Инфоурок Другое КонспектыКонспект урока по казахскому языку на тему "Таза болса табиғат-аман болар адамзат"

Конспект урока по казахскому языку на тему "Таза болса табиғат-аман болар адамзат"

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: «Таза болса табиғат,аман болар адамзат» 
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға экологиялық тәрбие беру 
Сабақтың міндеттері: 
Білімділік: Балалардың табиғат туралы білімдерін тереңдете отырып, білімдерін ізгілендіру. 
Дамытушылық: “Табиғатым – тағдырым” атты үйірменің биологиялық орталықпен байланысқан жұмысы арқылы оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын дамыту. 
Тәрбиелік: Табиғат-Ананы қорғауға және қастерлей білуге 
тәрбиелеу. 
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, слайдтар, биологиялық орталықтан репортаж,деректі фильм. 
Сабақтың типі: танымдық сабақ. 
Сабақтың түрі: аралас сабақ 
Пәнаралық байланыс: биология, экология, география,қазақ әдебиеті. 
Сабақтың барысы: 
Ұйымдастыру кезеңі 
Оқушыларды түгендеп, керекті құрал – жабдықтарын алдырып, назарын сабаққа аудару. Оқушылар үш топқа бөлінеді. 
Сабақты өлең жолдары арқылы бастау. 
О, табиғат! Тағдырымсың сен менің, 
Сенің барлық өзен, тау мен көлдерің. 
Ауаң, суың, өсімдігің болмаса, 
Дүниеде қалай өмір сүремін. 
Құдіреті мол табиғат, мен саған, 
Әрқашанда алғыспен бас иемін... 
Сабақтың жоспары: 
1. Топтастыру 
( «Қоршаған орта» сөзін топтастыру) 
2. Сен қалай ойлайсың? (Егерде ............ болмаса не болар еді?) 
3. Үй жұмысы 
(өсімдіктер экологиясы, жануарлар экологиясы, қала экологиясы) 
4. Көзбен көріп, көңілге түй! (Биологиялық орталықтағы “Қызыл кітапқа” енген жануарлар, репортаж, тренинг) 
5.Тылсым сырлы табиғат 

6. Бой сергіту (сұрақ – жауап) 
7.Табиғат туралы ұлылар толғауы 
(Әр оқушы табиғат туралы ақын жазушылардың өлең жолдары, нақыл сөздері,оқушылардың өз шығармашылықтары) 
1. Топтастыру 
Оқушылар қоршаған табиғи орта деген ұғымды қалай түсінесіңдер? Ойларыңызды жинақтап, ассоциацияларыңызды жазыңыздар! 
Олай болса бүгінгі сабағымыз су, ауа, жануарлар, өсімдіктер және т.б бір сөзбен айтқанда табиғат жайлы болмақ. 
Енді арнайы берілген фигуралар арқылы үш топ, топ атын анықтайды. 
І топ – жануарлар 
ІІ топ - өсімдіктер 
ІІІ топ – ауа 
2. Сен қалай ойлайсың? 
«Егерде .............. болмаса не болар еді?» (әр топ өз атын қорғайды) 
Егерде өсімдіктер болмаса не болар еді? 
Егерде жануарлар болмаса не болар еді? 
Егерде ауа болмаса не болар еді? 
3. Енді оқушылар үйге берілген тапсырма: 
І топ – жануарлар экологиясы 
ІІ топ - өсімдіктер экологиясы 
ІІІ топ – қала экологиясы бойынша дайындап келген шығармашылық жұмыстарымен танысу. 
5.Тылсым сырлы табиғат 
6. Бой сергіту (сұрақ – жауап) 
1. Қоршаған орта дегеніміз не?(Адамдар, өсімдіктер, жануарлар дүниесінің өмір сүру ортасы) 
2. Қазақстанда қанша қорық бар? (10 қорық бар) 
3. Дүниежүзілік табиғатты қорғау күні қашан? (5 маусым) 
4. Ауа қандай негізгі газдардан тұрады?( 78% азот, 21% оттегі, 1% басқа газдар) 
5. Жарықтың табиғи көзі? (күн) 
6. “Смог” дегеніміз не? (Түтін, газ, әр түрлі газдардың қоспасы) 
7. Жердің қанша бөлігін құрлық алып жатыр?( 29 hello_html_6ac26c76.png 
8. Суды тазалау процесі қалай аталады?( Сүзгіден өткізу) 
9. Жердің салмағы қанша?( Шамамен 6 сексиллион тонна) 
10. Қорық дегеніміз не?( Жойылып бара жатқан өсімдіктер, жануарлар, құстардың түрлерін сақтап қалу үшін ұйымдастырылған табиғатты қорғау обьектілерін айтамыз) 
7.Табиғат туралы ұлылар толғауы 
Әр оқушы табиғат туралы ақын жазушылардың өлең жолдары, нақыл сөздері,оқушылардың өз шығармашылықтары. 
8. Сабақты қорытындылау 
Табиғаттан шипа таппай келді кім? 
Енді өзіне керек боп тұр ем бүгін. 
Сақтай алар қорық соңғы дәнекер, 
Табиғаттың ұлы тепе - теңдігін. 
9. Үйге тапсырма. «Табиғат-халық қазынасы» эссе жазу

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект урока по казахскому языку на тему "Таза болса табиғат-аман болар адамзат""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист в области обращения с отходами

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 087 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.04.2017 437
    • DOCX 25.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нурмухамбетова Каламкас Орынбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 16757
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой