Инфоурок Физика КонспектыКонспект урока по физике "Ньютон заңдары" (9 класс)

Конспект урока по физике "Ньютон заңдары" (9 класс)

Скачать материал

«Н. Бозжанов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» МКМ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ашық сабақ тақырыбы «Ньютон заңдары»

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқу пәні: физика

Сынып: 9 «А»

Мұғалімі: Қуатбекова Раушан Сабиялиевна

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ-конференция

 

 «Ньютон заңдары» 

                              (физика, 9 сынып)             

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                         «Басқаларға қалай екенін білмеймін,

                                                                                                       ал өзіме жақсы тас тауып алған,

                                                                                                       теңіз жағалауында ойнап жүрген

                                                                                                         бала болып көрінемін. Көз алдымда

білмейтін нәрселердің мұхиты тұр»

 

Исаак Ньютон

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Ньютон заңдарыны

Сабақ мақсаттары:

Білімділік: Ньютон заңдары» тақырыбы бойынша оқу материалын қайталау және жүйелендіруді қамтамасыз ету, практикадық және сапалық есептерді шығару кезінде Ньютон заңдарының қолданыс дағдыларын қалыптастыру

Дамытушылық: әртүрлі жұмыс түрлерін қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген танымдық қызығушылықтарын арттыру,  өтілген материалды жалпылау мен анализ жасау дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: ұжымдық қатынас пен өзара бірлесе отырып жұмыс істеуге баулу, оқушылармен бейіналды жұмыс жүргізу.

Сыныбы: 9

Сабақ типі конференция

Сабақты өткізу әдістері: салыстыру, бақылау, талдау, зерттеу тәжірибесі

Қолданылатын технологиялар: жоба технологиясы, рольдік ойын

 

 

Қолданылатын құралдар:

1)     Мультимедиялық комплекс (проектор, ДК)

2)     «Ньютон заңдары» үлестірмелі таблицасы (оқушылар санына байланысты).

3)     Слайдтар және видео фрагменттер.

 

Сабақ жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі- кеңестің ашылуы

ІІ. Жаңа сабақ- зерттеу бөлімі

ІІІ. Бекіту

ІV. Қорытындылау –проблемалық сұрақтар

V. Бағалау-Қаулы шығару

VІ. Үй тапсырмасы-келесі кеңеске дайындалу.

 

Сабақ барысы:

     Ғылыми кеңесі түрінде өтеді. Қатысушылар: №1 зертхана қызметкерлері, №2 зертхана қызметкерлері, №3 зертхана қызметкерлері. Қызметкерлер ақ халат киіп, бейджик тағады. (қосымша: жүргізуші, арқан тартушы адамдар, мылтығы бар аңшы қатысады) Кеңестің хатшысы тағайындалады. Кеңесті өткізуші директор. Кеңес соңында кеңестің қаулысы қабылданады.

 

Ғылыми институтының КЕҢЕСІ.

ДИРЕКТОР: Сәлеметсіздерме, құрметті кеңеске қатысушы ғылыми институттың №1, №2, №3 зертхана  қызметкерлері. Сіздерді кезекті кеңесімізде көруге қуаныштымын. Кеңеске барлығы 15 қызметкер қатысу керек еді, қатысып отырғаны:15, келмеген: жоқ. Кеңесті дауыс беру арқылы ашық деп жариялайық. Кеңес ашылсың дегендеріңіз? Қарсы шыққандарыңыз? Қалыс қалғандарыңыз? Ендеше кезекті кеңесімізді ашық деп жариялап, рұқсат етсеңіздер, бүгінгі кеңесіміздің күн тәртібімен танысып кетейік.

 

 

Күн тәртібінде:

  1. Ньютон заңдарының өмірдегі маңыздылығы.
  2. Ньютон заңдарының ғылыми тұжырымдамаларын  Xplorer GLX арқылы дәлелдеу.
  3. Іс-тәжірибені қорытындылау.

ДИРЕКТОР: құрметті, ғылыми қызметкерлер, кеңестің мақсатын анықтап алғанымыз жөн.

Кеңестің мақсаты: өмірдегі Ньютон заңдарының қолданысы мен маңыздылығын анықтау.

ДИРЕКТОР: негізгі жұмысты бастамас бұрын, «Космо-байланыс» кафедрасына аталмыш заңдардың авторымен байланыс жасау қажеттігі айтылып, сұраныс берілген. Қазір сол кафедрамен байланыстамыз, өкінішке орай видео байланысқа шыға алмаймыз, алайда кафедра қызметкерлерінің тиянақты еңбектерінің арқасында аудио байланыс мүмкін болып тұр.

ДИРЕКТОР: Құрметті, Иссак Ньютон мырза, біз сізді тыңдап тұрмыз!

НЬЮТОН: Сәлеметсіздер ме!

ДИРЕКТОР: Сізді бүгінгі ғылыми кеңесімізде естуге өте қуаныштымыз. Өзініз жайлы қысқа библиографиялық анықтама беріп өтсеңіз.

НЬЮТОН: Әрине, мен 369 жыл бұрын Англияның Вульсторп деген ауылында бай емес фермер отбасында дүниеге келдім.  Өзімнің ғылымға арнаған 84 жыл өмірімде қазір сіздер қолданып жүрген классикалық механика негіздерін құрастырдым. Еңбектерім механика, оптика, астрономия және математикаға тиесілі. Өмірімнің соңына дейін ғылыммен айналыссам да, зерттелмеген ашылмаған ақиқат көп екенін біліп келдім. Ендігі кезек сіздерде. Ғылымға ұмтылыңдар, жаңалықтар мен заңдылықтарды аша беріңдер. Ал бүгін мен ашқан, динамиканың негізгі 3 заңын (І,ІІ,ІІІ) өмір тәжірибесінде қолдану маңыздылығын көрсетулеріңізді сұраймын. Тәжірибенің өту барысын қадағалауды өзіме қалдырамын.

ДИРЕКТОР: Ұлы ғалымның берген тапсырмасы бойынша жұмыс жасауға кірісейік:

Міндеттер:

№1 зертханаға Ньютонның І заңының өмірдегі маңыздылығы көрсету жүктеледі, №2 зертханаға Ньютонның ІІ заңының, №3 зертхана қызметкерлеріне Ньютонның ІІІ заңының маңыздылы мен қолданысын көрсету жүктеледі.

ДИРЕКТОР: Иссак Ньютон жаңа ғана бізге өзінің заңдары толық көрсетілген кестені беріп жіберіпті, осы кестеге сүейне отырып, жүктелген міндетке жетулеріңізді сұраймын. Әрбір зертханаға регламент 5 минут беріледі.

Ньютон заңдары

 

I заң

II заң

III заң

Физикалық жүйе

Макроскопиялық дене

Екі дене жүйесі

Модель

Материялық нүкте

Екі материялық нүкте жүйесі

Сипатталатын құбылыс

Тыныштық күй немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс

Үдеу ала қозғалу

а= ΣF/m

Денелердің өзара әрекеттесуі

Заң мазмұны

Инерциялық санақ жүйесінің бар болуын көрсетед, егері

F=0 => υ = coпst.

Өзара әрекеттесу жылдамдықтың өзгеруін көрсетеді, яғни үдеу

а= F/m

Табиғаттағы кез келген күшке модулі бойынша тең бірақ бағыты бойынша қарама қарсы бағыттталған екінщі күш табылады.

F1,2 = F 2,1

Пайда болу мысалдары

Ғарыш кемесінің қозғалысы

Планеталардың қозғалысы, Денелердің жерге түсуі,  автокөліктің жылдамдық алуы кезіндегі және тоқтау кезіндегі қозғалыс

Денелердің өзара әрекеттесуі: Күн және Жер, Жер және Ай, автокөлік және жер беті

№ 1 ЗЕРТХАНАСЫНДАҒЫ ЭКСПЕРИМЕНТКЕ ҚАТЫСУШЫ-АВТОКӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ:

-мен бірнеше жылдан бері жүргізуші болып істеймін. №1 зертхана қызметкерлеріне келесі сұрақ қойғым келіп тұр: дене түзу сызық бойымен бірқалыпты қозғалған кезде және аз уақытқа қозғалтқышын өшіріп, тоқтағанға дейін аз ғана қозғалған кезде автомобильдің қозғалысы қандай заңдылыққа бағынады?

№1 ЗЕРТХАНА ҚЫЗМЕТКЕРІ: бірқалыпты түзусызықты қозғалған кезде автомобиль Ньютонның бірінші заңына сәйкес, ал аз ғана уақыт қозғалтқышын жаңармайды үнемдеу үшін өшірген кезде Ньютонның ІІ заңына сәйкес теңкемімелі қозғалады.

№ 2 ЗЕРТХАНАСЫНДАҒЫ ЭКСПЕРИМЕНТКЕ ҚАТЫСУШЫ-АҢШЫ:

Мен малды бір орыннан екінші орынға үнемі қорек табу мақсатында айдап отырамын, ешқандай аурулар таралып кетпеуін қадағалаймын. Өзімен бірге үнемі мылтық алып жүремін. Мылтықтан шыққан оқтың траекториясы қандай және қандай заңдылыққа бағынатынын айтып беріңіздерші.

№2 ЗЕРТХАНА ҚЫЗМЕТКЕРІ: мылтықтан шыққан оқтың траекториясы түзу сызық болып табылады. Оқа әсер ететін күштің шамасы неғұрлым үлкен болса, соғұрлым оның алатын үдеуі де артық болады. Яғни оқтың қозғалысы Ньютонның ІІ заңына бағынады.

№3 ЗЕРТХАНАСЫНДАҒЫ ЭКСПЕРИМЕНТКЕ ҚАТЫСУШЫ-АРҚАН ТАРТУШЫЛАР:

Біз бірнеше жылдан бері спортпен айналысып келеміз. Негізі сүйікті ісіміз- арқан тартысу. Арқан тартысу кезінде денеге түсірілген күш неге тең болады.

№3 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕР:арқан тартысу қазақтың ойындарының бірі. Бірнеше жақтан түсірілдген күш шың мәнінде басқа күштермен теңгеріледі, яғни табиғатта кез келген күшке модулі бойынша тең, бірақ бағыты бойынша қарама қарсы басқа күш табылдаы.

ДИРЕКТОР: Ньютон мырза 3 зертхана да сіздің берген тарсырмаңызды орындады. Бағаңызды беріңіз.

НЬЮТОН: Мен 3 зертхананың да жұмысына қанағаттанамын. Заңдардың өмірдегі қолданысы мен маңыздылығын ашып көрсетті, менің заңдарым өмірде кең қолданыс тапқанына қуаныштымын. Сіздерге ғылыми жаңалықтар ашуда сәттілік тілеймін! Сау болыңдар!

ДИРЕКТОР: Сау болыңыз!

 

ДИРЕКТОР: құрметті, ғылыми қызметкерлер, Ньютон заңдарын сіздер бүгін көрсетпеген қандай салада қолдануға болады?

№1 ЗЕРТХАНА: поездің қозғалысы: поезд бірқалыпты түзусызықты қозғалған кезде инерциялық санақ жүйесінде қозғалады, демек Ньютонның бірінші заңына сәйкес қозғалады.

№2 ЗЕРТХАНА: тіс емдеу: Тісті емдеу кезінде ешқандай да күш дененің жылдамдығын лезде өзгерте алмайтынын ескеруіміз қажет. Егер тіс жұлатын құралмен кенет тісті жұлып алса, адам денесі жылдамдығын өзгертіп үлгермейді, ал тіс инертті дене ретінде Жерге қатысты үдеу алады.    

№3 ЗЕРТХАНА: атарба: Ньютонның үшінші заңына сүйенетін болсақ, ат арбаны қандай күшпен тартатын болса, арба да атты  сондай күшпен тартады.  

ДИРЕКТОР: Сонымен, құрметті, №1, №2, №3 зертхананың ғылыми қызметкерлері, бүгінгі кеңесіміздің күн тәртібінде тұрған үш мәселе де талқыланып өтті. Соның нәтижесінде қеңестің қаулысы шығарылсын:

Қаулы:

  1. №____зертхана қызметкерлерінің жүргізген іс-тәжірибесі негізінде Ньютонның____заңын ғылыми тұрғыдан жоғары деңгейде зертеу жүргізгендері атап өтілсін.
  2. №____зертхана қызметкерлерінің жүргізген іс-тәжірибесі негізінде Ньютонның____заңын зертеу кезінде жіберген қателеріне байланысты қызметкерлердің жұмысына жақсы деген баға берілсін.
  3. №____зертхана қызметкерлерінің жүргізген іс-тәжірибесі негізінде Ньютонның____заңын ғылыми тұрғыдан зерттулеріне қанағаттанарлық деген баға берілсің.

ДИРЕКТОР: осы қаулыға алып-қосарларыңыз бар ма? оқылған қаулы қабылдансың дегендеріңіз қол көтерулеріңізді сұраймын. Қарсы шыққандар бар ма? Қалыс қалғандар? Олай болса, бүгінгі кеңесіміздің қаулысы хаттамаға тіркелсің.

 

ДИРЕКТОР: құрметті, ғылыми қызметкерлер, бүгінгі істеген жұмыстарыңыз үшін рахмет. Келесі ғылыми кеңеске Ньютонның Бүкіләлемдік тартылыс заңын талқылап өмірдегі қолданысы мен маңыздылығын зерттеп келулеріңіз сұралады. Осыменен, бүгінгі кеңесіміз жабық деп жарияланады. Сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қаулы:

1.           №__1,2,3__зертхана қызметкерлерінің жүргізген іс-тәжірибесі негізінде Ньютонның_І  ІІ  ІІІ___заңын ғылыми тұрғыдан жоғары деңгейде зертеу жүргізгендері атап өтілсін.

2.           №_1,2,3___зертхана қызметкерлерінің жүргізген іс-тәжірибесі негізінде Ньютонның_І  ІІ  ІІІ___заңын зерттеу кезінде қызметкерлердің жұмысына өте жақсы деген баға берілсін.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект урока по физике "Ньютон заңдары" (9 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Старший рекрутер

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 202 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.01.2016 1307
    • DOCX 250 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Куатбекова Раушан Сабиялиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Куатбекова Раушан Сабиялиевна
    Куатбекова Раушан Сабиялиевна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10435
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Теоретическая механика: векторная графика

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Физика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель физики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 127 человек

Курс повышения квалификации

Информационные технологии в деятельности учителя физики

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 118 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 866 человек

Мини-курс

Эффективные стратегии успешного взаимодействия: от понимания до саморазвития

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Технологии и анализ в медиакоммуникациях

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инновационные методы обучения и игровые практики для детей с ОВЗ

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 58 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 93 человека