Инфоурок Химия КонспектыКонспект по химия " Хлордың алынуы мен қолданылуы"

Конспект по химия " Хлордың алынуы мен қолданылуы"

Скачать материал

                                 Хлордың алынуы мен қолданылуы

 

М.Жұмабаев  атындағы  №9  жалпы  орта  мектебінің физика пән мұғалімі Божымбетов Қайырберген

 

Мақсаты:

Білімділік:  Оқушыларға хлордың  алыну жолдары мен тұрмыста және өнеркәсіпте қолданылу аясын түсіндіру;

Дамытушылық: Оқушылардың  сабаққа деген ынтасын арттыру, тапсырмаларды орындау арқылы ынталандыру, танымдық қабілеттерін жоғарылату, затты сиапттай білу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.

Түрі:  саяхат сабағы

Типі: аралас сабақ

Әдісі: түсіндіру, талдау, баяндау, оқулықпен жұмыс, тест.

Көрнекілігі:  ХЭПЖ, слайдтар, кеспе қағаздар, тест, кілттер.

Пән аралық байланыс: тарих, биология, әдебиет.

 

Барысы:

І. Ұйымдастыру:

Оқушылармен сәлемдесу және түгелдеу.  Оқушылар, бүгінгі сабақта біз «Хлор» деп аталатын үлкен аймаққа саяхат жасайтын боламыз. Саяхат жоспары бойынша 6 аймақты аралауымыз керек. Әр аймақ қақпасы жабық, құлыптаулы тұр, ал оны ашу үшін бізге кілт керек, кілт тек белгілі бір тапсырмаларды орындау арқылы ғана қолымызға  түседі. Ендеше, сіздерге сәт сапар тілей отырып, саяхатымызға шығайық.

 

Саяхат  жоспары:

“Ақпарат” аймағы

“Эксперименттік есеп”  аймағы

“Қолданыстағы хлор”  аймағы

“Лабораториялық тәжірибе” аймағы

“Биология” аймағы

“Біліміңді тексер” аймағы

 

“Ақпарат” аймағы

Бұл аймақта бәріңізге сұрақтар беріледі, сұраққа жауап беру арқылы  кілт аласыздар.

 

1. Хлордың латынша атауы қандай?

2. Хлорды периодтық жүйедегі орны бойынша сипатта.

3. Тақтаға электрондық формуласын жаз.

4. Хлор қандай қосылыстар түрінде кездеседі?

5. “Тас тұз” деген не?

6. Хлордың физикалық қасиеті қандай?

7.   Хлордың маңызды қосылысын ата? Ол не үшін қолданылады?

8.   Елімізде ас тұзы қайда өндіріледі?

9.   Хлор қандай заттармен әрекеттеседі?

10. Хлорды қайда сақтайды?

11. Хлормен жұмыс жасауда қандай   қауіпсіздік ережесін сақтау керек?

12. Хлор сумен әрекеттескенде қандай заттар түзіледі?

(Дұрыс жауап берген оқушыларға кілт беріледі)

        

 

 

 

 

“Эксперименттік есеп” аймағы

Бұл аймақта әр қатар бойынша  реакция теңдеулері беріледі,  тотығу –тотықсыздану теңдеуін аяқтайсыздар.

(Кеспе қағаздар таратылады.)  №5 слайд

 

1. Cu + Cl= ?

1. Cu0 + Cl20  = Cu +2Cl2-1

Cu0 – 2e  = Cu2+      2 т-з-ш

Cl+ 2e  = 2Cl-1    2 т-ш

Cu + Cl2 =CuCl2

2. H2 + Cl2  = ?

 

2. H20 + Cl20  = H+Cl -

H20 –2e  = 2H+     2 т-з-ш

Cl+ 2e  = 2Cl-1  2 т-ш

H2+ Cl2 = 2HCl

3. Fe + Cl2  =?

 

3. Fe0 + Cl20  = Fe +3Cl3-1

Fe0 –3e  = Fe3+         2 т-з-ш

Cl+ 2e  = 2Cl-1    3 т-ш

2Fe + 3Cl2 =2FeCl3

4. P + Cl2 =?

 

4. P0 + Cl20  P+3Cl3-1

P0 –3e  = P3+             2 т-з-ш

Cl+ 2e  = 2Cl-1   3 т-ш

2P + 3Cl2 =2PCl3

 

(Оқушылар бір-бірін cлайдтағы жауап парағы арқылы тексереді, дұрыс жауап берген оқушылар кілт алады)

         Балалар, сендер хлордың қайда қолданылатынын білесіңдер ме? (Оқушы жауаптары). Ендеше, біз білетін хлордың қандай пайдасы бар, қайда қолданылатыны және қалай алынатыны  жөнінде таныс болу үшін  «Хлордың алынуы мен қолданылуы» тақырыбы бойынша «Қолданыстағы хлор» аймағына саяхаттайық.

        

«Қолданыстағы хлор» аймағы.   №6 слайд

 

Полимер алу. Хлор полимерлер алу үшін қолданылады. Поливинилхлорид деп аталатын полимерден пластикалы терезе жақтаулары, линолиум, пластмасса бұйымдары, пенопластар, ойыншықтар, құрылыс материалдары, жасанды тері, су өткізбейтін плащтар мен аяқ киімдер,  кабель сымдарын  оқшаулағыштар жасайды. №7 слайд

Мата мен қағазды ағарту.  Хлордың ағартқыш қасиеті бар екені 1795 жылы-ақ

белгілі болған. Бірақ затты ағартатын хлор емес,  реакция кезінде түзілетін хлорлылау қышқылы ыдырағанда бөлінетін оттек атомы ағартады.

Cl2 + H2O → HCl + HClO → 2HCl + O.  Мата, қағаз, картондарды ағартудың  бұл тәсілі  бірнеше ғасырдан бері қолданып келеді. №8 слайд

Ауыз суды залалсыздандыру. Сұйық хлорды ең алғаш Нью-Йорк қаласының су жүйесін тазалау үшін 1895 жылы қолданған. 100 л суға  200 мг хлор қажет.  №9 слайд 

Химия өндірісінде тұз қышқылын, хлор  әгін, бертолле тұзын, йод, бром,  дәрі-дәрмектер алуда; №10 слайд

Металлургияда металл бетін  оксидтерден тазартуда;

Хлордың фреон деп аталатын қосылысы тоңазытқышта салқындатқыш зат ретінде;   Тағам өндірісінде Е925 тағамдық қоспасы пайдаланылады. №11 слайд

         Бояулар алу, еріткіштер алу, мұнай өнімдерін тазартуда қолданылады.

Хлор әскери улы зат ретінде  (иприт, фосген) қолданылады.

Мыңдаған адамдардың өмірін сақтап қалған құрал. №12 слайд

Бірінші дүниежүзілік соғыста 1915 жылы Германия хлорды тұншықтырғыш улы зат терінде қолданған.  1915 жылдың көктемінде Белгияның Ипр қаласы маңында ағылшындар мен неміс әскері қарама-қарсы келді.  22 сәуір күні таң ертеңгісін ағылшын әскері  неміс окоптары жағынан  сарғыш-жасыл түсті бұлт келе жатқанын байқайды. Бұл хлор газы болатын. Хлор газынан 15000 жауынгер уланып, оның  5000-ы қайтыс болады. Ағылшындар мұндай соғысқа мүлде дайын емес еді. Себебі, олар соғыс ережесі бойынша улы заттарды қолдануға болмайтын ережені екі жақ та сақтайды деген сенімде болған еді.  Бірақ, неміс штабы бұл ережеге бағынған жоқ. Бір айдан соң немістер орыс әскеріне қарсы газды шабуыл жасады. Түнде шығарылған 150 т улы хлордан 9000 адам қайтыс болды. Газды шабуылдан қорғану үшін тез арада қорғаныс құралын табу қажет болды.  1915 жылы орыс ғалымы Н.Д.Зелинский  газтұтқыш ойлап тапты. Бұл аппаратта улағыш газды  сорып алатын белсенді көміртегі салынған.

 

         “Лабораториялық тәжірибе” аймағы

 

ХЛОРДЫ  АЛУ  ЖОЛДАРЫ.      Өнеркәсіпте хлорды концентрлі ас тұзының судағы ерітіндісін электролиздеу арықылы өндіреді. Қазақстанда кеңес дәуірінде  Павлодардың химия комбинатында осы әдіспен хлор алынып келді.

Лабораторияда хлор газын алу үшін кейбір күшті тотықтырғыштарға, мысалы, марганец (ІV) оксидіне , бертолле тұзына концентрлі тұз қышқылымен әсер етіп алады.

 

1-әдіс. Марганец (ІV) оксидіне тұз қышқылын  әсер еткенде хлор бөлінеді:

+4                              +2

MnO+ 4HCl = MnCl+ Cl+ 2H2O

+4                   +2 

Mn + 2 e = Mn                     тотықсыздану/ тотықтырғыш

    -                       0

2Cl – 2e   =   Cl2                  тотығу/тотықтырғыш

 

Бұл әдіспен хлорды алғаш рет 1774 жылы  швед химигі  Карл Шееле алған.

 

         2-әдіс. Концентрлі тұз қышқылын калий перманганаты ерітіндісіне құйғанда хлор газы бөлінеді:

                     +7                   -1         0            +5                  -1

2KMnO4+16HCl=5Cl2+2MnCl 2 +2KCl+8H2O

+7                       +2                 

Mn + 5 e  =   Mn                2

    -                       0

2Cl – 2e  =    Cl2                 5            

        

3-әдіс.  Бертолле тұзы (қопарылу қаупі бар) мен тқз қышқылын өте сақтықпен жайлап қыздырғанда  реакция жүреді де хлор газы бөлінеді:

    +5               -1          -1       0

KClO3+6HCl=KCl+3Cl2+3H2O

+5                      -1      

Cl+ 6 e  =     Cl2        2       1

-1                    0

Cl– 2 e =     Cl2               6          3            

 

“Биология” аймағы

         Хлордың адам организміндегі маңызы.

Элемент

Хлор

Салмағы 70 кг адамда

95 г

Бұлшықет ұлпасында, %

0,2—0,5

Сүйек ұлпасында, %

0,09

Қанда, мг/л

2,89 • 103

Тағам арқылы күнделікті қолдану

2-4 г

         Асқазанда тұз қышқылын өндіреді.

         Қан, лимфа, ұлпалардың жұмысын реттеуге қатысады.

         Зат алмасу процесіне қатысады, оранизмнің су балансын сақтайды.

         Дененің иілгіштігін;;

         Тәбеттің болуы;

         Бауыр жұмысын жақсартады;

         Организмнен көмірқышқыл газын шығаруға септігін тигізеді;

         Эритроциттердің құрамын қалыптастырады;

         Организмнен шлак пен токсиндерді шығарады.

Хлор  ас тұзында, нанда, етте, теңіз  өнімдерінде, жұмыртқада, сүтте  болады.

         Организмге хлор жетіспегенде пайда болады:

         Әлсіздік,

         Тәбеттің жоқтығы;

         Ұйқышылдық;

         Ұмытшақтық,

         Бұлшықеттің әлсіздігі,

         Ауыздың құрғауы,

         Дәм сезбеу.

         Ауыр жағдайда шаш пен тіс түседі

         Егер организмде хлор артып кетсе:

         Көз жасаурайды,

         Құрғақ жөтел,

         Кеуденің ауыруы,

         Бас ауруы,

         Температураның көтерілуі,

         Өкпенің ісуі..

Хлор ионы өсімдік үшін де  өте маңызды. Хлор өсімдіктің энергия алмасуында маңызды роль атқарады. Фотосинтез процесінде оттектің түзілуіне бірден бір қажет. Өсімдіктің тамыры арқылы калий, магний, кальцийді сіңіруіне көмегін тигізеді.

 

“Біліміңді тексер” аймағы

А)  Жалпы сұрақтар:

1.     Хлорды алғаш алған ғалым кім?

2.     Хлор қандай заттардан алынады?

3.     Хлорды қайда қолданады?

4.     Хлордың организдегі ролі қандай?

5.     Хлор қандай тағамда кездеседі?

6.     Хлордың қандай зияны бар?

Ә)  Жұмыс дәптері  4-есеп:

Электрондық баланс әдісімен тапсырманы орында: КClO3=KCl+O2

Б) Оқулық. 3-тапсырма.

Массасы 43,5 г марганец (ІY) оксидін концентрлі тұз қышқылымен әрекеттестіргенде қ.ж. қанша  көлем хлор алуға болады?

      В)  Тест:

1.     Хлорды өндірісте неден алады?

 а) тұз қышқылы              ә) ас тұзы      б) ас содасы                    в) калий

2. Хлор атомының  Cl2O7  қосылысындағы тотығу дәрежесі

А) +1   ә)  + 3     б)  +5     в)  +7

3. Ересек адам денесіндегі  хлор мөлшері?

А) 4-6 г   ә)  40г    б)  95 г     в)  150 г

4. Хлордың  неше энергетикалық деңгейі бар?

А) 2   ә)  3     б)  4     в)  5

5. Ең белсенді тотықтырғыш?

А) F   ә)  Br   б)  I     в)  Cl

Тест жауабы:  1- Ә, 2- В, 3- Б, 4- Ә, 5- В

Үй тапсырмасы:  Хлордың алынуы және  оның  қолданылуы.  Хлордың күнделікті өмірдегі қосылыстары туралы шағын әңгіме дайындау.

Қорытынды: Сонымен, балалар, біз бүгін хлор әлеміне саяхат жасадық, саяхаттау арқылы хлор туралы мәліметтерді алдық деген ойдамын, ендеше саяхатқа қатысқандарың үшін сендерге алғыс айтамын. (Оқушылардың саяхат барысында жинаған кілттер саны  арқылы баға қойылады)

 

(Сабақ  «Хлор әлеміне саяхат» атты презентациясының №1-28 слайдтарында  көрсетілген ).

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект по химия " Хлордың алынуы мен қолданылуы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по гимнастике

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 129 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.02.2016 3389
    • DOCX 29 кбайт
    • 13 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Божымбетов Кайырберген Сейлбекулы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9605
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 142 человека из 46 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по химии в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 352 человека

Курс повышения квалификации

Методика реализации образовательного процесса и мониторинг эффективности обучения по дисциплине «Химия» в соответствии с требованиями ФГОС СПО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 89 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 574 человека

Курс профессиональной переподготовки

Химия: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель химии

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 35 человек

Мини-курс

Конкурентная разведка и маркетинговые исследования

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Архитектурное творчество для подростков (обучение детей от 12 лет и старше)

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективные стратегии текстовых коммуникаций в бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе