Инфоурок Другое КонспектыКраткосрочное планирование по казахскому языку тему "Қазақ халқының салт-дәстүрлері" (10 класс)

Краткосрочное планирование по казахскому языку тему "Қазақ халқының салт-дәстүрлері" (10 класс)

Скачать материал

                                    №2 Хромтау гимназиясы

 

 

 

 

 

                                                             Ашық сабақ :

            «Қазақ халқының салт-дәстүрлері»    

                               10б класс                   

      

 

                                       

                                      Өткізген: Ғ.С.Тюлемисова

                        қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

                                

                            

 

                          2016-2017 оқу жылы

 

 

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының салт-дәстүрлері

Сабақтың мақсаты: қазақ халқының салт-дәстүрлері   жөнінде мағлұмат беру,қазақ тілінде сөйлеу тілін дамыту,сөздік қорын молайту, жалқы есім, есімше туралы білімдерін тереңдету.

Түрі:  жаңа материалды игеру сабағы                                                                                                                                   Әдісі:  түсіндіру,ой-қозғау, сұрақ-жауап, кестелер  тапсырмаларды орындау, тест, синквейн                                                                               

Көрнекіліктер:  оқулық,слайдтар,кестелер,постерлер

Күтілетін  нәтиже:Т-Оқушылардың ойын жеткізу, сөз саптау, сөйлеу мәдениеті дағдыларын дамыту;

- Өзіндік ой-пікір қалыптастыру;

- Адамгершілік, мейірімділік, ұлтжандылық қасиеттерін арттыру.

Сабақтың барысы:үрі: жаңа материалды

 І.Ұйымдастыру кезеңі (2мин.)                                                                                                                                                        

1) Тренинг өткізу «Жүрек жылуы» 2) Топтастыру                                                                                 

II. Өткен тақырыпты қайталау(6 мин.) ( )

IІІ. Жаңа тақырыпты анықтау.(3мин.)   Бейнетаспа көру. « Ой шақыру»

ІV. Жаңа тақырып түсіндіру (14мин.)

1. Сөздік жұмысы          2. Мәтінмен жұмыс                 3. Топтық жұмыс

4. Оқулықпен жұмыс    5. Тапсырмаларды орындау

V. Сергіту сәті : «Көңілді күн» (2 мин.)

VІ. Жаңа тақырыпты бекіту:(12мин.)

1.Диалог құрастыру         

2.Синквейн (5 жолдық өлең)

VІI. Қорытындылау (3мин) :   БББ кестесін толтыру

VІІІ. Бағалау парағы (1 мин)

ІХ. Үйге тапсырма беру (1 мин.): (өз таңдауы бойынша)

Х. Рефлексия: (1мин). «Ой толғаныс» Кері байланыс»

 

 

 

I . Тренинг «Жүрек жылуы». Топтастыру. Мақсат қою.

 

зғIІ. Жаңа тақырыпты анықтау:тапсырмалар

›  Сабақты мен бейнефильмнен бастадым, неге? Ол не туралы?

› Нені көрдім? Неліктен? Неге?

› - Қалай ойлайсыңдар, біз бүгін не туралы әңгімелейміз?

› Сонымен, балалар бүгінгі өтетін тақырыбымыз:

› «... ... ... ... »

                  оҚызығушылықты оятурындау, тест, синквейн                                                                               IІІ. Жаңа сабақты анықтау. Бейнетаспа

« Қазақ халқының салт-дәстүрлері»

Мұғалімнің кіріспе сөзі:– Иә, балалар, салт дәстүрлер өте көп. Олар: тәрбие дәстүрлері, отбасы дәстүрлері, діни дәстүрлер, наурыз дәстүрлері, еңбек дәстүрлері болып бөлінеді. Әрбір халықтың салт - дәстүрі ұлттық рухани құндылығы болып саналады. Біздің еліміздің барлық дәстүрлерін зерттеп, зерделеп, кітап етіп шығарған – ауыз әдебиетінің жинақтаушысы, белгілі шежіреші, этнограф Сейіт Кенжеахметов.
Слайд - шоу «Қазақтың салт – дәстүрлері»

Сабақтың мақсатымен таныстыру: 

Ұлттық дәстүр, әдет –ғұрып ерекшеліктері адамның дүниеге келуімен,өмірінің әр кезеңіндегі түрлі оқиғалармен (шілдехана, қырқынан шығару, бесікке салу, тұсау кесу, атқа міну т.б.) байланысты туындаған.

Сондықтан да, Қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын отбасында қалыптастыру мақсатында сабағымызды бастаймыз.

Ол үшін төмендегі қадамдармен жүріп отыруымыз керек.

ІV. Жаңа сабақ: Қазақ халқының салт-дәстүрлері

1. Мәтінмен жұмыс

2. Топтық жұмыс                                                                                                  3.Тапсырмалар орындау

›  

н                    

н                     Топтық жұмыс                                  

 

                                  І топ     

1. Мәтінді түсініп оқып, сұрақтар дайындаңдар

2. Мәтіннен шілдехана жасаудың себебін табыңдар

3. Мәтіннен қонақтар не істейтінін табыңдар. Диаграмма толтырыңдар.

                                     ІІ топ      

1.Мәтіннен бесікке салатын адамның әрекетін табыңдар.Сызбаға жазыңдар

2. Мәтіннен бірыңғай мұшелерін табыңдар. Оларды қатыстырып сөйлем құраңдар.

3.Мәтінде «шашу» сөзі қандай мағынада қолданып тұрғанын анықтаңдар.Мысал келтіріңдер.

                                      ІІІ топ   

1.Баланы қырқынан шығарғанда қандай әрекеттер жасалады?

2. Төмендегі сөздерді жіктеңдер. Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар.

Қырық қасық су құю, суға шомылдыру

3.Мәтін бойынша диалог құрыңдар

Ш  ш                                       

 

 

                             Шілдехана

 Жаңа туған нәрестенің құрметіне аранлып той жасалады. Той «Шілдехана» деп аталады. Шілдехана –нәресте  мен ананы жаман рухтардан қорғап, күзетуден, тіл-көзден сақтаудан туындаған дәстүр.

Шілдеханаға көбіне жастар жиналады. Олар шілдеханаға арнайы шақырумен де, шақырусыз да келе береді. Тойда «Балаңыздың бауы берік болсын!» және т.б. құттықтау айтылады. Қонақтар тойға шашу әкеледі, жас нәрестеге ізгі тілектерін білдіреді. Олар домбырамен күй тартады, ән айтады.

Жжж                                      

                                        Бесікке салу

Шілдехана өткеннен кейін баланың әке-шешесі бесікке салу тойын жасайды. Бесікке салу – нәрестені алғаш бесікке салу рәсімі. Бесікті баланың нағашылары немесе жасы үлкен, қадірлі аналар сыйға тартады. Бесік сыйлаған адам баланы бесікке салу рәсімін жасайды. Ол, ең алдымен, бесікті отпен аластайды. Содан кейін бесіктің жастықшалары мен көрпешелерін баптап салады. Баланы бесікке жатқызып, бөлейді. Қолбау, белбау,аяқбауларды байлайды.. Тілектерін айтып, бесікке көрпе жабады. Тойға келгендер шашу шашып, балаға бата береді. Бесік жырын айтады.

 

                                              

 

                               Қырқынан шығару

Қазақ халқында жаңа туған нәрестені «Қырқынан шығару» дәстүрі бар. Қазақ халқында қырық – киелі сан. Туғанына қырық күн толғанда сәбиді қырқынан шығарады. Қырық күнге дейін қауіпті кезең саналады. Қырық күнге дейін нәрестеге көп адамды жолатпайды. Нәресте мен анасын күтеді.

Қадірлі әйел адам ыдысқа су құйып, баланы шомылдырады. Баланың үстіне қырық қасық су құяды. Шомылдырған адам «30 омыртқаң жылдам бекісін, 40 қабырғаң жылдам қатсын» деп тілек айтады. Баланың қарыншашы мен тырнағын алады. Шомылдырған ыдысқа « Күні күмістей жарқырап тұрсын» деп күміс сақина, күміс теңге салады. Шомылдыруға көмектескен әйелдер әшекейлерді бөліп алады. Шомылдырған әйелге, шашы мен тырнағын алағн әйелдерге сыйлықтар береді. Баланы қырқынан шығару дәстүрін көбіне бесік тойымен бірге өткізеді. 

VI. Сергіту сәті: «Тапқыр болсаң, тауып көр»

VII. Бекіту
Сұхбаттағы көп нүктенің орнына берілген сөздер мен сөз тіркестерін қойып, рөлмен оқыңдар.
 Бекіту. Сөйтіп, балалар, қазақ халқында той көп екен. Қазақтың салт – дәстүрі, әдет – ғұрыптары адамгершілікке, жақсылыққа жетелейді екен. Осы тақырып бойынша мына сұрақтарға түсініп жауап беруге тырысыңдар.

 

1) Сәби дүниеге келгенде қандай той жасалады? (шілдехана).

2) Мына суретке қараңдар, бұл қандай той? (бесік тойы).

3) Тұсау кесер тойы қашан жасалады? (бала бір жасқа толғанда).

4) Бала алғаш мектепке барғанда қандай той жасалады? (тілашар).

5) Тойға не шашады? (шашу).

6) Наурыз қашан тойланады? (көктемде).

7) Тойларда батаны кім береді? (жасы үлкен ер адамдар).

 

VIIIҚорытындылау.
 Осымен балалар, қазақ халқының салт – дәстүрлері тақырыбын аяқтаймыз. Біздің қазақ халқының салт – дәстүрлері адамгершілікке, үлкенді сыйлайтын, елін, халқын. Отанын сүйетін  патриоттарды тәрбиелейді. Еліміз аман, халқымыз тыныш болсын. Салт – дәстүрімізді берік сақтайық.  Отанымыздың адал ұлы мен қызы болайық.

 

БАҒАЛАУ
97СБа5алауМен әлеметсің бе, Мұрат!

IX.Үйге тапсырма  (өз таңдауы бойынша): Сабақты қорыту

а«Қазақ халқының салт-дәстүрлері » тақырыбына эссе жазып келу

Мақал-мәтедер жаттап келу

X. Рефлексия.

Не көрдім? Не істедім? Не білдім? Не сездім?

Кері байланыс.«Ой толғаныс.»

“Екі жұлдыз, бір тілек”

 

Осымен балалар, қазақ халқының салт – дәстүрлері тақырыбын аяқтаймыз. Біздің қазақ халқының салт – дәстүрлері адамгершілікке, үлкенді сыйлайтын, елін, халқын. Отанын сүйетін  патриоттарды тәрбиелейді. Еліміз аман, халқымыз тыныш болсын. Салт – дәстүрімізді берік сақтайық.  Отанымыздың адал ұлы мен қызы болайық.

 

 

 

                   

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Краткосрочное планирование по казахскому языку тему "Қазақ халқының салт-дәстүрлері" (10 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по сертификации продукции

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 725 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.06.2017 1043
    • DOCX 229.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тюлемисова Гайни Сайнгалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тюлемисова Гайни Сайнгалиевна
    Тюлемисова Гайни Сайнгалиевна
    • На сайте: 9 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 50097
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой