Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Көркем әдебиеттегі балалық бейне
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Көркем әдебиеттегі балалық бейне

библиотека
материалов

Көркем әдебиеттегі балалық бейне (Ш.Мұртаза «Тұтқын бала», С.Мұратбеков «Қылау» әңгімелері бойынша)

(сабақ жоспары)

Нұрсейітова Айгүл Қанапияқызы

Талдықорған қаласы №14 орта мектеп-гимназиясының

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


Сабақ: Қазақ әдебиеті

Тақырыбы: Көркем әдебиеттегі балалық бейне (Ш.Мұртаза «Тұтқын бала», С.Мұратбеков «Қылау» әңгімелері бойынша)


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Нурсейтова А.К.

Мұғалімнің ұстанымы:

Білу ғана аз, сол білгеніңді істе қолдана білу керек.

(И.Гете)


Сынып:6 ә

Қатысқандар: 25

Қатыспағандар: жоқ


Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.Тыңдалым, оқылым бойынша мәтінді оқып, автор позициясын түсіне біледі.

2.Айтылым дағдысы бойынша мәтіндерге талдау жасап оқиға, кейіпкерлер туралы өз пікірлерін айта біледі.

3.Жазылым дағдысын дамытуда ойтолғау жазу негізінде ой қорытындысын жасайды.


Сабақ мақсаттары










Барлық оқушылар орындай алады:

Мәтін сюжетіне,басты кейіпкерлеріне талдау жасай біледі,кезеңіне орай балалық сипаты әр түрлі болатындығын таразылайды, мәтіндегі негізгі ойды анықтайды, балалық тақырыбына қатысты термин сөздерді меңгереді,авторлардың сөз қолдану ерекшелігін ашады, мәтіндер оқиғасы негізінде ой қорытады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Мәтіндер сюжетін меңгеріп, басты кейіпкерлерге, оқиғаларға мінездеме беріп, өзіндік ой-пікірін білдіре алады..

Кейбір оқушылар орындай алады:.мәтін мазмұны бойынша сыни пікір айта, авторлар позициясын анықтай біледі, астарлы ойды аша алады.



Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: авторлар қолданысындағы троп пен фигура түрлерін ажырата біледі.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:cимвол, метафора, теңеу, эпитет, қылау, күңей-күйрек

Диалог құруға\ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:балалық бейне, кезең шындығы,бақытты балалық

Талқылауға арналған сұрақтар: - Балалықтағы бақытты қалай түсінесің?

Ишара «Мені түсін»тәсілін қолдану (өткен материал бойынша)


Бағалау критерийлері:

  • Мәтіндер тақырыбын, идеясын ашып, кейіпкер әрекетіне баға бере алады.

  • 2.Мәтіндердегі негізгі ойды анықтайды.

  • 3.Тақырыптары ортақ шығармаларды салыстыра біледі.

  • 4.Мәтіндердің негізгі идеясы бойынша сыни пікір айта алады.

  • 5.Балалық туралы алдыңғы білімді жинақтайды.

  • 6.Балалық туралы шығармалардың ерекшеліктерін ажыратады.



Дескриптор

  • 1.Екі шығармадағы негізгі ойды әңгімелейді.

  • 2. Өлеңдерін тыңдау арқылы үйлесімдерін сәйкестендіреді.

  • 3.Әңгімелердегі ортақ ойларын айқындайды.

  • 4.Тіл айшықтарына ,тәсіліне талдау жасап салыстырады.

  • 5.Адам қасиеттері туралы білімдерін жинақтайды.

  • 6.Кейіпкерлер бейнесіне баға береді


5мин.

Алдыңғы оқу

Алдыңғы сабақта «Қылау»әңгімесі туралы ой қорытты.

ІІ. Қызығушылықты ояту

-А.Еңсепов «Балалық» күйін тыңдату

Сұрақ: - Бұл қандай күй және не туралы?

Бұл күйдің бүгінгі оқу мақсатына қандай қатысы болуы мүмкін? Өмірмен байланыстыра отырып сабақтың тақырыбын анықтайды. Болжам стратегиясы


Жоспарланған уақыт

Жоспар

Ресурстар















































Баcы

7 мин.









Ортасы

13 минут













































































Соңы

18 мин














2 мин























































Рефлексия:


1.Сабақтың оқу мақсаттары мен міндеттері орындалды ма?

2.Бүгін оқушылар не үйренді?












3.Сабақ қалай өтті?

4.Қандай деңгейде өтті?
































5.Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?





6. Тапсырмалар сәйкес болды ма?







7. Мен өз уақытымды тиімді пайдалана алдым ба?

8..Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Білу.Түсіну. Ш.Мұртаза «Тұтқын бала»,

-С.Мұратбеков «Қылау» әңгімесінің (шығармаларды салыстырып, ұқсастығы мен айырмасын айту)

Тапсырманың дескрипторлары:

1.Әңгіме сюжетін тыңдайды.

2. Бас кейіпкерлерді, кезеңін анықтайды.

3. Шығармалардағы ортақ ойларды болжайды.

(Ұжымдық жұмыс негізінде жүзеге асады).

Қолдану

Концептуалдық кесте

кейіпкер

әрекеті

қасиеті

Тұрар

«Әттең, Аркашаның орнында мен оқыр ма едім, кітаптан бас алмас едім»

Оқуға құштар

Сатайдың әкесі

Со жылы төсекте жатқан күйінде...не істеу керектігін түсіндіруде

жұмсауық

Рабиға

Математик ағай мені конкурсқа жіберемін деп жүр

алғыр

Сатай

Мен оны сол Бірлікке дейін неге апарып салмадым?

жанашыр

Рысқұл

Күңей-күйрек болма бірақ.

қайсар

Иван Владимирович

Қазақ та өз атына ие болар,Тұрар

оптимист



V.Талдау

Топтық тапсырмалар

1-топ - Мәтін бойынша мінезін беретін үзіндіден көрініс құрастыру

2- топ- екі әңгімеден мәтін мазмұнын ашатын 10 сөздентеріп жазу;

3-топ- «Сұхбат»-Тұрармен сұхбат жүргізу;

4-топ- «Ыстық орындық»- авторға не Сатайға сұрақ;

5-топ- «Екі жақты күнделік»

Үзінді

Оқушы көзқарасы

Мақал-мәтел

Болар-болмас қар қылаулап тұр.Түні бойы қылаулаған болу керек, кеше ғана айнадай сыпырып, күреп тастаған есік алдында жаздағы көк теректің басынан төгілген ақ үлпек сияқты болып жұлықтан асар-аспас қылау қар көлпілдеп жатыр.Жұп-жұмсақ боп ерекше үлпілдейді.

Сатай мен Рабиғаның достық сезімі жаңа қылаулап жауған қардай басталады.

Әңгіменің «Қылау»аталуы да соған байланысты болып тұр.

Тәні сұлу – сұлу емес, жаны сұлу - сұлу

- Қанаты қатаймаған балапаным, қара дауылға қарсы ұша алармысың сен? Ығы жоқ селдір бұтаның басында жалғыз қалдың-ау сен!..Сұп-суық сұрғылт күлдің арасында сөнбей жатқан бір түйір шоқтай болып қалың бұлттың арасынан жылт етіп,анда-санда күн көрінер.Жүдеме

Жарлының жан серігі – жасымау.

Әкесі Тұрар тағдырына алаңдайды.Оны жалғыз панасыз қалдырып бара жатқанына жаны ауырады,оны жігерлендіреді.Ол сөздер балаға демеу болады.

Ата-ананың ақылы сайрап жатқан жолмен тең



Ортада қаламсап» стратегиясы:

-Әңгімелерді оқыған соң қандай сезім туындады?

-Қай кейіпкер өзіңе жақын деп ойлайсың,неге?

-Т.Рысқұловтың қоғам қайраткері болып шығуына қандай қасеттері әсер етті деп ойлайсың?

-Қылау»әңгімесін басқаша атауға бола ма?

Жазушы шешімімен келісесің бе?

Жинақтау

Әр замандағы балалық шақтың қиындығын айтады

Тұрар заманындағы қиындық

Сатай заманындағы қиындық

Қазіргі замандағы қиындық

-жетімдік

- алыс ауылдан қатынап оқу

-компьютер

-әділетсіздік

-техниканың болмауы

-жалқаулық

-оқуға мүмкіндік болмауы


-енжарлық

-рухани мүгедектік



Бағалау

Балалықтағы жауапкершілікті қалай түсінемін?»

тақырыбында ой-толғау жазу

Оқушының рефлексиясы.

-Мені қызықтырғаны..

-Мені ойландырғаны ....

- Мен алған тағылым...

(сабақ туралы өз пікірлерін жазады)



Саралау

Саралау- оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

-Стратегияларды тиімді қолдану арқылы.

- Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

-Тапсырманы күрделендіріп, осы тақырыптағы өзге әдебиет пен танымдық ин тернет және

БАҚ материалдарын оқытамын.

Бағалау- оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Сабақтың әр кезеңінде : басында «Бас бармақ», ортасында түрлі- түсті қағаздар, соңында табыс критерийлері арқылы бағаладым.

Табыс критерийлері:

-ой жүйелілігі;

-тіл көркемдігі;

-ойын нақты жеткізе алуы;

-өзіндік ой қорытындысы

-топ мүшелерінің белсенділігі.

Соңында бағалау картасындағы топтардың өзара бағалауы мен ұпай санын қосып бағалаймын.

Пәнаралық байланыс

Балалық туралы шығармаларды қосымша іздейді.Қазақ тілі.Лексика. Термин сөздер.cимвол, метафора, теңеу, эпитет, қылау, күңей-күйрек

АКТ. Таныстырылым. А.Еңсепов «Балалық»күйі

Адамгершілік, адамдық құндылық, тәрбие. Қамқорлық, жаны ашу сезімі

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі

сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1: қабілетті оқушыларға подкастинг тәсілін қолдануды ұсыну.

2: жеке оқушыларға деңгейлік тапсырма әзірлеу.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1: оқушылар сабаққа қызығушылықпен белсенді қатысты, сөйлемеген оқушы болмады және тақырыпты аша алды, ұтқыр жауап берді.



2: әдеби тілде көркем тілмен сөйледі.

Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: уақытты үнемдеу үшін тапсырмаларды ықшамдау.

2: ой қайталанбас үшін стратегияларды түрлендіру.



Мұғалімнің пікірі

1.Сабақ мақсаты орындалды: алдыңғы оқумен байланыстыра отыра екі шығармадағы ортақ ой туралы сыни пікір айта білуге бағытталды.



2. «Қызығушылықты оятуда» топқа бөлу әдісі тиімді жүргізілді. (Талап,еңбек, терең ой, қанағат, рақым сөздерінің мәнін ашу арқылы) және А.Еңсеповтің Балалық» күйінің сазын тыңдау негізінде негізгі ойға болжам жасауды үйренді. Сабаққа оқушылар белсенді қатысты.Сабақ тақырыбы ашылды.Сабақ кезеңдері сақталды, жоспарға сәйкес жүргізілді. Сабақта қолдану кезеңінде концептуалдық кесте арқылы кейіпкер мен әрекеті сәйкестендірілді. Мәтін сюжетіне,басты кейіпкерлеріне талдау жасай білді, кезеңіне орай балалық сипаты әр түрлі болатындығын таразылады, мәтіндегі негізгі ойды анықтады, балалық тақырыбына қатысты термин сөздерді меңгерді, авторлардың сөз қолдану ерекшелігін ашты, мәтіндер оқиғасы негізінде ой қорытты.

3-4.Сабаққа оқушылар белсенді қатысты.Сабақ тақырыбы ашылды. Мағынаны танып, ажыратуда сабақ тақырыбына кіретін, ойға түрткі болатын ашық сұрақтар қойылды. Оқушылар жауабы ұтымды болды. Сынып оқушылары сабаққа қызығушылықпен қатысты.Олар топта бірлесе жұмыс істеуге дағдыланғандықтан, өз ойларын топта еркін жеткізе білді. Мұнда топтық жұмыс негізінен жүзеге асты. Топ мүшелері өз ойларын жатық әдеби тілмен жеткізе білді.Талдау кезеңіндетоптық тапсырмалармен жұмыс: 1-топқа «Тұтқын бала»әңгімесінің идеясын ашатын тұсын көрініс етіп көрсету, 2- топқа екі мәтіннен мазмұнын ашатын 10 сөзден теріп жазу, 3- топқа Тұрармен сұхбат, 4- топқа «Қылау» әңгімесі бойынша ыстық орындық стратегиясын, 5-топқа екі жақты күнделік тапсырмасы берілді.Оқушылар топпен ынтымақтаса отырып, қызығушылықпенқатысты, тапсырманы орындауға барлық топ мүшелері қатысты. «Ортада қаламсап» стратегиясы бойынша проблемалық сұрақтарға жақсы жауап берді. Ш.Мұртазаның «Тұтқын бала» С.Мұратбековтің «Қылау»әңгімесіндегі кейіпкерлер мен оқиғаларды, заман қиындықтарын анықтап, бүгінгі өмірмен байланыстырды,Балалар бүгінгі күнде оқуға бар мүмкіндік болғанмен, сол қиындықты өздері тудырыпотырғандарын-компьютерге тәуелділік,жалқаулық,одан туған масылдық, кітап оқымау, одан туған рухани мүгедектік балалықтағы кедергілер екенін ашып айта алып,өздерінің балалықтағы жауапкершіліктеріменойларын қорытындылады.Топ мүшелері өзойларын жатықәдеби тілмен жеткізе білді.Табыс критерийлеріқұрылып,топтық бағалау жүзеге асты.

Тақырып бойынша автор позициясын аша алды, бүгінгі өмірмен байланыс қосымша ізденіс жұмыстарынан көрінді.

5.Жоспарланған саралау кумулятивтік әңгіме түрлері, сын тұрғысынан ойлау әдісінің «Ыстық орындық»,«Сұхбат»,«Ортада қаламсап» стратегияларын сабақтың әр кезеңінде тиімділігіне қарай қолдандану нәтижесінде жүзеге асты. жоспарлау бойынша іске асты.Қабілетті оқушылар сыныптан тыс оқу бойынша көлемді шығармаларды оқып келіп, салыстыру жұмысын жүргізді.

6.Тапсырмаларды оқушылар қызығушылықпен орындады.Оқушылар өзіндік ой қорытындысын жасай білді.Тақырып бойынша авторлар позициясын аша алды. Сабақ Блум таксономиясымен құрылып, сын тұрғысынан ойлау,диалогтік, оқыту және оқу үшін бағалау тәсілі қолданылды.Сабақта ашық,анықтауыш, жетек сұрақтар қойылды. Диалогтік оқытудың кумулятивтік, зерттеушілік әңгіме түрлері жүзеге асты. Оқушылар ізденді, сұрақ қоя білді, ой қорытындысын жасады.

7.Уақытты тиімді пайдалана алмадым, себебі оқушылар барлығы ынталы қатысқандықтан, олардың ойын толық тыңдағанды жөн көрдім.





8.Келесі сабақта уақытты тиімді пайдалануды мақсатеттім.

Ш.Мұртаза «Тұтқын бала»,

С.Мұрат-беков «Қылау»

Әңгімесі






Сәйкес-тендіру



Оқушы














Оқушы

Көрініс




«Мені түсін»,

«Сұхбат»

«Ыстық орындық»


«Екі жақты күнделік»

Стратегиялары






































Оқулық

Оқушы

«Ортада қаламсап» стратегия















бағалау картасы

түрлі-түсті қағаздар арқылы (өте жақсы- жасыл, жақсы- көк, орта-қызыл




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 13.11.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров110
Номер материала ДБ-348167
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх