Инфоурок Другое КонспектыКонспект открытого урока по казахскому языку на тему: "Киелі сандар"(7 сынып).

Конспект открытого урока по казахскому языку на тему: "Киелі сандар"(7 сынып).

Скачать материал

Пән : қазақ тілі

Сынып :  7 А,Б,В

Cабақтың тақырыбы: Киелі сандар

Сабақтың мақсаты:

1.      Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру. Киелі сандар сырын ашу, сатылай кешенді талдау технологиясын қолдана отырып оқушылардың білімдерін тиянақтау.

2.      Дамытушылық: Оқушылардың ойлау және тілдік қабілеттерін, қарым- қатынастық біліктілігін дамыту, грамматикалық тапсырмаларды дұрыс орындау, негізгі ойды бөліп алу, өз пікірін қорғай алу, ой қорытындысын жасату.

3.      Тәрбиелік: Оқушыларға өз елін қастерлеуге, Н.Ә. Назарбаевтың 2030 бағдарламасындағы «7» санын қастерлеп көрсеткенін айта отырып, халық дәстүрін , Отанын сүюге , қазақтың киелі, қасиетті сандарын есте сақтауға тәрбиелеу.

 

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, кестелер

Сабақтың түрі: Дәстүрлі  сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, кластер құру.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

III.Жаңа сабақ.

1.Ой шақыру.

-       Балалар , « Жеті» дегенде сендерге  қандай ой келеді?

 

                                           Жеті

2. Ал , енді , Қадыр ағамыздың « Жеті» өлеңіне көңіл бөлейік.

1.      Өлеңді мұғалімнің мәнерлеп оқып шығуы.

                  « Жеті» .

Киелі сан жеті деген,

Байланысты жетіменен.

Көп ұғымы халқымыздың,

Белгісіндей салтымыздың.

Жеті қабат көк жер үсті

Жеті қабат жер асты.

Жеті Жарғы- заң жеті,

Қазынамыз бар жеті.

Жеті атамыз- жеті жұрт,

Ағайынды жеті құт.

2.        Өлеңнің түсінігін айту;

Ақын өзінің өлеңінде жеті санының неге қымбат екеніне тоқталады. Жеті саны қазақта киелі сан. Оны мына өлең сөздерінен де көруге болады. Жеті жасқа келген бала күрт өседі, яғни есейеді. Аптамыз жеті күннен, қайтыс болған адамның жеті күн садақасын береді. Мұсылмандар балаларына жеті атасын жаттатады.  Аспанымызда жеті жұлдыз қордаланып орналасқан жеті қарақшы бар.

3.      Өлеңді оқушылар мәнерлеп оқиды.

3. Сұрақ-жауап.

1)      Қадыр Мырза-Әлі қай жылы, қай жерде дүниеге келген?

2)      « Жеті» өлеңінің авторы кім?

3)      Неліктен қазақ халқы жеті санын киелі сан деп санаған?

4.      Қадыр Мырза-Әлі өмір бойы қолынан жүйрік қаламы түспеген үлкен дарын, үлкен талант иесі.

Ақын өзін « Өмірбаян орнына» өлеңінде:

Бәрін тез-тез болады деп кім күткен!

Күндер өткен жұлдыз жауар түндіктен.

Мырзалының

Үміт артқан өлгенше

Үш ұлынан жалғыз еркек кіндік мен.

Жүз демеймін-

Түсінеді жөнді ұққан

Жалғыз едім мен бір ірі сомдықтан.

Жалғыз едім өспей қойған атадан,

Жоғалуға қақым жоқты сондықтан!

Өлең жаздым тоғыз тарау,

Жеті өрім.

Сездім соның жүректерге жетерін,- деген.

5.Сұрақ- жауап.

-       Қазақ халқының ұғымында жеті санының қасиетті, киелі сан екендігін білесіңдер ме?

-       Қазақ халқында жеті саны киелі деп есептелген. Себебі, орта ғасырларда ғалымдар жеті күнге, жеті жұлдызға ат берген. « Жеті» сөзімен байланысты халқымызда жеті қазына, жеті күн, жеті ата, жеті ұрпақ, жеті байлық сөздері пайда болған. 17- ғасырда Тәуке ханның « Жеті жарғысы» да жеті санының қасиеттігіне байланысты болған. Қайтыс болған адамның жетісін беру, жеті шелпек пісіріп, еске алу жетімен байланысты. Наурызкөжеге де жеті тағам салып пісіред

6.« Жеті жарғы» заңы.

1-     Жарғы: Көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын.

2-     Жарғы: Түркі халқының мүддесін сатып, еліне  опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырылсын.

3-     Жарғы: Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына бұйырылсын.

4-     Жарғы: Өзге әйелімен зинақорлық жасаған ақ некені бұзушыларға өлім жазасы бұйырылсын.

5-     Жарғы: Өреде тұрған, тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын.

6-     Жарғы: Төбелесте мертігудің түріне қарай төмендегіше мүліктей құн төленсін:

А) біреудің көзін шығарған кісі айыпқа қызын береді, ал қызы жоқ болса қыздың қалыңмалын береді.

Ә) төрт мүшенің бірін мертіктірген кісі айыпқа ат береді.

      7- Жарғы: Ұрланған жылқы өзгеде құнды мүлік үшін он есе артық айып төлеттірсін.

7.Сұрақтарға жауап беру.

1.      « Жеті Жарғы» заңын құрастырғандар кімдер?

2.      Қай ханның тұсында шыққан заң?

3.      «Жеті Жарғы» заңын құрастыруға қатысқан билер туралы айту.

8.  Н.Ә. Назарбаевтың 2030 бағдарламасы:

1. Ұлттық қауіпсіздік.

2. Саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы.

3. Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуі.

4. ҚР азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл- ауқаты.

5. Энергетика ресурстары.

6. Инфрақұрылым әсіресе көлік және байланыс.

7. Кәсіби мемлекет.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2030 бағдарламасындағы «7» санын қастерлеп көрсеткенін оқушыларға айту.

9.  Мақалды жалғастырыңдар:

« Жеті атасын білмеген ....»

10.Сұрақ : - «Жеті ата», « Жеті ұрпақ» туралы не білесіңдер?

-       « Жеті атаңды» білесің бе?

« Жеті ата» - бір кісіден тараған аталас қауым. Бала жеті атасын білу керек.

                                       

        Жеті ата                                Жеті ұрпақ

1.      Бала                                 1. Әке

2.      Әке                                    2. Бала

3.      Ата                                    3. немере

4.      Арғы ата                           4. Шөбере

5.      Тек ата                              5. Шөпшек

6.      Түп ата                              6. Немене

7.      Баба                                  7. Туажат   ( дәптерге жазып алу)

Оқушыларға « Жеті атасын» айтқызу.

11. Сұрақ: -Құрамында жеті саны бар қандай жер аты бар?

                                     

    Жауап: - Алматы, Талдықорған өңірі Жетісу деп аталады. Жетісудың табиғаты көркем, жері өте бай, әрі құнарлы. Ол – «Жер жаннаты» деп аталған өлке. Жетісудың жеті өзені бар болғандықтан Жетісу деп аталған. Жетісудың жеті өзендері: Лепсі, Ақсу, Көксу, Сарқан, Қаратау, Іле, Шу.

 

Қасиетті «7» санына байланысты  « Жеті жоқ», « Жеті жетекші», « Жұрттың жетекшісі туралы мағлұмат беру.

12.« Әлемнің жеті кереметі»

1.      Хеопс пирамидасы

2.      Семирамиданың аспалы бағы

3.      Зевс мүсіні

4.      Артемида ғибадатханасы

5.      Родос алыбы

6.      Галикарнас кесенесі

7.      Александрия шамшырағы

13.Түсінік беру:

Хеопс пирамидасы салынғалы бергі 4 мың жыл бойы осы бір сұрақ кімді де болсын мазалауын қояр емес. Ол туралы аңыз да көп. « Осыншалық алып дүниені адам салуы мүмкін емес» деп күмәнданатындар да кездеседі. Біреулері « жындар салған болуы ықтимал» десе, біреулері « бұл – жер бетінде болған басқа өркениеттің белгісі» дейді, енді бірі « жоқ, мұндай кереметті бөтен ғаламшардан келгендер салған» деген болжамдарын ұсынып бағады. Неге олай? Себебі , бүгінге дейін және технология дамыған қазіргі заманда да дәл осындай теңдессіз құрылысты адамдар әлі өз қолымен сала алған жоқ. Сондықтан да, Хеопс пирамидасы – адамзат тарихындағы 7 кереметтің бірі. Осы 7 кереметтің бүгінге дейін аман жеткені осы хеопс пирамидасы ғана.

Бұл дүниежүзіндегі әлемнің жеті кереметі болса, Қазақстанның да өз жеті кереметі бар.

14.Қазақстанның жеті кереметі:

1.      Қожа Ахмет Иассауи кесенесі

2.      Тайқазан

3.      Айша бибі мазары

4.      Тамғалы жартас суреттері

5.      Алтын адам

6.      Домбыра

7.      Күлтегін ескерткіші

15.Өзге де Шығыс шайырлары тәрізді қазақ халқының ақындары жеті ғашықтың бәрін де жырға қосып, дастан етіп жырлаған. Олар: 1. Ләйлі- Мәжнүн. 2. Зылиқа –Жүсіп. 3. Фархад- Шырын. 4. Таһир- Зуһра. 5. Арзу- Қамбар. 6. Мәлік- Жамал. 7. Зияда- Бозжігіт.

16.Тапсырмаларды орындау:

1.      7 санынан басқа қандай тағы да қазақтың киелі сандарын білесіңдер?

( 3,9,12,40)

2.      «Сатылай талдау технологиясы» бойынша сөзге фонологиялық талдау сызбасын қайталап  3,7,9,12,40 сандарына ауызша фонологиялық талдау жасау.

3.       «Қасиетті» сөзіндегі дыбыстарға сатылай кешенді талдау технологиясы бойынша  математикалық тәсілмен дыбыстық талдау жасау.

17.Сандар туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

1. Жеті рет өлшеп , бір рет кес.

2. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.

3. Тоқсан сөздің тобықтай түйіні бар.

4. Мыңның жүзін білгенше,

    Бірдің атын біл.

5.Бір жылға қоян терісі де шыдайды.

6. Бірінші байлық- денсаулық,

    Екінші байлық – ақ жаулық,

     Үшінші байлық- он саулық.

  7.   Елуінде ер- дана,

     Елуінде ел- жаңа.

IV.Сабақты қорытындылау.  Оқушыларға топтық тапсырма беру.

( сыныпты үш топқа бөлу әр топ өзінің ережесін ұсынады және қорғайды)

Тапсырма: Әр топ мектеп оқушысының 7 тараудан тұратын ережесін құру.

 

18. Мұғалімнің қорытынды сөзі: Қадыр Мырза –Әлі – сегіз қырлы, бір сырлы дарын. Табиғат перзенті – ақын, ал сол перзенттің қолдаушысы халық. Халық аман болса, ақын да аман, ақын да бақытты

Бақыт деген- досыңның табағында,

Бақыт деген- домбыра шанағында,

Бақыт деген- өзіңнің босағаңда,

Бақыт деген- халықтың қабағында.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма: Жеті атаны, жеті ұрпақты, мақал- мәтелдерді біліп келу.Ережелерді қайталау.

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект открытого урока по казахскому языку на тему: "Киелі сандар"(7 сынып)."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Политолог

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 120 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.04.2017 398
    • DOCX 68 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кадирова Сауле Кенжекуловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кадирова Сауле Кенжекуловна
    Кадирова Сауле Кенжекуловна
    • На сайте: 7 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 22104
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой