Инфоурок Другое КонспектыКонспект по математики на тему "Брейнг-ринг" 5-6 класс

Конспект по математики на тему "Брейнг-ринг" 5-6 класс

Скачать материал

№26 мектеп-гимназиясы

 

 

 

 

Брейнг-ринг

(математикалық сайыс)

 

 

http://i2.wp.com/www.aythink.com.tr/wp-content/uploads/hafiza-nasil-gelisir.jpg?resize=500%2C464

 

 

 

                            Математика пәнінің мұғалімі:

Э.О. Курмангалиева,

А.А.Камалова

 

 

 

 

2015-2016 оқу жылы

Брейнг-ринг математикалық сайысы

Мақсаты:

1. Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету. 

2. Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту. 

3. Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру. 

Түрі: Топтық сайыс

Көрнекілік:Ұлы адамдардың сөздері,топтардың шығарған газеттері,тапсырмалар жазылған слайдтар.

1. «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек». С.М.Ломоносов 2. «Математиктердің өзіне тән тілі бар, ол формула» С.В.Ковалевская 3. «Арифметика – математиканың, ал математика – барлық ғылымдардың патшасы» К.Гаусс 4. «Лобачевскийді үш нәрсе данышпандылыққа жетқізді, олар: дарын, жігер және еңбек». М.Искаков 

1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, оқушылар!

 Нақты ғылымдарға қызығушылар.

 Естігенін есте тұтып,

Оқығанын миға тоқушылар.

 2- жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, ұстаздар! 

Айтар ойын тұспалдар.

 Сіз оқытқан окушылардың,

 Сәті келді сыналар. 

1-жүргізуші: Есепті түрлі-түрлі шығарамыз,

 Арасында ойын ойнап жарысамыз.

 Ойға оралымды, қиын сұрақ бәрі де бар.

 Әзіл есепті де жүзеге асырамыз.

 2- жүргізуші: Олай болса, тұрмайық,

 Кешімізді біз бастайық,

 Әділ бағаға қалтасы толы,

 Әділқазыларды шақырайық. 

1-жүргізуші: Кешімізді бастамас бұрын әр топтың білімін дұрыс бағалау үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс шарттары әрбір әділқазының алдына дайындалып қойылған. 

2- жүргізуші: Шын жүйрік шабасынан табылады. 

Нақты білім, терең ой сыналады. 

Баға берер әділқазы ортамызда 

Сіздерге құрметпенен қол соғылады.

 

 

 

Әр команданы ортаға шақыра, кешіміздің өтілу тәртібімен таныстырайық.

1. Сәлемдесу. Әр топ өздерін таныстырады (аты, ұраны).

 2. Викториналық сұрақтар. (Жауап нақты, тез болу керек)

 3. «Білім арқаны»

4. Ойымды жалғастыр (мақал-мәтелдерді жалғастыру)

5. «Ой сергіту (математикалық жұмбақтар)

6. Топ басшыларының сайысы.

7. Кім жүйрік.

 

1. Сәлемдесу. Әр топ өздерін таныстырады (аты, ұраны).

 2. Викториналық сұрақтар.

 1. Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5) 

2. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? (4 рет) 

3. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты. Мектепке неше бала барды? (5 бала)

 4. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? (4 сағат)

 5. Төрт пен бестің арасында қандай таңба қойылғанда 4-тен артық, 5-тен кем сан шығады? (үтір)

 6. Жанұяда 2 ұл және әр ұлдың 2 әпкесі, 1әкесі бар. Әр қыздың бір анасы бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар? (2ұл, 2 қыз, 1 әкесі, 1 анасы- 6адам) 

7. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең)

 8. Кім барлық тілде сөйлейді? (жаңғырық) 

9. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен) 

10. 4 ұл да неше саусақ бар? (80)

 3. «Білім арқаны»

1) Түзудің бойнынан 4 нүкте ал. Сонда неше кесінді пайда болады, егер ұштары осы нүктелер болса? (6 кесінді).
2) Алты 7-ден 100 санын жаз?
(777-77):7=100.

3) Бір жанұядағы 5 ұлдың бір бірден қарындасы бар. Жанұяда барлығы қанша бала бар? (6 бала )

4)  Төрт қойдың неше аяғы бар? (16).

5) Үш майшам жанып тұрды, екеуін сөндірсе нешеуі қалады? (екеуі, біреуі сөндірілмегесін жанып кетті).

4. Ойымды жалғастыр.

Ал балалар, балалар,

Мақал мәтел айтайық

Талай жерді көрейік

Асулардан өтейік

Білімге біз енейік,

Кедергіні жеңейік.

1. Жеті жұрттын тілін біл,

(жеті түрлі білім іл.) 

2. Білекті бірді жығар,

(білімді мыңды жығар ) 

3 . Екі жақсы қас болмас,

(екі жаман дос болмас) 

4. Досынды үш күн сынама,

( үш жыл сына) 

5. Бір елі ауызға,

 ( екі елі қақпақ ) 

6. Жүз теңген болғанша,

(жүз досың болсын) 

7. Отыз тістен шыққан сөз,

(отыз рулы елге тарайды) 

8. Білгенің бір тоғыз,

(білмегенің тоқсан тоғыз) 

 

Сергіту сәті

 

 5. Ой сергіту Жұмбақ шешу.

 1-жүргізуші: Математикалық атаулар мен ұғымдар,

 Есте болар, құрбылар, бәріңнің де.

 Енді бір сәт солар жайлы жұмбақ шешсек 

Артық болмас, бастайық, кезек бізде. 

1. Нәрселерді санағанда, Керек ол бізге ауадай

     Айтыңдаршы бұл қандай сан.

     Жан – жағына қарамай? (натурал сан)

2. Егіз туған қос жүйрік,

Жарыса шауып терлейді.

Бірін – бірі көрмейді.

Дамылсыз қанша шапсада,

Бір мәреге келмейді.  (параллель түзу.)

3. Бір – бірімен жарасқан

Төрт аю, бір арыстан

Екі қой мен бір  түлкі .

Бәрі нешеу кім білді? (8)

4.  Түйе бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі

Төрт қозылы екі қой.                   

Бәрін бірге санап қой  (15)

5. Санасақ сан жетпейді нүктелерден,

Құралған фигура бар қарапайым.

Салу үшін сен оны сызғыш ізде

Бұл не өзі, бар ма, сірә, дара пайым. (түзу.)

6. Өмірің сенің қызық,

 Жолында жоқ түзу сызық,

 Басы да жоқ аяғы.

 Бір айналым баяғы. (дөңгелек) 

7.Дүкеннен мен сабын алдым,

 Оның және қабын алдым, 

Екі дәптер, бір қарындаш, 

Тіс ысқышты тағы да алдым.

 Есептеші сонда бәрі

 Қанша болды, қолда бары? ( 6 ) 

8.Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

 Ұзындығы жазылып тұр бойында. ( сызғыш )

 

6. Топ басшыларының сайсы

 

7. Кім жүйрік.  Қызықты есептер,  яғни логикалық есепке кім жүйрік?

1.  Аспанда төрт түйе құс ұшып келеді, Аңшы бірін атып алды. Нешеуі қалды?                        ( түйе құс ұша алмайды.)

2. Су түбінде қандай тас жатпайды.         (құрғақ тас жатпайды.)

3.  Бір топ ұшып келіп ағаштың бұтақтарына қонады. Әр бұтаққа екі құс отырса бір бұта артық қалады. Ал бір құстан отырса, бір құсқа  бұтақ жетпей қалады. Бұтақ нешеу? Құс нешеу?        ( Ағаш бұтасы үшеу,   құстың саны  төртеу)

4.  Қандай ыдысқа су құюға болмайды?(Су толы ыдысқа немесе тесік ыдысқа)

5. Бір бос шыны ыдыс  (банка) ішінде доп жатыр, банкаға қол тигізбей допты қалай алуға болады?           Жауап: су құю арқылы.

6. Бір кг мақта ауырма?, Бір кг темір ауырма?         (екеуі тең)

 

Қорытындылау: сайыс соңында жеңіп шыққан топты марапаттап, сыйлық ұсынады.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект по математики на тему "Брейнг-ринг" 5-6 класс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Флорист

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 189 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.02.2016 546
    • DOCX 117.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байболат Ботагоз Каршигакызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Байболат Ботагоз Каршигакызы
    Байболат Ботагоз Каршигакызы
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2961
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой