Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Курстық жұмыс " психология "

Курстық жұмыс " психология "


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж» КҚМК














Пәні: Психология


Тақырыбы: Болашақ мұғалімдердің кәсіби әрекетке психологиялық даярлығын дамыту жолдары
















Семей, 2016 жыл








Мазмұны

Кіріспе 3


1. Кәсіби әрекет туралы ғылыми-психологиялық негіздемелер 6

1.1. Кәсіби іс-әрекет туралы жалпы сипаттама 6

1.2. Кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің мәні 9

1.3. Кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы 12


2. Болашақ мұғалімдердің кәсіби әрекетке психологиялық даярлығын дамыту жолдары мен инновациялық мүмкіншіліктері 14

2.1. Кәсіби іс әрекетке бейімделудің педагогикалық-психологиялық жолдары

2.2.Кәсіби әрекетке психологиялық даярлықты дамыту жолдары 18



Қорытынды 28


Пайдаланған әдебиеттер тізімі 30





























Кіріспе


«Қазіргі  әлемде жай  ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз  үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау  машығын меңгеруге дайын болуға тиіс», - деп Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтып өткендей, әрбір адам үнемі дамып, жетіліп, үйреніп отыруы керек.

Қазақстан Республикасы білім беру заңында көрсетілгеніндей, адамзат құндылықтары, ғылым мен тәжірибе негізінде, жеке тұлғаны қалыптастыруға қажетті жағдайларды жасау - білім беру жүйесінің негізгі міндеті болып отыр. Кәсіби мамандарды дайындау мәселесін шешудің де жаңа жолдары қарастырылуда.

Еліміздің бүгіні мен ертеңі өскелең ұрпақ еншісінде. Ал осы ұрпақты бүгінгі таңда жан–жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі  жоғары, өзбетімен ізденуге қабілетті етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы – оқушыны шығармашылыққа жетелеу. Бұл мұғалімнен терең біліктілікті қажет етеді. Себебі шығармашыл ұстаз ғана шығармашыл тұлғаны қалыптастыра алады.

Бүгінгі қазақстандық мектептерге қоғамның қарқынды дамуына ілесе алатын, заман талабына сай ойлайтын, ғылыми-әдістемелік білімі жеткілікті, педагогика мен психологияны терең меңгерген ізденімпаз мұғалім қажет. Бұл мұғалімнің кәсіби шеберлігінен көрінеді. Басқаша айтқанда, білім беру үдерісі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамытуына, өзіндік білім алуына және өздігінен шығармашылық түрде қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді. Мұғалім – бүгінгі  оқушы – ертеңгі қоғамның, елдің тірегін өмірге дайындаушы.

Кәсіби мұғалім -  құзырлығы жоғары, әлеуметтік тұрғыдан жетілген, әдіс-тәсілдерді меңгерген, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өзін-өзі кәсіби жетілдіруге ұмтылған маман. «Мұғалім», «Педагог» мамандығы, зиялылар ішіндегі көп топтасқан мамандықтардың ірі тобына жатады. Білім беру жүйесінде педагогтар мемлекеттік қызметкерлер болып табылады.

Педагог өз мамандығының сапасын, біліктілігін арттыруды психологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуі үлкен роль атқарады. Педагогтың іс-әрекеті көбінде оның кәсіби шеберлігінің кеңістігіне қатысты, педагогикалық қарым-қатынас механизмдеріне, оқушылардың (студенттердің) психологиялық ерекшеліктерінің табиғатына да байланысты.

Педагогикалық іс-әрекеттің дамуының жоғары деңгейі мынада – педагог өзін-өзі дамыту механизмдерін қалыптастыруға мақсат қояды және оқушыларға (студенттерге) өз қабілет-қарымы бойынша даму бағыттарын ұштайды, кәсіби дамуды көздейді.

Қазіргі уақытта білім беру саласында өзгерістер көп, сол өзгерістерге лайық педагог болу үшін қойылатын талаптар да күрделене түсуде. Бұл адамның шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту қажет дегенге әкеледі. Оған білім беруді гуманизациялау сай келеді.

Зерттеудің объектісі. Болашақ мұғалімдерді кәсіби іс әрекетке дайындау жүйесі.

Зерттеудің пәні. Болашақ мұғалімдерді кәсіби іс әрекетке даярлау негізінде оқыту үдерісі.

Мақсаты. Болашақ мұғалімдерді білім, білік, дағдыларды оқу және педагогикалық іс тәжірибе арқылы кәсіби іс әрекетке дайындауды теориялық негіздеу, оның әдістемелік жүйесін даярлау.

Зерттеудің болжамы. Егер, болашақ мұғалімдерді кәсіби іс әрекетке дайындаудың теориялық негізі анықталып, кәсіби дайындау әдістемелік-тәжірибелік тұрғыда негізделсе, онда олардың кәсіби дайындық үдерісінің тиімділігі артады және оқу үдерісінде маңызды міндеті кәсіби білімді, ақпараттық-компьютерлік технологияларды жетік меңгерген маман даярлау.

Зерттеудің міндеттері.

  1. Болашақ мұғалімдерді қазіргі ғылым мен техниканың жетістіктері негізінде кәсіби дайындаудың теориялық негіздерін анықтау.

  2. Болашақ мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде кәсіби дайындау тұжырымдамасын жасау.

  3. Болашақ мұғалімдердің кәсіби іс әрекетке дайындаудың сапасы ретіндегі даярлығының құрылымдық-мазмұндық моделін жасау.

  4. Болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығы барысында білім беруді психологиялық-педагогикалық тұрғыда негіздеу.

  5. Болашақ мұғалімдерді кәсіби іс әрекетке дайындаудың әдістемелік жүйесін негіздеу.

  6. Болашақ мұғалімдерді кәсіби іс әрекетке дайындауда арнайы пәндерді оқыту үдерісінде кәсіби дайындаудың педагогикалық технологиясын жасау.

  7. Болашақ мұғалімдерді кәсіби іс әрекетке дайындаудың тәжірибелерін эксперимент жүзінде тексеруден өткізу.

Зерттеудің жетекші идеясы: негізінде оқыту үдерісінде кәсіби дайындау жүйесін теориялық және әдістемелік-тәжірибелік тұрғыда дамыту болашақ маманның біліктілігі мен кәсіби іскерлігін қалыптастырады.

Зерттеудің ғылыми-әдіснамалық негіздері. Білім беру жүйесінің философиялық, психологиялық-педагогикалық, ғылыми-техникалық негіздері, тұлға дамуының жалпы философиялық принциптері, біртұтастық туралы диалектикалық теориясы, қазіргі білім беру проблемалары, политехникалық және кәсіптік білім беру, кәсіби педагогика, кәсіпқойлық психологиясы мен жеке тұлғаны дамыту саласындағы отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері құрайды.

Зерттеу жұмысының әдістері:

1. Ғылыми педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге шолу.

2. Баспасөз беттері, мерзімдік басылымдардан мақалаларды қарастыру.

3.Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістерін қолдану.

Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспе, 1-ші және 2-ші бөлімдерден, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.



I тарау.

Кәсіби әрекет туралы ғылыми-психологиялық негіздемелер


1.1. Кәсіби іс-әрекет туралы жалпы сипаттама


Кәсіби педагогикалық іс-әрекет дегеніміз - оқушының тұлғалық, интеллектуалдық, іс-әрекеттік дамуына бағытталған және сонымен бірге оның өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі жетілдіруінің негізі болып табылатын мұғалімнің тәрбиелеуші және оқытушы ықпалы болып табылады. Бұл іс-әрекет өркениет тарихында мәдениеттің пайда болуымен бірге, «өндірістік іскерліктер үлгілері (эталондарын) мен әлеуметтік мінез-құлық нормаларын жасау, сақтау және өсіп келе жатқан ұрпаққа беру» міндеті қоғамдық даму үшін маңыздылардың бірі болған кезде пайда болған. Бұл тіпті алғашқы қауымнан басталған, мұнда балалар үлкендермен қарым-қатынас жасау барысында, оларға еліктеп, оларға ере отырып үйренген. Дж. Брунер оны «контексте оқыту» деп анықтайды. Дж. Брунер бойынша, адамзат «жас ұрпақты оқытудың тек үш негізгі тәсілін ғана» біледі: жоғары приматтарда ойын процесінде дағдының құраушы компоненттерін өндіру, туземдік халықтарда контексте оқыту және тікелей практикадан оқшау мектептегі абстрактілі оқыту [14, 386 б.].

Біртіндеп қоғам дамуымен бірге алғашқы сыныптар, мектептер, гимназиялар қалыптаса бастады. Түрлі елдерде түрлі сатыларда оқыту мазмұнында, оның мақсаттарында түрлі өзгерістерге түсе отырып, мектеп сонда да әлеуметтік институт болып қалды, оның арнаулы – мұғалімдер мен педагогтардың педагогикалық іс-әрекеттері арқылы әлеуметтік-мәдени тәжірибені беру. Әлеуметтік-мәдени тәжірибені беру формалары мектептің даму тарихында өзгеріп отырды. Бұл әңгіме (сократтық әңгіме) немесе майевтика; шеберханалардағы жұмыс (қыш өнімдерін жасау, тері өңдеу, тоқу және өндірістік оқытудың басқа түрлі бағыттарының тәжірибесі), мұнда, шәкірттің технологиялық үрдіске жүйелі және мақсатты қатысуы, оның біртіндеп өндірістік операцияларды игеруі негізгісі болды; вербалды насихат (гувернерлер, «ағатайлар» институты, монастырьлар т.б.).

Я.А. Коменскийдің кезінен бері сыныптық-сабақтық оқыту бекіді, мұнда оның сабақ, лекция, семинар, сынақ, практикум сияқты формалары жіктеліп бөлінді. Соңғы он жылдарда тренингтер пайда болды. Оқытушылар үшін оның іс-әрекетінің ең қиын формаларының бірі лекция болып табылса, студент, оқушы үшін – семинар сабақтары, сынақтар екенін атап өту қажет.

Кәсіби педагогикалық іс-әрекет - адамзат іс-әрекетінің кез-келген түріне тән сипаттамаларға ие. Бұл ең алдымен, мақсаттылық, түрткілік, пәнділік. Кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің өзгеше сипаттамасы, Н.В. Кузьмина бойынша, оның өнімділігі болып табылады.

Педагогикалық іс-әрекеттің өнімділігінің бес дәрежесін ажыратады:

«І – (минималды) репродуктивті; педагог өзі білгенін өзгелерге айтып бере алады; продуктивті емес.

ІІ – (төмен)бейімделуші; педагог өз хабарламасын аудитория ерекшелігіне бейімдей алады; аз продуктивті.

ІІІ – (орташа) локалды модельдеуші; педагог оқушыларды курстың әр бөлімдері бойынша білімге, дағдыларға, іскерліктерге үйрету стратегияларына ие (яғни, педагогикалық мақсат қою, іздестіру нәтижесі бойынша өзіне жауап беру және оқушыларды оқу-танымдық іс-әрекетке біртіндепен енгізу; орташа продуктивтілік.

IV – (жоғары) оқушылардың жүйелі модельдеуші білімдері; педагог жалпы пән бойынша оқушылардың дағдылар, іскерліктер ізденістегі білімдер жүйесін қалыптастыру стратегиясын меңгерген; продуктивті.

V – (ең жоғарғы) оқушылардың жүйелі модельдеуші іс-әрекеттері мен мінез-құлықтары; педагог өз пәнін оқушы тұлғасын қалыптастыру, оның өзін- өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі оқытуға, өзін-өзі дамытуға қажеттіліктерін қалыптастыру құралына айналдыру стратегиясын меңгерген; жоғарғы продуктивтілік .

Кәсіби педагогикалық іс-әрекетті қарастырғанда біз оның жоғарғы продуктивті сипаты жөнінде айтамыз.

Кәсіби педагогикалық іс-әрекет, іс-әрекеттің басқа түрлері сияқты, психологиялық (пәндік) мазмұнмен анықталады, оған мотивация, мақсат, пән, құралдар, тәсілдер, өнім мен нәтиже жатады. Өзінің құрылымдық ұйымдасуында педагогикалық іс-әрекет әрекеттердің (іскерліктер) жиынтығымен сипатталады, олар ары қарай қарастырылады.

Кәсіби педагогикалық іс-әрекет пәні ретінде дамудың шарты мен негізі ретіндегі оқытушылардың пәндік әлеуметтік мәдени тәжірибені игерулеріне бағытталған оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылуы болып табылады. Кәсіби педагогикалық іс-әрекет құралдары ғылыми білімдер болып (теоретикалық және эмпирикалық), солардың көмегімен және солардың негізінде оқытылушылардың тезаурусы қалыптасады. Білімдерді «тасушы» ретінде оқулық мәтіндері немесе пәндік айғақтың фактілерін, заңдылықтарын, қасиеттерін мұғалімнің ұйымдастырған бақылауы жағдайында (зертханалық, практикалық сабақтарда, даладағы практика кезінде) оқушының жаңадан жасаған елестетулері жатады. Техникалық, компьютерлік, графикалық және т.б. құралдар қосымша құралдарға жатады.

Кәсіби педагогикалық іс-әрекетте әлеуметтік мәдени тәжірибені беру тәсілдері ретінде түсіндіру, көрсету (иллюстрация) оқу міндетін шешу бойынша оқушымен бірігіп атқарылатын жұмыс, оқушының тәжірибесі (зерханалық, далалық), тренингтер болып келеді. Кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесі, оқушының бүкіл аксиологиялық, құлықтылық-этикалық, эмоционалдық-мағыналық, заттық, бағалаушы құрастырушы-ларының жиынтығымен алғандағы оның қалыптасатын жеке дара тәжірибесі болып табылады. Кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесі емтихан, сынақ, оқу-бақылау жұмыстарын орындау критерийлерімен бағаланады. Кәсіби іс-әрекеттің нәтижесі оның негізгі мақсатының орындалуы ретінде оқушының тұлғалық, интеллектуалдық дамуы, оның тұлға ретінде, іс-әрекет субъекті ретінде жетілуі, қалыптасуы болып табылады. Нәтиже, оқушының оқудың басындағы сапасы мен адамның жан-жақты дамуы тұрғысынан оның аяққы кезіндегі сапаларын салыстыру арқылы диагностикаланады.

Іс- әрекеттің нақты бір түрлерінің мазмұнын меңгеруге, нақты бір кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің құрылымын құрастыра алуды қалыптастыруға, фундаментальды теориялық түсініктердің (іс-әрекет, оның құрылымы, мазмұны) мазмұнын ұғынуға бұл тәсілдер мүмкіндік береді. 

Аталмыш ұғымдар дамушы білім берудің мазмұнының жетекші компонентін құрайтын әртүрлі педагогикалық мәселелерді шешудің жалпы тәсілдерін дербес құрудың негізі және алғышарты болып табылады. В.В.Давыдов өз зертеу жұмыстарында, мәселелерді шешудің жаңа тәсілдерін құрастыруды игеру білім беруде тұлғаны дамытуға мүмкіндік беретін қажетті жағдай болып табылады. Кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің қалыптасуы бастапқыда оқу зерттеу қызметі болып, кейініректе, кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке айналады.

Мұғалімдік тұлғаның қалыптасуының бастапқы кезеңі студентті зерттеуші орнына қою, олай болса, студент кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің мәнін іздеудегі мүше болып табылады.

Ал, кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің мәні, тек орынды тәсіл арқылы анықталады. Бұл кезеңде кәсіби-педагогикалық іс- әрекеттің негізге алынатын көп салалы қызметтерін табу жүзеге асырылады. Дәл осы тұста іс-әрекеттің қалыптасу кәсібилігі көрініс береді. Кейініректе кәсібилік нақты кәсіби-педагогикалық қызметке айналу тәсілін іздестіру барысында қалыптасады. Бұл нақты кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің, яғни ең маңызды қызметтің мазмұнын жобалауда, қызметтің мазмұнын оның операциялық құрылымын ерекшелеу арқылы жете түсіну барысында жүзеге асыруға болады. Ең маңызды деп, іс-әрекеттің мақсаттылығына қарай есептеуге болады. Сонымен қатар, іс-әрекеттің мәнін ашу механизмін ерекшелеу үшін қажет. Ол операцияның, мазмұнның негізделген сараптамасымен қоса, ал кейініректе оның пайымдалған құрылымын құрастыруымен бірге ескерліуі тиіс. 

Кәсіби-педагогикалық іс- әрекетті қалыптастыру үрдісі алдымен оқу-зерттеу, содан соң кәсіби-педагогикалық іс- әрекетке айнала отырып, жүзеге асырылады. Мұғалім тұлғасының қалыптасуының бастапқы кезеңі студентті зерттеуші позициясына қояды, соған байланысты, студент кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің мәнін іздеуге қатысушы болады да, оның мәні тұтас әдіс тұрғысынан ғана анықталады. Осы кезеңде педагогикалық қызметтің мәнін қабылдай отырып, педагогикалық іс-әрекеттің алуан түрлі негізгі функцияларын бөліп көрсету жүзеге асырылады.

Кәсібилік оның нақты түрлерінде жалпыланған кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің өзгеру әдістерін іздеу үрдісінде одан әрі қалыптасады. Бұл құбылысты оның операциялық құрылымын бөліп көрсету арқылы, ең маңызды қызмет, нақты кәсіби-педагогикалық іс-әрекет мазмұнын түсінуді жобалауда жүзеге асыруға болады. Ең маңыздысы мақсатқа сай болуға байланысты қызметті жатқызуға болады. Бұл жағдайда іс-әрекет мәнінің ашылу механизмін түбегейлі мазмұндық сараптамасымен, операциялармен, содан соң оның жалпы құрылымын жаңа деңгейде құруды бөліп көрсету қажет. 

1.2. Кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің мәні


Педагогикалық мамандықтың мәні оның өкілдері арқылы жүзеге асырылатын педагогикалық іс-әрекет негізінен көрінеді. Бұл әлеуметтік әрекеттің ерекше түрі, ол жинақталған мәдениет пен тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа беруге және қоғамда нақты әлеуметтік роль орындауға даярлық негізінде жеке бастың дамуына жағдай тудыруға бағытталған.

Бұл іс-әрекетті педагогтар ғана емес, сонымен қатар ата-аналар, қоғамдық ұйымдар, өнеркәсіп пен мекемелердің жетекшілері, өндірістік және басқа топтар, жалпы ақпарат құралдары жүзеге асырады. Бірақ, ең бірінші іс-әрекет – ол кәсіби әрекет, яғни педагог арқылы жүзеге асырылады, ал қалғандары – жалпы педагогикалық болып табылады.

Педагогикалық іс-әрекет кәсіби әрекет сияқты арнайы қоғам ұйымдастырған білім беру мемкемелерінде: мектепке дейінгі мекемелер, мектептер, кәсіби-техникалық училищелер, орта арнаулы және жоғары оқу орындары, қосымша білім беретін мекемелер, біліктілікті жоғарылату, қайта даярлауда үлкен орын алады.

Педагогикалық іс-әрекеттің мәнін түсіну үшін оның құрылымын талдау қажет, ал оның өзін мақсат, мотив, әрекет (операция), нәтиже бірлігінде қарау керек. Іс-әрекеттің, оның ішінде педагогикалық іс-әрекеттің жүйелі сипаттамасы мақсат болып табылады (А.Н.Леонтьев).

Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты тәрбие мақсатын жүзеге асырумен тығыз байланысты. Бұл жалпы стратегиялық мақсат әр түрлі бағыттағы тәрбие мен оқытудың нақты міндеттерін шешуге бағытталған.

Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты – тарихи құбылыс. Ол әлеуметтік даму тенденциясының көрінісі ретінде өңделіп қалыптасады, адамның рухани және табиғи мүмкіндіктерін ескере отырып талап қояды. Онда бір жағынан, әр түрлі әлеуметтік және этникалық топтардың қызығушылығы болса, екінші жағынан – жеке тұлғаның қажеттілігі мен бағыты көрінеді.

Тәрбие мақсатының проблемасына А.С.Макаренко көп көңіл бөлген, бірақ оның бірде-бір еңбегінде жалпы анықтамасы жоқ. А.С.Макаренко жеке тұлғаны педагогикалық жобалауға жақын болды, ал педагогикалық іс-әрекеттің мақсатын жеке тұлғаның даму бағдарламасынан және жеке ерекшеліктерін коррекциялаудан көреді.

Педагогикалық кәсіби іс-әрекет мақсатының негізгі объектісі -тәрбиелеуші орта, тәрбиеленуші іс-әрекеті, тәрбиелеуші ұжым және тәрбиеленушілердің жеке дара ерекшеліктері болып табылады.

Педагогикалық кәсіби іс-әрекеттің мақсатын жүзеге асыру әлеуметтік-педагогикалық міндеттерді шешумен байланысты, атап айтқанда тәрбие ортасын қалыптастыру, тәрбиеленуші іс-әрекетін ұйымдастыру, тәрбие ұжымын құру, жеке тұлғаны дамыту.

Педагогикалық кәсіби іс-әрекеттің мақсаты – динамикалық құбылыс. Оның дамуы мынадай, қоғамдық даму тенденциясы ретінде пайда болып, педагогикалық іс-әрекеттің мазмұны, формасы, әдістерін қоғам қажеттілігіне сәйкестендіріп, жеке тұлғаның өз бетімен және социуммен дамуын қамтамасыз етеді.

Педагогикалық кәсіби іс-әрекеттің барлық қасиеттері көрінетін негізгі бірлігі ол мақсаты пен мазмұнның бірлігі, яғни педагогикалық әрекет болып табылады. Педагогикалық әрекет түсінігі педагогикалық іс-әрекеттің барлық формаларына (сабақ, экскурсия, жеке әңгіме т.б.) тән. Мұғалімнің педагогикалық әрекеті ең алдымен танымдық міндет формасында көрінеді. Өз біліміне сүйене отырып, теория жүзінде өз әрекетінің құрал, пән, нәтижесін салыстырады.

Педагогикалық міндеттердің ерекшеліктерін жүзеге асыру ол оңай емес. Олар ойлауды, фактор, жағдайларды талдауды талап етеді. Сондықтан, педагогтың шығармашылығы жаңа педагогикалық міндеттерді шешуді іздестірумен байланысты.

Тұтас педагогикалық процесте жүзеге асырылатын педагогикалық іс-әрекеттің негізгі түрлері оқыту (преподавание) және тәрбие жұмысы болып табылады.

Тәрбие жұмысы  –  жеке тұлғаның жан-жақты даму міндетін шешу мақсатында тәрбие ортасын ұйымдастыру мен тәрбиеленушілердің әр түрлі іс-әрекетін басқаруға бағытталған педагогикалық әрекет. Ал оқыту – ол оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға бағытталған тәрбие әрекетінің түрі.

Білім беру мазмұнының проблемасымен айналысатын ғалымдар (В.В.Краевский, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин және т.б.) оқытудың білім мен іскерлік компонеттерінен басқа, адамның оқыту процесінде игеретін шығармашылық әрекет тәжірибесін және қоршаған ортаға деген эмоционалды-бағалы қатынасын жатқызады. Оқыту мен тәрбие жұмысының бірлігінсіз білім беру элементтерін жүзеге асыру мүмкін емес. Біртұтас педагогикалық процесс – ол «тәрбиелеп отырып оқыту» мен «оқыта отырып тәрбиелеу» бірігетін процесс (А.Дистервег).

Оқыту прцесінде ерекше орын алатын оқыту әрекеті мен тұтас педагогикалық процесте жүзеге асырылатын тәрбие жұмысын салыстырып өтейік. Кез келген ұйымдастыру формасы сияқты, оқыту да уақытты, нақты мақсатты, оған жету варианттарын қажет етеді. Оқытудың тиімділігінің маңызды критерийі оқу мақсатына жету болып табылады.

Ал тәрбие жұмысы кез келген ұйымдастыру формасы ретінде нақты мақсатқа жетуді талап етпейді. Тәрбие жұмысында мақсатқа бағытталған нақты міндеттерді алдын-ала көруге болады. Тәрбие міндеттерін шешу тиімділігінің маңызды критерийі эмоция, мінез-құлық, іс-әрекетте көрінетін тәрбиеленушілер санасының өзгеруі.

Оқыту логикасын нақты түрде бағдарламалауға болады, ал тәрбие жұмысында жоспарлауға қоғамға, еңбекке, адамдарға, ғылымға, табиғатқа, заттарға, қоршаған орта құбылыстарына, өз-өзіне қатынасы кіреді. Оқу мақсаты іс-әрекетпен анықталады, яғни оқушының танымдық әрекетін тудырып, бағыттау. Оқыту процесіндегі оқушылар іс-әрекетінің тиімділігінің критерийі – білім мен іскерлікті игеру, танымдық және практикалық міндеттерді шешу тәсілдерін меңгеру, дамудың алға жылжу деңгейі болып табылады. Оқушылар әрекетінің нәтижелері оңай көрініп, сапалық және сандық көрсеткіштермен реттеліне алады.

Тәрбие жұмысында мұны көрсету өте қиын. Дамушы жеке тұлғада педагогтың іс-әрекет нәтижесін көрсету өте қиын. Тәрбие жұмысында уақытымен кері байланысты бекіту мүмкін емес.

Кәсіби іс-әрекеттің негізгі түрлері кез келген мамандықтың педагогының іс-әрекетінде, яғни оның оқыту және тәрбие жұмысында көрінеді. Мысалы, кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінде өндірістік оқыту мастері іс-әрекетінде екі міндетті шешеді: қазіргі технология талаптарын және еңбекті ұйымдастыра отырып білім, дағды, іскерліктермен қаруландыру, білікті жұмысшыны дайындап шығару. Сондықтан болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау мақсаты біртұтас педагогикалық процесті басқаруға даярлауды қалыптастыру болып табылады.

Педагогикалық іс- әрекеттің заңдылықтарын педагогика білімі құрайды. Бірақ, «педагогикалық іс-әрекет заңдылықтары» ұғымын ғалымдар әр түрлі қарастырады. В.В.Краевский педагогикалық іс-әрекетті қоғамдық қызметтің ерекше бір түрі ретінде қарастырады, ал оның заңдылықтары жеке субъектілердің мақсатына қарамастан пайда болатын қажетті байланыстардың мәнін ашады.

Педагогикалық іс-әрекеттің заңдылықтарын анықтауда, бұл тәсіл, айқындалған заңдылықтардың түсіндірілмелі-теориялық қызметін жүзеге асырады. Педагогикалық іс-әрекет заңдылықтары бойынша білім конструктивті-техникалық (нормативті) қызметін атқарады. Бұл жағдайда педагогикалық қызмет және педагогикалық қызметті басқарудағы ұстанымдар мен талаптар заңдылықтардың мазмұны болып табылады. 

Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттерінде педагогикалық іс- әрекетті қалыптастыруды басқарудың дидактикалық заңдылықтарының жиынтығы арқылы түйін анықталады.

- кәсіби-педагогикалық іс-әрекет нақты педагогикалық мәселелерді шеше алуда жүзеге асқанымен, мұғалімнің кәсіби-педагогикалық іс-әрекетінің қалыптасуы бүтін ретінде жүзеге асады;

- кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің функциональды үлгісі оны нақты мақсат қойғанда дара педагогикалық қабілет құрылымына айналатын пайымдалған құрылым ретінде қарастыруға мүмкіндік береді; 

- ортақ пен дара арасындағы сәйкестік ұстанымы нақты педагогикалық іс-әрекетті ерекшелік арқылы ортақтың ішіндегі дара ретінде қарастыруға мүмкіндік береді; 

- педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттерінің кәсіби-педагогикалық іс-әрекетін қалыптастыру сәйкестік ұстанымын жүзеге асыруға құрылған бір-бірімен байланысты эвристика және алгоритм жүйесімен басқарылады. Сана қызметін алгоритм тұрғысынан алғанда мәселені шешудің ұтымды жолын қарастыруда жаңа эвристиканы туындатады.


1.3. Кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы


Кәсіби іс-әрекет адамның өмірлік іс-әрекетінің маңызды жағы болып табылады, себебі ол арқылы тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруы іске асып, өз мүмкіншіліктерінің толығымен жұмсалуы қамтамасыз етіледі. Тұлғаның ішкі позициясының дамуы көп жағдайда тұлғаның кәсіби маман ретінде дамуымен анықталады деуге болады. Адамның ішкі позициясы өзінің объективті бейнеленуінде тұлғаның кәсіби қалыптасуында көрінеді.

Кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің қалыптасу шарттары оның механизмі болып табылады. Қарастырылған шарттардың негізгі мазмұны мұғалімнің кәсіби-педагогикалық іс-әрекетінің белгілі бір түрінің қалыптасуын қамтамасыз етеді: 

- ең алдымен, оқу әрдайым белсенді болады, кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің қалыптасуы барысында мұғалім жеке тұлғасының қажеттілік-уәждемелік өрісі үнемі белсендіріледі. Студент алған білімі мен біліктерін тәжірибелік іс-әрекетте қолдана білуі керек. Педагогикалық іс-әрекеттің мақсатты қалыптасу процесінің өзі қажеттіліктерден іс-әрекетке көшу қажеттілігінен басталу керек;

- жеке тұлға іс-әрекеті арқылы көрінеді, ал жеке тұлғаның даярлығы іс-әрекеттің сәттілігін қамтамасыз етеді. Мұғалім іс-әрекетінің сәттілігі іс-әрекет мазмұнын түсінуіне тәуелді. Оқу пәнінің мақсаты мен міндеттерін анықтаудың кәсіби-педагогикалық іс-әрекетінің қалыптасу процесінің нысаналы сипаты, біздің ойымызша, студенттердің іс-әрекеттің мазмұны мен құрылысы туралы білімді меңгеруі арқылы көрінеді, яғни студенттердің оқу пәнінің мақсаты мен міндеттерін анықтаудың педагогикалық іс-әрекеті туралы метабілімдерді игеру мәселесін шешу арқылы;

- студенттер педагогикалық іс-әрекет мазмұнын белгілі бір әдіс-тәсілдер арқылы игереді. Бұл әдіс-тәсілдерді таңдауда біз педагогикалық іс-әрекеттің қалыптасуы мен мұғалім жеке тұлғасының өзін өзі жетілдіруі сәйкес болу керек деген ойға сүйендік. Болашақ мұғалім іс- әрекетінің бағыт-бағдар негізін (ӘБН) қатып қалған емес, керісінше әрекетті түсіну мен оны шығармашылықпен пайдалану арқылы үнемі дамып отруына мүмкіндік берді.

Н.В.Кузьмина кәсіби педагогикалық іс-әрекет құрылымында бір-бірімен тығыз байланысты 3 компонентті көрсетеді:

- құрылымдық,

- ұйымдастырушы,

- коммуникативті.

Кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің бұл түрлерін нәтижелі жүзеге асыруда

іскерліктер мен қабілет қажет.

Құрылымдық әрекет үшке бөлінеді:

  • құрылымдық-мағыналы (оқу материалын таңдау, педагогикалық процесті жоспарлау және құру),

  • құрылымдық-оперативті (өз әрекеті мен оқушылар әркеетін жоспарлау),

  • құрылымдық-материалды (педагогикалық процестің оқу-материалды базасын жобалау).

Ұйымдастырушы әрекет оқушылардың әр түрлі іс-әрекетпен айналысып, ұжым және біріккен іс-әрекетті ұйымдастыруға бағытталған әрекеттер жүйесін орындау.

Коммуникативті әрекет педагогтың тәрбиеленушілермен, мектептің басқа педагогтарымен, қоғамның өкілдерімен, ата-аналармен педагогикалық қатынас орнатуға бағытталған әрекет.

А.И.Щербаков құрылымдық, ұйымдастырушылық және зерттеушілік компоненттерді жалпы еңбек функцияларына жатқызады, яғни олар кез келген әрекетте көрініс береді.

Бірақ ол педагогикалық процесті жүзеге асыру кезеңінде мұғалімнің функциясын нақтылап, педагогикалық іс-әрекеттің ұйымдастырушы компоненттеріне ақпараттық, дамытушы, бағдарлы, мобилизациялық компоненттерін біріктіреді. Бұл жерде зерттеушілік функцияға аса көңіл бөлу қажет. Зерттеушілік функцияны жүзеге асыру мұғалімнен педагогикалық құбылыстарға ғылыми тұрғыдан қарауды, эвристикалық ізденуді, ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерін игеруді, өзінің және басқа мұғалімдердің тәжірибесін талдауды талап етеді.

Педагогикалық әрекеттің құрылымдың компоненті өз ішінде аналитикалық, болжамдық және жобалау болып бөлінеді.

Іс-әрекеттің барлық компоненттері, функциялары кез келген педагог маманның жұмысында көрінеді. Оларды жүзеге асыру педагогтан арнайы іскерлігін талап етеді.

Сондықтан, педагогикалық әрекетті сипаттауда, оның құрылысы мен мазмұнын анықтау кезінде, біздің пайымымыз бойынша, психологиялық (әрекеттер мен операциялар) және педагогикалық-технологиялық (іс-әрекетті орындау механизмі) құрылымдарды бөліп қарастыру қажет. Психологиялық құрылымды айқындауда кейбір авторлар іс-әрекеттің ең жақын элементтерін әрекет деп атайды. А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн, К.К. Платонов осылайша ойлайды. Басқалар болса, іс-әрекет дегенді процесс деп түсініп, оның кезеңдерін ең жақын элементтер деп қарастырады (Л.М. Фридман, Г.А. Балл, Д. Пойа, В.М. Глушков және т.б.).

Жүйе ретіндегі кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің дамуының табиғатқа ұқсас бағыттылығын іске асыра отырып, біз дамудағы дифференциация идеясына сүйенеміз. Сондықтан, оның іске асыруын біз алдымен қызметтік тұрғысынан қарастырамыз, мұнда біз іс-әрекеттің негізгі қызметтерінің бірізділігін көрсету арқылы мақсаттар жүйесін жасауға мүмкіндік беретін әрекеттерді айқындаймыз.

Кәсіби-педагогикалық іс-әрекетті сипаттауда оны дамитын жүйе екенін ескеру қажет. Сондықтан, кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің (жеке әрекеттердің) қызметтері іс-әрекет нысанын түрлендіру және осы процесті басқару болып табылады, яғни оның екіжақты сипаты бар: нысанды түрлендіру және оны басқару.


II тарау.

Болашақ мұғалімдердің кәсіби әрекетке психологиялық даярлығын дамыту жолдары мен инновациялық мүмкіншіліктері


2.1.Кәсіби іс әрекетке бейімделудің педагогикалық-психологиялық жолдары


Студенттік шақтағы кәсіпке бейімделу кезінде үлкен нәтижелер көрінсе, соған орай студенттің мотивациясы жоғарылайды және кәсіп арқылы оның шығармашылық дамуы басталады, студенттің іс-әрекет мәнері, үлгісі, қарым-қатынасы, мінез-құлқы, қызығушылығы, құндылығы қалыптасады.

Тұлғаның қалыптасуы мен кәсіпке бейімделу процесі үздіксіз болуы қажет. Сонымен қоса, кәсіпке бейімделу кезінде тұлғаның құндылықтар жүйесі, қызығушылықтары т.б. аялары бір-бірімен өте тығыз байланыста болады, сондықтан да оларды бөліп қарастыру мүмкін емес.

Кәсіпке бейімделу кезінде студентте ең негізгісі “осы кәсіп маған керек” деген сана қалыптасуы керек. Ол студенттің қабілетіне, индивидуалды психологиялық ерекшеліктеріне тәуелді.

Студенттік шақта студентте өте жоғары құндылық деңгейі қалыптасса, ол еңбек еткен кезде өте сәтті, тиімді жұмыс істей алатын болады. Бірақ, нақты жағдайда осылай болып отыр ма, жоқ әлде керісінше ме. Осы сұрақ бәрімізді де толғандырады.

Кәсіпке бейімделу дегеніміз - бұл студенттің кәсіби өзін-өзі анықтау жүйесінің соңғы  буыны.

Кәсіпке бейімделу студенттің болашақ өміріне де өте үлкен әсерін тигізеді. Сондықтан кәсіпке бейімделу кезеңін зерттеудің теориялық та, практикалық та маңызы зор.

Жалпы алғанда, кәсіпке бейімделу ұжымға бейімделу, жұмыс режиміне, міндеттеріне, ерекшеліктеріне төселу болатын көлемді процесс ретінде, одан сол кезде талап, тілектер мен нормалардың табысты іс-әрекетін қамтамасыз ететін процес ретінде қарастырылады. Толық бейімделген адам сол орта ерекшеліктерін қабылдайтын адам болып табылады. Ғалымдардың кейбірі кәсіпке бейімделуді өзара байланыс және қатынастардың дамуы ретінде қарайды.

Кәсіби анықталу процесінде кәсіби маман ретінде ішкі позициясының қалыптасуының бірнеше кезеңдерін бөлуге болады:

1) Позицияның қалыптасуының алғашқы кезеңі маманның болашақ кәсіби іс-әрекетіне деген жалпы жағымды эмоциялық қатынасымен сипатталады. С.Л. Рубинштейннің “қалаймын”   “істей аламын” “жасау қажет” түсініктерінің арақатынасы туралы идеясына сүйене отырып айтатын болсақ, бұл кезеңде бірінші “қалаймын” компоненті өте айқын көрінеді, яғни мамандықты меңгеруге деген тілек жақсы дамыған, бірақ оның өзіндік қабілеттері мен қажеттіліктері енжар дамыған. Ал, үшінші компонент соңғы кезеңге тән жастардың қоғамдық қажеттіліктерді кейінгі орынға қоюымен шарттасады.

2) Келесі кезеңде “істей аламын” кезінде ішкі позицияның дамуы өз мүмкіншіліктері мен қабілеттерін саналау, өз іс-әрекеттерінің мазмұнды моменттеріне деген бағдар қалыптасу кезінде көрінеді.

Бұл “жасау қажет” кезеңінде өз кәсіби іс-әрекеті, өз қабілеттері жайлы барабар көзқарастар қалыптасады.

Бұл айтылған кезеңдер кәсіп иесінің ішкі позиция типтерімен сәйкес келеді деп айтуға болады [1].

Осы негізде, Т.А. Кухарева тұлғаны негізгі анықтайтын сипат белсенді позиция келесі жүйелерден тұрады деп көрсетеді: бағдарлар - субъект іс-әрекетінде жүзеге асады, әлеуметтік-психологиялық бейімделу тиімділігін анықтайды, барлық іс-әрекетте болады және әлеуметтік статус, кәсіби анықталу, тұлғалық сапа категорияларын қамтиды [2].

Н.А. Свиридов кез-келген жүйеде оның қызмет етуіне баса мән берілуі керектігін айтады. Әлеуметтік аспектілерде бейімделу қоғам дамуын қамтамасыз ететін тәсілдермен және құралдармен сипатталады. Әлеуметтік бейімделу заңды, қажетті қоғамдық құбылыс ретінде тұлға қалыптасуындағы жеке сипатқа ие феномен болып табылады [3].

Ғылыми әдебиеттерде кәсіпке бейімделудің экологиялық, биологиялық, физиологиялық, операционалдық, ақпараттық, коммуникативтік, әлеуметтік және психологиялық аспектілері айтылады. Бұны, белгілі бір тәртіпке қою үшін Б.Г. Ананьев жұмысына назар аударамыз. Оның еңбегінде адам еңбек субьектісі ретінде тұлға мен индивидтің қасиеттерінің қорытпасы түрінде қарастырылады. Бұл кезде кәсіби бейімделу - индивидтің кәсіби ортадағы физикалық жағдайларға бейімделу бірлігі психофизиологиялық аспект деп аталынса, кәсіби міндеттерге, орындалатын операцияларға, кәсіби ақпараттарға бейімделу кәсіби деп аталатын екінші аспект ретінде, кәсіби ортаның әлеуметтік компоненттеріне бейімделу - әлеуметтік-психологиялық деп аталатын үшінші аспект ретінде түсініледі [4].

Әр студенттің дара ерекшелігі өмір бейнелерінің жаңа талаптарына әсер етпей қоймайды. Студенттің оқуға түсуі бейімделудің күрделі жүйесі басталғандығын білдіреді. Бұл жағдай кезінде біз студенттің бейімделуі деп тұлға мінездемелерінің негізгі параметрлері мен оқу процесінің жаңа жағдайлары арасындағы динамикалық тепе-теңдікті қарастырамыз. Сонымен қоса бейімделу бұл жерде нақты жағдайлар талаптарына белсенді икемделу және өз құндылықтары мен нормаларын ерікті іске асыру болып табылады.

Жоғары оқу орнындағы студенттің әлеуметтік бейімделуін келесі түрге бөлуге болады:

А) кәсіби бейімделу оқу процесінің мазмұнына,талаптарына, ұйымдасуына, сипатына бейімделу және ғылыми жұмыстардағы өз бетінше жұмыс істеу дағдыларының қалыптасуы;

Б) әлеуметтік-психологиялық бейімделу индивидтің топқа, олармен өзара қатынасқа бейімделуі, мінез-құлықтың өзіндік стилінің қалыптасуы.

М.И. Педаясаның көзқарасы бойынша, кәсіби бейімделу бір жағынан оқытушының субъективті қанағаттануымен байланысты  болса, екінші жағынан басқа оқытушылардың бағалауымен байланысты болады [5].

Студенттің кәсіби қабілеттерін дамыту мақсатын зерттеу нәтижесінде ғалымдар интегративті-матрицалық модель қалыптастырды. Оның негізгі кезеңдері мен элементтері:

  1. бейімделу-диагностикалық -  студенттердің жаңа оқу орнына бейімделушілігіне көмектесу, білімнің қалыптасқан деңгейін анықтау, дағды, білім, үйренуде жетіспеушіліктерді жетілдіру, білімге деген құндылықтар қатынасының профилін құру;

  2. жоспарлы-коррекциялық - студент іс-әрекет мақсатын анықтау, болашаққа деген дайындығын жобалау, жоғары оқу орнында оқу тапсырмалары мен мақсаттарын шешу іс-әрекет жоспарын жобалау, тұлғалық даму жоспарын құру;

  3. ақпаратты-іс-әрекеттік – студенттердің білімді меңгеру іс-әрекетімен тығыз байланысты, оқуға деген құндылықтардың құрылуы, оқу пәндерін меңгеруде керек құндылықтарды анықтау, белгілі меңгерілген пән бойынша іс-әрекет жасай алу, құнды білімдер мен дағдыларды түсіне алу;

  4. шығармашылық - өзін-өзі жетілдіру компоненті оқу барысында студенттердің өзін-өзі дамыту, көрсету, әр түрлі ғылыми мәселелерді шешуге қатысу мүмкіндіктеріне көмектеседі, шығармашылық сипаттағы өзіндік еңбек, мәселені шешу кезіндегі шығармашылық құндылықтарды сезіну;

  5. нәтижелі-бағалау – студенттердің алған білімдерінің болашақ іс-әрекеттегі құндылығының жалпы қорытындысы, оқу іс-әрекетін бағалай алуы

Бұл моделді іске асыру нәтижесінде студенттердің білімге деген құндылықтарының құрылуына, нақты мамандыққа деген көзқарасын өзгертуге өзі кепіл болады [5].

Кәсіби іс-әрекеттің бейімделу функцияларына тоқталып кететін болсақ, оларды төмендегіше қарастырамыз:

  1. диагностикалық - бейімделу процесін басқаратын субъектілердің студенттің тұлғасын диагностикалық зерттеу;

  2. болжаушы – студенттің кәсіби оқу орнына бейімделуіне алғашқы және кешенді болжау жасауды іске асыру, бейімделу кезеңіндегі проблемаларды саналай алу;

  3. оқыту – болашақ кәсіби іс-әрекетіне және жоғары оқу орнындағы жағдайларға табысты көндіге алу және бұл процестің басқаратын оқытушы жұмысының әдіс-тәсілдерімен қамтамасыз етілуі;

  4. дамытушы – бейімделу процесін жүйелі басқаруды жүзеге асыратын педагогикалық ортаның және бейімделуші субъектінің шығармашылық дамуы. Бұл жердегі негізгі критерий - студент пен оқытушының дамуы;

  5. бағамдау – оқытушылардың жоғары оқу орнындағы іс-әрекеттің жалпы заңдылықтарын саналай алуы, студенттердің бейімделе алу мүмкіншіліктерін, әдіс-тәсілдерін, бейімделудің индивидуалды ерекшеліктерін саналауы;

  6. түзетуші – алғашқы және кешенді болжауларға сәйкес студенттердің жеке жақтарын түзету. Бейімделуші субъектілер бұл жұмысқа өздері белсенді, саналы қатысулары тиіс;

  7. теңгерушілік – студенттердің жоғары кәсіби оқу орнына табысты бейімделуін анықтайтын дамыған жеке қасиеттерін көрсету, бейімделу кезеңіндегі дағдарыстарды жеңілдететін әдіс-тәсілдерді пайдалану;

  8. ғылыми-әдістемелік - ғылыми-әдістемелік құрылым құру, осы сипатқа ие іс-шаралар өткізу.

Ю.А.Александровский адамның бойындағы әлеуметтік, психофизиологиялық мүмкіншіліктердің сәйкес келмеуі жаңа ақпараттарды өңдеу кезіндегі бейім жағдайларда жүйкелі-психологиялық шиеленіске апарып соғуы мүмкін, ол адам іс-әрекетін жүйесіздікке алып келеді. Автордың айтуынша, бұл іс-әрекеттің тиімсіздігі қанағаттандырылмаған эмоция туғызып, ол тұлғаның бейімделмеушілігін көрсетеді [6].

Бейімделмеушіліктің салдары адамның әлеуметтік және тұлғалық байланыстарын бұзады, өз қылықтарының қорытындысын болжау мүмкіншіліктерін төмендетеді, өзін-өзі және жағдайды барабар бағалай алмайды. Сонымен, бейімделу кезінде бейімделмеушілік процесінің де орны бар. 

Кәсіпке бейімделу мамандығы бойынша еңбек талаптары мен ерекшеліктерін меңгеру болып саналады. Ол мамандықты меңгеру кезіндегі тұлғаның кәсіби қасиеттерінің қалыптасуынан, еңбек дағдыларынан көрінеді.

Кәсіпке бейімделу адамның ұжымға сіңуіне әсер етеді. Ол жаңа ұжымға, еңбек талаптарына, кәсіби іс-әрекетке қатысу процесінің, кәсіби қызығушылықтардың,  жеке сапалардың осы іс-әрекет талаптарымен арақатынасын көрсетеді.

Кәсіптік оқу орындарындағы бейімделу себептері мен қиындықтарын зерттеуде М.И. Дьяченко және П.А. Кандыбович жұмыстары мәнді орын алады. Авторлар жоғары оқу орнындағы негізгі қиындықтар қатарына:

  1. оқу материалдарының мазмұны, көлемі;

  2. сипаты және оқу процесі әдістерінің өзгеруі;

  3. оқу орындарындағы оқытушылардың біліктілік деңгейі;

  4. студенттердің өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру дағдыларының қалыптасуы;

  5. оқу орнын таңдау дұрыстығына деген сенімсіздік;

  6. оқытушылармен конфликт;

  7. ұжымдағы қарым-қатынас қиындығы және т.б. жатқызды.

Олардың айтуынша, студенттердің жоғары оқу орнына бейімделуі арнайы зерттеуді қажет етеді [7].







2.2.Кәсіби әрекетке психологиялық даярлығын дамыту жолдары


Білім берудегі гуманизация да тұлғаның ақыл-ой, эмоциональдық, еріктік және адамгершілік әлеуетін  байыту, өзін-өзі көрсету, өзін-өзі дамыту шекарасын кеңейту және өзіндік қалыптасу үшін ақиқат жағдайлар туғызуды талап етеді. Мұны білім берудің гуманистік мақсаты деп санаған философ Э.В. Ильенков еді.  Аталған гуманистік мақсат әр адамның жеке дамуының адамдық мәдениетінің шегін, танылған және танылмаған, жасалған және жасалмаған аймағын анықтауға мүмкіндік береді. Адамды мәдениеттің жаңа деңгейін меңгеруге көшіру, оның әлемге, басқа адамдарға, өзіне деген қатынасын өзгерту, іс-әрекеті, оның әкелер жағдайына деген жауапкершілікті арттыру-білім беруді гуманизациялаудың басты нәтижесі. [4]

Ал білім берудің дәстүрлі жағдайында педагог тек педагогикалық әрекетті қатаң жүзеге асырушы ретінде болады. Осыдан келіп студенттік педагог ретіндегі кәсіби дайындығының да мақсаты өзгереді. Ол кәсіби білім, іскерлік, дағдылардан басқа (кәсіби құзыреттілік) педагогтың жалпымәдени дамуын, тұлғалық ұстанымдардың қалыптасуын (педагогтың педагогикалық іс-әрекетке мотивациялық-бағалы қатынасын) қамтиды. Бұл бірлік - қасиеттердің жиынтығы емес, сапалы жаңа білім ретінде көрінеді. Ол педагогтың тұлғасының даму деңгейін сипаттайды.

Психологтар кәсіпке «ену» дегеніміз - бұл «суперроль», «өсу», адамның өмірінің бейнесі мен стильін анықтау дейді. Адамның жалпы қанағаттануы көп жағдайда онда іргелі қажеттіліктерінің қаншалықты болуына байланысты: шығармашылық өзін – өзі жетілдіру қажеттілігі, қоршаған ортадағы референтті тұлғалардың жекелік құндылықтарын түсінуі мен мойындауы, өзін – өзі дамыту және даму қажеттілігі және тағы басқа.

Әр адам тек өз жұмысын орындауы  және «тек өмір сүруі» мүмкін емес, ол өз жұмысы немесе кәсібі, өзі немесе өз әрекеттері кәсібінде белгілі орын алатындай мақсат қоюы тиіс. Осындай жағдайда ғана тұлғалық және кәсіби қасиеттері мен кәсібі арасында қайшылықтар болмайды, болашақта кәсіби іс – әрекетінде құнды қатынастарды күтуге болады. Бір сөзбен айтқанда, тұлғалық даму мен тұлғаның кәсіби өсуінде бірлік байқалады.

Тұлғалық даму мен тұлғаның кәсіби өсуі кәсіпте өсу үрдісінде (мамандық таңдау, кәсіби білім алу, педагогикалық әрекетті жүзеге асыру) қайшылықтарды мақсатқа бағытталған шешу жүзеге асқанда ғана шектеулі бірлік болады.

Кәсіби іс әрекетке психологиялық даярлықта өзіндік даму мен өзіндік білім алу психологиясы ерекше. Әр студент мамандығы бойынша өзін іштей үнемі оқуға, ізденуге итермелеп, дайындап отыру керек. К.Д. Ушинский айтқандай, «мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады». Өмірдің өзі педагогтың алдындағы күн тәртібіне педагогикалық білім берудің үздіксіздігі мәселесін қойып отыр.

Кәсіби өзіндік дамуда, басқа да әрекет сияқты, мотивтердің күрделі жүйесі мен белсенділіктің қайнар көздерінің өзіндік негізі бар. Студенттердің өзін – өзі тәрбиелеудің қозғаушы күші мен қайнар көзі – өзін – өзі жетілдіру қажеттілігі болып табылады. Өзіндікдамуда өзін – өзі бағалау деңгейі үлкен мәнге ие.

Психологтар дұрыс өзін – өзі бағалаудың қалыптасуының екі әдісін бөліп көрсеткен: біріншісі – өзінің жеткен жетістіктерінің деңгейімен мақтану, ал екіншісі – өз жетістіктерін қоршаған ортадағылардың көзқарастарымен салыстыру. Кәсіби өзіндік бағалауда студент әрекеті, кім алдына жоғары міндеттер қойса, онда қиындықтар болатынын көрсетті.

Қиындықтармен күресу педагогикалық – психологиялық жағдайды реттеп, түзетіп, дамуға әкеледі. Бұл әрине шығармашыл педагогтарда кездесетін жағдай. Егер студент өз алдына жоғары міндеттер қоймай жеткен жетістіктерімен шектеліп қана қойса, олардың кәсіби дамуы төмендей берері сөзсіз. Сондықтан да педагогикалық кәсіпті таңдаған әрбір адам өз санасында педагог бейнесін қалыптастыра алуы қажет.

Егер өзіндік дамуды мақсатқа бағытталған әрекет деп қарасақ, онда оның негізгі міндетті бөлігі – өзіндік талдау болуы шарт. Педагогикалық әрекет  танымдық психикалық үрдістерді дамытуға ерекше талаптар қояды: ойлау, қиял, ес.  Әр педагог өз психикалық үрдістернің дамуын талдап, реттеп отырса, өзіндік дамуын байқай алады.

Өзіндік дамудың екі педагогикалық нәтижесі бар. Бірінші жағынан – тұлғалық даму мен кәсіби өсуде болатын өзгерістер, екінші жағынан – өзіндік дамумен айналысуға қабілеттілікті игеру. Аталған нәтижелердің жүзеге асқандығын төмендегі әрекеттерден көруге болады: [4]

-  Мақсатқоя білу; өз алдына кәсіби мәнді мақсат пен өзіндікдаму міндеттерін қою;

-  Жоспарлау: өзіндік даму құралдары мен әдістерін, әрекеттері мен тәсілдерін таңдау;

-  Өзіндік бақылау: өзіндік дамудағы қадамдар мен нәтижелерді салыстыру;

-  Түзету: өзімен жүргізілген жұмыс нәтижелеріне қажетті түзетулер енгізу.

Мұндай әрекеттерді меңгеру және жүзеге асыру белгілі іскерліктер мен уақытты талап етеді. Сондықтан зерттеушілер кәсіби іс әрекетке психологиялық даярлықтың даму сатыларын бөліп көрсеткен:

Бастапқы сатысында кәсіби іс әрекетке өзін – өзі тәрбиелеуді меңгерудің мақсаты мен міндеттері нақты емес, мазмұны толықтыруды қажетсінеді. Құралдары мен әдістері толық анықталмаған.

Екінші сатысында мақсаты нақтылана бастаған. Алға қойылған мақсат пен міндеттер белгілі тұлғалық қасиеттерді керек етеді. Өзіндікталдау жүзеге асады.

Үшінші сатысында кәсіби іс әрекетке психологиялық даярлықтың мақсат пен міндеттерді өзбетімен және негізделген түрде қояды. Сондықтан даму мазмұны жекеленген сапалардан маңызды және жалпы кәсіби мәні бар тұлғаның қасиеттерін қажетсінеді. Жұмысты жоспарлау, құралдарды таңдау, өзіндік әрекет жасау жүзеге асады. Өзіндікдамудың барлық негізгі әрекеттері – мақсат қоюшылық, жоспарлау, өзіндік бақылау, түзету күштеусіз, автоматты түрде жүзеге асады.

Қазіргі мектепке, соның ішінде зияткерлік мектепке оқыту мен білім берудің міндеттерін сәтті шеше алатын, оқушы тұлғасын дамытуда қажетті нәтижеге жете алатын мұғалім керек. Әр кәсіби маман жоғары өзін – өзі жетілдіруге, өзінің тұлғалық және кәсіби даму болашағын саналы сезінуге, кәсіби оқу мен педагогикалық шығармашылыққа дайын, білім берудің гуманизациялау қағидасын жүзеге асыратын, толеранттылық танытатын, психологиялық сауатты және құзыретті болуы тиіс. [3]

Студенттің кәсіби іс әрекетке психологиялық даярлығын дамыту теориясының басты идеясы мынадай негізгі жағдайларда қалыптасады:егер оқу – танымдық үрдіс орын алса, онда оның даму үрдісі де орын алады. Сондықтан білім мен түрткілер тұлғаның кәсіби дамуының негізі болады. Әр тұлға өзінің білімін жетілдіріп, түрлі түрткілерден қуаттанып, әрекетке көшетіні анық дүние. Кәсіби тұрғыдан үнемі дамып отырған педагог психологиясы айқын сезіліп, жұмыстануға, өзгені де дамытуға оң ықпалын тигізері сөзсіз.

Кәсіби іс әрекетке психологиялық даярлық қызметі білім беру мекемелерінде оқуды жеңіл және тиімді етіп, жағымды эмоция қалдыруда үлесін тигізеді: өзін – өзі реттеу тәсілдерін үйретеді, хабарлама жасауға, реферат жазуға, конференцияларға қатысуға сөйлеу дағдыларын жетілдіруге тренингтер өткізеді, мазасызданудың, үрейдің, стресстің алдын алу шараларын ұйымдастырады.

Психологиялық дайындықтан өткен студент ғана  өзін еркін және сенімді ұстап, ерекше ықыласпен, талпыныспен жұмыстанады.

Кәсіби іс-әрекетке психологиялық даярлық процесінің табысты болуының негізгі жағдайларын көрсетейік.

Біріншіден, кәсіби іс-әрекетке психологиялық даярлық кәсіптік оқу орындарындағы жас маманды дайындау сапасымен, олардың тәжірбиелік дағдыларды жинақтауларымен байланысты.

Кәсіпке оқыту және тәрбиелеу кезеңінде кәсіпке бейімделу басталады. Бұл жерде кәсіби іскерліктер мен дағдылар қалыптасады, кәсіпке керек деген білімдермен қамтамасыз етіледі, еңбекке деген шығармашылық қатынас пайда болады, ұжымдық жұмыс дағдылары мен кәсіпке деген қызығушылық дамиды, яғни кәсіби іс-әрекеттің жағымды мотивациясы шыңдалады. Оқыту кезінде өндірістік және педагогикалық  практикаларға үлкен көңіл бөлінеді.

Екіншіден, кәсіпке психологиялық даярлық кезінде кәсіпті таңдау мотиві де үлкен орын алады. Адамдардың нақты мінез-құлықтары мен әрекеттерінен нақты мотивті көруге болады, ол іс-әрекет процесі кезіндегі  мақсатты көрсетеді. Мамандықты өз қызығушылығымен, құндылығына байланысты таңдаған кездегі кәсіпке психологиялық даярлық табысты болады.

Үшіншіден, кәсіпке психологиялық даярлықтың табысты болуы кәсіби іс-әрекеттің ұнамдылығымен, ұжымның психологиялық климатымен, қоғамдық белсенділік және индивидуалды ерекшеліктермен байланысты.

Төртіншіден, кәсіби іс әрекетке психологиялық даярлық кезінде еңбек іс-әрекетінің еңбек мазмұны, ұжымдағы өзара қатынас, жақсы жағдайлар және еңбекті ұйымдастыру секілді параметрлері әсер етеді.

Сондықтан да айта кететін жайт, студенттердің оқу іс-әрекетінің табыстылығы, оған даярлық көптеген факторларға байланысты. Оған танымдық іс-әрекетін реттеу функциясы, өмірлік жоспары мен қызығушылықтары, мотивтердің, құндылық бағдарлаудың басым болатын түрі, ұмтылыс деңгейі, өзіндік бағалауы, мінез-құлықтарын саналы басқара алуы т.б. көптеген факторлар үлкен ықпалын тигізеді.

Студенттердің кәсіби іс әрекетке психологиялық даярлық келесі факторлар да үлкен ықпалын тигізеді: олардың дайындық деңгейі, құндылықтар жүйесі, оқуға деген қатынасы, жоғары оқу орны туралы ақпарат алуы, кәсіптің болашағы туралы ойлары. Бейімделу кезінде студенттің ортаға тез бейімделе алуы, оқу іс-әрекетінің жаңа құралдары мен әдістерін меңгеруге, нормалар мен ережелер жүйесін түйсінуге, оқуға, болашақ кәсіпке  деген құндылық жүйесінің қатынасы болуы керек. Бұл бірінші деңгейдегі факторлар қатарына жатады.

Кәсіби іс-әрекетке психологиялық даярлық факторлары объективті, субъективті және субъективті-объективті сипатта болуы мүмкін. Субъективті факторлар психологиялық сипаттың ішкі даярлық нәтижесімен түсіндіріледі. Объективті факторлар әсерімен даярлық нәтижесі сыртқы жағдаймен анықталады. Субъективті-объективті факторлардың  даярлық мағынасы бойынша детерминациялау нәтижесінде басты рөл бейімделушінің ішкі қасиеттерімен сыртқы ортаға беріледі.

Бейімделу факторларының әсерлілігі іс әрекетке психологиялық даярлық процесінің әр кезеңінде көрініс табады. Осыған байланысты оқуда және кәсіптендірілу кезеңдерінде әсер ететін психологиялық даярлық әрекеттерінің факторларын түрлі бөлімдерге бөлу қажеттілігі туындайды.

Студенттердің кәсби іс әрекетке психологиялық даярлық жүйесіне нәтижелі енуі үшін қажетті шарттар жасау қажет, ал олар өз алдына кәсіби іс-әрекеттің дамуына алып келетін психологиялық даярлық құрылуына кепілдік береді.














Қорытынды


Кәсіби-педагогикалық іс-әрекет - бұл педагогтың кәсіби шығармашылығының ерекше түрі, ол балаларға білім және олардың дамуына жағдай жасау арқылы әлеуметтік мәдениет тәжірибесін беруге бағытталған. 

Кәсіби-педагогикалық іс- әрекетті бір тұтастық ретінде меңгеру болашақ мұғалімнің өзін-өзі өзектендіруін қарастырады, мұндай қабілеттілік көбінесе өз бетімен жұмыс жасауда және тәуелсіз болуда, шығармашылық қабілеттерін дамытуда, өзін-өзі дұрыс бағалауда көрініс табады. Сонымен қатар тұлғаның өзін-өзі өзектендіруінде әлеуметтік жағдай туралы да айтуға болады. Мысалы, өзінің барлық мүмкіндіктерін кәсіби-педагогикалық қызметке бағындыру, өз тәжірибесіне сену, проблемалық педагогикалық жағдайларды шешу үшін жеке педагогикалық құрылымын құру.

Болашақ мұғалімді тұлға ретінде кәсіби-педагогикалық іс- әрекетті меңгеру арқылы дамыту кезіндегі табиғи сәйкестік идеясы әрдайым тұлғаның ішкі табиғатының оқушыларға әсерінің сәйкестік деңгейін және ақпаратты өңдеуін анықтауға мүмкіндік беретін құрал болып табылады. 

Студенттерді кәсіби-педагогикалық іс- әрекетке дайындау моделін құрудың жетекші қағидалары тұтастық, дамыту, сәйкестік және сақтау қағидалары болып табылады.

Кәсіби-педагогикалық танымдағы тұтастық қағидасы оның таным әдістері (нұсқаулықтары мен) дедукциялары арасындағы ара қатынасын анықтайды, пәнішілік және пәнаралық байланыстарды оларды жүзеге асыру құралы ретінде оңтайландыруды қарастырады. Даму және сәйкестендіру қағидалары оқу таным процесін және оқушылардың жоғарғы психикалық функцияларын дамыту процесін анықтайды.

Педагогикалық жүйедегі қалыптасқан қағида кәсіби-педагогикалық қызметті оның даму барысында мазмұны мен құрылымын қарау кезіндегі тұрақтылық ретінде көрініс табады. 

Болашақ мұғалімдерді кәсіби-педагогикалық іс- әрекетке дайындаудың тұжырымдық моделі осы қызметтің мазмұны мен құрылымын меңгеруді қарастырады. Кәсіби-педагогикалық іс- әрекет моделі функционалдық, мазмұндық, операционалдық және жеке компоненттердің біртұтастығын қамтиды.

Кәсіби-педагогикалық іс- әрекет моделі жүйесін құрушы фактор ретінде қызметтің іскерлігі мен дағдыларын жеке-бағыттық қалыптастыруды қамтамасыз ететін және педагогтың жеке басының дамуына ықпал ететін табиғи сәйкестік идеясы ұсынылады.

Студенттерді кәсіби-педагогикалық қызметке дайындау барысында олар түрлі модельдерді ұғынады. Мысалы, функционалдық құрамдастың мазмұндыққа айналуы, содан соң – операционалдыққа және керісінше айналуы. Бұл оқытуда жеке бағытты қамтамасыз етеді. 

Кәсіби-педагогикалық іс- әрекет моделін ұсыну жолы ретінде алгоритм мен эвристиканы және олардың біріккен үйлесімін алуға болады. Олардың біріккен үйлесімінің бірінші жағдайында негізгі нысан эвристика (функционалдық компонент), болып табылады, ал алгоритм қосымша функцияны атқарады; екінші жағдайда (мазмұндық компонент) – эвристика мен алгоритм бір-бірімен өзара келісе отырып, екі түрлі рөлді білдіреді; үшінші жағдайда (операционалдық компонент) – жүйе құраушы нысан алгоритм, ал эвристика жеке әрекеттердің мақсатын түсіндіреді.

Кәсіби-педагогикалық іс- әрекетті дайындау процесі оның мазмұны мен құрылымын ұғынудыды қамтамасыз етеді, нақты педагогикалық қызметін шығармашылық орындау мүмкіндіктерін ашады, мұғалімнің жеке мүмкіндіктерін және дамушы оқу түрін жүзеге асырады. 

Кәсіби-педагогикалық іс- әрекеттің меңгеру осы іс- әрекетті орындауға саналы екендігін білдіреді. Бұл жағдайда оның мазмұнын нақты бөліп көрсету қажет. Кәсіби-педагогикалық іс- әрекеттің мазмұнын, оның жаңа нақты түрлерін түсіну педагогикалық шеберлікті топтастыруға мүмкіндік береді. 

Іс- әрекеттің құрылымын анықтау кезінде тұлғаның дамушы (өзін-өзі дамыту) қағидаларын және белгілі бір шамаға дейін нақтылай алатын және абстрактылы (жалпылама) түрде берілуі мүмкін, осындай құрылымды құру қажеттігін негізге аламыз. Мұның бәрі бізге кәсіби-педагогикалық іс-әрекетте бірбеткей іс-әрекеттерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді: алға қойылған мақсатқа жетудің оңтайлы жолын табу, мақсатқа жету процесін жүзеге асыру, қол жеткен нәтижені талдау және бағалау, салыстырып тексеру және жағдай туғызатын, мұғалім орындайтын операциялар. 
























Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. Ананьев Б.Г. О проблемах современного человеказнания. - М.: Наука, 1977. – 344 с.

  2. Александровский Ю.А. Состояния психической дезадаптации и их компенсация. – М.: Изд-во Наука, 1976. – 271 с.

  3. Алдияров Қ. Ұстаз психологиясының ерекшеліктері // Бастауыш мектеп. – 2006. - № 11. – 12.

  4. Берікханова А.Е. Педагогикалық мамандыққа кіріспе. Оқу құралы.: А.2009ж

  5. Дьяченко М.И., Кандыбович П.А. Психология высшей школы. -Минск.: Изд-во Белорусск. Ун-та, 1972. –320 с.

  6. Жексенбаева У.Б. Компетентностно ориентированное образование в современной школе: учебно-методическое пособие - Алматы, 2009.-190 с.

  7. Зимняя И. А. Педагогикалық психология/ орыс тілінен аударған М. А. Құсайынова.- 2-ші толықт. түзетіліп және қайта өңделген басылым.- М: Логос ; Алматы : ТST -company, 2005.- 368 б.

  8. Кенжан А. Болашақ мұғалімдердің оқушылармен сөйлесе білу ерекшіліктерін дамыту // Ұлт тағлымы. – 2002. - № 4. – 21.

  9. Кухарева Т.А. Адаптация молодых специалистов-инженеров. Автореф. дис. канд. психол. наук. - Ленинград, 1980.- 16 с.

  10. Мұқашқызы С. Қарым-қатынасты жүргізудің бағдарламалық және әдістемелік мәселелері // Сынып жетекші. – 2004. - № 1. – 3 – 5.

  11. Рысбаева А. Болашақ мұғалімдердің мәдениетін қалыптастыру // Білім. – 2001. - № 2. – 17 – 18.

  12. Решетников П.Е. Нетрадиционная технологическая система подготовки учителей: Рождение мастера.- М., 2000. - 304 с.

  13. Свиридов Н.А. Социальная адаптация личности в коллективе // Социологические исследования. - 1980. -  3. - С. 44-51.

  14. Сабауова Э.Ф. Педагогикалық шеберлікті қалыптастыру әдістері // Қазақстан мектебі. – 2004. - № 10. – 30.

  15. Тоқсанбаева Н. Педагогикалық психологиядағы қарым – қатынастың жалпы сипаттамасы // Ұлт тағлымы. – 2005. - № 3. – 21 – 23.



Автор
Дата добавления 04.06.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров530
Номер материала ДБ-109848
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх