесе о (u)) арқылы  және тағы да  <Enter> пернесінің көмегімен істеуге болады. Қолданушы кез келген енгізуді   <Enter> пернесі арқылы аяқтауға үйренген.

Егер сіз Алып тастау Отменить (Undo) опциясын таңдасаңыз, онда AutoCAD алдыңғы нүктені алып тастап, қайтадан басқасын енгізуді сұрайды. Егер сіз тышқанның көмегімен көмегімен келесі нүктені экранда көрсетсеңіз, онда экранда бірінші нүктеден екіншісіне жүргізілген кесінді пайда болады. Бірақ онымен Кесінді ОТРЕЗОК (LINE) командасы аяқталмайды, келесі сұрау болады:

Келесі нүкте немесе Алып тастау [Отменить]:

(Specify next point or [Undo]:)

Бұл сұрау бір командамен кезекпен бірнеше кесінді сызып, экранда сынық жол жасауға болатынын көрсетеді. Экранда үшінші нүктені көрсетіңіз.Мұнда келесі сұрау былай болады:

Келесі нүкте немесе [Замкнуть/Отменить]:

(Specify next point or [Close/Undo]:)

Мұнда Отменить (Undo) опциясына қосымша Замкнуть (Close) опциясы пайда болады. Егер бірнеше опциялар болса, онда "/" таңбасымен бөлінеді. Пернетақтада жоғарғы немесе төменгі регистрде 3 (С) енгізгенде, және <Enter> пернесін басқанда  AutoCAD  кесінді сызады, ол алдыңғы кесіндінің соңынан біріншінің басына жүргізілген.

Егер үздіксіз кесінді сызбай, тек ОТРЕЗОК (LINE) командасын аяқтағыңыз келсе, онда <Enter> пернесін басыңыз, ол әрқашан циклдік операциялардың соңын білдіреді. Әрине, <Enter> пернесін екінші нүктені енгізгеннен кейін де басуға болады. Онда үшінші кесінді салынбай және ОТРЕЗОК (LINE) командасы аяқталып, ал командалық жолда AutoCAD жүйесінде кез келген команданың дұрыс аяқталуын білдіретін Команда: (Command:)  жолы шығады.

 ОТРЕЗОК (LINE) командасынан шығудың тағы бір тәсілі бар. Графикалық экранда тышқанның оң жақ батырмасын басу арқылы, сонда бағыттаушының орнында контекстік мәзір пайда болады.  Контексттік мәзір — бұл жұмыстың келесі қадамын таңдауға көмектесетін, қолайлы құрал-сайман. Ол кез келген уақытта тышқанның оң жақ батырмасын басқанда шығады. Контекстті мәзірдің мәні орындалып жатқан командаға байланысты.

Сонымен, ОТРЕЗОК (LINE) командасы арқылы бір немесе бірнеше бірінен соң бірі орналасқан кесінділер салуға болады. Команданы  <Enter> пернесінің немесе Замыкание  Сlose опциясын енгізумен тоқтатуға болады.

 

Координат нүктелерін енгізу тәсілдері

 

Бірінші тәсілі – кесіндінің шеткі нүктелерін тышқанның көмегімен көрсету. Бірақ нүктелерді бұлай енгізу дәл болмайды. Кең тараған тәсіл екінші тәсілі – координат нүктелерін пернетақтадан енгізу, мысалы: 65,113.24

Бұл мысалда нүкте екі координатамен берілген:Х=65 мм, Y=113.24 мм. Пернетақтада енгізгенде үтір белгісі Х пен У координаталарын бөлу үшін, ал нүкте санның бүтін бөлігі мен бөлшек бөлігін бөлу үшін қолданылады. Координаттарды енгізу барысында координаталар бас нүктесін   0,0 қайдан таңдау керек. Көп жағдайларда бұл нүкте графикалық экранның сол жақ бұрышында болады (бірақ, жұмыс барысында сурет бойынша 0,0 нүктесі кез келген жерде орналасады, сызбаның көрінбейтін аймағында орналасу мүмкін).

Нүктелерді енгізудің үшінші тәсілі — бұл декарттық координаталарға қатысты пернетақтадан енгізу, мысалы: @50,25

Бұл жазу бойынша, соңғы нүктенің алдыңғы нүктеге қатысты берілетінін ("@" таңбасы анықтайтын),  Х осі бойынша +50 мм қозғалуын  (яғни оңға қарай 50 мм) және Y осі бойынша +25 мм (яғни 25 мм жоғары қарай) қозғалысын білдіреді. Мұнда үтір координаталарды бөліп тұратын белгі. Енгізілген сандар бүтін және заттық, оң, нольдік және теріс болуы мүмкін.

Төртінші тәсіл — поляр координаталарына қатысты пернетақтадан енгізу, мысалы:@33.5<45

Бұл тәсілде үтірдің орнына "<" белгісі қолданылады. Берілген мысалда нүкте алдыңғы нүктеге қатысты беріледі, олардың ара қашықтығы жазықтықта 33,5 мм-ге тең, бірақ алдыңғы нүктеден соңғы нүкте 45 градус жасап, оң бағытпен абсцисса осі арқылы орналасады (бұрыш сағат тіліне қарсы «+»-пен, ал сағат тілімен бағыттас «-»-пен өлшенеді). Ара қашықтық міндетті түрде оң санға, ал бұрыш кез келген мәнге ие бола береді.

Бесінші тәсіл — бұл объектілік байланыс функцияларының көмегі арқылы көрсету. Объектілік байланыс функцияларына Стандартная (Standard) панелінің топталған басқышы арқылы немесе  Объектная привязка (Object Snap) панелі арқылы кіруге болады. Топталған басқыш (групповая кнопка), бұл оң жақ шетінде қара түсті үшбұрышы бар басқыш. Егер бұл басқышты тышқанның сол жақ батырмасымен басып тұрса, онда бұған кіретін құрал-саймандар жинағы ашылады.

 

Жұмыс кеңістігінің өзгеру түрлері

 

Қажетті элементтерді қарастыру үшін суреттермен жұмыс істегенде әрқашан қарау терезесін өзгерту керек болады. Бұл мақсатта графикалық экранды айналдыруға вертикаль және горизонталь сызғыштар болады, сонымен қатар Стандартная (Standard) құрал-саймандар панелінде Панорамирование в реальном времени (Pan Realtime) басқышы және оң жағында -  Зумирование в реальном времени (Zoom Realtime) басқышы орналасқан.

-  Панорамирование в реальном времени басқышы

Панорамирования басқышы ПАН (PAN) командасын шақырады, егер оның басқышын басатын болсақ, онда графикалық экрандағы тышқанның бағыттаушысы алақан тәріздес белгіге өзгереді. Енді тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, бағыттаушыны қажетті жерге орналастыру керек. Бағыттаушымен бірге түгелімен сурет қозғалатын болады. Панорамирование аяқталғанда, AutoCAD жүйесінің келесі сілтемесін қолдануға болады:

Командадан шығу үшін Контексттік мәзірде тышқанның оң жағын басу арқылы шығаруға болады немесе ESC немесе ENTER .

(Press ESC or ENTER to exit, or right-click to display shortcut menu.)

-  Зумирование в реальном времени басқышы

Зумирования в реальном времени басқышы суреттің орналасу центрін өзгертпей, масштабын өзгертуге мүмкіндік береді. Зумирование басқышын басқанда бағыттаушымыздың түрі лупа тәріздес белгіге өзгереді. Тышқанның сол жағын баса отырып, суретті жоғары немесе төмен өзгертеміз. Егер жоғары қарай тартатын болсақ, онда бейнеміз үлкееді, ал төменге тартсақ – кішірееді. Зумирование командасынан шығу үшін панорамирование командасындағы сияқты  <Esc>, <Enter> пернелерін немесе тышқанның оң жақ батырмасын басамыз.  

Зумирование в реальном времени басқышының оң жағында ПОКАЗАТЬ (ZOOM) команда нұсқалары бар, топталған басқыштар орналасқан (яғни оң жағында кішкене үшбұрыштары бар).

Бұл топталған басқыштар төмендегідей қызмет атқарады:

 

Надпись:  
Zoom Window – сызбаның ерекшеленген бөлігін экранға қосу 
Zoom Dynamic – масштабты динамикалық күйге келтіру
Zoom Scale – берілген масштабпен ақиқаттық өлшемнің өзгертілуі. 
Zoom Center - 
Zoom In – қадаммен өзгерту
Zoom Out – қадаммен кішірейту
Zoom All - 
Zoom Extents – экран аймағына түгел сызбаны көшіру.
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 - Показать Предыдущий басқышы

Предыдущий (Previous) басқышы алдыңғы терезені алуға мүмкіндік береді. Алдыңғы терезеге қайта оралу бірнеше рет орындалуы мүмкін.

 

Шеңберлер

 

Шеңберлерді салу КРУГ (CIRCLE) командасы арқылы орындалады. Бұл команданы  Рисование (Draw) панелінен немесе Рисование (Draw) мәзірінен таңдап алуға болады. Рисование (Draw) мәзірінде  Круг (Circle) командасы алты пункттен тұрады:

 - Шеңбер КРУГ (CIRCLE) командасының басқышы.

Команданы шақырған  AutoCAD мынадай сұраныс береді:

Шеңбердің центрі немесе [ЗТ/2Т/ККР (кас кас радиус)]:

(Specify center point for circle or [3P/2P/Ttr (tan tan radius)]:)

Егер сіз берілген сұранысқа жауап ретінде нүкте салсақ, ол шеңбердің центрі болады, келесі сұраныс беріледі:

Шеңбердің радиусы немесе [Диаметрі]:

(Specify radius of circle or [Diameter]:)

Шеңбердің радиусын береміз. Радиусты нүкте арқылы да беруге болады (яғни, шеңбер центрінен нүктеге дейінгі арақашықтық өлшеніп, радиус ретінде алынады). Егер Диаметр(Diameter) опциясын таңдағымыз келсе, онда Д (D) таңбасын енгіземіз. Онда диаметрді енгізуге сұраныс беріледі:

Шеңбердің диаметрі:

(Specify diameter of circle:)

Диаметрдің мәнін сан немесе нүкте арқылы беруге болады (яғни берілген шеңбер центрінен берілген нүктеге дейін диаметрді сызады). Егер шеңбер центрінің орнына ЗТ (ЗР) опциясын таңдайтын болсақ, онда AutoCAD шеңберді үш нүктемен салады. Сұраныстар бірінен соң бірі кезекпен үшеуі берілгенде экранда шеңбер пайда болады.

Егер 2Т (2Р) опциясын таңдасақ, онда тек екі нүктемен ғана шеңбердің диаметрі салынады. AutoCAD жүйесі мынадай сұраныстар береді:

Шеңбер диаметрінің бірінші нүктесі:

(Specify firs! end point of circle's diameter:)

Шеңбер диаметрінің екінші нүктесі:

(Specify second end point of circle's diameter:)

ККР (Ttr) опциясы екі объектіні байланыстыратын шеңбер сызады. Бұған байланысты жүйенің опциялар мен сұраныстар өзгереді.

Объектіден жанаманың бірінші нүктесін беру:

(Specify point on object for first tangent of circle:) Второй запрос:

Объектіден жанаманың екінші нүктесін беру:

(Specify point on object for second tangent of circle:)

Үшінші сұраныс:

Шеңбердің радиусы:

(Specify radius of circle:)

Радиусты сан мәндерімен немесе екі нүкте арқылы беруге болады, осы нүктелердің арақашықтығы радиустың шамасын береді.

Берілген радиусқа қатысты екі объектіні байланыстыратын шеңбер салудың бірнеше нұсқасы бар. Мүмкін болатын жағдайлары ішінен AutoCAD жүйесі объектіге жанасатын нүктелерді таңдайды.

Рисование (Draw) мәзірінің Круг (Circle) пунктінде 3 жанасу нүктелері  (3 точки касания) (Tan, Tan, Tan) болатын бөлімі бар.

- Жанама  Касательная (Tangent) объектілік байланыс функцияларының басқышы..

Касательная (Tangent) жанама функциясы – жанама жүргізуге өте ыңғайлы функцияның бірі.

Келесі мысалға назар аударайық. Шеңберге кесінді арқылы жанама жүргізу. ОТРЕЗОК (LINE) командасын шақырамыз.Бірінші нүктен енгіземіз. Екінші нүктге сұраныс бергеннен кейін  Касательная (Tangent) функциясының басқышын басамыз, содан соң шеңберді нұсқаймыз ( 2.39сурет).Жанамамыз жүргізіледі. Тағы бір мысал келтірейік. Екі шеңбер берілген. Осы екеуін жанап өтетін кесінді сызу керек..

 ОТРЕЗОК (LINE) командасын шақырамыз. Кесіндінің нүктелерін шеңберлерден белгілейміз де Касательная (Tangent) функциясын қолданамыз. Екі нүкте арқылы жанама жүргізіледі. Шеңберлердің центрлерін қосуға болады. Ол үшін Центр (Center) байлам объектілік функциясын қолданамыз...

 - Центр (Center) байлам объектілік функциясының басқышы.

Бұл функция арқылы біз шеңберлердің центрлерін қосатын кесінді аламыз. Егер шеңбер центріне қатысты нүкте алғымыз келсе, тышқан бағыттаушысын шеңбердің кез келген сызығына қойып, сол арқылы нүкте аламыз.

Сонымен бірге шеңбердің төрт ерекше нүктесі бар, олар – жоғарғы, төменгі және сол жақ, оң жақ. Бұл нүктелерді квандранттар деп атайды және бұларға байланысты Квадрант(Quadrant) функциясы қолданылады.

 - Квадрант функциясы.

 

Доғалар

 

Доға бұл шеңбердің бір бөлігі. Оны жүргізу үшін ДУГА (ARC) командасы қолданылады. Бұл команданы пернетақтадан, Рисование (Draw) құрал-саймандар панелінен немесе Дуга (Arc) пункті он бөлімнен құралған Рисование (Draw) мәзірінен шақыруымызға болады.

 -  Доға (ARC) командасының басқышы:

Команданың жалпы нұсқасын қарастырайық: Доға (ARC) командасының алғашқы сұранысы:

Доғаның алғашқы нүктесі немесе  [Центр]:

(Specify start point of arc or [CEnter]:)

Алғашқы нүктесін береміз немесе Центр (Cеnter) опциясын таңдаймыз.

Нүктені енгізгеннен кейін, жүйе келесідей сұраныс береді:

Доғаның екінші нүктесі немесе [Центр/Конец]:

(Specify second point of arc or [CEnter/ENd]:)

Екінші нүктені енгізгеннен кейін келесідей сұранысты көреміз::

Доғаның соңғы нүктесі:

(Specify end point of arc:)

Нәтижесінде үш нүктеден құралған доға шығады. Екінші нүктені енгізбей, оның орнына  Центр (Cеnter) опциясын таңдауымызға болады, онда жүйе келесідей сұраныс береді:

Доға центрі:

(Specify center point of arc:)

 Центрін бергеннен кейін келесідей сұраныс беріледі:

Доғаның соңғы нүктесі немесе [Угол/Длина хорды]:

(Specify end point of arc or [Angle/chord Length]:)

Егер доғаның соңғы нүктесін көрсетсе онда жүйе алғашқы нүкте мен центрі арқылы доғаның радиусын шығарады.

Доға жүргізудің тағы да екі нұсқасы бар, олар:Бұрыш Угол (Angle) және Хорда ұзындығы Длина хорды (chord Length). Бұрыш Угол (Angle) опциясын таңдауда мынадай сұраныс беріледі:

Центрлік бұрыш:

(Specify included angle:)

Бұрыш белгі арқылы немесе пернетақтадан немесе тышқан бағыттаушысы арқылы енгізілуі мүмкін.

Ал, егер де  Бұрыш Угол (Angle) опциясының орнына Хорда ұзындығы Длина хорды (chord Length) опциясын таңдасақ, онда келесідей сұраныс беріледі:

Хорда ұзындығы:

(Specify length of chord:)

Хорда ұзындығы санмен белгімен, немесе нүкте арқылы беріледі. Ұзындық белгісі доғаның жүргізілу бағытына қатысты болады.

 

ПОЛИЛИНИИ

 

Полилиния бір-бірімен байланысқан бір немесе бірнеше түзулер мен доға сегменттерден тұратын сызықтар. Олар бүтін бір сызық ретінде қарастырылады.

 - ПЛИНИЯ (PLINE) командасының басқышы

Полилинияны сызу үшін ПЛИНИЯ (PLINE) командасы қолданылады, оны пернетақтадан енгізуге, немесе Рисование (Draw) құрал-саймандар панеліндегі Полилиния (Polyline) басқышы көмегімен немесе Рисование (Draw) мәзіріндегі Полилиния (Polyline) пунктін пайдаланамыз.

Команданың алғашқы сұранысы:

Алғашқы нүкте:

(Specify start point:)

Полилинияның алғашқы нүктесін береміз. Келесі сұраныс алдыңғыға қарағанда қиынырақ:

Ағымдағы полилинияның көлденеңі 0.0000 болады.Келесі нүкте немесе [Дуга/Замкнуть /Полуширина/длИна/Отменить/Ширина]:

(Current line-width is 0.0000 Next point or [Arc/Close/Halfwdth/Length/Undo/Width]:)

Полилиниянолдік емес көлденеңге ие болатын объектілердің бірі. Алдыңғы полилинияға берілген көлденең сақталып, келесі полилинияға беріледі.Сондықтан жүйе бізге келесі мәліметті береді:

Ағымдағы полилинияның көлденеңі Текущая ширина полилинии (Current line-width), егер оны ауыстырмасақ, жүйе жаңа полилиния сызады.

Егер осы кезде нүктені көрсетсек, ол сызықтың екінші нүктесі болады. Жүйе қайтадан алдыңғы сұранысты қайталайды:

Келесі нүкте немесе [Дуга/Замкнуть/Полуширина/длИна/Отменить/Ширина]:

(Next point or [Arc/Close/Halfwidth/Length/'Undo/Width]:)

Міне осылай түзу сызықты сегменттерден құралған полилиниялар мен сынық сызықтардың төбесі болатын бірнеше нүктелерді кезекпен енгізуімізге болады. Нүктелерді енгізуден басқа, келесі опцияларды таңдауымызға болады:

·            Жабу - Замкнуть (Close)Полилинияны жабатын тағы бір түзусызықты бөлікті енгіземіз;

·            Ені - Ширина (Width) — полилинияның келесі бір бөлігін беру үшін енін беру (әрбір полилиния сегментінің өзінің ені болады); көлденең полилинияның төбелері жатқан осьтердің екі жағына да бірдей таралып орналасады;

·            Жартыені - Полуширина (Halfwidth) — енді жартыен арқылы беру, яғни берілетін ен 10-ға тең болса, онда жартыенді 5 деп береміз);

·            Ұзындық - Длина (Length) — берілген ұзындық пен алдыңғы бөліктің жалғасы болатын сегментті құрастыру, ұзындықты санмен немесе нүктемен беруге болады;

·            Болдырмау - Отменить (Undo) — ПЛИНИЯ (PLINE) командасындағы соңғы операцияны болдырмау;

·            Доға - Дуга (Arc) — полилинияның доғалық сегменттерін салуға көшетін режим;

Доғаларды салу режиміне көшу үшін жүйе келесі таңдауларды ұсынады:

Доғаның соңғы нүктелері немесе Конечная точка дуги или [Угол/Центр/Замкнуть/Направление/Полуширина/Линейный Радиус/Вторая/Отменить/Ширина]:

(Specify endpoint of arc or [Angle/CEnter/CLose/Direction/Halfwidth/Line/Rndius/Second pt/Undo/Width]:)

Нүктені енгізгеннен кейін, жүйе полилинияның алдыңғы бөлігіне байланыстырып доғалық сегмент сызады.

Басқа да қолданылатын операциялары төмендегідей:

·            Бұрыш - Угол (Angle)доғалық сегмент үшін центрлік бұрыштың шамасын енгізу;

·            Центр (Center)доғалық сегмент үшін центрлік нүктені енгізу;

·            Жабу - Замкнуть (Close)доғалық сегмент көмегімен полилинияны жабу;

·            Бағыттауыш -Направление (Direction)доғалық сегментті құрау үшін бағытын енгізу;

·            Жартыен -Полуширина (Halfwidth)келесі сегмент үшін жартыенді енгізу;

·            Түзусызықты - Линейный (Line)түзусызықты сегменттерді салу режиміне көшу;

·            Радиус (Radius)доғалық сегмент үшін радиусты енгізу;

·            Екінші -Вторая (Second pt)үш нүкте бойынша доғалық сегмент тұрғызу үшін екінші нүктені енгізу;

·            Болдырмау-Отменить (Undo)соңғы әрекетті болдырмау;

·            Ені-Ширина (Width)келесі сегмент үшін енін енгізу.

Доғалық сегменттерді сызу жолдары ДУГА (ARC) командасындағы доғаларды құрастыру арқылы іске асады. Кез келген уақытта түзусызықты сегменттерді құрастыру режимінен доғалық сегменттерді сызу режиміне көшуге болады және керісінше. Және кез келген уақытта келесі полилинияның сегменті үшін жаңа жартыен немесе енді беруге болады.

Полилиниялардың ерекшеліктері:

  • полилиния өшіру немесе өңдеу операциялары үшін қолайлы объект (мысалы, параллель сызықтарды сызғанда);
  • полилиния сызбада сызықтарды қалыңдатып сызғанда қолайлы;
  • графикалық эффекттер үшін полилиниялардың сегменттерінің түрлі ендері (бағыттаушыларды құрастыру және т.с.с.).

Полилиния өте қиын объект болып табылады. Алайда, ол кез келген уақытта өзін құрайтын кесінділер мен доғалардан құралуы мүмкін. Оны Редактирование  панеліндегі РАСЧЛЕНИТЬ (EXPLODE) командасы арқылы немесе Редакт (Modify) мәзіріндегі Расчленить (Explode)пунктінен орындауға болады.

 - РАСЧЛЕНИТЬ (EXPLODE) командасының басқышы.

Алынған кесінділер мен доғалар нольдік емес енге ие болмағандықтан расчленение  кезінде көлденең жөніндегі ақпарат жоғалады.

Жүйеде алдыңғы байланысқан кесінділер мен доғалардан полилиния жасауға мүмкіндік болады. Мысалы, кесінділер тек ОТРЕЗОК (LINE) командасымен сызылған болса, онда олар байланыс жағдайын қанағаттандырады және олардан полилиния құрастыруға болады. Ол үшін Редактирование-2 (Modify II) құрал-саймандар панеліндегі ПОЛРЕД (PEDIT) командасы қолданылады және Редакт (Modify) мәзіріндегі - Полилиния (Polyline) пункті алынады.

ПОЛРЕД (PED1T) командасының бірінші сұранысы:

Полилинияны көрсетіңіз:

(Select polyline:)

- ПОЛРЕД (PEDIT) командасының басқышы

Байланысатын алғашқы кесіндіні көрсетіңіз. Жүйе берілген объектінің полилиния еместігін айқындайды да, келесі сұранысты ұсынады:

Таңдалған объект – полилиния емес. Оны полилиния ету керек пе? <Д>:

(Object selected is not a polyline Do you want to turn it into one ? < Y>:)

<Enter> пернесін басамыз немесе Д (Y) енгіземіз, сонда таңдалған кесінді бір сегменттен полилинияға өзгереді және басқа да кесінділерді жалғауға дайын болады. Әрі қарай келесі сұраныс беріледі:

Опцияны беріңіз /Задайте опцию:

[Замкнуть/Добавить/Ширина/Вершина/СГладить/СПлайн/Убрать сглаживание /Типлин/ Отменить]:

(Enter an option [Close/Join/Widfh/Edit vertex/Fit/Spline/Decurve/ Llype gen/Undo]:)

Егер кесінді жалғау керек болса, Д (J) енгіземіз. Келесі сұраныс циклді қайталанады:

Объекттерді таңдаңыз/Выберите объекты:

(Select objects:)

Кесінділерді көрсетеміз де, <Enter> пернесі арқылы объектілерді таңдауды аяқтаймыз.Жүйе полилинияға сегменттерді қосады да, келесідей мәлімет береді:

Полилинияға 3 сегмент жалғанды. (3 segments added to polyline)

 Әрі қарай жүйе сұранысты қайталайды.

 Опцияны беріңіз / Задайте опцию

[Замкнуть/Добавить/Ширина/Вершина/СГладить/СПлайн/Убрать сглаживние/Типлин/Отменить]: (Enter an option [Close/Join/Width/Edit vertex/Fit/Spline/Decnrve/Ely ре gen/Undo]:), оған жауап ретінде  <Enter> пернесін басу арқылы, ПОЛРЕД (PEDIT) командасын аяқтаймыз..

 

Төртбұрыштар

 

 Төртбұрыштарды сызу Төртбұрыш ПРЯМОУГ (RECTANG) командасы арқылы орындалады. Команданы пернетақтадан енгізуге, немесе Рисование (Draw) панеліндегі Прямоуг (Rectang)   басқышы көмегімен немесе Рисование (Draw) мәзіріндегі  Прямоугольник (Rectangle) пункті арқылы шақыруға болады..

- Төртбұрыш ПРЯМОУГ (RECTANG) командасының басқышы

Команданың алғашқы сұранысы:

Бірінші бұрыш немесе  [Фаска/Уровень/Сопряжение/Высота/Ширина]:

(Specify first comer point or [Chamfer/Elevation/Fillet/Thickness/Width]:)

Егер нүкте енгізсек, ол төртбұрыштың алғашқы бұрышы болады, келесі нүкте сұраныс бойынша бұл бұрышқа қарама-қарсы орналасады. Енгізілген алғашқы екі нүкте арқылы төрбұрыштың диагоналі жүргізіледі.

Төртбұрыш ПРЯМОУГ (RECTANG) командасы сұраныстарының мүмкін болатын опциялары:

  • Фаска (Chamfer) — төртбұрыштың әрбір бұрышынан алынатын фасканың ұзындықтарын беру;
  • Қосу/Сопряжение (Fillet) — төртбұрыштардың бұрыштарын қосу арқылы радиусын беру;
  • Деңгей/Уровень (Elevation) — үшөлшемді кеңістік бойынша төртбұрышты салу үшін деңгейді енгізу. (см. гл. 9),
  • Биіктік/Высота (Thickness) — Үшөлшемді кеңістікте төртбұрышты құрастыру үшін биіктікті енгізу; (см. гл. 9);
  • Ені/Ширина (Width) — Төртбұрыштың сызықтарының енін беру;.

Жұмыс кезінде Төртбұрыш ПРЯМОУГ (RECTANG) командасына келесідей опцияларды беруге болады, мысалы:

Ағымдағы режимдер: Фаска= 15.0000 х 10.0000 Деңгей =100.0000 Биіктік =45.0000

(Current rectangle modes: Chamfer = 15.0000 x 10.0000 Elevation=100.0000 Thickness=45.0000)

немесе ағымдағы режимдер: беттестіру=22.0000

(Current rectangle modes: Fillet=22.0000)

 

Көпбұрыштар

 

Көпбұрыштар МН-УГОЛ (POLYGON) командасы не бір жақтың нүктелері арқылы, не шеңбердің центрі және радиусы арқылы дұрыс көпбұрыштар сызады. Команданы Рисование (Draw) панеліндегі Көпбұрыш Многоугольник (Polygon) басқышы арқылы немесе Рисование (Draw) мәзіріндегі Многоугольник (Polygon) пункті арқылы шақыруымызға болады.

 - Көпбұрыш МН-УГОЛ (POLYGON) командасының басқышы

Көпбұрыш МН-УГОЛ (POLYGON) командасының алғашқы сүранысы:

Жақ саны  <4>:

(Enter number of sides <4>:)

Жақ санын береміз (жақшада әртүрлі сандар беріледі).

Келесі сұраныс:

Көпбұрыштың центрін көрсетіңіз немесе [Сторона]:

(Specify center of polygon or [Edge]:)

С (Е) опциясын таңдасақ онда жүйе көпбұрыш жақтарының ақырғы екі нүктесін сұрайды, осы бойынша көпбұрыш сызады. Егер опцияның орнына нүктені көрсетсек, онда жүйе көпбұрыштың өлшемін сұрайды:

Орналастыру опциясын көрсетіңіз [Шеңбердің ішінде салынған/шеңбердің сыртынан салынған] <В>:

(Enter an option [Inscribed in circle/Circumscribed about circle] <I>:)

При ответе В (I) болған жағдайда көпбұрыш шеңбердің ішіне салынады, ал О (С) болғандашеңбердің сыртында салынады. Енді көпбұрыштың радиусын беру керек. Ол үшін:

Шеңбер радиусы:

(Specify radius of circle:)

 

Сақина

Сақина КОЛЬЦО (DONUT) командасы арқылы салынады.команданы пернетақтаның көмегімен, немесе Рисование (Draw) мәзіріндегі Кольцо (Donut) пунктінен алуымызға болады. Бірінші сұраныс:

Сақинаның ішкі диаметрі <10.0000>:

(Specify inside diameter ofdonut <10.0000>:)

Ішкі диаметр санмен немесе екі нүкте арқылы берілуі мүмкін.

Екінші сұраныс:

Сақинаның сыртқы диаметрі <20.0000>:

(Specify outside diameter ofdonut <20.0000>:)

Диаметрлерін енгізгеннен кейін, жүйе сақинаның центрін көрсету үшін келесідей сұраныс береді:

Сақинаның центрі немесе  <шығу - выход>:

(Specify center of donut or <exif>:)

Командададан шығу үшін  <Enter> пернесін немесе тышқанның оң жағын басамыз.

 

Штрихтар

 

КШТРИХ (ВНАТСН) командасы суреттің тұйықталған аймақтарын штрихтау үшін қолданылады, бұл команданы Рисование (Draw) құрал-саймандар панелінің Штриховка (Hatch) басқышы арқылы немесе Рисование (Draw) мәзіріндегі Штрихование (Hatch) пунктінен шығаруға болады.

 - КШТРИХ (ВНАТСН) командасының басқышы

КШТРИХ (ВНАТСН) командасы бұл контур ішінде нүктені көрсету арқылы, сонымен қатар объект таңдау арқылы сызықтармен шектеліп тұйықталған аймақтарды штрихтауға мүмкіндік береді. Ол контурды автоматты түрде анықтайды. Команда екі қосымшалы Штриховка по контуру(Boundary Hatch)  диалогтык терезесін шақырады.

Қосымшаның сол жақ бөлігі штрихтың параметрлерін, ал оң жағы – штрихтар арқылы толтырылған аймақ. Тип (Type)  жолы штрихтардың үлгілерін таңдауды ұсынады:

  • Стандартты/Стандартный (Predefined)
  • Сызықтың типі бойынша/По типу линии (User defined)
  • Қолданбалы/Пользовательский (Custom)

Жүйе стандартты штрихтардың кеңейтілген тобын ұсынады. Штрихты тізімдегі атаудан немесе  визуалды алуға болады. Визуалды таңдау "..." символын басу арқылы шығады, осыдан кейін төрт бөлімнен тұратын Палитра образцов штриховки (Hatch Pattern Palette) диалогтык терезесі ашылады. ANSI және  ISO бөлімдері жүйенің берілген версиясымен бірге қойылған ANSI және ISO стандартты штрихтарының үлгілерін құрайды. Другие стандартные (Other Predefined) бөлімі алдыңғы екі бөлімге кірмейтін үлгілерден тұрады.

Төртінші  Пользовательские (Custom) бөлімінде қолданушы арқылы жасалған үлгілер болады.

Басқа стандартты штрихтардың тізімінде Solid деп аталатын штрих орналасқан. Үлгінің аты Штриховка по контуру (Boundary Hatch) терезесінде Структура (Swatch) жолында көрсетіледі.

Ескерту  

Қолданылатын контур(Solid)  тұйықталған болуы тиіс. Егер бірден бірнеше контур салынатын болса, олар бір-бірімен қиылыспауы керек.  

Егер Тип (Type) жолында По типу линии (User defined) опциясы таңдалса, онда үлгі сызықтың ағымдағы типін, бұрышы мен сызықтар арасындағы ара қашықтық (поле Интервал (Spacing))  арқылы құрылады.

Тышқан арқылы керекті үлгідегі штрихталған пиктограмманы таңдаймыз және OK батырмасын шертеміз. Сонымен қатар иілу бұрышы мен эталонды бейнеге қатысты штрихтың масштабын беруімізге болады. Масштабты өсірген сайын, штрих сызықтар арасындағы қашықтық өседі, ал кішірейткен сайын кішірееді.

Егер ISO бөлімінен штрихтың стандартты үлгісі алынса, онда қалыңдықты Толщина пера по ISO: (ISO Pen Width:) жолы арқылы беруге болады. Относительно пространства листа (Relative to Paper Space) жалаушасымен  тек бет кеңістігінде жұмыс жасауға болады.  

Бөлімшенің оң жақ бөлігінің Основные (Quick) көмегімен контурдың параметрлері берілуі тиіс. Указание точек (Pick Points) басқышы циклде аймақтың ішкі нүктелерін көрсетуге мүмкіндік береді. Циклден  <Enter> пернесін басу арқылы іске асады.

Выбор объектов (Select Objects) басқышы қиылысқан жерлері  штрихталған аймақты беретін объектілерді көрсетуге мүмкіндік береді. Барлық штрихталған контурлар нүктелер арқылы берілген әдістер комбинациясымен және объектілерді таңдау арқылы алынуы мүмкін.

Исключение островков (Remove Islands) басқышы көптеген объектілерді таңдауда, шығып қалған аралықтарды алып тастауға мүмкіндік береді.  

Просмотр набора (View Selections) басқышы қандай штрихтау аймақтары таңдалғанын көру үшін Штриховка по контуру (Boundary Hatch) терезесінен уақытша шығуға мүмкіндік береді.   Копирование свойств (Inherit Properties) басқышы істелген штрихтың параметрлерін жаңа объектілерге көшіреді. Кейбір штрихтардың түрлерінде Крест-накрест (Double)жалаушасы қолданылады, олар штрихтау басында аймақты қарапайым түрде толтырады, содан соң алдыңғы тәсілден  90 градус бұрылыспен, негізгі үлгіні қайталайды. Связь с контуром (Composition) жолы үлкен қызмет атқарады. Ол штрихтың ассоциативтік құрамын береді немесе алып тастайды.

 Егер штрих ассоциативті болса, онда ол сыртқы контурмен байланысады. Бұл жағдайда контурдың өзгерісінен штрих автоматты түрде саналады.

Келесі штрих құрамының келтіру деңгейі Дополнительные (Advanced) бөлімшесі арқылы іске асады. Егер штрихтау аймақтарын көрсетуде бір-біріне қойылған объектілер болса, онда Стиль обнаружения островков (Island Detection Style) анықтау қажет.  Нормальный (Normal) стилінде  мүмкін болатын штрихтау зоналары сыртқы зонадан ішкі қозғалысына байланысты ретімен орналасады. Внешний (Outer) стилінде тек сыртқы бөлік қана штрихталады, ал ішкі бөлігі алып тасталады. Игнорирующий (Ignore) стилінде барлық бөлігі, барлық ішкі зоналар да штрихталады.

Егер штрихталған контур бірікпеген объект болса, онда Сохранение контуров (Retain Boundaries) режимін пайдаланамыз. Бұл режимде контур полилиния түрінде, немесе белгілі бір аймақ түрінде сақталуы мүмкін. Аралықтарды табатын алгоритм (Поток (Flood) и Падение лучей (Ray Casting) әдістері).

Егер контур Указание точек (Pick Points) басқышы арқылы алынса, жүйе көрсеткен нәтиже ұнамауы мүмкін, олай болса контурды таңдап алатын объектілерді ғана қосымша көрсетуге болады. Бұл Набор контуров (Boundary Set) жолындағы Новый (New) басқышы арқылы іске асады.

Контурдың параметрлерін беріп, оны құрағаннан кейін, нәтижесін қарап алған жөн, ол үшін    Штриховка по контуру (Boundary Hatch) диалогтық терезесінің сол жақ бұрышында орналасқан Просмотр (Preview) басқышына барамыз. Штрихқа қажетті масштаб таңдап алу оңай емес. Егер масштаб кішкентай болса, онда штрихтар саны өте көп болады да,  штрихымыз үлкен болып шығады.  Егер масштаб үлкен болса, онда штрихтар саны өте аз болып кетуі мүмкін.

Егер штрихты оны құрайтын кесінділерге қою керек болса, онда РАСЧЛЕНИТЬ (EXPLODE) командасын қолданамыз. Бұл команданы қолданғанда штрихтаудың ассоциативтігі жойылады.

 

 

 

СПЛАЙНДАР

 

СПЛАЙН (SPLINE) командасы сплайн сызуға мүмкіндік береді, ол – берілген нүктелер арқылы өтетін және алғашқы, соңғы нүктелерінде жанаманың мүмкіндіктерін қанағаттандыратын тегіс сызық. Команданы пернетақта арқылы, Рисование (Draw) құрал-саймандар панеліндегі Сплайн (Spline) басқышы көмегімен немесе  Рисование (Draw) мәзіріндегі  Сплайн (Spline) пункті арқылы шақыруға болады.

 - СПЛАЙН (SPLINE) командасының басқышы

Команданың алғашқы сұранысы:

Бірінші нүкте немесе/Первая точка или [Объект]:

(Specify first point or [Object]:)Егер сіз нүктені көрсетсеңіз, онда сұраныс былай беріледі:

Келесі нүкте/Следующая точка:

(Specify next point:)

Екінші нүктені енгізгеннен кейін келесі нүктелерді беруге немесе Замкнуть(Close) опциясы көмегімен шығуға болады немесе допускті енгізуге болады:

Келесі нүкте немесе/Следующая точка или [Замкнуть/Допуск] <жанама><касательная в начале>:

(Specify next point or [Close/Fit Tolerance! <Start tcingent>:)

<Enter> пернесін басып жанаманың бастапқы бұрышының сұранысына көшпей, нүктені әрі қарай бере беруге болады.

Алғашқы нүктедегі жанама/Касательная в начальной точке:

(Specify start tangent:)

Егер тұйықталған сплайн құрылса (сәйкес опцияны таңдауда), онда жанамаға сұраныс өзгереді:

Жанаманың бағыты/Направление касательной:

(Specify tangent:)Бұрыш сан мәнімен немесе тышқанның көмегімен беріледі.

Егер <Enter> пернесін бассақ, онда бастапқы нүктеде сызықты салу үшін шектеулі мүмкіндіктер қолданылмайды. Егер сплайн жабылмаған болса, (яғни Замкнуть (Close) опциясы қолданылмаған болса), онда ақырғы нүктедегі жанаманың бағытын көрсететін сұраныс беріледі: Ақырғы нүктедегі жанама/Касательная в конечной точке:

(Specify end tangent:)

Егер сплайнның бірінші нүктесінің орнына Объект (Object) опциясын таңдасақ, онда жүйе бұрын Сплайн (Spline) опциясы арқылы  полилиниядан сплайнға құралған режимге ауысады және келесі сұранысты ұсынады:

 Сплайнды құрау үшін объектіні таңдаңыз/Выберите объекты для преобразования в сплайны... Объектілерді таңдаңыз/Выберите объекты:

(Select objects to convert to splines... Select objects:)

Объектіні (полилинияларды) таңдағаннан кейін, олар полилиниядан сплайнға құралады.

 

Сабақты бекіту.

 

Ақпаратты толықтыру.

Қолдарына қағаз беріледі. Ол қағазда өтілген тақырыптар бойынша мәліметтерді толықтыру керек.

 

Құрылғылардың атауы мен қызыметін көрсет

Кесінді салу үшін қандай әрекеттер орындалады?

Түзіу сызық сызу үшін қандай әрекет орындалады?

 

 

Компьютерді пайдаланып, АutoCAD жүйесінде фигуралар сызу

Тапсырмалар:

 

 

1

Салыстырмалы декарт координаталарын пайдаланып көрсетілген жазық фигураларды сызыңдар

 

2

 

Салыстырмалы декарт координаталарын пайдаланып көрсетілген жазық фигураларды сызыңдар

 

3

Салыстырмалы декарт координаталарын пайдаланып көрсетілген жазық фигураны сызыңдар

 

 

 

Сабақты қорытындылау.

БББ стратегиясы бойынша кестемен жұмыс.

АutoCAD жүйесінің «Сурет салу» тақтасы туралы не білдік?

 

Білемін

Білгім келеді

Білгенім

 

 

 

 

Сұрақтар:

1.      Құрал -саймандар панелі не үшін қажет?

2.      Қандай құрылғыларды білесін? Не үшін қолданылады?

3.      Бұл жүйенің басқа бағдарламалардан айырмашылығы неде?

4.      Тіктөрт бұрыш командасының кілттері? Сурет салу әрекеті.

 

Бағалау

 

 

Үйге тапсырма

Өтілген тақырып бойынша қосымша материалдар қарастыру.

 

Компьютерде орындалатын тапсырма.

 

 

 

 

Көрсетілген жазық фигураны сызыңдар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект «AutoCAD жүйесінде «Сурет салу» құрал-саймандар тақтасымен танысу»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель образовательного подразделения

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 158 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.06.2016 3631
    • DOCX 410 кбайт
    • 15 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кожакулова Балзия Нурланкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кожакулова Балзия Нурланкызы
    Кожакулова Балзия Нурланкызы
    • На сайте: 7 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12692
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Мини-курс

Психологическая работа с эмоциональными и поведенческими проблемами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 226 человек из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 54 человека

Мини-курс

Основы изучения творческих дисциплин: введение в пропедевтику дизайна и изобразительного искусства

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Этапы развития речи: от первых звуков до полноценной коммуникации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 160 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 145 человек