Инфоурок Другое КонспектыКонспект на тему "Азат елдің ар намысы -Ата заң"

Конспект на тему "Азат елдің ар намысы -Ата заң"

Скачать материал

« Азат елдің ар-намысы - Ата Заң »


hello_html_m64910812.jpgЖұмабаева Айжан Айтқұлқызы

Жарқамыс орта мектебі


Мақсаты: Конституцияның сипаты, маңызы туралы түсінік беру. Ата заңның қалыптасу тарихының кезеңдері және оның ерекшеліктері туралы білімдерін тереңдету. Ұлттық болмысымызды бейнелеген заңдық қағидалар мен өркениеттік Заңдық ережелерді жастардың бойларына сіңіру және Ата заңымызды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Слайд . ҚР Конституциясы кітабы, Мемлекеттік Ту, Елтаңба.
Жүргізуші :

Ата заңым – ар - намысым, айбарым,
Болашағым, тектілігім, қайнарым,
Ата заңның аясында көш бастап,
Ел көгінде желбірей бер, байрағым!
Қазақстан – егеменді, байрақты ел,
Жердің жүзін мойындатқан қайратты ел.
Ата заң – елдігімнің еңсесі,
Заңы барда қазақ елі айбатты ел.
Заңым барда зайырлы елмен теңестір,
Қай кезде де заңды біліп кеңес құр.

Құрметті ұстаздар, оқушылар « Азат елдің ар-намысы - Ата Заң » атты кешімізге қош келдіңіздер. Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 20 жыл толып отыр. Бұл жылдар ішінде мемлекетіміз демократиялық даму жолымен жүріп келеді, экономикада, әлеуметтік салада зор жетістіктерге жеттік.
Қазақстанның Конституциялық тарихына көз салсақ, мемлекетіміздің бірнеше жазба Конституциясы болған екен. Соның біріншісі – 1926 жылғы 18 ақпандағы Қырғыз Советтік Социалистік Республикасының Конституциясы (Негізгі заңы); ол кезде қазақтарды қырғыз деп атағаны тарихтан мәлім. Ал одан кейінгі Конституция 1937 жылғы 26 наурыздағы Қазақ ССР - нің Конституциясы болып табылады. Үшіншісі – 1978 жылғы 20 сәуірдегі Қазақ ССР - ның Конституциясы болса, төртіншісі 1993 жылғы ҚР Конституциясы екендігі белгілі. Қазір қолданыстағы 1995 жылғы 30 тамыздағы ҚР Конституциясы Ата Заң ретінде тарихқа нық еніп отыр.

   Қазақстан Республикасының Коснтитуциясының , оның мазмұндық құрылымын көз алдымызға тағы бір елестетер болса, 98 бапты өз бойына қамтитын тоғыз бөлімнен тұрады.
1-    бөлім: Жалпы ережелер;
2-    бөлім: Адам және адамзат;
3-    бөлім:Президент;
4-    бөлім:Парламент;
5-    бөлім:Үкімет;
6-    бөлім:Конституциялық кеңес;
7-    бөлім:Соттар және сот төрелігі;
8-    бөлім:Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару;
9-    бөлім:Қорытынды және өтпелі ережелер.
Мұндай бөлімдердің бәрінде де мемлекеттік құрылысымыздың тұрпаты, ретпен орналасқан саяси басқару жүйесінің міндеттері мен қызметтері, Қазақстан қоғамындағы адамдардың, азаматтарды, құқықтары мен бостандықтары заңнамалық түзіліске түскен.

Жүргізуші : Енді Ата Заңымыздың кейбір баптарына тоқталып өтейік.

7-бап
1.    Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк тiл — қазақ тiлi.

2 . Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін – өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады .

3 . Мемлекеттік Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды .
«Тілдің құдіреті » М. Жұмабаев

9-бап
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздері  — Туы, Елтаңбасы және Гимнi бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібi конституциялық заңмен белгiленедi.

14-бап
1.    Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.

15-бап  

1 . Әркiмнiң өмiр сүруге құқығы бар.
16- бап.

1 . Әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар.
17- бап.

1 . Адамның қадір- қасиетіне қол сұғылмайды.
19- бап.

1 . Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсетпеуге хақылы.
2 . Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, оқу және шығармашылық тілін  еркін таңдауға құқығы бар.
27-бап
 Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттiң қорғауында болады.
 Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу — ата-ананың етене құқығы әрі мiндетi.
 Кәмелетке толған еңбекке қабiлеттi балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға мiндеттi.

29-бап
1.    Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.

30-бап
1.    Азаматтардың мемлекеттiк оқу орындарында тегiн орта бiлiм алуына кепiлдiк берiледi. Орта бiлiм алу мiндеттi.

34-бап
2.    Әркiм Республиканың мемлекеттiк рәміздерін құрметтеуге мiндеттi.

Ән : « Көк тудың желбірегені  »
36-бап
1.    Қазақстан Республикасын қорғау — оның әрбiр азаматының қасиеттi парызы және мiндетi.

38-бап
Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға мiндеттi.

Жүргізуші :

Ата Заңда айтылғандай, адам – мемлекеттің басты байлығы. Адамның құқығы мен міндеті Заңда толық көрсетілген. Тек соны әркім өз білгенінше, өз қалауынша жүрмей, жауапкершілікті орындауға міндетті.

Өзіміздің ойшылдарымыз Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би және Абай Құнанбаев та адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаған. Адам дүниеге келгеннен кейін, оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын, біздің мемлекетіміздің Ата Заңы – Конституция қорғайды.

Біздің еліміздің ең алғашқы Конституция негізін қалаушы – Қорқыт бабамыз. Ол кісінің конституциясы «Адат» деп аталады. Ол мынадай негізгі баптардан тұрған: Атамекенді Жерұйық деп білу,оны жаудан қорғау, жер суды белгілі тәртіппен пайдалану, дау жанжалды ақылмен шешу, кінәліні жазасыз қалдырмау.
Бұл құжат еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бас болуымен қабылданды.
Бастайтын болашаққа бас кемені,
Осы жол халықтың да нақ сенері!
«Халқыма адалмын!» деп Ата Заңға
Елбасы қолын қойып Ант береді.

Ата Заң. Азаматтың арқа сүйер алтын арқауы. Біздің бүкіл тыныс-тіршілігіміз, өмір салтымыз, қоғамның тамыр бүлкілі – барлығы сол Заңнан бастау алады.

Ата Заң. Әрбір азаматтың конституциялық құқын танытатын, әр қазақстандық бұлжытпай орындайтын заңдардың темірқазығы.

- Ата Заң. Дүние есігін ашқаннан бастап, басың құбылаға қарағанға дейінгі уақытта сенің құқыңды сақтайтын, құр сөреде жатпайтын баталы заң.

Ата Заң. Аталар аманаты. Кешегі Қасымның «қасқа жолы», Есімнің «ескі жолы», Тәукенің «Жеті жарғысының» жалғасы, заңды мұрагері – біздің бүгінгі Конституция.

Әр азамат Ата Заңға арқа сүйеуге міндетті. Егер, Конституцияда жазылған бір бап орындалмай, теріске шықса, оны да қадағалайтын арнайы орган бар. Ол – Конституциялық кеңес.

Тәуелсіздігімізге 20 жыл толғалы отырған еліміздің тұрақтылығы мен гүлденуі –Ата Заңның орындалуында. Ата Заңымыз бізді қорғайды, әрі қамқор болады. Халқымызға дұрыс бағыт беретін Ата Заңымыз мәңгілік жасасын .





Жарқамыс орта мектебі

Байғанин ауданы



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект на тему "Азат елдің ар намысы -Ата заң""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Техник-конструктор

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 334 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.02.2016 3252
    • DOCX 263 кбайт
    • 20 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жұмабаева Айжан Айтқұлқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жұмабаева Айжан Айтқұлқызы
    Жұмабаева Айжан Айтқұлқызы
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10549
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Мини-курс

Основы изучения творческих дисциплин: введение в пропедевтику дизайна и изобразительного искусства

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Продажи и управление клиентским опытом: стратегии и аналитика

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современное инвестирование: углубленное изучение инвестиций и финансовых рынков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 13 регионов