Өлеңдер: "Ұлы Далам, Ұлы Елім!"

Предпросмотр материала:

"Ұлы Далам, Ұлы Елім!"

Естіледі тұлпардың дүбірлері...

Күй шертіп, домбырам да күмбірледі.

Бір сәтте дамыл таппай Ұлы Далам,

Иесі боп тарихымның куәгері.

 

Тастарың Тоныкөктің бір белгісі,

Белдерің Білге қаған ескерткіші.

«Көк түріктің көк семсері» атанған,

Өр кеудең Күлтегінің  ерлік ісі.

 

Сыр өңірің еседі Қорқыт күйін,

Сарынына қобыздың салып үнін.

Төңіректің төрт бұрышын аралап,

Асан қайғың іздейді Жерұйығын.

 

Қойнауыңа үңіліп ғұламалар,

Өнер-білім, ғылымның кені аталар.

Кейінгі ғылым, білім, әдебиеттің,

Дамуына түп төркін, негіз болар.

 

Он бесінші ғасыр мен он жетінші,

Аралығы халықтың хандық тұсы.

Әдеп-ғұрып, мұрасы айқындалып,

Мәдениеттің өзіндік бет-бейнесі.

 

Тағдыр берді Керей мен Жәнібекке,

Үлесін билік құру мемлекетке.

Арғы ата- бабалары Шыңғыс ханнан,

Беделді әулеттің өте мықты.

 

Өз тізгінін өз қолына алған тұста,

Өр рух, асқақ сезім  тасып тысқа.

Хандық дәуір бейнесі көрінеді,

Жыраулық поэзияны оқып, ұқса.

 

Ұшқыр ойдың иесі би-шешенің,

Ақылыңмен кеңескен хан-көсемің.

Қара қылды қақ жарып хақ сөйлеген,

Әділдіктің мініп ап ақтаңгерін.

 

 

 

Намысы кекке суарылып хас батырың,

Ұлттық рухпен қиратқан  жау шатырын.

Кең байтақ өлкемізді қоныс тепкен,

Ат үстінде қорғаған қорамсағың.

 

Қол салып патша үкіметі жерімізге,

Жайлады алауыздық елімізде.

Әдет-ғұрып, қазақы мінезінен

Айырылды, қара халық түсті езгіге.

 

Атойлап аңсап өткен азаттықты,

Қарсы шығып жоюға отарлықты.

Ер Исатай, Махамбет өтпеді ме?

Ер үстінде жар салып әділдікті.

 

Айбынды Алашымның  қайраткері,

Елімен емен – жарқын келбеттері.

Бұғауынан босатты бодандықтың,

Өр кеудеде қалғанша ақтық демі.

 

Ту еткен Тәуелсіздік идеясын,

Жыр еткен ел- жұртымның бел- қиясын.

Өрісі кең өнеге, ғұмырлы ғибратын

Сақтағай бүгінгі ұрпақ мол мұрасын.

 

Ал бүгінде еңсесін тіктеді ел,

Керегесі кеңейіп болды кемел.

Елбасымен жүрегі бірге соғып,

Ұстанып салиқалы саяси жол.

 

Шежіресін шертеді тарихи ел,

Оқы, қара, тыңдағын, жас буын, кел!

Өткені мен бүгіннің, келешектің

Ұлықтаған ұраны – Мәңгілік ел!

 

Шежірелі  жыр Елім!

Сырға толы – сыр Елім!

Ғұмырлы бол мәңгілік,

Ұлы   Далам, Ұлы  Елім!

 

 

 

 

 

 

 

       Өмір гүлі.

 



Көрікті оймен кестелеп,

Жібектей нәзік өмірді.

Гүл шоғымен дестелеп,

Алабұртқан көңілді.

 

Сұлу сөзбен себелеп,

Өмір гүлін өсірем.

Мұңды күнін мен ептеп,

Көңілімнен өшірем.

 

Хош иісін өмірдің,

Құшырлана иіскеймін.

Көтеріңкі көңілдің

Көбелегін  тиіспеймін.

 

Өмір атты өзеннің,

Кемесінен  түспеймін.

Өмір атты көп гүлдің

Гүл-бағынан  кетпеймін.

 

Күн нұрына шомылып,

Өмір гүлім нәр алсын.

Жапырағы жайылып,

Өмір гүлім солмасын.

 

Өмір деген – бұл сынақ,

Болса-дағы тым қысқа.

Сүрінбейік тек бірақ,

Шалса-дағы тұс-тұстан....

 

Өлеңдер: "Ұлы Далам, Ұлы Елім!"

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Автор материала

Курманбаева Болган Кулжановна

Учитель начальных классов

  • На сайте: 11 лет
  • Всего просмотров: 16785
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 8
  • 16785
    просмотров
  • 8
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Курманбаева Болган Кулжановна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~160

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: