Инфоурок Информатика Научные работыКонспект по информатика MS Excel электрондық кесте жалпы түсінік

Конспект по информатика MS Excel электрондық кесте жалпы түсінік

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: электрондық кестесі туралы жалпы түсінік

MS WORD мәтіндік редакторы тақырыптарын қорытындылап, 
MS Excel электрондық кестесі құрылымымен танысу.

Сабақтың мақсаты:

 
электрондық кестенің негізгі түсініктерімен, құрылымымен, Excel терезесімен, кітап парақтарының құрамымен (қатар, бағана, ұяшық) танысу. 
Оқушының ойлауын дамытуға, пәнді оқып үйренуге қажетті білім, білік және іскерлік дағдыларын меңгеруді бекітуге бағыттау. 

Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлауын, салыстыра отырып, ажырату дағдыларын дамыту, ақпараттық дүниетанымын кеңейту. 

Тәрбиелік: оқушыларды шапшаңдыққа, өз ойын айта білуге,ұжымдық ауызбіршілікке баулып, дүниетаным шеңберін кеңейту. Оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру, шағын топта жұмыс істеуге дағдыландыру. 

Пәнаралық байланыс: Математика, ағылшын тілі,

Сабақтың жабдықталуы
1. Мультимедиалық проектор.
2. Электрондық оқулықтар. 
3. Тапсырмалар жазылған слайдтар. 

4. Тест тапсырмалары. 
Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру сәті. 
Оқытушы оқушыларды түгелдеп, сыртқы көрінісіне, сабаққа дайындығына назар аударады. 
2.Оқытушының кіріспе сөзі. 
Оқытушы бүгінгі өтілетін тақырыпты айтып, тақырыптың маңыздылығын түсіндіреді. Сабақтың барысына тоқталып, оқушылардың үй тапсырмасы «Word мәтіндік редакторы» тақырыбы бойынша алған білімдерін тексеру кезеңіне қысқаша тоқталады. 
а)Үй тапсырмасы деңгейлік тапсырма сұрақтары арқылы таңдалады. Әр оқушы таңдаған ұяшықтың астындағы сұраққа жауап береді. 
ә) Егер жауап толық болмаса, онда кез-келген оқушы оны толықтырады. 
б) Фронтальды сұрақ-жауап.

1. Бағандар мен жолдар?

2.Сызықтық кесте дегеніміз не?

3. Кесте дегеніміз не?

4. Электрондық кестедегі формула ?

5. Жол дегеніміз не?

6. Тіктөртбұрышты кесте дегеніміз не?

7. Ұяшық дегеніміз не?

8.Электрондық кесте дегеніміз не?

9. Microsoft EXCEL қандай программа?

10.Баған дегеніміз не?


2-тапсырма бойынша оқушылар электронды оқулықтан бірнеше тапсырмаларды орындайды. 
3. Үй тапсырмасын қорытындылау. 
4.Жаңа сабақ түсіндіру.

Сабақтың тақырыбы: «MS Excel электрондық кестесі туралы жалпы түсінік» 

Microsoft Excel - кесте ішінде есеп жұмыстарын атқара отырып, оларды көрнекі түрде бейнелейтін диаграммаларды тұрғызу, мәліметтер базасын құру, сан түрінде берілген мәліметтер арқылы эксперименттер жүргізу т.б мүмкіндіктер беретін, Windows ортасында жұмыс істеуге арналған арнайы бағдарламалық десте.

Бүгінгі сабақтың мақсаты: (слайд -2)

Оқушы білуі керек
- MS Excel деген не екенін; 
- Excel терезесінің құрылымын; 
- кестенің құрылымын (бағандар, жолдар, ұяшықтар); 
- негізгі құралдар үстелінің міндеттерін; 
- ұяшықтар мекен-жайы неден құралатынын; 
- айналдыру сызықтары қызметін. 
Оқушы істей алуы керек
- MS Excel бағдарламасын іске қосу жолдарын; 
- ұяшықтарды пішімдей алуы; 
- ұяшықтарды үстеп, жойып, біріктіре алуы;

- мәліметтерді сұрыптай алуы; 
- кестені өңдеу тәсілдерін; 

— электрондық кестенің негізгі түсініктерімен танысу;

·         кестеге мәліметтер енгізу және оларды өңдеу;

·         кестені файл ретінде сақтау және жүктеу әрекеттерін орындауды үйрену;

1.    ЕXCEL бағдарламасын іске қосу үшін: Пуск => программа => Microsoft Excelкомандасын орындаймыз.

2.    Excel бағдарламасының терезесі

Excel бағдарламасы іске қосылғаннан кейін экранның көрінісі 1- суреттегідей болады:

hello_html_m496762e7.png

 Excel бағдарламасының терезесі


Кеңінен тараған амалдардың бірі Бастау мәзірінен Бағдарламалар тармағын және MS Excel тармағын таңдау. Тағы бір тәсіл Бастау мәзірінде Жегу тармағын таңдап, ашылған терезеде Excel деп жазып, Жарайды батырмасын басамыз. 
Microsoft Excel-дің қолдану аясы өте кең. Excel терезесі дайын кесте болып табылатындығының арқасында ол көбінесе қандай да бір есептеулері жоқ, жай кесте түрінде ғана көрінетін құжаттар жасау үшін қолданылады. 
Excel–де математика, физика пәндерінде жиі кездесетін есептерді шығарып, графиктер тұрғызуға болады. 
Excel-де сызбалар мен диаграммаларлың алуан түрлерін оңай жасауға болады. (экономикада түрлі санақтар жүргізу үшін қолданылады).

Кестенің құрылымы

Электронды кесте нөмірленген жолдар және латын әріптерімен белгіленген бағандар жиынтығы болып табылады. Баған мен жолдың қиылысқан тұсында кестенің ең кіші құрамдас бөлігі – ұяшық орналасқан. Әр ұяшықтың баған әрпі мен жол нөмірінен құралатын айрықша мекен жайы бар (мысалы, “Al”, “B4”). 
Ұяшық мекен жайы ұяшыққа деген сілтеме болып табылады және осы ұяшықтағы деректерді өрнекте пайдалану үшін қолданылады. Еxcel бағдарламасындағы парақ ұяшықтары ауқымы – кестеде тік төртбұрыш пішінді аумақты құрайтын шақпақтар жиынтығы. Кесте ауқымының дұрыс белгіленуі А1:В2. 
Еxcel бағдарламасы кестесінде ұяшықтар ауқымын ерекшелеп алу үшін бірінші ерекшеленетін ұяшықты шертіп, пернесін басып тұрып, ерекшеленетін ауқымның соңғы ұяшығын шерту қажет. 
Еxcel бағдарламасында іргелес емес ұяшықтарды ерекшелеу үшін бірінші ұяшықты шертіп, пернесін басып тұрып, өзге ұяшықтарды шерту керек. 
Ұяшықтардың биіктігі мен енін өзгерту үшін мына әмірлерді орындау керек: Пішім-Жол Биіктік қосымша мәзірін таңдағаннан кейін шығатын сұхбат терезесіндегі мәнді өзімізге қажетіне ауыстырамыз. Сондай-ақ баған таңбашасының оң жақ шетін оңға немесе солға жылжытып, бағанның енін ұлғайтуға болады. 
Жүгіргіні баған таңбашасының оң жақ шетіне апарғанда ол баған енін өзгертуге болатынын көрсетіп, мөлшерді өзгертуге арналған жүгіргі кейпіне енеді. Мысалы, егер D бағанының оң жақ шетін шертіп, таңбашаны оңға қарай сүйресе, баған кеңейе түседі. Дәл осылай, баған таңбашасын солға қарай сүйресе, баған ені кішірейеді.

Microsoft Excel терезесіне шолу

Excel құжаты .xls кеңейтіміне ие және Кітап деп аталады. Кітап парақтардан тұрады. Үнсіз келісім бойынша олар үшеу етіп жасалады. Парақтар арасында терезенің төменгі жағындағы «Парақ1» және т.с.с. сілтемелерді пайдаланып, ауысып жүруге болады. 
Әдепкіде әрбір Excel кітабындағы парақтар Парақ 1, Парақ 2 және Парақ 3 деп аталады. Кітапқа ерекше атау беру оның не туралы екенін есте сақтап қалуға көмектесетіні сияқты, парақтың атауын өзгерту де оның мазмұнын есіңізге салады.

5.Электрондық оқулықпен жұмыс. 

6.Сабақты қорытындылау:

1.Қатарлар мен бағандарда реттелген ақпараттар ...

2.Көлденең біріккен ұяшықтар...

3.Тігінен біріккен ұяшықтар...

4.Ұяшықтарында деректер жазылған қарапайым кестенің компьютерлік түрі...

11.Оқушыларды бағалау.
12.Үйге тапсырма: Excel электрондық кестесі туралы оқу. 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект по информатика MS Excel электрондық кесте жалпы түсінік"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель образовательного подразделения

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 990 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.05.2016 1190
    • DOCX 112 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Оразымбетова Нуржемал Садыкыновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4391
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Применение компьютерных моделей при обучении математике и информатике в рамках ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 179 человек

Курс повышения квалификации

Организация преподавания информационных систем и технологий в профессиональном образовании

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 75 человек

Курс повышения квалификации

Использование компьютерных технологий в процессе обучения информатике в условиях реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 139 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 298 человек

Мини-курс

Концепции управления продуктом и проектом: стратегии и практика.

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Принципы эффективного использования аграрных ландшафтов

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Интегративный коучинг: от теории к практике

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек